Экономикалық басқару



КІРІСПЕ
БАСҚАРУДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕР
БАСҚАРУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Білікті қызметкер білімдіден шығады
ИСО 9001:2000: ПОШТА ДЕГЕН САПАЛЫЛЫҚ
Microsoft Қазақстан компаниясында жаңа басшы
Microsoft туралы мәлімет
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару үдіріміне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субъектілердің жұмысын бағалау өлшімімен бірге, осы субъектілердің өздері үшін іс-қимылдарының негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті.
Бұның бәрі өндіріс үдерімін және жұмыскерлер ұжымын басқару ісін ұйымдастыруға қатысты көзқарастың өзгеруіне әкелді. Басқарудың және жұмыскерлер құрамын еңбектің өнімділігіне ынталандырудың жаңа нысаны мен түрлері пайда болды. Басқару сферасымен айналысқан қызметкерлерге енді кәсіпорындардың іс-жұмысының нәтижесіне ықпалын тікелей немесе жанама түрде тигізетін жаңа сыртқа және сыртқы факторлардың пайда болғанын ескеріп қана қоймай, есепке алып отырулары керек.
Басқару ғылымының эволюциясы мен оның әрі қарай дамуы және бұл орайдағы отандық шетелдік зерттеулердің жетістіктері, менеджменттің оқу пәні ретінде жеке бөлініп шығуы табиғи қажеттілік екені байқалады. Бұл орайда айта кететін жағдай, басым түрде орталықтанған жоспарлауға негізделген басқарудың отандық тәжірибесін стихиялы қалыптасып жатқан нарық жағдайында толық қолдану мүмкін емес, бірақ кәсіпорындарды басқарудың теориясы мен практикасының жекелеген қағидаларын б.гінгі жағдайда пайдалануға болады. Бұнымен бірге шет елдерде қалыптасқан менеджмент жүйесі ұйымдастырудың мақсатына жету ептілікті қажет етсе де, адамдардың жүріс тұрысының ынта-ықыласын, интелектілігін, еңбегін жұмылдыра алатын болса да, біздің елдің экономикасында ойламай, бірден оның көшірмесін пайдалануға және ұлттық менталитетті ескермей, бұл жүйені тиімді түрде жүзеге асыруға болмайды. Соныдқтан, менеджментті басқарудың тәжірибесі ретінде өмірдің барлық жағдайына жарамды дайын рецепт немесе шешімдер жиынтығы түрінде қарастыруға болмайды.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
    Қазақстан  экономикасында  ақырғы  он  жылда  өткізілген  нарықтық 
реформалар    өндіріс  пен  басқару  үдіріміне  қатысушылардың  арасындағы,
мемлекеттік  органдар  мен  шаруашылық  субъектілердің  және  іскерлік 
серіктестіктердің    арасындағы өзара  қатынастың  мәні  мен  түрлерінде 
елеулі  өзгерістерді  туғызды. Кәсіпкерлік  іс-қызметпен  айналысатын 
субъектілердің  жұмысын  бағалау  өлшімімен  бірге, осы  субъектілердің 
өздері  үшін  іс-қимылдарының  негізгі  болып  табылатын  мақсаттарын  да 
өзгертті.
    Бұның  бәрі  өндіріс  үдерімін  және  жұмыскерлер  ұжымын  басқару 
ісін  ұйымдастыруға    қатысты  көзқарастың  өзгеруіне  әкелді. 
Басқарудың  және  жұмыскерлер құрамын  еңбектің  өнімділігіне 
ынталандырудың  жаңа нысаны  мен  түрлері  пайда  болды.  Басқару 
сферасымен  айналысқан  қызметкерлерге  енді  кәсіпорындардың  іс-
жұмысының  нәтижесіне  ықпалын  тікелей  немесе  жанама  түрде  тигізетін 
жаңа  сыртқа  және  сыртқы    факторлардың  пайда  болғанын   ескеріп 
қана  қоймай, есепке  алып  отырулары  керек.
    Басқару  ғылымының  эволюциясы  мен  оның  әрі  қарай  дамуы  және 
бұл  орайдағы  отандық  шетелдік  зерттеулердің    жетістіктері, 
менеджменттің  оқу  пәні  ретінде  жеке  бөлініп  шығуы  табиғи 
қажеттілік  екені  байқалады. Бұл  орайда  айта  кететін  жағдай,  басым 
түрде  орталықтанған    жоспарлауға  негізделген  басқарудың  отандық 
тәжірибесін  стихиялы  қалыптасып  жатқан  нарық  жағдайында  толық 
қолдану  мүмкін  емес, бірақ  кәсіпорындарды  басқарудың  теориясы  мен
практикасының   жекелеген  қағидаларын  б.гінгі  жағдайда  пайдалануға 
болады.  Бұнымен  бірге  шет  елдерде  қалыптасқан  менеджмент  жүйесі   
ұйымдастырудың  мақсатына  жету  ептілікті  қажет етсе  де,  адамдардың 
жүріс  тұрысының  ынта-ықыласын,  интелектілігін,  еңбегін  жұмылдыра 
алатын  болса  да,  біздің  елдің  экономикасында  ойламай, бірден  оның 
көшірмесін  пайдалануға  және  ұлттық   менталитетті    ескермей,  бұл 
жүйені  тиімді  түрде  жүзеге  асыруға  болмайды.  Соныдқтан, менеджментті
басқарудың  тәжірибесі  ретінде  өмірдің  барлық  жағдайына    жарамды 
дайын рецепт  немесе  шешімдер  жиынтығы  түрінде  қарастыруға  болмайды.
3.     Менеджмент  іс-тәжірибенің  негізінде  қалыптасқан  постулаттар,
принциптер  және  ережелер  арұылы  мақсаттар мен  міндеттерді  дұрыс 
қою  мен  оларды  оңтайлы  шешуге  үйретеді. Бұл  орайда 
шығармашылық  істің  ыңғайы  болмаса,  бүгінгі  таңдағы 
менеджменттің    барлық  жаңалықтары  тосқан   нәтижені  оңай  бере 
алмайды.  Шаруашылықты  жүргізудің  жаңа  шарттары    өндірісті 
ұйымдаструда  және  және  ұжымды  басқаруда    менеджердің  атқаратын 
ролін  күшейте  түседі  және  оның  жеке  кәсіби  қабілетіне 
қойылатын  талаптарды  қатаңдатады.  Басқарудың  тиімді  жүйесін 
құру  үшін,  менеджер  кәсіпкерлік  білімнің   жиынтығын  толық 
түрде   біле  отырып,  практикалық  іс-қызметте  оны  қолдануға 
қажетті  тәжірибені   меңгеруі  керек,  бұныммен  бірге  ұжыммен 
және   жеке  адамдармен  қалай  жұмыс  істей  алатындығын 
да білуі қажет.  
 
  БАСҚАРУДАҒЫ  ӘДІСТЕМЕЛІК  ТӘСІЛДЕР
   Әдістемелік  тәсіл  менеджментке  қатысты  басқарудың мақсатына  жетуге 
бағытталған  іс-қызметті  танып  білудің  белгілі  жолын  және  әдістерін 
пайдаланғанды  ұйғарады.  Менеджментте неғұрлым  көп  тараған  үрдістік 
тәсіл, яғни    басқару  ұйымының   мақсатына  жетуге  бағытталған   және 
басқару  функциясының  үзілмес  өзара  байланысқа  негізделген  іс-қызмет 
ретінде  қарастырылады.  Әртүрлі  авторлар  басқару    функциясының 
әртүрлі  санын  ұсынады.  Оңтайлы  жиыны  келесі  функциялардан  тұрады:
жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау.
    Тұрақтандырусыз  жағдай   орын  алғанда  және  сыртқы  ортада  қатал 
өзгерістер  болғанда  басқаруды  ахуалды  тәсіл    іс  жүзінде 
қолданылады.  Ахуалды  тәсілд  басқарудың   әртүрлі  әдістерін   
таңдағанда  жағдайға  қарай  анықтағанды  ұйғарады. Ұйымды  немесе 
қоршаған  ортаны  алсақ  та, оларда  көптеген  факторлар  болғандықтан, 
ұйымды  басқарудың бірегей   өте  жақсы  әдісі  болмайды.  Нақты  жағдайда 
басқару  әдісінің    нағыз  тиімдісі  орын  алып  отырған    ахуалға 
сәйкес  болса.
    Ахуалды  тәсіл  басқару  теориясына  үлкен  үлес  қосты, өйткені  онда 
орын  алып  отырған    жағдайға  қарай  басқару  ісіне    орайлас 
ғылыми    қағидаларды  пайдалану  туралы   нақты  ұсыныстар  бар.
    Ахуалды  тәсілдің  негізін   ұймның іс-қимылына  ықпалын тигізетін 
негізгі    ішкі  және  сыртқы  факторларды   анықтау  құрайды. 
    Жүйелік тәсіл    бысшылардың    ұйымды  өзара  тәуелді  адам  құрылым, 
міндет  және  технология  сияқты  элементтердің  жиынтығынан   
тұратындығы  және  олардың   сыртқы  ортаның  өзгермелі    жағдайында 
әртүрлі    мақсатқа  жетуге  болатындығы    түрінде  қарастырғанды 
ұйғарады.
    Жүйелі  тәсіл – бұл  басқару  объектісін  жүйе  реітнде  зерттеуге 
негізделген    ғылыми  танып  білу  және   әлеуметтік  тәжірибе 
әдістемелінің  бағыты.  Бұл  тәсіл  басқару  объектісінің  жағдлайына 
және  серпіндігіне  ықпалын  тигізетін  барлық  негізгі  факторларды 
ескере  отырып  жүргізетін  кешенді  зерттеуге  негізделген.
    Басқарудағы  жүйелі  тәсілдің  маңызды  бір  белгісі  жүйелі  талдау, 
ол  күрделі  басқару  шешімді   дайындауда  және  дәлелдеуде 
пайдаланылатын   әдістемелік құралдардың   жиынтығынан  тұратындығының 
көрсетеді.  Жүйелі  талдау  декомпозиция  жүйесіне  негізделген,  яғни 
оны  құрайтын  элементтерге  бөлуді,  олардың  әрқайсысын  және    өзара 
байланысын  зерттеуді, осы  элементтердің  түгелдей    жүйенің  жай 
жағдайына    және  іс-қимылына  көрсететін  ықпалын  анықтауды  қажет
етеді.  Сөйтіп  жүйелң  талдаудың  көмегі  арқылы  күрделі  зерттеу 
объектісі   оқып  білуге  қажетті    қол  жетерлік  қарапайым 
элементтерден  құралған  жиынтықтан  тұратындығы  көрсетіледі.
    Жүйелі  тәсілді  және  талдауды  пайдаланудың  сферасын  кеңейту 
бағдарламалы – мақсатты  басқаруды  таратумен  байланысты, ал  оның  мәні 
мақсатты  айқын  анықтаудан,  қойылған  мақсатқа  кеңтайлы   жетудің 
бағдарламасыне  жасаудан,  оны  жүзеге  асыру  үшін   қажетті  ресурстарды 
бөлуден  және  бағдарламаны  орывндау  жұмысына    басшылық  ететін 
ұйымдарды   қалыптастырудан  тұрады.
    Бағдарламалы-мақсатты  басқару    түпкілікті  мақсатты  ашып, айқын 
қоюдан  басталады.  Мақсат  әдеттігінше  ойдағы  тосатын  ахуалды 
көрсетеді, бірақ  басқару  жүйесі  белгілі  бір   уақыт  кезеңінен  кейін
алдын-ала  бекітіліп  берілген  ахуалдан  және  онымен  осы  тосатын 
ахуалды  бірінен  бірі  алыстататын  бірқатар  проблемаларды  щещкеннен 
кейін  оған  өтуі  керек.
    Сөйтіп, жалпыланған  үлгісі (моделі)  мақсатты  қою  стратегиясынан 
жасала  бастайды. Ал оынң  біту  кезеңі  шешімнің  балама  варианттарын  
қарастырумен  және  шешімнің  қорытынды  вариантын  таңдап  алумен 
аяқталады. Осыдан  кейін  шешім  қабылданады, бағдарламаны  жасау  кезеңі 
басталады. Бұл  кезеңде  стратегиялыққа  мақсатқа    жету  өз  алдына 
мақсаттың  2  түріне  бөлінеді. Әрбір  кезеңнің  міндеті  және  оны 
шешудің  басымдылықтары  бөлініп  көрсетіледі  және  оларды  ресурстармен
(материалдық, еңбек, қаржы)  басқару  ісі  атқарылады. Бұл  орайда  әрбір 
кезеңдегі   жұмыстың  орындалуы  негізгі  нәтижемен  көлеммен  және 
уақытпен  айқын  анықталады.
    Бағдарламаны  жасау  стратегиясында  өте  маңызды  болып  табылатын 
басты  мақсат   бағытын  сақтай  отырып, аралықтағы  кезеңдердің    және 
шешімдірдің  сабақтастығы  және  тұрақтылығын  өнімді    өткізудің 
түпкілікті  нәтижесін  тигізетін  олардың  ықпалын ашып  көрсету  және 
талдау  арқылы  істі  қамтамасыз ету.
    Бағдарламаны  жүзеге  асырудың  барлық  кезеңдерін  байланыстыру  үшін
ағаш мақсаттары (дерево  целей)  жасалуы  керек.  Бұл  термин  60 
жылдары  менеджмент бойвынша  жазылған    әдебиеттерде  пайдалана 
басталды.
    Ағаш  мақсаттары  термині  2  ұғымнан  тұрады: ағаш - бұл  графтар 
теориясында  айқын  жазылған  және  мақсаттар - оны  басқаруда  нақты 
мағынасы  бар. Бұл  2  ұғымды  біріктіру    арнайы  түсінік  беруді  талап 
етпейді  және  өзімен  өзінің  түсінгеніндей әдетінше  сезімділікпен 
ұғынылады.
    Ағаш  деп  О (Х, И, У, 2)  графиктері  айтылады, онда  қандай  2 
төбе  болмасын, олар  жалғыз  бұта  бұғауымен  байланысады.
    Ағаш  үлгісін  келесі  түрде  көрсетуге  болады (2 сурет).  
С 
Е 
Д 
В 
А 
 
2  сурет – Ағаш  мақсаттары 
    Көптеген  төбелерді  Х= (А,В,С,О,Е)  және  көптеген  дұғаларды 
a=[(А,В), (А,С), (В,О), (В,Е)]  әдетте  ағаштың  реттің  көптеген  Х 
қатынасы  деп атайды,  демек XY   және X2, ал  бұның  салдары  Y  және 
2  өзара  салыстырмалы:
    Көптеген  Х  ең  үлкен  ХО элементі  болады, ағаштың   тамыры  деп
аталатын Ағаш  мақсаттары  ұғымында  ағаш  тамыры  бағдарламаның 
басты  мақсатымен  бірдей  деп  қаралады,  бөліп  шығарған  бірінші 
сатыдағы  төбе  бірінші  деңгейдегі    мақсатқа  сәйкес  болса, келесі 
сатыдағы  төбе  екінші  сатыдағы  мақсатпен анықталады  және  с.с.  Ағаш 
мақсаттарының  төменгі  салалрындағы  мақсатын  өте    жоғары  деңгейдің  
мақсаттарына  жетудің   әдістері  мен  құралдары  деп   қарастыру  керек.
    Бұдан  соң  ағаш  мақсаттарының  көмегімен  негізгі  мақсатпен  және 
басқа  мақсаттар  өзара   үйлестіріліп, қатарлараы  белгіленгеннен  кейін,
бағдарлама  әдетінше  барлық   орындаушыларға  міндеттелетін   
директивтік  құжаттың    фомасын  алады.
    Қабылданған  бағдарлама  орындалуға  беріледі. Бірақ  оны  жүзеге 
асыру  үрдісінде  басқаруда  және  қоршаған  ортада  өзгерістер  тууы 
мүмкін, бағдарламаны  қабылдаған  уақытта  бұлар  мүмкін  болмаған (немесе 
есепке  алынбаған).
    Бақылаудың  нәтижесі  бойынша  талдау  жасалынады, оны  жасаған 
уақытта   алынған  нәтижелер  бағдарламаның  негізгі  мақсатымен
(мақсаттарымен)  салыстырылады, ауытқушылық  болған  жағдайда  оның 
себебі    анықталады.
    Біздің  елде  барлық  деңгейдегі  бағдарламалы-мақсатты  басқару 
бойынша    мәнді  тәжірибе  жинақталған. Бірақ, бағдарламаның  кейбіреуі 
толық  күйде  және  өз  уақытында жүзеге  аспаған. Бағдарлама 
тапсырмасының  орындалмау  себептерінің  ішінде  бақылаудың  ойдағыдай 
ұйымдастырылмағанын,  жауапкершіліктің  төмен  дәрежеде  болуын  және 
бағдарламаны  жүзеге  асыруға   қатысатындарды  тиісті   ынталандырудың   
болмауын атап  көрсетуге болады.
    Жүйелі  тәсіл  мен  бағдарламалы-мақсатты  басқару   менеджмент 
әдістемелігінің    іргелі  қағидасы  ретінде  басқарудың  заңдылығымен, 
принциптерімен, функцияларымен  және  әдісімен  тығыз  өзара  байланыста 
болады.  
     БАСҚАРУДЫҢ  ЗАҢДЫЛЫҒЫ  МЕН ПРИНЦИПТЕРІ 
    Басқаратын  және  басқарарылатын  жүйелердің  басқарудың  объектісі 
мен  субъектісінің  салыстырмалық  заңдылығы    басқару  сферасының 
басқару  объектісінің  талабына  сәйкес  екенін  көрсетеді.  Солай, 70 
жылдары  Қытайда  байқалған  эконгомиканың  дамуындағы  сапалы  өзгерістер 
барлық  атарбасының  белгілі  бір  өзгеріске  ұшырауын талап етті, бұл 
1975  жылы  жүзеге  аса  бастаған  кешенді  реформада  өзінің  көрінісін 
тапты. Осының  нәтижесінде  Қытайдың  экономикасы  мен   оны  басқару 
ғылыми-техникалық   прогресстің  талабына  зерек  болды,  тұрақты  дамудың 
тенденциясын  алды,  реттелетін  нарықтық  қатынастарға    өту 
дағдарыссыз  және  сілкініссіз  жүрді.
    Егер  жалпы  заңдылық  басқаруға  тұтас  түрде  тән  болса,  ал  жеке 
заңдылық  басқарудың  бөлек  жақтарын    және  жүйесін    сипаттайды. Жеке 
заңдылыққа   басқару  функцияларывның    өзгеру  заңдылығын, басқару 
сатыларының   санын  оңтайлау  заңдылығын  басқару  функцияларын  
шоғырландыру    заңдылығын  және  бақылаудың  өрістелу  заңдылығын 
жатқызуға  болады.
    Басқару  функциялардың    өзгеру  заңдылығы    басқарудың    әртүрлі 
иерархиялық  сталыраныда  белгілі  бір    функциялардың  артқанын     
және  келесі  кейбіреулерінің    азайғанын  көрсетеді. 
    Басқару  сатыларының  санын  оңтайлау  заңдылығы    басқарудың  артық 
буындарын    қысқартуды  ұйғарды.  Бұл  оның  дереулігін  және 
икемділігін  көтереді.
    Басқару  функцияларын  шоғырландыру  заңдылығы    басқарудың  әрбір
сатысы    фһункцияның    көбірек  шоғырланғанына  ұмтылады.  Яғни, басқару 
персоналдың   сандарының  өсуіне  және   өсіруіне  бұл  заңдылықты   
барлық  елдерде  байқалатын  бюрократтық  аппарат  санының  өсуі  туралы 
деректер  көрнекі  суреттейді.
    Бақылаудың  өрістелу  заңдылығы    бағынғандардың  саны    мен  және 
олардың    мүмкіншілігінше    тиімді  басқару  іс-қызметін,  іс-әрекетін 
басшы  жағынан    бақылау  арасындағы  тәуелділікті    көрсетеді. Бұл 
басшының қол  астында  7-10  бағынған  адамдар  болса  да  оңтайлы  деп
есептелінеді.
    Басқарудың  жалпы  және  жеке  заңдылықтары    объективті  сипатта 
болады және   адамдардың  басқару  іс-қызметтерін    үрдісінде  жүзеге 
асады.
    Басқарудың  принциптері – басқаруды  ұйымдастыруға  және    оның 
құрылымына, жүйесіне  қойылатын  негізгі  талаптары  анықтайтын 
басшылықтың  ережесі.  Басқарудың  заңдылығы  сияқты  оның  принциптері 
де  жеке  және  жалпы  болып екіге  бөлінеді.
    Басқарудың  жалпы  принциптері  әмбебап сипатта  болатындығымен  және 
басқарудың  барлық  сферасы  мен  халық  шаруашылығының   барлық
салаларына  ықпалын  тигізетіндігімен сипатталады.
    Басқарудың  жалпы  принциптеріне   мақсаттылық, жоспарлылық, 
құзыреттілік,  тәртіптілік, ынталандыру, иерархия№
    Мақсаттылық  принципі  басқарудың  бағдарламалы-мақсаттық  мәнімен
анықталады  және  әрбір  кәсіпорын мен  оның  бөлімшелерінің    алдына 
айқын мақсатты    қойғандығын  ұйғарады.  Бұл  орайда  мақсат  нақты, 
жетуге  болатын  және  деректі  анықталған  шекті  болуы  керек, сонда 
ғана  бұл  оның  орындауға   персоналдың  күшін  жұмылдырады  және  оның 
жұмысына  дұрыс  мағына  береді.
    Мақсаттылық  принцип  мақсаттарды  қоюды ғана  емес, онымен  қатар 
олардың  қажетті  ресурстармен  аралық  қатынасына    қатысты  болғанын 
ұйғарады.  Бұл  орайда, мақсаттардың  оларға  жетуге    қажетті  басты  
ресурстармен  байланысын    қамтамасыз ету  ғана  емес,  осы  мақсаттарға 
жетуге  кедергі  жасайтын  ең  әлсіз  буынға  назарды  аударған  жөн.
    Басқарудың  жоспарлау  принципі  де  бағдарламалы-мақсатты  басқарумен 
байланысты   және  іс-қимылдың  бағдарламасын   жасауды,  оны  жүзеге 
асыруды  алдын-ала  қарастырады.
    Құзыреттілік  принцип  пен  жердің  басқару  объектісі   бойынша 
білімнің   болуынан немесе  ең  жоқ  дегенде  шешім    қабылдаған 
уақытта    маманның  құзыретті    консультациясын   дұрыс  ұғыну 
қабылетінен  көрінеді.  Құзыреттілік  принцип   басқарудың  функциялары  
бойынша  еңбектің    жатық  бөлінісімен  байланысты.
    Басқарудың  ажырамайтын принципі  тәртіптілік, бұл  басқарудың қандай 
жүйесі  қай  сатыда    болса  да  сақталуы  керек. Тәртіптілік    басшының
нұсқауын, лауазымды  қызметтің   міндеттерін, инструкцияларды, бұйрықтарды 
және  басқа  директивтік  құжаттарды  сөзсіз  орындағанды  ұйғарады.
    Ынталандыру  принципі  ең  алдымен материалдық  және  моралдық 
стимулдарды    пайдаланудың  негізінде  еңбекті  іс-жұмысқа  сылтауратуды 
ұйғарады. Материалдық  ынталандыру   жұммыскерлердің  еңбек  нәтижесіне 
қарасты  жеке  экономикалық  мүдделігіне  негізделсе,  ол  моралдық 
негізінен    жұмыскерлерге  психологиялық  әсер  көрсетуден тұрады.
    Иерархия  принципі  басқару  еңбектің  тік  бөлінісін  көрсетеді, яғни 
басқарудың  сатыларын  бөлінуін  және    басқарудың  төменгі  сатылардың   
жоғарыдағыларға  бағынғандығын  көрсетеді.  

Білікті қызметкер білімдіден шығады

Кеше Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясы мен Үкіметтің жанындағы Ғылыми талдау орталығы және
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің ұйымдастыруымен мемлекеттік
қызметшілердің жоғары буынына арналған біліктілікті арттыру курсы басталды.

Оның алғашқы ашылу рәсіміне Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қатысып, сөз
сөйледі. Онда Үкімет басшысы аталмыш курстың мән-маңызы мен оның
мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруда атқаратын рөлі жөнінде өз
ойларын айта келе, қазіргі кезде мұндай курстарды өткізу дүние жүзінде бар
тәжірибе екенін, осыған мысал ретінде Еуропа, АҚШ, Сингапур мен Малайзия
елдерін келтіріп, ол жерлерде мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін
арттырып, оның жоғары бағалануы үшін барлық жағдай жасалып жатқанын атап
көрсетті. Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің аймақтардың дамуын реттеуі басқарудың екі
Басқаруда қолданылатын негізгі әдістер
Басқарудың ұйымдастыру - әкімшілік әдістері
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы
Басқару функциялары - берілген нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мақсатты қызметтің нақты түрлері
Муниципалды шаруашылықты қалыптастыру мен жүргізу ерешеліктері
Аймақтық саясат
Ұйымдар және оларды тиімді басқару
Персоналды басқару жүйесі туралы
Мемлекетті басқарудың мәні мен ерекшеліктері
Пәндер