Сүт безінің аурулары


Тақырып: Сүт безінің аурулары.
Жоспар:
І Сүт безі жағдайын анықтау
ІІ Жіктелуі.
а) Серозды желінсау.
б) Кабаралді желінсау.
в) Фибринозді желінсау.
г) Іріңді желінсау.
д) Геморрогиялық желінсау.
е) Тәнді желінсау.
ІІІ Агалактия және гипогалактия.
IV Қолданылған әдебиет.
СҮТ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫ
Сүт безінде әртүрлі патологиялық процестер өтіп жатады. Оларды емдеу шаралары әртүрлі болғандықтан, патологиялық процестің сипатын ажырата білуіміз керек. Ол үшін сүт безіне және бүкіл организмге зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Оларды клиникалық және лабораториялық әдістерге бөлуге болады.
Клиникалық зерттеулерге: анамнез мәліметтері, организмді жалпы зерттеу және желінді зерттеу кіреді.
Анамнез: қашан бұзаулады, туу процесі мен туғаннан кейінгі кезең асқынусыз өтті ме, бағып-күтімі мен азықгануы, туғанға дейінгі, туғаннан кейінгі кездегі сүт безінің клиникалық жағдайы қалай еді, бұрынғы жылдары желін аурулары болған ба, сауу режимі сақтала ма, малдәрігерлік-санитарлық шаралар орындала ма, жалпы шаруашылықта желін аурулары көп пе, сиырдың сүгтілігі қандай, сиырдың ауырғанына неше күн болды, ауруы қалай білінді, кім емдеді деген сұрақтарға жауап алатын болсақ аурудың туу себебін, патологиялық процестің сипатын анықтауға біршама мүмкіндік туады.
Организмді жалпы зерттеу дегеніміз малдың дене температурасын өлшеп тыныс алу жүйесін, жүрек-қан айналу жүйесін, ас қорыту жүйесі мен жыныс органдарын зерттеу, малдың жатып-тұруына көңіл бөлу, сыртқы лимфа түйіндері мен кілегейлі қабықтарды зерттеу болып табылады. Өйткені, желін аурулары көбінесе гастроэнтерит, эндометрит, субинволюцші, т. б. аурулардың салдары болуы мүмкін. Сол сияқты желін ауруларының салдарынан басқа органдарының қызметі бұзылуы мүмкін.
Желінді зерттеу. Қарап, ұстап және сауып көру сияқты тәсілдерден тұрады. Желінді тексергенде сиырдың артқы жағынан және жанынан келіп қарайды. Желіннің оң жақ бөлігі мен сол жақ бөлігін салыстырамыз: көлемі, терісінің түсі мсн бүтіндігі, тығыздығы, температурасы, малдың реакциясы, сауған кезде емшегінен сүттің шығуы, сүттің түсі, иісі, бөгде заттардың болуы (құм, ірің, іртік, ұйынды, фибрин т. б. ) . Бұл белгілер аурудың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Соңынан желін үсті лимфа безін зерттейді.
Желінсау - желіннің қабынуы. Көбінесе жаңа туған малды, сиырларды суалтқан, қойды қозысынан айырған кезде кездеседі. Себептері: желінсауды тудыратын себептер өте көп, кейде оның қайсысы негізгі себеп, қайсысы қосалқы себеп екендігін ажырату қиын болады. Ғалымдар желінсаудың пайда болуына 80% жағдайда микробтардың үлесі бар деп есептейді. Микробтардың желінге келіп түсуі әрқалай:
1. Емшек үрпісі арқылы (галактогенді жол) - жаткдл жері лас болса, желінді жуып-сүртетін шүберек кір болса, сауыншының қолы, сауын агрегаты таза болмаса.
2. Қан арқылы (гематогенді жол) - гастроэнтерит, ретикулопсритонит, эндометрит, вагинит т. б. органдардың ауруынан желінге келіп түседі.
3. Желіннің терісі арқылы (лимфогенді жол) - тері жарақаттанғанда микроб сол жарадан ары қарай лимфа тамырлары арқылы тарайды.
Жіктелуі. Органйзй резистенттігіне, ауру тудырушы себептердің сипатына байланысты, жсліндегі қабыну процесі әртүрлі деңгейде өтуі мүмкін.
А. П. Студенцов қабыну процестерін сипатгай келіп, желінсауды былай жіктейді:
1. Серозды желінсау;
2. Қатаралді желінсау - а) цистерна мен сүт жолдарының қатары;
б) альвеола қатары;
3. Фибринозды желінсау;
4. Іріңді желінсау - а) ірінді - катаралді желінсау;
б) желін абсцесі;
в) желін флегмонасы;
5. Геморрагаялық желінсау;
6. Кейбір ауруларға тән желінсаулар;
а) желін аусылы;
б) желін акгиномикозы;
в) желін туберкулезі;
7. Желінсаудың асқынулары - а) желін индурациясы;
б) желін гангренасы;
Серозды желінсау
Серозды желінсаудың клиникалық көріністері: Ауру басталғанда желінде гинеремия болады және серозды экссудат жиналады, сүттің құрамы өзгере қоймайды. Малдың дене температурасы көтеріледі, тәбеті және сүт өнімділігі төмендейді. Желіннің қабынған бөлігінің көлемі ұлғайған, тығыз, ыстық және ауырсынады. Желін үсті бездерінің көлемі ұлғайған, Серозды желінсауды уақытында дұрыс емдесе, мал көп ұ замай жазылып кетеді.
Емі. Желінді астынан жоғары қарай сылап сипайды, жиі-жиі сауып тастайды, бұлшық етіне 8-10 мың ӘБ антибиотиктерді қолданады. Сонымен қатар аузынан 10-12г стрептоцид ұнтағын З рет бөліп ішкізеді. Д. Д. Логвиновтың әдісі бойынша қысқа блокада жасайды. Желінді камфора майымен майлап, 2-3 сағатқа озокерит жапсырады. Малдың рационындағы шырынды жем шөпті, суды азайтқан жөн.
Катарлді желінсау
Катаралді желінсау кезінде сүтте ірімшіктер пайда болады. Қабыну процесі екі түрлі өтеді: а) цистерна және сүт жолдарының қатары; б) альвеола қатары;
Малдың жалпы жағдайы орташа. Емшек үрпісінің үстіңгі жағын ұстап көргенде тығындалған жерлері байқалады олар іріп-ұйып қалған сүттің жиналып, емшек каналын бітелуінің белгілсрі. Оны сауын тастағаннан кейін сүт тазара бастайды, бірақ ондай сүтті пайдалануға болмайды.
Емі. Алғашқы күндері 6 сағат сайын 8-10 мың ОБ антибиотиктер қоспасын бұлшықетке салады. Желінді жоғарыдан төмен қарай сылап сипайды және жиі-жиі сауып отырады. Сауар алдында сүт жолдарын эксудаттан оңай тазарту үшін емшек үрпісіне 1-2 %-дық сода ерітіндісін, немесе 5 %-дық мүсәтір қышқылының жылы ерітіндісін 150-200 мл шамасында жіберіп, уқалап массаж жасаған соң тазалап сауып тастайды.
Сонымен қатар 1-2 рет Д. Логвиновтың қысқа блокадасын жасау керек. Желінді камфора майымен сылап сипайды және жылылап орап тастайды.
Фибринозды желінсау
Фибринозды желінсау кезінде малдың жалпы жағдайы төмендеп, мал күйзеледі. Малдың азыққа тәбеті және сүт өнімділігі нашарлап, дене температурасы көтеріледі. Желіннің қабынған бөлігінің көлемі ұлғайып қызарады, жергілікті температурасы көтеріледі, ауырсынады, соның салдарынан мал артқы аяғынан ақсап басып жүреді. Желінді қолмен ұстап зерттегенде қабынған жерлерден қытырлаған дыбыстар естуте болады. Мұндай белгілер фибринозды қабынудың негізгі белгілері болып табылады.
Емі. Ауырған малды жеке жерде ұстап, бұлшық етіне әрбір 6 сағат сайын антибиотиктер егеді. Вена тамырына 40 %-дық глюкозаның ерітіндісін және 10 %-дық хлорлы кальцийдін ерітіндісін қосып жылы күйінде жібереді. Сүтті сауып болған соң желін үрпісіне 100-150 мл фурацилиннің 1:5000 ерітіндісін, этакридин лактаттың 1:3000 ерітіндісін, немесе 2-3% стрептоцидтің ерітіндісін жібіреді: Желіннің ауырған бөліміне камфора, немесе ихтиол майын жағып жылылап, орап тастайды.
Іріңді желінсау
Іріңді-катаралді желінсау - қабыну процесінің өту уақытына байланысты: жіті және созылмалы болады. Жіті іріңді-катаралді желінсау кезінде малдың дене температурасы көтеріңкі, желіннің қабынған бөлігінің көлемі үлкейеді, қызарады, жергілікті температурасы көтеріліп, ұстап көргенде ауырсыну байқалады. Сүттің құрамында ірің және сары-қызғылт қойыртпақ кездеседі.
Іріңді-катаралді желінсаудың созылмалы түрде желіннің, емшектің көлемі кішірейіп кетеді, сүттің мөлшері азайып құрамында іріңді-шырыш болады.
Емі. Желінді патологиялық эксудаттан босатудан басталады. Сүт цистернасында қатып қалған ұйындылардан жібіту үшін желін үрпісіне 1-2 %-дық соданың жылы ерітіндісін 150-200 мл шамасында жібереді, сонымен қатар тері астына немесе бұлшықетке окситоцин, питуитрин салады. Желінді эксудаттан тазартқаннан соң емшек үрпісіне мастикур, мастисан дәрілерін және антисептикалық ерітінділерді жібереді. Мал дене қызуы түспесе венаға 10 %-дық норсульфазолдың ерітіндісін 150 мл шамасында жібереді. Егер іріңді желінсау абцесс немесе флегмонаға айналып кетсе оларды жуан инемен тесіп іріңін сорып шығарады да, орнына антимикробтық препараттар жібереді. Мал организмінің жалпы тонусын көтеру үшін 40 %-дық глюкозаның ерітіндісін 100-150 мл және 10 %-дық хлорлы кальцийдің ерітіндісін 100 мл шамасында және 10-15 мл кофеиннің ерітіндісін жібереді. Сонымен қатар малдың бағып күтуін жақсартып азығының сапасын жоғарылатады.
Геморрагиялы желінсау
Геморрагиялық желінсау кезінде малдың жалпы жағдайы төмендеп, температурасы көтеріліп, тыныс алуы, тамыр соғуы жиілейді. Желіннің қабынған бөлігін ұстап көргенде ауырсынады, жергілікті қызуы көтерілген, терісі қызыл-күрең түсті. Сүті су тәрізді, түсі қызғылт және ұсақ қосындылар болады.
Емі. Малды бөлек оқшаулап жиі-жиі сауып, тері астына 10 мл кофеинді, венаға 200-250 мл 40 %-дық глюкозаны, 100 мл 10 % хлорлы кальцийдің ерітіндісін жібереді. Желіннің сыртынан ихтиол, камфора майын жағып жылы орап, байлап тастайды, Д. Д. Логвиновтың қысқа блокадасын жасаған пайдалы.
Тәнді желінсау
Тәнді желінсау - бұл белгілі бір аурулардың салдарынан болатын желін аурулары.
Желін аусылы - мал аусыл ауруымен ауырғанда желінде, емшектерде көлкілдеп суға толған күлдіреуіктер пайда болады және олар жарылып жараға айналады.
Емі. Жара болған жерлеріне йод немесе йод-глицерин жағады. шаруашылықта аусылды жою мақсатында тиісті ветеринариялық-санитарлық шаралар ұйымдастырылады.
Желін иктиномикозы - желін ұлпасына сәулелі саңырауқұлақтар енгенде байқалады. Зақымданған жерлер іріңдеп жазылмайтын ойық жараларға айналады.
Емі. Жараланған бөлікке 0, 5 %-дық новокаин ерітіндісінде ерітілген 1млн ӘБ пенициллин егеді. Сиырға ауызынан 5г калий йодидің күніне екі реттен береді, жараны дезинфекциялық ерітінділермен тазартып жуып-шаяды да, антимикробтық майлар жағады.
Желін туберкулезі - мал организміне туберкулез қоздырғыштары енгенде байқалады. Желіннің шалдыққан жағында лимфа түйінінің көлемі ұлғайып, қолмен ұстағанда ауырсынады. Мұндай малдарға емдеу шаралары жүргізілмейді, . малды жарамсыздыққа шығарып шұжық жасауға етке өткізеді.
Агалактия және гипогалактия, олардың жіктелуі
Агалактия (сүтсіздік) және гипогалактия (сүтаздық) - дегеніміз - малды азықтандырудың, күтіп-бағудың және пайдаланудың бұзылуынан немесе аурулардың, және сүт безінің туа пайда болған аурулары салдарынан лактацияның бұзылуы. Лактацияның бұзылуы сүт өндіруді төмендетеді.
Агалактия мен гипогалактияның себептерінің түбірлігіне байланысты жеті түрі бар.
Туа пайда болған агалактия және гипогалактия -
бұл сүт безі нашар дамыған малда байқалады. Бұл асылдандыру жұмыстарың нашар ұйымдастыру, сүтті сиырларды өсіру үшін жоспарлы сұрыптаудың болмауынан туыңдайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz