Кенесары бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық күресі



Кіріспе

Негізгі бөлім

Қазақстанда патшалық Ресейдің отарлау саясатының күшеюі және оған қарсы Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт азаттық күресі (1837.1847 ж.ж.).
Кенесары бастаған ұлт. азаттық күресінің 3.4 кезеңдері мен көтерілістің Қазақстан тарихындағы маңызы.
Патшалықтың отарлау саясатына қарсы Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт.азаттық қозғалысының зерттелуі.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттердің тізімі.
Осы кезге дейін сұлтан, кейіннен ақ киізге көтеріліп хан сайланған Абылайдың немересі Кенесары көтерілісінің басталу себептерін жеке автордың әрқалай түсіндіріп жүргені байқалады. Барлық дерлік авторлар осы мәселені немесе оған жақын жәйттерді көтерген тарихшы немесе публицистер көзқарасының бір түйісетіні: он жылға созылған көтерілістің басты себебі – патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсылық. Әдетте XIX ғасырдың 20-жылдарында Орта жүзді қамтыған, басқа басқа аймақтарды шарпыған халықтық қозғалысты Кенесарының ғана есімімен байланыстырады. Шын мәнінде, бұл оқиғаның басы Қасым төренің есімімен, Уәли ханның бәйбішесінен туған Ғубайдолланың қимылдарынан басталатындығын орыс тарихшылары да дер кезінде атап өткен. Ол көтерілістің басталуына басынан себепші болған – патша үкіметінің Орта жүзде хандық билікті құртып ресейлік әкімшілік басқаруды іске асыра бастауы, яғни жерге бөліп басқару арқылы қазақ даласын отарлау.
Көтеріліске түрткі болған себептердің бірі - өкіругтерді ұйымдастыру арқылы қазақтарды жан-жағынын қысып, құнарлы жер шаруашылығына, шұрайлымал шаруашылығына тиімді аймақтарға орыс қазақ шаруаларының ауыз салуы болды.
Айта кететін жағдай Қарқаралы, Көкшетау, Баянауыл, Ақбұлақ, Құсмұрын, Ақмола, Аягөз, Көкпекті, Алатау және басқа өкіругтер Қазақстанның ең суы мол, орманды, өзен-көлді, табиғатты, өмір сүруге қолайлы аудандарды қамтиды.
Казак атамандары мен старшындары қазақтар қоныстанған аймақта малдарын жайғаны үшін әр бір шаңырақтан бес сомға дейін сыпыртын болды. Шектен шыға бастаған казактардың “қырғыздарды қыса түскеніне ” ескерту жасауға мәжбүр болған Батыс сібір генерал губернаторы осындай жағдайды бақылау үшін өкіруктік приказдың мүшелерінен депутаттар жіберіп отыруға да барды. Қазақтарды өз жерінен ығыстыру үшін мал шаруашылығына арналған өңірлермен шектелді. Ауыл шаруашылығына арналған өңірлермен шектелді.
Е.Т. Ыбырай “Кенесары бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық күресі (1837-1847 ж.ж.)” – Алматы, 1998.
Қасымбаев Жанұзақ “Кенесары хан” – Алматы, 1993.
Ысқақов Нұрмағанбет “Хан Кененің жорықты жолдарымен” – Астана, 2003.
Мұхатова Оразгүл Хасенқызы “XIX-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы” – Алматы, 2002.
Жамбылов Диас Әбушахманұлы “Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс” – Алматы, 2001.
Сұлтанов Тұрсын Икрамұлы “Қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ хандығының тарихы” – Алматы, 2000.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

Негізгі бөлім

Қазақстанда патшалық Ресейдің отарлау саясатының күшеюі және оған қарсы
Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт азаттық күресі (1837-1847 ж.ж.).
Кенесары бастаған ұлт- азаттық күресінің 3-4 кезеңдері мен көтерілістің
Қазақстан тарихындағы маңызы.
Патшалықтың отарлау саясатына қарсы Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ
халқының ұлт-азаттық қозғалысының зерттелуі.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттердің тізімі.

Көтерілістің көзден таса беттерінен. Қасым төре тұқымы неге көтерілді?

Осы кезге дейін сұлтан, кейіннен ақ киізге көтеріліп хан сайланған
Абылайдың немересі Кенесары көтерілісінің басталу себептерін жеке автордың
әрқалай түсіндіріп жүргені байқалады. Барлық дерлік авторлар осы мәселені
немесе оған жақын жәйттерді көтерген тарихшы немесе публицистер
көзқарасының бір түйісетіні: он жылға созылған көтерілістің басты себебі –
патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсылық. Әдетте XIX ғасырдың 20-
жылдарында Орта жүзді қамтыған, басқа басқа аймақтарды шарпыған халықтық
қозғалысты Кенесарының ғана есімімен байланыстырады. Шын мәнінде, бұл
оқиғаның басы Қасым төренің есімімен, Уәли ханның бәйбішесінен туған
Ғубайдолланың қимылдарынан басталатындығын орыс тарихшылары да дер кезінде
атап өткен. Ол көтерілістің басталуына басынан себепші болған – патша
үкіметінің Орта жүзде хандық билікті құртып ресейлік әкімшілік басқаруды
іске асыра бастауы, яғни жерге бөліп басқару арқылы қазақ даласын отарлау.

Көтеріліске түрткі болған себептердің бірі - өкіругтерді ұйымдастыру
арқылы қазақтарды жан-жағынын қысып, құнарлы жер шаруашылығына, шұрайлымал
шаруашылығына тиімді аймақтарға орыс қазақ шаруаларының ауыз салуы болды.

Айта кететін жағдай Қарқаралы, Көкшетау, Баянауыл, Ақбұлақ, Құсмұрын,
Ақмола, Аягөз, Көкпекті, Алатау және басқа өкіругтер Қазақстанның ең суы
мол, орманды, өзен-көлді, табиғатты, өмір сүруге қолайлы аудандарды
қамтиды.
Казак атамандары мен старшындары қазақтар қоныстанған аймақта малдарын
жайғаны үшін әр бір шаңырақтан бес сомға дейін сыпыртын болды. Шектен шыға
бастаған казактардың “қырғыздарды қыса түскеніне ” ескерту жасауға мәжбүр
болған Батыс сібір генерал губернаторы осындай жағдайды бақылау үшін
өкіруктік приказдың мүшелерінен депутаттар жіберіп отыруға да барды.
Қазақтарды өз жерінен ығыстыру үшін мал шаруашылығына арналған өңірлермен
шектелді. Ауыл шаруашылығына арналған өңірлермен шектелді.
Ал бірте-бірте қазақтарға қысым көрсету жер шаруашылығымен айналысқан
руларға ауыр болды. Әрине орасан зор жерге малын жайған, өкімет бағынышта
ұстай алмайтын көшпенділерден гөрі бір бөлігі өңірге отырғызылған,бекініс
казактарына тәуелді отырықшы қазақтар үкіметке жағымды еді.
Қазақтарды “жабайылар” ретінде қараған патша үкіметі ресми шешімдер
қадылдап, қазақтардың балаларын құлдыққа сатуды да теріс көрмеген. 1819
жылы Александр I ортаазиялықтарды ғана емес қазақ балаларын да сату жөнінде
арнайы заң шығарған.
Сонымен, келтірілген әр түрлі мазмұндағы мәліметтер Кенесары
көтерілісінің басты себептері тек патша үкіметінің 1822 жылғы ұстабқа
сәйкес өкіругтер құру ғана емес, оның алғы шарттары анағұрлым кең
екендігін байқатады.

Қазақстанда патшалық Ресейдің отарлау саясатының күшеюі және оған қарсы
Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық күресі (1837-1847 ж.ж.).

1822-1824 жылдары ресми қабылданған хандық билікті жою туралы
жарлықтан кейін, кезінде Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттар
түбегейлі бұзылды. (Ол шарттар мынадай күрделі саяси-әлеуметтік және
экономикалық мәні бар мәселелер қамтыған болатын: 1) Қазақ жеріне кірмеу;
2) Қазақтан солдат алмау; 3) Ауыр салықтар салмау т.б. ) .
Отарлау саясатынан туындайтын шығармаларды іске асыру мақсатында Ресей
патшалығы дереу жағдайда:
Қазақ елінің әр түпкірінен әскери шептер мен бекініс, қамал сала бастаған;
Қазақ даласының ең шұрайлы жерлеріне патшалықтың қолшоқпарына айналып
келген орыстың әскери-казактарын әкеліп орналастыра бастады (яғни жаңа
қоныстандыру саясаты негізінде);
Патшалықтың жаңа әкімшілік жүйесін енгізіп, соның негізінде барлық қазақ
даласының табиғи байлығын өз меншігіне ала отырып, қазақ жерін округтерге
бөліп тастады. (Бұл округтер тегісімен Батыс Сібір және Орынбор генерал –
губернаторлығына қаратылды).
Сөйтіп патшалық Ресей: “Қазақ даласын бөліп ал да билей бер!” – деген
өзінің отаршылдық ұранын іс жүзінде асыра түскен еді.
Міне, соындай жағдайда, патшалық Ресейдің бет қаратпайтын жойқын,
отаршылдық саясатына қарсы тұратын күш қажет болды.
Абылай ханның немересі, Қасым төренің ұлы – сұлтан Кенесары
көтерілісінің басты мақсаты мынада еді:
Қазақстанның патшалық Ресейдің құрамы қосылып үлгермеген өңірлерінің
дербестігін сақтап қалу;
Қазақ даласына бекіністер салуды және жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты
отарлауды тоқтату;
Қоқан хандығының дәуірлеп тұрған кезінде Ташкент билеушілерінің қолынан
қаза тапқан бауырлары Саржан, Есенгелді, әкесі қасымның тағдырына қатты
налыған Кенесарының тағы бір мақсаты, біріншіден, сол үшін кек алып,
екіншіден, қоқандықтардың жылдар бойғы тепкісіндегі қазақтарды азат ету
еді.
Тарихта Кенесары көтерілісінің 1838 жылдың көктемінен, оның
жорықтарының патша әскерлеріне қарсы арнайы әскери жоспар бойынша дәйекті
түрде жүргізілген белгілі: 1840 жылдың күзінде көтерісшілер Ырғыз бен
Торғай маңында патша әскеріне, орыс әкімшілігін қолдаушы жергілікті бай-
шонжарларға қарсы күрес жүргізеді. 1841 жылдың қыркүйек айында Кенесары
бүкіл Үш жүзден адам жинап, әкесі Қасым ханның өлгеніне (1840 ж.) бір жыл
толуына байланысты ас берді. Осы астан кейін, Үш жүзден адам жиналған халық
Кенесарыны ақ киізге салып, бүкіл қазақ халқының ханы етіп сайлайды.
Кенесары хан етіп сайланғаннан кейін өзінің ішкі саясатынан туындайтын
біршама шаралар іс жүзінде аса бастайды. Атап айтқанда: 1) Ел билеу
тәртібіне өзгерістер енгізілді (кейбір мәселелерді шешуде қатаң тәртіп орын
ала бастайды); 2) Алым-салық реформасы біршама өзгерістермен іске асырыла
бастады; 3) Хан тарапынан егіншілік кәсіпті дамыта түсуге және көрші
елдермен сауда қарым-қатынасын үдетуге ерекше назар аударылды; 4)
Керуеншілерді тонау тоқталып, олардан керуен жолы үшін салық алу ісі
енгізілді.
Жалпы Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық күресін
біз тарихта 4 кезеңге бөліп қараймыз:
I кезең – саржан Қасымұлы мен Жоламан Тіленшінің бастауымен өткен
көтерілістер (XIX ғ. 20-30 жылдары). Бұл толқулар Кенесары көтерілісінің
алғышарты іспеттес өткендігі тарихтан бәрімізге белгілі;
II кезең – Кенесарының тікелей басқаруымен өткен 1837-1840 жылдрдағы
Орта жүз жеріндегі көтеріліс;
III кезең – 1840-1845 ж.ж. Қоқан хандығымен күрес және Торғай
даласындағы өткен көтеріліс;
IV кезең – 1846-1847 жылдардағы Кенесары көтерілісінің шешуші ұрыстары
мен Қырғыз жеріндегі күрес. Қырғыз манаптарының қолынан Кенесарының қазаға
ұшырауы.
Қазақ халқының XVIII-XIX ғасырларда болып өткен барлық басқа да ірі
көтерілістермен салыстырғанда, Кенесары көтерілісінің қозғаушы күштерінің
бірден-бір ерекшелігі – оған Үш жүздің бұқара халқының түгелдей қатысуы
еді. Кенесарының әскери жасақтарының ішінде қазақтың барлық Үш жүзінен
есімдері бүкіл қазақ жұртына әйгілі, неғұрлым беделді деген батырларының
болғаны да біздерге тарихтан мәлім.

Кенесары бастаған ұлт-азаттық күресінің 3-4 кезеңдері мен көтерілістің
Қазақстан тарихындағы маңызы.

Кенесары бастаған топ 1841 жылдың ақпан айында Қоқан хандығына қарсы
бірінші шабуылына кіріседі.
Одан кейін, 1843 жылғы Қоқан бекінісі мен Ақмешітке, созақ және басқа
қоныстарына Кенесары жасақтарының екінші шабуылының негізгі мақсаты – Сыр
бойындағы қазақтарға бостандық алып беру саясатына тығыз байланысты болған
еді.
Нәтижесінде, Созақты, Сауранды басып алып, біржола босатқаннан кейін,
Қоқан хандығы өзінің жеңілгендігін мойындап, Кенесарымен келіссөз жүргізуге
мәжбүр болып, соның мәмлегерлік жолдарын қарастыра бастайды. Ақырында
қоқандықтарға қарсы соғысты тоқтатқан Кенесары осыдан кейін Торғай
маңындағы өз ордасына қайтып оралды. Кенесары көтерілісін біржола
тұншықтыру мақсатында, патшалықтың тарапынан біршама шаралар
жоспарланғандығы тарихтан белгілі.
Атап айтқанда:
Көтеріліске жұмсалатын соғыс шығынын өтеуге 14 мың сом қосымша қаржы
бөлінеді;
Кенесарының басын кесіп әкелген адамға сыйға (түтін салығы есебінен) 3 мың
сом қаржы көлемінде белгіленеді; (Қырғыз манаптарының осындай зұлымдық іске
баруы тегін емес еді);
Көтерілістің тойтарыс беру мақсатында орыс әскерлері толық жауынгерлік
әзірлік жағдайына келтіріледі.
Сонымен, 1843 жылдың маусымының 27-жұлдызында Кенесары жасақтарына
қарсы орыс әскерлерінің жорығы басталды. Кенеттен тамыз айында Кенесары
жасақтарына қарсы Ақмет Жантөрин, Баймағанбет Айшуақов, полковник Ренс және
Вязанов бастаған 5 мың әскер жіберіледі. Екінші жағынан, патшалық Омбы,
Петропавл (Қызылжар), Қарқаралыдағы өздерінің әскери күштерін Кенесарыға
қарсы жорыққа аттандырған болатын. Нәтижесінде, 1-7 қыркүйекте Кенесары
жасақтары мен патша әскерлерінің арасында қатты шайқастар болды. Көп адам
шығынға ұшырағанмен екі жақта жеңіске жете алмай, майдан шегінен кері
шегінеді.
Осыдан кейін, Кенесары жасақтары ендігі жерде, ашық соғысқа, шабуылға
шықпай, әр уақытта әр тұстан тұтқиылдан тиісіп (қазіргі ұғымда “партизандық
соғыс әдісі” дейміз), жау әскерін мазалау арқылы, берекетін алып отырады.
Патшалықтың отарлық саясатына бел байлап кіріскен күресінде
Кенесарының осындай бір әдісі ұрыс даласында қомақты жеңіске жеткізген
Екатеринская бекінісіне шабуылы еді. Бұл оқиға 1844 жылы тамыздың 14-
жұлдызында болған. “Ұлытауға бет алыпты” деген лақап таратып, ал шын
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің басталу себептері мен барысы
Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі (XVIII – XIX ғғ.)
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
Кенесары ханның халық ауыз әдебиетіндегі бейнесі
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Қазақ шаруалары
Қазақ халқының 1837-1847 жылдардағы азаттық қозғалыстың жақтаушылары және қарсыластары
Көтерілістің шығу себептері. Көтерілісшілердің отаршылдық саясатқа қарсы қарулы күресі
Кіші жүздегі Сырым батыр бастаған ұлт - азаттық қозғалыс
Кенесары көтерілісінің қозғаушы күштері
Пәндер