Дулат Исабеков


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе. . . 3-7

Бірінші тарау

Дулат Исабеков прозасындағы лиризм. . . . 8-39

Екінші тарау

Психологизм және характер даралау шеберлігі. …. 40-70

Қорытынды . . . …. . 71-72

Әдебиеттер73-74

Кіріспе

Дулат Исабеков - ұлттық әдебиетімізден тарихи-психологиялық, әлеуметтік-философиялық, лирикалық шығармаларымен орын алған қаламгер. Д. Исабеков шығармашылығын зерттеудің қажеттігі, оның әңгіме, повестерінің көркемдік жетістігі мен өзектілік сипатында және бүгінгі өмір құбылыстарын шынайы бейнелей алғандығында жатыр.

Д. Исабеков шығармашылығы туралы әдеби-сын еңбектерде бірталай пікірлер айтылды. Олардың қатарында Ш. Елеукенов [1], Р. Нұрғали [24] т. б. ғалымдардың, сыншылардың еңбектерін атап айтуға болады.

Д. Исабеков прозасының түрлі жанрында жазылған шығармаларындағы көркемдік-идеялық ерекшеліктерді, қоғамдық әлеуметтік көзқарастарды адам мәселесі тұрғысынан саралай, оның дара стилдік белгілерін көрсете отырып, тұтастай 60-80 жылдар прозасындағы адам, қоғам мәселесінің қойылысын талдау дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін алдыға мынадай нақты міндеттер қойылды:

  • Жазушы шығармаларындағы адамдардың түрлі қарым-қатынастық жүйесін талдау;
  • Жазушының характер даралау шеберлігі;
  • Дәстүрлі және әлемдік әдеби-философиялық ағымның әсерлі дәрежесін зерттеу;
  • Кейіпкер таңдау, оның жан-дүниесін, адамгершілік ізденістерін шынайы қалпында суреттеу, шеберлігін таныту;
  • Жазушы шығармаларында кейіпкерлердің адамгершілік қасиеттерін саралайтын диалог, ішкі монолог, ой ағымы, тартыс, т. б. көркемдік тәсілдердің қолдану ерекшеліктерін айқындау;
  • Жазушының өзіндік стилін таныту;

Осы мәселелерді қарастыру мақсатында Д. Исабековтың «Социализм зәулімі», «Талхан - 186» әңгімелері, «Пері мен Періште», «Сүйекші», «Тіршілік», «Дермене», «Ай -Петри ақиқаты», «Гауһартас» повестері талдау нысанасына алынды.

Ұлттық әдебиеттегі адам мен табиғат, адам мен қоғам, адам мен адам сынды күрделі қарым-қатынастық жүйелердің көркем шығармадағы бейнеленуі, кейіпкер танымы арқылы көрініс беру сөз етіле отырып, адамның әлеуметтік, рухани-психологиялық, лирикалық қырларына қатысты эстетикалық жаңа көзқарастар ғылыми тұрғыдан арнайы қарастырылды. Жазушының кейіпкер болмысы мен характерін ұлттық мінезге сай етіп, психологиялық нәзіктікпен ашудағы дара қолтаңбасы қарастырылады. Сондай-ақ, қоғамдағы адамның ролі, орны, адам өмірінің мән-маңызы, жалпы өмір мен өлім туралы т. б. мәселелер сөз болады. Адамдар арасындағы адалдық, тазалық, ізгілік сияқты биік адамгершілік мұраттар да сырт қалмаған.

І тарау.

Дулат Исабеков прозасындағы лиризм

Елуінші жылдарға дейін көп жағдайда әдебиетте сырт баяндау белең алды. Адам жанының нәзік иірімдері шығармада доғалдау бейнеленді, болмаса қағыс қала берді. 50 жылдардың аяғында әдебиетке еркін ене бастаған лирикалық прозаның көздегені осы олқылықтың орнын толтыру, кейіпкер жанына терең үңілу, нәзік иірімдерді алғы орынға шығару еді. Ол үшін авторлар, біріншіден, шығармаға қатысатын кейіпкерлерді шақтап алды. Шақтаулы геройдың жан дүниесі терең зерттелді. Екіншіден, кейіпкердің мінез-құлқы, іс-әрекеті еркін даралануы үшін кейде автор оларды азғантай уақыт болса да ортадан оңашалау күйде бейнеледі. Үшіншіден, әр кейіпкер ой-дүниесіндегі құбылысты бақылаушы, әрі авторлық позицияны аңғартар қосымша кейіпкер алынатын болды. Оқиға көбіне сол қаһарманның көзімен, ойымен таразыланды.

Қазақ әдебиетінің кәсіби кемелденіп, түр жағынан байып, өмір шындығын бейнелеуде әдіс-тәсіл жағынан ізденісті бағыттар ұстап, толысқан тұсы 60-80 жылдар аралығы. Бұл кезеңдегі қазақ повестері тақырып аясының кеңдігімен, образ жүйесінің нақтылығымен, оқиғалар желісінің шымырлығымен, кейіпкерлердің мінез-қасиеттерінің даралығымен, қаламгердің эстетикалық мұратының айқындылығымен ерекшелінеді. Аталған жылдардағы повестердің бірсыпырасына ғана тән және бір ерекшелік - кейіпкердің жан әлем бейнелеудегі сыршылдық, нәзіктік, көңіл-күйінің толқымалы құбылыстарын сезімталдықпен аша білу, интеллектілік (парасаттылық) нышандарының адамгершілік сипаттарымен үйлесімді дамуы, стильдік құбылыс ретінде пайымдалатын лиризм мен психологизмнің бірегей өрілімде көрінуі. Бұлай десек, лиризмді әдеби тәсіл, ағымды құбылыс ретінде лирикалық прозаның алтын тіні екені саналы түрде мойындайтынымыз анық. Өйткені мұндай шығармаларда басты идея кейіпкердің жан-толғанысы, қуаныш- күйініші, өмірге көзқарасы, күмбірлеген көкірек күйін шертетін шуақты сезімі арқылы беріледі [3, 61-65 ] .

Лиризмде бүгінде көркемдік ағым деп адалынан мойындасақ, оның әрі де, нәрі де нәзік лирика. Нәрлі болатыны - қаламгердің «айтайын дегенін сырлы суретке айналдыру» …қиялынды тербеп, санаңды дүр сілкіндіру …жан сарайының өзгеше реңмен құлпыруы [4, 88] .

«Лиризм - романтикалық көркемөнердің негізгі стихиялық белгісі, бейнелеу өнеріндегі хош иісті, жан-дүниесі секілді, ол тіпті эпопея мен драмаға тән. Өйткені рух пен жан дүние арқылы автор өзінің шығармасы арқылы ішкі рухпен сырласқысы келеді» - дейді Гегель [5, 242] .

Адам жанының нәзіктігі, тереңдігі, ішкі тебіреніс-толқудың қырлы, қиын сырлылығы асқан шеберлікпен беріледі. Сол сәл нәрсеге жұбанып, сәл нәрсеге жүдеп қалатын адам мінезінің нанымды, қонымды бейнеленуі. Түптеп келгенде, жақсылық пен жамандықтың өзара астасқан, өзара айырылысқан қиын- қыстауы осындай ішкі иірім-қайнардан көрінсе керек[6, 272] .

Жиырма мен отызында жазылып, қалың көптің жүрегінен орын алған Д. Исабековтың «Дермене», «Пері мен періште», «Тіршілік» ылғи да жанға жайлы леп, жұмсақ та нәзік лиризм, адамның көкірек кеудесіне ып-ыстық шоқ болып басылатын мұң, тіпті күнгей қарияларына тән әр сөзін салмақтап, асылдай безбенге салып айтар қысқалық бар болса, сарабдал суреткерге айналған сайын сол нәзік лиризмнің орнын кейде жан жадыратар жылы юмор, әдемі қалжың, кейде ащы мысқыл, сарказм алмастыра бастады. Д. Исабеков жан сырын, өмір-тіршілік туралы толайым толғаныстарын төгілдіре жеткізген.

Д. Исабековтың «Тіршілік», «Сүйекші» повестеріндегі кәдуілгі тірлікте ешкім елемейтін қарапайым тірлік иелерінің тағдырындағы күллі адамзаттық тіршілік логикасын сезім арқылы таразылау, өмір диалектикасын бейнелеу арқылы жарық дүниені барлап түсінуімізге ықпал жасайтын туындылар [7, 62] .

Д. Исабеков әдебиетке лирик жазушы ретінде келді. «Гауһартас», «Пері мен періште» секілді повестері осы ойдың садақасы.

«Пері мен періште» шығармасы - өмір дастанының өзгеше қырын, жаңа бір жырын толғаған туынды. Ерлі-зайыпты екі адамның бақытсыз тағдырын баяндаған хикая жан дүниеңді дүр сілкінтіп, алмағайып арпалысқа түсіріп, тұңғиық ой теңізін кештіріп, адамдық ар мен адамгершілік парасат жөніндегі жайдақ түсінігіңді тереңдетіп, сана-сезімінді байытып, тал бойындағы тым қораш, тым күйкі, тым саяз мінез-қылықтарыңнан арылуға асықтырды. Түсінігінің төмендігіне, парасатының пайымсыздығына, ойының шолақтығына қараптан-қарап отырып қысыласың, өзіңнен-өзің ұяласың. Сөйте отырып жан-дүниең тазарады, адамшылық қасиетің асқақтай түседі.

Сырт қарағанда Дулаттың «Пері мен періштесі» күнделікті тіршілікте көріп-біліп, естіп жүрген ескі әңгіменің бірі сияқты. Ебін тауып, ерін тастап басқа біреудің етегінен ұстап кеткен, артынан адасқанын біліп, өксіген, өкінген құдай қосқан қосағының алдындағы кінәсін мойындаған әйел тағдырын шығармасына арқау еткен жазушы көптен-көп. Ондай туындылар ондап емес, жүздеп саналатынына мысал мол. Мәселе оқиға ұқсастығында емес, ой түюдің оқшау-тосындығында болса керек. Тақырып біреу, түсіну түрліше. Бір қаламгердің екінші қаламгерден өзгешелігін, өзіндік қолтаңбасын айғақтайтын тұсы осы. Бұл хикаяттан алатын сабақ - азды-көпті тіршілікте әр адамның өз бақытын табуға ұмтылысын күстаналамау керекігі. Дулат суыртпақтай сыр аша отырып, осы тұжырымның дұрыстығына анық көз жеткізеді. Ол «Пері мен періштесінде» ішкі сұлулық, ізгіліктің артықшылығын әдемі жеткізген. Әдеби сында әр алуан пікір айтылып, көбірек сын естіген «Пері мен періште» повесіндегі Сафура бейнесін алалық. Сафура да «Гауһар тастағы» Салтанат сияқты ғашық болып тұрмысқа шыққан жоқ-ты. Оны Құлахмет әке, туыстарының көмегімен алып қашқан. Сафура тағдыры бізге адамның рухани түлегі, шарқ ұрған ізденіс процестерін танытатады. Сафура мен Құлахмет хикаясының басталар тұсында осы отбасының әлеуметтік тұрмыстық жағдайының тым қиын екенін көреміз. Шығарманың басты бір конфликті осы бір жерде бір қылт етеді де, қалып кетеді. Бірақ қалай дегенде де, Сафураның жан арпалыстарының алғашқы кезеңі қоғамның әлеуметтік-экономикалық мәдени деңгейімен тура пропорционал деуге болады. Әдеби сын Сафура бейнесінің әсер қуаты көптеген қателіктен кейін, Құлахметтің айтусыз адамгершілігін түсініп, қайта оралуы, түзелуіне байланысты талданады. Маған Сафураның Құлахметтен кетуінің психологиялық дәйегінен гөрі, әлеуметтік дәйегі басым көрінсе, қайта оралуының психологиялық-әлеуметтік дәйегі тең түсіп жатады. Ой келеді: Егер Сафура Смағұлмен, әлде басқа біреумен бақытты ғұмыр кешер болса, Құлахметке қайта оралмас еді. Сонда Сафураға қандай үкім шығарылу керек [8, 18-19] .

Сафура бейнесінде жазушы өз деңгей мүмкіндігіне орай, арман-қиялмен кешкен тіршілігінің үйлесім таба алмай, шарқ ұрып, табиғи тұтастығын жоғалтқан кейіпкерден рухани ізденістерін, сол жолдағы жан-дүниесінің қозғалыс-өзгерістерін зерттеуге ұмтылатындай. Мына бір әңгімеге құлақ салыңыз: «Ол да, мен де күлкісіз, жолсыз ғұмыр кешеміз. Екеуміз бірдей бақытсыз болғанша, біріміз неге бақытты болмаймыз?» [9, 152] . Сафура басқа жігітке қосылып, қоштаса келгенде Сапарға айтқан осы сыры көп нәрсені аңғартып тұр. Өз басының бақыты үшін күрескен әйелді қалай жазғырасыз? «Сафура өткенге опынып, күйінген кезде ашқан сырына қарап-ақ, қандай адам екенін ұғасың. Өмірден түңілетіндей қылмысым жоқ, мен бар болғаным талай жылдан бері іште түншығып, бас көтерейін десем ар мен адамгершілікке қарайлап, бата алмай келген сезімімді алғаш рет ар тұтқынынан босатып, еркіндікке шығармақ болдым. Бар кінәм осы! «-деген сөзді жазушы Сафураға бекер айтқызып отырған жоқ. Бұл жазушы кейіпкерінің өмірлік қағидасы, ішкі жан-дүниесінің сипаты. Ия, Сафура біз ойлағандай жеңіл мінезді әйел емес. «Кінәлі болса да, қаралы болса да жүрек түбінде адамшылық сезімі, ұяты мен ары сары майдай сақтаулы жатқан текті әйел. Д. Исабеков осындай ой түйдіріп, кейіпкеріне құрметпен қарауға мәжбүр етеді» [10, 14] .

Сафура басына қонған бақыттың өзін танымай, бақытты басқа жақтан іздеп таба алмай жүрген жан. Сафура басында Құлахметке қажетті, идеал тұтар қасиеттің бәрі бар. Керісінше, Құлахмет бойынан Сафура өз іздегенінің бәрін таба бермейді. Ол қаншама жыл отасқан Құлахмет бойында не бар деп қарамайды, өз ойымен, өз көңілдегісін оның бойынан іздеп барып адасады. Оны Құлахмет те сезеді. Біледі. Біле тұра, өз бойындағы күдік атаулының баршасына атой салып, көкірекке шала болып, байланғалы келе жатқан сезіктің баршасына су сеуіп өшірумен әлек. Ол өшірмек болып әлектенгенде, Сафура бойындағы жек көру, өшпенділікке дейін жетіп өршіп кетіп жатады. Ол Құлахметті сүйіп келмеген, әйелі ретінде, мүгедек адам райында аяп келген. Ал жарасқан жұпқа өмір үшін бұл аз еді. Сафура адасып барып Смағұлдың етегінен ұстады. Бірақ құп жарасып, түсінісерлік жар деп білері тағы шамалы. Оның сол бір түнгі айтыста Сапардан жеңілу себебі де осында. Бірақ ол бір нәрсеге сенеді. Ол Смағұлға сөзін өткізеді. Айтқанын істетеді. Құлахмет бойынан таппаған қасиет Смағұлда бар деп біледі. Бірақ Сафура Құлахметке бар адамгершілік, ізгілік сезімдерінің Смағұлда жоқ, болса да аз екенін толық сезінбеген. Сафураның адасу сыры осында. Осындай адасу шырғалаңы бар Сафура трагедиялық бейне ретінде суреттеледі. Ал Смағұл Толыбаевич болып, сіресе келген адам-келбет әлсіз де, ауру, бірақ жүрегі жылы, жан-дүниесі нұрлы Құлахметтен жеңіліс табады, аяғына жығылады.

«Кешіріңіз, кешіріңіз мені. Бұлай болады деп мүлдем күтпеп ем. Керегі жоқ маған мұндай бақыттың. Есітіп тұрсыз ба, керегі жоқ. Кеше көріңіз мені», -дейді ол. Өз ісіне ілесе келген Сафураға: «Ол мүлде басқа жан. Оның жүрегіндей жүрек өмірде санаулы-ақ. Ондайларды қастерлеу керек, алақанға сап аялау керек», -деп ақтық ойын айтады [9, 156] . Бұл - Құлахмет бойындағы адамгершілік ізгілік сезімдерінің Смағұл жанындағы тоғышарлақты жаназалауы. Оны қайтадан адам қалпына келтіріп нұрландыру.

Құлахмет-жаны сезімтал, үлкен жүректі адам. Ол әйелінің барған сайын өзінен алыстап, жат болып бара жатқанын анық сезеді. Әйтсе де, әйелім мені бір күні тастап кетер-ау деген ойға оралмады, оралғысы да келмеді. Бұл жайлы ойлау оған сұмдық, қорқынышты болып көрінді. Сөйте тұра ол Сафураны кінәламады. «Ол адал ғой, ол мейрімді әйел ғой! Қай-қайдағы арам ой есіме қайдан түседі?» - деп керісінше өзін қаралайтын [9, 134] . Кейде басқа ойға шомылып, яғни, «өз байқаған жайттардың бәрін Сафураның алдына жайып ерлі-зайыпты боп тұру-тұрмауларының басын бір жола ашып алайын деген» сияқты іштей айтылған ой-ағымдары мен сөздерін қаншама рет айтуға оқталса да іске аспаған. Бертін келе Сафура өзінің әйелі болып қала беретініне Құлахмет шек келтіреді. «Ол басқа күйеуге тиеді! Ол менің көзіме шөп салады! Жаратқан-ау, бұл неткен қорлық, неткен мазақ! Сонда қалай ғана жер басып жүрмекпін мен?»-деп ішкі жан-дүниесі өртеніп дел-дал күйде болатын. Құлахметтің бір ғана үміті болды. Ол қызы - Нәзікет. «Мүмкін, Нәзікетті тастап кете алмас, қанша дегенмен анасы ғой»-деген ой оны бір жұбатып, бір көтеріп тастайтын. Дегенмен, оның соңғы алданышы да, қуанышы да көпке ұзамай үзіледі. Осы уақытқа дейінгі және сол кездегі оның жан-дүниесіндегі арпалысты айтсайшы. Бауыр еті езіліп, іштей егіліп, естілер-естілмес етіп тіл қатқаны: «Сафура-ау, мен ше? Мен … не бітірмекпін?»[9, 135] .

Жазушының кейіпкері Құлахметтің аузына салған өмір жайындағы қарапайым да, ұлы қағидасы да көкейге қона кететін шығар-ау. «Егер адам баласы өлім жайлы күнінен бір рет ойланатын болса, өмір дегеннің қаншалықты қымбат екенін, оның… мәңгі оралмайтынын сезінер еді, сөйтіп оны жас баладай алақанға сап аялар еді» [9, 178] . Ақыл иесі адамның осы шындықты өмірінің соңғы сағатында ғана түсінетініне күйіну арқылы жазушы ой-санамызға сәуле түсіруге ұмтылып отыр. Адамның жан-дүниесін жақсылыққа, ізгілікке сусындатқан тәлімді тәрбие беру үшін жазушыдан осындай аталы сөз естігеніміз жөн ғой. Жазушының қадір-қасиетінің артатын жері осы.

Аталған шығармада автордың параллелі дерлік Сапар секілді кейіпкер бар. Өмірден өз жолдарын іздейтін, солай жүріп адасатын қаһармандар тағдыры көбіне осы жас адамның қатысуымен, ойымен таразыланады. Сапар сияқты кейіпкер жазушының басқа шығармаларында да бар. Мысалы, «Гауһартастағы» - Қайыркен, «Мазасыз күндердегі» - Мәкәлім де рухани жағынан бір-біріне жақын кейпкерлер. Сафураның Құлахметке Смағұл Толыбаевич екінші күйеуі екенін айтқан кездегі Сапардың «Мейірімсіздік қой, жүрексіздік қой бұл Сафура» деп іштей айтқан сөзінен оның кім, қандай адал мейірімді адам екенін осы бір тұста аңғарамыз. Сапар сол айлы түнде Сафура жайлы не ойламады. «Егер Сафура бұл қасиетін қоймаса, байғұс Құлахмет ағайдың түбіне жетіп, ар мен ұятты өз күйеуімен қоса бір молға көметін шығар» - деген ойлар оның санасында тізбектеліп жатты. Яғни, бұл жас Сапардың жеңіл-желпі ойының айғағы еді. Уақыт өте келе бұрынғы санадағы кесіп пішкен ойлары жалған болып шығады «Жоқ Сафура ондай әйел емес екен, кінәлі болса да, қаралы болса да, оның жүрек түбінде адамшылық сезімі ұяты мен ары сақтаулы жатыр екен… Мұндай қасиеттен жұрдай жаралған болса, әлде қашан-ақ басқа күйеуге шығып, өз дегенімен кете берер еді ғой. . Оның анау найзадай кірпіктері кімнің жүрегіне қадалып, тұтқындап алмайды… Өзі жек көретін, бұдан былай да сүйе алмайтын тәңір қосқан күйеуіне қайта келіп отыр, оның хәлін тым болмаса бір көріп қана кеткелі келді…». Содан кейін Сапар Құлахметтің үміті, жалпы адамзаттың үміт арманы шексіз болтына көзіп жетіп, ұғына бастайды. Иә, адам баласы әрі құдіретті, әрі әлсіз. «Бұлтартпас өлім жақындағанда Құлахмет өмірден түңіліп, кей сәттерде өлім ертерек келуін тілейтін. Менің өмірден алар еншім - азап қана, рахат деген бұйырмаған. Егер осы ойымның бәрі бір сәтке естен шықса, алдағы күннен жалтақтап, жаңа сәуле, жаңа үміт дәметеді». Шынындада, өмірді шын сүйген адамның қандай ауыртпалығы болса да үмітті болатыны айдан анық. Дүниеге келгенде жылап туылатын адам, жылап кетпей күліп кетуі де көксеп қалған өмірден жақсылық күтумен болады ғой. Қамшының сабындай қысқа бес күн жалғанында шын бақыттың дәмін бір рет татқысы келмейтін жан өткенбе. Барлық жұртқа тән бұл қасиет - Құлахметтің бойынан табылатынына күмән жоқ. Тағы бір айта кететін жайт, өмірдің сұлулығы мен мұраты- өмірді сүйе білуде, тынымсыз алға ұмтылуда. Автордың айтпақ философиясы осы.

Шығарманың келесі бір көрінісінде Сапардың өмірге деген іңкәрлік, өмірге деген сүйіспеншілігіне, жалпы өмір жайлы толғанысына тап келеміз. Енді соған зер салып, ой түйіндейік. «Өмір дегеннің өзі әрі күрделі, әрі жалаң, әрі шынайы, әрі жалған екеніне ой жүгіртесің. Табиғат адамға өмір берді, өмір сүруге қажетті нәрсенің бәрінде жаратты. Ал адамдар ақыл-ойдың, парасаттың иесі бола тұрып, болмашы нәрсе үшін бірін-бірі жеңеді, иә жеңіледі… Сол ғұмырында оған бәрі де - жақсы тұрмыс, жақсы жар, адал дос, баянды бақыт, бәрі-бәрі де қажет. Сол жолда ол жаңылыс басады, қателеседі. Сонда адам бір-бірінің қолтығынан сүйемесе, оған демеу болмаса оның адам, несі адамдық?… Құлахмет әйеліне ие бола алмаған, жалғыз қызына әке болып жарытпаған ынжық дер едім. Жоқ мұндай ойдан мен тап қазір аулақпын. Ол екеуінің де өмірге деген құштарлық, талпынысы бар. Бірінің талпынысы зуылдап өтіп бара жатқан өмірдей буырқанды да, саябыр тапты. Өзінің бақытқа қолы жеткені мен, жүрегіндегі азап пен аяушылық мәңгі өшпейтінін, өзін өмір бойы қинап өтерін сезді. Ал Құлахмет ағай болса… Ол Сафураны өлердей сүйеді, өз өмірінен де артық сүйеді. Ол өз бақытын Сафурадан ғана тапты. Сондықтан, ол қылмыс жасаса да Сафураны «Періштем, көгершінім» деп атай беруге дайын»[9, 187] . Бұл жерде Сапардың өмір диалектикасын жете түсінгенін, өткінші дүниеде екі адамның өмірге екі ұдай көзқараста болтынына көз жеткізіп отырмыз. Иә, біз «қолда бар алтынның қадірін» кеш түсінетін, бармақты тістейтін халге жеткенде ғана ойланатын пендеміз ғой.

Жазушы «Пері мен періштесінде» ішкі сұлулық, ізгіліктің артықшылығын әдемі жеткізген, әрі жақсылықтың рухани биіктігін, асылдығын, артықтығын биік түсінгенін аңғартқан еді [11, 98] . Д. Исабеков осы шығармасы арқылы адамның бойынан, қолынан келгенше жақсылық іздеу керек, соны табу керек деген өрелі ой сабақтап отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күрделі қимыл атауларының қазақ тілінде қолданылуы
Дулат Исабеков деген кім
Дулат Исабеков драматургиясы
Дулат Исабеков – роман жазушы, суреткер. Жазушының Қарғын романының көркемдік құрылымы
Дулат Исабековтың өмір жолы
Д. Исабеков шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Жазушы және өмір шындығы
Д. Исабеков прозасының көркемдік әлемі
Д. Исабеков прозасындағы замандас бейнесі
Д. Исабеков шығармаларындағы ауыспалы мағынаның берілу тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz