«Ана тілі» газетінде термин мәселесінің жазылуы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4 бб
1 Тарау
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ
1.1 Қазақ тілі мәртебесінің конституциялық негізі ... ... ... ... ..5.15 бб
1.2 Кейбір ұғымдар мен терминдердің қолданылуы туралы ... ... 15.26 бб
2 Тарау
БАСПАСӨЗДЕ ТЕРМИН МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЖАЗЫЛУЫ
2.1. «Ана тілі» ұлттық газетінде мемлекеттік тіл және термин
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27.39 бб
2.2. Мерзімді басылымдардағы тіл мәселесінің көтерілуі мен тілдік ахуалдың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39.47 бб
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47.49 бб
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50.51 бб
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52 б

Қай халықтың да қастерлеген қадірлісі – ұлттық тілі. Оның ел өмірінде атқарар міндетінің аясы үнемі кеңейіп, дамып, мемлекеттің нығаюына қалтқысыз қызмет көрсетуін қамтамасыз етудің мәні мен маңызы аса зор. Қаншама рет жойылып кетудің аз-ақ алдында болғанымен, қасиеті мен құдіреттілігі, өміршеңдігі танылған тіліміздің осындай жағдайда мемлекеттік мәртебеге ие болған сәтінен бастап, бүгінге дейін лайықты орнын таппай келе жатқаны жұрттың жанына батып отырған ащы шындық. Бұл орайда тілдің тарихы, тағдыры, қоғамда атқаруға тиіс міндеттері жайлы аз айтылып, жеткіліксіз жазылып келе жатқан жоқ. Алайда тіл мәселесі – тереңінен тартылған тарихи теперіштер тежегіш күш болып отырған және жалаң жанашырлықпен жақсара қояр жай емес. Бұл жайлы тілдің сан салалық мәселелерін көтерген көлемді ғылыми еңбектер, публицистикалық мақалалар жазылып келеді және оның әлі де талай уақыт ұранды мәселе атынан айрылмайтыны анық.
Ұлт пен тілді тікелей қатынасқа алсақ, «тіл» деген жалпы ұғым мен «ана тілі», яғни белгілі бір ұлттың өзіне тән тілі деген ұғым бір-бірінен дараланады. Осы тұрғыдан келгенде, ұлттың басты белгісі – тіл, тіл иесі ұлт. Егер тілді адамдардың өзара қарым-қатынас құралы десек, ана тілі – ұлтішілік әлеуметтік қарым-қатынасты қамтамасыз ететін ұлттық қатынас құралы. Олай болса, ана тілі алдымен этникалық категория ретінде сипатталуы тиіс. Бұл ретте ұлттың территориялық, экономикалық, мәдени т.б. бірлік ретінде сипатталуын қолдай отырып, оның басты белгісі ана тілі болса керек деп пайымдаймыз. Ана тілі ұлттың дамуына септігі тиетін негізгі фактор болып танылады. Ана тілінің қоғамдық қызмет атқаруы – ұлттың өмір сүруінің кепілі. Бұл ретте ана тілін этностың өзіне тән тұрақты сыртқы әлпетімен салыстыруға әбден болар еді. Ал этнос өкілдерінің бәрі бірдей бір-біріне ұқсас боп келе бермейтінін ескерсек, ана тілі – этностың одан да тұрақты белгісі. Тілін жоғалтқан этнос бұрынғы этностық қасиетінен айрылады. Ұлттық сана-сезім мен ана тілі егіздің сыңарындай, ұлттық сана жоғалса, ана тілі де көп кешікпей өмірден өшеді. Ал ұлттық сана-сезімнің деңгейі ең алдымен өз ұлтының тілін ана тілім деп есептейтін адамдар сананың көбею-азаюымен, ана тілінің қоғамдық қызметінің деңгейімен, ұлттық мәдениет пен әдебиеттің даму дәрежесімен өлшенеді. Ана тілін жасаған да, қолданатын да – халық. Ал мұны ескермеу, ана тілі мен орыс тілінің қолданылу орындарын нақтыламау бізде кең етек алған. Тіл тағдыры – қоғамдық-саяси өмірдің ең өзекті саласының бірі ретінде ел тәуелсіздігі танылғаннан да бұрын баспасөз бетіндегі көтерілген басты мәселе болды.
Тіл тағдыры – қоғамдық-саяси өмірдің ең өзекті саласының бірі ретінде ел тәуелсіздігі танылғаннан да бұрын баспасөз бетіндегі көтерілген басты мәселе болды. Оның өзіндік тарихи себептері бар.

1. «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңын Алматы қаласы бойынша жүзеге асыру жөнінде Ақпараттық анықтама. – Алматы: Шартарап, – 1998
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының старегиясы. – Алматы: Дәуір, –1992.
3. Байтұрсынов А. Шығармалар. – Алматы: Жазушы, –1989.
4. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. –Алматы: Мектеп, 1981.
5. Барманкулов М. Журналистика для всех. –Алматы: Қазақстан, 1979.
6. Қозыбаев С. Төртінші майдан. –Алматы: Жалын, 1983.
7. Засурский Я.Н. Основные понятия теории журналистики. –Москва: МГУ, –1993.
8. Силантьев А.В. Четвертая власть СМИ. – М.: –1991.
9. Омашев Н. Жол үстінде – журналист. –Алматы: Атамұра, –1999.
10. Ибраева Г.Ж. Политика и телевидение. –Алматы: КазГУ, –1996.
11. Асылбеков М., Козина В.В. Демократические процессы современного Казахстана. –Алматы, – 1995.
12. Тәтімов М. Қазақ әлемі. –Алматы: Атамұра-Қазақстан, –1993.
13. Ученова В.В. Журналистика и идеология. – Москва: МГУ, –1985.
14. Сәрсенбаев А. Мемлекеттік бағдарлама тіл саясатын пәрменді жүргізудің маңызды тетігі //Қазақ әдебиеті, – 1999. 19 наурыз.
15. Баялиева Д. С. Баспасөз тілінің мәселелері. // ҚазМУ Хабаршысы, Журналистика сериясы. –1997. №1. 123 б.
16. Срыбных В. Еще раз о языковых проблемах // Казахстанская правда. – 1989. 3 сентябрь.
17. Шаймерденов С., Елубаев С. Жауапкершілік жүктелмесе заң бола ма? // Қазақ әдебиеті, –1989. 8 қыркүйек.
18. Бекниязов Т. Термин мәселелері. –Алматы: ҚазҰУ. –2006.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Журналистика факультеті
Мерзімді баспасөз кафедрасы
Диплом жұмысы
Ана тілі газетінде термин мәселесінің жазылуы (2001-2008 жылдар
жарияланымдары бойынша)
Орындаған 5 курс студенті
Ғылыми жетекші
Норма бақылаушы
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді
Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..3-4 бб
1 Тарау
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ
1.1 Қазақ тілі мәртебесінің конституциялық негізі ... ... ... ... ..5-
15 бб
2. Кейбір ұғымдар мен терминдердің қолданылуы туралы ... ... 15-26 бб
2 Тарау
БАСПАСӨЗДЕ ТЕРМИН МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЖАЗЫЛУЫ
2.1. Ана тілі ұлттық газетінде мемлекеттік тіл және термин
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..27-39 бб
2.2. Мерзімді басылымдардағы тіл мәселесінің көтерілуі мен тілдік
ахуалдың
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 39-47 бб
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47-49 бб
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50- 51 бб
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52 б
КІРІСПЕ
Қай халықтың да қастерлеген қадірлісі – ұлттық тілі. Оның ел өмірінде
атқарар міндетінің аясы үнемі кеңейіп, дамып, мемлекеттің нығаюына
қалтқысыз қызмет көрсетуін қамтамасыз етудің мәні мен маңызы аса зор.
Қаншама рет жойылып кетудің аз-ақ алдында болғанымен, қасиеті мен
құдіреттілігі, өміршеңдігі танылған тіліміздің осындай жағдайда мемлекеттік
мәртебеге ие болған сәтінен бастап, бүгінге дейін лайықты орнын таппай келе
жатқаны жұрттың жанына батып отырған ащы шындық. Бұл орайда тілдің тарихы,
тағдыры, қоғамда атқаруға тиіс міндеттері жайлы аз айтылып, жеткіліксіз
жазылып келе жатқан жоқ. Алайда тіл мәселесі – тереңінен тартылған тарихи
теперіштер тежегіш күш болып отырған және жалаң жанашырлықпен жақсара қояр
жай емес. Бұл жайлы тілдің сан салалық мәселелерін көтерген көлемді ғылыми
еңбектер, публицистикалық мақалалар жазылып келеді және оның әлі де талай
уақыт ұранды мәселе атынан айрылмайтыны анық.
Ұлт пен тілді тікелей қатынасқа алсақ, тіл деген жалпы ұғым мен
ана тілі, яғни белгілі бір ұлттың өзіне тән тілі деген ұғым бір-бірінен
дараланады. Осы тұрғыдан келгенде, ұлттың басты белгісі – тіл, тіл иесі
ұлт. Егер тілді адамдардың өзара қарым-қатынас құралы десек, ана тілі –
ұлтішілік әлеуметтік қарым-қатынасты қамтамасыз ететін ұлттық қатынас
құралы. Олай болса, ана тілі алдымен этникалық категория ретінде сипатталуы
тиіс. Бұл ретте ұлттың территориялық, экономикалық, мәдени т.б. бірлік
ретінде сипатталуын қолдай отырып, оның басты белгісі ана тілі болса керек
деп пайымдаймыз. Ана тілі ұлттың дамуына септігі тиетін негізгі фактор
болып танылады. Ана тілінің қоғамдық қызмет атқаруы – ұлттың өмір сүруінің
кепілі. Бұл ретте ана тілін этностың өзіне тән тұрақты сыртқы әлпетімен
салыстыруға әбден болар еді. Ал этнос өкілдерінің бәрі бірдей бір-біріне
ұқсас боп келе бермейтінін ескерсек, ана тілі – этностың одан да тұрақты
белгісі. Тілін жоғалтқан этнос бұрынғы этностық қасиетінен айрылады. Ұлттық
сана-сезім мен ана тілі егіздің сыңарындай, ұлттық сана жоғалса, ана тілі
де көп кешікпей өмірден өшеді. Ал ұлттық сана-сезімнің деңгейі ең алдымен
өз ұлтының тілін ана тілім деп есептейтін адамдар сананың көбею-азаюымен,
ана тілінің қоғамдық қызметінің деңгейімен, ұлттық мәдениет пен әдебиеттің
даму дәрежесімен өлшенеді. Ана тілін жасаған да, қолданатын да – халық. Ал
мұны ескермеу, ана тілі мен орыс тілінің қолданылу орындарын нақтыламау
бізде кең етек алған. Тіл тағдыры – қоғамдық-саяси өмірдің ең өзекті
саласының бірі ретінде ел тәуелсіздігі танылғаннан да бұрын баспасөз
бетіндегі көтерілген басты мәселе болды.
Тіл тағдыры – қоғамдық-саяси өмірдің ең өзекті саласының бірі
ретінде ел тәуелсіздігі танылғаннан да бұрын баспасөз бетіндегі көтерілген
басты мәселе болды. Оның өзіндік тарихи себептері бар. Қазақ тілі
халқымыздың асыл мұрасы, елдік белгісі бола тұра, ғасырларға созылған
солақай саясаттың нәтижесінде өз биігіне лайық тұғырдан табыла алмай, тар
қыспақта тірлік кешкені ақиқат. Жаңа мемлекет құрып, оның саяси болмыс-
бітімі мен мақсат-мұраттарын айқындау қаншалықты қиын болса, сол
мемлекеттің көпұлтты, көптілді, көпдінді болуына байланысты мемлекеттік тіл
саясатының да жүргізілуі күрделілігімен ерекшеленеді. Тіл табиғатын, оның
толыққанды тіршілік етуін, жеке адамдар арасындағы ғана емес, ұлт пен
ұлттың, мемлекет пен мемлекеттің қарым-қатынасындағы құрал ретіндегі
әлеуметтік маңызы мен қоғамдық қызметін көрсету жолындағы баспасөз ролін
зерттеу тіл саясатындағы маңызды істің бірі болып табылары анық. Мұндай
мақсаттағы қол жеткен жетістік мемлекеттік тіл мәртебесінің нығайып,
тұрақтануы үшін ерекше ықпал етері де сөзсіз. Осы ретте басылымдардағы
мемлекеттік тіл мәселелерінің қоғамдық маңыздылығы мен оның теориялық
мәні күн өткен сайын артып отыр. Біздің зерттеуіміздің негізгі тақырыбы –
тіл саясатын жүргізудегі қазақстандық басылымдардың ролін көрсету.
Сондықтан да біз диплом жұмысымыздың тақырыбы етіп Ана тілі газетінде
термин мәселесінің жазылуы (2001-2008 жылдар жарияланымдары бойынша) деп
таңдап алдық. Біздің бұл тақырыпты зерттеуіміздің негізгі өзегі – басылым
беттерінде терминдер мен атаулардың тұрақтылығы мәселесі, кейбір ұғымдар
мен терминдердің қолданылуы, Ана тілі газеті оқу-ағарту жұмысында
қолданылатын терминдерді қалай жазып, оқырманға қандай деңгейде жеткізіп
жүргендігіне талдау жасау.
Термин мәселесінің зерттелу тарихы тым тереңде жатқаны талас
тудырмайтыны анық. Аталған мәселе халқымыздың ХХ ғасыр басындағы
қайраткерлерінің еңбектерінде көтерілді, олардың тіл болашағына, қоғамдық
өмірде қолданысына қатысты қарымды ойлары мен батыл пікірлері бүгінгі күні
де бағасын жоймай отырғаны анық. Зерттеу жұмысында қазіргі күні қалыптасып
отырған тіл мәселелері жөніндегі жаңа көзқарастар, саяси сипаттар
сараланып, оларды түрлі ғылыми-сараптамалық ойлар негізінде қарастыру
қолданылды. Сонымен қатар, мемлекеттік тіл мәселесі бұрын ұлтаралық қарым-
қатынас, ішкі саясат, көрші елдермен саяси-мәдени байланыстар жасау сынды
тақырыптар аясында қамтылса, бұл зерттеуде аталған тақырыптағы қазақстандық
баспасөздің мемлекеттік мүддені қолдау, қорғау тұрғысынан бірінші рет
дербес тақырып ретінде қарастырылды.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан тұрады.
Жұмыстың соңында сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.
І МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ
1.1 Қазақ тілі мәртебесінің конституциялық негізі
Ана тілі – халық қазынасының тұтас бір қоймасы іспетті. Өйткені,
бертінге дейін жазу-сызуы қалыптаспаған көшпенділер өз бойындағы бар асылын
тілмен өрнектеп, өзінің дақ түспеген таза зердесіне сақтаған. Ал адам
зердесі жансыз қағаз емес – жоқтан өзгенің бәрін жинай беретін. Ол тек ақыл-
ойдың інжу-маржанын ғана іріктеп алады. Қазақ даласы – бүкіл түрік әлемінің
қара шаңырағы десек, сол туыс тілдер ішіндегі ең байырғысы да, көп
өзгеріске ұшырамаған тазасы да – қазақ тілі екендігін бұл күнде сонау
Анадолы түріктерінен бастап, бүкіл қандас бауырларымыз түгел мойындайды.
Олай болатыны, тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады деп түсінген
бабаларымыз бұл өнерге айрықша мән берген. Оққа тоқтамаған жерде сөзге
тоқтаған. Қара қылды қақ жарған кемеңгер билеріміз кезінде ердің құнын екі
ауыз сөзбен шешкен екен. Ақындар мен шешендер дау-талас, айтыс үстінде
аталы сөзді аттап өтпей, жолдан жығылып, сөзден сүрінгенін ерлерше
мойындап, ой, тіліңе шоқ түссін! деп отыра кеткен деседі.
Ана тілінің құдіретіне данышпан Абайдың өзі қайран қалған. Ұлы
ақынның қазақтың өзгелерден тілі ұзын дейтіні немесе өткірдің жүзі,
кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас деп таңдай қағатыны сол сүйініштен
туған. Абай нені айтса да біліп айтқан ғой. Қазақ тілі – өзінің даласындай
кең пішілген, жайдары да жалпақ тіл. Осы тұста жазушы Қабдеш Жұмаділов:
Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі қашанда даланың
қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы –
домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі – шырқап салар әніндей.
Шешендердің аузынан шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім,
іштей үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз, дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып,
жымдасып жатады. Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем
ырғақ құлақ түбінде хрустальдай сыңғырлап, қазақ тілін сұлу да, сиқырлы
етіп көрсетеді, - деп жазады 1.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі, қазақ халқының ұлттық тілі,
Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі өзара ру-тайпа
одақтарының бірігуі және соның негізінде қазақ халқы мемлекеттігінің
құрылуы нәтижесінде ХV-ХVІІ ғасырларда қалыптасқан. Ол өзінің сан ғасырлық
дамуы барысында рулық тіл дәуірін де, тайпалық тіл дәуірін де, халықтық тіл
дәуірін де басынан кешірді. Біздің ана тіліміз – қазақ тілін барынша
дамыту, оның қолдану аясын кеңіту, оны ғылым тіліне, өркениетті мәдениетті
мәдениет тіліне айналдыру, жиналыстар мен іс қағаздарын ұлт тілінде жүргізу
мәселелерін ашықтан-ашық қойып, тікелей алға тартқан біздің алғашқы
алыптарымыз, рухани ұстаздарымыз – Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин,
Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Міржақып Дулатовтардан кейін бұл
мәселелер ондаған жылдар бойы жабулы қазақ жабулы күйінде қалып келген еді.
Орыс тілді республика басшыларына оның керегі болмады. Ал қазақ тілді
басшыларымыз мәселені бұлайша қоюға өздеріне ұлтшылдық айдары тағыла ма деп
қауіптенді. Тек қайта құру, қоғамдық өмірдің барлық құбылыстарын қайта
қарау кезінен бастап қана бұл мәселелерге қайтадан оралу мүмкіншілігі
туды.
Осындай алыптарымыздан кейін кезінде ана тіл мәселесіне үн
қатушылардың бірі жазушы Ғабит Мүсірепов: Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден
басталады. Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке жетіп, жүйкені босатады. Адам
мәдениетінің алғы шарты – дұрыс сөйлей білу. Түсіне білгенге сөйлей білу де
– өнер. Тілін білмеген түбін білмейді, ондай адам күлдірем деп күйдіреді,
сүйіндірем деп күйіндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады,
келтірем деп кетіреді, емірентем деп егілтеді, жұбатам деп жылатады! Адам
баласы маймыл бауырларымен ажырасып, өзіне лайық тіршілік әрекеттеріне
ауысуымен бірге тілі де туа бастаған. Ойдан – әрекет, әрекеттен – тіл,
әрекет пен тіл ағалы-қарындасты егіздің сыңары екендігінде дау болмаса
керек, - деп зердесі барға ой салатындай етіп, бір түйіп тастайды 2.
Бұған қарағанда қазақ тілінің тарихы тереңде жатыр екен. Оны екінің бірі
білетін болар. Бірақ соңғы кездері тарихы тереңде жатқан тіліміз туралы әр
түрлі пікірлер мен тұжырымдар аз айтылып жүрген жоқ. Қай халықтың да
қастерлісі – ұлттық тілі. Оның ел өмірінде атқарар міндетінің аясы үнемі
кеңейіп, дамып, мемлекеттің нығаюына қалтқысыз қызмет көрсетуінің маңызы
зор.
Кезінде сыншы Сағат Әшімбаев: Тілден асқан байлық жоқ, тілден биік
асқар жоқ. Тілден терең теңіз жоқ. Халық бар жерде тіл бар. Ендеше тіл
проблемасы – халықтық проблема. Біздің қазақ тілі – өсу үстіндегі, адам
баласының кез келген қиын да күрделі ойын бейнелеудегі мүмкіндігі зор, аса
бай тіл. Сондықтан да оны көздің қарашығындай қастерлеу қажет. ...
Шоқанның, Абайдың, Мұхтардың тілі – ана тіліміз – қасиетті қазақ тілінің
болашағы жоқ дегендердің көмейіне құм құйылсын. Қазақ халқы бар жерде қазақ
тілі бар! Анасыз өскен бала, панасыз өскен бала. Ал панасыз өскен баланың
жайы белгілі ғой. Сол сияқты ана тілінің ләззатын арда еміп өспеген адамның
жай-күйін өз басым елестете алмаймын. Ана тіл – қазақ тілі әрқайсысымызды
өмірге әкелген ананың қасиетті ақ сүтінің құдіретінен ешқандай кем емес, -
деп батыл да ұшқыр ойын білдіреді 3.
ХХ ғасыр – қазақ тілінің даму тарихындағы ерекше кезең. Оған себеп–
саяси, қоғамдық құрылыстағы өзгерістер. Ескі дәстүрлер мен әдет-ғұрып,
халықтық салт-сана ығысты. Тұрмысқа мазмұны жаңа өзгерістер енді.
Қазақстандағы тіл құрылысының кеңес дәуіріндегі даму тарихына шолу жасасақ,
ұлт тілдерін сақтауға, дамытуға, әсіресе мемлекеттік тілге деген көзқарасқа
жүргізілген нақты іс-шараларға қарағанда біршама дараланатын төрт түрлі
кезеңді бастан кешіріп отыр. Яғни, төрт кезеңге аяқ бастық.
1-кезең – В.И. Ленин бастаған революционерлердің әлемде тұңғыш рет
тілдердің тең құқылығын әрі жариялаған, әрі тілдің (орыс тілінің)
мемлекеттік тіл болуына қарсы күрес кезі. Кеңес революциясы алдында пайда
болған бұл сипатты тіл саясаты біздің Қазақстанда 1921 жылға дейін үстем
болды. Қазақ КСР-інің бүгінгі Тіл заңы сонау 10 шілде 1919 жылы Бүкіл
Ресейлік Атқару комитеті (ВЦИК) мен Халық Комиссарлар кеңесі (СНК) декреті
негізінде қабылданған. Республиканың әрбір ұлты барлық мемлекеттік
мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы болып мәлімдегені.
Екінші кезең – 1921 жылдан бастап республикада мемлекеттік дәрежеге
екі тіл ие болды. Қазақ және орыс тілдерін мемлекеттік тіл ретінде
жариялады. Барлық мекемелерде істі қазақ тілінде жүргізу туралы үкімет
тарапынан арнайы қаулы-қарарлар қабылданды. Бұған орай сол кезде көрнекті
мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин бірнеше мақалалар жазды: Кеңселерде
істі қазақ тілінде жүргізуге кірісу, Қазақстанның заң комиссариатына
теңеліңдер т.б. мақалаларында ақын қуаныш сезіммен былай дейді:
Кеңселерде қызмет істері қазақша жүргенде ғана бұл күнге дейін қадірсіз
болып келген қазақша хат білетін адамдардың бағалары артады. Сол жылдары
қазақ тілін білгені үшін өзге ұлттың өкілдері жалақыға қосымша ақы алу
сияқты көтермелеу болды. Бұл сияқты шаралар жергілікті халық тілін үйренуге
деген ынтасын аударды.
Үшінші кезең – мемлекеттік тіл ұғымы республика жұртшылығы өмірінде
заң жүзінде жарияланбады, тіл теңдігі мен ұлт тілдерін дамыту мәселесі сөз
жүзінде сақталды, іс жүзінде тежеуге ұшырағаны мәлім. Бұл кезең 1937-1938
және 1987-1988 жылдар аралығын қамтиды.
Бұл аралықты іштей 3 кезеңге бөлуге болады:
1. 1938 жылдан бастап Ұлы Отан соғысы жылдары аралығы;
2. 1946-1957 жылдары аралығы;
3. 1957-1987 жылдары аралығы.
Бұл кезеңдерде ұлт тілдерінің қолдану аясы бір кеңіп, бір тарылып,
құбылып отырды. Тарихқа осылай шолу жасай келіп, төртінші кезеңге аяқ
бастық. Ол Қазақстандағы тіл құрылысы дамуында, тіл саясатында жаңа кезең
болып саналады. Қазақ тілі 1989 жылы қыркүйек айының 22-інде тұңғыш Қазақ
Советтік Социалистік Республикасының Тіл туралы Заңы қабылданып, оны
талқылау бүкілхалықтық деңгейде жүргізілді. Сонымен бірге тәуелсіз елдің
Конституциясын қабылдау, заман талабына сай Тіл туралы заңның екінші рет
қабылданған тұсында да аталған мәселе қазақстандық баспасөзге үлкен
міндеттер жүктеумен қатар, олардың көзқарастарын, бағыт-бағдарын айқындап
берген сын да болды.
1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-
бабында: 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. 2.
Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс
тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.3 Мемлекет Қазақстан
халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды
деп атап көрсетілді 4 . Тіл туралы заң дүниеге келген кезде, өз тіліне
өшіккендер мен ана тіліне немқұрайды қарайтындар бой көрсетіп сап түзеді.
Мәселен, Қазақстан қазақтарының 93229-ы өз ұлтының емес, өзге этнос тілін
ана тілім деп есептейді, оның ішінде 16044 қазақ өз ұлтының тілін екінші
тіл ретінде ғана пайдаланады. Сонда Қазақстан қазағының ішінде 77185 адам
өз ұлтының тілінен мақұрым қалған. Олар қазақ тілін ана ретінде де, екінші
тіл тұрғысынан да пайдалана алмайды.
Мемлекеттік тіл – тарихи категория. Ол – қоғам дамуының белгілі бір
сатысына сай, мемлекеттің саяси-әлеуметтік ерекшелігіне сәйкес, Конституция
арқылы қабылданып, заңдастырылған, қоғам мүшелері тарапынан белгіленген
тәртіп бойынша, міндетті түрде қолданыс табатын ресми тіл ретінде халықтың
келісті келешегінің кепілі. Жалпы ұлттық тіл мәселесі 1989 жылдардан бастап
бүкіл Кеңес Одағына қараған республикаларда кеңінен көтеріліп, оған орталық
еріксіз назар аударып, жергілікті басылымдар бетінде осы мәселеге
байланысты пікірталастар айтыла бастады. Әрине, онда сөз көбіне қостілділік
жағдайын ойыса беретін. Оған да қарсылық таныла түсіп, әр ұлттың өз тілі
ғана мемлекеттік тіл болуы қажеттігін ұстанған әр ұлт өкілдері өз
пікірлерін еркін айта бастады. Литературная газета газетінде әр елдің
белгілі жазушыларының қатысуымен өткен дөңгелек стол басында қазақ жазушысы
С. Елубаев өз пікірін: Қай тілге шешімді қолдау қажет деген сұрақ туады.
Әрине, тоқырау жылдары қоғамдық өмірдің шетіне және қоғамдық санадан
ысырылған қазақ тіліне қажет. Республикада қос мемлекеттік тіл болуын
жақтаушылар, шамасы қазақ тілінің артықшылықта болуы ғана жағдайды кішкене
болса да түзеуге болатынын, қоғам алдындағы абыройы көтерілетінін,
соншалықты көп күйзелген қазақ тілінің ауыр жағдайын ескермейтін тәрізді,
- деп білдірді 5.
Кеңес Одағының қол астында болған одақтас республикалардың
барлығында дерлік республикаға аты берілген халықтың тіліне мемлекеттік
мәртебе беру мәселесі ұлтаралық қатынастардағы кей жерлерде бой көрсетіп
үлгерген қақтығыстарға ұласып жатты. Сондықтан да тәуелсіздіктің тірегі
болып танылатын тіл мәселесі бүкіл кеңестік кеңістіктегі саяси қалыпты
ахуалды сақтаудың басты шарттарының бірі ретінде күн тәртібінен түспеді.
Сол тұста Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші Секретары Н.Ә.
Назарбаев: Қазір тіл проблемалары төңірегінде алуан түрлі пікірлер көп
айтылып жүр. Өсек-аяң болмауы үшін тағы да асқан жауапкершілікпен
мәлімдеймін: қазір қоғамдық пікір барған сайын көбірек бет бұрып
отырғанындай, қазақ тіліне мемлекеттік статустың берілуі ешбір жағдайда
басқа тілдердің қандай да бір төмендетілуіне немесе кемсітілуіне жол
бермейді. Қазақстанда мекендейтін барлық халықтардың тілдері бірдей қолдау
мен қамқорлыққа ие болады. Ұлы орыс тіліне келетін болсақ, ол жаңа Заңда
ұлтаралық қатынас тілі ретінде жоғары және лайықты орнын алуға тиіс, - деп
атап көрсетті 6. Мұндай кесімді пікірдің елдің ең жоғарғы мінберінен
ресми мәлімделінгеніне қарамастан, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру
жөнінде Қазақстандағы барлық ұлт өкілдерінің тарапынан бірден түсінік
табыла қоймағаны анық. Осы орайда сол кезде республикада шығатын орыс тілді
басылымдарда қарама-қайшылықты, тіпті кейде тікелей қарсылықты білдіретін
мақалалар жариялана бастады. Қазақстан республикасындағы Тіл туралы заң
жобасы жарияланып, онда басқа республикаларда қабылданып жатқан Тіл туралы
заңдарында қарастырылмаған, орыс тілі ұлтаралық тіл болып жарияланады деген
тоқтамға қарамастан, қасарысқан қарсылық пен қазақ тілі мемлекеттік тіл
бола алмайды, орыс тілі кемсітілуіне жол берілуде деген тәрізді қауесет те
жалғаса берді. Қарсылық танытқандардың өзін бірнеше топқа бөліп көрсетуге
болады. Бірінші топ – қазақ тілінің қанат жаюын, тіпті мемлекеттің өзінің
қалыптасуын қаламайтындар, екінші мемлекеттік тіл мәртебесіне байланысты
жеке басына қатысты қиындықтар туындауы мүмкін деген қауіпке бойұрғандар,
үшінші топ – қазақ тілінің болашағына сенімсіздіктен арылмағандар.
Осы ретте қазақ тілін қолдау мақсатында жер-жерде жұртшылықтың
жанашырлығымен, жаппай дерлік жұмылуымен құрылған Қазақ тілі қоғамының
және оның жергілікті ұйымдарының атқарған еңбегі – ұшан-теңіз. Осындай
қиындықтарға, қарсылықтарға қарамастан, алғаш рет Қазақстанда қазақ тілі
мемлекеттік тіл болып бекуінің ұлт азаматтарына, ал олардың ой-пікірін
жұртқа жеткізу, халық мүддесін қорықпай қорғап шығу ұлт басылымдарына сын
болғанын айтқымыз келеді. Ұлт тілі мемлекеттік мәртебеге ие, тәуелсіздігі
төрткүл дүниеге танылған Қазақстан халқы елдіктің осы екі белгісін
бағалауды бір сәтте естен шығармағаны шарт.
Тіл туралы заңның төртінші бабында мемлекеттік тілдің қоғамдық
қатынастардың барлық саласында қолданылатыны анық айтылған. Сонымен қатар
мемлекеттік тілді еркін және тегін игеру үшін барлық қажетті ұйымдық,
материалдық-техникалық жағдайлар жасаудың үкіметке басқа да мемлекеттік
жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға жүктелгені де белгілі. Ал
Заңның тоғызыншы бабында: Мемлекеттік органдар актілерінің мемлекеттік
тілде әзірленіп қабылдануы белгіленген. Қажет болған жағдайда,
мүмкіндігінше, басқа тілдерге аударылуы қамтамасыз етіліп, оларды әзірлеу
орыс тілінде жүргізілуі мүмкін, - делінген 7. Сонымен қатар заңның 19-22
баптарында құрылымдық бөлімшелердің атаулары мемлекеттік тілде және орыс
тілінде беріледі. Мемлекеттік органдардың, меншік нысанасына қарамастан,
басқа да ұйымдардың мөрлері мен мөртабандарының мәтінінде олардың атаулары
мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылады. Сол сияқты тауарлардың арнайы
мәліметтер көрсетілген тауарлық тапсырмаларында, таңбаларында,
нұсқауларында мемлекеттік тілде және орыс тілінде қажетті ақпараты болады.
Шетел тауарларының тауарлық тапсырмалары да мемлекеттік тілдегі және орыс
тіліндегі аудармамен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі үлкен кемшілік – мемлекеттік тілге қатысты қабылданған
заңдық нормалар мен құжаттардың орындалуын қадағалаудың жоқтығы. Тиісті
органдар тарапынан бақылаудың жоқтығынан Үкіметтің 1998 жылғы 14 тамызда
қабылдаған Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын
кеңейту туралы қаулысындағы Іс қағаздарын жүргізу және ресми құжаттар
әзірлеуге қатысты құрылымдар мамандарының мемлекеттік тілді білуі мен оны
мемлекет қаржысының есебінен оқып-үйренуі кәсіби біліктілік талаптары
қатарына жатқызылсын деген қағида да ұмыт болды. Осы қаулыда Орталық
атқару органдары 1999 жылдың 1 қаңтарына дейін өздерінің ресми шараларын,
алқа мәжілістері мен түрлі жиындарын өткізетін залдарын ілеспе аударма
жасауға қажетті техникалық құрал-жабдықтармен, мамандармен қамтамасыз
етсін деген тапсырма да қадағалаусыз қалды. Осыған байланысты
республикалық билік мекемелеріндегі жиындарда сөйленген сөздер екінші тілге
аударылмай, негізінен қазақ тілділер өзінің табиғи құқығын пайдалана алмай,
кейбіреулердің айтатынындай, түсінікті тілде – орыс тілінде сөйлеуге мәжбүр
болып жүр. Соның салдарынан қазақ азаматы өз тілінде ақпарат алу және өз
тілінде сөйлеу құқығынан айырылып, конституциялық норма тікелей бұзылып
отыр.
Ана тіліміздің бүгінгі мүшкіл халінің негізі саяси-әлеуметтік
себептері қандай? Енді осыған тоқталайық. Оның ең бастысы – мемлекеттік
саясатта ел мен жердің иесі қазақтың ұлттық мүдделеріне әзірше мойын бұра
алмай отырғандығымызда. Билік басындағыларға қазақ тілінің мәселесін әңгіме
еткендердің ұнай бермейтіндігі жайдан-жай болмаса керек. Бірнеше ғасыр
отаршылдық өмір кешу, содан пайда болған жалтақтық, кеше ғана үстемдік
жасаған, бүгін де содан үміткер көршіміз қадамдарымызға қалай қарар екен
деген құлдық психологияның жалғасуы жігерлі іске жібермей отыр. Сөйтіп
қайта құрудан басталған қайта түлеу егемендікке жету мен тәуелсіздік алудан
аса алмадық. Асқақ идея кеңестік кезеңде социалистік интернационализм
идеясымен уланған санамызды жаңарту процесімен, жаңа жағдайдағы ұлттық
құндылықтарымызды түгендеумен, мұраттарымызды батыл шешумен жалғастырылып,
дәстүрлі рухани бұлақтан суғарылмады.
Екіншіден, мемлекеттік тілге шын мемлекеттік көзқарастың жетпей
жатқандығында. Мемлекеттік тілді қорғау және қолдау мәселелері құрғақ
сөзден нақты іске айналмай тұр. Іс-шаралар аз емес, бірақ нәтиже мәз емес.
Үшіншіден, қабылданған заңның орындалуын қадағалауға атқарушы
органдар тарапынан жігерлілік, жүйелілік, принципшілдік жетіспейді. Тіл
жөніндегі комитет біресе құрылып, біресе тарап жатады.
Төртіншіден, кешегі кеңестік интернационализмді ту еткен
тоталитарлық билік тұсында қоғамда пайда болған ұлтсыздық сана бүгінгі
жаһандану, таңдамай, талғамай батысқа табыну жағдайында жалғасын тауып,
тіпті күшейе түсуде. Бұндай сананың иелері ұлттық тіліміздің шынайы қадір-
қасиетін ұғынатын түрі жоқ. Ұлттық идея мен ұлттық идеологияны
мойындамаушылық, қазақ ұлтының орнына кешегі кеңес адамы дегендей
қазақстандық ұлт сияқты ұсыныстардың тууы соның әсері. Қазақ тілін біле
тұрып, ол тілде сөйлескісі келмеу де – намыссыздықтың ашық көрінісі.
Кезінде әдебиетіміздің алыптарының бірі Ғабиден Мұстафин: Біз ұлтшылдықпен
күрестік, енді сендер ұлтсыздықпен күресесіңдер, - деген заман туды.
Қазіргі қазақ тілінің шынайы мемлекеттік мәртебеге жете алмауының
түп-төркінін қолданыстағы заңдық нормалардың толымсыздығынан, тіпті
қайшылығынан іздеген жөн. 1989 жылы қоғамымыз үшін аса бір сындарлы кезеңде
қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Ол оңай бола қойған жоқ. Алайда,
сол кезде және одан кейін де қазақ тілі Қазақстанды тарихи мекен еткен
байырғы халықтың тілі, мемлекеттіліктің, тәуелсіздіктің негізгі шарттарының
бірі ретінде саналмады. Ана тілінің дамуын қамтамасыз ететін және қорғайтын
тиісті құқықтық нормалар қабылданды. Тіл туралы заңның Мемлекеттік тіл
жөніндегі қамқорлығы және Тілді мемлекеттік қорғау делінген 6, 23
баптарындағы Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен дамыту
үшін жағдай туғызу жөнінде қамқорлық жасайды және Қазақстан
Республикасында мемлекеттік тіл және барлық басқа тілдер мемлекеттің
қорғауында болады деген жалпы сөздерден басқа мемлекеттік тілге тікелей
қатысты міндетті мәселелер қарастырылмады.
1993 жылғы Конституцияда онсыз да тегеурінді, ондаған жыл жеке билеп
келген орыс тіліне ұлтаралық қатынас тілі аздай, соңғы қабылданған Ата
Заңда Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында
орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деген конституциялық
норма әлі қауқарсыз қазақ тілінің құқықтық жағдайын қатты төмендетіп қана
қойған жоқ, оны кешегі кеңестік кезеңдегідей екінші қатарға қайтадан
ығыстырды. Мұның үстіне Тіл туралы заңның 21-бабына байланысты бланкілер,
маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, мекеме мен ұйым атаулары басқа да
көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылуға тиісті деген
құқықтық норма мемлекеттік мәртебе мен ресмиліктің арасына теңдік белгісін
қойып, күнделікті өмірде қос тілділікке жол ашты. Сөйтіп заң арқылы күштеп
халықты екі тілде жазуға, екі тілде сөйлеуге мәжбүр еттік.
Тіл туралы Заңға толықтырулар жасалса, ана тіліміздің мәртебесі
ерекше көтерлген болар еді. Болмаған күнде мемлекеттік тілге жаңа тыныс
беретін тағы бір мүмкіндік бар. Ол Тіл туралы Заңның Деректемелер мен
көрнекті ақпарат тілі деп аталатын 21-бабын мемлекеттік тілдің талабына
сай қайта жазып, күнделікті өмірде қостілділікті жою. Қазақ тілінің
мемлекеттік мәртебесін көтеретін жан-жақты ұйымдық-насихаттық жұмыс аса
қажет 8. Шетелдерде мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметтің басты
талаптарының бірі. Бұл қатаң сақталады. Мемлекеттік тілді білмейтіндердің
мемлекеттік қызмет түсіне де кірмейді. Бізде, әрине, жағдай басқашалау,
онымен әзір есептеспеске болмайды. Сол себепті бір бағыттағы маңызды қадам
қатарында мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде білу керек деген талапты
күн тәртібіне көтеріп, оны жүзеге асырудың амалдарын іздестірген жөн.
Сонан кейін барып Мемлекеттік қызмет туралы Заңның мемлекеттік
қызметшілердің негізгі міндеттерін көрсететін 9-бабына және мемлекеттік
қызметке кіру кезінде қойылатын талаптарды айқындайтын 13-бабына
мемлекеттік қызметші мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде білуге
міндетті деген заңдық норманы енгізген дұрыс болар еді. Бұның билік
органдарында мемлекеттік тілді білетіндер қатарын көбейте түсетіні даусыз.
Халел Досмұхамедұлы: Қазақ тілі тексеріліп болған жоқ. Біз жат тілдерге
қызығуды қойып, әуелі өз тілімізді дұрыстап тексеруіміз керек. Шындап
тексерсек қазақ тілінің өзінен пәнге жарайтын көп сөздер табылады. Қазақ
тілінен табылмаған сөздерді басқа түріктерден алу керек. Нәзірдің жат
сөздерді асылын өзгертпей алу керек деуі қата. Біз тілімізге жат сөз
кіргізгенде, оның түбірін ғана кіргізуіміз керек жаңа түбірінің өзін де
қазақ тілінің заңдарына келтіріп, өзгертіп алуымыз керек. Жат тілдің
жұрнақтарын алудың жөні жоқ, жат тілден алынған түбірге біз өз
жұрнақтарымызды жалғайтын болуымыз керек 9.
Ана тілі ұлт газетінің 2005 жылдың 27 шілдесінде жарық көрген
Қ.Ормановтың Орайын келтіруге болатын істер бар атты мақаласында:
Қазақстан Республикасының Ата заңының 93-бабында: Конституцияның 7-бабын
жүзеге асыру мақсатында (ал 7-бапта Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі – қазақ тілі деп жазылған) Үкімет, жергілікті өкілдер және атқарушы
органдар арнаулы заңға сәйкес Қазақстан республикасының барлық азаматтары
мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық,
материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасауға міндетті. Меніңше, бар
бәле Конституцияның осы бабының талаптарының орындалмауында. Оған кім
кінәлі? Әрине, Үкіметтен бастап, біздің барлығымыз кінәліміз. Өйткені, біз
осы күнге дейін елге тілдің мәні мен мағынасын, ұлтымызды сақтап қалудағы
тіліміздің салтын, оның әлемдік тілдер арасындағы алатын орнын дәлелдеп
бере алмай келеміз. Содан барып, осы күнге дейін республика жұртшылығы
қазақ елінің мемлекеттік тілдің қажеттілігін жете түсінбей келеді. Мұның ең
бастысы – қазақстандық отаншылдық тәрбиесіне бағыт-бағдар беретін
идеологияның болмауы. Содан барып, әр азаматтың ойына, жүрегіне – Мен
қазақстандықпын, Мен Қазақстан азаматымын деген ойды ұялата алмай келеміз.
Оның басты себебі – біздің әлі күнге дейінгі жалтақтығымызда, басқалар
бізді қалай түсінеді, ұлтаралық қатынасқа жік түсіріп алмаймыз ба деген
жалған түсінігімізде, әлі де болса арыла алмай келе жатқан құлдық
ойымызда, - деп батыл ойын білдіреді 10. Мақаланы оқығаннан кейін Әр
қазақ қазақпен қазақша сөйлессін деген Президентіміздің тапсырмасы еске
түседі. Ең алдымен, Президенттің сол тапсырмасын әрқайсысымыз орындауымыз
керек. Қазаққа қазақша біл деп талап қойғаннан ұлтаралық қатынас
бұзылмайды. Тіл туралы Заңның талаптарын орындауды қаттырақ талап етсең
ұлтаралық қатынасқа нұқсан келеді, адамның құқықтарына нұқсан келеді деп
жүргендер орыстар, не басқа ұлттардың өкілдері емес, біздің – өзіміз. Автор
келесі бір тұста мынадай пікір білдіреді: Тіл туралы Заңды орындауды ең
алдымен қазақтардан сұрайық. Оқуға, қызметіне қабылданғанда, оларға –
қазақтарға қоятын бірінші сұрақ – қазақшаң қалай болуы керек? Қазаққа
тіліне қарай қызмет беру керек. Егер қазақтарға сондай талап қойылып жатса,
басқалар да қарап қалмас.... Демек тілге қатысты мәселеге ең алдымен
өзіміз – жауаптымыз. Тіл – елдігіміздің басты белгісі. Елімізді сақтап қалу
үшін, ең алдымен тілімізді сақтап қалуымыз керек.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы №3186
Өкімімен мақұлдаған Қазақстан Республикасы Тіл саясатының
тұжырымдамасының мақсаты – өтпелі кезеңде тілдердің сақталу және қызмет
ету саласындағы мемлекеттік саясат стратегиясын әзірлеу, мемлекеттік тіл
ретінде қазақ тілін дамытуға жағдай туғызу жөніндегі мемлекет міндеттерін
айқындау болса, ал, негізгі міндеті: Қазақстан Республикасының
Конституциясына сай тілдік дамудың басым бағыттарын, тілдердің қызмет ету
тетіктерін айқындау, - болып табылады 11. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат
және коммуникация құралдарында мемлекеттік тілдің қолданылуы міндетті болып
табылады. Қажетті тілдік ортаны қалыптастыру мақсатында мемлекеттік арналар
арқылы басқа тілдерде берілетін хабарлардың көлемі уақыты жағынан
мемлекеттік тілде берілетін хабарлардың көлемінен асып кетпеуге тиіс.
Қазіргі таңда Қазақстан халықтарының 13 тілінде 218 газет және журнал
шығады. Қазақ радиосының Евразия халықтарының арнасында – орыс, неміс,
ұйғыр, кәріс, татар, әзербайжан тілдерінде бағдарлама жұмыс істейді. Сенбі
және жексенбі күндері Қазақстан халықтарының әні мен музыкасы” айдарымен
ұлттық тілдерінде концерттер берілуде. Украин, поляк, ағылшын, неміс,
кәріс, ұйғыр, түрік, дүнген, өзбек, татар және басқа тілдерде 7
радиостанция хабар таратады. Төрт ұлттық газет – Дойче альгемайне, Коре
ильбо, Украински новини, Уйгур авази мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырылады.
Тілдерді дамытуға жағдай жасау мақсатындағы мемлекеттік саясат
мемлекеттік тілді дамытуға артықшылық беру бағытында қазіргі қолданылып
жүрген тілдер иерархиясына түзетулер енгізуді көздеуі тиіс. Бұл дегеніміз –
мемлекеттік тілге және басқа тілдерге қатысты міндеттері әр түрлі болады
деген сөз. Мемлекеттік тіл мәртебесін іске асыру үшін мемлекет барлық
жағдайды туғызуды міндетіне алады. Бұл үшін барша қажетті қаржылық,
материалдық, ұйымдастыру ресурстарын осы іске тартуға тиіс. Осы орайда
жекелеген азаматтардың немесе қоғамдық бірлестіктердің емес, мемлекет
ықпалы басым болуға тиіс, өйткені тек мемлекет қана мемлекеттік тілдің
қоғам өмірінің барлық саласында қолданылу мәселелерін шешуге қабілетті.
Бүгінгі мемлекеттік тіл саясатының басты бағыттарының бірі –
мемлекеттік тілді барлық азаматтардың арнайы белгіленген көлемде меңгеруі
үшін жағдай туғызу. Осы мақсатта халық топтарының этникалық, демографиялық,
кәсіби ерекшеліктеріне сәйкес мемлекеттік тілді міндетті және ақысыз оқыту
орталықтарын құру қажет. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
мемлекеттік тілді үйрену жөнінде бағдарламалар, сабақтар жүргізуге, жаңа
айдарлар енгізуге тиіс. Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мектеп
жасына дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, арнаулы орта
және жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді оқытудың тиісті деңгейін
қамтамасыз ету керек, мұның өзі жеке адамдар арасындағы, іскерлік қарым-
қатынасты және қазіргі заманғы іс жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік
береді. Тілді халықтың меңгеруін, оны оқу орындарында оқып-үйренуін
оқулықтар мен оқу құралдарын пайдаланушы әр түрлі этникалық және әлеуметтік
топтарға бағдарланған ұғымға жеңіл және тиімді әдістемелерді, көпшілік
тілді өз бетінше оқып-үйрену құралдарын, сөздіктерді, тілашарларды көптеп
шығару арқылы нығайту қажет. Мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ ғылым,
мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау мен халыққа қызмет көрсету
салаларының қызметкерлері үшін мемлекеттік тілді меңгеру жөнінен тиісті
талаптар белгілеу керек. Мемлекеттік тілдің беделін, оны білу әрбір
азаматтың өмірлік қажетіне айналатындай, қазақстандық патриотизмнің құрамды
бөлігі болатындай деңгейге көтеру қажет.
Қазақстан халықтары тілдерінің дамуы үшін қажетті жағдайлардың іс
жүзінде қамтамасыз етілуі – ана тілін меңгеруге тілек білдірушілердің
барлығына арнап мүмкіндіктер туғызу деген сөз. Мұның өзі ана тілінде орта
білім беру немесе ана тілін міндетті пән ретінде оқыту, мұғалім кадрларын
даярлау, оқу және оқу-әдістемелік құралдар мен көркем әдебиет, газет-
журналдар шығаруға жәрдем жасау жолымен жүзеге асырылады.
Диплом жұмысының бірінші тарауындағы Қазақ тілі мәртебесінің
конституциялық негізі атты тақырыпшамызды қорытындылай келе, мынадай
тұжырымдарға тоқталдық. Ең алдымен, қазақ тілін көркейту үшін үлкен
құлшыныс, қоғамдық сілкініс қажет. Бізде әлі тоқмейілсу, жайбарақаттық,
бейқамдық көп. Екіншіден, біреудің көңілі қалмаса екен, олар ренжіп қалуы
мүмкін деген жалпақшешейлік психология басым, содан арылуымыз қажет.
Үшіншіден, Парламент орысша сөйлесе, үкімет жиналысын басқа тілде өткізсе,
іс қағазын жазуға қазақ тілі керек болмаса– ол тіл кімге қажет? Осындайда
ұлттық элитаның көшбасшыларынан бастап, қарапайым мектеп оқушыларына дейін
тілге қатысты мәселелерді шешуге атсалысуын қадағалау шарт әрі орындалуына
талап қойылуы тиіс. Соңында айтарымыз, Тіл туралы Заңның 5-бабындағы:

тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деген тұжырымға өзгерту
енгізу қажет. Өйткені, осы бап қазақ тілін тұқыртып, еңсесін басып тұр. Ана
тіліміздің дамуына бұл ұсынысымыздың септігі тиері сөзсіз.
Қорыта келгенде, ана тілінің болашағы сол тілді туғызған ұлт
адамдарының бала шағынан сөйлеуіне байланысты. Осы тұста мынадай
тұжырымдарды бере кеткенді жөн көрдік: біріншіден, бүгінгі жас өркеннің ана
тілінің уызына жарып, нәрін алуы үшін, Абай айтқандай, жан-жақты, рухы биік
толық адам болып қалыптасу үшін қазіргі күн талабына сай қазақ тілі мен
әдебиеті пәндерінің білім беру мазмұнына түбегейлі өзгерістер енгізу қажет.
Екіншіден, мектеп жасынан-ақ кез-келген қазақ баласы халықтың рухани
қазынасы туған әдебиетін сонау ежелгі көне дәуір жәдігерлерінен бастап
оқып, зерттейтін дәрежеге ие болуы керек. Өйткені, қазақ балалары Тоныкөк
жырларынан ел мен жерді сүюге үйренсе, жыраулар поэзиясының асқақ рухымен
қанаттанып өседі. Осылайша әрқайсысымыз бүгіннен бастап қазақ тілін өз
отбасымыздың бірден-бір тіліне айналдыруға, оны жер-жаһанның күллі қазағы
болып көтермелеуге міндеттесек, қазақ тіліндей бай тілдің әлемнің мерейлі
мемлекеттік һәм ұлтаралық тілдерінің санына қосыларына нық сенімдеміз.
2. Кейбір ұғымдар мен терминдердің қолданылуы туралы
Қазақ тіліндегі терминдерді жасаудың ұстанымдары туралы әр кезде әр
алуан пікірлер айтылып жүр. Бұл орайда профессор Қ. Жұбанов есімінің ауызға
алынуы заңды. Көрнекті ғалымның басшылығымен Қазақстан мәдениет
қызметкерлерінің І съезіне ұсынылған жоба шын мәнінде осы мәселенің
бастамасы болды. Қазіргі термин қолдану тәжірибесінде негізгі үш түрлі
бағыттың – интернационалдық терминдерді аудармай алу; шет ел немесе орыс
тіліндегі сөздердің мағынасын дұрыс және дәл бере алатын қазақ сөздерін
пайдалану; қазақ тілінің нормасына сай келетін жаңа терминдер жасау –
күнделікті дәстүрге айналып отырғаны белгілі.
Бүгінгі таңда терминология саласында қол жеткен табыстар аз емес.
Ондай жетістіктердің себептері де баршылық, атап айтқанда, біріншіден,
барлық идеологиялық мадандағы ұстанымдарға сүйене білді; екіншіден, өзге
ұлт тілдеріндегі, әсіресе, орыс тілінде бұл бағыттағы мол тәжірибені
игерді, үшіншіден, қазақ тілінің ғасырлар бойы даму барысындағы, бүгінгі
дәрежесіне жеткен тазаланған, әдеби нормаға түскен сөздік қорын пайдаланды.
Осы аталған жайлардың қай-қайсысы да терминологияның кез келген саласына
тікелей қатысты. Оқу-ағарту жұмыстарындағы терминдер мен ұғымдарға
байланысты да мұны толық айтуға болар еді.
Термин төңірегінде сөз болатын мәселелер тілдің байлығына,
айқындығына, дәлдігіне, бейнелілігіне, логикалылығына т.б. ұғымдарға
қатысты болып келеді. Ал бұл ұғымдардың барлығы да тіл мәдениетінің негізгі
салалары саналады. Ендеше, термин сөздердің жасалуында, қолданылуында
болсын тіл мәдениеті туралы да мәселелер қозғалып отыратыны рас. Екінші
жағынан алғанда, термин жасауға қойылатын ұстанымдар да тіл мәдениетіне
қойылатын ұстанымдарға ұқсас келіп жатады.
Басшылыққа алынып жүрген ұстанымдардың басты үш түрін атауға болады:
1. жүйелілік; 2. нормаға сәйкестік; 3. эстетикалық. Жүйелілілік ұстанымы
бойынша термин сөздердің бір мағыналы болуы талап етіледі. Өткен ғасырдың
қырқыншы жылдарында терминнің моносемиялы болуын ұсынған Р.А. Будаговтың
тұжырымы бүгінге дейін өз күшін толық сақтауда. Бүгінгі қазақ терминдер
түгелге жуық бір мағыналы болып келеді. Қазақтың өзінің байырғы сөздерінен
жасалған терминдері туралы да осыны айтуға болады. Ұшақ (самолет), мінбер
(трибуна), құрылтай (съезд), әуежай (аэропорт), пайыз (процент) сияқты
сіңісіп кеткен сөздер осыған жатады. Бұл ұғымдардың 30-жылдардың өзінде,
яғни Кеңес одағында термин мәселесі ғылыми зерттеуге алына бастаған
кезеңде, Г. Винокур айтқандай, мамандандырылған болып келуі білініп
тұрады. Бір өкініштісі сол Мемлекеттік терминология комитеті бекітіп,
көпшілік мақұлдап, қолданыста дағдыға айналып кеткен осы сөздердің орыс
тіліндегі нұсқалары кездесе береді (самолет, трибуна, процент т.с.с.). Оның
үстіне, жергілікті жерлерде облыс, аудан көлемінде ғана емес, республикалық
басылым беттері мен электронды ақпарат құралдарында ұшырасып жатады. Кейде
бөтен тілдегі сөздерді аудармасыз болса да, қазақ тілінің дыбысталу
заңдылығына икемдегендері байқалады (сиез, кәмпескелеу, т.б.).
Нормаға сәйкестік ұстанымның талап ететіні – қабылданған терминнің
немесе атау сөздің әдеби тіл нормасына сай келіп, сөздің сыртқы тұлғасы мен
мазмұнының бір-біріне тура қатынаста болуы, екінші сөзбен айтқанда, түр мен
мазмұнның өзара сәйкестігі. Қазіргі қазақ тіліндегі терминдер бұл талапқа
да түгел дерлік жауап береді. Қажетті жерлерінде мағыналық реңктерді
ескеруге тура келеді. Айталық, көптеген жылдар сіңісіп кеткен абитуриент
сөзін соңғы кезде талапкер сөзімен алмастырып жүр. Тіпті абитуриент
тілімізде қолданудан қалып бара жатыр десе болады. Сірә, кейбіреулердің
орыс сөздерінен құтылуды жөн санаған ойларынан туындап жатқан болар. Бірақ,
дәл осы жерде талапкер абитуриенттің баламасы бола алмайды, өйткені
талапкердің мағынасы кең: ол тек ұл-қыздың оқуға түсу ұғымын ғана бермейді,
басқа да толып жатқан ой-арманды, мақсатты орындауға талпынысын білдіреді.
Қазақ әдеби тілін қалыптастыруда мерзімді баспасөздің атқаратын
қызметі зор. Газет авторларының білім дәрежесінің, интеллектуальдық
жағдайының, түсінік-түйсігі мен ұстанымдарының және мамандықтарының әр
түрлі болуына байланысты сөздердің жазылуында кейде бір-біріне қарама-қарсы
жағдайлар бола беруі әбден мүмкін. Басқа тілден аударма арқылы қазақ тілі
байыту мақсатындағы ізденістерде де бірізділік бола бермейді. Демек, кейбір
сөздер аудармаларының әртүрлі болуы немесе аудармай сол күйінде ұсынылуы –
табиғи құбылыс.
Қазақ тілі жергілікті ерекшеліктер есебінен байытуға ниет етушілер
баршылық. Олардың да пайдалы іс жасап келе жатқандарын теріске шығара
алмаймыз. Қалай болғанда да, қазақ әдеби тілінің қазіргі жайын және оның
даму барысын мерзімді баспасөз тілінен аңғарып отыруға толық болады.
Төменде келтіріп отырған деректер осы ойымыздың дәлелі іспетті.
Жолақы, қала көліктерінде жүру билеттері.
Осының біріншісі (жолақы) соңғы кезде жиі қолданылады, ал екінші атауы
(қала көліктеріндегі жүру ақысы), біріншіден, шұбалаңқы; екіншіден, жолақы
тек қала көліктерінде ғана емес, қалааралық көліктерде қолданылады. Соған
қарамастан, бұл сөз тіркесін қолдану кездесе береді. Алматы ақшамы
газетінде: Қала көліктерінде жүру билеттерінің қымбаттағаны белгілі, -
деп жазады. Ана тілі газетінде термин мәселесінің жазылуы (2006-2009
жылдар жарияланымдары бойынша)
Бағдарламаның орнына бағыттама сөзінің қолданылатын жайы да
кездеседі. Мәселен, Ана тілі газетінде: Халықтық педагогика тағлымдарын
сабақ үстінде, сабақтан тыс тәрбие сағаттарында пайдаланудың бағыттамасы
жасалынып, тақырыптық кесте өткізіледі, - деген сөйлемді кездестірдік.
Жолсапар сөзін кейбіреулер орыс тіліндегі командировка мағынасындағы
іссапар сөзімен шатастырады. Екеуінің екі түрлі мағынада қолданылатынын
айта кету керек, өйткені, жолға шығудың барлығы (жолсапар) іссапар бола
бермейді. Демек, іссапар дегеніміз – арнайы мақсатпен, тапсырмамен тиісті
жерге бағыт алу деген сөз, ал жолаушылардың көлік арқылы қозғалысының
барлығы жолсапар болып табылады. Мәселен, Мешіт иелеріне рахмет айтып, игі
тілекпен жолсапарды жалғастырдық (Қазақ әдебиеті). Ерінбетов Елес
әдеттегідей жолсапарға шығып, пойыз вагонында жолаушыларға қызмет көрсетіп
бара жатады (Заң газеті).
Мұрағат, жәдігер, экспонат сөздерінің қолданылуы туралы да айта
кетуге болады. Бір қарағанда, үшеуі де өзара синонимдес сөздер сияқты,
бірақ әрқайсысының айырмашылығын байқау қиынға соқпайды. Мұрағат деп жеке
адамның мұрасын айтуға болады. Осы ретте Ана тілі газетінде: Ежелгі
көшпенділер мәдениетіне қатысты тың деректер іздестіру, халықтардың
өркениет өрісіндегі бір-біріне ықпалын мұражайлардағы мұрағаттар арқылы
зерттеу – жорықтың ең басты мақсаты, - деп жазады. Жәдігерлер дегенміз –
мұражайдағы жекелеген заттар десек, Қазақ әдебиеті газетінде: Байқоңыр
аймағында даңқты оқиғалардың дәрпін жайған жәдігерлер мен үлкен әріптермен
жазылатын есімдердің құрметіне орнатылған ескерткіштер баршылық, - деп
жазады (2 наурыз, 2006). Ал экспонат жәдігер сөзінің орыс тіліндегі
баламасы болғандықтан оны қолданудың оншалықты қажеттілігі жоқ.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президумы 1983 жылдың 25 тамызында
Қазақ тілі орфографиялық негізгі ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы қаулы қабылдады. Сол ережелерді сақтау принципін ұстанып,
тіл мамандары 1988 жылы өңдеп, толықтырып Қазақ тілінің орфографиялық
сөздігін (49 000 сөз) шығарды. Дәлірек айтқанда, мәдени қауым мен жазу-
сызуды мақсат еткендер осы Қаулы мен сөздіктегі міндеттерді басшылыққа
алулары керек еді. Өкінішке орай, мен білемдікке салынып мерзімді
баспасөз беттеріне мақала жазған авторлар, көбінесе журналистер өз
ойларынша орфографиялық заңдылықтар жасап, өз дегендерінше жазып жүр.
Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің мәртебесі анықталып, қолданылу аясы
кеңіген сайын, әсіресе, ғылым саласында терминдердің жұмсалуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz