Эпикалық жанр туралы түсінік



І. Кіріспе
1.1 Эпикалық жанр туралы түсінік.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктерi
2.2. Эпикалық шығармаларды оқытудың тиімді әдіс .тәсілдері .
ІІІ. Қорытынды.
Жанр әдеби шығармалардың жеке түрлері,көркем әдебиетінің салалары. Көркем әдебиет арнасы кең ,көп салалы өнер. Әдебиет туындыларының құрылыс қалпы мағыналық сиымдылығы көркемдік сипат белгілері әр алуан бола береді. Сондықтан әдеби шығармалардың жүйесін тауып,жіктеп топтауға ,түр-түрге бөлуге үлкен мән беріледі. Көркем шығармаларда тегіне қарай бітім тұлғасы,өмірді бейнелеу өзгешілігі жағынан жіктеп ажырату ерте заманнан-ақ кездеседі. Осылай нұсқаларды тегіне ,түр-түріне қарай ажыратып бөлу негізінде жанр деген ұғым қалыптасқан .
Әдеби жанрдың үш тектері бар.
1. Эпос
2. Лирика
3. Драма.
Эпос (грек тілінен epos – баяндау,әңгімелесу,тарихтан айту ) көркем єдебиеттің байырғы ,негізгі тектерінің бірі.Өмір шындығын мейлінше мол қамтып кең суреттейтін ,адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі ,күрделі жанр.
Эпостың туу,қалыптасу тарихы тым әріге,адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр.
1. Қ. Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесі» Алматы. 1997 ж.
2. «Қазақ тілі мен әдебиет » журналдары.
3. Г. Құрманбаева,Е. Жұматаева «Әдебиет оқыту әдістемесі» 5. Алматы. 2001ж.
4. Р.Құтқожина,Қ Бітібаева «Әдебиет оқыту әдістемесі» 7. Алматы. 2003 ж.
5. С. Тілешева «Әдебиет оқу кітабына» методикалық нұсқау .5.Алматы. 1987
6. З. Қабдолов. Сөз өнері.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
1. Эпикалық жанр туралы түсінік.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктерi
2. Эпикалық шығармаларды оқытудың тиімді әдіс –тәсілдері .
ІІІ. Қорытынды.

1. Эпикалық жанр туралы түсінік.

Жанр әдеби шығармалардың жеке түрлері,көркем әдебиетінің салалары.
Көркем әдебиет арнасы кең ,көп салалы өнер. Әдебиет туындыларының құрылыс
қалпы мағыналық сиымдылығы көркемдік сипат белгілері әр алуан бола
береді. Сондықтан әдеби шығармалардың жүйесін тауып,жіктеп топтауға ,түр-
түрге бөлуге үлкен мән беріледі. Көркем шығармаларда тегіне қарай
бітім тұлғасы,өмірді бейнелеу өзгешілігі жағынан жіктеп ажырату ерте
заманнан-ақ кездеседі. Осылай нұсқаларды тегіне ,түр-түріне қарай ажыратып
бөлу негізінде жанр деген ұғым қалыптасқан .
Әдеби жанрдың үш тектері бар.
1. Эпос
2. Лирика
3. Драма.
Эпос (грек тілінен epos – баяндау,әңгімелесу,тарихтан айту ) көркем
єдебиеттің байырғы ,негізгі тектерінің бірі.Өмір шындығын мейлінше мол
қамтып кең суреттейтін ,адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты
танытатын іргелі ,күрделі жанр.
Эпостың туу,қалыптасу тарихы тым әріге,адам санасының алғаш ояну
дәуірлеріне тамыр тартып жатыр.
Қай халықтың болсын,баяғы бабалар заманынан қарай ауыздан –ауызға
таратып,ұрпақтан-ұрпаққа мұра ғып қалдырып келе жатқан әдеби
туындыларының дені- эпостық шығармалар . Олай болса ,эпос көркем
шығарманың ең бір егде ,етене кең түрі.Эпостық шығарманың арқауы-автор
үшін жекелеген адамдардың көңіл-күйі ғана емес,бүкіл халықтың тұрмыс-
тіршілігі, тарихи тағдыры мен ұлттық заңдылықтары. Адамның көңіл күйінен
туатын лирика мен қимыл -әрекетіне негізделетін драмадан эпостың
айырмашылығы –мұнда шыңдық кең көлемдегі баяндау , әңгімелеу арқылы
жинақталады.Сонда эпикалық шығармалардағы авторлық суреттеу мен
қаһармандардың диалог-монологтары –эпостық баяндауы жүзеге асыру жолдары
,амалдары мен тәсілдері ғана .Белинский эпикалық шығармалардың тағы бір
ерекшелігі ретінде ,мәселен эпостағы басты нәрсе –оқиға екенін
ескертеді.Бұдан шығатын түйін эпос жан-жақты жанр:эпикалық шығармада
адамның өмір жолы кеңінен баяндалады,оның басынан кешкен тағдыр мен
тіршілігі толық жинақталады ,ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі,ол
жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді , адамдар арасындағы қарым-
қатынастар әр қырынан айқын көрсетіледі .
Эпикалық шығармалар үш түрге бөлінеді .
1. Шағын көлемді эпикалық шығармалар
2. Орта көлемді эпикалық шығармалар.
3. Кең көлемді эпикалық шығармалар.
Шағын көлемді эпикалық шығармаларға жатады :мысал,әңгіме , ертегі,аңыз.
Орта көлемді эпикалық шығармаларға жатады: поэма, повесть , дастан.
Кең көлемді шығармаларға жатады: роман,эпопея .
Көркем шығарманы талдау оны оқудан басталады.Мұғалім эпикалық
шығармалард оқытқанда қандай мәселелерге көңіл бөлу керек,талдаудың қай
түрі тиімді,қандай әдіс- тәсілдер нәтижелі болмақ, міне осы мәселелерге
ерекше назар аударады.
Мен де, өзімнің курстық жұмысымның мақсатың әдебиет сабағында эпикалық
шығармаларды оқытудың тиімді жолдары мен әдіс тәсілдерін анықтауға
арналған.

2.1. Эпикалық шығармалардың өзіне тәң ерекшеліктері.
Әдеби білім көркем шығарманы талдау негізінде қалыптастырылады
.Оқушылардың шығармамен таныстығы оны оқудан басталады .Онда да
мақсатсыз,немқұрайлықпен оқымай , түсініп,әсерленіп оқуы
қадағаланады.Талдаудың дұрыс арнаға түсуы ең алдымен оқушының шығармамен
танысуына ,одан алған әсеріне байланысты.Көркем тексті талдау арқылы
оқушылар адам тағдырымен,өмір шындығымен, жазушының позициясымен танысады
. Жазушы сомдаған кейіпкердің іс-әрекетін ,мінез –құлқын ұғуға әрекеттену
негізінен шығарма оқиғасына қызықтыру тұрғысында болды . Оқушы бойында
көріне бастаған осындай ой-қайраткерді ,оқу әрекеттерін әрі қарай дамыту ,
оларды білімдік арнаға салу, оқушыларды жазушының ойын аңғаруға кейіпкер
ісіне баға беруге баулу – эпикалық шығармалардағы оқытудағы басты
мақсаты болуы тиіс.
Эпикалық шығармалар сюжеттік-композициялық құрылысқа құрылған,
кейіпкерлердің арасындағы қарым - қатынастарды, тартыстарды
бейнелейді,суреттейді.
Сюжет (Французша sujet - зат) –көркем шығарманың мазмұның
ашып,мазмұнды пішінге көшірудің негізгі жолы немесе тәсілі.
Композиция (латынша composito- құрастыру,қиыстыру) көркем шығарманың
құрылысы.Сюжет композициямен,композиция сюжетпен тығыз байланысты .
Сюжеттік –композициялық құрылыс шығарманың басталуы, байланысы,
дамуы,шарықтау шегі,шешімі деген бөліктерден тұрады. Осындай құрылыс
арқылы эпикалық шығармаларды талдау қажет және оңайырақ тиеді .
Сонымен,сюжеттік дамудың кезең –кезеңдерін тәртіпке салып , реттеп
тұратын нәрсе –шығарманың композициясы.
Көркем туындыны толық оқымай, мазмұның жетік меңгермей тұрып,оны талдау
мүмкін емес.Әңгіме, мысал сияқты шағын жанрларды барлық көркем
компоненттерін қосып талдау роман,эпопеяларға қарағанда әрі қолайлы ,әрі
жеңіл болады . Әңгіме мен мысалды талдауда мұғалімнің олардың көркем
табиғатын таныту ,барлық бітім болмысын сөз етуге мүмкіндігі мол. Ал,
роман ,эпопея, повестерді бағдарламада көрсетiлген аздаған сағаттарда
толық дәрежесінде талдау мүмкін емес .Сондықтан, осындай көлемді
шығармаларды оқыту үшін ,мұғалім айырықша еңбектенеді .Оқушылар
роман,повестерді оқи отырып ,автормен кезігеді,онымен іштей сырласады
,олар авторды да, оның туындыларын да ,өз пікірі, эмоциясы, дүниетанымы
арқылы қабылдайды , ал мұғалім-нiн мақсаты - сол алғашқы ,өзіңдік
қабылдауларды ғылыми негізге бағыттау,дұрыс бағыт – бағдар беру болып
табылады.Көлемді шығармаларды талдауда да мұғалім көркем мәтінмен жұмысқа
ерекше ден қоюы керек . Әрі шығарманың мазмұны мен формасының бірлігін
сақтай отырып ,тұтастай қарастыруды ойластырғаны жөн. Эпикалық
шығармаларды талдау әр буында өзіңдік ерекшеліктермен даралана талданады
.Мысалы : бастауыш буында (5-7) сюжеті ,композициясы , кейіпкерлеріне
назар аударылса ,8-9 сыныптарда ол тереңдей түседі , авторлық тұрғыда
,оның негізінде жатқан проблематикаға көңіл бөлінеді, ал жоғары
сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау,әдеби
теориялық негізде тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс.
Эпикалық шығармаларды оқытуда ,талдауда міндетті түрде мына мәселелер
басшылыққа алынады :
1. Көркем шығарманың сюжеті,көтерген тақырыбы , мәселелері .
2. Көркем образдары
3. Автор –көркем туындыны жасаушы ,көркем туындыны жазушы.Автор және
көркем туынды .
Шығармадағы оқиғалар бір-бірінен туындап жатады ,жалғасып жатады ,
оқиғаның басталуы ,дамуы ,шарыќтау шегі,шешімдері бар.Олардың барлығы
оқиға құрылысына жатады .Талдауда ең алдымен оқиға,композиция назарға
алынады .Солар арқылы кейіпкерлер іс-әрекеті, характері ашылады ,шығарма
негізінде авторлық ой да көрінеді. Талдаудың бұл түрінде мұғалімең басты
эпизодтар, оқиғаларға көңіл бөледі,оқушыларға мазмұндатады ,мәнерлеп оқи
отырып,әрі түсіндірмелі әдіспен өзіндегі ой ,жазушы позициясы ,тақырып
беріледі.Оқушы әр кейіпкер негізінде үлкен бір ой жататының білуі керек
.Образға талдау әр буында ,әр жағынан қарастырылады .Мысалы 5-6 сыныптар
оқушылары әдеби кейіпкерден гөрі ,кейіпкерлерді сол қалпында өмірде
болған адам деп қабылдайды .Ал сынып жоғарылаған сайын ,олардың әдеби
кейіпкер туралы түсінігі қалыптасады ,оларға сын көзбен қарауы , олардың
негізінде жатқан авторлық ойға көз жүгіртулері басталады. Мұғалімде
кейіпкер іс-әрекетін түсіндіру үшін ,әр –түрлі сұрақтар қояды.Бір
кейіпкер мен екінші кейіпкерді салыстыру жұмыстарын жүргізеді ,әр
кейіпкерге деген автор көзқарасын ,қарым-қатынасын анықтау мақсатында
әдіс-тәсілдер пайдаланады .Мысалы :М. Әуезовтың Қараш-қараш оқиғасы
атты әңгімесіндегі кейіпкерлер.Сәлмен мен Жарасбайдың қайсысы қатал,
әділетсіз,ұнамсыз? Бақтыѓ±л жайында не айтар едің ? Тәрізді сұрақтар
төменгі буындағы оқушыларды образ табиғатын түсінуге ,өз пікірлерін
айта білуге жетелейді. Жоғарғы сыныптарда көлемді эпикалық шығармалар
оқытылады.Ескертіп жеткеніміздей роман,эпопеяларды толық талдап біту
мүмкін емес,сондықтан ең негізгісі кейіпкерлерді,олардың іс-әрекеті,
шығармадағы орны,авторлық ойға байланысты әдіс-тәсілдерінен саналады
.Мысалы : М. Әуезовтың Абай жолы эпопеясын оқыту. Мектепте 4 томдық
эпопеяны оқытудың ерекше маңызды,әрі қиын мәселе екендігі түсінікті
.Ең алдымен ,эпопеяның:өзің оқытуды ұйымдастыра білу керек .10 сыныпта
Абай Құнанбаев шығармашылығын талдау кездерін пайдалануды ойластырған
жөн .Кітап оқу кезіңде тұжырымды түрде аннотациялар жазып отыруды
тапсыру керек .
Эпопеяны қалай талдау керек ,оған неше сағат бөлу керек ,бүгінгі оқыту
талабы бойынша қандай сабақ түрлерін пайдаланған жөн ? Оны төмендегі
кестеден көруге болады:

Сабақ реті Тақырыбы Сабақтың түрлері
І сабақ . Қазақтың ұлы ақыны Баспасөз сабағы
(эпопеяның жазылу тарихы ) (пресс-конференция )
ІІ сабақ. Шыңға шыққан жас
шынар(Абай бейнесі І-ІІтом)
ІІІ сабақ Атаның емес,Адамнвњ ұлымын Проблемалық оқытуға
(Абай бейнесі ІІІ-ІҮ) негізделген практикалық
сабақтар.
ІҮ сабақ. Адамның емес,Ата ұлдары Іздендіру,зерттеу
(Құнанбайлар әлемі) бағытында монолог, диалог
сабақтар. Әдеби пікірталас
Ү сабақ Атасының қорлығына Пікір қорғау сабақтары
қосқандар...(Дәркембайлар немесе реферат қорғау
бейнесі ) сабағы ретінде өткізуге
болады.
ҮІ сабақ Жарқ етпес қара көңілім... Әдеби – композициялық
(әйелдер бейнесі) сабақ.
ҮІІ сабақ ...Гүлдерім,дәндерімнен ұрпақСеминар сабақ
–нәсіл қалар ма?(Жастар
бейнесі)
ҮІІІ сабақ Өмірге көзімді ашқан Ұлылар мінбері сабағы .
(Абайдың орыс достарының Интеграциялық оқытуға
бейнесі). негізделген.

Эпикалық шығармалардың тағы бір ерекшелігі олар тек қана қарасөз
түрінде емес,сонымен бірге өлең түрінде де жазылады . Ауыз әдебиетінен
бізге жеткен көптеген батырлық ,ғашықтық жырлар лиро-эпостық жанр
түрінде жазылған .Лиро –эпостық жырлар-ауыз әдебиетінің маңызды да
күрделі жанры . Оның оқытудағы қиындығы -ұзақтығы,тілінің бүгінгі
балалар үшін ауырлығы,поэтикалық ерекшелігінде ,жырды оқытуда мұғалім
мына мәселелерге көңіл бөлуі керек .

Кіріспе жұмыстар

- Лирико-эпостық жырлар туралы алғашқы әдеби теориялық ұғым беру.
- Жырдағы халық арманы,оның негізінде халық тарихының жататыны.
- Махаббат, достық мәселелері
- Адамгершілік, имандылық,мейірімділік ,бұларға қарсы жауыздық , дүлей күш
,сараңдық,қатыгездіктің көрінуі.
Мазмұның меңгерту бағытындағы жұмыстар.
Жырдың сюжеттік –композициялық жоспарын жасап,үлестірме қағаздарға
жазып ,не болмаса көрнекті етіп жазып қою .
Мысалы : Қозы Көрпеш –Баян сұлу жырын оқыту.
Үлгі:
- Қарабай мен Сарыбайдың аңда кездесуі
- Достасу құдалық
- Қарабайдың өтініші
- Сарыбайдың қылмысқа баруы . Алланың жазасы..
- Үрей,қорқыныш,Қарабайдың өз елінен үдере көшуі.
- Қодар мен Қарабай.Қараниет Достық
- Қозы мен Баян. Сәулелі махаббат.
Ұзақ жырға ,әрі оқиғалары да күрделі жырға осындай жоспар құру
балалардың жырдағы басты оқиғаларды тез қабылдауы,аңғаруы әрі сол
бойынша мазмұның жүйелі түрде тұжырымды етіп айтып беруіне көмек-нұсқау
рөлін атқарады .
Жырды оқып талдау барысында төмендегідей жұмыстар істеуге болады:
1. Жырды күйтабақтан тыңдатып жырдың оқылу мәнерімен таныстыру.
1. Жырды мәнерлеп оқу.Басты-басты эпизодтарға бөліп оқып ,ізінше
мазмұндатып отыру. Мазмұндауды сұрақ-жауап әдісімен жүргізу, басты
оқиғаларын айтқызу. Аннотация жаздыру.
1. Басты эпизодтар Талдау сұрақтары:
Жырда Қарабай сипатталған қандай
іс-әрекетімен көрінеді?
Оның жауыздығын қалай дәлелдер едіңдер?
Жауыздыққа апарған не нәрсе деп
ойлайсындар ?
2. Қодар мен Қарабай Қодарға қандай мінездеме берер едіңдер?
Оның Қарабайға ұқсастығы мен
айырмашылығын саралаңдар?
Олардың жауыздығын ,достығын қалай
түсінесіңдер?
3. Қозы мен Баян Махаббат ,сүйіспеншілік мәселелері туралы
пікірлесіңдер .
Қодар-Баян,Қозы-Баян арасындағы
қарым-қатынасы,махаббат мәселесі
айналасында ойланыңдар .
Өздеріңше кім мықты ,кім батыр - Қозы ма
,әлде Қодар ма ?Ойларыңды жырдан үзінді
ала отырып дәлелдеңдер.
Қозы Қодарды неге өлтірді?Қозы Қодарды
өлтіруі арқылы өз махаббатын қорғап қала
алды ма?
Егер сен ақын,жырау болсаң,Қозы мен Баян
тағдырын қалай аяқтар едің ? Себебін
дәлелді түрде жеткіз.

3.Жырды оқып біткен соң ,мазмұның толық айтқызу. Мазмұндаулары
жүйелі болу үшін жауаптарының тезисін,жоспарын жасатқызу.
4. Мазмұндау кезінде бір-бірін толықтырып отыру,ойын дәлелді түрде
жеткізуді талап ету.Ол үшін жырдан үзінді келтіре отырып айтуға болуы.
5.Оқушылардың танымдық ізденісін жетілдіру мақсатында төмендегідей
жұмыстар жүргізу :
1. Портреттеу,суреттеулерді тапқызу.Оның кейіпкерлер іс-әрекетін ашудағы
маңызын саралау.
2. Асыра,әсірелей суреттелінетін оқиғаларға көңіл болу.
3. Теңеулер,эпитеттер,метафоралар,алли терация,ассонанстарды,өздеріне ұнаған
айшықты сөздерді тапқызу,жырдағы маңызын ашу.
4. Сөздік жұмыстарын жүргізу.Бұл жұмыстарда түсіндірмелі сөздіктер ,
мұғалімнің көмегі ерекше керек .Оқушылардың осындай күрделі
шығармаларды меңгеруін жеңілдету әрі таным-белсенділігін арттыру
мақсатында әр түрлі көрнекіліктерді пайдаланудың орны ерекше . Мысалы
:Ғ.Мүсіреповтің Қозы Көрпеш-Баян сұлу трагедиясы жазылған
күйтабақтардан үзінді тыңдату,әртістер ойынан фотомонтаж,жыр туралы ұлы
адамдар пікірі бойынша таблицалар жазып пайдаланудың тиімділігі
ерекше болмақ.

2.2. Эпикалық шығармаларды оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері.
Енді эпикалық шығармаларды оқытудың тиімді әдіс-тәслдеріне
көшейік.Курстық жұмыстың басында айтып кеткендей эпикалық шығармалар үш
түрге бөлінген .Осы үш түрдің ішінде шағын көлемді эпикалық
шығармалардан бастағым келіп отыр .Себебі ,шағын көлемді эпикалық
шығармаларға жататын мысал ,әңгіме ,ертегі ,аңыз көркем әдебиетте көп
кездеседі және орта буынды сыныптарда жүргізіледі .
Мысал –эпикалық шығармалардың бір түрі.5 сыныпта мысал өлеңдер
біршама жинақталып ,жанры бойынша топталып беріліп отыр . Оларды оқып
үйрену барысында мына мәселелерге көңіл бөлген жөн:
- қазақ әдебиетінде мысалдың жанр ретінде қалыптасуы Ыбырай,
Абай,Шәкәрім ,Ахмет есімдерімен байланыстылығы ;дәстүр
жалғастығы ,қазақ мысалшылары қатарының өскендігі .
- мысалдарда қоғамда, жеке адамдар бойында бой көрсетіп қалатын
кемшіліктерді ,жағымсыз, жат әрекеттер мен жайсыз мінез –
қылықтарды көрсету , оларды сынап- мінеу , жаулап -әшкерлеу ,
зияндылығын байқату ,соларға көпшілік назарын аударту басты назар
болатындығы .
- мысалдарда ой-пікір астарлы берілетіндігі , олардағы басты кейіпкерлер
табиғат,жан-жануарлар дүниесі болып келгенімен діттеп отрығаны –адам
,адамдар қарым-қатынасы,олардың іс-әрекеті,ойлары екендігі.
- Мысалдарды оқытудағы басты педагогикалық талап оқушылардың өмірлік
тәжірибесін байыту адамгершілікке, азаматтыққа,парасаттылыққа жатпайтын
мінез-қылықтардан сақтандыру ,жауыздық пен парықсыздықтан, жалқаулық пен
тоғышарлықтан ,көрсеқызарлық пен менменсуден т.б. бойын аулақ ұстауға
үйрету ,адамгершілік,ізгілік, инабаттылық, өнегелікке тәрбиелеу.
- Мысалдарды оқыту арқылы пәннің-өзіңдік білім беру ,біліктілерді
қалыптастыру оқырмандық тәжірибені дамыту сияқты міндет –мақсаттарыда
болатындығын білу қажет.Олар мысалдың көркем шығарма ретінде тақырыбын
,түпкі айтайын деген ойын ,ол ойды өрнектеген тіл кестесін
,сюжет,композиция элементтерін,кейіпкер суреттемесін,мінездемесін,образды
танудағы кейіпкер монолог , диалогтарының мәнің автор тілі мен
кейіпкерлер тілін таныту төңірегіндегі біліктерін дамыту ,сөздік қорын
байыту .
- Мысал жанрында қалам тартқан қазақ ақын – жазушыларының шығармашылық
жолымен таныстыра отырып ,оқыған мысал өлеңдері негізінде оқушылардың
текстпен жұмыс істеу білік,дағдыларын қалыптастырып ,әдеби білімін
дамытуды да көздейді .
Осылар сияқты басты мәселелерді мұғалім белгілеп алған соң енді жеке
мысал үлгілерін оқып үйренуге кірісуі нәтижелі болады .
Мысал өлеңінің түпкі төркіні ескі грек әдебиетінің белгілі шебері
Эзоптан,бертін келе француз мысалшысы Лафонтеннен басталады .
Эзоп,Лафонтен шығармаларына арқа сүйе отырып ,оны орыс тілінде сөйлетуші ,
әрі дамытып өрістетуші И.П. Крылов .Крыловтың мысал өлеңдері қазақ ақын
жазушыларының назарына ерте ілікті . Оның жекелеген мысалдарын өткен
ғасырдың өзіне- ақ қазақ әдебиетнің классик жазушылары Ы.Алтынсарин
,Абай қазақ тілінде тамаша сөйлей білді . Бұл дәстүрді әрі жалғастырған
қазақтың айтулы азаматы ,ақын, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов
.Сонау 1909 жылдың өзінде Петербург қаласында А. Байтұрсынов ,И.Крылов
мысалдары үлгісінде өзінің мысалдарын жазып Қырық мысал деген атпен
жеке кітап етіп басып шығарды .А. Байтұрсыновты Өгіз бен бақа мысал
бойынша төмендегідей сұрақтар қойып , оларға оқушылардаң тиянақты жауап
алуға ,мысалдың ғибраттық ,тәлім –тәрбиелік мәніне баса назар аударға
болады .
1. Мысалда қандай мінезді адамдар сыналады және ол өлеңнің
қай жолдарында суреттелген ?
2. Өгізді көргенде бақа не істейді,оның көзіне өгіз қандай болып
көрінеді?
3. Батылдығы жоқ бақаны әлекке салған қандай сезім?
1. Қызғаныш пен ерегіске,бақастыққа бой алдырғанбақа қандай күйге
душар болды?
2. Жазушының Таласпа жаным –ай ;қолыңнан келмеске,Боларсың бақадай көп
түссең егеске -деген түйіндеуі қандай мінезді адамдарға арналған.
Осы сұрақтарға орынды жауап алудың нәтижесінде оқушыларға мысалдың
кіріспе бөлімінен (автор сөзінен ) өгіздің бұлаққа баруы,бақаның бақастық
жасауы,оның серіктерінің төрелік жасауы, бөртінген бақаның күшейе
,өршелене түсуі, бақаның егестенуден тапқан залалы қорытынды ,түйіндеуден
тәрізді желілі оқиғадан тұратындығын аңғарту ,жоспар құрғызу ,оның
бөлімдеріне тақырып беру тәрізді жұмыстарды орындату мүмкіндігі
ескерілуі тиіс.
Мысал автор сөзінен ,бақа мен оның серіктерінің төл сөздерінен
тұрады.Онда бақаның жағымсыз іс-әрекеттері (күшенді,бөртінді,
қампиді,ісінді ,кіжінді,ықылық атты етістіктер) арқылы берілген.Олардың
кейінгілерінде алғашқымен салыстырғанда үстемелі мән-мағына бар,ол
бірден бірге ұлғая келіп:Шытырман жарылды,әлді сөздерімен
тамамдалады.Бақаның мүшкіл қалын жазушы:қорқып , тарбақтап,,қашып , зәресі
ұшып- деп суреттей отырып ,оны мақтаншақтық төресі деп көрсетеді .Осы бір
кереғар сурет арқылы көрінген автордың мысқыл-мазағы,мысалдағы сөздік
жұмысының басты объектісі болған жөн.
Ахмет Байтұрсынұлы аудармаларын,мысалдарын талдаған сабақтың сонында
, ал мысалдарды аударғанда ,жалпы мазмұның сақтай отырып , оны қара өлең
турінде баяндайтындығы ; шығарманың өзегін өзгерпесе де ара- арасында өз
сөзін қосып , көлемін өсіріп отыратындығы ; мысалдарының қазақ қауымының
шындығына келетіндігі ;Абай аударған мысалдарды Ахметтің де
аударғандығы ,сөйте тұра екі ақынның өлең стилі ,сөз мәнерінің бөлектігі
,қазақ әдебиетінде мысал өлеңді жаңа жанр ретінде қалыптастырудағы ,оны
қазақ ұғымына етендестіру екі ақыннынң алатын орын сияқты азды –көпті
мәлімет бере кету абзал.
Шағын көлемді эпикалық шығарманың тағы бір түрі – ертегілер.
Ертегілердің мәтіні үйде және сыныпта оқылады .Мұнда мәтіннің мазмұн
тұтастығы сақталады .Сонда ғана оның оқушыға әсері болады.Көлемді
ертегілерді бөлімдерге бөліп, оған оқушылармен бірлесе отырып
тақырып қою керек . Мұғалім сабағын жоспарлағанда да сол тақырыптар
бойынша жоспарласа оқушыларға көркем шығарманы қабылдау жеңіл
болады,жоспарда мәтін бойынша орындалатын іс –әрекетер түрлері
белгіленеді және мұғалім оған қосымша сұрақтарымен,тапсырмаларымен
оқушыларды таныстырып отырады . Мұғалімнің сабақ жоспары сабақтың картасы
іспеттес .Онда нақты орындалатын іс-шаралар ғана болу керек.Басы артық,
тақырыптан ауытқып,баланы адастырып іс -әрекеттін болмағаны жақсы .Жалпы ,
әдебиет сабағының мәйегі:
1. мұғалімнің сөзі ,түсіндіруі,баяндауы,әдіскерлік шеберлігі.
2. Оқушыға берілген білімнің қайтарымын талап ету ;
3. Мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы.
Осы үш анық нәрсе болғанда сабақ мақсатына жетеді ,оқушылар әдебиетті
сүйетін болады.
Ертегідеген ғажап әлемге мұғалім оқушыны тартады .
- Ертегі тыңдамаған жер жүзінде адам жоқ шығар.Бұл адам баласымен бірге
жасап келе жатқан көркем дүние екен . Бір кездерде біздің ата-бабалармыз
қиялдап, Ұшқыш кілемді , Көлтауысар , Тыңшы, Желаяқ, бір-ақ сәтте
алыстан хабар алғызатын ділиатас, тез арада тамақ пісіретін сиқырлы
ағаш т.с.с. көптеген армандарынан оқиға құрап , ертегі деп айтқан .Ал
енді қарандаршы,балалар,бір кездегі қолжетпес қиял бүгінде шындыққа
айналған жоқ па ? -деп ,мұғалім оқушылардан ертегілерді қиялдың жүзеге
асқан түрін сұрайды (ұшақ,сусорғыш,телефон,радио,интерн ет т.б.)
Кіріспе сабақта Ертегі туралы ой қозғайық деген тақырыппен мұғалім
оқулықтағы және оқушылардың өздері білетін ертегілерін сұрап,өзара
пікір алысып ,ой түйіндерін айтқызады.
Мұғалім Ер Төстік пен Аяз би ертегісін оқушыларға алдын ала үйден
оқып келуді тапырады .Екі ертегінің жеке-жеке мазмұның айтып талдап
болған соң ,салыстыру арқылы эвристикалық әңгіме жүргізу әдісімен
талдайды .
Баланың неге көзі жетеді ?
Ер Төстік ертегісі қиялға , фантазияға құрылғаның біледі .Ондағы
оқиғалардың жер астында өтуі ,Көлтауысар,Таусоғар,Саққұлақ , Желаяқтар
адам қиялынан туған бейнелер екенің түсінеді. Ер Төстік ертегісінің
осы ерекшелігі оның суреттеу тәсілінен ақ , ертегінің басында Ер
Төстіктің бір күнде бір жасар ,екі күнде екі жасар баладай, одан кейін
алысқаның алып ұратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘДЕБИ ЖАНРЛАР АНЫҚТАМАСЫ
Эпикалық шығармаларды оқыту
Мысал жанрын оқыту
Әңгіме жанрын оқыту
Эпикалық шығарманың түрлері
Көркем шығарманы талдау жолдары
Батырлық ертегілердің құрылымдық ерекшелігі
Қазақтың ғашықтық жырлары
Әдеби жанрлар
Әдебиет теориясы ұғымдарының жалпы сипаттамасы
Пәндер