Хандықтардың құрылуы және шайқастары
Түркі тайпаларының діні, дәстүрлері
Монғолдардың Қазақстанға және Орта Азияға жасаған шабуылдары
Алтынорданың құрылуы. Қазақстан тарихындағы Ақ Орда мемлекетінің маңызы
Моғолстанның құрылуы
Ноғай ордасы мен өзбек хандығының құрылуы
Әбілқайыр хандығы
Қазақ хандығының құрылуы
Қасым ханның тұсындағы қазақ хандығы
«Қасым ханның қасқа жолы»
Хақ Назар кезіндегі қазақ хандығы
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басындағы қазақ хандықтары. Жеті жарғы
Қазақ халқының жоңғар шабуылына қарсы күресі.
1723.1725 ж.ж. «Ақтабан шұбырынды» жылдары
Бұланты.Білеуті шайқасы
Аңырақай шайқасы
Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіруі, жаулап алуы, отарлауы.
Абылайдың хандығы. Ішкі және сыртқы саясаты
Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
1801 ж. Бөкей хандығының құрылуы

VI-VIIІ ғасырлада халықтың діни түсініктері әртүрлі болған. Мал баққан көшпелілер арасында ата-баба аруақтарына табынушылықтың қалдықтары әлі де күшті болатын. Әрбір ру өзінің мифтік ру атасына табынып, оның атына құрбан шалып отыратын. Түрік қағандығының халқы аспандағы жарық денеге сиынып, күнге, айға, жұлдыздарға табынды. Көктің күші найзағайда, отта деп білді; күн күркірегенде ерекше бір ырымдар жасады; жасыл түскен жерге құрбан шалып, оны от жағып, қымыз құйып тазалады. Мал өсірушілер су мен жер (йер-суб) аруақтарына және ұрпақ қамқоршысы - ру анасына да (умай) табынған. Ертедегі орта ғасырда мәжуелік дінімен (шаманизм, зороастризм) қатар Қазақстанда буддизм, несториандық және ислам сияқты басқа діндер де болды. Буддизм Қазақстанға Қытайдан келді. Оны 572 жылы түрік қағаны Тобо-хан ресми түрде қабылдап, өзіне тәуелді тайпалардың арасына белсене таратты.Буддизм Жетісу мен Алтайдағы ұйғырлардың, түргеш, арғу тайпаларының арасына да тарады. Ислам діні Оңтүстік Қазақстанға VIII ғасырда-ақ ене бастады. Араб жаулаушылары өздерінің дінін қару күшімен енгізді, ол дінге кірмегендерді қатаң жазалады. Х ғасырда ислам діні Жетісуға, ал одан кейін Орталық Қазақстанға енді. Исламды таратуға әсіресе қараханидтер жігерлене кірісіп, оны мемлекеттік дінге айналдырды. Олар мешіт, медресе, ханака салу істерін көтермелеп отырды.
Түркі тайпаларының діні, дәстүрлері:
VI-VIIІ ғасырлада халықтың діни түсініктері әртүрлі болған. Мал баққан
көшпелілер арасында ата-баба аруақтарына табынушылықтың қалдықтары әлі де
күшті болатын. Әрбір ру өзінің мифтік ру атасына табынып, оның атына құрбан
шалып отыратын. Түрік қағандығының халқы аспандағы жарық денеге сиынып,
күнге, айға, жұлдыздарға табынды. Көктің күші найзағайда, отта деп білді;
күн күркірегенде ерекше бір ырымдар жасады; жасыл түскен жерге құрбан
шалып, оны от жағып, қымыз құйып тазалады. Мал өсірушілер су мен жер (йер-
суб) аруақтарына және ұрпақ қамқоршысы - ру анасына да (умай) табынған.
Ертедегі орта ғасырда мәжуелік дінімен (шаманизм, зороастризм) қатар
Қазақстанда буддизм, несториандық және ислам сияқты басқа діндер де болды.
Буддизм Қазақстанға Қытайдан келді. Оны 572 жылы түрік қағаны Тобо-хан
ресми түрде қабылдап, өзіне тәуелді тайпалардың арасына белсене
таратты.Буддизм Жетісу мен Алтайдағы ұйғырлардың, түргеш, арғу тайпаларының
арасына да тарады. Ислам діні Оңтүстік Қазақстанға VIII ғасырда-ақ ене
бастады. Араб жаулаушылары өздерінің дінін қару күшімен енгізді, ол дінге
кірмегендерді қатаң жазалады. Х ғасырда ислам діні Жетісуға, ал одан кейін
Орталық Қазақстанға енді. Исламды таратуға әсіресе қараханидтер жігерлене
кірісіп, оны мемлекеттік дінге айналдырды. Олар мешіт, медресе, ханака салу
істерін көтермелеп отырды.
Монғолдардың Қазақстанға және Орта Азияға жасаған шабуылдары.
Шыңғысхан мемлекетінің күшеюіне Қытайға қарсы жасалған жорықтардың үлкен
әсері болды. Онда олар соғыс ісінің сол замандағы жоғары техникасымен
танысты. Бұл жағдай Шыңғысханның өз өз армиясын жақсылап қаруландыруына
және оның санын көбейтуіне мүмкіндік берді.
Қытайға жасаған жорығынан кейін Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорық
әзірледі. Бұл жорықты ол Жетісу арқылы жүргізуге ұйғарды, өйткені бұл арада
бай қалалар бар еді және мұнда найман ханы Күшлік билеп тұрған. Шыңғысхан
оны өз басының жауы деп білетін еді. Тарихи деректерге қарағанда Күшлік
олармен ұрыспай қашып кетеді. Сөйтіп 1219 жылы Күшлік хандығы құлайды.
Жолындағылардың бәрін жоя отырып, монғолдар Жетісу арқылы өтеді. Көптеген
қалалар мен отырықшы егінші қоныстар талқандалып, өртеледі, көп адам
қырылады немесе құлдыққа айналдырылады.
Жетісуды жаулап алғаннан кейін шыңғысханның Мавераннахрға, бұл күнде бүкіл
Орта Азияны дерлік билеп отырған Хорезм мемлекеті жеріне өтуіне жол ашылды.
Монғолдардың Мавераннахрға шабуыл жасауына сылтау болған хорезмшахтың уәкіл-
әкімі Инальчиктің1218 жылы Отырар қаласында монғолдардың үлкен бір саудалық-
елшілік керуенін қырып тастағандығы еді. 1219 жылдың күзінде Шыңғысхан
орасан зор армияны бастап Мавераннахрға аттанды. 1219 жылы Шыңғысхан Отырар
қаласына келіп, оны қоршауға ала бастады. Отырар қорғанысы Қазақстан мен
Орта Азия халқының монғол жаулаушыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің
айқын көрінісі болып табылады. Шыңғысханның қарамағында қамал бұзатын
техникасы, жанып кететін мұнайлы күбішектер ататын машиналары болса да
монғолдар бұл қаланы алты ай бойы ала алмады. Кейбір әскербасыларының
опасыздық жасауы Отырар қаласының құлауын тездетті. Отырарды басып алып,
монғолдар оны әбден талады, оның халқын айуандықпен қырып салды.
Шыңғысханның баласы Жошы бірнеше түменмен Сауран, Дженд, Баршылығкент
қалаларын жаулап алуға аттанған екен. Жошы әскерінің жолындағы бірінші қала
Сығынақ қаласы еді. Мұндағы шабуыл жеті күнге созылады. Көп ұзамай Сығынақ
құлайды, Узгент, Баршылығкент қалалары да алынады. Сырдария қалалары
халқының қарсыласуын жеңгеннен кейін ғана Шыңғысханның әскерлері Орта
Азияның ішіне баса көктеп ене алды. Монғол жаулаушыларына Орта Азияның ең
ірі қалалары Бұхар мен Самарқандтың халқы да табанды қарсылық көрсетті.
Сонымен, 1219-1221 жылдардағы шапқыншылықтың нәтижесінде Қазақстан мен Орта
Азияны монғолдар жаулап алды да, бұлар Шыңғысхан империясының құрамына
енді. Шыңғысханның жаулап алған байтақ жері түгелімен оның балаларына бөліп
берілді.
Алтынорданың құрылуы. Қазақстан тарихындағы Ақ Орда мемлекетінің маңызы.
Шыңғысхан өлгеннен кейін (1227) оның мирасқорлары қанқұйлы шапқыншылық
саясатын жүргізе берді. Европаға жорық жасау мақсатымен құрылған армияны
Жошы баласы - Батый бастайтын болды. Батыйдың самсаған әскері Камадағы
Булгарияны, мордваларды талқандап шығып, 1237-1240 жылдары орыс жерлеріне
келіп шүйлікті. Рязань, Москва, Владимир түбінде монғол басқыншыларына
қарсы кескілескен ұрыстар болды. 1239 жылдың басында монғол әскерлері
Волганың сыртынан келіп, орыс жерінде екінші жорыққа аттанды. Ұрыс салып
монғолдар Переяславль қаласын алды, онан кейін Чернигов жеріндегі Глух
қаласы құлады, ал 1239 жылғы октябрьде Чернигов қоршауға алынды, табан
тірескен күрестен кейін монғолдар мұны да алып,... өртеп, адамдарын
қырғынға ұшыратты. 1240 жылы күзде Батый әскері келіп Киевті қамады. Аса
бай мәдениет ескерткіштері бар ертеден келе жатқан қала варварлықпен
талқандалды.
Монғолдардың билігіне байтақ жер тиді.Орыс князьдіктері де Батыйға
вассальдық тәуелділікте болды. Міне осы мемлекет шығыс деректемелерінде
Көкорда, ал орыс жылнамаларында - Алтынорда деп аталды. Алғашында
АлтынордаМонғолия империясына оның бір ұлысы ретінде енген, ал ХІІІ
ғасырдың 60-шы жылдарынан кейін ол дербес хандық болып бөлінді.
Алтынорданың орталығы Волганың аяғында, Батый салдырған Сарай қаласында
(қазіргі Астраханьның төңірегінде) болды. Кейінірек Алтынорданың астанасы
Ахтуба өзеніне (қазіргі Сталинградтың қасына таман) көшірілді. Жергілікті
феодалдар мен хан әулетінің мүшелері - Шыңғыс тұқымдары, әртүрлі ұлыстардың
билеушілері саяси дербестікке ұмтылды. ХІІІ ғасырда Алтынордадан бірте-
бірте Хорезм, Қырым, Волга Булгариясы бөлініп шықты. Алтынорданың феодалдық
ыдырау процесінде Қазақстан жерінде Ақорда деп аталған жаңа мемлекет
құрылды. Ясы, Сауран, Сығынақ, Жаңакент т.б. қалалар Ақорданың жерінде
болды. Ақорданың астанасы - Сығынақ қаласы. Деректемелерде Ақорданың
көшпелі халқы өзбек-қазақ деп аталған. Ақорданың алғашқы ханы Сасы-Бұқа
сұлтан болды, кейін оның баласы Ерзен хан болды. Осы кезде Сырдария
бойындағы кейбір қалалар, егіншілік ошақтары қалпына келтіріліп, қолөнер
дами бастады. Ақорда хандары қалаларға қамқоршылық етіп, сауданың дамуына
көмектесті.
Моғолстанның құрылуы
XIV ғасырда Шағатай ұлысында да феодалдық өзара тартыстар болды. 1306
жылдан 1370 жылға дейін мұнда 20 хан ауысты. Ұлыстың байтақ жері көршілес
хандардың жиі жасаған шабуылына ұшырады. Елдің экономикасы біршама
ойсырады.Монғолдар талқандап кеткен Жетісу қалаларының көбі қалпына
келтірілмеді. Шағатай ұлысындағы өзара тартыстар шаруашылық бүліншілігін
күшейте түсті. Соғдымен, Қытаймен арадағы сауда тоқтап қалды.
Жергілікті феодалдыық шонжарлар арасынаншыққан эмирлер билейтін иеліктер
бөліне бастады. Солардың бірі Дулат руынан шыққан, Ыстықкөл мен Қошар және
Қашқар қалаларының арасында тұратын халықты билейтін, Пуладшы еді. Ол
Шағатай ұрпағының қоластынан шығуға бел байлады.Өзін хан деп жариялауға
батылы бармай (дәстүр бойынша Шыңғысхан тұқымы ғана хан бола алатын)
Тоғылық-Темір сұлтанды хан деп жариялады. Сөйтіп Шағатай ұлысының оңтүстік
бөлігінде Мағұлстан деп аталған хандық туды.
Тоғылық-Темір өз қарамағындағы жерін ұлғайтты. XIV ғасырдың 60-шы
жылдарында ол Мавераннахрдың едәуір бөлігін жаулап алды.
Ноғай ордасы мен өзбек хандығының құрылуы:
XV ғасырдың басында Ақорда бірсыпыра иеліктерге ыдырады; олардың ішіндегі
ең ірілері Ноғай ордасы мен Өзбек хандығы болды. Ноғай ордасы Орал мен
Волганың арасындағы далалыққа орналасты. Ноғайлар көбіне Волганың оң жағына
өтіп, солтүстік шығыста Тобылға дейін барып жүрді. Ноғай ордасындағы үстем
тайпа маңғыттар болды. Өзбек хандығы Ноғай ордасының шығысында болды. Ол
Сырдарияның төменгі бойы мен Арал теңізінен солтүстікте Жайыққа және
Тобылға дейінгі, ал солтүстік шығыста Ертіске дейінгі жерді алып жатты.
Ноғай мен Өзбек хандықтары халқының этникалық құрамы бірыңғай болды. Оның
құрамына жергілікті түрік тілдес тайпалармен сіңісіп кеткен кірме монғол
тайпаларының бір бөлігі кірген. Бұл хандықтардың жерінде қаңлылар,
қоңыраттар, карлуктар, наймандар, үйсіндер, арғындар, қытайлар, қыпшақтар
т.б. тұрды. Экономикасы мен мәдениетінің дәрежесі жағынан бұл тайпалар бір-
біріне өте жақын еді. Олардың негізгі кәсібі - көшпелі мал шаруашылығы.
Әбілқайыр хандығы
Өзбек хандығы XV ғасырдың 20-шы жылдарында құрылды. Бұл кезде Ақордада
феодалдық өзара тартыстар күшті болатын.1419 жылы Орыс ханның немересі
Барақ сұлтан Ұлықбектен көмек сұрайды. Ұлықбек Барақты қолдайды, сөйтіп
оның 1425 жылы хан болуына көмектеседі. Бірақ Барақ Ұлықбектің үмітін
ақтамады, көп ұзамай Сығанақ төңірегіндегі Ұлықбекке қарасты жерлердің
өзіне бағынуын талап етті. 1427 жылы Ұлықбек Бараққа қарсы аттанды. Бұл
жорық сәтті болмады.1428 жылы Барақты оның жаулары өлтіріп тастады. Сонан
өкімет билігі Шейбани тұқымы - Әбілқайыр сұлтанның қолына көшті. Әбілқайыр
Сырдариядан бастап Сибирь хандығына дейінгі байтақ жерді өзіне бағындырып
алды. XV ғасырдың 40 жылдарында Өзбек хандығының құрамына Сырдарияның
Сығынақ, Аққорған, Созақ қалаларын енгізіп алды. Қазақстанның көшпелі
аудандары мен Мавераннахрдың егінші аудандарының арасында жатқан ірі
қолөнер мен сауда орталықтарын билеу Өзбек хандығын күшейтті. Әбілқайыр
өзінің хандығында өкімет билігін 1428 жылдан 1468 жылға дейін - 40 жыл бойы
өз қолынан шығармады. 1468 жылы Әбілқайыр хан өлді.
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ халқының тұңғыш мемлекеттік құрылымы (шамамен 1456-1847). Астаналары
әр түрлі кезеңдерде Сарайшық, Сығанақ, Түркістан, Созақ т.б. қалалар болды.
Қазақ хандығы XIV-XV ғасырларда Алтын Орда әлсірегеннен кейін, Дешті
Қыпшақта Ақ Орда, Ноғай ордасы бөлініп шығып, өз мемлекеттерін құрды.
Қазақстанның оңтүстігінде жер өңдеудің қайта қалпына келуі, қалалар
өркендеп, онда қолөнердің қайта жандануы көшпелі, жартылай көшпелі Оңтүстік
Қазақстан даласы мен Жетісудың Оңтүстік Қазақстанның отырықшы диқандарымен
шаруашылық байланысының дамуы - бұл кезеңнің этникалық бірлесу бағытына,
тілі, рухани мәдениеті, шығу тегі бір этникалық топтардың бауырласуына,
ақыры қазақ халқының құрылуына ықпал етті. XV ғасырдың орта шенінде тұрақты
біртұтас мемлекеттің қажет екені айқын сезілді. Осындай мемлекет қана
Қазақстанды мекендеген ұлыстар жерінің шаруашылығының біртұтастығын сақтай
алатын еді. Мұндай жағдайға ең әуелі қазақтың қалың бұқарасы - көшпелі
малшылар мен дихандар мүдделі болды. Бұлар өзара қырқысқан қақтығыс пен
соғыстардан қатты жапа шекті. Оларды қорғайтын күшті мемлекет қажет болды.
XV ғасырдың 50-60 жылдарында Оңтүстік және Оңтүстік Қазақстанды мекендеген
қазақтың кейбір ру-тайпаларының Әбілхайыр қол астынан бөлініп, Батыс
Жетісуға қоныс аударуы осындай мемлекеттің - Қазақ хандығының құрылуына
тікелей ұйтқы болды. Әбілхайырдың қарсыластарын Орыс ханның шөбересі , Ақ
Орданың билеушісі Барақ ханның баласы Жәнібек пен оның туысы Керей
сұлтандар бастап келді. Олар Моғолстан ханы Есенбұғамен одақ құрды. 1462
жылы Есенбұға дүние салғаннан кейін Моғолстандағы билік дағдарысы қазақ
сұлтандарына Жетісу жерінде жеке саяси бірлестік құруға жағдай туғызды.
Қазақ хандарының ешкімге тәуелсіз билік құра бастаған кезеңі 1465-66
жылдар. Қазақ хандығы алғаш Батыс Жетісуда (Шу, Талас ойпаты) құрылды.
Қасым ханның тұсындағы қазақ хандығы
XVI ғасырдың басында Мұрындық ханның тұсында қазақ далаларында Жәнібек
ханның баласы Қасым сұлтан көзге түсті. Ол хан болып, бүкіл Жетісу соның
қол астында болды. Мұрындық қайтыс болғаннан кейін Қасым хан бүкіл Дешті-
Қыпшақтың ханына айналды. Оның хандығының нығаюына онымен көршілес отырған
Ноғай ордасының әлсіреуі себепкер болды. Қасымның ел билеп тұрған кезінде
Шейбани тұқымдары мен қазақ сұлтандарының арасында соғыс бола берді, күрес
көбіне Сырдария қалаларына ие болу үшін болды. Қазақ хандары мен Шейбани
әулеттерінің күресі бейбіт қалалар мен селениелерге тонаушылық шапқындар
жасалуымен қатар жүріп отырды, бұлардың халқын жаңа ауыртпалықтар мен
күйзеліске душар етіп отырды. 1510 жылдың қысында Шайбани хан әскеріҰлытау
бөктерінде отырған Қасым хан ұлысына шабуыл жасады. Оларға күшті тойтарыс
бере алмайтынын түсінген Қасым хан шегініп кетті де, тұтқиылдан шабуыл
жасап, дұшпанын тас-талқан етті. Моғолстан ханы Сұлтан Сайд Ташкентке
бірлесіп жорық жасауды ұсынды. Қасым хан бұл соғыстан бас тартты.1515 жылы
Сұлтан Сайд Шығыс Түркістанға кеткен соң қазақ хандығының Жетісудағы билігі
нығая түсті. Хандықтың шекарасы кеңіді. Қазақ хандығының орыс мемлекетімен
елшілік байланысы басталды. Қасым хан билігінің соңғы жылдарында қазақ
билеушілері мен шайбанилердің өзара қатынастары шиеленіскен қалпында қала
берді. 1516-17 жылдары Шайбани әулетінің сұлтандары күш біріктіріп,
қазақтарға қарсы жорыққа шықты.
Қазақтардың Қасым ханның қасқа жолы дейтін белгілі заңдары Қасым хан 1518
жылы өлген.
Қасым ханның қасқа жолы - қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық
заң ережелерінің жинағы. Қасым хандық құрған кезде ел басқару ісінде
қолданылған. Қасым хан өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының этникалық
аумағын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеді.Шариғат
қағидасын мығым ұстанған отырықшы аудандар да Қасым ханның қол астына өткен
соң, әдет-ғұрыпқа сүйенген қазылық биліктерге жүгіне бастады. Қасым хан өз
заңында Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін
сақтады. Мыс., жеті атаға дейін үйленбеу, әмеңгерлік, құдалық жол-жоралар,
қазылық билік т.б. Ол халықтың көкейінен шыққан әрі ежелден келе жатқан
билік дәстүрді, әдет-ғұрыптық жарғыны жаңғыртып, күшейтті. Бұл заңға
енген ережелер: 1) мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы); 2) қылмыс заңы
(кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу); 3) әскери заң (аламан
міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат); 4) елшілік
жоралары (майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік,
ибалылық); 5) жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі
ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері,жасауыл, бекеуіл, тұтқауыл міндеттері).
Бұл жарғы халық арасында ілтипатпен Қасым ханның қасқа жолы деп аталып
кетті. Қасқа жолдың қағидалары өзгерусіз XVII ғасырға жетіп, Есім хандық
құрған тұста (1598-1645) Есім ханның ескі жолы деген жаңа атқа ие болды
Тәуке ханның тұсында (1680-1708) бұл заң әлі де шариғат қағидасымен
боялмай, ежелгі билер жасаған қалпын жақсы сақтады.
Хақ Назар кезіндегі қазақ хандығы
XVI ғасырдың50-70-ші жылдарында Қасымның баласы Хақназар (1538-1580) өзінің
өкімет билігін күшейтіп, өз иеліктерінің шегін кеңейтуге әрекет етті. Бұл
кезде Ноғай ордасында феодалдардың екі тобының арасында қатты күрес болды:
бұлардың бір тобы Россияның қол астына кіруді тіледі, екінші тобы көшпелі
қазақ ұлыстарына бой ұрды. Осыны пайдаланып Хақназар олардың көбісін өз
жағына шығарып алды. Хақназар Моғолстан хандарымен де ұзақ қантөгіс соғыс
жүргізді, бірақ бұл соғыс жеңіліспен тынды. 50-шы жылдардың аяғында
Хақназар Сырдарияның бойындағы сауда-қолөнері орталықтарын өзіне бекітіп
алуға және Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға
тырысты. 60-70-ші жылдары қазақтардың Орта Азия халқымен экономикалық
байланысы одан әрі өрістеді. Хақназар бір топ сұлтанмен бірігіп Бұхардың
ханы Абдулла ІІ мен анттасқан шарт жасасып, дос болып, оған қызмет
етуге уәде берді.Абдулла Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы күрес
жүргізгенде Хақназар мен бірсыпыра сұлтандар Абдулланы қолдаған. Осы үшін
Хақназар Абдулладан Сырдарияның бойындағы бірнеше қаланы алған. Қазақ
сұлтандары талай толқып, бір кезде Баба сұлтан өздеріне Ясы, Сауран
қалаларын бергенде, біраз уақытқа Абдулланы сатып кетті. Кейін қайтадан
Бұхар жағына шығып, Хақназар мен оның өзіне жақын сұлтандары Ташкент
билеушісіне қарсы астыртын әрекет істеді. Бірақ астыртын әрекет ашылып,
Хақназар өзіне жақын бірнеше сұлтандармен бірге 1580 жылы өлтірілген
болатын.
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басындағы қазақ хандықтары. Жеті
жарғы.
XVII ғасырдың аяғында - XVIII ғасырдың басында Қазақстанда феодалдық
қатынастардың одан әрі дамуына байланысты билердің экономикалық маңызы
артты. 1680 жылы Жәңгірдің баласы Тәуке хан болды (1680-1718).Тәукенің
тұсында Россиямен қарым-қатынас күшейе түсті, елшіліктер алысу жиіленді,
сауда байланыстары ұлғайды. Мұнымен қатар қазақтардың әділеттік правосының
нормаларын жинақтап, жүйелеуге әрекет жасалды. XVIII ғасырдың басында
тарихи әдебиетке Жеті-Жарғы деген атпен енген заңдар құрастырылды. Орыс
деректемелерінде бұл заңдар Тәуке ханның заңдары деп аталады. Бұл
заңдарда негізгі назар феодалдық меншікті қорғауға және меншік жөніндегі
дауларды ретке салып отыруға аударылған. Феодалдық праволарды бұзушылардың
қай қайсысына да қатаң жазалаар қолданылатын болды. Жеті Жарғы шыққаннан
кейін еңбекші халыққа түсетін салық ауыртпалықтары бұрынғыдан да күшейе
түсті. Бұрынғы алым-салықтар көбейтіліп, жаңадан түрліше алымдар енгізілді.
Кісі өлтіргендік үшін кесілетін өлім жазасын судьялардың құн төлеумен
ауыстыруына право берілді. Сұлтан мен қожаны өлтіргендік үшін төленетін құн
жәй қара қазақты өлтіргенде алынатын құннан жеті есе көп болып
белгіленді.Құлдар жөнінде олардың иелерінің тірі қоямын десен де, өлтіремін
десе де шексіз правосы болды. Құлдың қожасы жөніндегі шағымы еш жерде
қабылданбады. Өзінің малайын өлтіргені үшін мырзасы Құдай алдында ғана
жауапты,- делінген Тәукенің заңдарында. Жеті Жарғы барымтаны заңды еткенде
айыпты адам мен оның руластарын билер сотының шығарған билігін еріксіз
орындатқызудың басты әдістердің бірі ретінде заңды етті. Тәукенің заңдары
семья басының билігін бұрынғыдан да бетер тежеусіз еткен. Өз әйелінің неке
бұзарлық жасағанын ұстап алған ері оны өлтіре алатын болған. Әкесінің
дегеніне қарсыласатын бала ауыр жазаланатын болған. Өз балаларын өлтірген
ата-аналарға ешқандай жаза жоқ,- делінген заңда. Тәуке заңдарының негізгі
мазмұны - қазақтың феодал шонжарларының мүдделерін қорғау, олардың меншігі
мен саяси үстемдігін қорғау, хан билігін нығайтуға ұмтылу.
Қазақ халқының жоңғар шабуылына қарсы күресі.
Жоңғар феодалдарының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz