Абай және Ахмет шығармашылық үндестігі


КІРІСПЕ.
НЕГТЗП БӨЛІМ.

I ТАРАУ. АУДАРМА ТӘЖІРИБЕ МЕКТЕБІ 9

II ТАРАУ. ЖАЛҒАСҚАН ДӘСТҮР, ЖАҢАРҒАН ОЙ ... ... ... ... 24
КОРЫТЫНДЫ 40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 43
Қай халықтың болмасын белгілі бір тарихи кезеңде өнері мен әдебиеті, яғни бүкіл мәдени болмысы биік деңгейге көтеріліп, кейінгі дамуға кең жол ашары рас. Ендеше, біздің қазақ халқының сан қилы тарихи көшінде бүндай үлы өзгерістер, ерекше серпілістер болганы шындык. Әсіресе көзге анық шалынып, ойға еріксіз орала берер түстар — XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы.
Осы бір екі тарііхи кезеңнің өзіндік ерекшеліктері болғанымен, олардың бір желіге жымдасқан ортақ бірлікті түсы да бар. Ол бірліктін осы бір кезеңге алдыңғы қатарлы саналы азаматтардың жол бастауы жарыкка білімге үмтылған халықтың өркениетке бет бүруы болатын.
Шындығында. карап отырсақ , қазақ тарихындағы озат ойлы үлы жандар бііікке жетелеген осы бір түста халық арасынан айрыкша тулгалар шықты. Ерназардың "Өзге үлдарым бір төбе, Ер Төспгш бір төбе" дегендей, қазақ үшін өзгелерден бөлек, ерекше бір түлға болып есептелетін үлы Абай мен үлы Ахмет, міне, осы түста тарих сахнасына шықты. Бірі XIX ғасырдың екінші ждртысынла өмірге келіп, қазақ поэзия аспанына мәңгі өшпес жарык жүллызын жағып кетсе, екіншісі қазақ ой-танымына тендесі жок ғаламат козғау салып, XX ғасырдың басындағы үлы өзгерістергс жетеледі.
Кд^ак ои-санасының қос алыбы қоғамдық дамудың әр кезешнде ө.мір сүргенімен, үнемі ойы үндес, жүрегі тілдес екендігі атан анық. Тіпті екеуінің "тасқа басылған сөздерінің" бір мезгілде жарык көруінде, белгілі бір тылсым сырға түнған қүпия күштің кұдіреті бардай. 1909 жылы Петербургте Абайдың түңғыш өлеңдер жзшагы. Ахметгің "Қырық мысалы" бірге жарық көрді. Іштей үндесіп жатқан, өзектес осы қос шығарманы жәй оқып шыққанда балланыс-бірлік жоқтай көрінгенмен, әр жолына үңіле, әр сөздің мәніне ой жібере оқығанда бірінен-біріне тартылып жатқан алтын аркауды аңғару қиын емес.
Бұл екі кітап несімен қүнды. Абай кітабы қазақ поэзиясында бүрьш- соңды болмаған биік көркемдік ерекшелігімен, ой үшкырлығы, сөз сүлулығы астасып поэзия әлемін арайландырған әсем сипатымен ардақты. Ал Ахмет кітабы бар қазақтың жанын ;ксгсн. жарыққа шығар жол іздегсндерді алдағы үлы мақсаттарға ясетелеген жолбасшылығымен ерекшеленеді.
1. Белинский. В.Г. ПСС, т.ХІІ. - М., 1956. - с. 290.
2. Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері.
Алматы, 1975. -93 б.
3. "Дала уалаяты" газеті /әдеби нүсқаулар/ Алматы:Ғылым,1989.
-198 б.
4. Крылов И.А. Избранные. - М., 1958 г. - с.65.
5. Абай Қүнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы.
2-том. — Алматы, 1977. —101-6.
6. А.Байтүрсынов. Шығармалар. — Алматы, 1989. —61-6.
7. Выготский Л.С. Психология искусства. — М. , 1968г. —с. 145.
8. Степанов И. Басни Крылова. — М., 1969. —с. 43.
9. Нүрғалиев Р. "Алып бәйтерек" // Қазақ әдебиеті. 1989. 21 көкек.
10. Потебня А.А.
Теоретическая поэтика. М., 1990. —с. 71.
П.Жүмалиев Қ. ХҮШ-ХІХ ғасырлардағы қазак әдебиеті. -
Алматы: Мектеп, 1967. —352 б.
12.Қожакеев Т. Сатиралық жанрлар. - Алматы, 1983. —22-6. ІЗ.Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. —
Алматы, 1975.
14. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. - Алматы, 1959.
15. Пушкин А.С. Сборник сочинении. В пяти томах. Т.5. — М.,
1967. -C168.
іб.Дулатов М. Байтурсынов Ахмет Байтурсынович. Общество изучение киргизского царя. Вып. 3. — Оренбург, 1922.
17. Могилянский. "А. И.А.Крылов" // В книге: И.А.Крылова
"Стихотворение". — Ленинград, 1954.
18. Литературная критика. 1800-1820-х годов. — М., 1980. - с 75.
19. Байтүрсынов А. Шығармалар. Алматы, 1989,27 бет.
20. Байтүрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989,299 бет
21.Қирабаев С. Ахметтің ақындығы // Алматы ақшамы. 1991. 17
мамыр.
22. Белинский В.Г. Сбор. Сочинений в 3-х томах. Т.2. — М., 1948.
- с. 164-165.
23. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. — Алматы, 1962. —383 б.
24.Дулатов М. Шығармалары. — Алматы, 1991. —249 б.
25.Қүнанбаев А. Шығармаларының 2 томдық толық жинағы.
I том, Алматы , 1977, 73 бет
26. Байтүрсынов А. Шығармалары. — Алматы, 1989.
27. Қирабаев С. Қазақтың алғашкы революцияшыл демократтары
// Лениншіл жас. 1991. 7-маусым.
28.Тоғжанүлы F. Жүсіпбектің сыны, Мағжанның ақындығы туралы. - М.. 1926. -19-6.

29.Аймауытов Ж. Мағжанның ақындығы // Қазақ әдебиеті. 1989.
20 қаңтар.
ЗО.Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. Алматы, 1973.
ЗІ.Әуезов М. Абай Ибраһим Қүнанбайүлы (1845-1904). 20
томдық шығармалар жинағы. — Алматы, 1985. 32. Әмірекүлов Т. Жүмбақ жан. — Алматы, 1978. ЗЗ.Белинский В.Г. Басни Ивана Крылова. ПСС. Т.4. — М., 1955.
34. Дербісәлиев Ә. Дәстүр мен жалғастық. — Алматы, 1976.
35. Дүйсебаев Ы. Ғасырлар сыры. — Алматы, 1970.
Зб.Кенжебаев Б. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. -
Алматы, 1976. 37.Қирабаев С. Спандияр Көбеев. — Алматы, 1958.
38. Қожакеев Т. Абай және сатира. — Алматы, 1970.
39. Мүхамедханов С. Ахмет Байтүрсынов // Семей таңы. 1989. 6-
қаңтар.
40. Нүрғалиев Р. Үлттық мәдениетіміздің мақтанышы. // Қазақстан
коммунизмі. 1989. D4.
41. Нүрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. — Алматы, 1966.
42.Нүрышев С. Абайдың аударма жөніндегі тәжірибесінен. -
Алматы, 1954.
43. Сатпаева Ш. Алғы сөз // Ахмет Байтүрсынов шығармалары. -
Алматы, 1989.
44. Сыздықова Р. Ахмет Байтүрсынов. - Алматы, 1990.
45.Талжанов С. Көркем аударма туралы. — Алматы, 1962.
46. Ысмагулов Ж. Ахмет Байтүрсынов // Жүлдыз. 1992. □!.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 37 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 700 теңге




ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

Қазақ әдебиеті кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

АБАЙ ЖӘНЕ АХМЕТ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ҮНДЕСТІП

Орындаған: 5-курс студенті Кутумова Эльмира
Молдағожақызы

Ғылыми жетекші: филология ғылым-дарының кандидаты,
доцент Өмірхан Әбдиманүлы

Пікір жазушы: филология ғылымдарының кандидаты.
доцент Ж.О.Мәмбетов

Норма бақылаушы: аға оқытушы П.Бисенбаев

Қорғауға жіберілді:" 2003 ж.
Кафедра меңгерушісі, филология
ғылымының докторы, профессор З.Бисенғали.

АЛМАТЫ - 2003 ж.

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: "Абай және Ахмет шығармашылық
үндестігі" Жұмыстың көлемі: 44 бет.
Жұмыстың кұрылысы: І.Кіріспе. Жалпы XX ғасыр басындағы әдебиеттегі дәстүр
мен жаңашылдық мәселесі, Абай мен ахмет поэзиясындағы дәстүр жалғасы,
Ахмет поэзиясындағы өзіндік ерекшеліктері айтылды. Жұмыстың құрылысы
тарауларда қаралатын мәселелер талқыланды.
II. Негізгі бөлім. I Тарау: Аударма тәжірибе мектебі. Абай
және Ахмет мысал аудармалары салыстырмалы түрде
қарастырылды. Крыловтан жасаған аудармалардағы
үқсастықтар, шығармашылық ерекшеліктер, өзіндік
үстанымдар сараланды. Әр ақынның аударма жасаудағы
өзіндік бағдар-бағыты айқындалды.
II Тарау: Жалғасқан дәстүр, жаңарған ой. Абай мен ахмет өлеңдеріндегі
дәстүр жалғастығы. Олардың поэзиясы арқылы көтерген тақырыптар
ортақтығы. ой-таным бірлігі, өлең жүйесіндегі формалык ізденістер
жакындығы байыпталды. Ахмет поэзііясынан Абай өлен үлгісінің көрініс
табуы нактылы карастырылды.
III. Корытынды. Абай ләстүрінін Ахмет поэзиясындағы
берік орын тепкендігі накты мысалдар арқылы нақты түрде
дәлелденді. Олардың мысал аудармаларындағы және төл
поэзиясындағы дәстүр жалғасымен Ахмет поэзиясындағы
жаңашылдык белгілері накты сараланып көрсетілді.
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.
Жұмыстың негізгі мақсаты: Қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуы мен
өркендеуіне айрықша үлес қосқан Абай шығармашылығы мен ахмет поэзиясының
үндестігі, Ахмет творчествосына тән жаңашылдықты айқындау.

Орындаған: Кутумова Эльмира Молдағожақызы.

M A 3 М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ.

НЕГТЗП БӨЛІМ.

I ТАРАУ. АУДАРМА ТӘЖІРИБЕ МЕКТЕБІ 9

II ТАРАУ. ЖАЛҒАСҚАН ДӘСТҮР, ЖАҢАРҒАН ОЙ ... ... ... ... 24

КОРЫТЫНДЫ 40

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 43

K I P I C П Е

Қай халықтың болмасын белгілі бір тарихи кезеңде өнері мен әдебиеті,
яғни бүкіл мәдени болмысы биік деңгейге көтеріліп, кейінгі дамуға кең жол
ашары рас. Ендеше, біздің қазақ халқының сан қилы тарихи көшінде бүндай үлы
өзгерістер, ерекше серпілістер болганы шындык. Әсіресе көзге анық шалынып,
ойға еріксіз орала берер түстар — XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX
ғасырдың басы.
Осы бір екі тарііхи кезеңнің өзіндік ерекшеліктері болғанымен, олардың
бір желіге жымдасқан ортақ бірлікті түсы да бар. Ол бірліктін осы бір
кезеңге алдыңғы қатарлы саналы азаматтардың жол бастауы жарыкка білімге
үмтылған халықтың өркениетке бет бүруы болатын.
Шындығында. карап отырсақ , қазақ тарихындағы озат ойлы үлы жандар
бііікке жетелеген осы бір түста халық арасынан айрыкша тулгалар шықты.
Ерназардың "Өзге үлдарым бір төбе, Ер Төспгш бір төбе" дегендей, қазақ үшін
өзгелерден бөлек, ерекше бір түлға болып есептелетін үлы Абай мен үлы
Ахмет, міне, осы түста тарих сахнасына шықты. Бірі XIX ғасырдың екінші
ждртысынла өмірге келіп, қазақ поэзия аспанына мәңгі өшпес жарык жүллызын
жағып кетсе, екіншісі қазақ ой-танымына тендесі жок ғаламат козғау салып,
XX ғасырдың басындағы үлы өзгерістергс жетеледі.
Кд^ак ои-санасының қос алыбы қоғамдық дамудың әр кезешнде ө.мір
сүргенімен, үнемі ойы үндес, жүрегі тілдес екендігі атан анық. Тіпті
екеуінің "тасқа басылған сөздерінің" бір мезгілде жарык көруінде, белгілі
бір тылсым сырға түнған қүпия күштің кұдіреті бардай. 1909 жылы Петербургте
Абайдың түңғыш өлеңдер жзшагы. Ахметгің "Қырық мысалы" бірге жарық көрді.
Іштей үндесіп жатқан, өзектес осы қос шығарманы жәй оқып шыққанда балланыс-
бірлік жоқтай көрінгенмен, әр жолына үңіле, әр сөздің мәніне ой жібере
оқығанда бірінен-біріне тартылып жатқан алтын аркауды аңғару қиын емес.
Бұл екі кітап несімен қүнды. Абай кітабы қазақ поэзиясында бүрьш- соңды
болмаған биік көркемдік ерекшелігімен, ой үшкырлығы, сөз сүлулығы астасып
поэзия әлемін арайландырған әсем сипатымен ардақты. Ал Ахмет кітабы бар
қазақтың жанын ;ксгсн. жарыққа шығар жол іздегсндерді алдағы үлы
мақсаттарға ясетелеген жолбасшылығымен ерекшеленеді.
Ахмет оқырманына тастаған отты ойдың үшқыны Абай өлеңінде жаткандығы еш
талассыз. Абайдан өлеңнің мәнін де, атқарар (сызметін де, қоғамда алар орны
мен қуат күшін де жете түсінген Ахмет өзінің үлы күреске барар
жолдағы қүдіретті қаруына
айналдырды. Міне, Үлы үстаз көзі тірісінде тәлім беріп," нақыл айтпаса да
кейінгі үрпак "жүрекпен үғып ", жанмен түсінді. Сөйтіп, Абай сөзінің
күнарьшан нәр алып, жас өскін ойдың биіктсргс самғауына кажетті биіктерді
меңзей білді.
Абай мен Ахмет шығармашылығын салыстыра қараған түста осы бір екі
акынның замана сүранымынан туындаған ой үндестігі ғана емес, творчестволык
ізденістерінің де бір арнада тоғысып жатарына көз жеткіземіз. Әсіресе,
олардың өз ақындықтарына жаңа леп. тын күш. өзгеше өрнек іздегенде ойға
алары да бет бүрары Еуропалык өркениетке бой үрған орыс әдебиетінің
өкілдері.
Үлы Абай. орыс әдебиетінің асқарлы биіктері Крылов, Пушкин,
Лермонтовтарға назар аударып, өзіне өзекті ой тауып, шабытын жанылы.
Сөйтіп. осынау ақындықтьтң өзгетпе үлгісін, терең \іағыналы "сөз патшасы,
сөз сарасы" арқылы өз халқына жеткізуге асыкты.
Поэзіія қуатын, ой биігін бір мысқалда төмендетпестен тәржімалап. өз
оқырманының "тіліне жеңіл, жүрегіне жеңіл тіігіздг'. Әл-қадырынша дамытуға
тырысты. Олардың қатарында Молданияз Бекимов, Спандияр Көбеев, Бекет
Өтетілеу, Міржақып Дулатов, т.б. атауға болады. Олар Абай түйсінген орыс
классиктері арқылы жалпы адамзаттың игілігіне айналған дүние жүзі
әдебиетінің озық үлгілеріне қол жеткізуге болатынын түсінді.
Міне, осы түрғыдан алғанда Ахмет Байтүрсыновтың орны ерекше. Ол Крылов
мысалдарын мейлінше мол аударып, астарлы ойдан өзінің "асыл мүраттарын
айтар тәсілді тапты". Пушкин, Лсрмонтов, Жадовскаяның өз жүрегіне қозғау
салған өлеңдеріне де назар аударып, ана тілінде сөйлетуге ниет қылды.
Ахаңның, әсіресе, Крылов творчествосына көбірек зер салуына, Абай
жырларымен таныстығының әсері болса керек. Ахаңның Абай аудармаларымен
таныстығы оны Крыловтың астарлы мысалдарын ударуға түрткі болған секілді.
Бірақ, Ахаң үлы үстаздан үйрене отырып, оны қайта қайталауды жөн көрмеген,
сөйтіп өз аудармасына өз заманына сай ділгір мәселерді арқау етуге, уақыт
бедерін дәл түсіруге тырысқан. Сондықтан да, Абай мен Ахмет аудармаларында
өзара үқсастық пен өзара алшақтық та бар.
Біздің осы жүмысты жазудағы мақсатымыз — осы бір байланыстың, яғни
дәстүр мен жлғастық арақатынсын айқындау. Ахмет Байтүрсыновтың Абай
өнерпаздығымен байланыстылығы тек аударма шығармалардан ғана көрініс тауып
қоймайды. Абай мен Ахмет бүкіл табиғатымен, болмыс-бітімімен түтасып кстксн
жандар.Бүлардың өнерпаздығын жақындастырып, жымдастырып түрған қүдірет күш
- Үлтының үлы рухы. Үлы халық алдындағы өз борыштарын аса жоғары қоя білген
олар қандай бір шабытты шығармасында болмасын, ел мүддесі
түрғысынан толғанды.
Сондықтан да олардың төл өлеңдеріндегі жақындықты байқамау мүмкін емес.
Әрине, Абай мен Ахмет өлеңдерінен сыртқы формалық үқсастық емес, ішкі
мазмүндық үқсастық, жақындықты іздестіруіміз керек. Абай өлендерінің терең
мағыналылығы мен биік көркемдік деңгейін Ахмет революцияға дейінгі түста-ақ
терең талғампаздықпен тани білген. Ахаңнан Абайды алшақтату кешірілмес күнә
болар еді. Сондықтан біз өз жүмысымызда Ахаңның төл өлеңдеріндегі Абай
сарынын үғуға, Абайша өлең жазуды жол түтынған берік дәстүрді, жаңаша сипат
беруге үмтылған іздемпаздыкты тануға ден койдық.
Тосыннан карағанда Абай. Ахмет заманы бір сияқты. Ахмет Абайдан небәрі
пшрек ғасыр ғана кейін дүниеге келген. Бірақ уакыт шегінде бүл аз мерзім
болып көрінгенмен, сан тарау оқиғаға бастау салып. лыксып калған жана ғасыр
үшін бүл аз уакыт емес. "Елу жылда ел жана" деген кағидаға сүйенсек.
әлемнің сан өзгеріске түсерінін бастауы осы ғасыр еді. Абайдың қайтқан жылы
Ахаңнын творчествоға бел шешіп араласа бастаған кезімен түспа-түс келеді.
Ендеше қазақ үшін өз міндетін атқарған үлы дарынның орнын екіншісі басуы
табиғи заңдылық.
Толғана ой жіберсек, Абай мен Ахметтің халқына еткен қызметінің көп
айырмашылығы барлығын аңғарамыз. Үлы Абай өзінің гауһардай жарқыраған сүлу
жырларымен өз үлтының күн нүрынан қуат алған, кең даланың төсінен нәр алған
көшпенділік танымының қуат-қайратын танытып, көкейіне жатталған сүлу
суретті төгілдіріп түсіріп кетті. Сөйтіп өз халқының биік парасатын,
өлеңмен өзіне қайта тарту етті. Абайдың өз халқына өлеңнен соққан мәңгілік
ескерткіші — сүлулықтың символындай, үнемі алға жетелер қол жетпес алтын
түғыр. Биіктік те, тереңдік те, уақыт пен кеңістік те Абай салған ғажайып
үлгімен есептеледі.
Ахмет Абайға жай ғана еліктеуші, үйренуші ғана емес, өзінің тірек етер
таянышын іздеуші еді. Ол өз ақындығының Абайға жетпесін жақсы білген.
Сондықтан да ол "Мен жазған кеңес, мақтаныш емес, ат шығармақ ақындық" деп
кесіп айтады. Бірақ Ахмет творчествосы Абай шығармашылығынан нәр алғанын
жоққа шығаруға болмайды. Әйтсе де, замана ағымының Абай кезеңінен басқа
ағынға бет бүрғанын сезінген Ахмет өз түсының ділгір мәселелерін өз
творчествосына өзек етті. Сөйтіп ол, Абай өлеңінен тудырған өлмес мүраны,
өлеңнен өзге шығармашылықтан іздей білді. Абай заманында мүмкін емес, бірақ
Абай сілтеген "ғылымды іздеп. дүниені көздеп, екі жаққа үңілді". Ғылыммен,
көсемсөзбен үлтының мәртебесін биіктетуді көздеді. Үлы Абай өлеңінің қуатын
осылардан тапты.

Ахмет ақындықтъщ атқарар міндетін өз уақытына тиімді пайдалана білді.
Оның "Маса" жинағы осының куәсі. Және төл шығармаларын Абай дәстүрінде
жазуға, ой ағысын, терең мағынасын Абайша жеткізуге тырысты. Ахмет сыртқы
форма іздеген жоқ. ол жол да іздеген де жоқ. Себеп? Себебі сол, Абайдан
асырып "өрнек" таппасын жақсы сезінген. Сондықтан да оның сыртқы түрі
қарапапым. бар асылын ішіне жиған өлеңдеріндегі Абай дәстүрін мазмүнынан
іздестіргеніміз жөн. Біздің мақсатымыз да осы Абай. Ахмет
шығармашылығындағы рухани бірлік, танымдык терендік байланысына зер салу.

I. ТАРАУ. АУДАРМА ТӘЖІРИБЕ МЕКТЕБІ

А.Байтүрсынов Крылов творчествосына назар аударып, өзін мазалаған ойға
өзек тауьш, аударуға ден қойған түста, орыстың классикалық әдебиеті
үлгілерін қазақ тіліне аудару ісінде біршама тәжірибе жинап қалған болатын.
Қазақтың үлы ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай
Қүнанбаев өз халқының мәдени-рухани өркендеуін орыс әдебиеті арқылы келетін
Европалык озык ойлы өркениетті мәдениеттен үйренуде деп білді. Сонлыктан
Ыбырай. Абай шығармашылығының үлкен бір бөлігі орыс әдебиетінін озык
үлгілерін аударуды қамтыды. Сондай-ақ, казак әдебиетіне олардан кейін
келген қазак ақын-жазушылары бүл бағытты жіті колдап. аударма аркылы
үйрену, тәжірибеден өту, сол аркыяы қоғамньщ көкейкесті проблемаларын
көтеруге ден қойды. Олар осы өнер аркылы өз жүртының ой-санасын оятып,
әлемдік өркениетке, мәдениетке жеткізуді, сөйтіп, өздерінің биік
армандарын, жанын ауыртып, жүрегін сыздатқан қасіреттерді орыс
данышпандарының ой оралымдары, көркемдік шеберліктерін пайдалана отырып
жазуды мақсат түтты.
Крылов мысалдарын қоғамдық-әлеуметтік рөлі бүл жанрдың қазақ оқырманы
арасына кеңірек тарап, қарапайым оқырманға түсінікті де қызықты, астарлы
болып келуімен арта түсті. Осынау шағын жанр ой жеткізудің шағын формасы
мағынаны сыйдырарлық қүдіретке ие еді. Міне, сондықтан да: "Басқаларға
үқсап, мысалды тек мысал шеңберінде қалдырмай, оған өткір сатиралық мән
берген нағыз данышпан адам И.А.Крылов", - дейді В.Г.Белинский 1.290.
Міне, Крылов мысалдарының осы қасиеті қазақтың ағартушы-демократ ақын-
жазушыларын өзіне тартты.
Орыс тілінен қазақ тіліне аударудың алғашқы дәстүрі Ыбырай Алтынсариннен
басталады. 1892 жылы Ыбырай аударған "Қарға мен түлкі" ("Ворона и лисица")
атты И.А.Крыловтың мысалы шықты 2.193. Осынау аудармадағы алғашқы
қарлығаш И.А.Крылов мысал шығармаларының қазақ оқырмандарына таныстырудың
бастау көзі болды да, іле-шала қазақ ақындары орыстың данышпан мысалшысының
көп сыр түйген өлең жолдарына көңіл аудара бастады. "1898 жыддары үлы
ақынымыз Абай "Емен мен шілік", "Қазаға үшыраған крестьян", "Жарлы мен
баіг". "Шегіртке мен қүмырсқа", "Ала қойлар", "Түлкі мен қарға", "Бақа мен
өгіз", "Піл мен кәнден" атты мысалдарын өз мүлкіміз етіп тастап кетті
2.199. Бүдан басқа И.А.Крылов творчествосына қазақ акын-жазушыларының
ерекше назар аударуының бір дерегі "Дала уалаяты" газетінде көп кездеседі.
"Дала уалаятының" 1894 жылғы 32 санында басылған "Инелік пен қүмырсқа"
("Стрекоза и муровей") мысалын А.Қүнанбаев "Қүмырсқа мен шегіртке" деп
аударып, бастырған. 1895 жылғы 49-санында "Пустынник и медведь" мысалын
өлеңмен аударып, оны "Аю мен жапан дүзді мекен қылған жалғыз адамның
әңгімесі" деген тақырыппен жариялаған 3.198. Осынау жарияланымдар қазақ
жазба әдебиетінде өзіндік мысал жанрының туып, қалыптаса бастауына игі әсер
етті.
Үлы Абай кейін Крылов мысалдарынан ой асылын теріп, өз халқының таным-
түсінігіне, түрмыс-тіршілігіне ыңғайлы етіп аударып, өзінің төл
туындысывдай қабылдатқан, Крылов мысалдарының кат-қабат астарына терең
бойлай білген бірден-бір аудармашы Ахаң-Ахмет Байтүрсынов.
Отаршылдык саясаттың озбырлығын сезе түра, қоғам мен оны басқарушы
әкімдердің канаушылық қаніпезерлігін көре түра үндемей қалуды жөн көрмей,
өзегіне запыран болып жиналған ащы шындықты қалайда сыртқа шығаруға
тырысқан Ахаң Крыловтан өзі екшеген "40 "мысалға" жүгінеді. Біздіңше, мүның
басты-басты мынандай себептері бар: Біріншіден, Крылов қозғаған, ой
көтерген мәселе Ахаң заманындағы қазақ өмірінде алдыңғы қатарға шыққан-ды.
Екіншіден, мысал-халықтың түнба-түнық шығармашылығының зор түрі. Ол халық
үғымына, әсіресе, қазақ үғымына ыңғайлы үғынықты. Астарлы ой мен талай
нәрсені сездіріп кетуге болады, ал айтар ойдың астарын үқпаған адамға сезік
тудырмайды. Үшіншіден, мысал — халық арасында ауызша көп тараған жанрдың
бірі. Төртіншіден, жүрегінен шыққан сөзінің халыққа жетуінде цензураны
айналып өтер жол. Өйткені, XX ғасырдың бас кезінде төңкерісшілдік
идеяларымен күресіп жатқан жандармерияға бір кезде орыс өмірінде өзекті
болғанымен де, бүгін де саяси мәні әлсіреп, таза әдеби шығарма ретінде
таралатын Крылов шығармалары аса бір қауіп туғызбасы анық-ты.
Мысал шығарма келеңсіз кемшілікті көбінесе адамның өзіне тікелей қатысты
емес, жанамалай айтып, жан-жануар, жәндіктің, басқа бір заттың басында
болған уакиға етіп баяндайды. Оның осы касиеті Ахмет Байтүрсыновты Крылов
мысалдарын терең зерттей аударуына, аударып қана қоймай, өзіндік ой түюіне
жетелеген. Ахандай ойлы, саяси көзі қарақты азамапъщ сол кездегі қоғамның
ондағы басқару әкімшілігі озбырлығын отарлық езгісіндегі бүратана ауыр
өмірін, мүң-зарын суреттеумен жеткізіп, одан қүтылудың жолын меңзеуге мысал
таптырмайтын қүрал болатын-ды. Сондықтан да жанымен үғып ойымен түйсініп
алып барып, Ахаң тудырған мысал өлеңдерін қазақ жазба әдебиетінде мысал
жанрының қалыптасуына тигізген игі әсері айрықша.
Әрбір жазушы даралығына қарай аударатын шығармасының табиғатын терең
білсе, нәтижесі де сәтті болады. Жалпы мысал жанрына тән өзіндік
ерекшеліктер қандай деген өткір сүрақ төңірегінде зерттеушілер бірнеше
нақты белгілер жиынтығында ой таластырады. Көбіне ең басты белгі ретінде
аллегория аталады. Мысал жанрында аллегорияны қызметі жайлы қазақ
топырағында алғаш пікір айтқан да А.Байтүрсыновтың өзі. 1926 жылы
Қызылордада шыккан "Әдебиет танытқыш" деген еңбегінде аллегорияны
"пернелеу" деп алып, "бір нәрсені, көбінесе: адамның мінсзін, қүлығын.
ғаламын, екінші нәрсенің мысалында көрсетіп, айту - пернелеу болады", - деп
анықтама беріп, мысал келтіреді.
Қазак акын-жазушылары шама-шарқынша, Крыловты аударып, үлы мысалшыны
казақ тілінде сөйлетуге тырысқан. Оның ішінде, Абай-12. С.Көбеев - 37,
Б.Өтетілеуов - 12 мысал аударған. Қазақ акындарынан Крылов мүрасын барынша
мол аударуға ден қойған Ахмет Байтүрсынов. Алғашқы "Қырық мысалдағы" (38
мысал) "Маса" жішағына енген үш мысал, барлығы — 41 мысал аударған. Ахаң
мысалының ерекшелігін таныту үшін оның өзіне дейінгі аулармашылар
тәжірибесімен салыстыра қараудың үтары бар.
Ахмет аудармасында Абай дәстүрінің орын тепкенін қалай анғаруға болады?
Немесе оның Абай аудармаларынан айырмашылығын тануға болады дегенде осы
салыстырмалылықтың панпасы өте зор.
Ахмет пен Абай аудармаларын салыстыра қараған сәтте, біраз мысалдарды
екеуінің де аударғанын байқаймыз. Абай аудармаларын Ахмет Байтүрсынов бідді
ме екен? — деген сүраққа жауапты біз Ахаңның өзінен табамыз. 1913 жылғы
"Қазақ" газетінің үш санында (39, 40, 43) жариялаған Абай туралы "Қазақтың
бас акыны" атты мақаласында ол былай деп жазды: "1903 жылы колыма Абай
сөздері жазылған дәптер түсті". А.Байтүрсынов Крылов мысалдарын негізінен
1901-1904 жылдары аударғандығын еске алсак. онда Ахметтің Абай
аудармаларымен таныс болгандығына күмәнданбасақ керек. Ахмет көңіл бөлген
ь'Өгіз бен бака", "Қарға мен түлкі", "Жарлы бай", "Ала қойлар", "Сорлы
болған мүжық", "Бүлбүл мен есек". "Емен мен шілік" нүсқасы Абайда да
кездеседі. Әділіне жүгінер болсақ, екеуіндегі айырма көздеген мақсаттарында
жатса керек. Абай негізінен ғибрат айтуға және мысалдың поэзиялық
көркемдігіне мән берген. Ал Ахмет болса, мысалдарға неғүрлым саяси-
әлеуметтік мазмүн беруге тырысқан. Сондықтан да ол Крылов мысалдарындағы
өмірден алынған шымырлаған шындық, ой мен идеяны ала отырып, өз жанынан
ойға ой қосып, шыншылдығын арттыра түсіп, уақыт мінбесінен айтылар өткір
ойларын жыр жолдарына түсірді.
А.Байтүрсынов Крылов мысалдарының Белинский жіктеген үш тобына да назар
аударса, Абай көбіне екінші топтағы мысалды алған. Үлы сыншыл
пікірінше "бүларды өсиетшілідік бағыт ақындықпен шарпысып отырады".
Яғни, Абайды Крылов шығармаларындағы поэтикалық көркемдігі жоғары мысалдар
қызықтырған. Сонымен катар, Абай, көбінесе, аударманың түпнүсқаға жакын
болуын көздеген. Мәселен, Крыловта қорытынды мораль жеке бөлініп
айтылмайды. Абай да солай. Ахметте олай емес. Ол мысалдың екінші бөлімінде
үнемі біріншідсгі ой-пікірлі түжырымдап, түйініп айтып отырады. Ақын көбіне
заманластарына карата айтып, арнайы сөйлейді. Мысалы: "Жігіттер. мүнан
пюрат алмай болмас", "Бұл сөзден нендей ғибрат алмак керек?". "Ал енлі
мүнла кандай ғибрат бар?", - деген сүраулармен бастап. жауабын өзі беріп
отырады.
Абай мен Ахмет аудармаларындағы ерекшелік тек мазмүы-мән жағынан ғана
емес. мысалдардың сыртқы қүрылысынан да байкалалы. Әрине. бүл ерекшелік
ішкі мазмүнға да байланысты. Бүларлын ішінен Әуезов "Қарға мен түлкіні"
және "Бүлбүл мен есекті" нағыз Абай аудармасы деп баға береді.
Крыловтың "Қарға мен түлкі" мысалының Абай аударған
нүскасы казак окырманына әбден таныс. Осы нүсқаны Ахмет
аудармасымен салыстырып қарасақ, екі тәржімәнің арасында
айырма бар екендігіне көз жетеді. Мысалдың түпнүсқасында
ығарманың басында айтылып, содан кейін барып, болған
лалады. Крыловта айтылатын төрт жол моральды:

Уж сколько раз твердили миру
Что лесть гнусна, вредна, но только все не впрек,
и в сердце льстец отыщет уголок 4.

Абай алты жолмен, жеті буынды өлеңмен түгшүсқасьшың өзінлей мысалдың
алдындағы бөлігінде дәл береді:

Жүрт біледі, күледі,
Сүрқия тілдің жаманын.
Қошаметшілердің амалын
Сонда да олар қайда жок?
Бетпен айтса ересің
Артынан өкінсең де пайда жоқ 5.

Оқиғаның басталуы да түпнүскадан алысқа кетпей, Абай
аудармасында дәлме-дәл берілген. Крылов:

Вороне где-то бог послал кусочек сыру, На ель Ворона
взгромоздясь, Позавтракать было совсем уж собралась,
Да, позадумалась, сыр во рту держала. На ту беду лиса
близехонко бежала,—

лесе. Абайда осы окиға сөзбе-сөз қайталанады. Ал, А.Байтүрсыновта:
Бір түйір ірімшікті тауып алып,
Ағашка карға конды үшып барып.
Ток санап ірімшікті көңіліне,
Жей коймай отыр еді ойға қалып,
Кашаннан белгілі аңқау ала қарға,
Нәеіпке бүгіырмаған шара бар ма?
Шығатын шығасыға болып себеп,
Ағашты түлкі залым аралар ма? 6

Карап отырсак. Крылов пен Абай нүсқасында, ірімшікті қара карғаға күлагі
кездестірсе. Ахаңда. "кездейсоқ" тауып алған әйтеуір бір жермін деп
"ірімшікті көңіліне тоқ санаған", содан соң, ойға берілген Карғаның
шындыққа жақын, нанымды бейнесі беріледі. Әңгіменің түйіні де оның осы "тоқ
санап" жемей отырып қалуында ғой. Әйтпесе, мысал әрі қарай жалғасын таппас
еді. Ахмет осыны өте сәтті бере білген. Қу түлкінің қарғаны мақтайтын
түсындағы қарғаның түлкі тапқан әдемі "сипаттары" аударманың екі нүсқасында
екі басқа. Абай:

He еткен мойын, не еткен көз, Осыдан артык дейсің бе. Ертегі қылып
айтқан сөз Қалайша, япырмай. Мүрныңыз бен жүніңіз! Періштенің үніндей.
Деп ойлаймын үніңіз... Ахмет:
Тамаша қарағанға түрін кандай,
Мынау көз, мынау мойын, мүрын қандай,

Гауһардай қанаттарын жарқырайды, Келісті қалай біткен және
маңдай. Көркемдік сипатыңнан табылғанда, Даусың да болса
керек шырын-балдай, Көптен-ақ даусыңды естісем де, Болған
соң келе алмадым жерім шалғай.

Абай оз мысалының түпнүскаға неғүрлым жақын болғанын қаласа. Ахмет
өзінше жазып шығуға әрекет жасаған. Ендеше, Ахмет Абай аудармасымен таныс
болғандықтан алдындағы екі ақынға еттт үқсатпай жазуға бел байлаған.
Сондықтан да Крыловтағы түпнұсқадан да, Абай аудармасынан да алшақтыққа бет
бүрған. Әрине, Крылов мысалдарын түпнүсқаға балауымыздың өзі оның өзіне
дейінгі мысал нүскаларына еш үқсатпай жазып шыққандығында. Сонау Эзоптан
басталатын бүл сюжетке Федр да, Лафонтен да. Крыловка дейінгі орыс ақындары
В. Тредьяковский, А. Сумароков. М. Херасковтар ла қалам сілтеген.
Крыловтың бүл мысалының өзіне дейінгі орыс ақындарының шығармаларынан
өзгешелігі — біріншіден, поэтикалық көркемдігі, екіншіден. түлкіге екі
түрлі характер беруінде. Мүнда Түлкі әрі жағымпаз-ку. әрі келемеждеуші.
Крыловтың нүсқасында бізге Карғаның аяудан гөрі оның надандығына,
аңқаулығына келемеж басымдылығы аикын сезіледі. Абайда түпнүсқадағы ой-
мазмүн толык саталған. Ахмет Байтүрсыновтағы үлағат-ой өзге бір сарынға бой
үрып. өзгеше түжырымдалады. түпнүсқадағы моральға жакындамайды:

Жүрт едік, аңқау өскен қазақ болып, Далада кең сахара көшіп-
қонып, Алдыған залымдардың тіліне еріп, Жүрмесек жарар еді
мазақ болып,-

деп Ахаң ой аңғарының негізі қайда жатқанын анық білдіреді. Ахаңның түлкісі
жағымпаз, қу ғана емес, аңқаудың аузындағысын тартып жеуден тартынбайтын
залым.
А.С. Выготский Крыловтың осы мысалы туралы В.Кеневичтен алынған мынандай
бір дерек келтіреді. Крылов осындағы түлкіні граф Хвостовпен арақатынасына
катысты өз бейнесі етіп жасған. Әдетте Крылов Хвостовқа өз мысалдарын
окыған соң. оның мақтауын алып, сосын графтан карызға ақша сүрап алады екен
7.145. Крыловтағы әдемі сөйлейтін. келемежшіл ку түлкінің сүйкімдірек
шығуының бір үшығы осында жатса керек. Ал Ахмет Крылов үсынған желіге өзге
мән-мағына. мазмүн беріп, жаңаша баян етеді.
"Ала қойлар" мысалында патшаның күлқын қүмар саясатын, отар елдерді
қандай жолмен қанап отырғандығы суреттеледі. Абай Бұл мысалды да Крыловша
бастайды, ал Ахмет оған сәл өзгеріс ендірген. Мысалға кіріспес бүрын, сөз
басы ретінде бір шумақ бере кеткен. Содан кейін барып окиғаны баяндауға
ауысқан. Мысалда. Арыстан Түлкі мен Аюды шакырып, ала қойлардан қүтылудың
жолын сүрайды. Сондағы Аю сөзі Абайда:

- Батыр патшам. не керек көп ойлану ?
Қойды жан деп, есіркеп кім аяйды ?
Ақылы-ала койды қырып салу, -

дейді. Ахметте "күшке мыкты. ойға олақ" Аю:

Бәрін де ала койдың кырсаң, тақсыр, Түкымын не бар күртып,
жоймайтүғын?!-

деп. жауыздык оиын кара дүрсін жеткізеді. Бұл ойын Арыстан қүп
ала қоймайды. "Ала коиларлы" аяп отырған жоқ, әрине, өзінің
зымиян саясатын ын-шынсыз жүзеге асырып, "жаманатқа"
калмай. камкоршы ретінле танылуды көздеп отыр. Сонда
саясатка шебер ку Түлхі сүмдык акыл айтады. Ол қойларды шөбі шүйгін
жайылымға жіберіп. каскырға бақтыруды үсынады. Осы түстағы бір ерекшелік
Абай .Лрыстанды сөйлеткен:

Өлтірмегім онай-ак койлы сығып Өз жүртын өзі кырған патша
барма? Жаман аттан коркамын кетсе шығып.

Бұл жолдар Крыловта да, Ахметте ле жок. Оларда да Аіо созіне Арыстаның
тск тыжырынып кабак шытканы айтылады. Мысалды Абай былай қорытады:

Түлкінің айтқаны рас. жүрт — акылсыз. Көре салды қасқырдан
баягы арсыз, Ант үрғандық Түлкі мен Арыстанда Ол болмаса,не
қылмак Каскыр жалғыз.

Ал А. Байтүрсыновта:

Жарықтық Арыстаннан еш кінә жок. Бүзықтар, қасқырлар ғой,
ант үрғандар, Көкжалдар қойшы болса. кім біледі, Береке ала
қойға кірсе. кірер. .. —

деп мыскылды да салмақты ой тастайды. Сол кезіндегі цензураның
"көрегендігін" білетін ақын бүдан түйер негізгі ойды оқырманның өзінс
тастап, аң бейнесіндегі зүлымдарды танып алуды елдің ақыл-таразысына
балады. "Цензурасы жок" Абайда "Бас кінәлілер" нақты аталған. Ахметті
Крылов сюжетінің ең бір қатты қызықтырғаны да, назарын аударғаны да "Ала
қойлар" тағдыры еді.

Крылов творчествосын зерттеушілер осы мысалдағы Арыстан бейнесін
Александр I, Түлкі мен Аю бейнесін оны қоршаған сарай қызметкерлері деп
таниды. Алай қойларды қарапайым халық деп біледі 8.43. А.Байтүрсынов Ала
қойларды басқа контексте патша тепкісін көрген бүратана. оның ішінде, қазақ
халқының тағдырындағы ділгір мәселені көтеруге пайдаланып, "негізгі түп
нүсқаға орайластырып. көркем ойға ой, суретке сурет қосып пікірді үштап"
9. таза казакша төл туынды жасаған. Потебня мысал әр кезеңде жаңғырып.
"үнемі жаңа қолданыс тауып отырады", деп жазған болатын 10.71.
Мысалдың түиінінле А\аң өсиет айтып, пікір білдіріп жатпайды. Акыннын
мысалдағы мәнге катынасы сюжеттің ішкі мүмкіндіктері мен кейіпкерлердін
мінез-күлкынан, характерлік бейнелердің іс-әрекетінен лііалогтарынан толык
ашылады.
Әр ләуірде өмір сүрген көркем сөз шеберлері қай мысалында болса ла.
өзіндж колтаңбасын қалдырған. Мүның өзі творчество адамынын талант-ларын
карьғмына және өмір сүрген уақыт-мерзімге тәуедділіктен туындаса керек.
Мәселен, келесі талдайтын мысалдан осыны анық аңғарамыз. "Жарлы бай" —
Крыловтың "Бедный богач" мысалының тәржімесі. Бұл Абайда — 24, Ахметте -26
шумақпен аударылған көлемді мысал. Бірінде жалғыз шал, екіншісінде жарлы
жан отырып, байлардың мінезінен жиренід, сараңдығын айыптайды. Ахмет
жарлының ойын:

Өлесің, артында көп қалады, Көріне кімнің малы бір барады?
Адал сүт емген бала қалса артыңда, Көи болса, асың беріп,
там салады, —

деп келіп, егер менің қолыма байлык түссе:

...Жылқымды, қымызымды койымменен, Жүмсар ем қонағыма
тойымменен, -

деп кеңірек баяндайды. Өз ойымен болып қиялдап жатқан
жарлының кішкене лашығына біреу кіріп келеді. Осыны Абай:

Кіріп келді есіктен, -Жәдігөй мен шайтан ба?-Әйтеуір әлгі
сөзді есіткен, -

деп айтса, Ахмет мүны:

Ақсақал ақ сәлделі таяқ қолда,
Секілді жүрген адам үзақ жолда, Кедейдің бай болсам деп ойлап жатқан, Үйіне
кіріп келді бір қарт сонда. Орнынан кедей түрып сәлем берді, Қарт оған
"әлейкүмәссалам", - деді, -

деп баяндайды.
Мүнда Абай аулармасы түпнүсқаға жақын. Крыловтың:

Как в друг к нему сквозь щелочку пролез, Кто говорит колдун, что говорит -
что бес.— деген ойын бүлжытпай берген.
Қ.Жүмалиев Крылов ойларын осынша дәл беріп, Абайдың үлкен үлп тастауына
себеп болған мынадай үш қасиетті атап көрсетеді: бірінші өзінін үлкен
талантын, екінші орыс тіліндегі өлеңдерде колданылатын сөздерлің тек жай
мәні ғана емес, әдемілік касиеттерін де терең ұғынуы, үшінші, қазақ
тіліндегі сөздерге акынның мейлінше байлығы 11.352.
Түпнүсқада мораль берілмеген, ал Абай, Ахмет тастаған ой-түжырымдар екі
бөлек шыққан. Абай және түпнүсқада тоғыз миллионды санарда ажал жеткен шал
ісінен үлы ақын:

Алтын қайда, сөз қайда ?! Қу нәпсіден не пайда?! —

деп ой түйеді. Ахаң "Оныншы миллионды санап жатыр" жан тапсырған жарлы
тірлігінен мынандай қорытынды шығарып:

Бір емес толып жатыр осындай кеп, Бар болып, жоқтың ісін
істейтін көп, Малы көп, көнілі жарым адамдарға Ат қойған
қанша теріс жарлы бай деп?

Жаман ғой жарлылық күй адамзатқа, Жақсы емес рақатсыз байлық
— бақ та. Мал жиып, бай болуды талап еткен, Жадыңа бүл
кеңесті үйып сакта! -

деп ғибрат айтады. Бұл мысалды Абай да, Ахмет те еркін аударған, бірак
Абайда еркіндік жалпы түпнүскадан алысқа кетпейді. Ал Аханда казақ үғымына
неғүрлым жақындастыра түсу басым. Жарлының, қазақ кедейінің кескін-кейпіне
жақын ете суреттеу де осының айғағы:

Осылай жатты ойлап кедей жазған, Кішкене лашығында жеден
қазған, Аякта етігі жоқ, баста бөрік, Үстінле жыртық көйлек,
кір-кір, тозған.

Мүндай казак келейін тап басып таныр, мысқалдай өтірігі жоқ, жанды сурет
Абайла да, Крыловта да жоқ. Себеп дейтін болсақ, себебі Абай аулармасымен
таныс Ахаң Крыловты дәлме-дәл аударған үлы акын талантын бас ие отырып,
уақыт кескінін шынлыкпен бейнелеу арқылы, үтар жолын іздеген. Сондықтан да
Ахан мысалларды қазақ түрмыс-тірлігіне неғүрлым тығыз байланыстыра түсу
үшін өз жанынан осындай тың ой, шыншыл сурет косып отырған, Абайда мүндай
ауытқу байқалмайды. Себебі ол өзін тек аудармашы ретінде қүқын таза
сақтауға берік байлам жасаған. Ал Ахмет көбіне сюжет желісін сақтағанымен,
өзіндік төл тлъінлы жасауға тырысып отырады. Осы мысалдағы жарлының арманы
ла казакты танымға сай берілуі де мүны дәлелдей түседі. Мысал келтірейік:

Жылқымды, қымызымды, қойымменен, Жүмсар ем қонағыма тойым
менен, Жүртымның жабырқамай көңілін ашып, Күнде той, күнде
қызық ойынменен.

И.А. Крыловтың "Бақа мен Өгіз" (Лягушка и вол) мысалы Абаіідьщ да.
Ахметтің де аудармаларында аздаған ерекшеліктер бар. Әр дәуірде өмір сүрген
көркем сөз шеберлері, әр мысалда өзіндік бір белгі калдыруға тырысканын
жоғарыда айттык. Мәселен, Бақа Өгізбен Крьоовта жазык көк майсала кезлессе.
Абайда — бүлақ басынла. ал Ахаңда шалкар көлдін жағасынла жолығысады. Абай
Бакасын:
Өз-өзінен бір бака
Күшенді де бөртінлі
Карны үлкейіп. кампайып.
Өгіздей болам деп ісінлі. —

деп мақтаншақ етіп көрсетсе, Ахмет оны күншіл етіп көрсеткен:

Дүниеде мүнан күншіл кем-ді бақа, Зарлады қарнын керіп енді
бақа, Шыдамай жүқа қарын керуіне, Жарылып сол арада өлді
бақа.

Осы фактіні Абай:
Ыңқыл кағып, тыпырлап, Күшенді де бөртінді. Іш жарылып
сытырлап, Мактанамын деп өзі өлді, —

деп баяндаған. Мүнда шынайы суреттер бар. Шамадан артық су ішіп, іші
керіліп кеткен соң. бақаның ыңқыл қағуы, тыпырлауы, жұқа карнының шарт
жарылуы - бәрі де нанымды шыққан.
Сөзден сурет сала білер Абай ақындық қүдіретіне табынбасқа шара жок.
Карапайым жәндіктің өлімінің өзін жанды суретке айналдырып мактаншактык
өліміне еріксіз күлкі шақыртады.
Сөз шеберлерінің екеуі де "әлін білмеген әлек" деп қазақ арасына тән.
күнділікті өмірде кездесетін қүбылысты суреттеген. Түпнүскадан еркін
аударылған Абай, Ахмет аударуындағы диалогтарда ғана басты айырмашылық
көзге түседі. Абай екі бақа арасындағы тіл катысуды Крылов нүсқасына өте
жақын бере білген. сөйтіп өзінін көздеген мақсаттың үдесінен шыққан. Мысал
келтіре отырып салыстырайық. Крылов:

"Смотри-ка, квакушка, что буду ль я с него?" Подруге
говорит. "Нет, квакушка, далеко!" -Гляди же, как теперь
радуюсь я широко. Ну каково?
Пополнилась ли я? - "Почти что ничего". -Ну как теперь! —
"Все то ж".
Абай:

Ахмет: Өгіздей анау түрған болдым ба? — деп.

Огізбен екеуінс қарап түрып, Жолдасы жауап берді сонда бүй
деп: иӨгіздей болу саған шарақ? Араңыз екеуіңіздің тым-ақ
жырақ Онымен бірдей болып толмақ түгіл, Қалпыңнан аскан
жоқсың артығырақ". '"Қарашы! Енді қандай болдым?" — деді,
"Міне. мен жаңа айдай толдым!" — деді. Жолдасы тағы карап
денесіне: "Калпыңда караң менен пормың " —

деді. Абай. Крылов мысалындағы сүрақ-жауаптарды өзіндік өлең үлгісін түсіре
отырып дәл жеткізген. Ахаң осы бір тіл қатысудың өзін ""казакшалап""
кетеді. "Өгіздей болу саған қайда шырақ" "Карашы Енді кандай болдым деді,"
"Міне, мен жаңа айдай толдым деді.Қалпыңда караң менен пормың, — деді", —
деген сөз кағысулар казақи үғымға ғана тән екені белгілі.
Абайдың Крыловтан аударған мысалдарын төл дүниеміз деп пікір білдірген
ғалым Т.Қожакеев: "...Олар (мысалдар) қазақ өміріне бейімделіп, сахара
тіршілігіне үйлестіріліп аударылған. Қазақ түрмысына сай емес образдар,
есімдер, халқымызға тән бейнелермен ауыстырылған " — дейді. Дәлел ретінде
"Ду и Трость'1 мысалындағы қазақи бейнелерді қарастырдық. Абайда Трость
Шілік деп берілсе, Ахаңда Қамыс деп алынған, Кавказ тауын Абай "Тау,
жартасқа үзарып бой теңестім" десе, Ахмет оны "Қап тауы" деп алады.
"Крестьянин в беде'1 мысалында - үры кедей шаруа үйін тонаса, Абай
аудармасында байдың үйін тонайды. Абай өз шындығын айтпай, Крылов ізімен
кетсе. казак жүрты "ол сорлының несін алды екен? - деп күлер еді.
сенімсіздік білдірер еді" 12.22. Ал Байтүрсыновта "Сорлы болған мүжық"
деп такырып койылып. крестьянин мүжык болып өзгертілген. Бірақ мысалды окып
отырғанда оны кедей шаруа емес. бай ретінде түсініп отырмыз. Мысалшы
акьілгөйсінген ағайынның сөзіне емес, өзіңе өзің сен дегенді айтады. Абай
мүндайда еститінің "бишара" мен "байғүс" қой, ауызбен аяғаннан баска не
көмегі бар десе, Ахмет:

"Аузыңды қүрғак касық босқа қажар", Шығынға қүр айткан сөз
дәрі. Жап - жақын жайшылықта көп дос - жарлы Мен неге
жамандыкта сирек көрме? —

деп, қазақ мәтелін орынды қолданысқа енгізіп, түжырымды ойдың әсерлігін
арттыра түсіріп. сөз аяғын өзіне бүрып, мысал шындығын жандандыра түседі.

Крылов текстісін екі акынның екі түрлі келтірудегі аудармашылардың
өзіндік кабілетін, өзіндік талант иелері еркіндігін дәлелдейді. "Акын
Абайдың И.А.Крыловтың дәл беруі иықтастығын көрсетеді"'. - дей
келіп13.207, үлы Әуезов: "Адам мінезіндегі коғам ішіндегі күнарсыздық,
өрескел сорақылық жайларды ашуға үнемі талаптанған Абай мысалды сатиралық
жағынан тағы да бір өтһіді кымбат қүрал есебінде пайдалануға талпынған". -
деген түжырым жасады 14.168. Бұл пікірдің де дүрыстығын. "Есек пен
бүлбүлды"' мысалға ала отырып дәлелдейік. Түпнүскада есек бүлбүлды көре
сала әнін естуге қүмартады. Ахмет нүскасында да солай. Ал Абай да сәл
басқашалау. Тойған есек жүре оттап. тентіре келе жатып. тоғайдағы бүлбүлға
жолығып қалады.

- Сенбісің. ақын бүлбүл, жаңа көрдім, Атыңа жүрт мақтаған
күмар едім. Бір сайрап берсең, қалқам, өзім естіп, Рас па
екен жүрттың сөзі, сынар едім, -

деп оған тілек білдірді. Бүлбүл сарай жөнеледі. Бүдан кейінгі әңгіме үндес
келіп отырады. Айырма шумақтардың саныңда ғана. Мысалы, мүндағы Крыловтың
бір-ақ жолмен айтқан моралын, Абай төрт жолмен берсе, Ахмет сегіз жолмен
жеткізген. Түйін Абайда:
Демеймін жүрт мақсатын,
Я жақсын, я жакпасын.
Сөтсе де мүндай сыншыдан
Қүдайдан бізді сактасын. -

деп айтылса, Ахмет:

Асылды жасық пен танымайтын Сынынан сақта, алла,
надандардың! —

деп көзі тар, көңілі соқыр есек сындылардан аулақ жүруге шакырады.
Крыловтан жасаған аудармаларында Абай ауыз әдебиетінің сарандары мен
суреттеу тәсілдерін шебер қолданып отырады. Бүдан Крылов мысалдарының
өзіндік ерекшеліктері көмескі тартпайды, қайта солардың дидактикалык.
ғибратшылдық сарындары күшейе түседі, үғымға жақындай түседі. Кейде ол
Крылов айтқан қорытындыны-моральді өзгертіп жібереді, басқаша жасайды.
Крыловта қорытынды-мораль жеке бөлініп айтылмайды, Абайда да солай.
Бүдан мысалдың өсиеті өз ішінде дегендік байқалады.
Ахметте олай емес. Ол мысалдың екінші бөлімінде біріншідегі ой-пікірді
түжырымдап. ғибрат айтып отырады. Ақын замандастарына карата, арнайы
сөйлейді. Көбіне, "жігіттер, мүннан ғибрат алмай болмас", не\гесе "Бұл
сөзден нендей ғибрат алмақ керек'?" - деген сүраулармен бастап, жауабын өзі
айтып отырады.
Абай мен Ахмет аудармаларындағы ерекшелік мысалдардың сыртқа күрылысынан
да байкалады. Абай көбінесе, жеті - сегіз бъшды жыр алуандас өлеңмен.
айнымас өлшеуге бағындырып, қысқа етіп аударған. Оларды көбінесе түп
нүсқамен дәл келіп жатады. Ал Ахметте халык үғымына жағын, көзіне таныс,
дәстүрлі суреттер мен теңеулерді қолданып. казақтың төрт жолды, он бір
буынды қара өлең үлгісімен кайта жазып шыққан. Сол себепті Ахаңда
мысалдардың көлемі түпнүскадағыдан артығырақ болып келеді, ол Крылов
мысалдарының әңгімесі мен сатиралық-әжуалық ең қымбатты ішкі мәнін алады
да. өзінше жазады. Сыртқы түр озгешслігін көп қүнттай бермейді.
Өйткені, Ахмет елді ағартушылыққа шақырып, қазақ оқырмандарына ой салу
мақсатын көзлей отырып, мысалдарға неғүрлым саяси-әлеуметтік мән-мазмүн
беруге тырысты. Сондықтан да Крылов мысалдарындағы өмірден алынған,
шымырлаған шындық, ой мен іідея. Ахаңның қиялын тербеп, ойына ой қосып,
аудармадан туган туындысына заманалық, уақыт мінбесінен айтылған өткір де
өміршең ойларын жыр жолдарына түсіруге жетеледі.
Аударма әдебиеті төл әлебиеттін тъіндысы. соның казынасына
косылған белгілі бір үлес деп карайтын болсак. Крылов
шығармаларынын әр кезеңде азды-көпті аударылып,
халкымыздың ой-санасын өрістетеуге. жалпы мәдениетін көтеруге, әсіресе.
орыс халкымен рухани байланысын күшейтіп, жакындастыра түсуге тікелей
түрткі болғаны даусыз. Бұл ретте Ахаң сіңірген өз алдына бір аскарлы шың.
Үлы Пушкин: "... бірден-бір француз Лафонтенмен ешкімді жоғары қоюға жүрегі
дауаламайды, бірақ, меніңше. біз Крыловты одан жоғары қоя аламыз. Бұл екеуі
өз елінің мәңгілік сүйіктісі болып қалады... Лафонтен мен Крылов екі
халықтың рухының өкілдері" , — деп, үлы мысалшылардың қызметін жоғары
бағалаған еді. 15.168. Ахмет Байтүрсыновтың қазақ өмірінің, оның түрмыс-
тіршілігінің шындығын, мінез-қүлқының бар болмысын жарқырата ашып,
отандастарының өз кезеңіне сай отты ой тастаған мысалдарының срскшсліктерін
тани отырып, оны Крыловпен қатар қоюымызға толық дәлеліміз бар.
Үзақ жылдар бойы көзден таса болып келген Ахмет Байтүрсынов мысалдарына
Міржақып Дулатов: "Ахмет Байтүрсынов — халықтың акыны. Оның шығармашылық
ісі қазақ тіліне Крыловтың мысалдарын аударудан басталады. Ол-қарсылықшыл
акын. Ол өз поэзиясын қазақтарды езген монархиялык Ресейдің саясатымен
күресудің қүралына айналдырды" — деп баға берген еді 16.26. Ендеше, оның
мысалдарының ерекшелігі ле осы бір "күресудің қүралы" ретінде жарыкка
келгендігінде, әр мысалға Ахаң бергсн саяси мәнінде бола керек.
Ахмст өз жанынан бірле-бір мысал шығармады. Бірақ мысал сюжеті —
негізінен бар халыққа ортақ алтын қазына. Әлем мысалшылары Эзоптан бастап
бүгінгі мысалшыларға дейін бір-бірінен тақырып алмасып отырған. Крылов өз
мысалдарының 33-ін аударма деп мойындаса, 28-ін сюжетін Лафонтеннен алған
екен. Ал Лафонтен - өз жанынан мысал шығармаған. Өзіне дейінгі мысалшылар
сюжетін алып, өзгеше жазған ақын 17.36. Орыстың атақты ақыны Жуковский
бүл туралы "Лафонтен, который не выдумал ни одной собственной басни.
почитается, невивирая на то, что этом оригинальным. Причина ясно: Лафонтен,
заимствуя у других смысли. ни у кого не заимствовал ни той прелести слога,
ни тех чувств. ни тех мыслей. ни тех истинно стихотворных картин, ни того
характера просто ты. которыми украсил и так, сказать обратил, в свою
собственность заимствованное " — дсп түйіп айтып, Лафонтен акындык
табиғатын тап басқан ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынұлының үндестігі
Ахмет байтұрсыновтың шығармашылық ғұмырбаяны
Дыбыс үндестігі (ассимиляция)
Қазақ тіліндегі буын үндестігі
Абай
Ахмет Байтұрсынов және латын әліпбиі
Абай мен Әлиханның таныстығы..
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясы
Ахмет Байтұрсынұлы өмірі және шығармашылығы
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь