Меншік құқығы туралы



Кiрiспе

Негiзгi бөлiм

1.1 Меншiк құқығының ұғымы
1.2 Меншiк құқығының нысандары мен түрлерi
1.3 Меншiк құқығына ие болу негiздерi
1.4 Меншiк құқығының тоқтатылуы

Қорытынды
Қазақстан Республикасы егемендiк алғаннан берi нарықтық экономика қатынастарына көшiп жатыр. Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар меншiк қатынастары қарқынды дамуда. Неғұрлым меншiк қатынастары дамыған сайын, соғұрлым оған байланысты экономикалық та, құқықтық та заңдар түрлеке түседi.
Осылайша бұрын Қазақстан Республикасында меншiк құқығы туралы мәселелер КСРО Конституциясымен КСРО '' Меншiк туралы'' Заңымен реттелетiн.
Тек 1991 жылы елiмiз тәуелсiздiк алғаннан бастап, мемлекет меншiк құқығының жағдайын, мазмұнын түбегейлi өзгертуге алғышарттар жасады. Сөйтiп, 1994 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасында меншiк құқығын реттейтiн Азаматтық кодексi қабылданды.
Қазiргi қалыптасқан нарық жағдайында меншiк қатынастары, әсiресе меншiк құқығы өте актуалды мәселе.
Берiлген курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында меншiк құқығы туралы заңнамаларды оқып зерттеу.
Ал мiндетi –зерттеген заңнамалардың кемшiлiктерi мен артықшылықтарын айқындау.
1 Азаматтык кодекс Турсынбаев А
2 Уй тургындары туралы зан Абулгазин Б Токтабулатов Р
3Меншик туралы зан Кайыржанов А

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Меншңк ғүғыүы

Жоспар

Кiрiспе

Негiзгi бөлiм

1.1 Меншiк құқығының ұғымы
2. Меншiк құқығының нысандары мен түрлерi
3. Меншiк құқығына ие болу негiздерi
4. Меншiк құқығының тоқтатылуы

Қорытынды

Кiрiспе

Қазақстан Республикасы егемендiк алғаннан берi нарықтық экономика
қатынастарына көшiп жатыр. Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар меншiк
қатынастары қарқынды дамуда. Неғұрлым меншiк қатынастары дамыған сайын,
соғұрлым оған байланысты экономикалық та, құқықтық та заңдар түрлеке
түседi.
Осылайша бұрын Қазақстан Республикасында меншiк құқығы туралы мәселелер
КСРО Конституциясымен КСРО '' Меншiк туралы'' Заңымен реттелетiн.
Тек 1991 жылы елiмiз тәуелсiздiк алғаннан бастап, мемлекет меншiк
құқығының жағдайын, мазмұнын түбегейлi өзгертуге алғышарттар жасады.
Сөйтiп, 1994 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасында меншiк құқығын
реттейтiн Азаматтық кодексi қабылданды.
Қазiргi қалыптасқан нарық жағдайында меншiк қатынастары, әсiресе меншiк
құқығы өте актуалды мәселе.
Берiлген курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында меншiк
құқығы туралы заңнамаларды оқып зерттеу.
Ал мiндетi –зерттеген заңнамалардың кемшiлiктерi мен артықшылықтарын
айқындау.

1.1 Дүние жүзiнiң тарихи дамуындағы қай кезеңдi алып қарайтын болсақ та,
негiзгi мәселе меншiктiң айналасында топталады. Сондықтан да болу керек,
меншiктiң адамзат даму процесiнде алатын орны ерекше.
Меншiк дегенiмiздiң өзi материалдық игiлiктердi – табиғаттың өнiмдерi
мен еңбектi – меншiктену әрi иеленудi бiлдiредi. Ол тарихи қоғамның iшкi
айқыдауы арқылы пайда болады.
Әлемдiк құқықтану доктринасы мен отандық заң ғылымы меншiк құқығының
объективтi жағдайдағы меншiк құқығы және субъективтi жағдайдағы меншiк
құқығы деп бөледi.
Материалдық игiлiктердi иелену, пайдалану және билiк етуге байланысты
қоғамдық қатынастарды реттейтiн азаматтық құқық нормалары жөнiнде ( кодекс,
заңдар мен басқа да заңдық, нормативтiк құжаттар) әңгiме болғанда – шын
мәнiнде объективтiк мағынадағы меншiк құқығы, яғни меншiктiң құқық
институтын құрайтын нормалардың жиынтығы екенiн көремiз. Меншiк құқығының
объективтi нормалары негiзiнде нақтылы меншiк иесi өз қалауы бойынша өзiне
тиесiлi мүлiктi пайдалануына және оған билiк етуге құқылы екендiгiн , яғни
сату- сатып алу, жалға беру және тағы басқа белгiлi заңдық фактiлердi
жүзеге асыра алатындығын әңгiме еткенiмiзде меншiк құқығының субъективтi
жағына тап боламыз.
Азаматтық кодексiнiң 188-бабында меншiк құқығына мынадай анықтама
берiлген: "Меншiк құқығы дегенiмiз – субъектiнiң заң құжаттары арқылы
танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену,
пайдалану және оған билiк ету құқығы". Бұл анықтама мейлiнше дәл әрi ғылыми
жағынан толық берiлген. Өйткенi субъектiге "тиесiлi"деген сөзбен шектелiп
қалмай, мүлiктерiне өз қалауынша иелену, пайдалану және билiк ету құқығын
бередi. Меншiк құқығына анықтаманы субъектiнiң мүлiкке заңға сәйкес билiк
етуi, оның өзiнiң қалауынша пайдалануы деп түсiну керек. Яғни субъектiнiң
затқа үстемдiк ету заңдастырылған және оған толық құқылы. Осындай
үстемдiкке қол жеткiзу арқылы меншiк иесi заттың табиғат берген
қасиеттерiнiң бәрiн пайдаланып, оны өзгертуге, өңдеуге, билiк етуге, тiптi
бөтен бiреуге беруге, жойып жiберуiне толық құқы бар. Затқа заң арқылы
үстемдiктi тану заң құжаттарында көрсетiлген шекте жүзеге асады, өйткенi,
затқа үстемдiктi шектеу меншiк иесiнiң еркiндiгiне белгiлi бiр дәрежеде
ықпалын тигiзедi, демек, затқа меншiк иесiнiң билiгi шексiз болуы мүмкiн
емес. Сондықтан да Азаматтық кодекстiң 188-бабындағы меншiк құқығын шектеу
мұндай құқықтың шексiз еместiгiн көрсетедi, сол себептi де тұлғаның өз
иелiгiндегi затты иелену, пайдалану және билiк ету құқығы заң арқылы
айқындалады. Меншiк иесiнiң еркiндiгiн шектеу меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн
жүзеге асыру басқа тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс мiндеттен туындайды. Мұндай құқықты
немесе заңды мүдденi бұзу басқа түрлерде де кездесуi мүмкiн, айталық,
меншiк иесi өзiнiң монополиялық немесе басым жағдайларын пайдаланып,
нарыққа көрер көзге қиянатқа жол беруi мүмкiн. Мiне, осындай терiс пиғылды
әрекеттерге жол бермеу үшiн де осындай талап заңға еңгiзiлдi. Меншiк иесi
өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы
ортаға келтiрiлуi мүмкiн зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға
мiндеттi.
Азаматтық кодексiнiң 188- бабында қаралған меншiк құқығының иелену,
пайдалану және билiк ету тәрiздi құрамдас бөлiктерiнен басқа оны заңмен
қорғау да ескерiлген. Мiндай құқық өзгенiң құқығына тәуелдi емес, меншiк
иесi өзiнiң мүлкiн сақтауға, қорғауға, өзге адамдардың сырттан әрекет
етпеуiне тыйым салуына хақысы бар. Егер осындай құқықтары бұзылып жатса,
онда ол затты қайтарып алуға, қалпына келтiруге, келген залалдың орнын
толтыруға құқылы. Меншiк құқығының мерзiмi шексiз болады. Мүлiкке меншiк
құқығы Азаматтық кодексте көзделген негiздер бойынша ғана ықтиярсыз
тоқтатылуы мүмкiн.
Меншiк құқығының мазмұнын меншiк иесiне тиесiлi иелену, пайдалану және
билi ету тәрiздi өкiлдiктер құрайды. Бұл өкiлдiктердiң әрқайсысы меншiк
құқығының қажеттi элементтерi болып табылады. Меншiк иесi аталғандардың
қайқайсысын да үшiншi бiр тұлғаға бере алады, тiптi үш өкiлдiктiң бәрiн
жiберiп, өзi меншi иесi болып қала бередi. Мысалы, ол заттарын темiржол,
әуежай және қонақ үйдiң зат сақтайтын жерiне тапсырып, өз қарауындағы затты
күзеткiш игiлiгiне бередi.
Кейде заң талаптарына сәйкес меншiк иесiнен несие берушiнiң талабы
қанағаттандыру үшiн мүлкi ықтиярсыз алыну мүмкiн, онда меншiк иесi әлгi үш
өкiлеттiктен де айрылады. Бiрақ ол мұндай жағдайда меншiк иесi боп қала
бередi. Қарызын өтегеннен кейiн мүлiк сатқаннан қалған қаржы алуға құқылы,
сөйтiп, заттарын керi қайтарғаннан соң оның пайдалану және билiк ету
өкiлеттiгi қалпына келтiрiледi.
Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң
жүзiнде қамтамасыз ету, яғни айтқанда тұланың өз қалауынша мүлiкке ықпал
жүргiзудiң мүмкiншiлiгi. Азаматтық заңдарында көрсетiлгендей иелену заңды,
заңсыз, адал және арам ниеттi де болуы мүмкiн. Егер мүлiктi иелену заңы
негiзiнде жасалса, онда ол заңды иелену болып табылады. Яғни құқықтық
негiзiнде меншiк құқығы жүзеге асырылуы тиiс. Затты ( мүлiктi) заңсыз
иелену, егер оны зорлықпен немесе заңнан жасырын жасалса, немесе заңсыз
иеленушi затты кездейсоқ иеленiп, оны қайтару жөнiндегi талапты құлағына
iлмесе, бұл да құқық бұзу деп есептеледi. Сондай-ақ иеленушi иеленген
затының заңсыз екендгiн бiлсе, бiлуге тиiстi болса, онда ол арам ниеттi
иеленушi делiнген. Қарсы жақ өзiнiң талабын дәлелдемейiнше, зат иеленушi
адал алушы қатарына жатады. Ал, керiсiнше, егер де мүлiк оны иелiктен
айыруға құқығы болмаған адамнан тегiн алынып, алушы мұны бiлмесе және
бiлуге тиiс болмаса ( адал алушы), мүлiктi меншiк иесi немесе меншiк иесi
мүлiктi иеленуге берген адам жоғалтқан не мұның екеуiнен де ұрланған, не
олардың иеленуiнен бұрын бұлардын еркiнен тыс өзге жолмен шығып қалған
ретте ғана меншiк иесi бұл мүлiктi алушыдан талап етiп алдыруға құқылы.
Азаматтық кодексiнiң 188-бабында иеленудiң әр түрi туралы айтылмаған,
тек аталған баптың 3-тармағында ғана бөтеннiң затына құқық ретiнде
иеленудiң жасалу жолы мен тәуелдiлiгi көрсетiледi. Сонымен брге заңда
ерекше негiз бар " Иелену мерзiмi" жол берiледi. Иеленудiң мұндай құқығы
меншiк құқығынан тұлғаның затты өз билiгiнде нақты түрде ұстауымен
ерекшеленедi. Бұл иеленудiң заңдық салдары болады, яғни иеленушi мүлiкке
меншiк құқығын алғанға дейiн оны басқалардан қорғауға құқылы, ал екiншi
жағынан, осы баптың нормалары негiзiнде өзiнiң иелiгiндегi затты
меншiктенуге құқық алады.Сонымен, иеленудiң мерзiмiне мынадай белгiлерi
тән: а) ол иелiк ететiн мүлiкке нақты үстемдiк етедi; ә) осы тұлғаның затқа
адал, ашық және үздiксiз түрде нақты үстемдiк етуi.
Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн
алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi.
Меншiк иесi өзiнiң пайдаланудың өкiлеттiк құқығын қалай жүзеге асыруды
өзi шешедi. Бiрақ та Конституцияның 6-бабын бұрмалмауы тиiс, яғни меншiктi
пайдалану қоғамдық игiлiкке қарсы келмеуi керек. Демек, қоғамдық маңызы бар
объектiнi пайдаланғанда, меншiк иесi тек өзiнiң ғана емес, қоғамның да
мүддесiн ойлауына тура келедi.
Заң негiзiнде немесе басқа да құқылы құжаттарға орай меншiк иесi
өкiлеттiгiнен айрылуы не құқығы шектелуi мүмкiн. Мәселен, тұрғын үйдi не
оның бiр бөлiгiн тұрғын жай мақсатынан тыс пайдалану жағдайы заң арқылы
жүзеге асады.
Билiк ету құқығы дегенiмiз- мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын
белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi. Билiк ету құқығы меншiк иесiнiң өз
мүлкiне байланысты кез келген заңға қайшы келмейтiн әрекеттердi жүзеге
асыруға мүмкiншiлiк бередi. Мысалы: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып
беру және т.б. Сонымен қатар, меншiк иесiнiң өз мүлкiне байланысты
өклеттiгiн жүзеге асыру басқа тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және
заңмен қорғалатынмүдделерiн бұзбауы тиiс. Меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге
асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтiрiлуi
мүмкiн зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға мiндеттi.
Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген
әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа тұлғалардың меншiгiне
берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға
мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн
тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық
түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.
Меншiк құқығының мерзiмi шексiз, яғни меншiк иесiне уақыт кезеңiмен
аңықталатын шектеулер қойылмауы тиiс.
1.2 Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында: "Қазақстан
Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей
қорғалады,"- деп жазылған.
Азаматтық кодекс меншiктiң екi нысанда - жеке және мемлекеттiк
екендiгiн тәртiптейдi.
Конституцияда меншiктi екi нысанға бөлiп қарау олардың мемлекетке
меншiк құқығының субъектiсi ретiнде қатынасының белгiсiне орайластырылған.
Осыған орай жеке меншiк мемлекеттiк емес меншiк болып саналады. Егер меншiк
құқығының субъектiсi мемлекет болса (тiкелей немесе тиiстi мемлекеттiк
органдар арқылы), онда әнгiме мемлекеттiк меншiк жөнiнде болады. Ал субъект
мемлекеттiк емес заңды тұлға немесе азаматтар деп танылса, онда жеке меншiк
деп есептелiнедi.
Сонымен, меншiкке субъектiлер: мемлекет, аумақтық-әкiмшiлiк бөлiнiстер,
заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады.
Заң меншiктi турге де бөледi. Азаматтық кодекстiң 192-бабына сәйкес
мемлекеттiк меншiк республикалық және коммуналдық болып екiге бөлiнедi.
Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншiктi басқару жергiлiктi
атқару органдарының қарауына жатады делiнген.
Мемлекет өкiлеттiгiн жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүлiктердi өзiнiң
органдары мен мемлекеттiк заңды тұлғалары арқылы басқарады.
Азаматтық кодекстiң 111-бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес Қазақстан
Республикасы азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға осы қатынастарды
өзге қатысушыларымен тең негiздерде кiредi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет билiгi мен басқа органдары
өздерiнiң осы органдардың мәртебесiн айқындайтын заң құжаттарында,
ережелерде және өзге де құжаттарда белгiленетiн құзыретi шегiнде Қазақсан
Республикасының атынан өз әрекеттерi арқылы мүлiктiк және жеке мүлiктiк
емес құқықтар мен мiндеттердi алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкiлдiк
ете алады.
Заңдарда көзделген реттер мен тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының
арнайы тапсырмасымен онын атынан өзге де мемлекеттiк органдар, заңды
тұлғалар мен азаматтар өкiлдiк ете алады.
Жеке меншiк азаматтардың және мемлекеттiң емес заңды тұлғалар мен
олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде көрiнедi. Сөйтiп, ұжымдық меншiк
пен азаматтардың меншiгi "жеке меншiк" деген терминнiң аясына бiрiгедi.
Оларды бiрiктiру мемлекеттен бөлiп қарау арқылы бұл меншiкпен жұмысты
ыңғайлы ұйымдастыруға байланысты, мәселен, салық саясатын жүргiзуге, немесе
мемлекеттiк әкiмшiлiк аппараттың жөнсiз араласуынан қорғайды.
Мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен азаматтар өздерiне қарасты барлық
мүлiктiң меншiк иесi болып табылады. Мысалы, акционерлiк қоғамның
акциясының белгiлi бiр бөлiгi мемлекетке тиесiлi болғанмен, оны мемлекеттiк
меншiк деп атауға келмейдi, себебi ол жеке меншiк боп қала бередi.
Азаматтардың жеке меншiк категориясы жеке дара өзiндiк меншiк ұғымына
сай келедi. Сонымен бiрге, бiздiң пiкiрiмiзше ол азаматтардың меншiгiне
деген жеке дара (өзiндiк), (тұтынушылық) және жеке меншiк iшкi
дифференциациялық болуы қажет.
Меншiк иесiнiң құқығын жүзеге асыру, яғни оның иелiк етуi, пайдалану
және билiк етуi мүлiктiң мүддесi мен мақсатына орай заңға сәйкес шектелуi
мүмкiн. Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңының 40-
бабында меншiк иесiнiң үй-жайлы, ортақ мүлiкке қауып төндiретiн немесе оны
нашарлататын жұмыстар жүргiзумен байланысты өзгертуiне, соның iшiнде қайта
жоспарлауына және жабдықтауына тыйым салынады.
Жеке меншiктiң ерекше түрiне кондоминиум меншiгi де жатады. Кондоминиум
ұғымын меншiк түрiнде көрiне тұрса да ("Тұрғын үй қатынастары туралы"
Заңының 31-бабы 1-тармағы) бiздiң Азаматтық кодексте ұжымдық меншiк ұғымы
жоқ ендiгiн ескерте кеткен жөн. Үй-жай меншiк иелерiнiң әрқайсысы өзiне
бөлек (жеке-дара) меншiк құқығы бойынша тиесiлi үй-жайды өз қалауы бойынша
иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқылы.
Үйдiң бөлек меншiкке жатпайтын бөлiктерi (кiре берiс, баспалдақ,
лифтiлер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтердең тыс не үйге ортақ
инженерлiк жүйелер мен жабдықтар, жер учаскелер, оның iшiнде көрiктендiру
элементтерi және ортақтасып пайдаланатын басқа да мүлiктер) үй-жай меншiгi
иелерiне ортақ меншiк құқығы бойынша тиесiлi болады.
Үй-жайдың әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесi оған тиесiлi үй-
жайға бөлек (өзiндiк) меншiкке бөлiнбейдi. Үлестiң мөлшерi, егер меншiк
иелерiнiң келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бөлек (өзiндiк) меншiктегi тұрғын
үй-жайлардың немесе тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының бүкiл үйдiң
жалпы алаңына қатынасымен анықталады. Мұндай үлестi заттай бөлiп беруге
болмайды.
Кондоминиумның әр алуан түрiнiң құқылық тәртiбiнiң ерекшелiктерi заң
құжаттармен айқындалады, ал "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңда тұрғын үй
кондоминиумы жайында айтылған.
Азаматтық кодекстiң 209-бабына сәйкес екi немесе бiрнеше адамның
меншiгiндегi мүлiк оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады.
Меншiк құқығының түрлерiне сипаттама берген кезде мүлiктiң құқықтық
тәртiбiнiң мазмұны мен ерекшелiгi мүлiктiң қайсы бiр түрiне жататындығына
байланысты келедi.
1.3 Меншiк құқығын азаматтық құқықтың субъектiлерi әртүрлi негiзiнде ала
алад. Азаматтық кодекстiң 235-бабы меншiк құқығына ие болуына әдейi
арналған. Бiрақ та заң меншiк құқығын алудың негiздерiнiң түпкiлiктi
дәрежеде тiзiм жасады деуге болады. Азаматтық кодекстiң
235-бабында "тәсiл" ұғымы қолданылмайды (бiр нәрсенi жүзеге асыру кезiндегi
әрекеттер немесе әрекеттер жүйесi). Меншiк құқығы оның пайда болуымен заңды
байланыстыратын заңдық фактiлер негiзiнде алынуы мүмкiн. Мұндай заңдық
фактiлер негiзделуiмен көрiнедi.
Меншiк құқығын алуда бастапқы және туынды негiздерiн шектеу өлшемiне
бiр жағдайда еркiндiк өлшемi, ал келiсi бiр жағдайда құқық қабылдаушылық
сай келедi, оның соңғысына ерекше баға берiледi.
Бастапқысына жататын талап деп мынаны айтамыз: зат бұрын болмады және
меншiк құқығы оған бiрiншi рет тағылды немесе зат бұрын болса, меншiк
құқығы оған бұрынғы меншiк иесiнiң құқығынан тәуелсiз жүзеге асыру.
Сондықтан да Азаматтық кодекстiң бастапқы негiздерiне мыналар қатысты:
жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығының пайда болуы,
өндеу, иелену мерзiмi, олжа, қараусыз жануарлар, меншiк иесiнен алынған
мүлiктi иелену, көмбе.
Туынды негiздер меншiк иесi құқығын алуда бұрынғы меншiк иесiнiң
құқығына тәуелдi болуымен сипатталады. Жаңа меншiк иесi пайда болуына
байланысты одан бұрынғысының құқығы бiр мезгiлде тоқтатылады. Алдымен
меншiк құқығына ие болу негiздерiнiң жалпы сипаттамасына тоқтатылайық.
Меншiк құқығының туыны незiздерiнiң пайда болуы шартқа (сатып алу-сату,
заем, несие және т.б.), сондай-ақ мұрагерлiкке байланысты, ол заңды
тұлғаларды қайта құрған кездегi құқықты мирасқорлық тәртiбiмен жүзеге асды.
Туынды негiздерге сонымен қатар мүлiктi тәркiлеү, жекешелендiру,
реквизациялау, жер участкесiн алып коюға байланысты қозғалмайтын мүлiктi
иелiктен айыру, күтiмсiз ұсталған мәдени немесе тарихи қазналар сатып
алынған реттер қатысты және заңда көзделген басқа жағдайлар да оған жатады.
Жаңа меншiк иесiне тек заттың ғана меншiк құқығы емес, осы затқа
байланысты құқықтар мен мiндеттердiң барлығы ауысады. Мәселең, үй сатып
алған адамға сол үймен байланысты жасалған жалдау немесе кепiл шарттары
көшедi. Тағы бiр мысал:мұраны кабылдап алған мұрагер мұра қалдырушының
борыштарына өзiне ауысқан мұралық мұлiктiң нақты құны шектерiнде жауап
бередi. Сондықтан да меншiк құқығына ие болудың туынды негiзiнде әрқашанда
мирасқорлық қасиет тән. Меншiк құқығына ие болуға байланысты жаңа меншiк
иесi бұрынғы меншiк иесi еншiлеген барлық өкiлеттiктi түгелдей өзiне алады
деуге болмайды. Мәселен, бұл жаңа меншiк иесiне қандай мүлiк ауысуына және
оның иесi кiм екендiгiне, жаңа иеленушiнiң меншiк құқығы қандай
болатындығына байланысты.
Ендi меншiктiң бастапқы негiзiнде тоқталайық. Азаматтық кодекстiң 235-
бабының 1-тармағы меншiк құқығын алудың бастапқы негiздерiнiң бiрiне
дайындалған немесе жасалған затқа құқылы жатқызады. Меншiк құқығы бұрын
болмаған затқа да пайда болады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, затты
дайындап не оны жасаған адам соның меншiк иесi атанады. Жаңадан дайындалып,
жасалған заттар қозғалатын не қозғалмайтын болуы мүмкiн. Азаматтық
кодекстiң 236-бабына сәйкес салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға, өзге де
мүлiк кешендерiне, сондай-ақ өзге де жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын
мүлiкке меншiк құқығы осы мүлiкке жасау аяқталған кезден бастап пайда
болады. Егер заң құжаттарында немесе шартта құрылысы аяқталған объектiлердi
қабылдап алу көзделген болса, онда тиiстi мүлiктi жасау осылайша қабылдап
алынған кезден бастап аяқталған болып есептеледi. Қозғалмайтын мүлiк
мемлекеттiк тiркеуге тиiс реттерде, оған меншiк құқығы осылайша тiрелген
кезден бастап пайда болады.
Қозғалмайтын мүлiктi жасау аяқталғанға дейiн, ал тиiстi жағдайларда –
оны мемлекеттiк тiркеуден өткiзгенге дейiн мүлiкке қозғалмайтын мүлiк
жасалатын материялдар мен басқа мүлiкке меншiк құқығы туралы ережелер
қолданылады.
Заң бастапқы негiздерге мүлiктi пайдалану нәтижесiнде алынған
жемiстердi, өнiмдi, табысты жатқызады. Зат күйiндегi жемiс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Меншік құқығын тану
Меншік құқығы жайлы жалпы ережелер
Меншік құқығының жалпы түсініктері
Заңды тұлғалардың заттық құқығы
ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
Меншік құқығын қорғаудың заттық - құқықтық тәсілдері
Азаматтық құқықтарды қорғауды зетрреу
Меншiк құқығы ұғымы және оның мазмұны
Пәндер