«Delta Bank» АҚ


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес факультеті

«Қаржы» кафедрасы

ЕСЕП БЕРУ

(Өндірістік немесе дипломдық практиканың материалдары бойынша)

Орындаған:«Қаржы»

мамандығының 4 курс

студенті: Медағұлова А.

Алматы 2010 жы

Мазмұны

Кіріспе 3

1. «Delta Bank» АҚ қызметінің жалпы сипаттамасы5

2. «Delta Bank» АҚ қаржылық жағдайын талдау32

3. Халықтың банктік қызметтерге сұранысын зерделеу

және нарықты сегменттеу 48

4. «Delta Bank» АҚ операциондық бөлімінің қызметін талдау

Қорытынды 52

Кіріспе

Соңғы жылдары Қазақстанда нарық экономикасының инфрақұрылымы және оған тән механизмдердің қалыптасуы жүзеге асуда. Ерекше көңілді бәсекелестіктің дамуымен байланысты сұраныс пен ұсыным механизмі аудартады. Несиелік қатынастар ұйымдарының жаңа нысандарының пайда болуы, қаржылық несиелік институттардың ауыспалы экономикалық жағдайға біртіндеп бейімделуі банк жүйесін қайта ұйымдастыру үрдістерін талдауды және қаржы несие қатынастарындағы болып жатқан өзгерістерді зерттеуді талап етеді. Банк жүйесін реформалау, коммерциялық банктің тиімді жүйесін қалыптастыру республикамыздағы нарық қатынастарын дамытудың маңызды бөлшегі болып табылады. Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі сатысы банктерге қаржы нарығының түрлі құралдарын меңгере отырып, өз қызметін әртараптандыруға лаждайды. Банк жүйесі ішінде, сонымен қатар халыққа банктік өнімдер мен қызметтердің әр түрлі спектрін ұсынатын, ақша салымдарын қызықтыру саласындағы түрлі инвестициялық қаржылық компаниялар ішінде, банктер мен сақтандыру және зейнетақы қорларын ұсынатын банктік емес ұйымдардың арасында бәсекелестік бір уақытта күшеюде. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай қиын жағдайларда өз нарық сегментін тапқан, клиенттердің сұрау салуларына бейімделе алған банктер ғана алға жылжи алады.

Қазақстан Республикасының банк секторы ішіндегі бәсекелестіктің дамуы банк қызметтерінің дифференциациясына сәйкес түрлі параметрлері бар белгілі бір банк өнімі немесе қызметімен байланысты. Дамыған бәсекелестік банктерге жарнамаға шығындарды көбейтетуге, банк имиджін қолдауға қосымша қаражат шығаруға, елеулі қосымша шығындарды талап ететін жаңа қызметтерді әзірлеуге мәжбүр ететіндіктен, олардың пайдалылығы төмендейді деген пікір тараған. Бірақ, біздің ойымызша бәсекелік артықшылықтар әрқашан да банк пайдалылығының төмендеуімен қатар жүрмейді. Олардың маңыздыларына қолда бар құралдарды тиімді пайдалану нәтижесінде, яғни ақша ресурстарын қызықтыру бағасын төмендету, шығындарды және өндірістік емес ысыраптарды азайту, банк персоналының біліктілігін жоғарылату нәтижесінде басқаруды жақсарту арқылы қол жеткізуге болады.

Көрсетілген бәсекелік артықшылықтардың көбіне Қазақстанның коммерциялық банктерінің қодары жете бермейді. Жеткілікті қаржы ресурстары бар несиелік мекемелер ақшаны қазіргі заманға сай жаңа кеңселерді салуға, штатты кеңейтуге және қымбат жарнамаларға салуды дұрыс көреді. Орташа және ұсақ банктердің қажетті материалдық ресурсы және кадрлық әлеуеті жоқ және олар ағымдағы жұмыспен жұтылған.

Бірақ, республикамыздың коммерциялық банктері ортасында маркетингтік стратегияның беделі біртіндеп өсуде. Банктердің барлығында маркетинг бөлімдері немесе департаменттері бар. Алайда, банк қызметінде маркетингтің даму мүмкіндіктерін шектейтін және оның батыс моделінен сапалық ерекшелігін анықтайтын факторлар бар.

Бәсекелестіктің күшеюіне байланысты банк қызметінде максималды коммерциялық және имидждік нәтиже алып келетін банк қызметтерінің нарық сегментіне ресурстарды бағыттауға мүмкіндік беретін маркетингтік стратегия анықтамасына көңіл бөлінуде. Осы жерде жұмыстың мақсаттары мен міндеттері шығады.

Жұмыстың мақсаты : банктегі тұтыну несиесінің бәсекеге қабілеттілгін жоғарылату бойынша мәселе қозғау. Шешілу мүмкіншілігі бар ұсыныстар ұсыну.

1. «Delta Bank» АҚ қызметінің жалпы сипаттамасы

Бүгінгі «Delta Bank»

Банк туралы мәлімет

«Delta Bank» АҚ бүгінгі күні клиенттердің нарықтық қажеттіліктері мен ұсыныстарын ескере отырып, банктік өнімдер мен қызметтерді көрсетуге бағытталған серпінді даму үстіндегі қаржылық институт болып табылады.

Батыс Қазақстан облысы Ақтау қаласының ірі мұнай-газ компанияларының бастамасымен 1993 жылғы 1-ші қыркүйекте негізі қаланған Банк еліміздің қаржы нарығында өзінің16 жылдық тарихындағы жайғасымын едәуір нығайтты.

Орталық офис Ақтаудан Алматыға ауыстырылғаннан кейін Банк Қазақстанның алдыңғы қатарлы банктерімен корреспонденттік қатынастарды нығайтуға және Ресей мен Прибалтиканың коммерциялық банктерімен ынтымақтастықты кеңейтуге әсерін тигізген республикалық статусқа ие болды.

Клиенттерінің жыл сайынғы белсенді түрде ұлғайған тенденциясы Банктің дұрыс таңдалған стратегиясы мен Банктің өсуіне деген сенімді дәлелдейді.

Банктің 16 жыл бойына жиналған тәжірибесі, өткен жылдардың табыстары мен жетістіктері Банкке стратегиялық басымдықтарды жан - жақты етудің пайдасымен қоса бизнес жүргізудің жаңа деңгейіне көшуге мүмкіндік берді. Банк ребрендингін өткізу қажеттілігі туындады. Оның негізділігі ең алдымен шағын және орта бизнесті, жеке сауданы дамытуға бағытталған жаңа стратегияны қабылдаумен байланысты еді. Оның үстіне мұнай компаниялары секторларының үлесінде клиенттер құрамы қысқаруы салдарынан Банк салалық болуын тоқтатты.

Банктің бүгінгі күнгі негізгі мақсаттары - қызмет көрсету мен жаңа өнімдердің стандарттарын өңдеу және жаңа стратегияға ену арқылы жаңа деңгейге қол жеткізу.

Клиенттердің қажеттіліктері мен жалпы нарықтық жағдайды талдау Банкке бәсекелестікке жарамды банк өнімдерін өңдеуге мүмкіндік берді, олардың ішінде ұжымдық клиенттер мен шағын және орта бизнес субъектілері үшін айналымдық қаражаттарды толтыруға арналған заемдар, жылжымайтын мүлікке негізделген қаражаттар, сондай-ақ жеке тұлғаларға арналған несие өнімдері - «Ипотека универсал», «Неотложка» несие желілері, Автонесиелендіру. Депозит өнімдерінің желісі кеңінен ұсынылған, жеке тұлғаларға арналған - «Малыш», «Мудрость», «Delta-Байлық» депозиттері сондай-ақ заңды тұлғаларға арналған - «Delta - бизнес», «Delta-капиталист», «Delta-Байлық» салымдары.

Банк командасы жылдан -жылға озық тәжірибе мен қазіргі заманға сай банк технологияларын пайдалана отырып, қаржылық қызметтерді ұсыну мүмкіншілігін кеңінен пайдалану қажеттілігін қолданып, қаржылық қызметтердің толық ауқымын көрсету арқылы әмбебеп Банк құру жолында. Осы мақсатта «Delta Bank» АҚ банк процесстерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бағдарламалық өнімдердің бірқатарын енгізуде. «Delta Bank» бірер жылдардан бері ТМД елдеріндегі және шалғай шет елдердегі көптеген банктермен ынтымақтастық пен серіктестікте. Олардың қатарына Сбербанк, Связь - Банк, Райффайзенбанк, ЮниКредитБанк, Промсвязьбанк, Транскапиталбанк, Citibank, Commerzbank және т. б. кіреді.

«Delta Bank» АҚ аймақтық желісі 9 филиалды қамтиды. Банктің жоспарында - қосымша филиалдарды ашу арқылы аумақтарға таралу да бар.

«Delta Bank» АҚ активтері 30 494 млн. теңгені, несие қоржыны 20 806 млн. теңгені құрайды. Меншік капиталы - 7 272 млн. теңге (мәліметтер 2010 жылдың 1 қаңтарына келтірілген) .

Банктің Миссиясы

Банк өз міндетін корпоративтік және жеке клиенттерге олардың қаржылық қажеттіліктеріне сәйкес бағытталған банк өнімдері мен қызметтерін озық технологияларды пайдаланып сапалы әрі жедел түрде қызмет көрсету деп таниды.

Банктің мақсаттары:

  • Клиенттер базасын ұлғайту;
  • Клиенттерге қызмет көрсету сапасының стандарттарын енгізу;
  • Нарық конъюнктурасына және клиенттердің қажеттіліктеріне сәйкес өнімдер мен қызметтер әзірлеу және жетілдіру;
  • Банктің қаржылық көрсеткіштерін ұлғайту;
  • Аймақтық қатысуды кеңейту;
  • Басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіру;
  • Халықаралық капитал нарықтарына шығу;

Бренд философиясы

Банктің атауындағы негізгі мағынадағы салмақ «Delta» ұғымына түседі «Delta» . Егер оны өзен дельтасы (алыбы) мәнінде қарастырсақ, онда бұл өмір сүру және даму үшін мінсіз мекен. Сонымен қатар Delta үйге кіреберісті білдіреді, сондықтан Банкті жайғастырудың негізі әр Клиент сапалы әрі жедел қызметтерін пайдаланатын банк - жайлы үй деген түсінікке саяды.

Логотип түпнұсқалық белгіден және Банктің атауының жазбасынан тұрады.
Белгі орнықты біртұтас жүйеге біріктірілген үш құрамдас бөліктен тұрады, бұл орайда үш негізгі бөліктің әрқайсысы белсенді, қозғалыстың шексіздігін білдіретін сағат тілімен айналып тұрады.
Үшбұрыш - үш құрамдас бөліктің жігерінің, бірлігінің және теңдігінің белгісі, бұл одақ Банктің, Қоғамның және Клиенттің арасында нығыз қарым - қатынастарды біріктірудуң белгісі.

Фирмалық белгі сенімді, қол жетерлік және ойға Клиенттерге бағытталған Банкті түсіретін, Клиенттердің жинақталымдарының сақталуын қамтамасыз ететін құрылымның ішіндегі жолға қойылған жұмысты білдіреді.

Банктің жаңа белгісінің негізгі түстері: жасыл және күміс түстес.
Жасыл - өмірдің, өсіп - өркендеудің, гүлденудің, айқындықтың, ашықтықтың және қол жеткізу мүмкіндігінің түсі, ал күміс түс тұрақтылықты, сенімділікті, консерватизмді және шешімдердің таразылығын білдіреді.

Біріккен түстер үйлесімділігі Банктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес айқындалған.
Брендті жаңғырту қазіргі заманғы банкинг қызметтерін көрсететін бизнесті дамытуға және Клиенттердің әл - ауқатын көтеруге әсерін тигізетін серіктес ретінде Delta Bank тануға бағытталған.

Біз үшін біздің әрбір Клиентіміз Банкті және банк қызметтерінің кең ауқымы мен жоғары қызмет көрсету сапасына қол жеткізуі, сенімді қаржы институты ретінде қайта құру болып табылатын ребрендинг тұжырымдамасының мәнін түсінуі өте маңызды.

Банк бір сатыға жоғары көтерілді, оның болашағы жұмыс істеуге және табыстарға жетуге әзір кәсіпқой мамандар командасының қолында. Сондықтан «Delta Bank» АҚ-ның алдында тұрған бірінші басым мақсат - бізбен бірге «Нефтебанктің» нағыз даму сатысында сенім мен қолдаудың арқасында жұмыс істеп келген біздің Клиенттеріміздің және Серіктестеріміздің үмітін ақтау.

Тарихы

1993 жыл

  • 1993 жыл 1 қыркүйек «Нефтебанк» Жабық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінен алғашқы мемлекеттік тіркеуден өтті.

1994 жыл

  • 1994 жыл 8 сәуір Жаңаөзен қаласында Банктің бірінші филиалы ашылды.
  • 1994 жыл 29 қараша Банк Қазақстан Республикасының Банктер Ассоциациясының мүшесі болды.
  • 1994 жыл 6 сәуір «Нефтебанк» Ашық Акционерлік Қоғамы болып қайта тіркеуден өтті.

1997 жыл

  • 1997 жыл 24 ақпан Банк филиалы Алматы қаласында ашылды.
  • 1997 жыл 26 ақпан Банк филиалы Атырау қаласында ашылды.
  • 1997 жыл 26 ақпан Банк Халықаралық Банкаралық Қаржылық Телекомуникациялық SWIFT Жүйесімен (Бельгия) - ақпаратты қамсыздандыруды лицензиялауға Шарт жасасты.

1998 жыл

  • 1998 жыл 15 сәуір Банктің «А» категориялы жай акциялары (ұлттық сәйкес нөмірі KZ1C36500011) «Казақстан Қор Биржасы» АҚ-ң сауда тізіміне қосылды.
  • 1998 жыл 28 сәуір Банк филиалы Ақтөбе қаласында ашылды.

1999 жыл

  • 1999 жыл 21 желтоқсан Банк филиалы Орал қаласында ашылды.
  • 1999 жылдан «Нефтебанк» АҚ Қазақстан Қаржыгерлер Қауымдастығының Мүшесі.

2000 жыл

  • 2000 жыл 16 қараша Банк «Казақстандық кепілдік ету қоры (сақтандыру) » АҚ жеке тұлғалардың салымдарын ұжымдық кепілдік ету (сақтандыру) жүйесінің қатысушысы болып табылады. Куәлігі № 0013.
  • 2000 жыл 9 қараша Банк «Нефтебанк» Акционерлік қоғамына қайта тіркеуден өтті.
  • 2000 жыл 1 желтоқсан Банк Республикалық Мемлекеттік Банкаралық Есеп - айрысудың Қазақстандық Орталығындағы кәсіпорнымен шартқа қол қойды және Банкаралық Ақша Аударымдары Жүйесінің (БААЖ) қатысушысы атанды.

2001 жыл

  • 1998 - 2001 банк саласында Norvegian Banking Resources және Rabobank бірлесіп Дамуды қаржыландыру және Кәсіпкерлікті Дамыту бағарламаларының шегінде «Twinning» қызметтік тәжірибе алмасу жобасын өткізу.
  • 2001 жыл 16 мамыр Банк (IFC) Халықаралқ Қаржы корпорациясынан 7 жылға дейінгі 2, 5 миллион АҚШ долларын 5 жыл жеңілдігімен қосылған синдикатталған заемын акцияға арналған опционымен бірге алды.
  • 2001 жыл 5 маусым Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен Шартқа қол қойып ұлттық валютадағы - теңгедегі корреспондентттік шот ашты.
  • 2001 жыл Дүниежүзілік банк желілелері бойынша банктерге техникалық көмек көрсету бағдарламасы шегіндегі халықаралық «Twinning» стандартына көшу жұмыстары аяқталды.

2002 жыл

  • 2002 жыл 11 наурыз Банк «Банк ЦентрКредит» АҚ халықаралық Western Union жүйесімен ақша аударымдары қызметін көрсетуге Келісімге қол қойды.
  • 2002 жыл 10 қараша Банк VISA Internationalдың Қауымдастырылған Мүшесі мәртебесін иеленді.

2003 жыл

2003 жыл Қаржылық есеп беру Халықаралық Стандарттарға сәйкес аудиторлық есеп берумен расталды.

2004 жыл

2004 жыл 27 сәуір Банк SWIFTNet қызметін көрсету үшін Ұлттық Банктің Банкаралық Есеп-айырсу Орталығының Республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен шартқа қол қойылды.

2005 жыл

  • 2005 жыл 1 ақпан "Нефтебанк" Акционерлік қоғамыны Мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.
  • 2005 жыл 5 сәуір «Ипмексбанк» АҚ-мен ақша қаражаттарының аударымдарын «Быстрая Почта» жүйесімен орындау үшін корреспонденттік шот шартының Қосымша Келісіміне қол қойды.
  • 2005 жыл 23 маусым Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды қадағалау агенттігі Банктің 5 000 000 жай акцияларының шығарылуын мемлекеттік тіркеуден өткізді (ұлттық сәйкестік нөмірі KZ1C36500011) .
  • 2005 жыл 12 қыркүйек Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды қадағалау агенттігі "Нефтебанк" АҚ 30 000 000 купонды субординияланған облигацияларының алғашқы шығаруларын мемлекеттік тіркеуден өткізді ((ұлттық сәйкестік нөмірі KZ2CKY07B717) .

2006 жыл

  • 2006 жыл 18 ақпан «Нефтебанк» АҚ-на корпоративті басқару Кодексі Бекітілді.
  • 2006 жыл 18 ақпан «Нефтебанк» АҚ-ның Басқарма Төрағасы болып Есентугелов Ж. А. тағайындалды.
  • 2006 жыл 2 наурыз Банк «Бірінші несие Бюросы» ЖШС-тің қатысушысы болып тағайындалды.
  • 2006 жыл 13 маусым Банктің Ақтау қаласында филиалы ашылды.
  • 2006 жыл 15 маусым «Нефтебанк» АҚ-ның Орталық офисі Ақтау қаласынан Алматы қаласына көшті.
  • 2006 жыл 22 маусым «Нефтебанк» АҚ банктердің ұлттық және шетел валюталарында банктік және басқа да операцияларды жүрзізуді жүзеге асыруына Лицензия алуы.
  • 2006 жыл 26 желтоқсан Банктің Астана қаласында филиалы ашылды.

2007 жыл

  • 2007 жыл 19 сәуір Директорлар Кенесінің Шешімі бойынша «Нефтебанк» АҚ-ның Басқарма Төрағасы болып Жангельдин Е. Т. тағайындалды.
  • 2007 жыл 6 шілде Банктің жарғылық капиталы жай жарияланған акциялардын арқасында 3, 1 млрд. теңгені құрады.
  • 2007 жыл 9 шілде «Нефтебанк» АҚ-ның Басқарма Төрағасы болып Досмұқаметов Қ. М. тағайындалды.
  • 2007 жыл 31 шілде Банктің Қарағанды қаласында филиалы ашылды
  • 2007 жыл 3 тамыз Банктің Директорлар Кеңесі «Нефтебанк» АҚ атауын «Delta Bank» АҚ ауыстыру және Банктің Жарғысын жаңа редакцияда жариялау жөнінде шешім қабылдады.
  • 2007 жыл 29 тамыз Банк Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің тіркеу қызметі Комитетінде Мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.
  • 2007 жыл 7 қыркүйек Банктің Орталық офисі жаңа ғимаратқа көшті, мекен-жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 73 А.

2008 жыл

  • 2008 жыл қыркүйек Халықаралық рейтингтік «Moody`s Investors Service» агенттігі «Delta Bank» АҚ ұзақ мерзімді В3 рейтингін және қысқа мерзімді Non-Prime және депозиттік қаржылық тұрақты Е+ рейтингтерін («BFSR») иелендірді.
  • Ақша аударымдарының жаңа (Лидер, BLIZKO) жүйелері енгізілді. Жүйе әлемнің көптеген елдеріне аударымдарды жөнелтуді орындайды;
  • Банктің сатылатын шетел валютасын «Қазақстандық қор биржасына» жедел жеткізу тәртібінде аудару;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен Банкке ҚР ҰБ РЕПО операцияларын жүргізуге мүмкіншілік беретін стандартты шарттар мен терминдер туралы Келісімшарт жасасты.

2009 жыл

  • 2009 жыл наурыз «КазАгро Ұлттық Холдингі» АҚ - ң инвестициялық жобаларды және агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерін несиелендіруді жүзеге асыру, сонымен қатар көктемдік-егістік жұмыстарды жүргізу туралы «Өзара түсіністік пен серіктестік туралы меморандумына» қол қойылды. Осы бағдарлама шеңберінде «Delta Bank» АҚ-на 4 696 060 000 шегінде теңге бөлінді.
  • 2009 жыл сәуір «Delta Bank» АҚ Ауылшаруашылық кәсіпкерлердің арасындағы кеңейтілген клиенттік базаны ескере отырып, Қазақстан Республикасының экономикасы модернизациясының сауалдары жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының 2009 жылғы 13 сәуірдегі шешімімен Банк шектеуі 6 896 060 000 теңгеге дейін көтерілді.

Акционерлер

«Delta Bank» АҚ тіркеушісінің - «Зерде» АҚ тіркеуіне 01. 12. 2009 ж. жағдайына берген мәліметтері бойынша :

«Delta Bank» АҚ жарияланған акцияларының жалпы саны - 5 000 000 дана, оның ішінде:

Жай акциялар саны (НИН KZ1C36500011) - 5 000 000 дана;

Артықышылықтарымен акциялар - жоқ.

Жайғастырылған акциялардың жалпы саны - 4 668 420 дана жай акциялар;

Сатып алынған акциялардың жалпы саны - 13 325 дана жай акциялар.

«Delta Bank» АҚ 01. 01. 2010 жылғы жағдайына жайғастырылған акциялардың 5 және одан да көп пайызын иеленушілер қатарына келесі тұлғалар кіреді:

Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты - жөні: Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты - жөні
Жай акциялар, данада: Жай акциялар, данада
Жайғастырылған акциялардың жалпы санынан үлесі, %: Жайғастырылған акциялардың жалпы санынан үлесі, %
Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты - жөні: «БТА Казақстан» «ЖЗҚ АҚ «БТА БАНК» АҚ ЕҰ
Жай акциялар, данада: 290 098
Жайғастырылған акциялардың жалпы санынан үлесі, %: 6, 214%
Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты - жөні: Әбдіқалыкова Дина Өскенқызы
Жай акциялар, данада: 403 576
Жайғастырылған акциялардың жалпы санынан үлесі, %: 8, 6448%
Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты - жөні: Субботин Арсен Алексеевич
Жай акциялар, данада: 408 754
Жайғастырылған акциялардың жалпы санынан үлесі, %: 8, 7557%
Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты - жөні: Садықов Димаш Ерболұлы
Жай акциялар, данада: 289 099
Жайғастырылған акциялардың жалпы санынан үлесі, %: 6, 1926%
Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты - жөні: Брімжанов Асқар Болатұлы
Жай акциялар, данада: 311 339
Жайғастырылған акциялардың жалпы санынан үлесі, %: 6, 669%
Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты - жөні: Есенов Ғалымжан Шахмарданұлы
Жай акциялар, данада: 1 267 513
Жайғастырылған акциялардың жалпы санынан үлесі, %: 27, 1507%
Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты - жөні: Медеуов Мұрат Есенгелдіұлы
Жай акциялар, данада: 449 290
Жайғастырылған акциялардың жалпы санынан үлесі, %: 9, 624%
Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты - жөні: Тымбаев Ербол Бексұлтанұлы
Жай акциялар, данада: 460 174
Жайғастырылған акциялардың жалпы санынан үлесі, %: 9, 8571%
Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты - жөні: Усманов Руслан Мухамедұлы
Жай акциялар, данада: 264 467
Жайғастырылған акциялардың жалпы санынан үлесі, %: 5, 665%

Директорлар кеңесі

«Delta Bank» АҚ Директорлар Кеңесі Банк қызметтеріне жалпы басшылық жүргізетін Банктің басқару органы болып табылады.

Директорлар Кеңесінің Төрағасы

Есенов Ғалымжан Шахмарданұлы

Директорлар Кеңесінің Мүшелері

Көшкімбаева Мира Аманкұл - қызы

Назыров Наиль Рифкат - ұлы

Жаңабаева Гауһар Ораз - қызы

Басқарма

Банк Басқармасы

Басқарма Банктің алқаластық орындаушы органы болып табылады. Бұл қызмет түрін Банк басшысы жүзеге асырады. Банк Басқарма басшысынан және Басқарма мүшелерінен тұрады.

Басқарма Басшысы

Көшкімбаева Мира Аманқұл - қызы

М. В. Ломоносов атындағы ММУ «саясаттану» мамандығы бойынша 1991 жылы бітірген, 1997 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясының нарық Институтын «қаржы және несие» мамандығы бойынша аяқтаған, 2003 жылы - Нидерландыдағы Маастрихт университетін іскерлік (MSc) бағдарламасы бойынша бітірген.

«Wealth Capital» АҚ Басқарма Басшысы лауазымындағы қызметін атқарған, «Казахстанкаспийшельф» АҚ Бас Директорының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары, «Алматы Халықаралық аэропорты» АҚ қаржы жөнінен вице - президенті, «Евразиялық Банк» АҚ Басқарма Басшысының Орынбасары қызметтерін атқарған.

Басқарма Басшысының Орынбасары

Ким Инесса Чер-Хван - қызы

1988 жылы Қазақ политехникалық институтын «инженер-системотехник» мамандығы бойынша бітірген, 1997 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясында қаржылық - экономикалық екінші жоғарғы білімін аяқтаған.

Банктік секторда 16 жылдан артық қызмет етеді. Технополис-Банкінің салым операциялары бөлімінде жұмыс істеген, Түрік - Қазақ халықаралық банкінің саудалық емес операциялары бөлімінің бастығы, «Евразиялық банк» АҚ Басқарма Басшысының Бірінші Орынбасары лауазымындағы қызметтерін атқарған.

Басқарма мүшесі

Степаненко Елена Павловна

1993 - жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын «Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Өзінің банктік қызметін 1995 жылы Қазақстанның Мелекеттік даму банкінде бастаған. Банктік жүйедегі жалпы жұмыс тәжірибесі 15 жыл. Бұдан бұрын «Эксим Банк Қазақстан» АҚ, "Халық банк” және «Евразиялық банк» - терінің Алматы филиалдарында қызмет істеген. Қазіргі уақытта "Delta Вank" АҚ Алматы қаласындағы филиалының директоры лауазымындағы қызметті атқарады.

Рейтингтер

Moody’s рейтингтік агенттігінің « Delta Bank» АҚ бекіткен ақпараттары бойынша :

Қыркүйек 2008: Қыркүйек 2008
Ақпан 2009: Ақпан 2009
Қыркүйек 2008: B3 шет ел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтинг
Ақпан 2009: B3 шет ел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтинг
Қыркүйек 2008: NP шет ел валютасындағы қысқа мерзімді рейтинг
Ақпан 2009: NP шет ел валютасындағы қысқа мерзімді рейтинг
Қыркүйек 2008: Е+ қаржылық орнықтылық рейтингі
Ақпан 2009: Е+ қаржылық орнықтылық рейтингі
Қыркүйек 2008: Болжау «Тұрақты»
Ақпан 2009: Болжау «Негативті»

Филиалдық желілер

Банктің стратегиялық бағыттарының бірі - филиалдар желісін көбейту арқылы аумақтарға таралу. Халықтың ритейлді қызметтерге қажеттілігін ескере отырып, клиенттер үшін Банкке қол жеткізу мүмкіншіліктерін арттыру қажеттілігі туындайды.

«Delta Bank» АҚ филиалдарының жұмысын жүзеге асыру корпоративті және жеке клиенттерге банктік қызметтерді барынша жақынырақ етуге мүмкіншілік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delta Bank акционерлік қоғамының тәжірибесі негізінде тұтыну несиеcін ұйымдастыру
Банктің депозиттік қызметі
Банктің активті операцияларын талдау
Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары мен олардың дамуы
Коммерциялық банктердің несиелеу қызметінің қайтарымдылық операциялары
Банктің пассивтеріне талдау жүргізу
Қазынашылықты ұйымдастыру ,оның бюдежттің орындалуындағы рөлі
Бахрейн банк жүйесі
Бюджетпен есеп айырысудың бақылауы мен аудиті
Қор биржасы және оның қызметтерi мен құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz