Адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтарына және міндеттері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері. КУРСОВАЯ

Жоспары:

Кіріспе3

1. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі5

2. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары . . .

2. 1. Жеке құқықтар мен бостандықтар . . .

2. 2. Әлеуметтік, экономикалық, мәдени құқықтары мен бостандықтары . . .

2. 3. Саяси құқықтар мен бостандықтар

3. Адам мен азаматтың конституциялық міндеттері . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер . . .

3) құқықтық мәртебенің кепілдіктері.

Кіріспе

Бүгiнгi күнгi адам құқығы мен бостандығы мәселесi тек жекелеген мемлекеттердiң iсi ғана болып қана қоймай сондай-ақ ол барлық әлемдiк қауымдастыққа мүше елдердiң үлкен де өзектi iрi мәселесiне айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда менiң курстық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселе аса өзектi сипатқа ие болып отыр деп айтуға болады.

Қазақстан Республикасында адам мен азаматтардың құқықтары мен ботандықтарына үлкен көңiл бөлiнедi. Оған Қазақстан Республикасы Конституциясының бiр тарауы арналған. Олар конституциялық құқықтар мен бостандықтар деп аталады.

Адам құқығы саласында Қазақстан Республикасының Конституциясы жалпыға мәлім халықаралық құқықтық актілердегі демократиялық, гуманды құндылықтардың бәрін барынша боиына сіңірген құжат болып табылады.

Адам, оның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттiң қорғауында болады. Ешкiм оларды бұза алмайды. Басқа бiреудiң құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны үшiн кiнәлi адам жауаптылыққа тартылады. Ол құқық қорғау органдары арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтық және саяси құқық туралы пактте " әр адам, ол қай жерде тұрса да, оның құқықтық субъектілігін тануға құқы бар " делінген (16-бап) .

Азаматтылық бір жағынан, ұлттық, сондай-ақ жалпы азаматтық мораль нормаларын, дағды, әдет, саяси-құқықтық міндеттерді игеруден, екінші жағынак, оларды жүзеге асыру қабілетінен көрінеді.

Азаматтылық адам тек өзінің жалаң міндетін орындаған кезде ғана емес, сондай-ақ жеке басына келетін зардаптардан қорықпастан мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттеріне қарсы тұрған кезде көрініс табады.

Азаматтылықтың мұндай касиеті мемлекет пен азаматтардың арасында қалыптасатын саяси және құқықтық қатынастарда, сондай-ақ азаматтардың мемлекетке бейтарап қатынасында жүзеге асырылады.

Адам құқықтарын қорғау мәселесi - жекелеген мемлекеттердiң iшкi iсi болып қана қоймай - бұл бүкiл әлемнiң барлық мемелекттерi үшiн үлкен де өзектi iрi мәселеге айналып отыр.

Менiң курстық жұмысымның тақырыбы - адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты мәселені ашып қарастыру. Жұмыстың басты мақсаты ел ішінде және халықаралық деңгейде адам құқықтары мен бостандықтарын ашып қарастыру. :

Өзiмнiң курстық жұмысымды ҚР Конституциясына сәйкес қарастырдым осы тақырыпқа байланысты курстық жұмыстың келесідей міндеттері анықталды:

  • Тұлғаның құқықтық мәртебесіне тоқталу;
  • Адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселелердi;
  • Азаматтардың конституциялық әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси құқықтарының ерекшелiктерiне тоқталып кетудi негiзгi мақсат етiм;
  • Азаматтардың конституциялық мүдделері мен міндеттерін ашу;
  • Азаматтардың құқытарын қорғау мәселелердiң халықаралық аспектiлерiне тоқталдым,

Жалпы әлемдiк денгейде де адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға аса жоғары мән берiлуде деп айтуға болады, әрi бұл бағытта басты бағдар ретiнде ұстанатын негiзгi қағида ол - жалпы адамгершiлiк құндылықтары.

Осы өзiмнiң курстық жұмысымда Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселелердi және азаматтардың конституциялық міндеттері, құқықтарының ерекшелiктерiне сондай-ақ бұл мәселелердiң халықаралық аспектiлерiн жете тоқталып кетудi негiзгi мақсат етiп белгiлеп отырмын.

1. Тұлғаның құқықтық мәртебесі

Тұлғаның құқықтық мәртебесі қоғамның мемлекеттік ұйымның толыққанды мүшесі ретінде жеке адамның заңдар мен өзге де құқықтық актілерде белгіленген құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы тұрғысында көрінеді.

Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің мазмұны, оның құқықтары, бостандықтары, заңдық міндеттері болып табылады, ал бұлардың негізді болуы үшін белгілі бір алғышарттар туындауы тиіс. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің алғышарты оның құқық қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі, сондай-ақ азаматтыққа қатыстығы болып табылады.

Жаңа конституцияда “азамат” термині қолданылған кезде Қазақстан Республикасының азаматы деп жиі айтылады. Мәселе мынада: басқа мемлекеттерде тұратындар сияқты Қазақстан аумағында тұрып жатқандардың бәрі бірдей оның азаматы болып табылмайды. Олардың арасында шетелдік азаматтар немесе азаматтығы жоқ адамдар да болуы мүмкін.

Азаматтық дегеніміз - адамның мемлекетпен, оның өзара құқықтары мен міндеттері жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланысы. Бір жағынан, азаматтыққа белгілі бір құқықтар берілген, мемлекет осы құқықтардың нақтылы қамтамасыз етілуіне қамқорлық жасайды. Осыған орай мемлекет өз азаматтарын елден тысқары жерлерде де қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді. Екінші жағынан Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заңдарында азаматтардың мемлекет жөніндегі белгілі бір міндеттері көзделген, осыған сәйкес мемлекет азаматтардың өз міндеттерін тиянақты орындауларына тиісті шаралар қолдануға құқылығы анықталған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының ІІ бөлімі адам және азамат, оның құқығы, бостандығы мен міндеттеріне тікелей арналған.

Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқына қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені калыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқын тікелей реттемейді. БҰҰ Жарғысы (1-баптың 3- тармағы) мемлекеттерді олардын, аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай да болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе бойынша: "Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы" (1948 ж. ), "Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы", "Адамдардың азаматтық және саяси құқықтары туралы" (1966), "Балалар құқы декларациясы" (1959 ж. ), "Әйелдердің саяси құқы туралы кон-венция" (1954 ж. ) және басқа бірқатар құжаттар қабылданды1.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы (1995 ж. ) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен принциптеріне сүйенеді. Аталған және басқа халықаралық актілер мынадай негізгі құқықтар мен бостандықтарды жариялайды: кез келген адам өмір сұруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы; ешкім де азапталмауы, қадір-қасиетін кемсітетіндей көз алартушылықка және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дөрежеде қорғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін алмастыруға жәнетандауға құқылы; кез келген адам өзінің, отбасының және басқаларының денсаулығын және тұрмыс жағдайын колдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға құқылы. Халыкаралық-құқықтық құжаттар адам құқы мен бостандығын ең жоғары құндылық деп таниды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқы туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен кағидаларын қабылдады және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлекеттің адамға және азаматқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды. " Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен колданылуы осыған қарай анықталады " (12-бап, 2тармақ) . Бұл адамның табиғи құқын мемлекеттің тануы және бастау алар қайнар кезі болып табылады және Конституцияның "Адам және азамат" деген II - тарауының мазмұнын белгілейді. Мұнда адам құқымен бірге азаматтың да құқы мен міндеті туралы айтыла-ды. "Республиканың азаматы езінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады"(12-бап, 3тармақ) . Сөйтіп, аталған белімде Қазақстанның конституциялық заң тарихында бірінші рет азаматтардың құқықтары және міндеттерімен бірге "адам құқы" ұғымы бірінші реттанылды. Сөз жоқ, "адам құқы" мен "азамат құқы" ұғымы бір-біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат деген - адам. Сондықтан, адамға қатыстының бәрі де азаматқа да қатысты. Адамға тумысынан жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкім айыра алмайтын құқық пен бостандық, Қазақстан Республикасының азаматына да тән. Сонымен бірге табиғи құқықтар мен бостандықтар шетел азаматтарына және азаматтығы жоқтарға да берілген2.

Алайда " азаматтың құқығы " азаматтың құқынан ерекшеленеді, өйткені мемлекет азаматқа мейлінше кең құқықтар мен бостандықтар беріп, мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қатынастарына орай оған айрықша міндет жүктейді.

Қазақстан Республикасынын Конституциясы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын калыптастырады. Егер құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты болса, онда "барлығы", "адам", "әркім", "ешкім де емес" деген терминдер колданылады. Егер де құқықтар, бостандықтар мен міндеттер тек Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты болса, онда ол тура көрсетіледі. 13-бапта: "Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және езінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы " делінген. 14-бапта: "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең" екендігі айтылады. 17-бапта былай жазылған: "Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір керсетуге не жазалауға болмайды ". Сонымен бірге, егер әңгіме тек азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы болса, онда бұған айрыкдіа мән беріледі. Өйткені, Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, езінің азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды (10-баптың 2- тармағы) . Конституцияда республика азаматының әскери қызметті өтеудегі міндеті айрықша атап көрсетілді (36-бап) және т. б. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар - адамдардың арнаулы мәртебені иеленген ерекше тобы. Айталық, Конституциянын, 12-бабында айтылғандай, Конституцияда, заңдарда және халық-аралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азамат құқының негіздеріне оларды нығайтатын және олардың құқықтық мәртебесінің жүзеге асырылуына ықпал ететіндей негіз боларлық принциптерді жинақтайды.

ҚР Конституциясында адам және азамат құқықтарын нығайтатын принциптердің қатарына мыналар жатады:

1. Адам құқы мен бостандығының айнымастығы. Табиғи танылған құқық мемлекеттің сыйы емес. Ол оны тек таниды, атай-ды және олардың жүзеге асырылуына, сақталуына кепілдік жасайды. Не мемлекеттің, не оның органдарының, не лауазымды адамдарының, заңмен көзделгеннен өзге жағдайда, одан айыруына, шектеуіне құқы жоқ3.

2. Конституция құқықтар мен бостандықтарды теріс пайдалануға тыйым салады. Адамның және азаматтың бірінің құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы екінші-сінің құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы, конституциялық құрылысқа және қоғамдык ізгілікке нұксан келтірмеуі тиіс екендігі Конституцияда анық жазылған. Әр адам мен азаматтың құқы мен бостандығының теңдігі бұған олардың бәрінің де иелігін білдіреді. Әрине, адам құқы мен бостандығын екінші біреу (біреулер) бұзған жағдайда заңды қорғау, басқа адамдардың құқын, бостандығын, арнамысы мен қадір-қасиетін құрметтеу жөніндегі міндеттеме бұзылғандықтан, заң кепілдігі күшіне енеді.

3. Конституциялық құқық пен бостандықтың заңсыз шектелуіне тыйым салынады. Сонымен бірге Конституция шектеудін, шегі мен негізін де көрсетеді. Біріншіден, адам мен азаматтың құқы мен бостандығын тек заң ғана шектеуі мүмкін. Бұл заңға сәйкес нормативтік құқықтық актілер арқылы (Президенттің нормативтік жарлықтарымен, Үкіметтің каулысымен, министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, жергілікті өкілетті және атқару органдарының нормативтік актілерімен) адам мен азаматтьщ құқьі мен бостандығын шектеуге болмайтындығын білдіреді. Екіншіден, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты сақтау, қоғамдык тәртіпті, адам құқы мен бостандығын, халықтардың денсаулығы мен ізеттілігін қорғау үшін қажеттілік деңгейінде шектелуі мүмкін. Бұл арада әңгіме, шын мәнінде адам мен азаматтың құқы мен бостандығын шектеуден гөрі, мемлекет пен адамның мүддесін жекелеген адамдар тарапынан болуы мүмкін кол сұғушылықтан қорғау туралы болып отыр. Үшіншіден, азамат саяси құқықтар мен бостандықтарды шексіз пайдалана алады.

4. Адам мен азаматтың құқы мен бостандығының тікелей колданылуы принцип ретінде онымен езінің құқығы мен бостандығын пайдалану мүмкіндігі мен ақикаттығын білдіреді. Мемлекеттік патернализм тұрғындардың қорғалуы төмен қаба-тымен қамқорлықты шектеген жағдайда қабілетті адамның езі заңда көзделген ережелер мен кепілдікке сүйене отырып, өзінің құқы мен бостандығын жүзеге асыруға өзі қамқоршы болуы тиіс. Конституцияда әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар екендігі жазылған. Занда көзделген жағдайларда, заң көмегі тегін көрсетіледі.

5. Олардың тең құқылығы адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызды принципі болып табылады. Конституцияда осы принцип адам мен азаматтың қызмет өмірінің барлық салаларына орай орнықтырылды. Айталык, заң мен сот алдында бәрі де тең. Бұл заң талабының баршаға бірдей міндеттілік екенің заң ережелерін бұзғаны үшін бәрінің де бір дең-гейде жауапты екендігін білдіреді. Сот алдында бәрі де тең. Ол адам мен азаматтың жағдайынын қандайлығына (лауазымына, мүліктік жағдайына, ұлтына, жынысына, тағы басқаларына) қарамастан, сот бәріне де бір деңгейде қызмет етеді4.

Сонымен бірге сот істі қараған кезде адамдардың жағдайларын, ерекшеліктерін емес, тек Конституцияны және заңды ғана басшылыққа алуы тиіс. Адам мен азаматтың тендігі конституциялық құқық пен бостандықтың ешқандай кемсітушілікке жол берместен, барлығына бір деңгейде қолданылуы тиістігін тану-дан да көрінеді. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды (14-баптың 2- тармағы) .

6. Заңдар мен өзге де нормативтік құқйқтық актілердің адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының маз-мұны мен қолданылуын қамтамасыз ету принципі. Бұл Конституцияда жарияланған адам құқығы мен бостандығы осы құқық пен бостандықты жүзеге асыру жағдайы мен тәртібін белгілейтін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау кезінде ең басты негізге алынатындығын білдіреді5.

7. Құқықтың, бостандықтын және міндеттіліктің бірлігі, бөлінбестігі адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің басты принципі болып табылады. Әркім де Конституцияны және Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауы тиіс. Әр адам мен азамат адамдардың қауымдастығында өмір сүреді. Адамдар құқықтар мен бостандықтарды тең иеленіп қана қоймайды, сондай-ақ бір-біріне, қоғамға, мемлекетке қатынастары бойынша оларға бірдей міндеттілік жүктеледі.

2. адам ЖӘНЕ Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары

2. 1 Жеке құқықтар мен бостандықтар

Адамның өміріне, жеке бостандығына, арнамысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға ешкімнің де құқығы жоқ. Егер өміріне, денсаулығына, азаматтық қадір-қасиетіне кауіп төнсе әр адам мемлекеттік органдардан көмек сұрауға, заңмен қорғалуға құқылы. Адам өзінін құқы мен бостандығын бұзушылардан қорғанып Республика Президентіне жүгінуге құқылы. Бірде-бір мемлекеттік орган, бір де бір лауазымды адам азаматтың құқығын шектей алмайды. Бұл, адам құқығы мен бостандығы шектелген жағдайда, оған қай заңды бұзғаны, қандай құқық бұзушылық жасағаны туралы хабарлануы тиіс.

Ең маңыздысы, адамныңтабиғи құқығы - өмір сүру құқығы.

"1. Әркімнің өмір сүру құқы бар.

2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға кақысы жоқ.

Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі" (Конституцияның 15-бабы) . Өлім жазасы ауыр қылмыс жасаған адамның ерекше кауіптілігіне байланысты және жауаптылықты ауырлататын мән-жайларда қолданылады.

Өлім жазасына кесілген адам кешірім жасау туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының Президентіне жүгінуіне құқылы. Кешірім жасау туралы шешім шығарған кезде, сотталған адам қандай кісі, бұрын сотталған ба, бұрын оған кешірім жасалған ба, жасы, отбасылық, жағдайы және басқа мән-жайлары ескеріледі.

Жеке адамның өміріне қол сұқпаушылық Конституция арқылы қорғалады.

"Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды" (17-бап) .

Конституцияның осы қағидасы, негізінен, лауазымды адамдарға қатысты. Қазақстан Республикасының заңдары денеге жарақат түсіретін, адамның қадір-қасиетін қорлайтын мұндай шаралардың қолданылуына үзілді-кесілді тыйым салады. Азаптау ұрып-соғу, төбелесу, дене жарақатын салу түрінде көрінуі мүмкін.

Қорлау - жеке басын, ұлттық қадір-қасиетін қорлау және басқа әрекеттер түрінде көрінуі мүмкін. Айыпталушыға, күдік келтірілушіге, куәгерге, сарапшыға қатысты мұндай әдістерді қолданған полиция, прокуратура қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Заң адамның бостандығын басқа жеке адамдардың да зорлық-зомбылығынан қорғайды. Егер кімде-кім адамды өз бетімен бостандығынан айыруға әрекет етсе ол адам қылмыстық жауаптылықка тартылады. Мұндай іс-әрекет күш қолдану (жеке белмеге қамау, психикалық ауруханаға жатқызу және басқала-ры) не күш қолданамын деп қоркыту жолымен жүргізілуі мүмкін.

Куәгер - тергеушілік және сот ісі жүргізілуінде маңызды тұлға. Заң бойынша ол тергеу (алдын ала анықтама алу), сот процесінде куәлік беруден бас тарта алады. Ол кім кімге де түсінікті болуы тиіс. Егер адам жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің заңды мүддесіне нұқсан келтірілген мән-жайға куәгерлік күйде болса, онда шындықты ашу үшін тергеу және сот органдарына көмектесу оның адами және азаматтық міндеті. Қылмыстылықтың өрісі кең жағдайында ақиқат жауап бергені үшін қылмыскерлер тарапынан болуы мүмкін кек алу әрекетінен сақтануды сот және тергеу органдары естерінен шығармауы тиіс. Куәгердін, өзінің азаматтық міндетін орындауы үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.

Діни көзқарастары үшін жаулық пен кекшілдікті қоздыру адам құқын бұзу болып есептеледі. Дінге сенетіндер қасиетті деп есептейтін құрылыстар мен орындарды, заттар мен бұйымдарды қорлау мен арамдау құқық бұзушылық, болып табылады.

Заң ар-намыс бостандығын жариялай отырып, адамды оның азаматтық міндетін орындауынан босатпайды. Өзініңдіни көзқарастарын бетке ұстап азаматтың заңды, атап айтқанда әскери міндетін етеуден бас тартуына құқы жоқ.

Діни бірлестіктерді мемлекеттен бөлу арнамыс бостандығының басты кепілі болып табылады. Мемлекет, оның органдары, лауазымды адамдары діни бірлестіктердің қызметіне араласа алмайды, қайсыбір дінге немесе дінге сенбеушілерге жеңіл-діктер бермеуі тиіс. Сонымен бірге Конституция діннің қоғамдағы орнын белгілейді.

"Республикада саяси партиялардың діни негіздегі қызметіне жол берілмейді" (5-бап) .

Бұл ереже әр түрлі бағыттағы дінге сенушілердің арасында бейбіт қатынастарды сақтауды көздейді. Екінші жағынан, кептеген діндер және діни бағыттар бар қоғамда қайсыбір дін идеологиясының мемлекеттік идеологияға айналып кетпеуіне кепілдік жасайды. Адамдардың өткен және бүгінгі ұрпағы "мәңгілік" және идеялар қарсылығына төзбеушілігімен, жеке басқа табынушылығымен іс жүзінде өзіндік діни идеологияға айналған. Коммунистік партия идеологиясының катыгез үстемдігін басынан кешірді. Күштеп жүргізілген ой бірлігінен қоғам да, адам да ұтқан жоқ. Айналып келгенде мұндай жағдай

Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның ең сапалы қасиеті - арнамыс пен қадір-қасиетті жоғары қояды. Арнамыс барлық халықта да жанның бекзаттығының көрінісі ретінде есептеледі. "Басынды арың сақтайды", "Ардан ақыл туады, ақылсыздық ең соңғынды қуады", "Дүреленсеңде арыңды сақта" дейді орыс мақалы. Қазақ атамыздын, да "Арым үшін жан пида", "Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы" деген қанатты сөздері ықылым заманнан бүгінгі күндерге жетті. Ізгілікке негізделген қоғамда арнамыс пен ар-ождан заңмен қорғалады. Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабында:"Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды" деп жазылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Сот жүйесінің адам құқын қорғау жүйесіндегі орны
Конституциялық құқықтар мен бостандық
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселе
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Адамның және азаматтардың тең құқықтылығын бұзу
Қазақстан Республикасында сот арқылы қорғалу құқығы
Қазақстан Республикасының адам және азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz