«Өнер» баспасы өнімдерінің ерекшеліктері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
2.1. «Өнер» баспасы өнімдеріндегі
ұлттық құндылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен шыққан басылымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.3. Фотоальбом, нота және сериялы әдебиеттерді шығару ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
Пайдаланылған қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан —2030» атты халыққа жолдауында елімізде «тұтас ақпарат жүйесін жасау» міндеті қойылған. Әлеуметтік қатынас құралы — кітап, бұл жүйеден лайықты орын алуы тиіс. Әсер ету қуаты күшеймесе, әлсіремейтін, биікке қанат қағатын да осы ақпарат асылы —кітап. Белгілі проффессор Ш.Елеукенов айтқандай «Ер қаруы бес қару десек», кітап сол қаруды асынатын сарбаз боп сапқа тұрады, тіреседі, күреседі, атысады, шабысады. Ол — өзінше бір жауынгер» [1, 17б.]. Ендеше ақпарат айдынында өзіндік тұғыры бар күрескер бай мұрамыз кітап бүгін де, ертең де ел көзінен таса болмауға тиіс.
Төл мәдениетімізді, рухани құндылықтарды елге насихаттап, өнер саласындағы баға жетпес ұлттық нақыштағы әдеб[иеттерді жарыққа шығарып жүрген баспалардың бірі - республикалық «Өнер» баспасы. «Өнер» - салалық баспа.
Баспаны құру КСРО Баспа, полиграфия және кітап саудасы Мемлекеттік комитетінің 1979 жылғы 30 қазанындағы «Қазақ КСР-ның «Өнер» баспасын құру туралы» №542 бұйрығына сәйкес іске аса бастады. Бірақ бұған дейін бұл баспаны құру қажеттілігі сол кездегі Қазақстан баспа комитетінің төрағасы Ш.Р.Елеукеновтың берген ұсынысын Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың тікелей қолдауымен Мәскеудегі тиісті орындарға айтылып, мақұлданған болатын. Бұл іс содан бастап тікелей қолға алынды. Ақыры Мәскеудегі баспа комитетінің 20 қарашадағы №145 бұйрығы шығып, мұнан кейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Б.Әшімов қол қойған 1979 жылдың 10 қаңтарындағы №454 («Өнер» («Искусство») республикалық баспасын құру туралы) қаулысы жарық көрді.
Сөйтіп, мемлекеттік «Өнер» баспасы 1980 жылдың 1 қаңтарында өз шаңырағын көтерді.
1996 жылдан бері республикалық «Өнер» баспасына Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист, «Баспа және полиграфия» ісінің қайраткері – Көпішев Әшірбек Сейілханұлы басшылық етіп келеді.
Баспадан шығатын әдебиеттер ауқымы кең. Көркем шығармалар, балалар әдебиеті, тарихи – танымдық дүниелер, фотоальбомдар, мемлекеттік тілде оқу-әдістемелік әдебиеттер, бұқаралық басылымдар және «Өнер». ХХІ ғасыр дизайн» шағын полиграфия қызмет көрсетеді. Балалар әдебиетіне әр алуан халықтардың ертегілері, мөлтек әңгімелер, сөзжұмбақтар, шетел классиктерінің белгілі шығармаларының аудармаларын атауға болады. «Ұлттық дүниетаным» бағдарламасына сәйкес 1-11 сыныптарға арналған әдістемелік нұсқаулар, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралдары жарыққа шықты.

1. Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері: Оқу құралы. – Алматы: «Санат», 1997. – 176 бет.
2. Назарбаев Н. «Қазақстан — 2030» Алматы: Білім, 1998жыл.
3. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы». Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
4. Д. Баялиева «Баспасөздің тілі мен стилі». Алматы, 2005.
5. Шоқпарұлы Д. Альбом – Алматы: Өнер, 2005 – 176 бет.
6. Кәкенұлы Ж. Альбом – Алматы: «Өнер» баспасы, 2007. – 152 бет.
7. Тыныбеков Қ: Құрастырушы автор Е.Ералы. Альбом. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2007. – 112 бет.
8. Байділдәұлы Ш. Қазақтың ою-өрнектері. Альбом (1-кітап). Алматы: «Өнер», 2006. – 160 бет.
9. Жәнібеков Ө. Қазақ киімі. Альбом. – Алматы: Өнер, 2005. – 160 бет.
10. Темірші ұсталар. Альбом – Алматы: Өнер, 2005 – 160 бет.
11. Қасқабасов С. Президент назарында – Мәдени мұра // Қазақ әдебиеті, 2003 жыл, 18- сәуір.
12. Қазақ өнерінің тарихы. - 3 томдық. (Ежелгі дәуір, І том) – Алматы: «Өнер», 2007. 352 бет.
13. Қазақ өнерінің тарихы. - 3 томдық. (Орта ғасырлар дәуірі, ІІ том) – Алматы: «Өнер», 2007. 392 бет.
14. Таңсықбаев О. Альбом – Алматы: Өнер, 2004 – 208 бет.
15. Калмыков С. Альбом – Алматы: Өнер, 2005 – 208 бет.
16. Қазақтың спорттық және Олимпиадалық даңқы – Спортивная и Олимпийская слава Казахстана: Фотоальбом – Алматы: Өнер, 2004. – 160 бет.
17. И.Ф. Бельчиков. “Техническое редактирование книг и журналов”. – Москва: «Книга», 1968.
18. Иассауи Қожа Ахмет. Диуани хикмет: Ақыл кітабы. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2007. – 312 бет.
19. Әзірбаев К. Мен сүйемін халқымды (Өлең, терме, толғаулар), І–том. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2007. – 256 бет.
20. Қоразбаев А. Ән –жырым саған, туған жер (Әндер, күйлер, толғаулар). – Алматы: «Өнер» баспасы, 2007. – 392 бет.
21. Нәжімеденов Ж. Домбыраның қоңыр үні. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2007. – 200 бет.
22. Жұмабек С. Қалтай Мұхамеджан. Титан драматург. (Замандастар айнасында) Шығармашылық портрет. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2007. – 240 бет.
23. Молдағалиев Т. Ғашық жүрек. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2007. – 240 бет.
24. Нұрпейісов Ә. Қазақ халқының ою-өрнегі. Орнаменты казахского народа – Алматы: Өнер, 2002 – 160 бет.
25. Тыныбеков Қ: Құрастырушы автор Е.Ералы. Альбом. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2007. – 112 бет.
26. Средневековые города Казахстана (Книга-альбом) – Алматы: «Өнер», 2006. – 200 с.
27. Археология Казахстана. - Алматы: «Өнер», 2006. – 256 с.
28. Петроглифы Казахстана. - Алматы: «Өнер», 2006. – 256 с.
29. Қазақстан ХІХ ғасыр суретшілерінің шығармаларында. - Алматы: «Өнер», 2005. – 345 с.
30. Қастеев Ә. Альбом – Алматы: Өнер, 2004 – 208 бет.
31. Нұрмағанбетов Т. Айқай. Повестер мен әңгімелер. – Алматы: «Өнер», 2001. – 440 бет.
32. Әбдіраштың Жарасқаны. Парыз, парасат, пайым. Әдеби сын – Алматы: «Өнер», 2001. – 312 бет.
33. Жандыбаев Ғ. Ақ теңізден бір тамшы. Өлеңдер. – Алматы: «Өнер», 2001. – 112 бет.
34. Серікқалиұлы З. Алтын жамбы. Қазіргі көркемдік ойтанымына көзқарас: талдау, толғаныстар. – Алматы: Өнер, 2001. – 160 бет.
35. Момыш –улы Б. Во имя отца. – Алматы: «Өнер», 2001. – 264 бет.
36. Құлахмет Ғ. Үйірі жоқ көкжал. Роман – Алматы: «Өнер», 2001. – 240 бет.
37. Асқар О. Тәуелсіздік тартулары. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: «Өнер», 2001. – 112 бет.
38. Мәженқызы Р. Кітап – ғасыр мұрасы: Кітап –альбом. / Автор –құрастырушы. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2007. – 304 бет.
39. Телжанов Қ. Альбом. – Алматы: «Өнер», 2006. – 128 бет.
40. Аманұлы Ж. Ақын да мен, сал да мен, сері де мен. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2007. – 96 бет.
41. Дәдебаев Ж. Адам және заман. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2007. – 368 бет.
42. Мұсатайұлы А. Тағылым (Археолог Әлкей Марғұланмен кездесуден естеліктер). – Алматы: «Өнер» баспасы, 2007. – 128 бет.
43. Тналина Д. Черно- белое кино. – Алматы: «Өнер», 2007. – 152 c.
44. Әлімбаев М. Нақылнама. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2007. – 296 бет.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Журналистика факультеті
Баспа ісі және редакциялау кафедрасы
ӨНЕР БАСПАСЫ
ӨНІМДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жоғарғы оқу орнын бітіру үшін қорғалатын
Б І Т І Р У Ж Ұ М Ы С
Ғылыми жетешісі – аға оқытушы Д.Смайыл
Ресми сарапшысы – Өнер баспасының директоры Ә.Көпішев
2008 жыл.
Баспа ісі және редакциялау кафедрасының 2008 жылғы
4-маусымындағы мәжілісінде талқыланып, қорғауға жіберілді.
Кафедра меңгерушісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... доцент., Сақ Қайрат
Мемлекеттік емтихан комиссиясының сарапталуына қабылданды.
Диплом қорғау күні: 2008 жыл 23 маусым
Комиссия хатшысы: ф.ғ.к., доцент Шыңғысова Назгүл
Алматы, 2008 жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
2.1. Өнер баспасы өнімдеріндегі
ұлттық
құндылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...9
2.2. Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасымен шыққан
басылымдар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.3. Фотоальбом, нота және сериялы әдебиеттерді шығару
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 57
Пайдаланылған қайнар
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
Кіріспе
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан —2030 атты халыққа
жолдауында елімізде тұтас ақпарат жүйесін жасау міндеті қойылған.
Әлеуметтік қатынас құралы — кітап, бұл жүйеден лайықты орын алуы тиіс. Әсер
ету қуаты күшеймесе, әлсіремейтін, биікке қанат қағатын да осы ақпарат
асылы —кітап. Белгілі проффессор Ш.Елеукенов айтқандай Ер қаруы бес қару
десек, кітап сол қаруды асынатын сарбаз боп сапқа тұрады, тіреседі,
күреседі, атысады, шабысады. Ол — өзінше бір жауынгер [1, 17б.]. Ендеше
ақпарат айдынында өзіндік тұғыры бар күрескер бай мұрамыз кітап бүгін де,
ертең де ел көзінен таса болмауға тиіс.
Төл мәдениетімізді, рухани құндылықтарды елге насихаттап, өнер
саласындағы баға жетпес ұлттық нақыштағы әдеб[иеттерді жарыққа шығарып
жүрген баспалардың бірі - республикалық Өнер баспасы. Өнер - салалық
баспа.
Баспаны құру КСРО Баспа, полиграфия және кітап саудасы Мемлекеттік
комитетінің 1979 жылғы 30 қазанындағы Қазақ КСР-ның Өнер баспасын құру
туралы №542 бұйрығына сәйкес іске аса бастады. Бірақ бұған дейін бұл
баспаны құру қажеттілігі сол кездегі Қазақстан баспа комитетінің төрағасы
Ш.Р.Елеукеновтың берген ұсынысын Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің
бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың тікелей қолдауымен Мәскеудегі тиісті
орындарға айтылып, мақұлданған болатын. Бұл іс содан бастап тікелей қолға
алынды. Ақыры Мәскеудегі баспа комитетінің 20 қарашадағы №145 бұйрығы
шығып, мұнан кейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Б.Әшімов қол
қойған 1979 жылдың 10 қаңтарындағы №454 (Өнер (Искусство)
республикалық баспасын құру туралы) қаулысы жарық көрді.
Сөйтіп, мемлекеттік Өнер баспасы 1980 жылдың 1 қаңтарында өз
шаңырағын көтерді.
1996 жылдан бері республикалық Өнер баспасына Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі, журналист, Баспа және полиграфия ісінің қайраткері –
Көпішев Әшірбек Сейілханұлы басшылық етіп келеді.
Баспадан шығатын әдебиеттер ауқымы кең. Көркем шығармалар, балалар
әдебиеті, тарихи – танымдық дүниелер, фотоальбомдар, мемлекеттік тілде оқу-
әдістемелік әдебиеттер, бұқаралық басылымдар және Өнер. ХХІ ғасыр дизайн
шағын полиграфия қызмет көрсетеді. Балалар әдебиетіне әр алуан халықтардың
ертегілері, мөлтек әңгімелер, сөзжұмбақтар, шетел классиктерінің белгілі
шығармаларының аудармаларын атауға болады. Ұлттық дүниетаным
бағдарламасына сәйкес 1-11 сыныптарға арналған әдістемелік нұсқаулар,
жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралдары жарыққа шықты.
Өнер баспасынан Отырар кітапханасы сериясымен шыққан Асқар О.
Тәуелсіздік тартулары, Әбдіраш Ж. Парыз, парасат, пайым, Ғұмар М.
Оқтаулы мылтық, Жандыбаев Ғ. Ақ теңізден бір тамшы, ҚҰлахметов Ғ.
Үйірі жоқ көкжал, Момышұлы Б. Во имя отца, Нұрмағамбетов Г. Айқай,
Серікқалиев З. Алтын жамбы, тағы басқа кітаптар көпшілік қолына тиді.
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасымен шыққан Қазақ өнерінің
тарихының екі томдығы, Әбілхан Қастеев, Петроглифы Казахстана,
Археология Казахстана, Орал Таңсықбаев, Қазақстан ХІХ ғасыр
суретшілерінің шығармаларында, Сергей Калмыков, Средневековые города
Казахстана фотоальбомдары мен кітап-альбомдары және соңғы жылдары Өнерді
жоғары сапалы және білімді баспа ретінде қалың жұртшылыққа әйгілі еткен:
Шәкен Айманов, Қазақтың ою-өрнектері, Темірші – ұсталар,
Қазақстанның спорттық және олимпиадалық даңқы, Нұрғиса Тілендиевтің Ата
толғауы, Көш керуен атты екі томдығы, Өзбекәлі Жәнібековтың Қазақ
киімі және тағы көптеген альбомдар мен кітаптар оқырман ықыласына ие
болды.
Менің бітіру жұмысымның негізгі зерттеу көздері де осы жоғарыда аталып
өткен басылымдар аясында болып отыр.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Бұған дейін Өнер баспасынан шыққан
өнімдерге жүйелі түрде талдау жасалып, зерттелмеген. Бұқаралық ақпарат
құралдарында бұл баспаның тарихы, жұмыс істеу бағыты, атқаратын қызметі
жайлы мәліметтер өте аз. Сонымен бірге, Өнер баспасы төл мәдениетіміз бен
салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымыз бен ұлттық құндылықтарды танытатын,
насихаттайтын бағалы еңбектерді басып шығаруда. Себебі, ұлттың табиғи
болмысын, тіршілік ету тәлімін, өмірге деген көзқарасын, рухани өрісін,
танымы мен нанымын жалпақ жұртқа ежелден келе жатқан ескі салт-дәстүрлері
мен әдет-ғұрыптары танытыны айғақ. Талай ұрпақтың ұлан-ғайыр көшін ұзатып
салып, тар жол тайғақ кешулі замана зобалаңдарынан өткен өрісті
тарихымыздың өн бойында өшпей келе жатқан бұл қасиетті қазыналарымыз өзінің
өміршеңдігімен тәнті етеді. Өйткені мұнда бәріміздің бас иер киелеріміз –
халықтың тілі, діні, ділі жатқанын көреміз. Бұларсыз баянды болашақтың көк
байрағы биікке көтеріле алмайды. Емін-еркін тыныстап, еңсесін тіктеу де
қиынға соғады. Нанымы мен сеніміне сеніп, болашаққа батыл бет бұрған рухани
түлеуге де қолы жетпейді. Осындай келелі мәселелердің қозғалуы диплом
жұмысымның тақырып өзектілігін арттыра түседі.
Кез-келген істі бастамас бұрын стратегиялық бағыттарды жүзеге
асырудағы ең қажетті нәрсе — алдағы мақсаттарды дұрыс анықтау [ 2, 32б.]
дейді. Алдарыңыздағы бітіру жұмысымның негізгі мақсаты Өнер баспасының
өнімдерінің ерекшеліктерін ұлттық тұрғыда зерттеп, ғылыми айналымға енгізу
болып табылады.
Жұмыстың міндеті. Ұлттық құндылықтарды сақтай білу – ұрпақтардың өз
тағдырына аялай қарауы, қадірлеп, қастерлеуі, иманды тірлігі ұятына сенуі.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең
бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ
тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Осы
тұрғыда Өнер баспасы жемісті еңбек етіп келеді. Баспадан шығып жатқан
басылымдар арқылы ұлтымыздың төл мәдениетін, өнерін өзге елдерге
насихаттау, ұлттық мемлекеттік деңгейдегі мәдениетіміздің жандануына үлес
қосу, қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнерін дамыту, қазақ ою-
өрнектерінің түрлерін халыққа таныту және оны қолданысқа енгізу, зергерлік
қолөнерді дамыту жолдарын оқырманға қарапайым тілмен түсіндіру арқылы
ұлттық нақыштағы асыл бұйымдардың сапасын арттыру, ұлттық қолөнеріміздің
келте емес екендігін баршаға көрсету.
Қол жеткізген жаңалықтар. Өнер баспасы өнімдерінің ерекшеліктерін
айқындау; өнер саласындағы әдебиеттерді үздіксіз шығарып келе жатқан баспа
екендігін аңғарту; баспаның маркетингтік қызметіне талдау жасап,
ұсыныстармен тлықтыру; қазақтың қолөнері мен мәдени мұраларына арналған
әдебиеттердің өзектілігін арттыру.
Таңдаған тақырыптың зерттелу деңгейі. Өнер сүйіп, өнер сыйлап өткен
қазақ әр уақытта өнерлі, шебер адамдарға үлкен ілтипат көрсетіп, құрметтеп
келген. Халық қолөнерінің тарихын біліп, оның құпия құбылыстарын игеру,
халық қазынасын байыта түсу бүгінгі талапкер жастарға үлкен сын. Ол үшін
ұдайы талаптанып, үзбей тер төгу керек. Сонда ғана бесаспап шебер болып
шығасың.
Бүгінде, бұқаралық ақпарат құралдарының ұлттық мәдениет, салт-дәстүр
мәселелерін жазып, көрсетіп насихаттауда өзіндік ерекшеліктері бар. Өйткені
әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани байлығын білу үшін көп
ізденіп, көп еңбектену қажет. Бұл бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс
істеп жүрген қыл қалам шеберлерінің басты мақсаты. Олай дейтініміз, кітап –
білім бұлағы, ағартушы, тәрбиеші, ақпарат таратушы ғана емес, бұқараның
рухани қажеттілігін өтеп, танымдық көкжиегін кеңейтетін құрал. Сол себепті
де оның танымдық және тәрбиелік рөлі аса зор. Осы тақырып аясында
еңбектеніп, Өнер баспасынан өз туындыларын шығарып жатқан әрбір қыл қалам
иесінің рухани құндылықтарымыздың бағасын арттыруға қосқан үлесі зор деп
білеміз.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысым үш үлкен тараулардан тұрады:
Кіріспеде Өнер баспасының қысқаша тарихына, тақырып өзектілігі, жұмыстың
мақсаты мен міндеті, тақырыптың зерттелу деңгейі, қол жеткізген жаңалықтар,
зерттеу көздеріне шолу жасалған. Бірінші тарау Өнер баспасы
өнімдеріндегі ұлттық құндылықтар деп аталады. Екінші тарауда Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасымен шыққан
басылымдарға талдау жасалынады. Ал үшінші тарауда фотоальбом, нота және
сериялы әдебиеттердің ерекшеліктері жайлы сөз қозғалады.
Бітіру жұмысымның І-тарауында қазақтың ұлттық қолөнері, ою-өрнектері
мен қазақ киімінің үлгілеріне арналған әдебиеттерге кешенді түрде талдау
жасалады. Бұл тарауда Өнер баспасынан соңғы екі жылда шыққан басылымдар
қамтылған. Олар: Дәркембай Шоқпарұлының Қазақтың қолөнері, Жеңіс
Кәкенұлының Қазақ қолөнері, Құрасбек Тыныбекұлының Қазақ қолөнері,
Шөптібай Байділдәұлының Қазақтың ою-өрнектері, Өзбекәлі Жәнібековтың
Қазақ киімі, Ағайынды үш ұста Құлментегі Тұрсынжан, Махмұт, Айтберген
Жетенұлдарының Темірші – ұсталар атты фотоальбомдары.
Фотоальбомдардың негізгі тақырыбы бір. Барлығы да ұлттық қолөнердің
шоғын сөндірмеу үшін қызмет етеді.
Дәркембай Шоқпарұлының Қазақтың қолөнері туындысында ою-өрнек,
терi өңдеу, ағаш өңдеу, металл өңдеу, ер-тұрман, қару-жарақ, саз аспаптары,
жиһаз, ыдыс-аяқ және оюдың көне түрлері көрсетілген.
Ал, Жеңіс Кәкенұлы мен Құрасбек Тыныбекұлының Қазақ қолөнері атты
еңбектерінде ұлттық гобелен тоқу өнері мен қазақтың ою-өрнектерінің ежелгі
үлгілері көрсетілген. Гобелен тоқу технологиясы жайлы мәліметтер қамтылған.
Қошқар мүйіз оюының маңыздылығы жайлы келелі пікірлеп айтылып,
дәлелдеулер келтірілген.
Шөптібай Байділдәұлының Қазақтың ою-өрнектері атты кітабында халық
шеберінің өз талғамына сай оюдың негізгі үш түріне сипаттама беріледі.
Олар: киім түрлеріне лайықты ою-өрнектер, тұрмыстық заттарға лайықты ою-
өрнектер және күрделі ою-өрнектер деп аталады.
Ұлттық киімді – көненің көзі, бізге жеткен материалдық мәдениеттің
жетістігі деп білеміз. Өзбекәлі Жәнібековтың Қазақ киімі кітап-альбомында
ұлттық киім үлгілерінің барлық түрлері ұшырасады. Қазақта еңбектеген
сәбиден еңкейген қартқа дейін қандай ұлттық киімдер кигені жайлы толығымен
айтылып, ер адамдар мен әйелдірдің киім үлгілерін суреттермен көрсеткен.
Бүгінгі қоғамда ұлтымыздың ұмытылып, кенже қалған теміршілік қасиетті
өнерін қазақ халқының рухани әлемін терең байытып, отаншылдық рухын
асқақтататын киелі өнердің бір саласы деп қарастырған жөн. Ағайынды үш ұста
Құлментегі Тұрсынжан, Махмұт, Айтберген Жетенұлдарының Темірші – ұсталар
атты фотоальбомы осыған дәлел.
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы – Қазақстанның мәдениеті мен
рухани құндылықтарының қайнар бұлағы.
Зерттеу жұмысымның ІІ-тарауында аталмыш баспадан осы бағдарлама
аясында жарыққа шыққан басылымдарға талдау жасалады. Мәдени мұра
бағдарламасы бойынша Өнер баспасы Қазақ өнерінің тарихының екі
томдығын, Әбілхан Қастеев, Орал Таңсықбаев, Қазақстан ХІХ ғасыр
суретшілерінің шығармаларында, Петроглифы Казахстана, Археология
Казахстана, Сергей Калмыков, Средневековые города Казахстана
фотоальбомдары мен кітап-альбомдарын және Отырар кітапханасы сериясымен
Асқар О. Тәуелсіздік тартулары, Әбдіраш Ж. Парыз, парасат, пайым, Ғұмар
М. Оқтаулы мылтық, Жандыбаев Ғ. Ақ теңізден бір тамшы, ҚҰлахметов Ғ.

Серікқалиев З. Алтын жамбы туындыларын басып шығарған.
Ұлттық мәдениетіміздің тарихын қайта жаңғыртумен қатар қазақ
мәдениетінің әлемдік рухани-интеллектуалдық, ғылыми үрдіспен байланысын
дамытуға бағытталған “Мәдени мұра” бағдарламасымен жарық көрген
әдебиеттердің сапалы басылып шығуына, әлемдік деңгейде безендірілуіне
Өнер баспасы да баса назар аударып отыр.
ІІІ-тарау Фотоальбом, нота және сериялы әдебиеттерді шығару деп
аталғандықтан, онда баспада соңғы жылдары жарық көрген, оқырманның
көзайымына айналған басылымдарға сараптама жасадым.
Бұл бөлімде өнер мен мәдениеттің әр саласына бағытталған еңбектер
қамтылып отыр. Олар: Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі, Қазақстанның
спорттық және Олимпиадалық даңқы фотоальбомдары, Қазақтың М.Әуезов
атындағы академиялық драма театры мен Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық
жастар мен балалар театры жайлы фотоальбомдары, Қанафия Телжанов, Шакен
Аймановтың шығармашылығына арналған кітаптар.
Биылғы жылы баспа қоры Ғасырлар үні және Үркер сериялы
кітаптарымен толықты. Сериялы басылымдармен шыққан әрбір басылымға жеке-
жеке тоқталып, сериялы басылымдарға қойылатын талап бойынша талдау жасауға
тырыстым.
Ұлттық әдебиетке, мәдениетке, қолөнер мен қазақ киіміне қатысты
көптеген мәселелерді көтере отырып, қорытынды бөлімінде қазіргі кітаптарату
проблемаларына, баспа маркетингіне, соның ішінде Өнер баспасының
маркетинг саясатын дұрыс жолға қою туралы ұсыныстар қамтылады.
Қай халықтың да қастерлеген қадірлісі – ұлттық құндылығы. Оның ел
өмірінде атқарар міндетінің аясы үнемі кеңейіп, дамып, мемлекеттің нығаюына
қалтқысыз қызмет көрсетуін қамтамасыз етудің мәні мен маңызы аса зор. Әр
ұлт үшін төл мәдениеті, ана тілі, рухани байлығы, әдет-ғұрпы, салт–сана
турасындағы түсініктерге түзету енгізу міндеті алда тұр. Бұл міндеттердің
жүзеге асуына, түзетулердің енгізілуіне қазақ кітабы орасан зор рөл
атқаратыны белгілі. Ендеше, ұлттық санамызды, ұлтымыздың өнерін
насихаттауда Өнер баспасы да қалтқысыз еңбек етіп келеді деп есептеуге
болады.
Өнер баспасы өнімдеріндегі ұлттық құндылықтар
Тамыры тереңнен өріс алған халқымыздың ғасырдан ғасырға үзбей жалғасып
келе жатқан қазына-мұраларының бірі – салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары.
Ұлттық болмысы, тіршілік ету тәлімін, рухани өресін, танымы мен нанымын
жалпақ әлемге жайып, өзін өзі көрсететін әрі танытатын да біздің ұлттық
мәдениетіміз. Талай ұрпақтардың керуен көшін артқа тастап, замана запыранын
бірге жұтысқан тарлан тарихымыздың өн бойынан өшпей, керісінше, қанат
жайып, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан қасиетті қазыналарымыз өзінің
жасампаздығымен ерекшеленеді. Бояуы қанық ұлттық дәстүріміз бен рухани
мәдениетімізді өркендетіп, жалғастыру келелі ұрпақтың парызы болмақ. Бұл
жайында тәуелсіз еліміздің Ата заңында: Қазақстан Республикасының
азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға,
тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті, [ 3]- делінген.
Мәдениеттанушы ғалым Т.Ғабитов: Мәдениет – халықтың мыңдаған жылдар
бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі,
халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы
мен келбеті, оның ерік бостандығы мен тарихи зейін–есі, философиялық
жүйелер мен рәміз-таңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік
сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты – осының бәрі мәдениетпен біте
қайнасқан [ 4, 7б.] - десе, белгілі академик М.Қозыбаев: Адам баласы шыр
етіп жерге түскеннен бастап, қартайып дүниеден қткенге дейінгі өмірі үнемі
сан ғасырлық наным-сенімі, танымы-түсінігі, қоғамдық даму барысындағы
ізденістері жинақталған салт-дәстүрлер арасында болады десек, ендеше салт-
дәстүр дегеніміз – халықтың рухани өзегі, мәдениетінің діңгегі, тілінің
тірегі. Ал қазақ халқының мәдениеті – ұлттық тарих сахнасында өзі
қалыптасқан мәдени мұрасы, халық білімі, сенімі, әдет-ғұрп, салт-дәстүрі
[ 4, 12б.], - дейді.
Сөйтіп, кез-келген ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер
жүйесіне бірден көзіміз түседі.
1996 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет туралы Заңы қабылданды.
Онда: Осы заң мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық,
экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгілейді, қазақтың
ұлттық мәдениетінің Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін жасау,
жаңғырту, сақтау, дамыту, пайдалану және тарату саласындағы қоғамдық
қатынастарды реттейді [ 3], - делінген.
Осыған орай тәуелсіздік алған республикамыз үшін қазіргі экономикалық
мәселелермен бірге халықтың рухани жаңғыруы, яғни, төл мәдениетін
өркендету, дамыту аса маңызды міндет болып отыр. Сондықтан, қандай да
экономикалық тұтқаларды пайдалансақ та, қандай да қаржы ресурстарын
иеленсек те, болашақ ұрпақты жоғары мәдениетті ортасыз көру мүмкін
еместігін қатал ескеруіміз керек. Бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып
табылады.
Халық мәдениеті – ұлттық тарих сахнасында қалыптасқан, мәдениет
мұрасы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, яғни мәдениет өз топырағында дамып,
өркендеуі тиіс. Мәдениетті сонымен қатар қоғамдық болмысымыздың барлық
саласымен тамырлас, астас жатқан қасиетті ұғым ретінде де қарағанымыз жөн.
Халқымыздың қасиетті қолөнері атадан балаға ауыса отырып, өте жақсы
дамыған күрделі өнер. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бірегей бұйымдарды
өте үлкен талғаммен жасалған өнер туындылары деп бағалаған жөн. Өйткені
көптеген халықаралық көрмелер мен байқауларға, өнер фестивальдары мен
форумдарына қолөнер туындыларын қойып, байқағанымыз, біздің қолөнеріміз
әлем халықтарының қолөнерімен терезесі тең, тіпті кейбір тұстарда көп елден
шоқтығы биік тұр.
Қазақтың қолөнерiнде қазақ даласының жарты миллион жылдық тарихы бар.
Жарты миллион жылдық деуiмiздiң себебi – қазақ даласында алғашқы адамдар
осыншама уақыт бұрын пайда болған деседi. Осы уақыттан берi мал өсiрiп,
терi өңдеген, құс өсiрiп, аң аулаған, соқа салып, егiн еккен адамдар
қолөнердiң түр-түрiн ойлап тапты, бұйымдарға өзiнiң арман-ойын, қиял
жемiстерiн ойып бедерледi. Мұражай әйнектерiнен жылтыраған талай ғасыр
бұрынғы әшекей бұйымдардың өрнектерi зер салып қараған кiсiге сол дәуiрдегi
адамдардың өмiр салтынан, тұрмысынан, эстетикалық талғамынан хабар бередi.
Ендеше, қолөнер тарихы – қазақтану тарихы деудiң де жаны бар.
Белгiлi қолөнер шеберi, суретшi-этнодизайнер Дәркембай Шоқпарұлы
қазақтың бұйым жасау өнерiн жандандырып қана қоймай, осы саладағы зерттеу
жұмыстарын да өрге сүйреп жүр. Мұның бiр дәлелi – суретшiнiң 2005 жылы
Өнер баспасынан жарық көрген Қазақтың қолөнерi атты альбомы. Кiтаптың
алғысөзiнде Дәркембай Шоқпарұлы қолөнер деген сөзге анықтама берiп өтедi:
Қолөнер ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан халық творчествосының
сарқылмас қайнар көзi, халық мәдениетiнiң айнасы. Ол талай ғасырлар
кезеңiнен өтiп түрленiп, жаңарып келiп, атадан балаға мұра ретiнде бiзге
жеткен дәстүрлi де қасиеттi өнер. Қандай халықтың қолөнерi болса да оның
тарихымен, қоғамдық құрылысы, әдет-ғұрып, салт-санасымен астасып қатар
өркендейдi. Қолөнер адам баласының әсемдiкке, нәзiктiкке деген ұмтылысын,
сол бағытта табиғатты өзiнше таңбалап бедерлеуiн, сұлулықты iздеуге деген
құштарлығын танытады. Ол арқылы бiз үлкен рухани-эстетикалық тәлiм алып,
өнер әлемiне қанат қағамыз [ 5, 6б.]
Ұста Дәркембайдың жазуынша, қазақ шеберлерi ағаш, металл, терi,
былғары, тарамыс, қайыс, жүн, жiп, ши, қамыс, киiз, мата, тас, бояу, сүйек,
мүйiз материалдарын көп қолданады екен.
Ал бұл материалдарды өңдеп, әшекейлеу үшiн ою, қашау, құю, шеку, нақыш
салу, өрнектеу, бояу, бұрау, ширату, кесу, тесу, илеу, өру, тоқу, иiру,
бедерлеу, тiгу, сыру, шабу, қақтау, ыстау, лажылау, дәнекерлеу, құрсаулау
т.б. тәсiлдер қолданылады.
Көптеген халықаралық форумдар мен көрмелерде, байқауларда
қазақтың қолөнер бұйымдары басқа халықтар қолөнер туындыларынан шоқтығы
биiк түсiп жатпаса, кем түспейтiн көрiнедi. Шын мәнiнде, қазақтың қолөнер
тарихы – жастарға эстетикалық тәрбие беруде маңызы зор ғылым болса керек,
туған халқының материалдық мәдениетiн қолөнер арқылы зерттеп-бiлiп, оның
бүгiнгi тұрмысымызбен бiте қайнасып жатқан тұстарын қолмен ұстап, көзбен
көрiп, сезiнуден артық қандай тағылым болсын.
Альбом сегiз бөлiмнен тұрады: ою-өрнек, терi өңдеу, ағаш өңдеу,
металл өңдеу, ер-тұрман, қару-жарақ, саз аспаптары, жиһаз, ыдыс-аяқ.
Автордың жазуынша, киiз үй мен оны жасау жабдықтары, жүннен жасалатын
бұйымдар, ши тоқу, мүйiз бен сүйектi ұстау, бәдiзшiлiк өнерi, қыштан
жасалатын көркем бұйымдар т.б. қолөнердiң салалары альбомға кiрмей қалған.
Алдағы уақытта бұл тақырыптар бөлек альбом-кiтапқа арқау болады деп
үмiттенемiз.
Ою-өрнек – өнердiң өте көне әрi күрделi түрi [ 5, 13б.], –
дейдi Дәркембай Шоқпарұлы. Бұдан әрi шебер ою-өрнектiң композициялық
құрылымына сай, бейнелеу белгiлерiне сай әр түрiне жеке-жеке тоқталады.
Халықтың сенiм-нанымы көкжиегi, дүниетаным көкжиегi мен қолөнердiң тығыз
байланысының бiр дәлелi – қолөнерде жапырақ өмiр бейнесiнiң жиi кездесуi.
Қазақтың ежелгi дiни наным-сенiмi бойынша, жер астында өскен үлкен көк
теректiң жапырақтарына жер бетiндегi адамдардың аты жазылған. Бiр жапырақ
үзiлiп түссе, бiр адамның өмiрi қиылады. Қобыз, асатаяқ секiлдi саз
аспаптарында сылдырмақ түрiнде iлiнген жапырақ бейнесiн талай рет көрген
боларсыз. Тiптi, қазық, ат байлайтын мама ағаш, ұстын, тiреу тәрiздi
шаншылған тiк заттардың бәрi көк теректiң символы iспеттес. Дәркембай
Шоқпарұлы қобыздың өзiн әлем бейнесiне ұқсатады. Қобыздың аржасы мен
шанағы бөлiп қарағанда – көк өгiздiң басы, ал шанағы – жұмыр жер, мойыны
мен басы – көк терек тәрiздес. Басындағы салпыншақтары көк жапырақ пен көк
кептерлер. Жапырақ – тiрi адамдар, ал көк кептерлер – әруақтар [ 5, 14б.].
Қолөнер мен мәдени танымның бiртұтастығы туралы тағы бiр дәйек. Қазақта
көзi ашық адам деген тiркестiң мағынасын екiнiң бiрi бiледi. Ал осы
тiркестiң қолөнердегi балықкөз деп аталатын өрнек түрiмен астасып
жатқанын бiлесiз бе? Қазақ ұғымында бұл өрнектiң мағынасы бiлiм, ғылым
дегендi бiлдiредi екен [ 5, 33б.]. Ендеше, өрнек пен фразеологиялық
тiркестiң жақындығы өзiнен-өзi байқалып тұр.
Қарап отырсақ, қазақтың қолөнерiн зерттеу арқылы тiлдiк
ерекшелiктердi, мәдени тарихымызды, дiни наным-сенiмдердiң даму жолын,
халқымыздың салт-санасын зерттеп бiлуге болады екен. Ендеше, жастарды
құрғақ сөзбен қазақы рухқа тәрбилеуге ұмтылғаннан гөрi, мектептiң жоғарғы
сыныптары мен жоғары оқу орындарында Қазақтың қолөнерi атты қысқаша
дәрiстер курсын оқытқан абзал болар. Бұл жастардың таным-түсiнiгiн
кеңейтiп, өз халқының тарихын, әдет-ғұрпын тереңiрек түсiнiп, мәдениетiн
мақтан етуге жетелер едi. Халық ұғымында тамырын жетi қабат жерге жайған
көк терек секiлдi олардың бойындағы рух ақыл-санасын өзгенiң қаңсығына
қызығудан жерiтiп, өз халқының тарихына терең мән беруге ұмтылдырар едi.
Қазақтың қолөнерi өз зерттеушiлерiн күтiп мұражайларда шаң басып жатқан
жайы бар. Осы орайда, сан ғасырлық мұралардың тегiн, авторын зерттеу –
болашақ мәдениеттанушылардың iсi. Ал Дәркембай Шоқпарұлының Қазақтың
қолөнерi альбомы – оларға бағыт сiлтер көмекшi құрал болмақ.
Қазақ қолөнерінің дамуына өз үлесін аянбай қосып келе жатқан
суретшілеріміздің бірі Жеңіс Кәкенұлы және оның Қазақ қолөнері атты
баспадан жарық көрген фотоальбомы. Альбом Өнер баспасынан 2007 жылы ҚР
Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің
бағдарламасы бойынша шыққан [ 6, 2б.].
Жеңіс Кәкенұлының бұл альбомы өнер сүйер қауымға қазіргі бейнелеу
өнерінде жаңа бір үрдістің бар екендігін анық көрсетіп отыр. Ең бастысы,
суретшінің кескіндемелік туындыларының қолтаңбалық даралығы айрықша, оған
қоса өте бір талғампаздық сипаттағы түр-түс үйлесімділігі бірден баурап
алады. Кескіндемелік формалар әртүрлі, өзара бірыңғай ұқсастық жоқ, демек,
автор күрделі ізденіс жолында деген сөз. Екінші бір қызығарлық қыры –
Ж.Кәкенұлы графика өнерін соншалықты құлай сүйіп, сүйкімді бейнелер
сомдайды. Әзірше тақырыптық, ойшыл сом дүниелер болмаса да, сол өнерге
лайық өзіндік мәдениет қалыптастыра алған. Одан әрі осы заманғы ақпараттық
технологияны дат пайдалана отырып, графиканың электрондық түрін де ұсынады.
Суретшінің шығармашылығы – қарындаштың көрінер-көрінбес нәзік
штрихынан бастап майлы бояудың қою да қалың бедеріне дейін, принтердің
құлпыра-мың бояғынан тартып, адам ойындағы түр-реңді айнытпай қағазға
түсіретін мүмкіндікке ие баспахананың СМҮК-іне дейін, ауыр естеліктерден
лирикалы әуенге ауысатын қисапсыз картиналармен өріліп отырады. Ол
картиналарда – суретшінің сезімі, жан дүниесі, қоршаған ортаға дейтін
көзқарасы, байламы, тоқтамы бәрі-бәрі сөз болады. Суреттеріне айнымалы-
толқымалы заманның салған әжімін көресіз [ 6, 3б.].
Оның шығармасының жаны бейнелеу әлеміндегі символизм дейтін ағымға
жақын. Суреттері бір қарағанда анық-қанық көрінгенімен, артында астарлы
мағыналар бар. Мысалы, Жұп, Жұмбақ айтыс, Инсайт, Қамбар ата,
Көңілдің қағы, Таңбалы тастар топтамасы, Монолог, Реквием, Бес
жақсыны айнала ұшу, Сиам егіздері, Ақ есектің үстінде, Біздің өмір,
Құлпытас, Тобыр мен Әпенде картиналарында суретші әлінше құпияға шомып,
аңыздарды екшегені байқалады. Астасып-тұтасып кету дейтін, емеурін, ишара
дейтін сөздердің суреттегі қандас-жандас сыңарларын табуға әрекет қылады.
Сол арқылы қазақтың рухани құндылықтарына ұмтылады.
Альбомда Жан азасы. Жарықтық жақсы адам еді дейтін біршаршы метрдей
болатын картинасы көрсетілген. Ортада әлдебір жақсы адам жатқан, жабулы
табыт, айнала аза тұтқан әлеумет. Картина – (қоңырқай, тұнжыр, пәс бояулы
көпшілікпен бірден көзге ұратын құм қызыл, ақшыл түспен жазылған табыт)
спираль әдісімен шешілген. Мұнда топ портреттік ұқсастық деген мүлде жоқ.
Жалпының жалқыға қатынасы да жалпақ дақтар мен иірімдерден тұрады. Сөйтеді
де, көрерменді тереңге сүйрейді.
Автордың кітап безендіруде, жарнамалық плакатта да біраз тәжірибе
жинақтағаны және шетелдік конкурстардан жүлделі екені де белгілі. Міне,
осындай бейнелеу өнері, қолтаңбалы графика мен дизайнды қатар меңгеріп,
өзіндік эстетика мектебін қалыптастыруға ұмтылған суретшінің
көркемсуреттегі талантты қадамдары осы альбомда жинақталған.
Қазақтың ұлттық сән және қолөнері саласында суретші Құрасбек
Тыныбекұлының есімі әрқашанда алдыңғылардың қатарында аталып жүр. Өйткені
ол ұлттық гобелен тоқу мектебінің іргетасын қалап, оның дамуына өлшеусіз
еңбек сіңірген жан. Өнер баспасынан талантты суретшінің де Қазақ
қолөнері атты еңбегі жарық көрген.
Құрасбек Тыныбекұлы студент кезінде, яғни 1970 жылы тұңғыш рет
Қазақстанның 50-жылдығына арналған республикалық көрмеге өзінің тырнақалды
Шопан атты гобеленімен қатысып, өзінің шын мәніндегі шығармашылық ғұмырын
бастаған еді. Сонау ғасырлар қойнауында қалып, уақыттың елес-сағымына
айналған қазақтың ұлттық дәстүрлері мен ою-өрнектік жәдігерлеріне дейін
терең үңіліп, танып-білуге ыждаһатты болатын. Оларды өз шығармаларына арқау
етіп, бүгінгі уақыттың талабына сай пайдалануды дәстүрге айналдырды [ 7,
5б.].
Қ.Тыныбекұлының суреткерлік әлемі ауқымды да жан-жақты, сан қырлы.
Қазақтың тоқыма өнерін техникалық жағынан дамытып қана қойған жоқ, ол
сонымен бірге бұл өнер саласын шығармашылық тұрғыдан жаңа биікке көтере
білді. Жаңаша үлгілерге негізделген жоба-эскиздер, ою-өрнектер, сәндік
айшықтар жасады.
Альбомда суретшінің Дала әуені (1972), Аспан (1973) атты
текеметтері мен Дала балладасы (1973) , Отбасы (1973), Көктем
(1974), Тау мен дала аңызы (1975), Әлем (Өмір дарығы, 1976),
Байқоңыр ырғақтары (1977), Тың шеруі (1978), Теңіз симфониясы (1979),
Байқоңыр (1980), [ 7, 8б.] тағы басқа гобелендері көрсетілген. Бұл -
Қазақтың ұлттық сән және қолөнерінің алтын қорына айналған өлмес туындылар.
Қазақтың шұғыласы (44м х 2,40) атты монументальды еңбегі үшін
Құрасбек Тыныбекұлына, ол марқұм болған соң, бір топ суретшілермен бірге
1980 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлық берілген [ 7, 16б.].
Өзінің шығармашылыққа толы жарқ еткен қысқа ғұмырында Қ.Тыныбекұлы
ұлттық өнерге жан-тәнімен беріле қызмет ете жүріп, қыруар қоғамдық жұмыстар
да атқарды. Оның есімі Қазақстанның үлкен энциклопедиясына енгізілген. Өнер
академиясының академигі Қ.Тыныбекұлының өмірі шығармашылығының нағыз
толысқан кезінде күрт үзілді. Ол небәрі 32 жыл ғана өмір сүрді. Оның он
жылында қазақ өнеріне қызмет етті. Артында мәңгі өлмес туындылар қалдырды.
Суретшінің көзі тірісінде басқан текеметтері мен гобелендері және артында
қалған эскиздері түгелге жуық қамтылған бұл альбом шебердің 60 – жылдығына
байланысты шығарылып отыр.
Қазақ халқының мәдени асыл қазынасының бір саласы және ұлттық келбетін
айқындап бейнелейтін өнер түрі - ою-өрнек. Ою-өрнек деп қосарланып
айтылатыны болмаса, бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, дамытып отырады. Қазақ
ұлттық ою-өрнегінің басты қолданылатын орыны – сәндік қолданбалы өнерінің
барлық салалары. Қай халықтың болса да рухани әлемі ең алдымен, оның
дәстүрлі өнерінен көрінетіні мәлім.
Осындай дәстүрлі өнерді сақтап қалуда үздіксіз атсалысып жүргендердің
бірі – Шөптібай Байділдәұлы және оның 2006 жылы жарық көрген Қазақтың ою-
өрнектері атты еңбегін айтуға болады. Кiтаптың алғысөзiнде Шөптібай
Байділдәұлы ою-өрнек деген сөзге анықтама берiп өтедi: Ою-өрнек
дегеніміз – (латынның ornament – әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан)
үйлесімділікпен бір қалыпқа түскен элементтерден тұратын нақыштар. Екеуінің
де мағынасы бір. Онда бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты
оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне бедер түсіру деген мағына
жатады [ 8, 6б.].
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, құзшыңдары кең-байтақ даласымен
жалғасып жатқандықтан болар, дүниеге көзқарасы, оны қабылдап, ұғыну
қабілеті ассоциациялық ой-өрісі тұрғысында еркін өсіп-даму арқылы үнемі
қозғалыста көркемдік тұтастықтағы өнер үлгісі болып қалыптасты. Альбомға
халық шеберінің ұзақ жылдардан бері ізденіп, тер төгіп жүріп ұлт өнерінің
терең дәстүрлері негізінде өз қолымен жасаған ою-өрнектерінің озық үлгілері
енгізілген. Ою-өрнектер тақырыбына және қолданыс аясына орай кітап үш
бөлімге топтастырылған. Олар: Киім түрлеріне лайықты ою-өрнектер,
Тұрмыстық заттарға лайықты ою-өрнектер және Күрделі ою-өрнектер деп
аталады.
Алғашқы бөлімде киім түрлеріне лайықты жасалатын ою-өрнектер жайлы
айтылады. Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар,
атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып
келе жатқан өнер түрі.
Біздің жыл санауымыздан бұрынғы V – III ғасырлар аралығында Алтай
өңірінен, Қара теңіз төскейіне дейінгі сайын даланы қоныстанған түркі
халықтарының түп аталары – байырғы Сақтар – әлем мәдениетінде өнердің өшпес
асыл мұраларын өнер жарықтарын қалдырған.
Аталмыш өнер кезеңіне академик Әлкей Марғұлан Аңдабы мәнер деп ат
берген. Есік обасынан, Шығыс Қазақстаннан қазылып алынған Алтын адам
киімі осы аңдабы мәнерінде жасалған өрнек. Міне, қазақ халқының ою-өрнек
өнері осылайша түркі жосығымен, ол жосық ежелгі сақтар өнері зергерлік
әшекейлермен тікелей сабақтасып отырады дейді автор [ 8, 7б.].
Халқымыз молшылықты – дарияға, теңізге, бәйтерекке теңесе, батырды –
арыстанға, қыран бүркітке теңеген. Сұлуды – ай мен күнге, хош иісті гүлге,
құралайдың лағына, аққудың көркіне, бота мен тұрымтайдың көзіне, сұқсырдың
мойнына, алмаға, қарақатқа теңейді. Әсемдікті аң-құстан, өсімдіктен,
табиғаттан іздеді. Сол сұлулықты ою-өрнекке түсірді, дамытты. Оның нақты
айғағын Алтын адам киімдеріндегі алтын ою-өрнек, әшекейден көруге болады.
Қазақ халқының кемеңгер ғалымы Шоқан Уәлиханов Тәңірі атты еңбегінде
біздің ата-бабаларымыздың әдеттен тыс табиғат құбылыстарын қасиетті
санайтындығын айта келе: Айдалада дара өскен ағаш... тәу етіп, басына
түнеуге жарап жатыр. Жанынан өткен әрбір жолаушы оларға ырым етіп, әлем
байлап, жанына ыдыс-аяқ тастап кетеді... басына құрбандық шалады [ 8,
17б.], - деп жазса, түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы саналатын Қорқыт
ата кітабында да тікелей ағашқа бағышталған айшықты сөз бар. Бұл жалғаннан
біз ағаштың қазақ тұрмыс-тіршілігіндегі қолданыс орнымен қатар, оның ата-
баба таным-түсінігінен алар жүйесін де өте айқын байқай аламыз.
Кітаптың екінші тарауында автор: Ою-өрнекті жақсы сапалы жасау үшін
алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою ырғағы мен
мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау
қажет. Оймастан бұрын тақырып таңдай білу керек. Оюдың жақсы шығуы оюшының
ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюды ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-
өрнектің қандай түрі болса да, ол – адам ойының жемісі.
Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы
керек. Ара жігі бадырайып, үйлеспей, олпы-солпы болса – ою өзінің сәнін,
сұлулығын, үйлесімін, тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін [8, 7б.] деп, қазақ
ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан, қандай ою түрін
жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет екенін баса айтады.
Осы бөлімде тұрмыстық заттарға арналған ою-өрнектерге жеке-жеке
тоқталып өткен. Қазақ халқының тұрмысында да ағаштан жасалған заттар өте
көлемді. Жазы, қысы пайдалануға келетін ағаш уықты, киіз туырлықты киіз
үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесімінен тұрады.
Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы осы мүлікте ою-өрнек
қолданылмайтын бөлшек жоқтың қасы.
Киіз үйдің керегесі мен түндігінен басқа бөлшектеріне: сықырлауық
ашпалы есікке, есік сыртыдағы киіз жаппаға, туырлықтың жиегіне, шаңырақтың
жағалай жиегі мен шабақтарына, уықтың төменгі жалпақ иініне, бақанға,
адалбақанға, желбауға, басқұрға, дөдегеге, кереге сыртынан ұсталатын шиге,
жалпақ құрларға, жалпақ туырлықтың түндігінің бауларына тоқылып оюлар
салынады, шашақтар байланады.
Киіз үй ішіндегі жиһаздар: кілем, текемет, сырмақ, алаша, тұскиіз, жүк
жапқыш, шымылдық, орамал, сүлгі, дастархан, кір салғыш, кесе қап, шабадан,
кебеже қап, қоржын, торсық, саба, күбі, асадал, сандық, қолсандық, жүкаяқ,
ағаш төсек, ағаш аяқ, ожау, ағаш қасық, табақ, астау, тегене, самаурын,
шәйнек, кесе, сапар кесеге оюлар түседі. Ер-тұрман: қамшы, жүген, ер,
ноқта, тұсамыс, кісе, шыбыртқыға, домбыра, қобыз, сырнайға, басқа да үй
жиһаздарына шебердің талғамына орай әр түрлі ою-өрнектер салынып келеді [8,
19б.].
Үшінші бөлімде қошқар мүйіз оюының маңыздылығы жайлы баяндалады.
Қошқармүйіз ою-өрнегі – байлық пен молшылықтың нышаны.
Қошқармүйіз бен арқармүйіз оюларының қазақ қолөнерінде қолданылмайтын
жері жоқ. Қошқар мүйіз оюымен қатар әр заттың көлемі, сәнділік пайдалану
деңгейіне қарай әр алуан жапырақ тектес, бітпес оюлар салынады. Бұл
өрнектер иірім, шиыршық, иық, үшкіл, түйе табан, қос ирек,
қазтабан, құсмұрын, сыңар өкше, айшық гүл, жұлдыз гүл т.б.
аттармен аталады [8, 7б.].
Қолөнер шеберлері ою-өрнекті әр заттың өзіне лайықтап, жарасымын,
үйлесімін, сәнін тауып жасаған. Жасаған затпен ою-өрнек бір-бірімен өте
сәнді қабысып, шынайы көркемдік беріп отырған. Ою-өрнек түрлері өте нәзік
түрде түскен. Пайдалану орнын шатастырмай нақ тауып, орын-орнына қоя
білген. Қазіргі уақыттағыдай бас киімге салатын оюды балаққа, балаққа
салатын оюды жағаға салмаған. Жарасымын, пайдалану орнын тапқан ою-өрнек
алғаш қарағаннан көңілге қуаныш, жүрекке жылылық, сәндікке құмарлық беріп,
өзіне тартқан көздің жауын алған.
Жалпы ою-өрнек жасаушы шебер оюды олпы-солпы болудан сақтауы,
әсемділігіне жеткізе білуі керек. Өнер зерттеушілерінің пайымдауынша қазақ
ою-өрнегі үш түрлі ұғым негізінде туған деген қорытынды бар:
Біріншісі – қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық
оюлары.
Екіншісі – басқа халықтардың мәдениетінен ауысқан.
Үшіншісі – уақытқа қарай бейімделуі.
Ертедегі қазақ ою-өрнегі мазмұны жағынан үш түрлі ұғымды бейнелейді:
1) Мал өсіру мен аңшылық,
2) Жер – су, көшу – қону,
3) Заттардың сыртқы бейнесі. [8, 8б.]
Осылардың қайсысында да қошқар мүйіз оюы қолданылып, араласып отырады.
Ою, сызу, бедерлеу ру тайпалардың таңбаларында, малдың ентаңбасында, ай,
жұлдыз, аспан әлемін тұспалауда орын алады. Шеберлер сүйекті ойған, ағашты
иген, тасты қашаған, мүйізді балқытқан, металды өңдеген. Әсемдікті таңдай
да, жасай да білген.
Осындай әсемділікті таңдай білген хас шебер оюшы зергерлеріміз осы ою-
өрнекке бояу түрлерін пайдалануды да жете меңгерген. Халқымыздың ою-
өрнектерінде басым түс ақ пен қара болып келеді. Бұл оюдың ең шешімін
тапқан жарасымды түрі болып есептелінеді. Ақ пен қара түс бір-бірін айқын
ашып, қандай затқа пайдаланса да анадайдан көздің жауын алып, сән беріп
тұрады. Асқан шеберлер былғарыны ақ күміспен әшекейлеп тұс киіз жасаған.
Бұл түсті халқымыз ең жоғары бағалаған, қастерлеген. Себебі әрбір түстің өз
мән-мағынасы бар.
Мысалы: көк түс – аспан әлемін меңзейді. Көк түспен жасалған затты
киелі санап, аяқ астына төсемеген. Көк түс көк тәңіріні, аспанды меңзейді
деген көнеден келе жатқан ұғым бар. Қызыл түс - оттың, күннің символы, ақ
түс – ақиқаттың, қуаныштың, бақыттың, пәктіктің белгісі, сары түс - ақыл-
парасаттың, мұңның символы, қара түс – жердің символы, жасыл түс –
жастықтың, көктемнің, жасыл әлем символы [ 8, 10б.]. Әрине, әр шебер, оюшы
түр мен түсті өз талғамына, ойлау жүйесіне, наным-сеніміне қарай іріктеуі
мүмкін.
Ою-өрнектің тұрмыста пайдалану ауқымы өте кең. Оюдың жекелеген
тармақтарынан бастап үш түп, төрт түп, бес түп, алты, жеті, сегіз, тоғыз,
т.б. тармақтарынан әрі қарай өрбіп, кеңейе беретін күрделі оюлар да біздің
ұлттық дәстүрімізде, тұрмыста үнемі қолданыс тауып келген [8, 8б.]. Айшығы
мол, жасалуы күрделі, өте нәзік оюлар ертеректе хандардың салтанат
сарайларын, үйлердің ішін, күрделі діни кесенелерді безендірген. Оған мысал
Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі, Айша Бибі мазарындағы, Қырым хандығы
сарайындағы, Испаниядағы мұсылман мешіттеріндегі, қасиетті Мекке Мәдинадағы
мешіт іштеріндегі оюларды айтуға болады. Қарасақ көз тоймайтын, жасалу
күрделігіне ақылың жетпейтін неше кереметтер болған біздің киелі жерде. Ал
мұсылманша жазуларды қарап отырсаңыз шетсіз, шексіз бір бірімен астасқан,
үйлесім тапқан, артық-кемі жоқ жымдасқан ою-өрнектен жасалған алтын шынжыр
іспетті.
Ою-өрнек ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ
халқының мәдени мұрасының ажырамас бір бөлігі. Халқымызда жазу болмағанда
ою-өрнек болды. Сол ою-өрнек арқылы халқымыз өз тыныс-тіршілігін,
мәдениетін, өнерін, мәдени құндылықтарын, жоғары деңгейде дамыған тұрмыстық
қажеттіліктерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, дамытып отырды. Келешек ұрпақ
мақсаты осы киелі өнерді әрі қарай дамыта отырып, көздің қарашығындай
сақтау.
Осы салада отыз жылдан аса уақыттан бері ұлттық ою-өрнекті дамытумен
айналысып келе жатқан Шөптібай Байділдәұлының басты мақсаты – мүмкіндігінше
ұлттық нақыштағы ою-өрнекті зерттей отырып, нәзік те күрделі өнердің сырын
ашу, жасалу жолдары мен оны тұрмыста пайдалану реттерін өнерпаз жастарға
ұсыну.
Қажетіне жаратамын деген талапкерге көмектесу, ұлттық мемлекеттік
деңгейдегі мәдениетімізді дамытуға үлес қосу, сол арқылы ұлтымыздың мәдени
өнерін басқа елдерге насихаттау, тұрмыстық заттар шығаруды өндіріске
енгізу, оқулықтар шығару, зергерлік қолөнерді дамыту жолдарын оқырманға
қарапайым тілмен түсіндіру, құзырлы орындарға ою-өрнекті дамыту туралы өз
ұсыныс, пікірін жеткізу. Ою-өрнекпен айналысқан отыз жылдан аса уақыт
ішінде ешқандай ою түрлеріне қарамай, ұлттық бағыттағы басты ою түрі -
қошқар мүйіз айшығын сақтай отырып, бір жарым мыңдай үлкенді-кішілі,
ірілі-уақты әр түрдегі ою түрлерін жасаған.
Басты мақсат – қошқар мүйіз оюын дамыту, сұлу, сәнді, икемді оюлар
шығару. Бұлардың ішінде алуан түрлі күрделі оюлар да, шағын оюлар
топтамалары да, зергерлік бұйымдарға арналған түрлері де бар.
Ұсынылған ою түрлерін қажетіне қарай, талғамына қарай таңдау – әр
талапкердің еркінде. Мақсат – жасалған оюлардың жасалу ерекшелігін толық
түсіндіре отырып, пайдалану жолдарын ұсыну, оюдың өндіріске енуіне ықпал
жасау.
Оюларды уақыт талабына сай сұрыптай отырып, ұлттық негізде қазақ
халқының өнер туындысы деп бағалауға тұрарлық, шет елдерге ұлттық мақтаныш,
ұлттық мұра белгісі ретінде ұсына алатын, бүгінде шығарылып жатқан мән-
мағынасы, мазмұны, сапасы жоқ бұйымдармен бәсекеге түсетін ұлттық тұрмыстық
өнім ретінде, оюланған қазақы кілем, сырмақ, тұскиіз, үй жиһаздары, үстел,
орындықтар, ұлттық өрнекпен безендірілген салтанат сарайларын, неке
сарайларын, мұражайларды, жастар сарайын, мешіт, медреселерді, мектепті,
балалар бақшасын, демалыс орындарын неге салмасқа. Кез келген мәдени орында
ұлттық нақыштағы ою-өрнек сәндік безендірулер болса, көрермен көзіне
жылылық ұялатып, өнерге деген құлшынысын ашары анық. Жақсы жасалған ою-
өрнектер үнемі үйлесім тауып, бір-бірімен сіңісіп, шытырман айшық жасап,
үлкен күрделі оюға ұласады. Шебер оюшы бір ғана қошқар мүйізді дамыту
арқылы мыңдаған ою шығаруы анық. Оюлардың түріне, зергерлік бұйымға шектеу
жасауға болмайды, оның даму аясы адам ақыл-ойының кеңдігімен, іскерлігімен,
тапқырлығымен дами бермек. Әрине, бай мұраны зерттеп қанықпай жаңа туынды
жасау, олардың бастапқы атауларын толық меңгермей, уақыт талабына сай жаңа
ою-өронек жасау өте қиын да күрделі іс. Уақыт өте шебердің ой-өріс
кеңдігіне сай ою түрлері мен атауларының өзгеруі заңдылық. Бұл жаңа талғам
талабы. Оюдың басты шарттары: симметрия, тепе-теңдік, дәлме-дәлдік, тұп-
туралық, біркелкілік, сәйкестік, үйлесім, сәнділік, көзге әсем көріну,
көңілге жылы тию. Ал өрнектер ою заңына бағына бермейді, еркін жүйемен
жасалады. Симметрия, тепе-теңдік сақтамайды [8, 10б.] - дейді автор.
Бүгінгі таңда қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі киім
түрлері өзгеріске ұшырады. Ұлттық киімнің бояуын, түсін өзгерткенмен,
түрін, пішімін (модасын) өзгерту дұрыс емес. Бұл біздің қазақ ұлтына тән
ерекшеліктегі ою-өрнек, кие, қасиет. Осы киіммен, осы обалармен халқымыз
тарихи дәуір өткізген, досы да, қасы да таныған. Түрін де, түсін де
өзгертпей ғажайып киімдер жасаған. Ғасырдан ғасырға дамыған ою-өрнек
тілімен шеберлер ойын да, көңіл күйін де, уақыт жағдайларын да жеткізе
білген.
Жасалған ою-өрнектерге түгелдей ат беру мүмкін емес. Әр шебер өзі
жасаған ою-өрнегінің қандай ою түріне ұқсайтынын, қандай ат лайық екендігін
және ою-өрнекті қай затқа қалай пайдалану керектігін дәл де нақты білген.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша ою-өрнек үш топқа бөлінеді:
1) Өсімдік тектес (жапырақ, үш жапырақ, ағаш).
2) Зооморфтық (жан-жануарлар)
3) Космогониялық өрнек (дөңгелек, ирек, шимай, тор көз).
Ұсынылып отырған ою түрлерін халық шебері өз талғамына сай үш
тақырыпқа бөлген:
1) Киім түрлеріне лайықты ою-өрнектер.
2) Тұрмыстық заттарға лайықты ою-өрнектер.
3) Күрделі ою-өрнектер. [8, 9б.]
Халқымыз сәндікті, сұлулықты сүйген, өнер туындыларының жетілген
түрлерін өмірге енгізген, тұрмыста қолданған. Сол ою-өрнек арқылы әсемдікті
насихаттаған. Сұлулықты сүйген халық жүрегі нәзік, таза, ақжарқын,
қайырымды болған. Міне, ғасырлар бойы бабаларымыз ешкімнің ала жібін
аттамаған, сырт елге соғыс ашпаған. Қайта басқа елге қамқор болған. Сол
қамқорлық күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Басқа ұлт өкілдерін
бауырымызға бастық. Халқымыз ата-баба дәстүріне, салтына, мәдени мұраға
адалдықпен қараған. Қаншама алапат соғыс, қуғын-сүргінді бастан өткерсе де
атадан қалған киелі жәдігерді шамасы келгенше тастамаған. Бабалар мұрасын
қастерлеп сақтау, мәдени мұрамызды дамыту егемен еліміздің әрбір азаматының
басты мұрат-мақсаты екені анық.
Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға
– желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық
мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы,
үйлесімділігі, жүріп тұруға қолайлылығы – басқа жұрттардың киім-кешегі
секілді әуел баста адамның тәнін жуып, мағынасыз және ойдан шығарылған
ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал
айналасында болатын маса-шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады.
Киімді әшекейлеу, жағасына, өңіріне, етек-жеңіне кесте тігіп, оқа
бастыру, зерлі жиектер жүгіртіп, киімді безендіруге қымбат металдар мен
асыл тастардан түзілген әткеншектерді пайдалану - көбіне әсемдікке
құштарлықтан емес, дала қауымында жекеменшіктің пайда болуымен байланысты
үстемдік етушілердің байлығын, әлеуметтік өмірдегі алатын орнын баса
көрсету қажеттігінен туған болуы ықтимал. Өйткені, даланы мекендеп, үнемі
малмен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz