Конституция – мемлекеттің негізгі Заңы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

  1. Конституция - мемлекеттің негізгі Заңы
  2. Қазақстанның конституциялық дамуы
  3. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру
  4. Қазақстан Республикасындағы адамның негізгі маңызды құқығы мен бостандықтары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

«Конституция» сөзі негізінде латын тілінен шыққан, «constitutio» латын тілінен аударғанда «мекеме», «бекітілім» дегенді білдіреді. Мемлекеттің негізгі заңы ретінде конституция буржуазиялық мемлекеттердің өмірге келген соң пайда болды. Конституцияны түрлі негіздермен жіктеуге болады. Олар өзгерістер және түзетулер енгізу тәсілі бойынша қатаң және өзгермелі болып бөлінеді. Қатаң конституциялар референдум жолымен жаппай дауыс беру арқылы не арнаулы конституциялық іс-шаралар жлымен немесе Парламентпен қабылданады. Өзгермелі конституциялар қатардағы заңдарды қабылдау тәртібімен қабылданады және өзгертіледі.

Формасы бойынша конституиялар жазылған немесе жазылмаған болуы мүмкін. Жазылғандар бірыңғай нормативтік құқықтық акт түрінде болады. Жазылмағандар - конституциялық сипаттағы бірқатар жүйеленбеген актілер, соттық прецеденттер, құқықтық әдет-ғұрыптар, т. б.

1. Конституция - мемлекеттің негізгі Заңы

Конституция қазіргі заманғы демократиялық мемлекеттің құқықтық жүйесінде айрықша орын алады және құқықтық мемлекеттің қажетті белгілерінің бірі болып табылады. Конституцияның болуы - заңдылықтың, құқық тәртібінің және билік институтының тұрақтылығының міндетті шарты.

Конституция өзіндік заңдық ерекшеліктерге: жоғарғы заң күшіне, тікілей әрекет етуге, құрылтайшылық сипатқа, түзетулер қабылдау мен енгізудің ерекше тәртібіне ие.

Конституция - құрылтайшылық сипаттағы нормативтік құқықтық акт. Қазақстан Республикасының Конституциясы бүкілхалықтық дауыс беру жлымен қабылданды, демек конституция нормаларында халықтың ерік-жігері жүзеге асырылады және Конституция нормалары құрылтайшылық, бастапқы сипатқа ие деген сөз. Конституция қоғамда пайда болатын күрделі қатынастарды реттейді, ол барлық салаларды қамтиды: саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани.

Қазақстан Республикасының Конституциясы елдегі нормативтік құқықтықактілер жүйесін бастай отырып, ең жоғарғы заң күшіне ие. Конституция нормаларының үстемдігі не бір заң немесе нормативтік акт Конституция нормаларына қайшы келмеуге тиістігімен сипатталады. Конституция нормаларына қайшы келетін заңды немесе басқа нормативтік актілер заңдылықтармен белгіленген тәртіппен алынып тасталады. 1

Конституция нормаларының тікілей қолданылуы оның нормалары қоғамдық қатынастары реттеген кезде міндетті түрде әрекет етеді дегенді білдіреді. Конституция қолданыстағы нормативтік акт болып табылады, оның нормалары Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады. Конституция нормаларының тікілей қолданылуы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз қызметтерінде Конституцияны басшылыққа алуы керек дегенді де білдіреді. Азаматтар және оның бірлестіктері өз құқықтарын қорғаған кезде тек конституциялық нормаларға сілтеме жасауға құқылы.

Конституция негізгі заң ретінде тұрақтылығымен сипатталады, оны қабылдау мен өзгертудің ерекше тәртібімен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 2-тармағында конституцияда белгіленген мемлекеттің біртұтастығы және аумақтың тұтастығы, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайтындығы атап көрсетілген. Мұндай өзгерістер тек жаңа Конституция қабылдау жолымен мүмкін болады. Конституцияға түзетулер Республика Президентінің шешімі бойынша өткізілетін республикалық референдуммен енгізілуі мүмкін. Өзгерістер мен толықтыруларды, егер Президент оларды қарауды жоғарғы өкілетті органға беруге ұйғарса, Парламент қабылдайды. Конституцияға енгізілуге тиіс түзетулер жобасы Парламенттің екі Палатасының бірлескен мәжілісінде қаралады. Өзгерістер мен толықтырулар, егер оған Парламент депутаттары жалпы санының төрттен үш бөлігі жақтап дауыс берсе қабылданады.

2. Қазақстанның конституциялық дамуы

Қазақстанның конституциялық дамуын қай уақыттан бастап есептеу керектігі жөніндегі мәселе оқымысты-заңгерлердің, тарихшылардың және басқалардың бірталайдан бергі пікірталастарының өзегі болып келеді. Бұл ретте конституциялық мемлекет құруға деген алғашқы талпыныстарды 1916-1919 жылдары алаш қозғалысының өкілдері жасағаны байқалады. Е. К. Нұрпейісов, А. К. Котов сияқты қазақстандық заңгерлердің пікірінше: «Алаш орда үкіметінің қызметі мемлекеттік құрылым ретінде ерекше маңызға ие, ол егемендікке ұмтылған қазақстанның конституциялық эволюциясының алғашқы нышандары болды».

Қазақстанның конституциялық дамуының келесі кезеңі билік басына Кеңестер келген соң басталған кеңестік конституционализм кезеңімен сипатталады. Бұл кезеңде үш Конституция қабылданды: 1926 жылғы 18 ақпандағы Қазақ автономиялық Советтік социалистік республикасының Конституциясы, 1937 жылғы Қазақ ССР-і Конституциясы және 1978 жылғы Қазақ ССР-і Конституциясы. Жоғарыда аталған конституциялардың ерекшеліктері деп олардың сөз жүзіндегі ғана демократиялылығын және сонымен бірге нақтылы жағдайдан мүлде алшақ кетуін атап кету қажет. Жалпы алғанда 20-30 жылдардағы конституциялар Қазақстанда орын алған тоталитарлық-деспоттық жүйені көрсетпейді. Кеңестік кезеңнің кейінгі жылдарындағы конституциялық заңдылықтарына келетін болсақ, оның негізіне мемлекеттің тұлғадан жоғары тұру қағидаты салынғанын атап өту керек, сонымен бірге заңда бекітілген нормалар мен оларды жүзеге асырудың бір-бірінен алшақ кетуі жөнінде де айтуға болады.

Конституциялық дамудың қазіргі заманғы кезеңі 1990жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялаудан басталады. Бұл кезеңде Қазақ ҚСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданды. Конституциялық эволюцияның шынар шыңы 1993 жылғы 28 қантарда Қазақстан Республикасының Конституциясың қабылдау болды. Ол қазақстан қоғамын демократизациялауда маңызды қадам болды, жаңа тәуелсіз мемлекетті өркениетті конституциялық мемлекеттердің қатарына көтерді.

1993 жылғы Конституция мемлекеттік басқару нысанын анықтамады, соған қарамастан конституция сарындарынан бір табан жақын тұрғандығы байқалатын. Биліктерді бөлу қағидаты тұңғыш рет конституциялық дәрежеге көтерілді, мемлекеттік билікті ұйымдастыруда тежеме мен тепе-теңдіктер жүйесі бекітілді, ол төмендегідей элементтерден көрініс тапты: президенттік вето және оны қалыпқа келтіру механизмі, Президенттің және Вице-президенттің орнынан кетуі, Министрлер Кабинетінің орнынан кетуі, т. б.

Бүгінгі қолданыстағы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Конституция Қазақстанда президенттік басқару нысанын бекітті, сөйтіп Қазақстан Республикасы конституциялық эволюциясының жаңа кезеңіне жол салды. 2

Қазақстан Республикасының Конституциясы бүкілхалықтық дауыс беру жолымен республикалық референдумда қабылданды. Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің одан әрі қалыптасуына байланысты 1998 жылдың 7 қазанында Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған Конституциялық заңмен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы преамбуладан және тоғыз бөлімнен тұрады. Преамбула Конституцияның құрылтайшылық сипатын көрсетеді, оны қабылдаған ерекше субъект - Қазақстан халқына назар аударады. «Жалпы ережелер» аталатын бірінші бөлімде Қазақстанның мемлекеттік құрылысының негіздері анықталған, Қазақстан Республикасының қызметіне негіз болатын қағидаттар бекітілген.

Конституция Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп орнықтырды (1-бап) . Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысандағы біртұтас мемлекет болып құрылады. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Конституция мемлекеттік билікті үш: заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу қағидатын алдыға тартады. Сонымен бірге Конституция Президенттің әлуетті билігін белгілейді. «Адам және азамат» аталатын екінші бөлімде тұлғанның құқықтық м!ртебесі, ҚР азаматтығы негіздері анықталған. Үшіші бөлімде Қазақстан Республикасы Президенттінің конституциялық мәртебесі бекітілген, ол «Президент» деп аталады. IV, V және VII бөлімдер Қазақстан Республикасы Парламентінің, Үкіметінің және соттарының конституциялық-құқықтық мәртебесін анықтауға арналған. Алтыншы бөлімде Конституциялық Кеңестің мәртебесі айрықша бекітіледі. Сегізінші бөлім ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару негіздеріне арналған. Соңғы тоғызыншы бөлім қорытынды және өтпелі ережелерді анықтайды.

3. Қазахстан Республикасында құқықтық мемлекет құру.

Демократиялық мемлекет құру және дамыту туралы ой-толғамдар, идеяларды қазақ ойшылдарының шығармашылық мұраларынан да көптеп кездестіруге болады. Солардың бірі Абай Құнанбаев болып табылады. Ол құқықтық мемлекеттің қағидаттарын құру мәселесі бойынша бірқатар салмақты ой-пікірлер білдірді, олардың біразы күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жойған жоқ. Ақын мемлекеттік егемендік позициянын жақтады, адамдарды ұйымдастыру мен қорғаудың жоғарғы формасы заң деп таныды. Заңның рөлі туралы Абай былай деп жазды: «бізге ата-бабаларымыздан мұра боп қалған заңдардың жиынтығын - Қасым салған қасқа жолды, Есім салған ескі жолды, Тәуке ханның «Жеті Жарғысын» білу қажет». Демократияның маңызды бір буыны, Абайдың пікірі бойынша, заңның салтанат құруы болып табылады. Соттық биліктің тәуелсіздігі туралы Абай идеялары Қазақстан Республикасы және дамыған елдер Конституцияларының сот туралы ережелерімен астасып жатыр. Ол соттарды шектеусіз мерзімге сайлауды жақтайды, олардың ауыстырылмауын қалайды: «білімді және білікті адамдарды, осы орында отыру мерзімін анықтамай-ақ, сайлау қажет, тек өз істерін адал атқармағандарды ауыстыру керек».

Құқықтық мемлекеттінің қалыптасуы өте созылмалы және күрделі процесс. Қазақстанның қазіргі кезеңі мемлекетіміздің жалпыға ортақ өркениетті даму жолына қйата түсуімен сипатталады. Тұңғыш рет 1993 жылғы Конституция Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостаңдықтары деп жариялады. Бұл ережені бүгінгі күні қолданыста жүрген 1995 жылғы Конституцияда, 1-баппен бекітті.

Құқықтық мемлекеттің бір белгісі мемлекеттік билікті ұйымдастыруда биліктерді бөлу қағидаттарын жүзеге асыру болып табылады. Тұңғыш рет ол жүйе құрушы қағидат ретінде 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған «Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияның 7-бабында айшықталды. Соған сәйкес мемлекеттік биліктің барлық жүйесін реформалау жүргізілді. Қазақстан Республикасы Конституциясы 3-бабының 4-тармақшасында Республикада мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөліну қағидатына сәйкес жүзеге асырылады деп атап көрсетілген. Заң шығарушы билікті Қазақстан Республикасының Парламенті, атқарушыны - Үкімет, сот билігін - Жоғарғы сот және Қазақстан Республикасының төмен тұрған соттары жүзеге асырады. Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі элементтеріне парламенттік импичмент, Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру, Президенттің парламентті таратып жіберу құқығы, Үкіметті және оның мүшелерін орнынан босатуы жатады. 3

Қазіргі кезде конституциялық бақылау механизмі құрылуда. Республикада конституциялық бақылаудың қалыптасуы құқықтық мемлекет құру туралы пайда болған конституциялық бағыт-бағдарлармен тығыз байланысты. Басқа нормативтік актілерден Конституцияның сөзсіз басым болуы құқықтық мемлекттің белгілерінің бірі болып табылады. Құқықтық мемлекеттің тағы бір негізгі қағидаты мемлекеттің өзінің және оның органдарының Қазақстан Республикасы Конституциясына міндетті түрде бағынышты болуынан көрінетін құқықтық үстемдігі болып табылады.

Конституциялық кеңес заңдар және басқа да нормативтік актілерді, егер олар Конституцияға қайшы келетін болса, Конституцияға сәйкес келмейді деп тануға құқылы.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп мойындай отырып, адамның құқықтары мен бостандықтарын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін сақтау мен қорғау мемлекеттік биліктің басты міндеті болып табылады деген тұжырымды алдыға тартады. Конституция саяси, заңдық және басқа да кепілдіктердің нақтылы жүйесін құру үшін негіз қалады. Ол өз кезегінде баршаның заң мен сот алдындағы теңдігін, мемлекет пен тұлғанның екіжақты жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Конституция Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам қалыптастыруға ықпал жасайды. Бұл Конституцияда идеялогиялық және саяси әралуандылық танылатынынан айқын көрінеді (5-бап) . Бұқаралық билікті саяси әралуандылық негізінде жүзеге асырады. Конституция саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, қозғалыстарға саяси және мемлекеттік өмірге қатысу үшін тең мүмкіндік береді. Үстемдік етуші ретіндегі қандай да бір идеялогияның белгіленуіне жол берілмейді. Азаматтық қоғам мемлекет және азамат, тұтынушы және өндірушінің әлеуметтік серіктестігі, нарық шаруашылықтары меншік сипатталады.

1995 жылғы Конституцияның басты бір жетістігі барлық деңгейдегі соттардың тәуелсіздігінің кепілдігі болып табылады. Сот билігінің тәуелсіздігі судьялардың өкілеттігін сайлаудың, тағайындаудың және тоқтатудың ерекше тәртібімен, сонымен бірге сот құрамын құруға Жоғарғы Сот Кеңесі және Әділет біліктілік комиссиясы сияқты тәуелсіз органдардың қатысуымен айқындалады. Судьялардың тұрақтылығы қағидаты бекітілген (79-бап), судьялар өмірлікке сайланады және тағайындалады. Қазақстан Республикасының Конституциясына 1998 жылғы 7 қазанда Парламент енгізген қосымшалар сот ісін жүргізуді демократизациялауға баағытталған. 75-баптың 2-тармағына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу заңмен белгіленген белгілі бір жағдайларда өзге де нысандар арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы Қазақстанды құқықтық мемлекет деп жариялайды. Демек Қазақстан құқықтық мемлекет құру және оның негізгі белгілерін конституциялық бекіту жолында тұр.

4. Қазақстан Республикасындағы адамның негізгі маңызды құқығы мен бостандықтары

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы қазақстан қоғамының ең қымбат қазынасы - адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтарыдеп нық бекітті. Бұл Конституциялық тұжырым адамның құқықтары мен бостаңдықтарының мемлекет мүдделерінен жоғары тұратыны жөніндегі идеяны білдіреді. Тұлғаға деген құрмет, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау мемлекет міндеттеріне енеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке адамның барынша маңызды құқықтары мен бостандықтарын бекітті. Қазақстан Конституциясында бірінші рет, 12-баптың 2-тармағында адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті және ешкім айыра алмайды деп атап көрсетілді. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар әрбір адам және азаматқа бекітіледі, тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізін құрайды.

Жеке адам мен мемлекеттің, сонымен бірге адамдардың өздерінің арасында пайда болған қатынастардың сипатына қарай конституциялық құқықтарды бөлудің жалпыға бірдей үлгісі қалыптасқан. Осыған байланысты оларды жеке, әлеуметтік-экономикалық және саяси деп бөлуге болады.

Жеке құқықтар мен бостандықтарға адам азаматтығына қарамай-ақ ие болады. Өмірмен, қадір-қасиетпен, адамның және басқа да табиғи құқықтармен байланысты құқықтар мен бостандықтар - өмір сүру құқығы (15-бап), жеке бастың бостандығы құқығы (16-бап), еркін жүріп-тұру құқығы (21-бап), адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық құқығы (17-бап), әркімнің жеке өміріне қол сұғылмаушылығы құқығы (18-бап), құқық субъектісі ретінде танылу құқығы, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқығы (19-бап), білгілікті заңдық көмек алу құқығы жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
ҚР Конституциясының даму тарихы және қалыптасу кезеңдері
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
ҚР Конституциясы: құрылымы мен мазмұны
Конституция теориясы
Адамның жеке бас бостандығы мен абыройы
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық негіз ретінде қарастыру
Құқықтық мемлекеттегі негізгі заңның ерекшеліктері
Ресей Федерациясының Конституциясы орыс мемлекеттің негізгі заңы
Құқық жүйелерінің конституциялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz