Валеология ғылымы жайлы


ЖОСПАР.
I. Кіріспе . Валеология - денсаулық туралы ғылым.
II. Негізгі бөлім . Валеология.
1. Валеология пәні туралы.
2. Валеология - интегралды ғылым.
3. Валеология - салауатты өмір сүру салты.
III. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Валеология - денсаулық туралы ғылым.
Соңғы жылдарда, әсіресе кейінгі он жылда дүние жүзінің барлық елдеріндегі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым нашарлап кетуіне байланысты, және адамдардың тіршілік ету мерзімінің қысқаруына сәйкес - адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады. Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты.
Дүние жүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді. Медицина ғылымдарының пайда болуына, оның дамуы мен қазіргі кездегі жағдайына зер салып қарасаңыз, медицина ғылымы адамдардың денсаулығын сақтауға аурулардың алдын-алуға, ауруларды емдеу әдістерін тауып, оны жетілдірумен шұғылданған және шұғылданып отырған ғылым екені байқалады. Медицина ғылымдары адамды және оның денсаулығын арттыруда ең басты рөл атқарады.
Адамзат баласының тіршілік өмірінде ең бір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек - дейді дәрігерлер мен биологтар: Денсаулықты көздің қарашығындай етіп сақтау. Олар, денсаулыққа немқұрайды қарау дұрыс емес. Оған пассивті түрде емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Денсаулықты сақтау бала кезден есейгенге дейін мұқият күту керек.
Біз денсаулығымызға немқұрайды қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлә. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Көпшілік оқушылар аурулардың қалай болатынын біле бермейді. Денсаулықты қалай сақтау керек ? үнемі көңілді жүру әркімнің қолынан келетін іс. Оған көп білімнің қажеті жоқ. Тек, өмір тәжірибесі жеткілікті. Міне, осы айтылған қағидаларды жан-жақты түрде дамытып, іске асыру валеологияның міндеті.
1. Валеология пәні туралы.
Валеология - екі шет елдің тілінен алынған. «Валео»-денсаулық, «логос» - ғылым. Валеология денсаулық туралы ғылым. Валеология терминін 1987 жылы орыс ғалымы - медицина ғылымдарының докторы, профессор - фармакогносист И. И. Брехман ғылымға енгізген болатын.
Адам денсаулығының төмендеуі, көптеген отандық және шетел ғалым-дәрігерлердің жазған еңбектерінде келтірген. Денсаулық туралы қазіргі заман адамдарының ұғымдары онша көп емес екендігі және олар денсаулығына көп мән бермейтіні байқалады. Баршаға белгілі - адамдардың денсаулығымен шұғылданатын, тек медицина ғылымдары ғана. Бірақ, медицина ғылымы ауруларды емдеу мәселесімен шұғылданады да, аурулардың пайда болуымен айналыспайды. Шын мәнінде медицина ғылымы қазіргі заманда денсаулық туралы емес, ауруларды ғылыми тұрғыдан емдеу әдістерін дамытып келе жатқан ғылым екені белгілі. Сондықтан да осы уақытта медицинаны аурулар ғылымы деп атай бастады. Мұндай сипаттама медициналық энциклопедиядан тиісті орнын алған. Бұл ғылыми жинақта денсаулық туралы толық түрде анықтама берілген. «Медицина» - көне заманнан бері қарай адам ауруларын емдеп, аурулардың алдын алуды мақсат еткен ғылыми жүйе деп жазған. Бұл жазылған қағидаға зер салып қарасаңыз «денсаулық» деген ешқандай сөз келтірілмеген.
Адамзат баласының денсаулығы айналаны қоршаған сыртқы орта факторларымен және ішкі физиологиялық үрдістермен байланысты болатыны анықталып отыр. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз - ағзаларда аурулардың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік. Академик В. П. Казначеевтің (1989) жек тұлға денсаулығы туралы анықтамасы бұданда толығырақ баяндалады. Оның анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз, ағзаның ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне байланысты дені сау ұрпақ жалғастыру қабілеттігінің сақталуымен дамуы. Ал, И. И. Брехман (1987) анықтамасы бойынша, денсаулық адамның ерекшелігіне сәйкес өзгермелі ортада тұрақтығы, сонымен бірге сенсорлық, вербалды және құрылымды ақпараттарды қабылдау қабілеттілігі.
2. Валеология - интегралды ғылым.
Валеология - медицина ғылымдарының саласы емес. Медицина ғылымдарына жатпайды. Оның өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеттері бар. И. И. Брехман өзінің еңбектерінде валеология туралы былай деп жазды: "Денсаулық туралы ғылым интегралды түрде болуы керек". Оның пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі жағдайы экологиямен, биологиямен, медицинамен, психологиямен, педогогикамен және т. б. ғылымдармен тығыз байланыста болады. Жаңа интегралды ғылым болғандықтан ол міндетті түрде философиялық ойды және ғылыми түсініктерді жүйеге келтіріп дамытып отырады.
Валеология - И. И. Брехманның айтуына қарағанда, ол адамтану ғылымы деп айту керек. Оның көздеген мақсаты адамдардың денсаулығын арттыру, ауруларды болғызбау, аурулардың алдын алу. Денсаулықты сақтау - адам үшін ең маңызы зор. Валеологияның пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі жағдайы адамзат баласының мәдениеті мен білімінің өсуіне байланысты. Қазіргі кезде валеология ғылымына үлкен сұраныстар көбейіп отыр. Космос кеңістігін игеруге байланысты валеология ғылымына сұраныс көбейді. Неге десеңіз? Валеология казіргі заманның ғылымы. Денсаулық сақтау ғылымы.
"Медицинаның бір жақты дамуы" - деп жазды И. Давыдовский және отандық ғалымдар және шетел ғалымдары, адамдар ағзасының қасиетін дамытуға азда болса, жаңадан кірісе бастады. Ағзаның өзіндік табиғи қорғаныс күші бар екенін дәрігер байқады. Ағзаның қорғаныс қасиеті өте күшті болатынын дәрігер білді. Міне, осыған байланысты, 1960 жылдан бастап саналогия ғылымы пайда болып, дами түсті. Саналогия дегеніміз - жалпы ілім - ағзаның ауруларға қарсы тұру күші. Оның негізін санагенез құрайды. Санагенез - ағзалардың айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі, бейімдеулілік механизмдерінің динамикалық комплексі. Ол төтенше қоздырғыш факторлардың әсерінен пайда болады. Бұл бағытты дамытқан С. М. Павленко мен С. Ф. Олейник еді.
Валеология медицина ғылымының негізінде пайда болған, бірақ валеология жеке дара ғылым екені кейінгі кезде дәлелдене бастады. Валеологиялық мәселелерді ойдағыдай шешу үшін биология, экология, медицина, педогогика, физиология және т. б. ғылымдар интегративті түрде болуы керек.
Валеология ғылымының өзіне тән категориясы және негізгі зерттейтін міндеттері бар. Олар:
1. Адамның денсаулығының қалай сақталуын білу;
2. Актуалдылығы және потенциялды мүмкіндігін анықтау;
3. Денсаулықтың сақталу факторларын зерттеу.
Валеология - биология ғылымдарымен салыстырғанда жас ғылым. Оны зерттейтін мамандар көп емес. Денсаулықтың сақталуының негізі неге байланысты екені әлі де болса толығымен анықтала қойған жоқ. Оның анықтау ғылыми зерттеулер жүргізілуі қажет.
3. Валеология - салауатты өмір сүру салты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz