Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті



Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті.
Қазақстан Республикасы топырақтарының сипаттамасы.
Топырақтың ластануы.
Топырақтың бүлінуі (деградациялануы)
Жерді қайта құнарландыру
Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті.
Литосфера – Жердің қатты бөлігінің сыртқы қабығы, ол біртіндеп заттектердің беріктілігі азаятын сфераларға өтеді және оның құрамына жер қыртысы мен Жердің беткі мантиясы кіреді. Литосфераның қалыңдығы 5-200 км, оның ішінде жер қыртысы – құрлықта 50-70 км дейін, мұхиттың астында төменгі шегі 5-10 км шамасында.Литосфера (немесе ,басқаша жер) – қоршаған табиғи ортаның ең маңызды бөлігі, ол көлеммен, бетінің пішінімен топырақ жамылғысымен, өсімдіктермен, кен қазбаларымен, сонымен қатар әр түрлі салаларының кеңістікте орналасуымен сипатталады.Табиғи күштер мен адамның іс әрекеті нәтижесінде уақытқа байланысты литосфераның жағдайы өзгеріп отырады.Табиғи күштер (жылу, ылғалдылық, жел, радиация және т.б) және олардың салдарынан орын алатын геологиялық құбылыстар (жанартаудың атқылауы, жердің сілкінуі, судың тасыуы т.б) жеке аймақтарда литосфераның сипаттамасын едәуір өзгертеді.
Жер қабатының үстінгі қабатын топырақ дейді.Топырақ – ол аналық жыныстардың, ауар райының, өсімдіктер мен жануарлардың, жергілікті жер бедерінің күрделі өзара әрекеттестігі нәтижесінде қалыптасқан жаратылыстық – тарихи дене.
Топырақ – сыртқы орта жағдайлары: жылу, су, ауа, өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдердің біріккен организмдерден қалыптасқан жердің беткі қабаты.Топырақтың ең маңызды қасиетінің бірі оның құнарлығы.Топырақтың құнарлығы дегеніміз – оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті.Ол топырақ түзілу процессі барысында және адамның топыраққа әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.Ол бүкіл адам баласының тіршілігінің көзі болып табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің, ауылшаруашылық дақылдары өндірісінің негізі.
Топырақ – барлық элементтердің акумуляторы:ол оларды өзінде жинақтап,сумен шайылып кетуден сақтайды.Өзінің қалыптасқан зат алмасу қасиеті бар,тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар әсеріне қарсы тұра алады.Бірақ топырақ көптегн антропогендік факторлардың ұзақ уақытқа созылатын әсеріне сезімтал келеді.
Топырақ – барлық материалдық игіліктердің көзі.ол азық түлік,малға жем,киім үшін талшық,құрылыс материалдврын береді.топырақтың ең маңызды байлық екендігін айта келіп,К.Маркс,еңбек – байлықтың әкесі болса,топырақ – анасы деген.
Топырақ ешнәрсеге айырбасчталмайтын табиғи ресурс.Қазіргі таңда,ғылым әлі күнге дейін табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ.Өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды.
Топырақтану ғылымының негізін көрнекті орыс ғылымы В.В Докучаев (1846-1903 ж ж) қалады.Ол бірінші рет «топырақ» және «топырақ құрылымы» ұғымдарының анықтамасын берді, топырақ түзілу процесінің мәнін ашты және басты ерекше қасиеттерін тапты.
В.В Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады.Оларға бастапқы жыныстар, ауа райы, жер бедері және уақыт, өсімдіктер мен жануарлар жатады.Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жер асты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылады.
Топырақтағы заттектердің миграциясы мен трансформациясына байланысты топырақ құрлымы бірнеше қабаттарға немесе горизонттарға дараланады.Қабаттардың ара қатысы мен байлығы топырақ түріне байланысты.Ең жоғарғы органикалық заттектердің шіруінен пайда болған өнімінен тұратын қабат ең негізгі құнарлығы жоғары горизонт болып саналады.Оны гумусты немесе қара шірінді деп атайды, құрылымы қиыршықты – түйірлі болады.Гумус немесе қара шірік жиынтығы деп крахмал, целлюлоза, белок қосылыстарын ыдырататын микроорганизмдер әсерінен пайда болған өсімдіктекті мен жануар текті қалдықтарды айтады.Топырақ құнарлығы негізінде осы өсімдік текті және жануар текті қалдықтардың биохимиялық ыдырауынан түзілген қара қоңыр гумусқа байланысты.Қарашірінді негізінде гумминнен,гумминқышқылынан және фульвоқышқылынан,сонымен қатар белоктардан,көмірсуларынан,майлардан,шайырлардан және т.б. тұрады.
Топырақтың белдемелік типіндегі гумус мөлшері физикалық-географиялық жағдпйлармен тығыз байланысты.Мысалы,Қазақстанның

Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті.
Қазақстан Республикасы топырақтарының сипаттамасы.
Топырақтың ластануы.
Топырақтың бүлінуі (деградациялануы)
Жерді қайта құнарландыру
Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті.
Литосфера – Жердің қатты бөлігінің сыртқы қабығы, ол біртіндеп
заттектердің беріктілігі азаятын сфераларға өтеді және оның құрамына жер
қыртысы мен Жердің беткі мантиясы кіреді. Литосфераның қалыңдығы 5-200 км,
оның ішінде жер қыртысы – құрлықта 50-70 км дейін, мұхиттың астында төменгі
шегі 5-10 км шамасында.Литосфера (немесе ,басқаша жер) – қоршаған табиғи
ортаның ең маңызды бөлігі, ол көлеммен, бетінің пішінімен топырақ
жамылғысымен, өсімдіктермен, кен қазбаларымен, сонымен қатар әр түрлі
салаларының кеңістікте орналасуымен сипатталады.Табиғи күштер мен адамның
іс әрекеті нәтижесінде уақытқа байланысты литосфераның жағдайы өзгеріп
отырады.Табиғи күштер (жылу, ылғалдылық, жел, радиация және т.б) және
олардың салдарынан орын алатын геологиялық құбылыстар (жанартаудың
атқылауы, жердің сілкінуі, судың тасыуы т.б) жеке аймақтарда литосфераның
сипаттамасын едәуір өзгертеді.
Жер қабатының үстінгі қабатын топырақ дейді.Топырақ – ол аналық
жыныстардың, ауар райының, өсімдіктер мен жануарлардың, жергілікті жер
бедерінің күрделі өзара әрекеттестігі нәтижесінде қалыптасқан жаратылыстық
– тарихи дене.
Топырақ – сыртқы орта жағдайлары: жылу, су, ауа, өсімдіктер,
жануарлар, микроорганизмдердің біріккен организмдерден қалыптасқан жердің
беткі қабаты.Топырақтың ең маңызды қасиетінің бірі оның
құнарлығы.Топырақтың құнарлығы дегеніміз – оның өсімдіктерді оларға қажетті
қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті.Ол
топырақ түзілу процессі барысында және адамның топыраққа әсер етуі
нәтижесінде қалыптасады.Ол бүкіл адам баласының тіршілігінің көзі болып
табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің,
ауылшаруашылық дақылдары өндірісінің негізі.
Топырақ – барлық элементтердің акумуляторы:ол оларды өзінде
жинақтап,сумен шайылып кетуден сақтайды.Өзінің қалыптасқан зат алмасу
қасиеті бар,тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар
әсеріне қарсы тұра алады.Бірақ топырақ көптегн антропогендік факторлардың
ұзақ уақытқа созылатын әсеріне сезімтал келеді.
Топырақ – барлық материалдық игіліктердің көзі.ол азық түлік,малға
жем,киім үшін талшық,құрылыс материалдврын береді.топырақтың ең маңызды
байлық екендігін айта келіп,К.Маркс,еңбек – байлықтың әкесі болса,топырақ –
анасы деген.
Топырақ ешнәрсеге айырбасчталмайтын табиғи ресурс.Қазіргі
таңда,ғылым әлі күнге дейін табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды
материал таба алған жоқ.Өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі
топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды.
Топырақтану ғылымының негізін көрнекті орыс ғылымы В.В Докучаев
(1846-1903 ж ж) қалады.Ол бірінші рет топырақ және топырақ құрылымы
ұғымдарының анықтамасын берді, топырақ түзілу процесінің мәнін ашты және
басты ерекше қасиеттерін тапты.
В.В Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты
екенін анықтады.Оларға бастапқы жыныстар, ауа райы, жер бедері және уақыт,
өсімдіктер мен жануарлар жатады.Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне
байланысты бұларға су (топырақ суы, жер асты суы) және адамның шаруашылық
әрекеті қосылады.
Топырақтағы заттектердің миграциясы мен трансформациясына байланысты
топырақ құрлымы бірнеше қабаттарға немесе горизонттарға
дараланады.Қабаттардың ара қатысы мен байлығы топырақ түріне байланысты.Ең
жоғарғы органикалық заттектердің шіруінен пайда болған өнімінен тұратын
қабат ең негізгі құнарлығы жоғары горизонт болып саналады.Оны гумусты
немесе қара шірінді деп атайды, құрылымы қиыршықты – түйірлі болады.Гумус
немесе қара шірік жиынтығы деп крахмал, целлюлоза, белок қосылыстарын
ыдырататын микроорганизмдер әсерінен пайда болған өсімдіктекті мен жануар
текті қалдықтарды айтады.Топырақ құнарлығы негізінде осы өсімдік текті және
жануар текті қалдықтардың биохимиялық ыдырауынан түзілген қара қоңыр
гумусқа байланысты.Қарашірінді негізінде гумминнен,гумминқышқылынан және
фульвоқышқылынан,сонымен қатар
белоктардан,көмірсуларынан,майларда н,шайырлардан және т.б. тұрады.
Топырақтың белдемелік типіндегі гумус мөлшері физикалық-географиялық
жағдпйлармен тығыз байланысты.Мысалы,Қазақстанның солтүстік даласындағы
топырақта гумустың мөлшері 10-15%,шөлдегі су топырақта 1-2% аралығында.
Қарашірік жинақталған қабаттың үстінде өсімдіктер түсімінен құралған
төсеніш деп аталатын қабат,ал астында элювийлік жайылған қабат,төменірек
иллювилік қыртыс орналасқан.Бұл қабаттардан төмен басқа жыныстар
орналасады.
Миенералдардың органикалық заттактердің және газдардың белгілі
бөліктері сұйық күйде топырақта болатын суда еріп,топырақ ерітіндісін
түзеді.Топырақ ерітіндісі жер шарының тарихындағы табиғи сулардың ең
маңызды санаттарының бірі,В.И.Вернадский айтқандай(1960),биосфера
механизімінің негізгі элементі және тіршіліктің негізгі субстраты.
Топырақтың негізгі қасиеттеріне топырақ ерітінділеріндегі тұздар
мөлшерінің,қышқылдықтың өзгеруі жатады,себебі оларға микроорганизмнің
белсенділігі мен өсімдіктердің азотты сіңіруі,топырақтық коллоидтердің
алмасу негіздерінің жалпы жиынтығы,олармен байланысты топырақтың алмасуы
мен сіңіру қабілеттілігі тәуелді.
Топырақтағы судың мөлшері бірқатар факторларға байланысты,әсіресе
температура мен жауын-шашын мөлшеріне.Топырақ ерітінділері(топырақтың
сұйықтық фазасы) неғұрлым тұзды болған сайын олардың өсімдікке өтуі
төмендейді.Қоректік заттектер топырақтан өсімдіктерге иондық түргетамыр
арқылы өтеді,мысалы,метелл катиондары органикалық қышқылдардың сутек
катионымен алмасады.Топырақ түзу процесінде топырақты мекендеген тірі
организмдердің атқаратын ролі зор.топырақ неғұрлым құнарлы болса соғұрлым
олардың саны жоғары болады.Қара топырақтың қалыңдығы 15см беткі қабатының
1га ауданында 10т бактериалар,сонша саңырауқұлақтар,4т шылаушындар,140 кг
балдырлар,17 кг жәндіктер және 6 кг аяққұйрықтылар болатыны есептелген.
Өсімдік үлескісі астындағы топырақ организмдерінің қаумдастығы тепе-
теңдік қалыпта болады,өйткені,олардың қорек негізі осы өсімдікткрдің
түсіндісі болып табылады.Мұны тұтынып олар органикалық заттектерді
бейорганикалық заттектерге айналдырып, негізінен көмірқышқыл газы мен су
түзеді.Сонымен топырақтағы организмдер топырақ түзуші фактордың бірі екені
айқын,топырақ қасиеті осыларға да тығыз байланысты.
Топырақтың физикалық-химиялық қасиеттердің қалыптасуында ерекше
маңызды рөл атқаратын жәндіктерге жауын құрты жатады.олардың көмегімен
күрделі экологиялық мәселені шешуге болады,мысалы,органикалық
қалдықтардыөңдеуді және топырақтың құнарлығын жоғарлатуды.Көрнекті биолог
ғалым Ч.Дарвин айтқандаи топырақ ...өткен ғасырлар бойы жауын құрттары
арқылы жыртылып келген.
Бір жауын құртының массасы шамамен 0,5 грамдай, бір шаршы метрде
олардың саны 50-ге жуық болады.Бір жылдың 200 күнінде олар өз денелері
арқылы 50 тоннадай топырақты, құрғақ шөптерді, жапырақтарды,көңді және
басқа да органикалық заттарды өткізіп,құнарландыра алады.Жаңбыр құрттарының
өнімділігі және өсімі жоғары қызыл түрлері кейбір елдерде жасанды жолдармен
өсіріліп құстарға,балықтарға, терісі қымбат аңдарға жем ретінде беруге және
өте сапалы биогумус деген тыңайтқыш алуға қолданылып жүр.жауын құртының
ішегінен өткен органикалық қалдықтар биохимиялық өзгерістерге ұшырап,жай
қосылыстарға айналады,копролитті құрылым түзеді.Капролиттер суда біртіндеп
еріп топырақтың құрылысын жақсартып отырады.Оларға бактерицидтік
қасиеттерде тән.Биогумустың тиімділігі барлық органикалық тынайтқыштардан
анағұрлым жоғары.Оны қолдану арқылы ауылшаруашылық дақылдарының өнімін
жоғарлатумен қатар топырақтың құнарлығын,жел мен су эрозиясына
беріктілігін, экологиялық жағдайын жақсартады. Биогумус радиоактивті
элементтердің,ауыр металдардың транслокация процесін тегжейді.
Жерді жыртуды,тырмалауды, джарадақыл егуді және т.б. қамтитын
топырақты ауыл шаруашылығы тұрғысында пайдалану заттектердің айналымының
тепе-теңдігін бұзады,топырақтың құнарсыздануына себебін тигізеді.

Қазақстан Республикасы топырақтарының сипаттамасы.
Біздің еліміздің ең басты байлығы – жер.Өйткені жер-адамзатты асырап
сақтайтын ең негізгі табиғи ресурстардың бірі. Осыған орай әр өндіріс
салалары табиғат байлығының сақталуына, табиғатты қорғау мен жақсартуға
тұрақты түрде көңіл бөліп, оларға қатысты нақты ережелерді білулері және
міндетті түрде орындаулары қажет.
Топырақ Жер көлемі, млн.гаЖалпы жер
көлемінен %
мөлшері
Орналасқан аймағы Түрі
Солтүстік Қара топырақты 25,4 9,8
Қазақстан, дала және орманды
Қостанай, Паводар дала
облыстарының
терістік жағы,
Ақмола, Қарағанды,
Ақтөбе, Батыс
Қазақстан
облыстарының
солтүстік шеттері
Шығыс Қазақстан, Қара қоңыр 90,4 33,3
Солтүстік топырақты құрғақ
Қазақстанның батысдала және шөл дала
жағы, Қостанай,
Ақтөбе, Орал,
Қарағанды
облыстарының
көптеген жерлері
Батыс Қазақстан Құба және сұрқұба 119,2 44,0
облысының біраз топырақты шөл
жері, Атырау, дала. Тау аймағы
Қызылорда
түгелімен, Ақтөбе, 31,0 12,5
Қарағанды, Шығыс
Қазақстан, Алматы,
Жамбыл, Оңтүстік
Қазақстан
Шығыс Ірі су қоймалары, 31,4 10,2
Қазақстандағы мұздар мен шыңдар
Алтай таулары,
Алматы
облысы-Жоңғар, Іле
Алатауы, Жамбыл
обл.-Қырғыз
Алатауы, Оңт.
Қазақстан-Өгем,
Қазығұрт, Қаратау
Барлығы 272 100

Жер шарының 2%-йін алып жатқан Қазақстан жері солтүстіктен
оңтүстікке қарай 1600 км, шығысынан батысына қарай 3000-км-ге созылып
жатыр.
Қазақстан Республикасы қоршған ортаны қорғау министрлігінің соңғы
мәліметтеріне қарағанда, өндіріс салалаларының бүлдірген жер көлемі 200 мың
гектардай келеді, бұл көлемге әскери-өндірістік кешендердің зақымдалған 20
млн. Га үстіндегі жерлер, санитарлық сақтау зоналары алып жатқан жер
көлемдері, құнарлығы өте төмендеп бүлінген 60 млн. Га асатын жайылымдардың
жалпы көлемі кіргізілмеген. Осыған Қазақстанда дағдарысқа ұшыраған
аймақтарды қоссақ, құнарлығы күрт төмендеген ластанған жерлер көлемі
республикада 85-90 млн. гектарға жетіп отыр. Сонымен қатар
ауылшаруашылығында пайдаланатын жерлердің жағдайын да қанағаттанарлық деп
айту қиын.
Топырақтың ластануы.
Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор
ықпал-әсерін тигізіп келеді. Егер де жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1
млрд. Тонна деңгейінде антропогендік заттектер гидросфераға шамамен 15
млрд. тонна ластағыштар енгізіліп отырылса, жерге түсетін техногенді
қалдықтардың мөлшері 90 млрд. т. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін
болсақ, XX ғасырдың 90-шы жылдарының аяғынада жерде жинақталған қалдықтар
көлемі 4000 млрд. тоннаға дейін көтерілген.
Торпырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың
жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Антропогендік шөлдің
аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн. км-ден
асып отыр, бұл бүкіл қрлықтың 7 процентін құрайды.
Топырақты ластайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеттері
Биотаның тіршілігіне қажетті литосфераның ресурстары
Биосфера құрылысы
Литосфера - жер қабығы
Литосфера — жер қабығы, топырақ – ерекше табиғи түзілім
Литосфераның экологиялық функциясы және оның систематикасы
Төменгі және жоғарғы мантиясының мәртебесі мен заттардың құрамы. «Тектоносфера» тұжырымдамасы. Минералдар тіркемелер жіктелуі
Ішкі геосфералар
Литосфераға антропогенді әсердің ықпалы
Литосфера туралы
Пәндер