Жерге меншiк қатынастарын құқықтық реттеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кiрiспе . . . 3
I. Жерге меншiк қатынастарын құқықтық реттеу.
1. 1. Жерге меншiк құқығының ұғымы және пайда болу тәсiлдерi . . . 4
1. 2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жер туралы» Жарлығы бойынша реттелуi . . . 6
1. 3. 2001 жылғы «Жер туралы» заң бойынша жерге меншiк құқығы. . 9
1. 4. ҚР заңдары бойынша жер пайдалану құқығы . . . 11
II. Жер туралы заң жобасы бойынша заңды тұлғалардың жерге меншiк қатынастарын реттеуi.
2. 1. Жер туралы заңды жетiлдiру проблемалары . . . 14
2. 2. Жер пайдаланушылар мен жер учаскелерi меншiк иелерiнiң заңды мiндеттерi . . . 21
2. 3. Жер пайдалануды құқықтық-заңдылық жағынан реттеу . . . 25
2. 4. Жерге меншiк құқығының кейбiр мәселелерi . . . 34
2. 5. 29. 12. 2002 жылы қабылданған ҚР жер туралы жобасы бойынша жерге меншiк құқығының кейбiр мәселелерi . . . 42
III. Ауыл жағдайында жер қатынастарын реттеу мәселелерi.
3. 1. Жер туралы заң бойынша оралмандарға жер бөлу мәселесi . . . 46
Қорытынды . . . 49
Қолданылған әдебиеттер . . . 51
Кiрiспе
Жерге меншiк құқығын игеру процесiнде адамда өмiр сүрудiң жаңа құқықтарын, соттың қорғауын, сөз бостандығын, ар бостандығын, мемлекет iстерiн басқаруды, тұрғын үйге қол сұқпауды, хат алмасу және басқа да құпияларды қанағаттандыру қажеттiлiгi қалыптасады.
Жерге меншiк құқығы негiзгi басқа да iргелi құқықтар мен бостандықтардың ұйытқысы, өзегi болып табылады. Барлық уақыттарда кездейсоқ қасиеттi деп аталмаған осы құқықтың арқасында адам аяғынан нық тұра алады, өмiрге шынайы көзқараспен қарап кәсiпқой бола алады, әлеуметтiк белсендiлiк таныта алады. Қазақстанда болып жатқан адамның азаматтық қалыптасу, қоғамды демократияландыру процестерi үшiн бiрiншi кезектегi қажеттiлiкке ие. Құқықты заңды тұрғыдан бекiту мемлекетке жиi-жиi қоятын талаптардан арылған, дербес және тәуелсiз намысшыл, өзiнiң отбасы мен елiнiң алдында жауапкершiлiгiн сезiнетiн мыңдаған адамдардың пайда болуына әсер етедi. Әлеуметтiк құндылықтардың қазiргi өзгерген тұсында ауылдың ерекше мүдделерiн тиiмдi бiлдiретiн болады. Жерге жеке меншiктiң заңдастырылған құқығымен айқындалатын адамның әлеуметтiк және рухани дамуының терең мүмкiндiктерi мен ауқымдары мiне, осындай болмақ.
I. Жерге меншiк қатынастарын құқықтық реттеу.
1. 1. Жерге меншiк құқығының ұғымы және пайда болу тәсiлдерi.
Жерге меншiк құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттiк және жеке меншiк танылады және тең дәрежеде қорғалады. Меншiктiң пайда болу тәсiлдерiн екi түрге бөлемiз.
Бастаңқы дегенiмiз - бұрын ешқандай меншiк тұлғаның иелiгiнде болмаған материалдық объектiлерге меншiк құқығын бекiту.
Туынды дегенiмiз - белгiлi бiр субъектiлердiң меншiк құқығында болған шарт немесе басқа да, тәсiлдер арқылы жаңа меншiк иелерiне өткен объектiлер меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқығы бар. Жердi меншiк иесi ретiндегi мемлекеттiң құқықтарын «Жер туралы» кодексте және өзге де заң актiлерiнде белгiленген өз құзыретiне сәйкес мемлекеттiк басқару органдары жүзеге асырады. Жер учаскесiнiң меншiк иесi осы кодексте және өзге де заң актiлерiнде көзделген негiздерде, жағдайлар мен шектерде меншiк иесi құқығын жүзеге асыра алады. 1
Меншiк дегенiмiз - бiр материалдық иелiктерге басты және олардың белгiлi бiр тұлғаға тиiстiлiгiне байланысты бiр тұлға мен екiншi тұлға арасында пайда болатын қатынас. Меншiк құқығын беру, басқа бiреуге тапсыру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын ескере отырып жүзеге асыруға тиiс. Жергiлiктi атқарушы орган жер учаскесiн сатып алудан бас тартқан жағдайда, осындай учаске оның рұқсатымен Қазақстан Республикасының азаматына сатылуы мүмкiн. Жер учаскесiне меншiк құқығы басқа адамға мәмiле жасалған кездегi барлық ауыртпалықтарымен қоса берiледi. Жер учаскесiнiң меншiк иесi оның нысананы мақсатын өзгертпей, жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарттың негiзiнде оны уақытша пайдалануға беруге құқылы. Жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт жолдау шарты немесе өтеусiз пайдалану туралы шарт өтеусiз пайдаланушымен нысанында жасалады. Меншiкке байланысты экологиялық қатынастар меншiк иесiнiң өзiмен немесе заттық құқықтар арқылы меншiк иесi болып табылмайтын тұлғалармен жүзеге асырылады. Жердi пайдалану құқығы жеке немесе заңды тұлғаның жердi пайдаланушылардың жердiң пайдалану қасиеттерiн алудын заңды түрде қамтамасыз етiлген мүмкiншiлiктер Қазақстан Республикасы жер заңымен анықталады жердi пайдалану құқығы оны беру процесiнде пайдалану болып мүмкiн сондықтан үш түрге бөлiнедi: 1) белгiлi тұлғаларға жердi пайдалану құқығының мемлекетке беруi; 2) белгiлi тұлғаларға оны басқа пайдаланушының беруi; 3) универсалдық тәртiп негiзiнде жердi пайдалану құқығын қабылдау.
Мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттiк ұйымдар мен мекемелерге берiлген қорғаныс қажеттерiне пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, елдi мекендер жерiндегi жалпы пайдаланылатын, босанқы, оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi, поселкелер мен ауылды елдi мекендердегi жайылымдық және шабылдықтық алқаптар, берiлмеген шалғайдағы жайындар мен басқа да жерлер мемлекеттiк меншiкте болады. Екi немесе одан көп жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар бiрлесiп пайдаланылатын суару қондырғылары орналасқан жер учаскелерi берiлмейдi. Мемлекеттiк меншiк мемлекеттiк ерекше субъект сондықтан да мемлекеттiк меншiк құқықтарында кез келген мүлiк болуы мүмкiн. Негiзiнен ортақ меншiк - бұл екi немесе бiрнеше тұлғалардың иелену, пайдалану, және билiк ету құқықтарда болатын меншiк ортақ меншiк деп аталады. Ортақ меншiк екi негiзгi түрге бөлiнедi:2
1) Ортақ үлестiк меншiк;
2) Ортақ бiрлескен меншiк.
Ортақ үлестiк меншiк дегенiмiз - мүлiкке қатысты меншiк иелерiнiң әрқайсысының үлесi нақты көрсететiлетiн меншiк түрi . Ортақ үлестiк меншiктiң өзi бiрнеше түрге бөлiнедi.
1) нақты үлестiк меншiк.
2) тең үлестiк меншiк.
3) заттық ортақ үлестiк меншiк.
Ал ортақ бiрлескен меншiк екiге бөлiнедi.
- ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiгi.
- Шаруа қожалықтарының ортақ бiрлескен меншiгi
1. 2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жер туралы» Жарлығы бойынша жерге меншiк құқығының реттелуi.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында жерге шектелген жекеше меншiктi аспектiлерiн кеңiнен құқықтық реттеуге жол ашты.
Президенттiң 1995 жылғы 24 желтоқсанда қабылданған «Жер жөнiндегi» жарлығында Ата Заңымыздың негiзiнде жерге заттық құқықтардың тұтас жүйесi көзделдi.
Мұны жер реформасының үшiншi кезеңiнiң бастамасы деп қарауға болады. Жер заңдарында алғаш рет меншiк құқығының одан туын- дайтын заттық құқықтармен өзара байланысты жан-жақты реттеледi.
Бiрiншiден, меншiк құқығын ең басты заттық құқық ретiнде тану, оның басқа мақсатқа заттық құқықтардың маңызын көрсетедi. Заң заттық құқықтардың ерекшелiктерiн реттеуде олардың жерге мемлекеттiк меншiк құқығын жүзеге асырудың функционалдық санатын ескердi. Екiншiден, жарлықта жерге меншiктен басқа құқықтардың шектеулiлiгi өз көрiнiсiн тапты. Үшiншiден, меншiк құқығынан туындайтын заттық құқықтардың шектеулi сипатына қарамастан, өзiндiк дербес мәнi бар екендiгi айқын көрсетiледi. Сонымен қатар, заңның шаруашылық жүргiзудiң толық ерiктiгiн қамтамасыз етуге ұмтылысы жердi пайдалану құқығының заңдық конструкциясының тым босаңдығына алып келедi. Мысалы: жарлыққа мемлекеттiк емес жердi тұрақты пайдаланушылардың құқықтарының көлемдiлiгi оларды жерге жекеше меншiк құқығынан нақты ажырату белгiлерiн көрсетудi қиындатты. Төртiншiден, қосалқы заттық құқықтардың дербестiгi өз құқықтарын ешкiмге жалтақтамай тiкелей жүзеге асырудың негiзi ретiнде қаралады. Бесiншiден, жарлықта заттық құқықтық басқа тұлғаға барлық ауыртпашылықтармен бiрге ауысуы өз көрiнiсiн тапты. 3
Бiрақ жер қатынастарын заттық құқық конспекциясы тұрғысынан жердiң әлеуметтiк-табиғи заңдылықтарын ескермей реттеу жер жөнiндегi жарлықтың iс жүзiндегi тиiмдiлiгiнiң төмендеуiне әкелдi. Жер жөнiндегi жарлық реформасының алғашқы кезеңдерiнде кең орын алған жер қатынастарының мүлiктiк сипатын тым әсiрiлей, саяз азаматтық құқықтық тұрғыдан реттеудiң жағымсыз салдарын түзетудiң орнына, әрi қарай ұшықтырды. Бұған жер жөнiндегi жарлықта жер үлестерiмен кез келген мәмiлелердi ерiктiлiгiн бекiтуi көп түрткi болды. Жер реформасының алғашқы актiлерiнде ауыл еңбеккерлерiн мемлекеттiк кәсiпорындардың есебiнен жермен қамтамасыз етудiң ұйымдық-құқықтық нысаны ретiнде қарастырылған жер үлесi, оларды жерге иелiктен айырудың құралына айналып кеттi. Жер үлесiн сату, сыйға тарту, жалға беру, шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталынажарна ретiнде тапсыру бостандығы, оларды абстрациялық мүлiктiк құқыққа айналдырып, құндылығын түсiрдi. Сонымен, жер үлесi жекешелендiру купондарының тағдырын құшты. Бұған кезiнде шаруашылық жүргiзудiң ең тиiмдi ұйымдық-құқықтық нысаны болған ұжымдық шаруашылықтарды қайтақұру түрткi болды. 1994 жылы қабылдаған азаматтық кодексте заңды тұлғалардың ұйымдық нысаны ретiнде ұжымдық шаруашылық қарастырылмағандықтан, олардың көпшiлiгi жауапкершiлiгi шектелген серiктестiк болып қайта құрылды. Әлеуметтiк тұрғыдан алғанда ұжымдық кәсiпорындардың өндiрiстiк кооператив ретiнде қайта құрылғаны анағұрлым тиiмдi едi. Себебi олардың екеуiне де еңбек пен капиталды бiрiктiру тән.
Заңда өндiрiстiк кооперативтiң ауыл шаруашылығындағы ерекшелiктерiне сай мүлiктiк пай мен жер үлестерiнiң құқықтық режимi жан-жақты реттелген. Жауапкершiлiгi шектелген ұжымдық шаруашылықтар мүшелерiнiң басым көпшiлiгi серiктестiктер құрылтайшыларының құрамына кiрмей, өз үлестерiн оларға тегiн берiп, өздерi жалшы жұмыстарға айналды. Азаматтық құқықтық мәмiлелердiң нәтижесiнде ауыл шаруашылық санатындағы жерлердiң 75 пайызы шаруашылық серiктестiктер мен жекеше кәсiпорындардың иелiгiне шоғырланады. Жер қатынастарының реттеудегi сыңар жақтың - нарықтық экономика кезеңiнде жер құқығы дербес сала ретiнде өз маңызын жоғалтқандықтан азаматтық құқыққа орын беруi керек, деген пiкiрлерге жемеу болуда. Мұндай пiкiрлер жер қатынастарының түптiк қасиеттерiне қайшы, жаңылыс түсiнiктер. 4
Жер қатынастарына жеке және заңды тұлғалармен қатар мемлекеттiң қатысуы.
Жер реформасының даму логикасын зерделi талдау - жер заңдарының мәнiн түсiнiп, орын алып отырған олқылықтарына сын көзбен қараумен қатар, заман талабына сай заң қағидаларын iске асырудың тиiмдi жолдарын iздестiруге бағытталуы керек екенiн өмiрдiң өзi дәлелдеуде. Алғашқы жер заңдары Қазақстан Республикасының 1993 жылы Ата Заңының өндiрiстегi меншiктiң алуан түрлiлiгi, кәсiпкерлiк қызметтiң еркiндiгi жөнiндегi қағидаларына сәйкес аграрлық секторда көп укладты экономика құруға, шаруашылық нысанын ерiктi тағдауды қамтамасыз етуге бағытталады. Осы жылдары елiмiзде шаруа қожалықтары мемлекеттiк кәсiпорындармен тең құқықты тауар өндiрушiлер ретiнде танылып, дами бастады. Ауыл шаруашылығына тән тауар өндiрушiлердiң көптiгi, олардың дербестiгi, шаруашылық нысанын таңдауда мемлекеттен тәуелсiздiгi, адам бәсекелестiк ортаның қалыптасуына, ынталы еңбекке жол ашуға тиiстi едi. Сондықтан, жерде шаруашылық жүргiзу нысанының, өндiрiлген өнiмге билiк еркiндiгiн қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар реформаның атауын, қазiргi жер қатынастарының ерекшелiгiнен туындап отырған тұжырымдамаларға жатқызуға болады. 5
Мемлекеттiң жер қатынастарында субъект ретiнде қатысуы, ең алдымен, жердi табиғи объект ретiнде тиiмдi пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етудiң қажеттiлiгiмен байланысты. Сондықтан жер қатынастарында жердiң мүлiктiк астарынан оның табиғи объект ретiнде түптiк қасиеттерiнiң басымдылығы жер заңдарының негiзiн құруы керек. Азаматтық құқықтың жерге заттық құқықтардың түрлерi мен нысандарының қарастырылғанына қарамастан, жердiң халықтың өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiндегi сақтау, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, мақсаты пайдалану қағидалары заттық құқықтардың да мазмұнын анықтайды. Жер қатынастарын сыңаржақ азаматтық - құқықтық тұрғыдан реттеу iс жүзiнде жер реформасының басты мақсаты - қарапайым еңбекшiнiң жерге ұқыптылық, қожалық сезiмiн қалыптастырудан ауытқуына әкелiп соқты.
Осыған байланысты, жер үлестерiн талан-таражға салуды тоқтату үлес иелерiнiң өндiрiстi басқаруға қатысуын iс жүзiнде қамтамасыз ету, атқарушы органдардың жердi пайдалану саласындағы зорлық-зомбылықтарының алдын алу, жердiң экономикалық негiзсiз шағын әлеуметтiк топтардың иелiгiне шоғырлануымен күресу - қоғамдағы өзектi мәселелерге айналды.
1. 3. 2001 жылғы «Жер туралы» Заң бойынша жерге меншiк құқығы.
2001 жылдың 24 қаңтарында қабылданған «Жер туралы» заңның басты ерекшелiгiне бұл саладағы қатынастарды жердiң әлеуметтiк, табиғи заңдылықтарын ескере отырып, реттеуiн жатқызуға болады. Жер табиғи объект, өмiр сүретiн орта ретiнде экологиялық, мемлекеттiң кеңiстiк шеңберi ретiнде - саяси шаруашылық экономикалық функцияларды атқарады. Жер қатынастары - жердiң функциялық байланыстарын, ерекшелiктерiн ескере отырып, реттелуi керек. Жер қандай функцияны атқарса да табиғи қасиеттерi - оны пайдалану құқығына экологиялық сипат, мазмұн бередi. Жердiң ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң мәңгiлiк құралы болуы да оның табиғи болмысынан туындайды.
Заң жердiң әлеуметтiк табиғи заңдылықтарын, қоғам өмiрiндегi маңызын ескере отырып, жер қорын әр түрлi санаттарға бөледi. Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 22 желтоқсанында Жоғарғы соттың қабылдаған «Соттардың қоршаған ортаны қорғау заңдарын қолдану тәжiрибесiн» жөнiндегi қаулысында атмосфералық ауаның, ерекше қорғалатын аумақтардың және басқа да шаруашылық қызметте пайдаланылмайтын табиғи объектiлердiң табиғи ресурстарға жатпайтындығының ерекше аталғанын айтуға болады.
Ғылыми әдебиетте жер режимiнiң жарты ғасыр бойы жердiң құқық объектiсi ретiндегi сипатын айқындайтын негiзгi теориялық түсiнiгi ретiнде қараулы кездейсоқ емес. Жер қорын басқару, қорғау және жер қорының бөлiктерiне заттық құқықтарды жердiң құқықтық режимiнiң элементтерi ретiнде қарауға қазiрде толық негiз бар. 6
Жер бөлiгiнiң құқықтық режимi оған заттық құқықтардың пайда болу негiздерiн, шеңберiн, шегiн, нақтылы көлемiн анықтайды. Сондықтан, жердiң құқықтық режимiн жердi мемлекеттiк басқарудың ұйымдық-құқықтық нысандарын, тәсiлдерiн жетiлдiру, жердi құқықтық қорғау, жерге заттық құқықтардың ерлi ерекшелiктерiн анықтау тұрғысынан жан-жақты талдаудың жер жөнiндегi заңның қолдану тиiмдiлiгiн арттырудағы маңызы зор.
Қазақстан Республикасының ескi жер туралы заңынан жаңа заңның айырмашылығы жалпы алғанда жобаның қазiргi қолданысындағы «Жер туралы» заңын алып бара жатқан айырмашылығы жоқ.
Жобаның 24-бабына сәйкес мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телiмдерi жеке және заңды тұлғаларға жеке меншiк құқығымен берiлуi мүмкiн. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телiмдерi жеке меншiк құқығымен азаматтарға шаруа қожалығын жүргiзу үшiн мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға тауарлы ауыл шаруашылық өндiрiс жүргiзу және ағаш өсiру үшiн берiледi. «Жер туралы» заңның 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телiмдерi тек өзiндiк үй шаруашылығын жүргiзу жеке меншiкке берiлуi мүмкiн заңды түлғаларға «Жер туралы» заң бойынша ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телiмдерi жеке меншiк құқығына берiлмейдi.
Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларация сияқты негiзгi халықаралық құжаттарда кез келген адамның мүлiктi, соның iшiнде жердi де иелену құқығы айтылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам мен азаматтың басқа да құқықтары мен бостандықтары арасында жерге жеке меншiк құқығын бекiттi. Жердi иелену пайдаланудың принциптiкмүмкiндiгi жаңа заң актiсiн қабылдау арқылы жерге жеке меншiк институтын iс жүзiнде енгiзудi қажет етедi.
Жердi еркiн иелену мен иелiк етудiң құқықтық кепiлi болатын жер туралы жаңа заңға - жер қажеттiлiк ауылды өркендету мен көтеру процесi соңғы кезең болған Қазақстанда реформалар жүргiзудiң стратегиялық дәйектiлiгiн туындағаның баса айтқым келедi.
Ауылдық жерлерде тұратын, жерге меншiк құқығының айрылған, нарықтық экономикалық өндiрiстiк ықпалынан тыс қалған бiздiң елiмiздiң азаматтары Қазақстандағы ең аз қажеттi ауыл шаруашылық деңгейiне ғана емес сонымен қатар тұрмысының қарапайым деңгейiн де қолдай алмайтынын айтуға тура келедi. Бүгiнде ауыл халықы материалдық тұрғыдан, бiлiм, денсаулық сақтау, мәдениет, өркениеттiң басқа да ресурстарының жетiспеушiлiгiн бастан кешiруде. Ауыл тұрғындарының бостандығын бұдан әрi шектеу оны күйзелiске, шектеулiкке, өндiрiстiк және адамгершiлiк әдеттiң жоғалуына әкеп соқтырады. 7
Қазiргi экономикалық болмыста бiздiң жер туралы заңдарымыз жеке басты, жеке мүдденi, жеке экономикалық табысқа, бастамаға, кәсiпқойлыққа және iскерлiкке ұштынысымызды қанағаттандыра алмайды. Түбегейлi әдiлеттi жер қатынастарын белгiлей отырып, жаңа заң адамдарды ауылдағы тиiмдi өндiрiстiк жоғары бейiмдеу үшiн экономикалық дамуына күштi серпiн бередi. Өзiнiң жеке жер учаскесiн иелену дербес адам мен ерекше ортаның меншiк иелерiнiң қатарын, ауылда кәсiпкерлiк тапты қалыптастырудың iргетасы болды. Бұл пайдалы күш.
1. 4. Қазақстан Республикасы заңдары бойынша жер пайдалану құқығы.
Қазақстан Республикасы «Жер туралы» заңына сәйкес жер пайдалану құқығы екiге бөлiнетiнi белгiлi, ол тұрақты және уақытша уақытша жер пайдалану құқығының өзi екiге бөлiнедi. Қысқа мерзiмдi (бес жылға дейiн) ұзақ мерзiмдi (бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiн) сонымен, жоғарыда айтылғанды қортындылайтын болсақ, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телiмi Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берiледi. Және де аталған жер телiмiнiң шектi мөлшерi белгiленген, сондай-ақ жобаның 19-бабына сәйкес тиiстi шекара шегiнде ауыл әкiмдерi телiмдерiн жеке меншiкке және пайдалануға беруге құзырлы. Алайда жобаның 43-бабы бойынша жер телiмдерiн меншiкке немесе пайдалануға берудi жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады. Яғни ауылдың әкiмдерi бiр бап бойынша жер телiмiн меншiкке бере алады, ол бiр бап бойынша бере алмайды. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» заңға сәйкес әкiм мен жергiлiктi атқарушы орган деген екi ұғым бiр-бiрiмен тең емес. Олар екi түрлi ұғым мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды тұлғалардың жер қатынастары саласындағы құзыретiне байланысты жобада кездесетiн осы сияқты құқықтық тұрғыдан жеткiлiктi түрде тиянақты реттелмеген.
«Жеке тұрғын үй құрлысы үшiн жер телiмi жеке меншiкке берiледi». Бұл норма қазiргi «Жер туралы» заңында да көзделген.
Мысалы, егер сiз аталған мақсатта жер телiмiн алғыңыз келсе, онда сiзге тиiстi мемлекеттiк органдар бұл жер телiмiн бiрден жеке меншiкке бере салмайды бұл өз кезегiнде қаланың көркем әсем дамуына терiс әсерiн тигiзедi. Егер жер телiмiн беру туралы шартта көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, жеке меншiктегi жер телiмiнен гөрi уақытша пайдаланудағы жер телiмiн қайтарып алған әлдеқайда оңайырақ мемлекеттiк органдар жеке меншiкке беруге мiндеттi деген норма жоқ. Мемлекеттiк орган жеке меншiкке аталған жер телiмiн берем десе бередi, бермеймiн десе бермейдi, тек қана азаматтардың құқығы көзделген, ал сол құқықтардың жүзеге асырылуы тәртiбi нақты көрсетiлмеген. Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн жер телiмдерiн аталған уақытшаөтеусiз жер пайдалану құқығына ала алады. Шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар жер құқығы қатынастары жөнiнен Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен және заңды тұлғалармен бiрдей құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттер атқарады. Қазақстан Республикасының азаматы болу керек деген талап болғандықтан, оралман Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей құқықтарды пайдалана отырып, жеке тұрғын үй салу мақсатындағы жер телiмдерiне уақытша жер пайдалану құқығын ала алады. Ал шетелдiктер қатысатын заңды тұлғалар үшiн, яғни Қазақстан Республикасы азаматтары мен шетелдiктер бiрге отырып құрылған заңды тұлғаға сәйкес, ол ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдаланушы Қазақстан Республикасы заңына сәйкес, шаруа құра алады. Ал Қазақстан Республикасы азаматтары үшiн, ауыл шаруашылығында кәсiпкерлiк қызметпен айналысудың ең бiр тиiмдi жолы осы шаруа қожалықтарын құру, жалпы алдағы уақытта қандай да болмасын нормативтiк актi қабылданғанға мұндай құйтыңы нормалардың орын алмауын халық қанаушылары қадағалауы тиiс.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телiмдерi жеке меншiк құқығымен тек қала Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларына берiледi. Яғни он сегiз жасқа жеткен Қазақстан Республикасының әрбiр азаматы ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телiмiн жеке меншiк құқығына сатып ала алады, дегенмен, кей жағдайларда азаматтың заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандар да Қазақстан Республикасының азаматы әрине мұрагер ретiнде аталған жер телiмдерiне ие бола алады.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телiмдерi жеке меншiк құқығын беру ақы төлеу негiзiнде жүргiзiледi. Яғни сатып алынады. Жобаның 24-бап 2-тармағына сәйкес ауыл шаруашылық мақсатындағы телiмiнiң бағасы екi түрлi болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz