Авторлық құқық субъектілері, түрлері
Кiрiспе
1.тарау. Авторлық құқық субъектілері
1.1 Авторлық құқық субъектілерінің түсінігі.
1.2 Авторлық құқықтың субъектілерінің ерекшеліктері.
2.тарау. Авторлық құқық субъектілерінің түрлері
2.1. Автор, тең автор
2.2. Мұрагерлер мен құқық мирасқорлар.
3.тарау. Авторлық құқықтың субъектілерінің
құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттердiң тiзiмi

Менiң дипломдық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған негiзгi мәселелер Қазақстан Республикасының зааматтық заңдарына сәйкес авторлық құқық субъектiлерiнiң құқықтық жағдайын теориялық және құқықтық тұрған қарастыру болып табылады. Бұл мәслеге жалпы авторлық құқыққа қарастыры тұрғыдан мән берер болсақ ол тiптi әлемдiк денгейде әлi күнге дейiн, өз шешiмiн таппай отырған үлкен бiр өзектi проблемалар қатарында тұр десек артық айтпағандық болар едi. Сонымен бiрге менiңше осы қарастырылатын мәселелердiң өзектiлiгiн сондай-ақ мына мән жайлардан-ақ байқап көруге болар едi. XXI ғасырдың басында ғылыми-техникалық прогресстiң өте қарқынды iлгерлеп дамуы авторлық құқықтың жаңа объектiлерi мен субъектiлерiн өмiрге алып келуде, соның бiр мысалы ретiнде тек интернет жүйесiн алып қарар болсақ құқықтық тұрғыдан әлiде өз шешiмiн таппаған қыруар мәселелердiң барына көз жеткiзу мүлдем қиын емес деп ойлаймын.
Мiне бүгiнде бiздер осы жайларға және өзге де мәселелерге жете мән берер болсақ Қазақстанда авторлық құқық саласын үнемi әрi үздiксiз жетiлдiрiу қажеттiлiгiн аңғару қиын емес деп бiлемiн.
Сондай-ақ мен өзiмнiң дипломдық жұмысымда Қазақстан Республикасының заңдары бойынша авторлық құқықтың субъектiлерi болып табылатын тұлғалардың құқықтық жағдайына жалпы теориялық тұрғыдан талдау жасауға және сондай-ақ осы авторлардың мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарын қорғауға байланысты қазiргi кезде тәжрибеде жиi кездесетiн өзектi теориялық және тәжрибелiк мәнi бар сұрақтарды қарастырылады.
Мен өзiмнiң дипломдық жұмысымда ең алдымен авторлық құқықтың субъектiлерiнiң түсiнiгi мен түрлерiн қарастыра келiп авторлардың құқықтарын қорғау мәселесiне теориялық және құқықтық тұрғыда мүмкiндiгiнше тереңрек қарастыруды өзiме мақсат етiп қойдым. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында авторлық құқықтық қатнастарды реттейтiн заңнамаларға теориялық тұрғыдан сараптама жасап кеткiм келедi әрi сонымен бiрге шетелдердегi авторлық құқықтарды қорғау мәселелерiнеде бiраз талдау жасап кетудi жөн деп шештiм.

Нормативтiк актiлер
1. Конституция Республики Казахстан, от 30 августа 1995 года с изменениями и дополнениями, внесенными Законом Республики Казахстан “О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан” от 7 октября 1998 года.// Юридическая газета. 1998г. 14 октября;
2. Гражданский кодекс Республики Казахстан/ общая часть/ от 27 декабря 1994 г / с изменениями и дополнениями от 18.12.2000 год./
3. Гражданский кодекс Республики Казахстан /особенная часть
от 1 июля 1999 г с изменениями и дополнениями от 18.12.2000 год./
Әдебиеттер
1. Амфитеатров.П.Н. Право наследования личной собственности.М 1996 г.
2.Антимонов.Б.С.,Советское наследственное право.М,1955 г.
3. БарщевскийМ.Ю. Наследственное право: учебное пособие,М.1996 г.
4. БаллюзекЛ.Ф. Народные обычаи в книге: Материалы по казахскому обычному праву.Алматы 1998 г.
5.Братусь С.Н. Советское гражданское право М.1984 г.
6. Власов Ю.Н.Наследование по закону и по завещанию.М.2001 г. 7.Гражданский Кодекс Республики Казахстан /Особенная часть/
Комментарии . ответ.ред.М.К.Сулейменов, 2-х томах.
Ю.Г.Басин.Алматы,2000 г.
8. Гражданское право // Под ред. А.П. Сергеева и Ю.К. Толстого.
М., 2000 г. Т. 3. с. 143.
9. Гордон М.В. Наследование по закону и по завещанию.М.1967 г. 4.
10.Гражданское право.Учебник часть 3-я под. Ред. А.П.Сергеева,
Ю.К.Толстого.М,1997 г.
11.Гражданское прцессуальное право РК.Баймолдина.Учебник.1 кнга Алматы,2001 г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ:
Кiрiспе
1-тарау. Авторлық құқық субъектілері
1.1 Авторлық құқық субъектілерінің түсінігі.
1.2 Авторлық құқықтың субъектілерінің ерекшеліктері.
2-тарау. Авторлық құқық субъектілерінің түрлері
2.1. Автор, тең автор
2.2. Мұрагерлер мен құқық мирасқорлар.
3-тарау. Авторлық құқықтың субъектілерінің
құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттердiң тiзiмi
Кiрiспе
Менiң дипломдық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған негiзгi
мәселелер Қазақстан Республикасының зааматтық заңдарына сәйкес авторлық
құқық субъектiлерiнiң құқықтық жағдайын теориялық және құқықтық тұрған
қарастыру болып табылады. Бұл мәслеге жалпы авторлық құқыққа қарастыры
тұрғыдан мән берер болсақ ол тiптi әлемдiк денгейде әлi күнге дейiн, өз
шешiмiн таппай отырған үлкен бiр өзектi проблемалар қатарында тұр десек
артық айтпағандық болар едi. Сонымен бiрге менiңше осы қарастырылатын
мәселелердiң өзектiлiгiн сондай-ақ мына мән жайлардан-ақ байқап көруге
болар едi. XXI ғасырдың басында ғылыми-техникалық прогресстiң өте
қарқынды iлгерлеп дамуы авторлық құқықтың жаңа объектiлерi мен
субъектiлерiн өмiрге алып келуде, соның бiр мысалы ретiнде тек интернет
жүйесiн алып қарар болсақ құқықтық тұрғыдан әлiде өз шешiмiн таппаған
қыруар мәселелердiң барына көз жеткiзу мүлдем қиын емес деп ойлаймын.
Мiне бүгiнде бiздер осы жайларға және өзге де мәселелерге жете мән
берер болсақ Қазақстанда авторлық құқық саласын үнемi әрi үздiксiз
жетiлдiрiу қажеттiлiгiн аңғару қиын емес деп бiлемiн.
Сондай-ақ мен өзiмнiң дипломдық жұмысымда Қазақстан
Республикасының заңдары бойынша авторлық құқықтың субъектiлерi болып
табылатын тұлғалардың құқықтық жағдайына жалпы теориялық тұрғыдан талдау
жасауға және сондай-ақ осы авторлардың мүлiктiк және мүлiктiк емес
құқықтарын қорғауға байланысты қазiргi кезде тәжрибеде жиi кездесетiн
өзектi теориялық және тәжрибелiк мәнi бар сұрақтарды қарастырылады.
Мен өзiмнiң дипломдық жұмысымда ең алдымен авторлық құқықтың
субъектiлерiнiң түсiнiгi мен түрлерiн қарастыра келiп авторлардың
құқықтарын қорғау мәселесiне теориялық және құқықтық тұрғыда мүмкiндiгiнше
тереңрек қарастыруды өзiме мақсат етiп қойдым. Сондай-ақ Қазақстан
Республикасында авторлық құқықтық қатнастарды реттейтiн заңнамаларға
теориялық тұрғыдан сараптама жасап кеткiм келедi әрi сонымен бiрге
шетелдердегi авторлық құқықтарды қорғау мәселелерiнеде бiраз талдау жасап
кетудi жөн деп шештiм.
1-тарау. Авторлық құқық субъектілері
1.1. Авторлық құқық субъектілерінің түсінігі.
Авторлық құқықтың субъектілері болып туындыға қатысты субъективтік
авторлық құқықтар жататын тұлғалар табылады[1]. Қазақстандық заңнамаға
сәйкес субъективтік авторлық құқықтарды қазақстандық азаматтар, шетел
азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, олардың мұрагерлері мен
құқықмирасқорлары иеленеді. Субъектілердің әр санаттары үшін туындыға құқық
әртүрлі заңды фактілерге байланысты – туындыны тудырумен, мұра бойынша
авторлық құқықтардың өтуімен, т.б. туындайды.
Авторлық құқықтың негізгі субъектілері болып туындының авторы табылады.
Автор – туындыны шығармашылық еңбегімен тудырған жеке тұлға ("Авторлық
құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының 4-бабы).
Сөздіктерде "автор" түсінігінің талқылауына келесідей түсіндірмелер
беріледі.
"Автор – тудырушы, құрастырушы, жазушы... Авторлық – жағдай, міндет
немесе жазушының іс-әрекеті"[2].
"Автор (латын тілінен – au (c) tor) – кез келген туындының, ғылыми
зерттеудің, өнер табыстың және т.б. тудырушысы"[3].
"Автор – туындыны тудырушы тұлға"[4].
Автордың құқықтық мәртебесі кез келген тұлғада авторлық құқықпен
қорғалатын туындыны жасау сәтінен бастап анықталады. Сонымен қатар, заң
осыған қатысты ешқандай шектеулерді авторлық құқықтың субъектілеріне қоя
алмайды.
Ғылым, әдебиет және өнер туындыларына авторлық құқық оны тудыру
фактісіне орай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы және жүзеге
асырылуы үшін туындыны тіркеудің, өзге рәсімдеудің немесе шарттылықтың
сақталудың қажеттілігі міндетті емес. ("Авторлық құқық және сабақтас
құқықтар туралы" ҚР Заңының 9-бабы).
Авторлық құқық субъектілерін жіктеудің келесідей топтамасы бар:
"Субъектілер алғашқы және туынды болып бөлінеді"[5].
Сонымен қатар, алғашқы субъект ретінде "автор – шығармашылық еңбегімен
туған туындының жеке тұлғасы" танылады[6].
Мәні бойынша субъектілерді "алғашқы және туынды" деп бөлу дұрыс деп
саналады. Заңда кездесетін "туынды шығармалар" терминінің бар болуына
байланысты кейбір терминологиялық келіспеушіліктер болуы да мүмкін.
("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңның 12-бабында).
Авторлық құқық субъектілері жөніндегі мәселе жалпы цивилистикалық
әдебиеттерде, сондай-ақ авторлық құқыққа арнайы арналған еңбектерде орын
тапқан. Революциялық кезеңге дейін әдебиеттерде осы мәселеге
С.А.Муромцевтің[7], В.В.Спасовичтің[8], И.Г.Табашниковтың[9],
К.П.Победоносцевтің[10] және басқаларының еңбектері арналған.
И.Г.Табашников әдеби меншіктің субъектісін зерттей отырып, мынандай
қорытындыға келді: авторлық құқықтың субъектісі болып ең алдымен туынды
өзінің пайда болуына міндетті болатын тұлға табылады.
Қалған барлық тұлғалар авторлық құқықтың субъектілері болып "одан
мирасқорлыққа байланысты ғана күшіне еніп" табылады.
Заңды байланыстың күшіне қарай үшінші тұлғалар авторлық құқықтың
субъектілері болып әртүрлі жағдайларда және шарттық қатынастарда пайда
болатын заңда тікелей көрсету түрінде болады.
К.П.Победоносцевтің "Азаматтық құқық курсында", "Құқық иеленуші"
рубрикасында ("иеленуші" мағынада "осы құқыққа иеленуші" табылады)
келесідей түсіндірме беріледі: "Авторлық құқық белгілі тұлғаға беріледі,
яғни сол тұлғамен байланысты: бұл туынды авторы, тудырушы. Бірақ кей кезде
бір туындының бірнеше тудырушылары болуы мүмкін, және осындай жағдайда
тудырушылардың өзара қатынастары мен туындыға қатысу деңгейі әртүрлі болуы
мүмкін"[11]. Бұл жерде назарды автор мен туынды арасындағы үзіліссіз
байланысқа бөлу қажет.
Әрекет етуші заңның терминологиясы бойынша "өндіруші – сабақтас
құқықтардың ғана субъектісі". ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар
туралы" ҚР Заңының 38-бабы "Фонограмма жасаушының құқықтары")[12].
Г.Ф.Шершеневич авторлық құқықтың субъектілері мен объектілерінің
мәселелерін құқыққа сәйкес: әдеби туындыларға; мерзімді басылымдарға,
көркем әдебиеттерге; музыкалық туындыларға орай жеке қарастырады.
Әдеби туындыларға авторлық құқықтың субъектісі болып "әдеби туындыны
тудырған автор мен оның мұрагерлері, құқықмирасқорлары және өзінің құқығын
басқаға берген тұлғалар да" табылады[13].
Көркем туындыларға құқықтың субъектісі - "туынды өзінің бар болуына
міндетті жағдай ретіндегі ой мен өнердің суретшісі, мүсіншісі, сәулетшісі
немесе гравері". Біздің заң бұл жағдайда да заңды тұлғалар үшін көркемдік
құқықтың субъектілері болып табылу мүмкіндігін таниды[14].
Сонымен, музыкалық туындының субъектісі - "музыкалық ой мен оның сыртқы
нысанын айқындаған сазгер"[15]. Бұл жерде мынандай сұрақ туындайды: бұл
музыкалық туындыны орындаушы бөтеннің туындысын орындады ма? Біздің
көзқарасымыз бойынша бұл жерде орындау кезіндегі шығарма, яғни импровизация
туралы сөз болып отыр.
А.А.Пиленконың пікірінше, авторлық құқықтың субъектісі болып тек қана
жеке тұлға табылады, ал заңды тұлғалардың авторлық құқығы, яғни әртүрлі
қоғамдар шарт немесе қызметтік жағдай бойынша заңды тұлғаларға автордың
құқықтары өтуіне негізделеді. Осындай тұжырымды мемлекеттік ұйымдарға
қатысты айуға да болады. Олар қызметшілерге жалақы төлей отырып, олардың
әртүрлі ережелер, жарғылар, нұсқаулықтар құрастыруы бойынша еңбектерімен
өздерінің меншікке қатысты авторлық құқықтарын жоғалтпай-ақ пайдалануға
құқылы[16].
Г.Ф.Шершеневич пікірі бойынша, "авторлық құқықтың субъектісі болып
өзінің бар болуына рухани шығармашылық еңбегі нәтижесінде тәуелді болатын
шығарманың тұлғасы саналады. Бұндай тұлға ретінде, тек қана ойлай алатын
және тудыра алатын тұлға бола алады"[17]. Заңда авторлық құқықтың заңды
тұлғаларға қатысты орнықтырылуы, Г.Ф.Шершеневичтің айтуы бойынша өзінің
құқықтарын осы фиктивті субъектіге беру шын мәніндегі авторлардың мүмкін
болатын еріктерімен түсіндіріледі. Авторлық құқықтың субъектілерінің бір
түрі осылай туындайды, яғни "шығармашылықтың рухани байланысымен
құрастыруда тікелей әрекет етпейтін"[18]. Олар – тудырушы, продюсерлер,
әдеби агенттер және т.б.
Сондай-ақ авторлық құқықтың субъектілері ретінде әдебиет, ғылым және
өнер туындыларын шығармашылық еңбекпен тудырған тұлғалар танылады
(авторлар).
Субъективтік авторлық құқықтардың азаматта пайда болуы оның жасына,
денсаулық жағдайына, мүліктік жағдайына, туындыны шығару жері мен жарыққа
шығарумен және т.б. байланысты емес.
Шетел азаматы қазақстандық авторлық құқықтың субъектісі болуы мүмкін,
егер оның туындысы алғаш рет мемлекеттің аумағында жарыққа шығарылса немесе
шығарылмаса, бірақ оның аумағында белгілі бір объективтік нысанда болып
табылса. Шетел авторының туындысы алғаш рет шет елге жарияланса немесе сол
жерде белгілі бір объективтік нысанда болса, онда ол ҚР-ның бекіткен
келісімдерінің күшінде және онымен бекітілген шектерді ғана қазақстандық
авторлық құқықтың субъектісі болып табылады.
Авторда субъективтік авторлық құқықтар туындыны тудыру фактісінің
нәтижесінде пайда болады. Оның құқықтарын заң әдебиеттерінде алғашқы деп
тану қабылданған[19].
Авторлық құқық нақты сол алғашқы субъекті мүдделері жөнінде ерекше
қорғалуды көздеп отыр, яғни туындыны жасаушының, автордың өзінің авторлық
құқығы оның өмірінің барлық сәтіне дейін танылады. Мұрагер – мирасқорға
қатысты заңмен көзделетін авторлық-құқықтық қорғау уақытына байланысты
шектеулі сипатқа ие (автордың қайтыс болғанынан кейін 50 жыл)[20].
Авторлармен қатар авторлық құқықтың субъектілерімен қоса әдебиет, ғылым
және өнер туындыларын жасауға қатыспайтын тұлғалар (азаматтар мен ұйымдар)
танылады. Оларды құқықмирасқорлар дейді. Құқықмирасқорларға автордың
туындысын пайдалану бойынша авторлық
құқықтардың белгілі бір шеңбері өтеді. Құқықмирасқорлар болып мұрагерлер,
мемлекет, автордың туындысын пайдалану бойынша шарттық қатынастарды
орнатқан ұйымдар (баспалар, театрлар және т.б.) саналады.
Көрсетілген тұлғалардың құқықтарының шегі авторға қарағанда, сипаты
бойынша туынды болып келеді, өйткені олар автордан өтеді.
Авторлық құқықтың субъектілері ретінде мұрагерлер заң күшіне немесе
өсиеттік нұсқауларға сай құқықты иеленеді. Заң мен өсиет бойынша мұрагерге
туындыны жариялау, қайта жаңғырту және тарату құқығы, сыйақы алу құқығы
тиесілі. Мұрагер шығарылған туындыларды пайдалану жөнінде мәселені шешуге,
сондай-ақ әлі жарыққа шықпаған туындыларға да қатысты құқықтарды жүзеге
асыруға құқылы.
Мұрагер мен шын мәніндегі автордың құқықтарының айырмашылықтары олардың
көлемінде ғана емес, сондай-ақ әрекет ету мерзімінде де айқындалады.
Мұрагерлердің авторлық құқықтары автор қайтыс болғаннан кейін 25 жыл мерзім
ішінде әрекет етеді.
ҚР АК-нің 497-бабына сай, туындыны шығару, көпшілік алдында орындау
және өзге пайдалануға авторлық құқық мемлекетпен сатып алынуы мүмкін. Әр
жағдайда туындының пайдалану тәртібі мен талаптарын анықтайтын Үкіметтің
қаулысы қабылдануы тиіс. Мемлекет авторлық құқықтардың барлығын иеленуші
болып табылмайды, ал тек қана жеке құқықтарға ие болады.
Авторлық құқықтың субъектісі ретінде мемлекетті танудың өзге негізі
болып туындыны мемлекет игілігі ретінде жариялау табылады. Бұл жерде заң
авторлық құқықтың мерзімі өтіп кеткен туындыларға қатысты келтіріп отыр.
(АК-тің 496-бабы). Бұл жағдайда да мемлекет игілігі деп танылған
туындыларды пайдаланудың тәртібі мен шарттарын анықтайтын Үкімет қаулысы
қабылданады.
Әрекет етуші заңнама авторлық құқықты заңды тұлғаларда арнайы
бекітілген заңнама шегінде және жағдайында таниды.
Азаматтық Кодекс энциклопедия, газеттер, журналдар, ғылыми еңбектердің
жинақтары мен өзге де мерзімді басылымдарды шығарушы баспалар үшін туындыны
(кітаптар, журналдар, жинақтар, газеттер) пайдалануға құқығын (479-бап);
кино-телестудиялар үшін – тұтасымен фильмді пайдалану құқығын (480-бап);
эфирлік хабар тарату ұйымдары үшін – олардың бағдарламаларын басқа
ұйымдарға тарату, жазу және қайта жаңғыртуға рұқсат беру құқығын, сондай-ақ
телебағдарламаларды көпшілік алдында қайта жаңғыртуға рұқсат беру құқығын
(480-бап) танып отыр. Бірақ, бұл құқықтар заңмен авторлық деп аталмайды.
Осындай ұстаным заңда авторлық құқықтарды шығармашылық ұжымның
мүшелеріне – сценарий авторын біріктіретін, сазгер, суретші, режиссер-
қоюшы, оператор және өзге шығармашылық қызметкерлеріне бекітуге негіз бола
алады. Өйткені, қатаң түрде алып қарайтын болсақ, кез келген жағдайда
туынды нақты азаматтардың шығармашылық еңбегімен туындайды, ал заңды
тұлғалар авторлар (тудырушылар) ретінде емес, олардың туындыларды пайдалану
барысында тек авторлық құқықтық қатынастардың субъектілері ғана болуы
мүмкін.
"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңы авторлық
құқықтың субъектілерінің келесідей түрлерін көрсетуге мүмкіндік береді:
1) автор (4-бап);
2) аудиовизуалдық туындылардың авторлары (13-бап);
3) жұмысберуші (14-бап);
4) мұрагерлер (29-бап);
5) авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар
(43-бап);
6) өзге тұлғалар.
Жекелеген авторлық құқықтардың субъектілері болып сабақтас құқықтардың
субъектілері табылуы мүмкін – орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлік
немесе кабельдік хабар тарату ұйымдары ("Авторлық құқық және сабақтас
құқықтар туралы" ҚР Заңның 36-бабының 1-бөлігі).
Сонымен, авторлық құқық субъектісі пайда бола алмайтын фактілік құрамға
үш элемент кіреді:
1) туындыны тудыру барысындағы автордың шығармашылық еңбегі;
2) туындыны тудыратын нақты автордың немесе бірнеше тең авторлардың,
немесе авторлық құқықта шартты түрде "заңды тұлға" түсінігіне
біріктірілетін авторлардың тобының бар болуы;
3) бекітілген талаптарға жауап беретін субъектіде авторлық құқықтарды
заңмен танудың бар болуы.
Осы үш жағдайлардың барлығының сәйкес келуі ғана авторлық құқықтың
субъектісінің пайда болуына әкеліп соғады.
Авторлық заңнама мен азаматтық кодекстің ережелерінен шыға отырып,
"авторлық құқықтың субъектісі" түсінігі "автор" түсінігінен кең екенін
көруге болады. Өйткені, авторлық құқықтарды (туындыны пайдалану үшін
айрықша құқықтар) автордан басқа өзге тұлғалар да иелене алады (мысалы,
еңбек шарты бойынша автордың өз міндеттерін орындау тәртібінде туындыны
тудыру жағдайында жұмысберуші нақты құқықтық қатынастарға байланысты
қатысушысы болып табылатын автор).
1.2. Авторлық құқықтың субъектілерінің ерекшеліктері.
Автордың құқықтары әрқашанда авторлық құқықтың өзге субъектілерінен
кең. Авторлық құқықтың субъектілерінің ішінен авторға ғана тән туындыны кез
келген нысан мен тәсілде пайдалануға айрықша құқықтар тиесілі. ("Авторлық
құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңның 16-бабында бекітілген
"мүліктік құқықтар"). Сондай-ақ, Заңның 15-бабындағы автордың жеке мүліктік
емес құқықтары тән. Авторлық құқықтың қалған субъектілері туындыға қатысты
мүліктік құқықтарды тек алып жүруші ғана болып табылады. Туындыны тудырушы
тұлғадан жеке мүліктік емес құқықтардың бөлінбестік қағидасы Заңның 15-
бабының 3-бөлігінде келесідей үлгіде орын тапқан: "Автордың мүліктік
құқықтарына қарамастан, оның мүліктік емес жеке құқықтары болады және
оларды туындыны пайдалану жөніндегі айрықша құқықтарын біреуге берген
жағдайда да сақтап қалады".
Жеке мүліктік емес құқықтарға ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар
туралы" ҚР Заңның 15-бабының 1және 2 бөліктеріне сәйкес) мыналар жатады:
- авторлық құқық (туындының авторы ретінде танылу құқығы);
- есімі аталу құқығы (туынды пайдаланылған кез келген жағдайда оның
даналарына автордың шын есімінің орнына лақап есімін (бүркеншік
есімін) көрсету талап ету немесе есімін көрсетуден бас тарту құқығы,
яғни жасырындық);
- автордың беделін қорғау құқығы (туындының атауымен қоса, оған қол
сұғуға жол бермеу, туындыны кез келген жолмен бүлдіруге, бұрмалауға
немесе өзге жолмен өзгертуге, сондай-ақ автордың ар-ожданына яки
беделіне нұқсан келтіре алатын басқа да кез келген қол сұғушылыққа
қарсы әрекет ету құқығы);
- кері қайтарып алу құқығы (бұрын қабылданған шешімнен пайдаланушыға
келтірілген зиян, соның ішінде оның айырылып қалған пайдасы өтелген
жағдайда автордың туындыны жариялау туралы ондай шешімнен бас
тартуға құқығы бар).
Авторлық құқықтарды иелену мүмкіндігі өз алдына азаматтардың
құқыққабілеттілік элементін білдіреді. ҚР АК-нің 14-бабы
"Құқыққабілеттіліктің негізгі мазмұны" азаматтардың иеленетін құқықтарының
ішінде, сонымен қатар "өнертабысқа, әдебиет, ғылым және өнер туындыларына,
өзге санаткерлік қызметтің нәтижелеріне санаткерлік меншік құқығын"
бекітеді. Бұл жалпы – азаматтық құқықтық мүмкіндік әркіммен танылады.
Заңмен әркімнің шығармашылық еңбектерін дамытуға тиым салынбаған. Бұл жерде
авторлық құқық үшін нәтиже қағидасы, заңды тану мен санаткерлік еңбек
нәтижелеріне құқықты қорғау орын алып отыр.
Азамат қандай да болсын жағдайда авторлық құқықтарды, жеке мүліктік
емес құқықтарды иелену мүмкіндігінен айырылмауы тиіс.
Авторлық құқықтың субъектілері болып ҚР АК-нің 2-бабында реттелген
азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушылары табылады. Азаматтық
заңнамамен авторлық құқықтық қатынастырдың субъектілерінің құқықтық
жағдайы, пайда болу негіздері, өзгертулер мен толықтырулар, сондай-ақ
санаткерлік меншікке құқықтарды тану, бекіту және қорғау тәртібі, авторлық
құқықтарды және санаткерлік қызметтің өзге нәтижелерін қорғау тәсілдері
анықталады.
Авторлық құқықтық қатынастар – азаматтық құқықтың қатынастар болып
табылады. Азаматтық құқық аясынан тыс орналасқан авторлардың басқа құқықтың
субъектілерімен өзге қатынастары таратылуы бойынша аса кең емес. Плагиатпен
байланысты туындайтын және процесте сәйкесінше іспен қаралатын қатынастар
қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізуде бар.
Субъектілер арасындағы авторлық-құқықтың қатынастар ҚР АК-нің 2-бабында
көзделген азаматтық заңнаманың принциптеріне сай құрылады.

2.1 Автор, тең авторлар.
А. (1) Жалпы ережелер.
Авторлық құқықпен реттелетін қатынастарда алғашқы мәселелердің бірі
болып осындай құқықтың субъектісі кім болатындығы табылады. Автор болып
өзінің шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға табылады. Туындыны
жасаушысы болып жынысына, жасына, азаматтығына және әрекет қабілеттілік
жағдайына қарамастан, кез келген жеке тұлға танылады. Тудырушыда авторлық
құқықтар туындының объективтік нысанда шығарылу сәтінен бастап туындайды.
Соның ішінде ол туындының жарияланғандығы, толық аяқталғандығы немесе нобай
мен үлгіде көрініс тапқандығы ескерілмейді. Тұлғаны автор деп тану үшін
туындының нысаны, мақсаты мен құндылығы әсер етпейді. Авторға қандай да
болсын шарттылықтың сақталуы, біреудің келісімі немесе қандай да болмасын
шарттың қажеті жоқ.
Авторлар болып тек қана біртума туындылардың жасаушылары танылмайды,
сонымен қатар туынды (тәуелді) шығармаларды жасаушылар табылады. Олар
көбінесе аудармалардың, өңдеулердің, бейнелеу өнерінің және т.б.
тудырушылары болып келеді. Сонымен қатар, бұл тұлғаларда авторлық құқықтар
пайда болу үшін біртума туындының заңмен қорғалатындығы, не
қорғалмайтындығы маңызды емес.
(2) Кәмелетке толмаған және әрекетқабілеттілігі жоқ авторлардың
қорғалуы.
Шығармашылық туындылар көбінесе кәмелетке толмаған немесе заңмен
бекітілген тәртіпте әрекет қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектелген
тұлғалармен туады. Мысалы, Надя Рушева өзінің 17 жасында 11 мыңға жуық
суреттер салды. Оның өмірі шегінде жұмыстарының 15 көрмесі өтті, соның
ішінде шетелдерде де. Ника Турбинаның алғашқы поэзиялық жинағы оған 8 жас
болғанда шыққан. Осындай мысалдар тәжірибеде өте көп кездеседі.
Кәмелетке толмаған және әрекет қабілеттілігі жоқ тұлғаларда авторлық
құқықтардың туындауы ғылымда да, тәжірибеде де жоққа шығарылмайды. Осы
мүмкіндіктің өзі азаматтық құқық қабілеттіліктің мазмұнына енеді, ал
соңғысы жасына, денсаулығына байланысты емес. Бұл абстрактілі мүмкіндікті
нақты субъективтік авторлық құқыққа айналдыру үшін заңды факті қажет.
Осындай фактінің ролін ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасау атқарады,
яғни фактілік сипаттағы әрекет, ал мәміле емес. Фактілік әрекеттер әрекет
қабілетсіз тұлғалармен жасалатындықтан, нақты субъективтік авторлық
құқықтар жасына және әрекет қабілеттілік жағдайына қарамастан пайда болады.
Сондықтан, авторлық құқықтың пайда болған туындыға қатысты авторлары болып
кәмелетке толмағандардың өзі және әрекет қабілетсіз тұлғалар табылады.
Кәмелетке толмаған автордың авторлық-құқықтың қатынастардағы құқықтық
мәртебесі жалпы азаматтық нормалармен анықталады. (ҚР АК-нің 23-бабы).
Біріншіден, кәмелетке толмағандар үшін (яғни, 14 жасқа дейін) мәмілелерді
ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Бұл жерде мәміле
кәмелетке толмағанның атынан жасалады. Екіншіден, кәмелетке толмаған жеке
өзі мәмілелер жасай алады: тұрмыстық ұсақ. Олардың қатарына шығармашылық
еңбек үшін қажетті құралдарды, материалдарды (дискета, бояу, негативті
шығаруға беру) сатып алу мәмілері жатады.
Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың
мәртебесі АК-пен анықталады.
Кәмелетке толмаған жеке дербес өзі құқылы:
1) өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне (соның ішінде
авторлық шарттардан туындайтын) билік етуге;
2) ғылым, әдебиет, өнер туындылары авторларының құқықтарын жүзеге
асыруға;
3) жарналар енгізуге және оларға билік етуге.
Бұл мәселе "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңымен
реттелмеген. Өйткені, кәмелетке толмаған автор тәжірибе жоқтығынан басқа
тұлғалармен алданып қалуы мүмкін. Сондықтан, олардың құқықтарын қорғауды
заң жүзінде іске асыру қажет деп ойлаймын.
Шығармашылық процесс әрқашанда ерікті және рационалды. Мысалға, түсінде
мерзімді кестені ашқан Д.И.Менделеевпен болған әйгілі жағдай. Гетенің айтуы
бойынша "біздің барлық адал тілектеріміз санадан тыс сәтте іске асады".
П.И.Чайковский болса, шығармашылық интуицияның еріктен тыс сипатын
көрсеткен[21].
Әрекет қабілетсіз деп танылған азамат атынан мәмілелерді оның
қорғаншысы жүзеге асырады. Бұл императивті норма авторлық-құқықтық
қатынастарда, соның ішінде авторлық шартты жасаумен, өзгертумен, бұзумен
қолданылады.
Егер азамат ішімдік заттарды немесе наркотикалық заттарды қолданып,
өзінің отбасын ауыр жағдайға әкелетіндей болса, онда сот оның әрекет
қабілеттілігін шектей алады. Осындай шешім арқылы оған қамқоршы
тағайындалады.
Әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекет қабілетсіз тұлғалардың
авторлық құқықтары басқа азаматтардікі сияқты толық сақталады. Негізгі
айырмашылығы болып авторлық сыйақыны алуда, табысын және өзге де кіріс
көздерін алуда табылады. Өйткені, олар мәмілені өзінің қамқоршысының
келісімімен жүргізеді.
(3) Заңды тұлғалардың авторлық құқықтары.
Жеке тұлғалармен қатар авторлық құқықтарды заңды тұлғалар да иеленеді.
Қазақстан заңнамасы бойынша заңды тұлғалар ғылым, әдебиет және өнер
туындыларына авторлық құқықтарын қорғай алады. Егер заңды тұлғалар туындыны
тудырушылардың құқықмирасқорлары болып табылса, онда олардың авторлық
құқықтарды алып жүрулерінде күмән болмайды. Сөйтіп, заңды тұлғалар автормен
шарт бойынша жеке авторлық өкілеттіктерге ие бола алады. Сонымен қатар,
қызметтік туындыны орындау барысында және де автордың өсиеті бойынша
авторлық құқықтар заңды тұлғаларға берілуі мүмкін. Осы жағдайлардың
барлығында да заңды тұлғалар туынды шығармалардың иеленушілері болып
табылады. Өйткені, олар алғашында автордың өзінде туындаған еді, бірақ
кейіннен заңда көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаға өтті.
Заңда тұлғалар бастапқы авторлық құқықтардың иеленушілері бола ала ма
деген мәселе көптеген жылдар бойы кеңестік дәуірде авторлық құқық ғылымының
даулы мәселесі болды. Көптеген ғалымдар кеңестік авторлық құқықтың
ережелеріне сүйене отырып, соған сәйкес ғылыми жинақтарға, сөздіктерге,
энциклопедиялық басылымдарға, журналдарға, кинофильмдерге авторлық құқықтар
оларды жарыққа шығарушы ұйымдарда пайда болады деп ойлады. Сәйкесінше заңды
тұлғалардың авторлық құқықтары олардың шығармашылық қызметінің нәтижесінде
пайда болады. Бұл жеке авторлардың дербес туындыларын біртұтас бүтінге
біріктіру үшін қажет[22]. Өзгеше айтқанда, заңды тұлғалар бастапқы авторлық
құқықтың толық иеленушілері болып саналады. Бұл өзінің көрінісін авторлық
заңнамада тікелей тапты.
Басқа ғалымдардың пікірлерінше, заңды тұлғалар өзінің табиғаты бойынша
бастапқы авторлық құқықтың субъектілері бола алмайды. Олар мынаған
негізделді: жаңа туындыны жасауды, тудыруды тек қана тірі адамдар жүзеге
асырады. Сондықтан, заңды тұлғаның туындының жасалуына қалай да болса әсер
етуіне қарамастан, туындының жеке өзі дербес жеке тұлғалардың ісі болып
табылады.
Нақты жеке тұлғалармен қамтылмайтын заңды тұлғаның кез келген ерекше
шығармашылық қызметін бөліп көрсету мүмкін емес. Тек қана заңды тұлғаның
ұйымдастырушылық қызметі жөнінде, жеке тұлғалар үшін олармен материалдық
базаның құрылуы туралы айту орынды. Бірақ, көрсетілген әрекеттер бастапқы
авторлық құқықтың заңды тұлғаларда тану үшін негіз болып табылмайды[23].
Сондықтан, олардың көзқарастары бойынша кейбір заңды тұлғалардың бастапқы
авторлық құқықтарды иеленуі белгілі бір мақсаттарды көздейтін заң
шығарушылық тәсіл ретінде ғана сипат болып табылады. Сөйтіп, заңды тұлғаның
алғашқы авторлық құқықтарының конструкциясы құқықтық белгісіздікті жоюға
мүмкіндік берді. Барлық туындыларға авторлық құқықтың иеленушілерінің
жоқтығына қарай қолданылады. Осы берілген түсініктеме көпшілік алдында
сенімге қонады. Көбінесе көпшіліктің көптеген шеңбері, сонымен қоса
белгісіз болса онда авторлық құқықтық қорғалудың бір тұлғасын алға қояды.
Негізінде, бұл тұлға (киностудия, ғылыми-зерттеу ұйымы, баспа және т.б.)
туындының тек шартта түрдегі авторы болып табылуы мүмкін. Өйткені, олардың
нақты тудырушылары болып жеке дербес тұлғалар танылады. Осындай заңды тәсіл
жоғарыда аталғандарға сай ақталып шықты.
"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңы осындай заң
конструкциясынан бас тартты. Авторлар ретінде туындыны тудырушылардың
шығармашылық қызметін пайдаланатын жеке тұлғалар ғана танылады. Осындай
ұстаным істің мән-жайын өзгертеді, бірақ ол іс жүзінде қалай асырылатындығы
келешекте айқын болады.
(4) Шетел авторлары.
Авторлық құқықтың субъектісі болып Қазақстан Республикасының азаматтары
ғана танылмайды, сонымен қатар шетел азаматтары да субъект бола алады. Егер
де қазақстандық авторлардың туындылары оларды жариялау немесе өзге
объективті нысанда шығарылуына қарамастан қорғалса, онда шетел
азаматтарының туындыларын қорғау заңда бекітілген бірқатар талаптарға сай
тәртіпте жүзеге асырылады. Ең алдымен шетелдік авторлардың авторлық
құқықтары жарияланған не жарияланбаған, бірақ ҚР-нан тыс жерлерде қандай да
болсын объективті нысандағы туындыларға танылады және қорғалады. ("Авторлық
құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының 5-бабының 1-тармағының 2-
тармақшасы).
Бұл жерде шетел азаматтарының авторлығының құқықтық жағдайы
қазақстандық авторлардың құқықтық жағдайынан ешқандай сипаты бойынша
ажыратылмайды. Көрсетілген ереже аумақтық принципті анықтайды. Бұл принцип
авторлық заңнамаға белгілі және маңызды халықаралық конвенциялармен
бекітілген.
Егер шетелдік автордың туындысы ҚР-ның территориясынан тыс жерде
жарыққа шықса немесе объективті нысанда өмір сүрсе, онда біздің елімізде
авторлық құқықты қорғау ҚР халықаралық шарттарға сай жүзеге асырылады.
Сөйтіп, Авторлық құқық туралы Бүкіләлемдік Конвенциясына сай Қазақстан
Республикасының территориясында Конвенцияға қатысушыларының барлық
туындылары, сонымен қатар олардың территорияларында алғаш рет жарияланған
туындылар қорғалады. Тек қана, олар 27 шілде 1973 жылдан кейін жарияланса
болды. Өйткені КСРО сол жылы Конвенцияға қосылды.

заңнамаға жаңадан ережені енгізді. Ол бойынша туынды ҚР-да жарияланған
болып есептеледі, егер ол ҚР-нан тыс өзінің жарық көруінен 30 күннен соң ҚР-
ның территориясында жарияланса (5-баптың 2-тармағы).
Бұл ереженің тек жарияланған туындыларға қатысты қолданылатындығын айта
кету керек. Шетелдік автордың Қазақстанда туындыны 30 күн ішінде жариялауы
өзге тәсілмен жүзеге асырылса, онда мұндай туынды ҚР-да алғаш жарияланған
деп танылмайды.
(5) Құрама шығармалардың субъектілері.
Авторлық құқықтың субъектісі болып жинақтың құрастырушысы танылады.
Авторлық құқық туралы заңның терминологиясына сай құрастырушы деп құрама
туындылардың авторлары саналады.
Құрастырушының өзі құрама туындыға енгізілген әрбір туынды авторларының
құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады. Бұл
құрастырушының әрбір автормен сәйкесінше авторлық шартты жасауының
міндеттілігін білдіреді. Жалпы ереже бойынша авторлық шарт жазбаша түрде
жасалуы қажет. Ақпарат құралдарында туындыларды пайдалану туралы авторлық
шарт жазбаша және ауызша нысанда жасала беріледі.
Егер авторлық шартты өзгеше көзделмесе, құрама туындыға енгізілген
туындылардың авторлары өз туындыларын құрама туындыға қарамастан пайдалана
беруге құқылы. Авторлық құқық туралы заңның бұл нормасы диспозитивті екені
көрініп тұр, өйткені онда егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе деп
көрсетілген[24].
Құрастырушының авторлық құқығының ерекшелігі – ол оның авторлық құқығы
өздерінің құрама туындыларын құру үшін сол материалдарды дербес таңдау мен
орналастыруды жүзеге асыруда басқа тұлғаларға кедергі келтірмеуінде болып
отыр. Келтірілген ереже арқылы құрастырушының шығармашылық еңбегінің
нәтижесі болып оның материалды таңдау немесе орналастыруға авторлық жүйе
табылатындығын түсінуге болады. Құрастырушының авторлық құқығы жинаққа
енгізілген туындыларға таралмайды.
Құрама туындыларға қатысты айрықша құқықтардың белгілі бір кешені
жеке тұлға да, заңды тұлға да болып табыла алатын баспада пайда болады.
Құрастырушының еңбегі оның туындысы ұйымдастыру, өңдеу, жүйелеу немесе
қайта жаңғырту процесінде көрінеді. Мәтіндік дайындығы бар әдеби
туындылардың жинағын құрастыру барысында құрастырушы жинаққа таңдалған
материалдарды енгізу үшін белгілі бір зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Жинақтар авторлық құқықтың пәні болып табылмайтын туындылардан тұруы
мүмкін: заңдар, сот шешімдері, өзге ресми құжаттар, халық шығармашылық
туындылары. Осы аталған туындылардан дайындалған жинақтарды жасаған тұлғаға
авторлық құқық тиесілі болады, егер де ол оларды жеке өзі өңдесе немесе
жүйелесе.
АК-тің 485-бабына сәйкес аударма – авторлық құқықтың жеке объектісі, ал
оны тудырушы тұлға авторлық құқықтың субъектісі болып табылады. Аудармашы
жасалған аудармасына бірқатар өкілеттіктерді иеленеді: өзінің атын
белгілеуге, жариялауға, жаңғыртуға және туындыны таратуға, авторлық сыйақы
алуға және т.б.
Аударма үшін оның біртума туындысының авторының келісімі қажет. Автор
және аудармашы жеке объектілерге авторлық құқықты пайдаланады (біртума
туынды және жасалған аударма). Аударманы пайдалану аудармашының келісімі
арқылы жүзеге асады.
Аударма – бұл біртумалық туындыны жазбаша немесе ауызша түрде басқа
тілге көшіру. Аударма біртума туындыны нақты оның мазмұны мен стилистикалық-
жанрлық ерекшелігіне сай беру керек.
Өңдеу өз алдына туынды шығарма болып саналады. Ол туындының негізінде,
оны шығармашылық міндетіне сай қайта құру жолымен жасалады. Сөйтіп, белгілі
автордың драмалық туындысының негізінде сценарист көпшілік алдында
орындауға арналған жаңа туындыны жасайды. Сонымен қоса, ол туынды
тақырыбының алдында біртума туынды автордың атын және оның туындысының
аталуын көрсетеді. Өңдеушінің есімі жауапкершілік туралы мәліметтерінде
көрсетіледі.
Аннотация басу аппаратының өзгермейтін бір атрибуты болып табылады.
Онда туындының, оның мағынасы мен мәнінің тематикалық мазмұны қысқаша
сипатталады. Аннотация авторының міндеті болып оның туындысының атқаратын
мақсаттарын шектеулі түрде көрсету табылады.
Реферат деп пайдаланушыға туындының мақсатқа келетіндігін, оған ашатын
фактілі негіз танылады. Рефератталатын туынды туралы мәліметтерде автордың
аты-жөні, атауы, орны мен шығу жылы, көлемі және т.б. көрсетіледі.
Резюме – бұл туындыны қысқа түрде беру. Рефераттан айырмашылығы – бұнда
қорытынды ойлар анық көрсетіледі: туындының жаңалығы туралы тұжырым.
Рефератты сипаттағы мәліметтер басында шықса, ал резюме мәтіннен кейін орын
алады. Осы жерде аудармашылар, баспашылар, суретшілер, фотографтар,
әсемдеушілер өздерінің есімдерін орналастыруға құқылы.
Туынды шығармалардың авторларына олармен жасалған аудармаларға,
өңдеулерге, аранжировкаларға және өзгелеріне авторлық құқықтар тиесілі. Бұл
құқықтар өңдеуге түскен туындының авторының құқықтарын сақтаған жағдайда
ғана танылады.
Аударма немесе өзге де өңдеуді жүзеге асыру үшін авторлық шарт жасалуы
тиіс. Оның бір тарабы болып туынды авторы, ал екіншісі – аудармашы
табылады.
Қоғам игілігіне арналған туындылар автордың мұрагерлерімен шартты
жасамай-ақ шығармашылық өңдеудің объектісі болып танылуы мүмкін. Өйткені,
қайта өңдеу жедел сипаттағы мүліктік құқықтарға жатады.
(6) Қызметтік міндеттерді орындау тәртібімен жасалған туындылардың
авторлары. Қызметтік міндеттерді орындау тәртібімен жасалған туындыларға
авторлық құқық авторға тиесілі, ал оны пайдалануға айрықша құқық – жұмыс
берушіге.
"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының 15-бабында
аталған автордың мүліктік емес жеке туындылары авторға тиесілі және оның
атында сақталады.
Қызметтік туындыны пайдалануға жұмыс берушінің айрықша құқықтарын
бекітетін норма диспозитивті болып табылады, яғни ол жұмыс беруші мен
жұмысшы – автор шартының талаптарында көрсетілмеуіне қарамастан әрекет
етеді.
А.П.Сергеевтің айтуы бойынша, "үстем етуші доктринаға сәйкес автормен
туындыны жариялау дайындығы туралы мәселені шешу мүмкіндігі сақталады деп
есептейді, өйткені ол сондай рұқсат беруі керек. Егер ол рұқсат бермесе,
еңбектік міндеттер бұзылды деп саналады[25].
Еңбектік қатынастардың фактісі өз алдына автормен жасалған осы
уақыттағы барлық туындылардың қызметтік болады дегенді білдірмейді.
Қызметтік туындыларға қызметтік тапсырманы немесе қызметтік міндеттерді
орындау тәртібінде пайда болған туындылар жатады.

Қызметтік тапсырманы немесе қызметтік міндеттерді орындау тәртібінде
құрылмаған туындылар қызметтік деп танылмайды және оған жалпы құқықтық
режим таралады. Бұл жерде авторға мүліктік емес жеке құқықтар мен мүліктік
құқықтардың барлық кешені беріледі.
Қызметтік тапсырма тәртібінде құрылған туындыға жұмысберушінің айрықша
құқықтарды пайдалануы уақытына қарай шектелмеген. Жұмыс берушінің айрықша
құқығын он жыл мерзімге шектейтін норма, Э.П.Гавриловтың пікірінше "жұмысшы
мен жұмыс берушінің мүдделерінің арасындағы саналы баланс" құру үшін қажет
болып табылады[26].
Қызметтік міндеттерді орындау барысында туған туындының авторына
авторлардың басқа санаттары сияқты оның мүліктік құқықтарына қарамастан
мүліктік емес жеке құқықтар тиесілі болады және туындыны пайдалануға
айрықша құқықтарды басқа біреуге беру кезінде де сақталады.
Б. Тең авторлар.
1) Тең авторлықтың пайда болу шарттары.
Екі немесе одан да көп тұлғалардың бірлескен еңбегімен туған туындыға
авторлық құқыққа тең авторлар да ие бола алады. Екі немесе одан да көп
адамның (тең авторлардың) бірлескен шығармашылық еңбегімен жасалған
туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлінбес біртұтас болуына
немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлімдерден тұратындығына
қарамастан, тең авторларға тиесілі болады. ("Авторлық құқық және сабақтас
құқықтар туралы" ҚР Заңының 10-бабының 1-бөлігі).
Ең алдымен тең авторлық туралы айтқанда мына мәселеге көңіл бөлу керек:
ол туынды бір ұжымның бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде жасалғанында.
Осындай ұжымдық туындыға, егер ол біртұтас бүтінді құраған жағдайда жасалса
күмән келтірілмейді (мысалы, бірнеше тұлғалармен туған роман немесе
картина).
Егер туындының жеке бөліктері жеке мағына берсе және олар дербес
қолданылса (мысалы, әндегі өлең мен музыка, оқулық тараулары), онда бұл
жағдайда мәселе қиындауы мүмкін. Ұжымдық туынды жеке авторлардың
туындыларды қарапайым механикалық қосу нәтижесінде жасалуы мүмкін еместігі
түсінікті. Туынды бір бүтін ретінде көпшілік назарына қонымды қабылдануы
үшін олардың ішкі нысаны мен мазмұнының өзара байланысы бар болуы қажет.
Өзге сөздермен айтқанда ұжымдық туындының кез келген бөлігінің өзгертілуі
немесе жойылуы сәйкесінше бір бүтін ретінде туындыны қолданудың мүмкін
еместігін немесе басқа бөліктерінің өзгертілуіне әкеліп соғуы керек.
Мысалы, азаматтық құқық бойынша оқулықтың кез келген бір тарауын, соның
ішінде мәмілелерге, заңды тұлғаларға, ескіру мерзіміне және т.б. арналғанын
жою, аталған оқулықтың өзінің қызметтерін атқаруға мүмкіндігі бар
аяқталған, ұжымдық туынды ретінде қарастырылуына күмән келтіреді. Тура
осылайша опера мәтінің өзгертілуі сәйкесінше либреттоның өзгертілуіне
әкеліп соғады. Керісінше, кітаптан иллюстрацияларды алу жарияланған
туындының әдеби құндылығына әсер етпейді. Өйткені, оған келтірілген
иллюстрация мен мәтін өзінің бар жиынтығында біртұтас туындыны құрамайды.
Сондықтан, жазушы мен суретші бұл жағдайда тең авторлар болып табылмайды.
Қалған барлық құрама туындылар туралы дәл осыны айтуға болады, мысалы
жинақтар мен журналдар туралы.
Бірнеше тұлғалардың бірлескен еңбегі шығармашылық сипатта болуы керек.
Шығармашылық қызметтің нәтижесінде ғана қорғалуға жататын объектілер
ретінде танылатын әдебиет, ғылым және өнер туындылары пайда болады.
Тең авторлардың бірлескен еңбегі әртүрлі жүруі мүмкін. Олар
шығармашылық процесті біріктіреді және бірге жұмыс істейді. Мысалға,
Кукрыникс суретшілері Петров пен Ильф сияқты. Басқалары туындының жоспарын,
құрылымын жасайды, шығармашылық ұжымның әрбір қатысушысына қатысты сол
орындайтын бөлігін анықтайды. Содан кейін, олардың барлығын біріктіреді,
өзгертеді және редакцияға береді. Тең автор жұмысқа кез келген кезеңде
кірісе алады. Жұмысқа кірісу сәті авторлық үшін анықтаушы болып табылмайды.
Авторлардың жеке ерекшеліктері, олардың жұмыстарының мәнері маңыздырақ
болып келеді.
Тең авторлықтың пайда болуының міндетті екінші шарты болып туындының
бірнеше тұлғалардың бірлескен шығармашылық еңбегі мен жасалуы табылады. Бұл
жерде еңбектің бірлескен сипаты деп еңбектің бірлескен процесі емес, ал
бірлесіп жеткен нәтиже түсініледі. Тең авторлар туындымен басынан бастап
аяғына дейін жұмыс жасауы мүмкін; олардың әрқайсысы туындының кез келген
ерекшеленген бөлігін тудыруы мүмкін; олардың біреуі екіншісінің еңбегін
бітіріп беруі де мүмкін және т.б. Туындыны жасау барысында олардың қандай
нысанда еңбек еткендері емес, ал туындының олардың бірлескен еңбектерінің
нәтижесі болып табылатыны маңызды.
Бұған мысал ретінде ҚР-ның Жоғарғы Сотымен қаралған істі айтуға болады.
К., Т. мен М.-ға "Молодая гвардия" баспасымен жарыққа шыққан "Дабыл" атты
повесінің тең авторы деп тану туралы талап қояды. К.-ның талап арызын
Қызылорда облыстық соты қанағаттандырмады. ҚР-ның Жоғарғы Соты талапкердің
апелляциялық шағымы бойынша істі қарап, Қызылорда облыстық сотының шешімін
күшінде қалдырып, шағымды қанағаттандырмады. Жоғарғы Соттың анықтауы
бойынша талапкер жауапкер Т.-ның туындымен жұмыс жасауы жөнінде детальді
түрде хабардар болған. Талапкер болса, жауапкер Т. қолданған кеңестерді
берген. Бірақ повесть жазуда талапкердің бұл әрекеті жеткілікті болып
табылмайды. Кітапта жарыққа шығарғанға дейін жауапкерде де, талапкерде де
ұжымдық туынды жасауға ынталары болмаған[27].
Басқа да жағдайларда туындымен жұмыс жасау барысында шығармашылық
еңбектің бірлесуі жоқ болуы да мүмкін. Бір тұлға өзінің қызметтік
міндеттеріне қарай немесе өзге де негіздер бойынша туындыны жасаушыға көмек
көрсетсе, бірақ оның еңбегінің нәтижелері туындыда тікелей көрініс таппаған
жағдайда бірлескен шығармашылық еңбек жоқ. Сөйтіп, редактордың еңбегінің
шығармашылық сипаты мен пайдалалығына ешкім күмән келтіре алмайды. Бірақ,
егер редактор өзінің міндеттерінің шегінен шықпаса, ол тең авторлыққа
таласа алмайды. Редактор автордың туындысын жақсартуға, оның жекелеген
кемшіліктерін түзетуге, қайталануларды алып тастауға көмектесуі тиіс.
Бірақ, редактормен келісілетін немесе келісілмейтін барлық түзетулер
автордың өзінен енгізіледі.
Тең авторлықтың маңызды шарты болып тең авторлардың қосатын үлестерінің
шығармашылық сипаты табылады. Жоғарғы Сот Пленумының ұйғарымы бойынша "тең
автор болып танылу үшін техникалық көмек көрсеткен тұлғалардың жүгінуіне
негіз табылмайды". Сондықтан, тең авторлыққа қатысты дауларды шешу
барысында сот алдында тұратын негізгі мәселе болып тең авторлардың қосқан
үлестерінің сипатын анықтау табылады. Көптеген жағдайларда бұл мәселені
шешу өте қиынға соғады. "Атақты адамдардың" еске алулары негізінде туған
туындыларға авторлықты анықтау бойынша көп даулар туады. Тәжірибеде бұл
туындылар жарыққа шыққанда еске алушы автордың есімімен жүзеге асады. Бұл
көпшіліктің туындыны қабылдауына үлкен қамтамасыз етеді, бірақ автордың
үлесін дұрыс көрінісін тапқанын бейнелемейді. Егер әңгіме айтушы өзінің
өмірбаянының фактілері туралы жазушыға хабарласа, соның негізінде соңғысы
көркем бейнелердің жүйесін жасаса және айтылған тарихи фактілерді біртұтас
туындыға біріктірсе, онда авторлық құқықтың субъектісі болып көркем
туындыны тудырушы табылу қажет. Осы бойынша сот тәжірибесінде жүріп жатқан
іс бар. Оған мынаны айтуға болады. Е. өзінің бай оқиғаларға толы өмірін
еске алу арқылы әдеби туындыға айналдырмақшы болды. Бірақ, ол өзінің ойын
жалғыз өзі жаңғырта алмайды да, әдебиетші С.-мен қызметтесе бастады. Е. мен
С. жүйелі түрде екі жыл ішінде айына 2-3 рет кездесіп отырады және Е. С.-ға
өзінің өмірінің эпизодтарын әңгімелеп береді. Осы әңгімелерді пайдалана
отырып, С. "Накануне" атты роман жазады. Е. тең авторлыққа және оған
қаламақының тең жартысына дауласады. Бұл іс сот инстанцияларымен бірнеше
рет қаралады, ақырында Е.-ның талап арызы қайтарылады. Өйткені, бұл жерде
Е. көркем туындыны жасау барысында өзінің еске алуларына әдеби нысан
бермеді, туындының жобасын жасауда қатыспады, ал тек өз өмірінің жекелеген
эпизодтары мен фактілерінің әңгімешісі ғана болды.
Керісінше, егер тұлға әңгімешінің еске алуларына ештеңе қоспай, тек
қана техникалық және редакторлық жұмыстарды орындаса, онда әңгімеші
туындының авторы болып танылады.
Сөйтіп, қорытындылай келетін болсақ тең авторлық келесідей белгілермен
сипатталады екен. Олар:
1) бірнеше тұлғалардың бірлескен еңбектері;
2) ұжымдық туындыны жасау;
3) туындымен жұмыс жасаған барлық тұлғалардағы авторлық құқықтың бар
болуы.
Сонымен қатар, туындының тең авторлары деп бір немесе бірнеше
тұлғаларды тану үшін тең авторлықтың пайда болуы туралы келісімнің бар
болуы қажет. Бұл жерде келісім ретінде туындымен шығармашылық жұмыс істеуге
бағытталған авторлардың өзара ерік білдірулерін түсіну қажет. Ол кез келген
нысанда және туындымен жұмыс істеудің кез келген сатысында болуы мүмкін.
Сонымен қатар, келісімнің пәні болып аяқталған туындыны толықтыру да
табылуы мүмкін. Бұл жерде тек қана тең авторлықтың ерікті түрде болуы және
ешкімнің де заңмен қорғалатын авторлық құқықтарын бұзбауы маңызды.
Тең авторлық туралы келісімді туындымен жұмыс істеу барысында тең
авторлық пайда болу үшін бірлескен шығармашылық еңбектің керегі жоқ деп
түсінуге болмайды. Бір ғана келісімнің негізінде тең авторлық тууы мүмкін
емес. Бірақ осы келісім туралы АК-те және "Авторлық құқық және сабақтас
құқықтар туралы" ҚР Заңында мүлдем айтылмаған.
2) Ұжымдық туындыға авторлық құқықтарды жүзеге асыру.
Ұжымдық туындыға авторлық құқықтар барлық тең авторлардың туындыға
қосқан шығармашылық үлесі мен сипатына қарамастан соларға тиесілі болады.
Тең авторлардың құқықтарын заң бірлескен деп сипаттайды ("Авторлық құқық
және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының 10-бабының 1-бөлігі). Өйткені,
бұл авторлық құқық ғылымында қалыптасқан тең авторлардың құқығын
"бөлінбейтін құқық" ретіндегі түсінікке сай келеді[28].
Осыдан маңызды тәжірибелік қорытынды шығып отыр. Ұжымдық туындыны
пайдалану жөніндегі мәселе барлық жағдайларда барлық тең авторлармен
бірлесе, өзара келісім негізінде шешіледі. Егер осы мәселені шешуде тең
авторлар бір келісімге келе алмаса, онда ол соттың шешілуіне беріледі.
Туындыны бірлесіп басқару қағидасы ешқандай кедергіге әкелмейді, тең
авторлардың авторлық құқықтарын жүзеге асырудың өзге тәртібін бекітетін
өзара келісім жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, тең авторлар авторлық
құқықтарды жүзеге асыруды авторлардың біреуіне тапсыруы мүмкін, авторлық
сыйақыны бөлу қағидалары туралы келісуі мүмкін, тең авторлардың есімдерін
белгілеу кезектілігі туралы анықтап алуы да мүмкін. Авторлық заңнама тең
авторлардың келісімдеріне қатысты ешқандай ережелерді бекітпейді, сөйтіп
бұл мәселені шешуді толығымен тараптардың қарауына береді. Заң
әдебиеттерінде дауларды тудырмау үшін осындай келісімдерді жазбаша түрде,
немесе тең авторлармен толтырылатын жеке құжат түрінде, немесе тең авторлар
мен олардың туындыларын пайдаланушы ұйым арасында жасалған авторлық шарттың
арнайы оговоркасы түрінде жасау көзделеді. Көбінесе тәжірибеде осындай
келісімдер авторлық сыйақыны бөлудің тәртібі мен тең авторлардың есімдерін
белгілеу тәртібін анықтайды. Тең авторлардың келісімі өзінің заңдық
табиғаты бойынша құқықпен қолдану тәртібі туралы шарттардың бір түрі болып
табылады. Көбінесе ол мүлікті пайдалану тәртібі туралы меншік иесінің
шарттарына ұқсайды. Э.П.Гаврилов туындыны пайдалану жөніндегі тең
авторлардың келісімі бірлескен қызмет туралы шарт болып табылады дейді[29].
Егер тең авторлармен туындыны пайдалану туралы ешқандай келісім
жасалмаған жағдайда, барлық құқықтар өзара келісім арқылы жүзеге асырылады.
Жеке алсақ, тең авторлар сыйақыға тең құқықтарды иеленеді, олардың есімдері
алфавиттік тәртіпке көрсетіледі және т.б. Егер тең авторлардың туындысы
тұтас бөлінбейтін бүтінді құраса, онда тең авторлардың бірде біреуі
туындыны пайдалануды жеткіліксіз негіздерсіз тиым салуға құқығы жоқ.
(3) Тең авторлықтың түрлері.
Заң ұжымдық туындының екі түрін көрсетеді және соған сәйкес тең
авторлықтың екі түрі – бөлінетін және бөлінбейтін тең авторлық туындайды.
Бөлінбейтін тең авторлықта екі немесе одан да көп тең авторлармен жасалған
туынды дербес мағынаға ие бола алмайтын бөлімдердің тұтас бірлігін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz