Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы


Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы"
Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.
Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.
Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде.
Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.
Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.
Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.
1. Әлемдiк экономиканың үрдiстерiн талдау және Қазақстан экономикасының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру проблемалары
1.1. Әлемдiк экономиканың даму үрдiстерiн талдау
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн капитализмнiң әлемдiк жүйесi өзгерiске ұшырап, монополистiк немесе трансұлттық капитализмнiң жаңа белгiлерiне ие болды.
Мұндай өзгерiс әлемдiк сауданың едәуiр өсуiмен, трансұлттық компаниялардың пайда болуымен, шетелдiк инвестициялардың елеулi түрде артуымен және сауда шарттарының ырықтануымен сипатталады. Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзiлiк банк сияқты институттар пайда болды.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 74 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 ж. 17 мамырдағы N 1096 Жарлығы

Экономиканы әртараптандыру және жаңғырту негiзiнде елдiң тұрақты
дамуын қамтамасыз ету, өнiмнiң бәсекелiк түрлерiн шығару мен экспортты
ұлғайту үшiн жағдайлар жасау мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Индустриялық-
инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрi -
Стратегия) бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

екі ай мерзiмде Стратегияны iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға
арналған iс-шаралар жоспарын әзiрлеп, бекiтсiн (І кезең);

жылына екi рет, 1 ақпанға және 1 тамызға дейiн жарты жылдық
қорытындылары бойынша Мемлекет басшысына Стратегияның орындалу барысы
туралы ақпарат беретiн болсын.

3. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп
беретiн мемлекеттiк органдар Стратегияны iске асыру жөнiнде барлық
шараларды қолдансын.

4. Стратегияның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003 жылғы
17 мамырдағы N 1096
Жарлығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған стратегиясы Астана, 2003 жыл

Стратегияның паспорты

Атауы Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық
дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
Әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң"Елдегi жағдай
негiз туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы
саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына
Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы
форумында берiлген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi
Әзiрлеушiлер Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрлiгi - Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда, Бiлiм және ғылым, Көлiк және
коммуникациялар, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау,
Энергетика және минералдық ресурстар, Қаржы
министрлiктерiмен, Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктiң, Ұлттық
Банктiң және т.б. қатысуымен әзiрледi
Мақсаты Шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика
салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына
қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда
сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай
жасау
Мiндеттерi Өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 %
мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда
2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және
ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету; өңдеушi
өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
кәсiпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке
секторды ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты
жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту, қосылған
құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде
қосылған құндар тiзбегiндегi элементтердi игеру; ғылымды
көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа
негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру; елдiң
экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен
қызметтердiң пайдасына қарай әртараптандыру; сапаның
әлемдiк стандарттарына көшу; дүниежүзілiк
ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла
отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен
ықпалдасуды күшейту.
Iске асыру 2003-2015 жылдар
мерзiмi 1-кезең - 2003-2005 жылдар
2-кезең - 2006-2010 жылдар
3-кезең - 2011-2015 жылдар
Қажетті Стратегияны iске асыруға жұмсалатын нвестициялық
ресурстар және сипаттағы тiкелей шығындардың олжамды көлемi жылына 1,2
қаржыландыру млрд. АҚШ долл құрайды. Бұл ретте Стратегияны iске
көздерi асыруға жұмсалатын мемлекеттiк шығындардың құны 2002
жылғы бағалармен жылына 260 млн. АҚШ долл. құрайды.
Республикалық және жергілiктi бюджеттерден қаржыландыру
көлемi тиiстi жылға бюджеттi қалыптастыру кезiнде
нақтыланатын болады. Стратегия iс-шараларын қаржыландыру
үшiн Даму банкiнiң, Инвестициялық қордың, Инновациялық
қордың қаражаты тартылатын болады. Бұл ретте жаңа
инвестициялық және инновациялық институттарды құру iрi
қаржы есурстарын iздестiрудi қажет етедi.
Күтiлетiн Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу
нәтижелер экономиканың өсу қарқынын жылына емiнде 8,8-9,2 %
қамтамасыз етедi. Бұл 2000 ылмен салыстырғанда 2015 жылы
ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8 еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.
Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу
қарқынын 8-8,4 %-ке дейiн жеткiзуге, 2000 жылмен
салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе
арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе
төмендетуге мүмкiндiк бередi. Стратегияны iске асыру
нәтижелерi 2015 жылы мұнай, газ кен орындарын қарқынды
игеру жағдайында экономиканың және өнеркәсiптiк
өндiрiстiң құрылымын түбегейлi өзгерiске ұшыратпайды.
Стратегияны iске асыру: ЖIӨ құрылымында өнеркәсiптiң
үлестiк салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52 %-ке дейiнгi
мөлшерде ұлғайтуға; ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми-
инновациялық қызметтiң үлестiк салмағын 2000 жылғы 0,9
%-тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке арттыруға; ЖIӨ құрылымында
өңдеушi өнеркәсiп үлесiнiң төмендеу қарқынын 2000 жылғы
13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ке дейiн төмендеуiн
бәсеңдетуге (салыстыру үшiн бұл көрсеткiш индустриялық
саясат жүргiзiлмесе, 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын едi).
Сонымен қатар Стратегия iске асырылмаса, өнеркәсiптiк
өндiрiстегi кен өндiру салаларының қосылған құнының
үлесi, оның iшiнде мұнай өндiру 2000 жылғы 31,0 және
25,6 % қарағанда 2015 жылы тиiсiнше 55-56 % және 50-51
%-ке жетуi мүмкiн. Стратегияны iске асыруды есепке
алғанда кен өндiру кәсiпорындары 46-47 %-тi ғана
құрайды. Бұл ретте ғылымды көп қажет ететiн және жоғары
технологиялық өндiрiс орындарының үлесi 2000 жылғы ЖІӨ
0,1 %-нен 2015 жылы 1-1,4 %-ке дейiн артады. ңдеушi
өнеркәсiптiң қосылған құнының мында сапалық өзгерiстер
болады. Металлургияның және металдарды өңдеу үлесi
өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнының жалпы көлемiнiң
40,1 %-нен 27-28 %-ке дейiн төмендейдi, ал ауыл
шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу үлесi 38,1 %-тен 45-46%-ке
дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды көп қажет ететiн және
жоғары технологиялы өнiмнiң үлесi 2000 жылғы 0,6 %-пен
салыстырғанда 9-11 %-тi құрайды.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-
2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi Стратегия)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға
арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы"

Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы
форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.

Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған
мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын
әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң
тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер
өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы
болып табылады.

Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы
бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды
жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға
ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық
экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге
деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және
әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және
технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында
ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-
конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi,
менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-
технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен
мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар
Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi
корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру
көзделiп отыр.

Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi
құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды
кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми
және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге
инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.

Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға
бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi
көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан
әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық
саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде
экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу
көзделуде.

Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын,
өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты
өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға,
Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа
деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.

Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру
жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi
бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты
iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық
саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда
бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар
келтiрiлген.

Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел
экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.

1. Әлемдiк экономиканың үрдiстерiн талдау және Қазақстан экономикасының
бәсекелестiк қабiлетiн арттыру проблемалары

1.1. Әлемдiк экономиканың даму үрдiстерiн талдау

Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн капитализмнiң әлемдiк жүйесi
өзгерiске ұшырап, монополистiк немесе трансұлттық капитализмнiң жаңа
белгiлерiне ие болды.

Мұндай өзгерiс әлемдiк сауданың едәуiр өсуiмен, трансұлттық
компаниялардың пайда болуымен, шетелдiк инвестициялардың елеулi түрде
артуымен және сауда шарттарының ырықтануымен сипатталады. Халықаралық
валюта қоры және Дүниежүзiлiк банк сияқты институттар пайда болды.

Егер елуiншi жылдары әлемдiк экономика дүние жүзiндегi барлық
елдердiң ұлттық экономикасының жиынтығы болса, ал 60-жылдардан бастап
корпорацияларды трансұлттық белгiлерi бойынша ұйымдастыру үрдiсi көрiнiс
бере бастады.

Тоқсаныншы жылдарға қарай тауарлар мен қызметтер өндiру процесi
толымсыз сипат алып, әлемнiң барлық елдерi бойынша шашыраңқы орналасты.
Қаржы-өнеркәсiп капиталы трансұлттық сипатқа ие болды.

Дамушы елдер үшiн бұл өзгерiстердiң маңызы аса зор. Дамыған және
дамушы елдер арасындағы шеткерi аймақтар шикiзат жеткiзуге, ал орталық оны
өңдеп, шетке қайта жеткiзуге негiзделген дәстүрлі қарым-қатынастар
айтарлықтай өзгердi.

Ғаламдық капитализм жағдайында дамушы елдер өндiрiстiк процесс
тiзбегiне тартылып, қосылған құны барынша төмен тауарлар өндiрiсiнiң
салыстырмалы төменгi сатысындағы тауарларды өндiрумен айналысады.

Әлемде индустриялық саясат жүргiзудiң мол тәжiрибесi жинақталған.
Санаулы елдердiң ғана экономиканың бiр өнiмге тәуелдiлiк проблемасын
ойдағыдай шешiп, өз өнеркәсiбiн әртараптандыра алғанын атап өтуге болады.
Экспорттың құрылымын әртараптандыру үшiн индустриялық саясатты қолдану
түрлi елдердiң тарихи өткен кезеңiнде импортты алмастыруға және экспортқа
бағдарланған саясаты мысалдарынан айқын байқауға болады. Негiзiнен осындай
саясат қолданылған Латын Америкасы (Мексика және Бразилия) және Шығыс Азия
(Оңтүстiк Корея және Сингапур) елдерiне жасалған талдаудан экспортқа
бағдарлану арқылы тұрақты экономикалық өркендеуге қол жеткiзуге
болатындығы туралы негiзгi қорытынды жасауға болады.

Тарихи өткен кезеңде Латын Америкасы елдерi де, Шығыс Азия елдерi де
импорттың орнын басу және экспортқа бағдарланған кезеңдерiнен өткен. Шығыс
Азия елдерiнiң белгiлi бiр кезеңде импортты алмастыру саясатынан бас
тартып, экспортты қолдау саясатына көшуі, ал Латын Америкасының импорт
алмастыруға ерекше көңiл аударуы осы елдердiң ерекшелiгi болып табылады.

Экономикалық теория тұрғысынан алғанда экспортқа негізделген
саясаттың табысты болуы түсiнiктi, себебi өзiнiң iшкi рыногының әлеуетiн
сарқып тауысқан елдер өздерiнiң экономикалық даму процесiн тоқтатпау үшiн
сыртқы рыноктарды игере бастауға мәжбүр болады. Латын Америкасының елдерi
импорт алмастыруды қолдай отырып, нақты бәсекелестікке емес, жасалған
әкiмшiлiк және тарифтiк тосқауылдарда негізделген салаларды құрғандығын
атап өту керек. Бұл салалар нығайып алғаннан кейiн жаңғыртудың және
өнiмдiлiктi арттырудың орнына өз ресурстарын импортты алмастыру саясатын
одан әрi сақтап қалу мақсатында мемлекет арқылы өз мүдделерiн барынша
қорғап қалуға бағыттады. Осының салдарынан ресурстар тиiмдi бөлiнбей,
ұлттық экономикалар халықаралық бәсекеде ұтылып жатты.

Жалпы алғанда жаңа ғаламдық экономикалық жағдайды қалыптастыратын
әлемдiк экономикадағы басым үрдiстердi төмендегiше жiктеуге болады:

дамыған елдерде индустриялық экономикадан сервистiк-технологиялық
экономикаға өту;

ғаламдану;

экономиканы ырықтандыру;

ғаламдық бәсекенiң артуы және өңiрлiк ықпалдасу.

Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегiнде экономикалық дамыған елдер
индустриялық даму сатысынан аса жоғары сервистiк-технологиялық экономикаға
өттi. Бұл елдерде ЖIӨ үлкен бөлiгi қызмет көрсету секторында қалыптасады.
Мұндай қызметтердiң айқын байқалатын ғылыми және инновациялық негiзi бар.

Экономикасы дамыған елдерде зияткерлiк ресурстар және қаржы капиталы
шоғырланған, ал индустриялық өндiрiс, әсiресе еңбектi көп қажет ететiн
өндiрiстер бiртiндеп әлемнiң экономикалық даму тұрғысынан неғұрлым артта
қалған елдерiне ауысуда.

1.2. Қазақстан экономикасы құрылымын әртараптандыру проблемалары

Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық экономикада әлемдiк
тауар рыноктарына мұнай, газ, қара, түстi, жерде сирек кездесетiн және
қымбат металдар мен уран өнiмдерiн шығаратын ел ретiнде қарастырылады.
Ауыл шаруашылық өнiмдерiнен астық экспортының келешегi бар.

Қазақстанда пайдалы қазбалардың iрi қорларының болуы оның
салыстырмалы экономикалық артықшылығы болып табылатындықтан, ол қазiргi
уақытта классикалық экономика сценарийi бойынша дамуда.

Өндiрiстiң және шикiзат ресурстары экспортының қарқынды дамуы
экономикаға экономикалық дағдарыстан шығып, соңғы үш жылда экономикалық
өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.

Өнеркәсiптiң шикiзат салаларына шетелдiк инвестицияларды тарту және
қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерiстердi жүзеге асыру
жөнiнде мемлекеттiк саясаттан жүргiзiлуiне байланысты Қазақстан
экономикасының дамуында iлгерiлеу байқалуда, елде өмiр cүру деңгейi
жоғарылауда және ұзақ мерзiмдi кезеңде индустриялық сервистiк-
технологиялық даму сатысына өтуге мүмкiндiк беретiн қаржы ресурстары
жинақталуда.

Бүгiнгi таңда Қазақстанды әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикадағы
мемлекет ретiнде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерiнiң
iшiнде бiрiншi болып инвестициялық ел рейтингiне ие болды.

Дүниежүзiлiк Банк Қазақстанды әлемдегi инвестиция салуға ең тартымды
20 елдiң қатарына қосты. Тәуелсiздiк жылдары Қазақстан экономикасына 21
млрд. астам АҚШ долл. тартылды.

Стратегиялық тұрғыдан алғанда қабылданған үлгiге сәйкес Қазақстан
бәсекелестiкке және әлемнiң барлық елдерiмен өзара тиiмдi ынтымақтастық
орнатуға негізделген тауарларды, қызметтердi, капиталды және жұмыс күшiн
экспорттауға бағдарланған ашық экономикалы ел ретiнде қалыптасады.

2001-2002 жылдары iшiнде ЖIӨ-нiң орташа жылдық өсу қарқыны 11,5 %
құрады. 2010 жылы ЖIӨ екi есе ұлғайту үшiн оның орташа жылдық өсу қарқыны
7,2 % болуы керек.

Стратегиялық жоспарды iске асыру саласында ел экономикасының жақсы
қарқын алғанын атап өту керек. Орта мерзiмдi кезеңде қарқынды дамуды
жалғастыру және сонымен қатар экономика мен әлеуметтiк салада сапалы
өзгерiстер жүргiзу керек.

Сонымен қатар Қазақстан отын және минерал шикiзатының iрi әлеуетiн
шоғырландырған шағын экономика ретiнде өндiрiстiң өңдеушi салаларына
инвестициялар үшiн тартымсыз. Бұл шикiзат ресурстарына жағдаяттың
өзгеруiне қатысты ел экономикасын осал әрi тәуелдi етедi.

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, шикiзат ресурстарына бай кейбiр дамушы
елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзбей, шикiзаттың әлемдiк тауар
рыноктарында жағдаяттың өзгерiстерiне тым тәуелдi болып қала бередi.

Экономиканың шикiзат секторларынан едәуiр табысқа иe болып, мемлекет
пен жекe сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Сонымен
бiрге ресурстар қоры мардымсыз немесе тапшы елдер ілдебайлап күн кешу
шегiнде болатындықтан, экономиканың жаңа секторларын дамытуға үнемi әрекет
жасайды. Алайда ұзақ мерзiмдi келешекте шикiзат қоры сарқылады, бұл
пайдалы қазбалардың кен орындары толықтай пайдаланылғаннан кейiн тұрақты
даму тұрғысынан алғанда елеулi проблемалар туғызады.

Экономиканың шикiзат секторынан алынатын iрi кiрiстерден шектен тыс
толығу қаупiн ескере отырып және мұнай бағасының күрт төмендеуiнiң
зардаптарын болжау негiзiнде Қазақстанда Ұлттық қор құрылды, онда мұнай
мен түстi металдарға әлемдiк баға деңгейiнiң белгiленген қалыпты шектен
асып кетуiнен түсетiн кiрiстер жинақталады.

Бұл шара, сондай-ақ қазақстандық қаржы жүйесiне түсетiн валюта
қысымын жоюға және экспортты ынталандыратын және дайын өнiмнiң импортын
тежейтiн теңгенiң айырбас бағамын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Құрылымдық-институционалдық реформалар саласындағы жетiстiктердi,
қаржы секторы сенiмдiлiгiнiң артуын және елдiң экспорттық әлеуетiнiң жедел
қарқынмен өсуiн айта отырып, өнеркәсiптiң өңдеушi салалары, сондай-ақ
өндiрiстiк сипаттағы қызметтер көрсететiн салалар тиiсiнше дамымай
отырғанын атап өту керек.

Өңдеушi өнеркәсiпте металлургия өнеркәсiбi ғана сыртқы рынокта
бәсекеге түсе алады. Тамақ өнеркәсiбiнiң кейбiр өнiмдерi осыған ұқсас
шетелдiк өнiмдермен iшкi рынокта ғана бәсекеге түсе алады, ал өңдеушi
өнеркәсiптiң қалған өнiмдерi бүгiнгi таңда тiкелей және жанама
субсидиялардың есебiнен ғана ұсталып отыр. Бұл электр энергиясына, ЖЖМ,
өнiмдi тасымалдауға төмен және экономикалық тұрғыдан негiзделмеген
тарифтiң белгiленуiнен, кедендiк қорғау баждарын белгiлеуден көрiнiс
беруде. 2003 жылға дейiн өнеркәсiптiң кейбiр (машина жасау, тоқыма, тiгiн,
былғары аяқ киiм, резина және пластмасса бұйымдарын өндiру, химия
өнеркәсiбi) салаларына бюджет алдында жол берiлген бұрынғы берешектерiн
төлеу өсiмi есептелмей кейiнге қалдырылды. Тоқыма, тiгiн, былғары аяқ киiм
өнеркәсiбi салаларының өзi өндiрген өнiмдi өткiзуге 2002 жылға дейiн ҚҚС
нөлдiк cтaвкa бойынша салынды.

Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын
алуда:

экономиканың шикiзат бағыттылығы;

әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;

ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың
босаңдығы;

өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi;

iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну
сұранысының мардымсыздығы;

өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде
дамымауы;

мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика
салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы;

кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта
қалуы;

ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы;

ҒЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi;

отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi,
ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды
тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық
ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы;

мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың
қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы;

экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы
институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы;

менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-
технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

ЖIӨ-нiң 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейi бойынша,
сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнiмдiлiгi бойынша кейбiр
индустриялық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз.

Қазақстан кәсiпорындарының негiзгi қорлары құлдырау алдында. 2001
жылдың басында негiзгi құралдардың тозу дәрежесi орта есеппен 29,7 %
құрады. Бiрқатар салаларда негiзгi құралдардың нақты тозуы 50 % және одан
астам деңгейге жақындауда.

Қазiргi уақытта қолданылып жүрген кәсiпорынның қарауында қалған пайда
есебiнен негiзгi құралдарды жаңартуға қаржы ресурстарын жинақтау тәртiбi
моральдық тұрғыдан ескiрген жабдықты ауыстыруға ынталылық туғызбайды және
оны жаңартуда белгiлi бiр дәрежеде тежеушi болып отыр.

Негiзгi құралдарды жаңарту коэффициентi 1999 жылы - 8 %, 2000 ж. 13,8
% құрады. Мұндай өсуге мұнай және табиғи газ өндiруге инвестиция салу
есебiнен қол жеткiзiлдi.

Негiзгi құралдар құрылымында аса тозғандары - машиналар және
жабдықтар. Олардың тозу дәрежесi 2000 жылы 42,1 % құрады. Көлiк құралдары
- 41 %, ғимараттар 36,5 % тозған.

Мұнай өндiрумен және металдарды өндiрумен байланысты емес салаларда
жабдықтың тозу дәрежесi соңғы үш жылда 45 %-тен 62 %-ке дейiн құрады.
Өңдеушi өнеркәсiп кәсiпорындарында толықтай тозған машиналардың,
жабдықтардың және көлiк құралдарының үлес салмағы 12 %-ке жеттi.

Бұл жабдықтың шығарылу жылына қарай және моральдық тұрғыдан алғанда
ескiруiне, ел экономикасының бәсекеге түсу қабiлетiнiң төмендеуiне душар
етедi. Егер Қазақстанда ЖIӨ-нiң 1 долларын өндiруге 2,8 киловатт сағат
жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония сияқты
елдерде бұл көрсеткiш 0,22-0,3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда - 0,4-0,6,
Канада мен Қытайда - 0,8-1,2 киловатт сағатты құрайды.

1-кесте

Өндіріске жұмсалатын электр энергиясының шығындары (ЖІӨ-нің 1 долларына
шаққанда кВтсағ)

 
Армения
Ұлыбритания 0,30 0,29 0,26
  млн. теңге теңге
Барлығы 1970993,6 3211898,1 0,61
Ауыл 68687,6 75337,2 0,91
шаруашылығы, аң
аулау, орман
шаруашылығы
Кен өндіру 530423,3 1185646,8 0,45
өнеркәсібі
шикі мұнай және383218,9 973496,2 0,39
табиғи газ
өндіру
Өңдеуші 526538,1 773500,9 0,68
өнеркәсіп
тағам 124053,5 163793,1 0,76
өнімдерін,оның
ішінде усындар
және емекі
өндіру
тағам 104989 131017,6 0,80
өнімдерін,оның
ішінде усындар
өндіру
темекі 19064,5 32775,4 0,58
бұйымдарын
өндіру
мұнай өнімдерін35920,8 58423,5 0,61
өндіру
ядролық 10071,5 12170,8 0,83
материалдар
ндіру
химия 14138,2 16582,6 0,85
өнеркәсібі
басқа да металл21016,9 27411,1 0,77
мес минералдық
німдерді өндіру
қара металл 75957 122015,4 0,62
орытпаларын
өндіру
түсті металдар 130453 238586 0,55
ндіру
машиналар және 19565,6 24029 0,81
абдықтар шығару
Электр 159056,9 185563,2 0,86
энергиясын,газ
және су өндіру
ен бөлу
Құрылыс 168742,8 198873,7 0,85
Көлік және 314160,6 476446,8 0,66
айланыс
Қаржы қызметі 2758,6 5790,5 0,48

Алынған көзі: Қазақстан Республикасының Статиcтика жөніндегі
агенттігі

2. Стратегияның мақсаты, мiндеттерi және оны жүзеге асыру қағидаттары

Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi
және тиiмдi ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшiн кәсіпкерлікке қолайлы
жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн
бiлдiредi.

Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк стратегиясы 2010 жылға
дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол
жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық
экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн
құруы тиіс.

Стратегияның басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал
ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына
қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға
өту үшiн жағдай жасау болып табылады.

Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет
көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты
нысанасы болып табылады.

Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың
экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша
айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес
келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.

Экономиканың шикiзаттық секторын дамыту Үкiметтiң салалық және
секторлық стратегиялары бойынша жүзеге асырылады.

Стратегияның мiндеті:

өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде
қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн
кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;

өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;

кәсіпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды
ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық
институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты
өндiрiстерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi игеру;

ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа
негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;

елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен
қызметтердiң мүддесiне қарай әртараптандыру;

сапаның әлемдiк стандарттарына көшу;

дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу
арқылы әлемдiк шаруашылық жүйесiне және өңiрлiк экономикаға ықпалдасуды
үдету болып табылады.

Стратегия мынадай қағидаттарға негiзделедi:

жеке сектормен серiктестiк;

инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсiптің шикiзаттық
емес салаларында өндiрiлетiн тауарлар мен қызметтердiң бәсекелестiк
қабiлетiн арттыруға бағытталуы;

өнеркәсiптi жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөнiндегi рәсiмдердiң
жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк
қаржылық және өзге қолдау көрсету;

қосылған құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға
мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты;

тең бәсекелестiк жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны
қалыптастыруды қамтамасыз ету;

қандай да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден және преференциялардан
бас тарту;

индустриялық саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды қалыптастыруға
бағытталуы.

Аталған қағидаттар сақталғанда және экономика құрылымында түбегейлi
сапалық өзгерiстер болғанда, ол әртараптандырылған кезде алға қойылған
мақсаттар мен мiндеттердi шешу Қазақстанда тұрақты экономикалық дамуға қол
жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

3. Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау

Барлық әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде экономиканың
шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа
бағдарланған өндiрiстер индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары
болып табылады. Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында
ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту
үшiн жағдайлар жасауға ерекше көңiл бөлу қажет.

Бұл көзқарас экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпкерлер үшiн жұмыс
істеп тұрған өндірістерді техникалық және ұйымдық жағынан жетiлдiруге және
экспорттық бағыттағы өнiмнiң жаңа түрлерiн шығаруға кедергi жасамайды.

Нақты ұсыныстар жеке секторда туындауы тиiс, ал екiншi деңгейдегi
банктер және құрылатын инвестициялық мемлекеттiк даму институттары осындай
ұсыныстарды жеке сектормен әрiптестiктiк қарым-қатынаста ықтимал iске
асыру мақсатында арнайы әдiстемелер негiзiнде оларға талдау жасайды.
Нарықтық экономикалы елдердiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының
заңдары бюджет қаражатын жеке кәсiпорындарға қаржы және инвестициялық
қолдау көрсетуге жұмсауға тыйым салады. Осыған сәйкес нақты жеке
компанияларға қаржылық қолдау көрсету мемлекеттiк сыбайлас жемқорлықтың
көрiнiсi ретiнде бағаланады. Тәжiрибе осындай көзқарастың дұрыстығын
көрсеттi.

Әдетте, мемлекет нақты компанияларға тiкелей қаржылық қолдау көрсете
алмайды және онымен айналыспауға тиiс, бiрақ экономиканың бәсекелестiк
қабiлетiн арттыру мәселелерiнде, жеке кәсiпорындарды жаңғыртуға,
инновациялық процестерге қатысуға және осы арқылы өзiнiң өндiрiстiк және
бәсекелестiк әлеуетiн құруға және жақсартуға ұмтылуға ұйытқы әрi бастамашы
болуы мүмкiн және болуы тиiс.

3.1. Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау
әдiстерi

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, нарықтық экономикалы мемлекет
экономикада құрылымдық өзгерiстердi жүзеге асыруда жеке сектормен
ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтың неғұрлым сәттi
мысалдары Жапонияда, Оңтүстiк Кореяда, Малайзияда және соңғы отыз жылда
өздерiнiң экономикалық даму саласында iрi бетбұрыс жасаған басқа да
елдерде бар.

Қазiргi Қытай индустриялық дамудың стратегиялық бағыттарын дамыту
саласында жеке сектормен ынтымақтасу саясатын жүргізуде.

Дүниежүзiлiк Банктiң зерттеулерi мемлекеттiк индустриялық саясатқа
қатысты барлық көзқарастар кең ауқымды үш санатқа: инвестицияларды
үйлестiруге, iскерлiк ынтымақтастықты дамытуға және рыноктың орнын басуға
ұштастырылуы мүмкiн екендiгін көрсеттi.

Инвестицияларды үйлестiру жөнiндегi бастамалар

Жеткiлiктi дамымаған рынок жағдайында фирмалардың өндiрiстiң кеңеюiне
қарай қалыптасатын жаңа және барынша сапалы өнiмге сұраныстың көлемiн
бағалауға мүмкiндiгi болмайды. Мемлекет инвестицияларды үйлестiру
функциясын өз мойнына алады, олар инвестициялық жобаларды бiрлесiп жүзеге
асыру кезiнде ғана компанияларға пайда түсiредi.

Инвестицияларды үйлестiрудiң осы үлгiсiн қолдану мемлекеттiк және
жеке институттарда белгiлi бiр әлеуеттiң болуын көздейдi, оған көптеген
дамушы елдердiң қолы жетпейдi.

Іскерлік ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi бастамалар

Іскерлiк ынтымақтастық жөнiндегi белсендi мемлекеттiк саясат
шеңберiнде бастамалар кәсiпкерлермен мынадай бағыттарда iскерлiк қарым-
қатынасты нығайтуға тiкелей бағытталуы мүмкiн:

сатып алушылардың мамандандырылған санаттары жаңа нарықтық орындарды
қалыптастырады және өнiм стандарттары бойынша ақпарат көзi болып табылады;

жабдықтарды жеткiзушiлер олармен бiрге өндiрiстiк тәжiрибе жинайды;

ресурстарды жеткiзушiлер өндiрiстiң жаңа идеялары мен әдiстерiнiң
пайда болуына ықпал етедi, ал бәсекелестер жаңа идеялардың қайнар көзi
болып табылады.

Фирмалар, сатып алушылар, жабдықтар мен ресурстарды, қызметтер
көрсетудi жеткiзушiлер топтары, салалық қауымдастықтар, конструкторлық
бюролар және кооперация қағидаттарымен жұмыс iстейтiн басқа да
мамандандырылған ұйымдар сол бiр аймақтың шеңберiнде бiрлесiп жұмыс
iстейдi.

Рыногы жеткiлiктi деңгейде дамымаған елдерге рынокты тереңдетудiң
және iскерлiк ынтымақтастықты дамытудың жинақтаушы процесiн қозғалысқа
келтiру үшiн ұйытқы (өзiнiң табиғаты жағынан ол мемлекеттiк немесе жеке
болуы мүмкiн) қажет болуы мүмкiн.

Рынокты алмастыру

Бұл көзқарас үкiметтiң рынокты толық ығыстырып шығару әрекеттерiмен
байланысты. Өнеркәсiптiк өсуге серпiн беру үшiн мемлекеттер нарықтық
бағалауды ақпаратпен және мемлекеттiк секторда жинақталатын бағалармен
ауыстыру ырқына бой ұрады. Мұндай әрекет жемiстi бола бермейдi.

Филиппиннiң 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардағы тәжiрибесi жеке
кәсiпкерлердiң беделдi топтары үкiметке күшті ықпал еткен кезде не болуы
мүмкiн екенiн көрсеттi.

Өзiнiң одақтары үшiн ел iшiнде бизнес жүргiзу үшiн жаңа мүмкiндiктер
туғызу ниетiмен 1979 жылы Филиппин үкiметi $5 миллиард сомаға "ipi
индустриялық жобалардың" жаңа Стратегиясы туралы хабарлады (олардың
барлығы капиталды көп қажет ететін ауыр өнеркәсiпте жүзеге асырылды). Бiр
жылдан кейiн Стратегия қарсыластарының қысымымен үкiмет осы жобаларға
қайтадан экономикалық және қаржы сараптамасын жүргiзуге келiстi. Көп
кешiкпей бұл процеске саяси және қаржы қайшылықтары өз ықпалын тигiздi.
1987 жылдың соңына қарай алғашында ұсынылған жалпы құны $ 4 миллиард
болатын ($ 5 миллиардтан) он бiр жобаның бесеуi жүзеге асырылмайтын жоба
ретiнде тоқтатылды. Тұтастай алғанда жалпы құны $ 800 миллион болатын төрт
жоба ғана пайда әкелдi.

Әлемдiк тәжiрибенi ескере отырып, Стратегияны iске асыру кезiнде
инвестицияларды үйлестiру және iскерлiк ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi
бастамаларға баса көңiл аударылатын болады. Қаржылық қолдау үлестiк қатысу
қағидаттары негiзiнде ғана даму институттары арқылы көрсетiлетiн болады.
Бұл ретте жеке сектор, оның iшiнде екiншi деңгейдегi банктер негiзгi
тәуекелдердi өз мойындарына алатын болады.

Мемлекет қосылған құнның технологиялық және экономикалық тiзбегiн
(ҚҚТ) дәйектiлiкпен дамыту арқылы бәсекеге қабiлеттi өнiм шығаратын
өндiрiс орындарының бiртұтас жүйесiн құруға бағытталған жобаларға Даму
институттары арқылы қатысатын болады. Бұл бәсекеге қабiлеттi өнiмнiң
барлық өлшемдерiне сәйкес келетiн түпкi өнiм үшiн жұмыс iстейтiн көп
салалы кәсiпорындарды құруға мүмкiндiк бередi.

Қазiргi әлемдiк практикада экономика салаларын ҚҚТ ретінде
қарастыруға негiзделген дамыту стратегиясын әзiрлеу және талдау әдiсi
жасалған және кеңiнен қолданылады.

Бұл әдiстiң мәнi әрбiр саланы түпкi өнiмнiң құнын ретiмен қосып
отыратын өндiрiстер тізбегi ретінде қарастыруға болатынына келiп саяды.

ҚҚТ арқылы салаларға талдау жасау әдiстемесi тiзбекте қозғалысқа
келтiретiн немесе онда басым күштерге байланысты ҚҚТ-ның екi негiзгi түрiн
бөлiп көрсетедi. Осыған байланысты ҚҚТ құрылымдық тұрғыдан алғанда тiк
және көлбеу тiзбектер болып бөлiнедi.

ҚҚТ көлбеу құрылымдарындағы экономикалық белсендiлiк, әдетте, бiр
компанияның шеңберiнде шоғырланады. Мәселен, бiр компанияның өзi-ақ
шикiзат өндiредi, оны ұқсатады, өз бетiмен қосалқы бөлшектер шығарады және
өнiмдi жинайды.

ҚҚТ көлбеу құрылымдарында белсендiлiк көптеген шаруашылық жүргiзушi
субъектілерi бойынша бiрдей етiп бөлiнген: компаниялардың бiреуi өнiмнiң
дизайнымен айналысады, басқалары жинақтаушы бөлшектерiн шығарады,
үшiншiлерi оларды жинайды.

Әдетте, өндiрушiлер басым жерде ҚҚТ тік құрылымды болады, ал сатып
алушылар басым жерлерде көлбеу құрылымды болады.

Тұтастай алғанда, кiм ҚҚТ-ға барынша әсер етсе, ең үлкен қосылған
құнды сол алады.

Автомобиль саласының қазiргi ҚҚТ автомобильдiң қосалқы бөлшектерi мен
бөлшектерiн шығарушылардан, автомобильдi әзiрлеп шығаратын (дизайн) және
жинайтын кәсiпорындардан, сондай-ақ дистрибьюторлардан тұрады. Бұл ретте
машиналар жинайтын кәсiпорындар тiзбекке негiзiнен ең жоғары қосылған
құнды алу нысанында барынша зор ықпал етедi.

Киiм тiгу ҚҚТ сатып алушылық ҚҚТ-ның айқын мысалы болып табылады. Ол
дизайнерлiк фирмалардан, көтерме бағамен сатушылардан, бөлшек сауда
дүкендерiнен, тоқу фабрикаларынан, шикiзатты өндiрушiлер мен өңдеушiлерден
және киiм тiгу фабрикаларынан тұрады. Осы тiзбекте дизайнерлiк фирмалар
және көтерме бағамен сатушылар төтенше роль атқарады. Олар ең жоғары
қосылған құнды алады, сол арқылы ненi өндiру керектiгiн анықтайды.

Кейбiр елдерде халық табысының өсуi, тауар өндiрушiлерге қойылатын
экологиялық және басқа да талаптардың күшейтілуi қосылған құнды
орналастыруға елеулi әсер етедi. Мысалы, Гонконгте жалақының елеулi
өскенiне және киiм мен аяқ киiм шығару индустриясында өзiнiң бәсекелестiк
артықшылығын жоғалтып алғанына қарамастан, ел ҚҚТ-дан шығып қалған жоқ.
Себебi АҚШ-қа киiм мен аяқ киiм жеткiзуге квота алуда Гонконг
компанияларының тәжiрибелерi мен қажеттi байланыстары бар. Егер АҚШ
үкiметi квоталарды жойса, қытай компаниялары өнiмдi тiкелей жеткiзумен
айналысар едi.

Өндiрiстiк және сатып алушылық ҚҚТ құрылымы

1. Өндiрiстiк ҚҚТ (автомобиль жасау, компьютерлер, авиация құрылысы,
электр машиналары)

2. Сатып алу ҚҚТ (киім-кешекті, аяқ киімді, ойыншықтарды, үй
тауарларын дайындау)

Қазақстан жағдайында өздерiнiң құрамында кендi өндiрумен, оны
байытумен, бастапқы және қайталама металл, iлеспе элементтер (алтын,
күмiс, сирек жер металдары) шығарумен айналысатын өндiрiс орындары бар
"Қазақмыс" ААҚ және "Қазмырыш" ААҚ ҚҚТ-ның тiк құрылымының жарқын мысалы
болып табылады. Алайда ҚҚТ осымен үзiлiп қалады. Бұдан кейiн өнiмдi өңдеу
басқа елдердiң компанияларында жүргiзiледi, оларға аталған кәсiпорындар
ресми түрде қатыспайды, бұл олар алатын қосылған құнды едәуiр азайтады.

"Қазақстантрактор" ААҚ ұтымсыз өндiрiстiң мысалы болып табылады. Бұл
кәсiпорын шынжыр табанды тракторлар құрастыру үшiн негiзгi тораптарды
басқа кәсiпорындардан сатып алу қағидаты бойынша ұйымдастырылған. Бұл
ретте ол осы жинақтаушы тораптар мен бөлшектердi өзiнiң бәсекелестерiнен
сатып алады. Сайып келгенде, трактордың түпкiлiктi бағасы
бәсекелестерiнiкiнен үнемi жоғары болып шығады.

Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру үшiн ықтимал бәсекелес
өндірістердi, оның iшiнде әлемдiк рыноктардың даму үрдiстерi мен жеке
сектордың бастамаларын ескере отырып, экономикалық ҚҚТ-не құратын
экспортқа бағдарланған өндiрiстердi айқындау мақсатында экономика
салаларының даму деңгейiне кезең-кезеңмен талдау жасап тұру қажет.

Сонымен бiрге Қазақстан салалық ҚҚТ-ларда өзiнiң орнын табу
мақсатында әлемдiк және өңiрлiк рыноктарды зерттеудi күшейтуi қажет. Бұл
мiндет әлемдiк экономикаға, оның iшiнде тiптi шикiзат секторына қосылуды
басынан бастауға тура келетiнiмен қиындай түседi.

ҚҚТ бүкiл тiзбегiн қайтадан қалпына келтiрудi көтермелеудiң
қажеттiлiгi бола қоймас, тек қосылған құны барынша жоғары элементтердi
немесе әлемдiк рыноктарға шығуға және қосылған құны барынша жоғары
экономикалық белсендiлiктерге одан әрi қадам басуға мүмкiндiк беретiн
элементтердi ғана көтермелеу керек.

Осыған байланысты мемлекеттiк қолдау қазiргiдей ҚҚТ жекелеген
элементтерi бойынша iшiнара емес, оның барлық негiзгi элементтерi бойынша
кешендi түрде көрсетiлуi тиiс. Басқаша айтқанда, қолдау жеке алынған
кәсiпорынға немесе салаға емес, тiптi әртүрлi салалардағы, бiрақ бiрыңғай
ҚҚТ шеңберiнде өзара байланысқан салалардағы барлық немесе негiзгi
кәсiпорындар бойынша көрсетiлуi керек. Мемлекеттiң үйлестiрушi және
жоспарлаушы қызметi осымен тұжырымдалмақ.

Экономика салаларына және әртүрлi өндiрiстерге ҚҚТ әдiстерiн ескере
отырып талдау жасау үшiн Маркетингтiк-талдама зерттеулерiнiң орталығы
құрылатын болады. Орталықты құруға рыноктар маркетингi және оларды терең
зерделеу саласындағы консалтингтiк қызмет көрсетудiң отандық нарығының
туындауы мен қалыптасуының бастапқы сатыда тұрғаны, талдау зерттеулерi
шығыстарының шамадан тыс жоғары екенi және жеке сектордың әлемдiк деңгейде
жүзеге асырылатын рынокты талдау зерттеулерiне зәрулiктi бастан өткеруi
түрткi болып отыр. Мемлекет орталық құра отырып осы саланың қарқынды
дамуына едәуiр серпiн бередi. Консалтингтiк қызмет көрсетудiң отандық
рыногының өсуi және қалыптасуы бойынша орталықтың мемлекеттiк ретiндегi
қызмет етуi орынсыз болады және ол 3-тен 5 жылға дейiн орта мерзiмдi
перспективада жекешелендiрiлетiн болады.

3.2. Өнеркәсiптi жаңғыртудың басым бағыттарын анықтау үшiн отын-
энергетикалық кешеннiң (ОЭК) және экономиканың басқа да базалық
салаларының инвестициялық және өндiрiстiк әлеуетiн пайдалану

Iрi инвестициялық жобалар өзiнде шоғырланған және өнiмнiң әрбiр
өзгерту сатысында қосылған құны мөлшерiн арттыру арқылы технологиялық
тұрғыдан бiрнеше қайтара өзгертуге болатын өнiмдер шығаратын өндiрiс
орындары ҚҚТ әдiсi бойынша бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа
бағдарланған өндiрiстердi дамыту мен қалыптастыру алаңына немесе базасына
айналуы тиiс.

Iс жүзiнде барлық мұнай экспорттаушы елдердi дерлiк өз экономикасын
әртараптандыру проблемасы алаңдатады. Дүние жүзiнде осы бағытта бiраз
тәжiрибе жинақталған.

Мұнай және мұнай өнiмдерiне конъюнктура өзгерiстерiнiң әсерiн
төмендету мақсатында аса iрi мұнай экспорттаушы елдер соңғы он жылдықта
мұнай экспорттаудан алынатын табысты қайта бөлу есебiнен экономиканың
өндiрiстiк құрылымын жетiлдiру жөнiндегi шараларды iске асыруда. Осымен
бiр мезгiлде дамыған елдер экономикасынан кiрiс алу мақсатында басқа
елдерге капитал экспорттау жұмысы жүргiзiлуде.

Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсiбiне жылдан жылға көбейiп келе жатқан
инвестициялар көлемi экономика құрылымын әртараптандыруға қолайлы орта
болып табылады.

Осыған байланысты, Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын (КТҚС)
игеру индустрияны дамытудың негiзгi қозғаушы "локомотивтерiнiң" бiрi болып
табылады, онда күнiлгерi бағалау бойынша көмiрсутектердiң жалпы қоры 8,0
млрд. тоннаны құрайды, ол күтiлiп отырғандай, Қазақстанда көмiрсутектер
өндiрудiң неғұрлым елеулi өсiмiн қамтамасыз етедi.

Перспективада қайраңдағы кен орындарынан мұнай өндiру жылына 150-200
млн. тоннаға жетiп, 25-30 жыл бойы осы деңгейде тұруы мүмкiн.

Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi тұзды кен орындары мұнайда
сұйылған газдың құрамы жоғары - шамамен 60% көлемiнде болуымен
сипатталады. Қашаған кен орнының мұнайында ғана алынатын газдың қоры
Қарашығанақ кен орнының қорымен ғана теңесуi мүмкiн деп күтiлуде.

Тұтастай алғанда Қазақстанның орта және ұзақ мерзiмдi
перспективасында ОЭК-iнiң дамуы КТҚС-ның дамуымен айқындалатын болады,
өйткенi 2006 жылдан кейiн оншорлық кен орындарында өндiрудiң өсуi шамалы
болады.

Каспий өңiрi көмiрсутегiн өндiрудiң өсуiне, магистральдық, оның
iшiнде экспорттық мұнай және газ құбырларын, жүктердi сақтау және
ауыстырып тиеу үшiн теңiз порттары мен порт құрылыстарын, мұнай құятын
және газ толтыратын темiр жол терминалдарын салуға, электр энергетикасында
және телекоммуникациялық инфрақұрылымда жаңа қуаттарды енгiзуге байланысты
Қазақстанның жалпы экономикалық қарқынына едәуiр көлемде әсер ететiн
инвестициялық және өндiрiстiк белсендiлiктiң қуатты өсуiн бастан кешiретiн
болады.

Каспийде көмiрсутегiн өндiрудiң дамуы мұнай-химия индустриясы үшiн
отандық шикiзат базасының қалыптасуына жағдай жасайды. Iрi инвесторларды
тарта отырып, Қашаған ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы
Қазақстан Республика-сының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы
Қазақтанның «Қазақстан - 2030» ұзақ жылдарға арналған дамуының стратегиясы
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы
Қазақстан Республикасының 2013 – 2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялық даму стратегиясы
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь