Қаржылық есеп беруді жасау. Қаржылық есеп берудің аудиті


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

І. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ

1. 1. Қаржылық есеп беруді жасау . . . 4

1. 2. Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру . . . 6

1. 3. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру . . . 8

2. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІҢ АУДИТІ

2. 1 Қаржылық аудитті жоспарлау және ұйымдастыру . . . 12

2. 2. Қаржылық есептеме аудитінің процесі . . . 16

2. 3. Қаржылық есептеменің бағалау өлшемдері . . . 19

2. 4. Операциондық аудит пен қаржылық
аудиттің айырмашылығы . . . 26

Қорытынды . . . 30

Қолданылған әдебиеттер . . . 31

КІРІСПЕ

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық - шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпататтарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай - ақ мемлекеттік органдар, т. б. кіріді.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмыс және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.

Еспе беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады. Осы себептерге байланысты урстық жұмысты өзекті деп ойлаймын. Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорындағы қаржылық есеп беру құжаттарына, яғни форма № 1 «Бухгалтерлік баланс», форма № 2 «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы нәтижесі», фопам № 3 «Ақша қаражатының қозғалысы» туралы есеп беру құжаттарын тексеруді ұйымдастыру.

Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

І. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ

1. 1. Қаржылық есеп беруді жасау

Жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру түсіндірме хаттамасы (жазбасы) кіреді.

Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалы:

  • инвестор - жасаған инвестицияның тәуекелділік дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға салған инвестициясын сатудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе өз үлесін сақтаудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе өз үлесін сақтаудың сқажеттілігі анықтау үшін; кәсіпорынның келешектегі күтілетін дивидендтерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
  • кредитор - алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін (мүмкіндігін) анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
  • жабдықтаушылар - кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
  • сатып алушы - кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;
  • қызметкерлер - кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктері мен төлемін алады, ал акционерлер - тұрақты түрде дивиденд алып тұруын көздейді;
  • Мемлекеттік органдар - кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс істегеніне мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатты (салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді жинайды;
  • Жұртшылық - жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға (алуға) мүдделі болып келеді.

Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.

Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың әртүрлі мүдде бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үшін оның қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан олардың негізгі талабы (басқа жағдайлары бірдей болғанда) : кәсіпорыннан алған меншік капиталы мен басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.

Бұл ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін ақпарат болып саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі ақпараттарға мүдделі болып келеді.

Есеп берудің мәліметтері: Есеп берудің мәліметтері
Пайдалылығы: Пайдалылығы
Есеп берудің мәліметтері: Экономикалық ресурстары (активтер құрылымы)
Пайдалылығы: Кәсіпорынның табыс алу қабілетін бағалау және болашақта болатын ақша қаражаты
Есеп берудің мәліметтері: Қаржылық құрылымы (кәсіпорынның қарызы мен меншік капиталаның ара қатынасы)
Пайдалылығы: Қарыз қаражатының келешекке қажеттілігін бағалау және болшақта алынатын пайда мен ақша қаражатын мүдделі тараптардың арасына тарату; кәсіпорынның сырттан инвестицияны тартудың потенциалдық икемділігін бағалау.
Есеп берудің мәліметтері: Өтемділік пен төлем қабілетінің коэффициенті
Пайдалылығы: Өз мендеттемесіне жауап беретін кәсіпорынның ұзақ және қысқа мерзімдегі қарыздарын төлеу қабілеттілігін бағалау
Есеп берудің мәліметтері: Рентабельділік пен іскерлік белсенділігінің коэффициенті
Пайдалылығы: Кәсіпорынның ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау
Есеп берудің мәліметтері: Қаржылық жағдайының өзгеруі
Пайдалылығы: Қаржылық, инвестициялық, оперативтік қызметінің нәтижесінде, кәсіпорынның алған ақша ағынын бағалау; кәсіпорынның келектегі ақша қаражатына қажеттілігін болжау

Қаржылық есеп беру өзара байланысты, өйткені ондағы шаруашылықтың бір ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады. Әрбір есеп беру әртүрлі ақпаратты береді, ол оны сол немесе басқаша күйінде шаруашылық жүргізуші субъект пайдаланылады.

Қаржылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық мәнді ақпараттарды ашуы тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында (жазбасында) баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша мәліметтер арқылы олардың мазмұнын түсіндіру тиіс.

Қаржылық есеп беру өткен кезеңдердің мәліметтерімен салыстарады. Есеп беру Қазақстан Республикасының валютасында жасалады, өлшем бірлігі - мың теңге. Жылдық есеп берудің есептік кезеңі болып толық календарлық жыл саналады; ал жаңадан құрылған субъектілер үшін - заңды тұлға тұлға ретінде статусын алған күнінен бастап есепті жылдың 31-ші желтоқсанына дейін саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезіндегі белгілеуге құқығы бар (жылына бір реттен кем болмауы керек) .

1. 2. Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру

Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру нысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды. Қаржылық-шаруашылық қызметінің есеп беруі келесі көрсеткіштерден тұрады:

  • өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс; ҚҚС, акциздер және басқа міндетті төлемдер мен салықтан шегертілген түрінде көрсетіледі, қайтарылған тауар құнын, бағадан және сатудан жасалған жеңілдіктерді қоспағанда;
  • өнімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның нақты шығындары, яғни өнімді, жұмысты, қызметті өндірумен байланысты тікелей шығындар кіреді;
  • жалпы табыс-өнімді, жұмысты, қызметі сатқаннан түскен табыстан өнімнің нақты өзіндік құнын алып тастағаннан соң шығатын қаржылық нәтижесі;
  • кезең шығыстары-өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік құнына енбейтін шығыстар; жалпы және әкімшілік шығыс, сату бойынша шығысы, пайыздарды төлеу бойынша шығыстары;
  • негізгі қызметтен түскен табыс (зиян) - жалпы табыс пен кезең шығыстарының айырмасы;
  • негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян) - кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты емес операциядан алынған табысы (негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан, субсидин т. б. ) .
  • салық салынғанға дейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы-негізгі және негізгі емес қызметтерін біріктіргеннен алынған табыс;
  • табыс салығы бойынша шығыс - 11 БЕС салынған, соның ережесіне сәйкес есептік кезең үшін анықталған табыс салығы бойынша шығысы;
  • салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы (зияны) - салық салынғанға дейінгі табыстан табыс салығы бойынша шығысын шегергеннен соң алынған табысы (зияны) ;
  • төтенше жағдайдан алынған табысы (зияны) - есептік кезеңде орын алған төтенше жағдайдың сальдоланған нәтижесі;
  • таза табыс (зиян) - есептік кезеңде кәсіпорынның алған қаржылық нәтижесі.
ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ1 қаңтар 2004 ж(мың теңге):

ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ

1 қаңтар 2004 ж

(мың теңге)

ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ1 қаңтар 2004 ж(мың теңге): Көрсеткіштер атауы
Сызық жолының №
Табысы
Шығысы
ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ1 қаңтар 2004 ж(мың теңге): Сатылған өнімнен (қызметтен, жұмыстан) түскен түсім
01
3948098
*
ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ1 қаңтар 2004 ж(мың теңге): Сатылған өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құны
02
*
1845829
ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ1 қаңтар 2004 ж(мың теңге): Жалпы табыс (01-02)
03
102269
ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ1 қаңтар 2004 ж(мың теңге): Кезең шығыстары-Барлығы:
04
*
77486
ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ1 қаңтар 2004 ж(мың теңге): Оның ішінде: Жалпы және әкімшілік шығыстары (82)
05
*
50480
ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ1 қаңтар 2004 ж(мың теңге): Сату бойынша шығыстары (81)
06
*
16556
ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ1 қаңтар 2004 ж(мың теңге): Пайыз бойынша шығыстары (83)
07
*
10450
ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ1 қаңтар 2004 ж(мың теңге): Негізгі қызметтен түскен табыстары (зияндары) (03-04)
08
24783
ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ1 қаңтар 2004 ж(мың теңге): Негізгі емес қызметтен түскен табыстары (зияндары) (70-84)
09
1730
4053
ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ1 қаңтар 2004 ж(мың теңге): Салық салынғанға дейінгі әдеттегі қызметінен түскен табысы (08+09)
10
22460
ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ1 қаңтар 2004 ж(мың теңге): Заңды тұлғадан ұсталынған табыс салығы (85)
11
*
7097
ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ1 қаңтар 2004 ж(мың теңге): Кейінге қалдырылған салықтар
*
844
ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ1 қаңтар 2004 ж(мың теңге): Салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметінен түскен табысы (10-11)
12
14519
ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ1 қаңтар 2004 ж(мың теңге): Төтенше жағдайдан алынған табысы (зияны) (86)
13
ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ1 қаңтар 2004 ж(мың теңге): Таза табысы (зияны) (12+13)
14
14519

Сонымен, қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері: 70-“Негізгі қызметтен түскен табысы”, 72-“Негізгі емес қызметтен түскен табысы”, 80-“Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны”, 81-“Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату барысында жұмсалған шығындары”, 82-“Жалпы және әкімшілік шығындары”, 84-“Негізгі емес қызмет бойынша шыққан шығындары”, 85-“Табыс салығы бойынша шыққан шығындары”, 71-“Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сатуға байланысты шегерімдер, сондай-ақ баға шегерімдері”, 86-“Төтенше жағдайдан және тоқтатылған операциядан келген табыстары (зияндары) ”, 87-“Басқа ұйымдарға үлестік қатысудан түскен табысы (зияны) ” шоттарының деректерінің негізінде шығарылады. Басқаша айтқанда, есеп беруге қажетті барлық деректерін бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс тапқан мәліметтерден тікелей алынады.

1. 3. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру.

Есеп беру 4 БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (немесе операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаржат ағыны (тасқыны) туралы барлық деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде пайдаланылатын таза ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.

№4 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес субъекттер жасаған “Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп” заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл олардың есепті кезең ішіндегі операциондық (кіріс алатын негізгі қызмет пен инвестициялық және қаржы қызметтеріне жатпайтын өзге де қызметі), инвестициялық (ұзақ мерзімді алашақтарды сатып алу мен сату) және қаржылық қызметі (жеке капиталы мен әлем қаражаттарының мөлшері және құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі) тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарлармен қамтамасыз етті. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.

Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвистициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдалануы мүмкін, бүл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянға активтер мен міндеттемелерге, ақша операцияларының өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық немесе қаржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын кірістеріне немесе зияндарына қарап түзетулер енгізіледі.

Операциондық қызметтегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.

Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, КДШ (көлік-дайындау шығыстарының) төлемін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиісілі төлемдерін шегереді.

Операциондық қызметтен тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражатының түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, пайыздан, дивиденттен, роялтиден және т. б. табыстардан; жабдықтаушылармен және мердігерлердің қарызын төленгеннен, берілген аванстан, төлеген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен және т. б. шығыстарынан тұрады.

Жанама әдістер - бұл әдістер таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету (корректир) жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметерін негізге алады. Бұл әдіс қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізеді.

Таза табысты (зиянды) түзету

Таза табысты түзететін операциялар: Таза табысты түзететін операциялар
Түзетуді жүргізудің тәртібі: Түзетуді жүргізудің тәртібі
Таза табысты түзететін операциялар: Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациясы
Түзетуді жүргізудің тәртібі: Есептелген амортизациясы сомасы таза табыс сомасына қосылады, өйткені ол ақша қаражаттарының шығысын әкелмейді
Таза табысты түзететін операциялар: Ағымдағы активтердің сомасының өзгерістері: дебиторлық қарыздар, қорлар, (запастар), болашақ кезеңнің шығыстары, басқа да ағымдағы активтер т. б.
Түзетуді жүргізудің тәртібі: Егер ағымдағы активтер өсетін болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары азаяды, ал егер де керісінше болса, онда ақша қаражаттары өседі, онда олардан түскен табысы да көрсетеді.
Таза табысты түзететін операциялар: Ағымдағы міндеттемелердің сомасын өзгерістегі (қысқа мерзімді банкі несиелерін қоспағанда), кредиторлық қарыздар, салық төлемдері, басқа да ағымдағы міндеттемелер.
Түзетуді жүргізудің тәртібі: Ағымдағы міндеттемелердің сомасы өссе, ақша ағымының сомасы да өседі, егер міндеттемелер азайса, онда ақша қаражаттары да азаяды, онда олардан алынған шығысы да көрсетеді.
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Сызық жолы ның коды: Сызық жолы ның коды
Сомасы: Сомасы
Көрсеткіштер: 1. Операциондық қызметтен алынған ақша қаражаттарының қозғалысы
Сызық жолы ның коды:
Сомасы: 14619
Көрсеткіштер: Таза табыс
Сызық жолы ның коды:
Сомасы:
Көрсеткіштер: Таза табысты салыстыру үшін жасалатын түзетулер
Сызық жолы ның коды:
Сомасы: 3328
Көрсеткіштер: Ұзақ мерзімді активтерді сатқаннан алынған нәтижесі
Сызық жолы ның коды:
Сомасы:
Көрсеткіштер: Тауарлы-материалды запастардың өзгерісі
Сызық жолы ның коды:
Сомасы: -13631
Көрсеткіштер: Дебиторлық қарыздардың өзгерісі
Сызық жолы ның коды:
Сомасы: -21666
Көрсеткіштер: Болашақ кезеңнің шығыстарының өзгерісі
Сызық жолы ның коды:
Сомасы: -375
Көрсеткіштер: Кредиторлық қарыздардың өзгерісі
Сызық жолы ның коды:
Сомасы: 14160
Көрсеткіштер: Басқа да активтердің өзгерісі
Сызық жолы ның коды:
Сомасы: 1899
Көрсеткіштер: Басқа да түсімдер
Сызық жолы ның коды:
Сомасы: -376
Көрсеткіштер: Басқа да төлемдер
Сызық жолы ның коды:
Сомасы:
Көрсеткіштер: Операциондық қызметтен түскен ақша қаражатының таза сомасы
Сызық жолы ның коды:
Сомасы:
Көрсеткіштер: 2. Инвесициялық қызметтен алынған ақша қаражаттарының қозғалымы
Сызық жолы ның коды:
Сомасы: (363)
Көрсеткіштер: 2. 1. Түскен ақша қаражаттары
Сызық жолы ның коды:
Сомасы:
Көрсеткіштер: Негізгі құралды, материалдық емес активтерді және басқа ұзақ мерзімді активтерді сатқаннан түскен табыс
Сызық жолы ның коды:
Сомасы:
Көрсеткіштер: Қаржылық инвестицияны сатқаннан түскен табыс
Сызық жолы ның коды:
Сомасы:
Көрсеткіштер: Басқа да түсімдер
Сызық жолы ның коды:
Сомасы:
Көрсеткіштер: 2. 2. Ақша қаражатының есепке алынуы
Сызық жолы ның коды:
Сомасы:
Көрсеткіштер: Негізгі құралдарды сатып алу
Сызық жолы ның коды:
Сомасы: 23369
Көрсеткіштер: Материалдық емес активтерді сатып алу
Сызық жолы ның коды:
Сомасы: 25766
Көрсеткіштер: Қаржылық инвестициясын сатып алу
Сызық жолы ның коды:
Сомасы:
Көрсеткіштер: Басқа да төлемдер
Сызық жолы ның коды:
Сомасы:
Көрсеткіштер: Инвестициялық қызметтен түсен ақша қаражаттарының таза сомасы
Сызық жолы ның коды:
Сомасы: (49556)
Көрсеткіштер: 3. Қаражаттандыру қызметінен алынған қаражаттарының қозғалысы.
Сызық жолы ның коды:
Сомасы:
Көрсеткіштер: Түскен ақша қаражаттары
Сызық жолы ның коды:
Сомасы:
Көрсеткіштер: Акция шығару
Сызық жолы ның коды:
Сомасы:
Көрсеткіштер: Ұзақ мерзімді несиелердің түсуі
Сызық жолы ның коды:
Сомасы: 37861
Көрсеткіштер: Қысқа мерзімді несиелердің түсуі
Сызық жолы ның коды:
Сомасы:
Көрсеткіштер: Құрылтайшылардың салған салымдарының түсімдер.
Сызық жолы ның коды:
Сомасы: 24217
Көрсеткіштер: Басқа да түсімдер.
Сызық жолы ның коды:
Сомасы:
Көрсеткіштер: Ақша қаражаттарының есепте шығыуы
Сызық жолы ның коды:
Сомасы:
Көрсеткіштер: Ұзақ мерзімді несиелерді өтеу.
Сызық жолы ның коды:
Сомасы:
Көрсеткіштер: Қысқа мерзімді несиелерді өтеу.
Сызық жолы ның коды:
Сомасы: 13728
Көрсеткіштер: Дивиденттерді төлеу.
Сызық жолы ның коды:
Сомасы:
Көрсеткіштер: Басқа да төлемдер.
Сызық жолы ның коды:
Сомасы:
Көрсеткіштер: Қаражаттандыру қызметінен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы.
Сызық жолы ның коды:
Сомасы: 48568
Көрсеткіштер: Ақша қаражаттарының және оның эквиваленттілігінің таза өзгерістері
Сызық жолы ның коды:
Сомасы: (1547)
Көрсеткіштер: Есептік жолының басындағы таза қаражаты.
Сызық жолы ның коды:
Сомасы: 11541
Көрсеткіштер: Есептік жолының соңындағы ақша қаражаты.
Сызық жолы ның коды:
Сомасы: 18194

2. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІҢ АУДИТІ

2. 1 Қаржылық аудитті жоспарлау және ұйымдастыру

Аудиторлық тексерулерді ұйымдастыру, жоспарлау, жүйелі зерделеу, мәні бойынша аудиторлық процедураларды орындау, пікір қалыптастыру және аудиттің нәтижелері бойынша қорытынды құжаттарды дайындау сияқты бірінен кейін бір жалғасып кете беретін тізбекті кезеңдерден тұрады.

Қаржылық аудитті жоспарлау мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

1) ішкі бақылаудың тиімділігі, есептемелер мен бухгалтерлік есептің жағдайлары туралы қажетті ақпараттарды алуды;

2) орындалуы тиіс бақылау процедурасының көлемі мен өткізу уақытын, мазмұнын анықтауды.

Қаржылық аудитті жоспарлауға аудиттің жалпы жоспарын жасау (болжалды жұмыс) және аудиторлық бағдарламаларды (ХАС 300) әзірлеу кіреді.

Жалпы жоспарда (болжалды жұмыста) мына негізгі көрсет-кіштер керініс табуы керек:

а) орындалатын жұмыстың мөлшері;

3) жұмыстың үзақтығы мен өткізу мерзімдері;

б) аудитор қолданатын әдістер мен тәсілдер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық аудит стандарттарының сипаттамасы
Аудиторлық қызметтің негіздер
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп жүйесін реттеудегі аудиттің маңызы мен қажеттілігі
Негізгі құралдардың аудиті
Қаржылық есеп беру аудиті
Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары
Аудиттің фирмаішілік стандарттары
Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері
Сыртқы аудитті ұйымдастыру
Ұйымдағы ішкі бақылауды ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz