Топырақтың ластануы, су эрозиясы болатын аймақтағы эрозияға қарсы күресті ұйымдастыру


Қазақстан Республикасының ғылым жӘне білім министрлігі

Геодезия, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: Топырақтың ластануы, су эрозиясы болатын аймақтағы эрозияға қарсы күресті ұйымдастыру

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Топырақтың ластануы

2. Су эрозиясы

3. Эрозиямен күресу жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Топырақ эрозиясы грек тілінен аударғанда “ бұзамын ” деген мағынаны білдірді, оның су немесе желдің әсерінен бұзылуы.

Су немесе жел немесе дефляция эрозиясын бөліп көрсетуге болады. Топырақты бұзатын күш ретінде біріншісінде ағатын су, ал екіншісінде ауаның қозғалысы болып табылады. Эрозия ауаның интенсивті қызметіне дейін де болған. Қатты заттардың беттік сулармен мұхитқа шайылып келуі, ауада үнемі топырақ шаңының болуы бұл құбылыстың болуына дәлелдейді. Белгілі мәлеметтер бойынша сары топырақ пен шабындық саздақ топырақтар жел эрозиясың өнімдерінің ауадан тұнуының нәтижесінде түзілген.

Адамның қызметі нәтижесінде эрозиялық процестердің жылдамдығы бірнеше рет артып кеткен. Мысалы, соңғы 50 жылдан мұхитқа шайылып келген эрозиялық өнімдер шамамен 8 есе артқан. Сонымен қатар жел эрозиясында да топырақтың көп бөлігі бұзылады. Бұл кезде топырақпен бірге енгізілетін тыңайтқыштардан 1, 5 - 2 есе артық өсімдіктерге қажетті заттар табиғи өсімдіктер қажетті заттар табиғи өсімдіктер топырақты тамырларыменбекітіп тұрады. Екіншіден өсімдектердің жер бөліктері су және әсересе ауа ағыстарыныңғ күшін арттырады. Өсімдік жабыны одан біршама ара қашықтықтағы топырақты да қорғайді. Олардаң шекаралас кеңістікке әсері айтарлықтайт болады. Топырақ қорғайтын орман өсіру осыған негізделген.

Топырақтың ластануы

Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпал әсерін тигізіп келеді. Егер де жылына ауаға дүние жүзі бойынша бір млрд. тонна деңгейінде антропогендік заттектер гидросфераға шамамен 15 млрд. т ластағыштар енгізіліп отырылса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд. т. Кейбір ғылыми мәлеметтерге сүйенетін болсақ, ХХ ғасырдардың 90 - шы жылдарының аяғында жерде жинақтылған қалдықтар көлемі 4000млрд. Тоннаға дейін көтерілген. Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрылықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғылымдардың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзіндегі шөлдердің барлығынның шығу тегі де антропогендік. Антропогендік шөлдің аумағы жылдан - жылға үнемі ұлғаюда оның көлемі қазіргі шақта 10 млрд км ден асын отыр, бұл бүкіл құрлықтың 7 % құрайды. Топырақты ластайтын компонентерге карай топыпақтың ластануының түрлері:физикалық, химиялық және биологиялық болады.

Физикалық ластану радиоактивтік заттектермен байланысты. Мысалы, уран радиоларын ашық әдіспен алғанда, жер қартасында активтілігі жоғары сэулеленетің сұйық және қатты қалдықтар қаладі.

Биологиялық ластану ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретін микроорганизмдердің қорщаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақты дизентерия, сүзек және тағы басқада ауру қоздырғыштары 2 - 3 тәулік бойында сақталаса, ластағыштармен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аумакка таралады.

Химиялық ластану топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы. Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатін шопжойғыштар мен минералды тыңайтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешені, атмосфераліқ жуын шашын, апатты жағдайда тасталған шығарындылар, әскери өндірістік кешендері жатады. Түсті металл кендерін иалу, байыту және таза металдар алу пройестерінен шыққан өнімдермен және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен басқа ауыр металдардың мөлшері нормалан 10 - 20 есе асып отырған жерлер белгілі. Ауылшаруашылығында улы химикаттар көп қолданалатын және өндіріс дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде, қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскаридоз және т. б. ) қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады.

Адамның барлық өңдірістік қызметіне бірінші кезекті ең қажетті табиғи ресурс болып жер саналады. Жер қойнауынан халық шаруашылығының барлық салаларына қажетті материалдар өндіріледі, ол болмаса өндіріс дами алмайды. Өнеркәсіптер жедел қарқынмен дамыған сайына соғұрлым бөлінген жер көлемі арта түседі. Сондықтан жерді пайдаланушылар оны тиімді пайдаланумен қатар, сан қырлы қорғау жұмыстарына да назар аудару қажет.

Жер ресурстарын ең негізгі тұтынатын саланың бірі ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында құрліктің 30 %нен астамы игерілген, осыған осы салада пайдаланылатын ормандарді қосатын болсақ, бұл көрсеткіш 60 - 65% жетеді. Ауыл шаруашылығының қарамағындағы жер ресурстарының жарамсыз түрге айналуына себеп болатын жағдайдар:

- топырақ эрозиясы немесе дефляциясы су мен желдің (дефляция) және тағы басқа табиғи құбыластардың әсерінен жер қыртысының түгелейдей не жарым жартылай бүлінуі, топырақтың құнарлылығының төмендеуі;

- агротехниканы дұрыс қолданбағандықтан, негізінде ауыспалы егіс болмауынан және коректі заттектердің топыраққа жеткізіліп түрде қайта айналып келмеуіне байланысты гумус мөлшері төмендеп, топырақ құнарлылығының біртіндеп азаюы;

- құрғатымсыз жерді суландыру және бақылаусыз суды қолдану, топырақтың су астында қалуы мен еқінші реттік тұздануы (сортандануы) ;

- топырақтың техникада қолдануының бүлінуі (тығыздануы, егістік жер қабаты құрамының бұзылуы, оның төшеніс қабатындағы жыныстармен араласуы) ;

- топырақтың химиялық және радиациялық ластануы.

Су эрозиясы

Су эрозиясы, әсересе топырақтары интенсивті өңделген ашық кеңістіктерде, жауын шашын мөлшері жоғары болатын аудандарда басым болады. Су эрозиясы орманды дала зонасында басым. Сонымен қатар, дала және орманды зоналарда да кеңінен торалған.

Антропогенді эрозияның ерекше түріне ирригациясының, яғни топыраққа көп мөлшелерде су массасының берілуіне байланысты эрозия жатады. Бұл су сіңіп үлгермейді де, топырақ бетімен ағады. Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортандануы да жүреді. Сонымен қатар, тамшылы эрозия да болады. Ол топырақтың структурасының су тамшыларының әсерінен тығызданып су өткізгіштігінің төмендеуінен болады. Нәтиженде ол эрозияның басқа түрлерінің жылдам журуіне жағдай жасалады. Су ағысынан орын алған эрозия бірнеше түрге бөлінеді: беттік - топырақтың барлық бетінен құнарлық қабат пен төсеніш жыныстардың ағып кетуі, жырақтық - белгілі жолмен топырақпен төсеніш жыныстың шайылуы, айғыздық - көктемде қардың тез еруіне немесе нөсер жаңбырдың жаууына байланысты өсімдік аз өсетін немесе айдалатын егістерге арналған таудың баурайындағы топырақтың құнарлы қабатының жоғарыдан төмен қарай сумен ағып кетуі. Су тасқын апаты мен шөгінділер әсерінен де, әсіресе таулы жерде топырақтың құарлы қабаты шайылып қана қоймай, су ағысы мен келген тастармен, өсімдік қалдықтарымен, ағаш сынықтарымен тағы да басқа заттармен ластанады. Бұл жағдай эрозияның ең қауіпті түріне жатады.

Беттік эрозия дегеніміз еріген қар суы немесе жаңбыр суларының әсерінен беткейлік топырақ бөлшектерінің біркелкі шайылуы. Қатты нөсер жаңбір немесе шүғыл ерілген мол қар суымен топырақтың 40 50 см не деін шайылады, былыйша айтқанда, эрозияның бұл түрінде шайылатын құнарлы гумусты қабат.

Жыралық су эрозиясының нәтижесінде жоғарғы құнарлы қабаттан басқа кейде төменгі қабаттар да жуылып шайылып, жыралар мен сайлардың пайда болуына себебін тигізеді. Су эрозиясына Қазақстанның барлық аймағындағы топырақтар үшыраған, әсересе суармалы егіншілік дамыған Алматы, Жанбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тау Баурайындағы аймақтарда. Ө. О. Оспанов атындағы Топырақтану институтының мәлеметтері бойынша су эрозиясының зардабына душар болған жердің әрбір гектарынан 2 тоннадан астап азот, 29 80 кг фосфор, 215 кг№ калий жоғалады екен. Жел эрозиясының нәтижесінде 1 га егістік жер 636 кг. Азотты оңың ішінде 36 кг. Жылжымалы түрі, 108кг жылжымалы фосфорды, 105 кг. Калийді жоғалтады екен ұшырап, шөлге айналып отырады. Жел эрозиясынан шаңды қара дауылдар тұратың Повлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Астана, қарағанды областарындағы көптеген алқаптар бүлінеді.

Эрозиясымен күресу жолдары

Айтарлықтай үлкен территорияда өсімдіктер жабынын жоюға әкелетін табиғи экологиялық жүйелерге тигізетін әсереді шектеу. Бұл әсересе орманды пайдалануға қатысты. Жайылымдарда эрозиялық процестер көбінесе шектен тыс мал жоюмен байланысты. үлкен территорияда шөптесін өсімдектер жабынының зақымдануы кезінде, әсерісе топырағы жеңіл жерлерде су эрозиясы. Таулы аудандарда шөптесін өсімдектердің бөлмашы зақымдануының өзінде су эрозиясының пайда болу ошағы орын алады. Мұндай қолайсыз құбылыстарда болдырмаудың негізгі жолы мал жою ережелерін сақтау және рекреациялық қысымды төмендету болып табылады.

Егістік жерлерді қорғау іс шаралары Ауыспалы егістіктерді дұрыс жүргізу, соның ішінде отамалы дақылдар. Топырақты бекітетін тамырлары бар шөптен қоспасымен алмасып келуі қажет. Жиектік жыртуды жүргізу өңдеуден оңдай бұзылатың құмду және құмдақ тапырақтарды шығару.

Шағын егістік танаптардын табиғи ландшафт тармен кезектестіру.

Танап қорғайтың орман белдеулерін жасау.

Топыраққа жасалатың қысымды кемітетін техниканы пайданалу.

Топырақты соқасыз өңдеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлу қажет. Агротехниканың бұл жаңа әдлісі қазір кеңінен пайданалып келеді. Аталған әдіс аудармай жырту арқылы топырақты қөпсатуға негізделген. Бүл әдесті қолданғанда топырақтың табиғи құрылысы сақталады. Тұрақтылығы мен құнарлығы бұзылмайды. Әдестің технологиялық кемшілігі арамшөптердің көп болуына әкеледі. Аудармай жырту әдесін қолданғанда барлық агротехниқплық шаралардың кезегі мен мерзімдердін қатан сақтау қажет.

Бірқатар жағдайларда топырақ эрозиясының салдарымен күресуге тура келеді. Су эрозиясынан қорғау мақсатында агротехникалық шаралармен қатар инжинерлік іс шаралар жүргізіледі. Химиялық заттарды топырақ бетіне енгізуді көпжылдық шөптермен, бұталар мен ағаштарды отырғазумен уйлестіре жүргізу қажет.

Суармалы егістіктердің дүние жүзіндегі ауданы шамамен 250 млн. Га ға жуық. Ирригациялық эрозиямен қаттар суармалы топырақтар екінші реттік сортандануға ұшырайды. Оның мәні танаптағы топырақ суды сіңіріп, содан соң булану мен өсімдікке транспирацияға қажетті судан артық су келіп түседі. Бұл су біртіндеп жер асты грунт суларына дейін жетіп, оның деңгейінәң көтерілуіне әкеледі.

Суарудың жетілдірілген технологияларын қолданумен қатар, жер асты суларының деңгейінің көтерілуіне байланысты грунт суларын сорып алу арқылы сортаңданумен күресуге болады. Топылақты шаю арқылы да сортаңданумен күресуге болады. Бірақ бұл кезде де міндетті түрде грунт суларын алып кету керек. Кейбір жағдайында химиялық әдестер де жақсы нәтиже береді. Мысалы, топырақ бетінде жиналған зиянды тұздарды нейтралдау үшін гипстеу жүргізіледі. Бірақ бұл әдестер қымбат және антиэкологиялық. Жер ресурстарына зиян келтіретін үшінші үлкен фактор бұл жердің азуы. Оның орын алу себебтері өніммен бірге қоректік заттардың әкетілуі. Гумустың жойылуы су режимінің және басқа да қасиеттердің топырақтың азуының нәтижесінде олардың құнарлығы жойылып шөлге айналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ эрозиясы және онынен күресу шаралары
Ағынды, эрозияны және су сапасын басқару
Топырақ туралы түсінік
Топырақ эрозиясы және оның алдын алу
ҚР топырағының экологиялық мәселелері. Эрозия және дегредациясының әсерінен жер ресурстарының бұзылуы. Мұнай химиялық заттардың, ауыр металлдардың, органикалық заттардың топыраққа әсері
Литосфера ластаушылары, қаупі және одан қорғану
Ашық тау өндірімдері
Литосфера жəне оны тиiмдi пайдалану мен қорғау
Литосфера және оны тиімді пайдалану мен қорғау
АТМОСФЕРА — БИОСФЕРАНЫҢ НЕГІЗГІҚҰРАМ БӨЛІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz