Банктік несиелендіру және оның Қазақстандағы дамуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
БӨЛІМ 1 БАНКТІК НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ 6
1. 1 Банктік несиелендірудің негізгі ережелері 6
1. 2 Кіші және орта бизнес - банктік қызмет көрсету
саласының обьектісі ретінде 9
БӨЛІМ 2 ҚАЗАҚСТАНДА КІШІ ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ
ДАМУЫНЫҢ АНАЛИЗІ 25
2. 1 Кіші және орта бизнестің 2000-2004ж. ж. аралығындағы
динамикасы 25
2. 2 Кіші және орта бизнесті банктермен несиелендіру анализі 39
2. 3 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктермен кіші және
орта бизнеске несие берудің шарттарының салыстырмалы анализі 50
БӨЛІМ 3 БАНКТЕРМЕН КІШІ ЖӘНЕ ОРТА
БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДЕГІ ҚАТЫНАСТАРДЫ
ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ 54
ҚОРТЫНДЫ 65
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 68
БӨЛІМ 1 БАНКТІК НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ
- Банктік несиелендірудің негізгі ережелері
Несие - қайтарымдылық, мерзімдік, пайыз түріндегі төлем шартында ақшалай формада берілетін ссудалық капиталдың қозғалысы. Несие латынның “kreditum” (қарыз) сөзінен шыққан. Сонымен қатар бұл сөзді “сенемін” деп те аударады. Құқықтық және экономикалық көз қараста, несие - бұл шарт, заңды және жеке тұлғалар арасындағы қарыз немесе ссуда жайлы келісім.
Несиенің формаларын қарастырып, оның ішінде банктік несиеге тоқталатын болсақ, несиелендірудің бұл формасы өте кең тараған. Яғни бактер уақытша қаржылық көмекті қажет ететін субьектілерге өз қарыздарын береді. Несиелендірудің банктік формасындағы қарыз қаражаттарының көлемі, басқа формаларда берілетін қарыз қаражаттарынан едәуір ұлкен. Бұл кездейсоқ жағдай емес. Банк, көбінесе негізгі қызметі несиелік іс болып келетін ерекше субьект болып табылады. Ол қайтарымдық негізде ақша қаражаттарының көпреттік айналымын жүзеге асырады[1, б. 124] .
Несиелендірудің банктік формасының бірінші ерекшелігі, банк операцияларды көбінесе, өзінің қаражаттарымен емес, тартылған қаражаттармен жүзеге асырады. Бір субьектілерден ақшаны қарызға алып, оларды қайта бөліп, басқа заңды немесе жеке тұлғаларға уақытша қолдануға несие береді
Екінші ерекшелігі, банк шаруашылық субьектілердің салымдары мен счеттарындағы салынған уақытша бос және қамтылмаған ақша қаражаттарды тарылтады.
Несиенің бұл формасының келесі ерекшелігі келесі жағдаймен сипатталады. Банк жай ғана ақша қаражаттарын емес, капитал түріндегі қаражаттарды тарылтады. Бұл қарыз алушы банктен алған қаражаттарын тек қана несиені берушіге ғана емес, сонымен қатар ссудалық пайызды қайтаруға мүмкіндік беретін, пайда табу үшін тиімді қолдануы керектігін білдіреді.
Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмлесінің де сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капита бөлектенген. Кредитордың мақсаты - пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және төлеу жағдайларында карыз капиталын ұсынушы банк мекеме кредитор ретінде көрінеді.
Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірілуі тұрғысында, банктік несие қарыз капиталына (қарыз алушылар қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайтуға пайдаланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз алуы, қаражатты өздерінің қарыздық міндеттемелерін өтеу үшін ғана) бөлінеді.
Банктік несие, қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарын және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың корлануына қызмет етеді.
Нақты банктік несиелендіруге келетін болсақ, несиелендірудің субьектісі кім бола алады?
Банк ісінің классикалық позициясынан қарастыратын болсақ, несиенің субьектісі болып, жұмысқа қабілетті және экономикалық және несиелік шарттарды жасай алатын, материалды және басқада кепілдемесі бар заңды және жеке тұлға. Несие алушы ретінде, банкке сенім ұялататын, жеке меншігі бар, белгілі материалды және құқықтық кепілдемесі бар, несие ұйымына пайыз төлеп, несиені қайтара алатын әрбір субьект бола алады. Несие алу субьектісі әр денгейдегі бола алады, жеке түлғадан бастап, кәсіпорын, фирма, мемлекетке дейін.
Қазіргі таңда несие субьектілерінің келесі классификациасы қабылданған.
- мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер
- Кооперативтер.
- Жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтармен жалға алушылар.
- Басқада банктер.
- Басқада шаруашылықтар, билік орындары, ортақ мекемелер, халықаралық үйымдар мен бірлестіктер.
Несиелерді алушы субьектілер бойынша бөлу, несиелендіру жүйесінде жіктелі түсінігін туындатады. Несиені түрлері, экономикалық және үйымдастырушылық қатынастағы нақты несие шартына сай, қатынастар жиынтығы көрсетеді. Несие түрлері тек қана оларды алатын субьек түрі бойынша ғана емес, басқада критериялар бойынша бөлінеді. Оларға мыналар жатады:
- Капитал қозғалысымен несиенің қозғалысы
- Несиені қолдану саласы.
- Несие мерзімі.
- Несиенің қамтамасыз етілуі.
Несиенің капитал қозғалысы мен қатынасын екі типке бөлуге болады. Ақша ссудасы және капитал ссудасы. Ақша ссудасы тұтыну немесе басқада мақсаттармен байланысты. Мұнда несие қоғамдық өнімнің өсімін тудырмай, ұсталып кетіп алдынала сақталған қордан қайтарылады. Капитал қарызы өнімнің ұсталып кетуін емес, керісінше өның өсуін білдіреді. Несие алушы бұл жерде алған қаражаттарды тиімді қолданып алған пайда негізінде несиемен пайыздарды қайтарулары қажет. Капитал ссудасы банктік несиенін көп тараған түрі.
Қолдану саласы бойынша несиелер өндіріс саласы және айналым саласы болып бөлінеді. Қазіргі тәжірибе бойынша, қалыпты экономика позициясы боынша қалыптасқандай, қаражаттарды өндіріс саласына емес, операциялардың пайдалалығы мен айналамдылығы жылдам, айналым саласына салу жақсы дамыған[2, б. 76] .
Мерзіміне байланысты банктік несие, қысқа мерзімді, орта мерзімді ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Дәстүрлі казіргі кезеңнің несиелік ісі кысқа мерзімді несиенің көп болуымен ерекшеленеді. Көптеген нарықтық экономикалы елдердің позициясы бойынша, бұл өтелу мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер.
Ұзақ мерзімді несиелерге, мерзімі 10 жылдан асатын несиелер жатады. Бұл несие негізгі капиталды, қаржылық активтерді құруға керекті қаражаттар қажеттілігіне қызмет жасайды.
Орта мерзімді қаражаттарға, қолдану мерзімі 1-6 жылға дейінгі несиелер жатады.
Несиелендірудің және банк ссудаларының жіктелуінің маңызды элементі болып, олардың қамтамасыз етілуі жатады. Осы кезде ссудалар, тура, жанама қамтамасыз етілулері мүмкін немесе мүлдем қамтамасыз етілмеулері де мүмкін. Әлемдік тәжірибеде несиелер жиі, қамтамасыз етілген, қамтамасыз етілмеген немесе жартылай қамтамасыз етілген болып бөлінеді.
Әлемдік несиелік тәжірибеде несиенің қамтамасыз етілуіне байланысты әр түрлі көз қарастар бар. Орталықтандырылған банк жүйесінде, ең сенімді болып, тауарлы - материалды қамтамасыз етілген, несиелер саналды. Батыс банктері мұнымен келіспеді. Олардың тәжірибесіне сүйенсек керісінше тауарлы - материалды қамтамасыз етілі әліде оның дер кезінде қайтарылуына кепіл бола алмайды. Мысалға несие өнімнің жылдық қорына негізделіп беріледі, тауарды сату нарығын таппайды, бұндай несиенің, тауарлы - материалды кепілдемесі болғанымен, оны сенімді несие санатына жатқызу қиын. Керісінше несиенің қайтарылуы қиындай түседі.
Барлық мәселе несиені қамтамасыз етудің сапасында болуы мүмкін. Егерде кепілдеме бар болып, ол ликвидті болып, қажетті мөлшерде болса, бұндай кепілдемені жоққа шығармаған жөн.
Банк несиелерін, несиелендіру обьектілері бойынша бөлуге болады. Мысалға, саудада несиелендірудің обьектісі ретінде, тауар айналымдағы тауарлар бола алады.
Ұзақ мерзімді несиелер мынадай обьектілерді несиелендіруге бағытталады.
- өндірістік жобаларды несиелендіру
- өндірістік обьектілерді кеңейту және техникалық жабдықтарды реконструкциялау.
- техника жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу.
- өндіріске арналмаған обьектілердің құрылысы.
Банктік несиенің обьектісі жеке және жиынтық бола алады. Егерде несие беріліп тұрған зат басқа ссудалардан бөлектенсе, онда жеке болады.
Мысалға банк өз клиентінің тек қана шикізат өнімді жинауға деген қажеттілігін несиелендіре алады.
Жеке обьектіге карсы жанама обьектіні ала аламыз Бұнда, несие, бір- бірінен бөлектетілмеген және бір обьектіге біріктілілген көптеген обьектілерге беріледі. Кейбір кездерде несие алушыда, несие алатын натуралды - заттық кепілдемесі болмауы мүмкін. Бұл кездерде обьект ретінде, несие алушының қосымша қаржыға деген қажеттігі бола алады. Сондықтанда обьект тек қана материалды сезгіштік жағдайдағы затты ғана білдірмей, сонымен қатар несие алуға қажеттілік туғызатын материалды процесс бола алады.
Банктер өз саясатын қайта қарастыра отырып және несиенің берілуі мен қызметтің басқа түрлері арасындағы қолайлы арақатынасты табуға тырысады. Мысалы, кария инженеринг жүйесі - әр түрлі экономикалық кеңес берумен қоса алғандағы, қаржылай қызмет көрсетулердің толық комплектісін ұсыну дамытылады[3, б. 79] .
Кредитор ретінде банктердің ролі біршама төмендегеніне қарамастан, ол едәуір шамада қысқаруы мүмкін деп есептеуге негіз жоқ. Өйткені көптеген кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктері, бірінші кезекте, банктік несиесі есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік ком ниялар үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражатта алудың анағұрлым ыңғайлы формасы болып келеді. осылайша, несиелік жүйенің негізін ірі банктер құрайды, банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады
1. 2 Кіші және орта бизнес - банктік қызмет көрсету
саласының обьектісі ретінде
Кіші және орта кәсіпкерлік Республиканың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының маңызды факторы болып саналады. Кіші және орта бизнестің субьектілерінін дамуы көптеген мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді. Атап өтетін болсақ, кедейшілікпен күрес, жана жұмыс орындарының пайда болуы, экономиканың көтерілуі, инновациялық технологияларды ынталандыру және тағы да басқа. Экономиканың осы сегментінде мықты ұлттық интелектуалды потенциал, инновациялық техникалық ресурстар, венчурлық капитал шоғырланған. Кіші және орта бизнес ұлкен бизнестің негізі және оны дамытатын бастау болып табылады.
Алғаш рет "кәсіпкерлік" терминін Р. Кантильон енгізген. Кантильонның айтуы бойынша, кәсіпкер - бұл тұрақты табысы жоқ адам. Кәсіпкердің ең басты қасиеті, ол тәуекелге бара білуі.
Кәсіпкерліктің дамуы ең алдымен, дербес инициативті қызметке негізделіп, жеке табыс немесе пайда табуға бағытталған, тәуекелге барып, өз қызметіне жауап бере алатын, адамдардың жана сатысының пайда болуы болып табылыды.
Тарихи кіші кәсіпкерлік, локальді тауарлар мен қызметтер нарығына бағытталған дербес шаруашылық қызмет болып табылды. Бұндай кәсіпорындар үлкен капиталдан тәуелсіз, салық төлеп, мемлекет қолдауын қажет етпей өз ара кооперацияға түспеді. Бұл - классикалық кіші жіне орта бизнес. Еңбек бөлінісі дамып, капитал шоғырланып, көлік құралдарының тиімділігі артқан сайын біртіндеп ірі фирмалар пайда болды.
Дәстүрлі кіші бизнестің қызмет ету саласы - тауарлардын аз сериялы жеке өндірісі, бөлшек сауда, қонақ үйлік және қоғамдық тамақтандыру, құрылыс, көлік және денсаулық саласы болды.
Бұл - кіші кәсіпкерліктің алғашқы түрі, нарықтық қатынастардың дамып, алғашқы капиталдың жинақталуының негізгі буыны болып табылады. Міне осы азсериялы және жеке кіші кәсіпкерлік, кіші және орта буржуазияның негізі болып, капитализмнің тірегі болды. Кәсіпкерліктің бұл түрі қазірде кең таралған.
Кіші және орта бизнестін екінші кең таралған түрі, ірі кәсіпорындарға арналған бөлшектер мен қызметтердің жабдықтаушылары. Ірі электро техникалық, электрондық және автомобильді монополиялардың, жабдықтаушылары және дайын бұйымдарға қызмет көрсететін мыңдаған кіші және орта фирмалар бар. Кәсіпкерліктің бұл түрі экономиканың дұрыс қызмет етуіне қажет; өндіріс өсіп, еңбек бөлінісі кеңейіп, ғылыми техникалық прогресс дамыған сайын, оның көлемі де кеңейеді.
Қарастырылып отырған кәсіпорындардың үшінші түрі, мәні бойынша өндірістік кооперациялардын негізі болып келетін, шағын және орта акционерлік, жарналық қоғамдардын тобы болып табылады. Кіші және орта кооперациялық компаниялар, елде бәсекені қамтамасыз етіп, бағаны тұрақтандырып, жұмыссыздықты төмендетіп, салық базасын толтырып, жергілікті экономиканың дамуына жағдай жасайды.
Нарықтық экономикаға көшу барысында кіші және орта кәсіпкерліктің ерекше жаңа түрі пайда болды. Бұл кәсіпорындар былай айтқанда ештеңе өндірмейді Тауар тапшылығы жағдайында, олар мемлекеттік кәсіпорындарда, тауарларды арзан бағаға сатып алып, қаптап, нарықтық бағаға сатып отырған. Шикізаттан бастап дайын өнімге дейін шығарған тауарлары үлкен сұранысқа ие кәсіпорындар, жоғарыда қарастырған кіші және орта компаниялармен қоршауда болды десе де болады.
Бесінші және соңғы кіші және орта бизнестегі кәсіпорындардың түрі, мемлекет тарапынан жеңілдіктер жасалған мемлекеттерде көбінен таралған. Алдағы қарастырған кәсіпкерлік түріне ұқсас оларда жалған кәсіпкерлер болып табылады. Олардың негізгі мақсаты капиталдың ұдайы өндірісін дамыту емес, салықтарды үнемдеу барысында пайда табу[4, б. 52] .
Кіші бизнес - нарықтық экономиканың негізі. Ол, экономикалық реформалардың магистралды бағыты бола алады. Қазіргі таңда біз, Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастардың өміршеңдік жүйесіне толықтай енуіне куә болып отырмыз, алайда оларды әліде толықтай тәуелсіз және жоғары дамыған деп айту әлі ерте. Сонда да нарықтық экономиканың потенциалын тиімді қолдану барысында және Қазақстан экономикасының өндірістік шикізат секторының, банк жүйесінің дамуы барысында және әлемдік нарықта тиімді коньюктура жағдайында қазіргі таңға дейін қол жеткізбеген қарқынмен өсуде. Кейінгі төрт жылда ЖІӨ 39, 1% өсіп, елде инвистициялық өсім жоғарылайды. Негізгі капиталға жасалған инвестиция көлемі 102% өседі. Қазақстанда бұндай өсім бұрынғы совет экономикасының дамуының ең жақсы жылдарында да байқалмаған. Қазақстанда ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсімге бірқалыпты көшуге барлық жағдай жасалған және бұндай жайдайды өз кіші және орта бизнесімізді дамытуға тиімді пайдаланбау, біздің тарабымыздан жасалған үлкен қателік болып табылады. Кіші бизнес Қазақстан экономикасының дамуында алатын орны өте зор. Бұған, кіші және орта бизнестің өндірісті, экспортты дамытудағы маңызы, және дамыған және дамушы елдердегі алатын орнын қарастырып, айтуға болады.
Кіші бизнес ұлттық экономиканы дамытудың лидері бола отырып, ол, өндіріс, сату, қызмет көрсету, өнімді соңғы тұтынушыға дейін жеткізуде маңызды орын алады. Соны мен қатар кіші және орта бизнес өкілдеріне халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен сенім артылады. Қарқынды түрде дамып келе жатқан кіші және орта бизнес, экономикалық құрылымдарды тұрып қалуынан сақтап, төменгі сатылардан бастап бәсекені жандандырады. Нарықты зерттеумен айналысып, жаңа өңімдерді өндіре отырып, кіші және орта бизнес экономикалық өсімге жағдай жасайды.
Жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздықты төмендетумен қатар, кіші және орта бизнес, бәсеке қабілетті, қарқынды, диверсификациаланған экономиканы құруда өз үлесін қосады. Нарықтық жағдайда кіші және орта бизнестің дамуын сараптай келе, оларда ірі кәсіпорындармен салыстырғанда, тек қана әлсіз жақтары емес (шектелген мүмкіндік, тәуекелдіктін жоғары болуы, менеджменттін төмен деңгейі, әріптестердін сенімсіздігі және т. б) , сонымен қатар мықты жақтары да бар. Экономистердің тұжырымдамаларына сүйене отырып, келесі артықшылықтарын атап өтуге болады:
- Кіші және орта кәсіпкерлік нарықтын тез өзгеретін жағдайына бейімделіп, икемделіп, нарықтық бәсекелестіктің дамуында үлкен орын алады, сонымен қатар тұтыну нарығын тауар мен толтыру мәселелерін шешіп, кәсіпкерлік құрылымның жылдам бәсеке қабілетті буыны бола отырып, көп салалы өндірісті жүзеге асыра алады.
- Материалдар мен шикізатты қолдану коэффиценттері жоғары және ірі кәсіпорындарға тиімсіз материалдарды да қолдана алады.
- Шағын инновациялық кәсіпкерлік бір салада тоқтап қалмай барлық салаларды қамтиды.
- Кіші шағын фирмалар ірі компанияларға қарағанда ғылыми техникалық зерттеулер нәтижелерін, инновацияларды өндіріс пен өнеркәсіпке жылдам енгізеді.
- Ірі кәсіпорындар ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерді жүргізуге мүмкіншілігі әлде қайда көп болса да, күрделі басқару пирамидалары себебінен инновациялық процесс баяу атқарылады. Сондықтан ірі фирмалар сыртқы орта әсеріне икемсіз болып келеді. Ал кіші инновациялық, өндірістік кәсіпорындар, сыртқы ортаға тез икемделіп, жауап қайтарып, процесс бағытын жылдам өзгертуге қабілетті.
- Кіші және орта бизнесті құруға көп шығын, қымбат құралдар қажет емес. Оларды құру мерзімі минималды, салынған қаржы өзін-өзі тез ақтайды және шикізатты тиімді қолдану денгейі де өте жоғары.
- Кіші кәсіпорындар жергілікті нарық қажеттілігіне икемделеді. Сұраныстың аз болуына сәйкес және тұтынушылардың жеке қажеттілігін түбегейлі зерттеу қажеттілігі салдарынан, ірі фирмалар бұл нарықта жұмыс істей алмайды.
- Қазақстанда өте актуалды болып тұрған тұрғындардың өмір сүру денгейі артып. Халықтың ауылдан қалаға бағытталған миграциясы азаяды[5, б. 54] .
Кіші бизнес ғылыми техникалық прогресстін жаңалықтарын тез қабылдап, жаңа ерекше өнімдерді шығаруға тез бейімделіп, техникалық жағдайын тез және арзанға жаңартып, капитал салымдарының тез өзін өзі ақтауын қамтамасыз етеді. Егерде кіші кәсіпкерлік дамыған технологаялық базаға негізделсе, өндірісті басқаруда, үйымдастыруда прогрессивті формаларды қолданса, яғни дамыған өндірістік қатынастарды қамтамасыз етсе ғана үлкен жетістіктерге жетеді. Егерде прогрессивті өзгерістер болып, кіші және орта бизнес мемлекет тарабынан қаржылық, материалды, құқықтық қолдау тапса, экономиканың кіші секторының тиімділігі және оның Қазақстан экономикасының нарыққа ауысуы және құрылуындағы орны арта түседі.
Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетудің бағытына, масштабына көптеген жылдар бойы жағымсыз әсер етуші факторлардың бірі, шағын бизнес түсінігінің айқынсыздығы болып табылады. Жалпы кәсіпкерліктін қандай көлемін кіші және орта бизнске жатқызу керектігі түсініксіз болды. Осыдан кіші кәсіпкерлікке арналған, салық саясатында, салық және кедендік жеңілдіктер саясатындағы көптеген түсініспеушіліктер туындады, соның салдарынан бұл жеңілдіктермен көбінесе ірі кәсіпорындар қолданып, керісінше кіші кәсіпкерлікке зияның тигізді.
Қазақстан Республикасының Президентінің" Кіші кәсіпкерлікті белсендіру және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы" Жарлығы қабылданғаннан кейін, кіші кәсіпкерліктің құқықтық статусы анықталды., ал 1997 жылы үкіметтің арнайы қаулысы шыққаннан кейін, кіші кәсіпкерліктін статусы, сандық нормативтері және жалпы активтерінің құнының лимиті айқындалды.
Осы нормативтерге сәйкес кішіге мынандай көлемде жұмыскерлері бар кәсіпорындар жатады:
- Өндіріс саласында және құрылыста - 50 адамға дейін.
- Ауылшаруашылығында және ауылшаруашылық өнімдерін өндеу саласында - 50 адамға дейін.
- Көлік және байланыс саласында - 25 адам.
- Ғылым және инновациялық қызмет саласы, венчурлы комапнияларды қосқанда -20 адам.
- Бөлшек сауда және тұрмыстық қызмет көрсет саласында - 30 адамға дейін.
- Басқа салаларда, басқа қызметті жүзеге асырғанда. - 50 адамға дейін.
Орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтін адамдар саны кіші кәсіпкерліктін шегінен аспай, сонымен қатар 500 адамнан көп болмауы керек .
Осылайша кіші бизнес деп біз, кіші кәсіпкерлік критериясына жататын заңды және жеке тұлғаларды түсінеміз.
Қазіргі таңда Қазақстан алдында кіші және орта бизнестің белсенділігін арттыру мәселесі тұр., бұл мәселені шешу ең алдымен мына сұрақтарға жауап табу керек.
- Экономиканың ұзақ мерзімді тұрақты өсуін қамтамасыз ету, бұл мәселе кіші және орта бизнестін елдің өндірістік құрылымындағы үлестің аздығымен байланысты. Бұл көрсеткіш 14% құрайды. Батыс Европа елдерінде 35-50%: Дамыған елдерде 60-70% құрайды. Бұл Қазақстанда бар потенциалға сәйкес келмейді, ішкі нарықта сырттан әкелген тауарлар басым, қөптеген ірі фирмалар қажетті материалдармен қосымша бөліктерді өзімізде де бөліктерді жасауға мүмкіндік бола тұра, сырттан алады.
- Дамыған елдерде кіші және орта бизнеске экономикада жұмыспен қамтылғандардың көп бөлігі келеді, бұл жұмыссыздық мәселесін шешеді. Қазақстанда кіші кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың үлесі 19, 7 % Батыс Европа елдерінде 40-60%, дамыған елдерде 90% құрайды.
- Регионалды аспектідегі экономиканың дамуының бір қалыпсыздығы, бұл республикадаға кіші және орта денгейдегі қалашықтардың құлдырауы. Жекелеген аудандарда жұмыссыздық деңгейі 30-50% құрайды.
- Экономиканың шикізатқа бейімделуі, оның құрылымында ірі фирмалардың үлесінің жоғары болуы және кіші және орта бизнестің қажетті деңгейде дамымауына байланысты ел экономикасының сыртқы және ішкі келеңсіз әсерлерге төтеп беруінің әлсіздігі.
- Сонымен қатар қоғамның әлеуметтік және саяси тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта класты құру және нарықтық реформалардың әлеуметтік базасын құру мақсатында, нарықтық өзгерістерді қоғамның барлық бөліктеріне тарату.
Жанадан құрылып келе жатқан кіші және орта бизнестің барлық мәселерінің ішінен Қазақстан Республикасының Президенті, екі негізгісін атап көрсетті: біріншіден өз қызметі барысында кіші бизнеспен жанасатын мемлекеттік органдармен қызметткерлердің жалғасып келе жатқан ауыртпашылығы. ; екіншіден ұзақ мерзімді несиелердің жоқтығы. Оның айтуы бойынша :
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz