Қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық мәдениетінің алтын қорынан сақталған қымбат қазыналар
1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім
2.1. “Қасым ханның қасқа жолы” 5
2.2. “Есім ханның ескі жолы” 7
2.3. “Жеті жарғы” . дәстүрлі мемлекет және құқық ескерткіші 11
3. Қорытынды 18
Қазақ заңдарының маңызы 19

Әр елдің өзіне лайық заңы бар. Мұндай заң біздің туған халқымызда да ертеден қалыптасқан. Ол кезде қағазға түспесе де, білікті, зерделі, беделді адамдардың, ақсақалдардың аузынан көпке тарап, ғасырлар көшіне ілесіп, жалғасып отырған. Қазақ заңдары – жазылмаған құқық, ол құқықтық дәстүрлер жиынтығы болып табылады. Қазақ заңдары ғасырлар бойы қалыптасты және өзінің даму тарихы барысында бірқатар кезеңдерден өтті, оған басқа құқықтық жүйелер, мысалы мұсылман құқықтық жүйесі, Ресей империялық заңдары, көршілес моңғол-ойрат заңдары көп әсер етті. Бұл ережелер, қағидалар далалық ұлттардың әдет, салтына, тұрмысына әбден лайық жасалып, қылмыс, даушар, әділет істері осы заң негізінде шешімін тапқан. Қазақ заңының тағы бір ерекшелігі тек әділдік пен дін жолын ұстанумен бірге сөз өнерін: шешендік, тапқырлық, айтқыштық өнерді де жоғары бағалап, оған жүгінген. Соған лайық әділ билердің өзін де, сөзін де қадір тұтып, олардың есімін аузынан тастамаған. “Қара қылды қақ жарған”, “туғаны жоқ тура би” Төле, Қазыбек, Әйтеке, Жанқұтты, Байдалы, Досбол сынды ардагерлерді халық төбесіне көтеріп, ханмен қатар қадірлеп, құрмет тұтқан. Осы кісілердің дуалы аузынан әділ заңға арналған “Ұсынған басты қылыш кеспейді”, “Аталы сөзге арсыз да тоқтайды”, “Жаңылғанға жаза жоқ”, “Барымтаға - қарымта”, “Тез қасында қисық ағаш жатпайды” деген көркем де көсем сөздер туған.
Елді елдікке, ынтымаққа, бірлікке бастайтын және сол жолда жанын сала күрескен ерлерді туғызатын заман. Қазақ халқы өзінің бұрынғы-соңғы тарихында басынан небір қилы замандарды өткізген. Олай болса талайлы тағдыр өмірден із-түссіз өте шығуы мүмкін емес. Тарихтың терең-терең қатпарларына көз жіберер болсақ, елдің есі мен санасында ұзақ уақыттан бері сақталып келе жатқан небір орасан оқиғалардың салиқалы соқпақтарынан аңғарамыз. Сол соқпақтардың бойында еліне елеулі еңбек сіңіріп, қаһармандық қызмет атқарған ірі-ірі тұлғалардың өмірі мен тарихта қалдырған іздері әлі күнге дейін сайрап жатыр. Халық өз басына қатер төнген шақтарда, тағдыры таразы басына түскен алмағайып сәттерде бар күш-қайратын әлгі зобалаңға қарсы қойып, ақыл-парасатымен, білегінің күшімен арашаға түсіп, сол жолда шыбын жанын аямаған, елінің, ұлтының тәуелсіздігін, бостандығын қорғаған нар тұлғалы, алып азаматтардың ерлігін де, есімін де еш уақытта ұмытпайды. Қайта уақыт өткен сайын қадір-қасиетін арттырып, төбесіне көтере түседі. Сондай тұлғалар - Қасым хан, Есім хан және әз Тәуке хан.

1. « Тарихи танымң. Байұзақ Қожабекұлы Албани. «Ататекң
2. Түркістан халық энциклопедиясы Алматы 2000ж
3. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы 2003ж.
4. Байпақов К.М. Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. Алматы 2001ж.
5. Аманжолов К.Р. Қазақстан тарихы. Алматы “Білім” 2004ж.

Жоспар
1. Кіріспе
Қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық мәдениетінің алтын
қорынан сақталған қымбат қазыналар
2. Негізгі бөлім
2.1. “Қасым ханның қасқа жолы” 5
2.2. “Есім ханның ескі жолы” 7
2.3. “Жеті жарғы” – дәстүрлі мемлекет және құқық
ескерткіші 11
3. Қорытынды 18
Қазақ заңдарының маңызы 19
Кіріспе
Әр елдің өзіне лайық заңы бар. Мұндай заң біздің туған халқымызда да
ертеден қалыптасқан. Ол кезде қағазға түспесе де, білікті, зерделі, беделді
адамдардың, ақсақалдардың аузынан көпке тарап, ғасырлар көшіне ілесіп,
жалғасып отырған. Қазақ заңдары – жазылмаған құқық, ол құқықтық дәстүрлер
жиынтығы болып табылады. Қазақ заңдары ғасырлар бойы қалыптасты және өзінің
даму тарихы барысында бірқатар кезеңдерден өтті, оған басқа құқықтық
жүйелер, мысалы мұсылман құқықтық жүйесі, Ресей империялық заңдары,
көршілес моңғол-ойрат заңдары көп әсер етті. Бұл ережелер, қағидалар
далалық ұлттардың әдет, салтына, тұрмысына әбден лайық жасалып, қылмыс,
даушар, әділет істері осы заң негізінде шешімін тапқан. Қазақ заңының тағы
бір ерекшелігі тек әділдік пен дін жолын ұстанумен бірге сөз өнерін:
шешендік, тапқырлық, айтқыштық өнерді де жоғары бағалап, оған жүгінген.
Соған лайық әділ билердің өзін де, сөзін де қадір тұтып, олардың есімін
аузынан тастамаған. “Қара қылды қақ жарған”, “туғаны жоқ тура би” Төле,
Қазыбек, Әйтеке, Жанқұтты, Байдалы, Досбол сынды ардагерлерді халық
төбесіне көтеріп, ханмен қатар қадірлеп, құрмет тұтқан. Осы кісілердің
дуалы аузынан әділ заңға арналған “Ұсынған басты қылыш кеспейді”, “Аталы
сөзге арсыз да тоқтайды”, “Жаңылғанға жаза жоқ”, “Барымтаға - қарымта”,
“Тез қасында қисық ағаш жатпайды” деген көркем де көсем сөздер туған.
Елді елдікке, ынтымаққа, бірлікке бастайтын және сол жолда жанын сала
күрескен ерлерді туғызатын заман. Қазақ халқы өзінің бұрынғы-соңғы
тарихында басынан небір қилы замандарды өткізген. Олай болса талайлы тағдыр
өмірден із-түссіз өте шығуы мүмкін емес. Тарихтың терең-терең қатпарларына
көз жіберер болсақ, елдің есі мен санасында ұзақ уақыттан бері сақталып
келе жатқан небір орасан оқиғалардың салиқалы соқпақтарынан аңғарамыз. Сол
соқпақтардың бойында еліне елеулі еңбек сіңіріп, қаһармандық қызмет
атқарған ірі-ірі тұлғалардың өмірі мен тарихта қалдырған іздері әлі күнге
дейін сайрап жатыр. Халық өз басына қатер төнген шақтарда, тағдыры таразы
басына түскен алмағайып сәттерде бар күш-қайратын әлгі зобалаңға қарсы
қойып, ақыл-парасатымен, білегінің күшімен арашаға түсіп, сол жолда шыбын
жанын аямаған, елінің, ұлтының тәуелсіздігін, бостандығын қорғаған нар
тұлғалы, алып азаматтардың ерлігін де, есімін де еш уақытта ұмытпайды.
Қайта уақыт өткен сайын қадір-қасиетін арттырып, төбесіне көтере түседі.
Сондай тұлғалар - Қасым хан, Есім хан және әз Тәуке хан.
Қазақ хандығында “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолы”,
Тәуке ханның “Жеті жарғысы” деп аталатын заңдар болды. Бұл заңдар сол
заманда ислам дінін тұтынатын Күншығыс пен Орта Азияның бірсыпыра
елдеріндегі феодалдық мемлекеттер мен хандықтарда жаппай қолданылып отырған
ислам дінінің “шариғат” заңынан мүлде басқаша болатын. Бұл қазақ хандығының
ерекше тарихи әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының туындысы еді.
Қазақ хандығы заңдарының түп төркіні қазақ халқында ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып келген әдет-ғұрыптық ережелерден шықты. Бұл ғұрып-әдеттік ережелер
ежелден ел салтына сіңген. Халық бұқарасына түсінікті заң болды.
Қазақтың ежелгі ғасырлар бойы қалыптасып, құқық дәрежесіне ие болған
әдет-ғұрып қағидалары, солармен бітіскен хан-би ережелері талай дәуірді
басынан кешірді. Соған қарамастан өзіндік алғашқы ішкі қасиеттері мен
құрылымдарын сақтап қалды, жаңа дәуірге шейін жеткізді. Айнала дүние
өзгеріп жатса да, дамыған көрші елдердің ықпалы күшейе түссе де қазақ құқық
ережелерінің өмірі ұзақ болды.
Ертедегі тұғыры мен қасиеттерін сақтап қалған ата-баба заңдары қазақ
қоғамы тарихының ажырамас бөлігі.
Көшпелі шаруашылық негізінде құрылған қоғамда кең тараған патриархалды-
феодалдық қатынастар негізінде қалыптасып дамыған әдет-ғұрып құқық
ережелері бірте-бірте тұрақты да жүйелі құбылысқа айналған болатын. Ресей
патшасы қазақ жерін өзінің ішкі отарына айналдырған кзде де ол өміршеңдік
қабілетін жоймай, өз тұғырынан таймаған-ды. Ресей әкімшілігі енгізген жаңа
құқық ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ ата-баба ережелерін күштеп қоғамдық
өмірдің кейбір салаларынан кейбір аймақтарда ығыстыра бастады немесе
қабаттаса өмір сүрді. Дегенмен, орыс заңдарының және ислам шариғат
жүйесінің әсері жылдан жылға арта түскеніне қарамастан, революцияға дейінгі
қазақ даласында қоғамдық қатынастардың маңызды салаларын реттеуде ата-баба
ережелерінің басымдылығы сақталған еді.
“Қасым ханның қасқа жолы”
Қазақ хандығының іргесін қалаушы хандардың бірі Қасым хан (билік
құрған жылдары 1511 - 1523) жоғарыдағы саяси жағдайға және халық бұқарасы
мен билер тобының тілегіне негізделіп, қазақ халқының ежелгі әдет-ғұрыптық
ереже-тәртіптеріне мәнді өзгерістер енгізіп, дамытып билер кеңесінде
ақылдаса отырып, “жарғы” заңын жасады.
Бірнеше мың жыл бойы Еуразия көшпелілерінің жуан ортасында алаш туының
астында болған қазақ руларының өз бетімен мемлекет құрған үақыты XV
ғасырдың ортасы. Керей және Жәнібек хандардың кезінде мемлекеттік идеяның
өміршеңдігі үшін күрескен қазақ рулары Жәнібек баласы Қасым хан кезінде
мемлекетті нығайту, заң ережелерін бір қалыпқа келтіру, ішкі және сыртқы
саяси ахуалға заңдарды ыңғайлау мәселесіне кіріскенге ұқсайды.
Қазақ шежіресінде бұл кезең “Әз Жәнібектің тоғыз ұлы болыпты. Оның
бірі - Қасым хан. Бұл тақты Сарайшықтан көшіріп Ұлытауға орнатыпты. Қазақты
қатарға қосып кеткен осы Қасым хан. Қазақ ортасында “Қасым ханның қасқа
жолы” делінетін сөз үлгі, қасиет болып қалды”- деп суреттеледі.
“Қасым ханның қасқа жолы” туралы қазақтың ауыз екі әңгімелерінде
аздаған мәліметтер кездесіп қалады. Акдемик Ә. Марғұлан “Қасым ханның қасқа
жолы” заңдарын орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстарында қолданылған
“Ярғу” заңынан алынған, қазақша “Жарғы” деген ұғымды береді деп есептеді.
Бұл ұғымның түпкі мәні жару, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл,
әділ айтудан шыққан: “Дауды әділ, тура шешкен билерді халық бұқарасы
ардақтап ”қара қылды қақ жарған” деп мадақтаған. Өзінің мазмұны бойынша бұл
заңның түбегегейлі идеясы ежелгі әскери-демократия арнасына барып тіреледі.
XV ғ. соңында - XVІ ғ. басында Бұқардың ишан-қазылары қазақ өлкесіне діни
үгіт таратып, “ежелгі Жарғы заңын қалдырыңдар. Ол көкке табынған
дінсіздіктің ісі, оның орнына шариғат қағидасына ауысыңдар. Ант бергенде
“көк соқсын” деп айтпаңдар, “құран соқсын” деп, құранды бастарыңа
көтеріңдер”- деп үгіттейді. Бірақ халық бұқарасы оған селқос қарап, көп
заман шариғат қағидасына ойыса қоймады. Уақыттың көбін мал бағумен өткізген
халық бұқарасы шариғат қағидаларын өте қиын деп ойлады”.
Ә. Марғұланның айтуы бойынша саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде қалың
қазақтың, оның басшылары от ауызды, орақ тілді, елге сыйлы билердің
ықпалымен Қасым хан ерте заманнан бері көшпелілер мойындап келген “Жарғы”
заңын күшейтті. Осындай себепке байланысты “халық Қасымның шариғатты алмай,
ежелден қалыптасқан билер заңы - “Жарғыны” жаңадан көтергенін қатты ұнатып
оны “Қасым ханның қасқа жолы” деп атап кетті”.
Бұл заңға кірген ережелер мынадай:
1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері).
2. Қылмыс заңы (кісі өлтірку, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына
жаза).
3. Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны,
тұлпар ат).
4. Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда
сыпайылық, әдептілік).
5. Жұртшылық заңы (шүлен тарату, ас, той, мереке үстіндегі ережелер,
жасауыл, бөкеуіл, тұтқауылдардың міндеті).
Қасым хан заманында қазақ елі хан ордасын Еуразия көшпелілерінің
ежелгі саяси-этникалық орталығы Ұлытауға көшіріп, Алаша хан атын қайта
жаңғыртты. Қазақ елінің ұлттық идеясының мықты ірге тасы, қазақ қауымына
біріккен сан алуан тайпалардың басын құрап отырған ортақ тамыр Алаша ханға
арнап Ұлытауда Қасым хан биік күмбез орнатты. Олай болса “Қасым ханның
қасқа жолы” тек құқықтық көзқарастардың жинағы ғана емес, ол ең алдымен
қазақтың ел болу үшін, жұрт болу үшін күрес жолы.
Қазақтың басын құрап, өз бетімен ел қылып, найзамен шекарасын сызып
кеткен Қасым ханның қазасынан кейін хан билігі ұзақ уақытқа созылған
дағдарысқа түсті. Осындай қысылтаяң кезде мемлекет билігін түзеу міндеті
Шығай ханның ұлы, Тәуекел ханның інісі Есім хан иығына түсті.
“Есім ханның ескі жолы”
Таризхымызда “Қасым ханның қасқа жолы”, Тәуке ханның “Жеті жарғысы”
атты қазақтың әдет-ғұрып заңдарының жинағы болғаны әмбеге аян. Алайда, осы
күнге дейін бұл заңдардың түбі, мазмұны мен қамтитын мәселелері ғылымда
мүлдем белгісіз болып келген. Ешкім, ешуақытта бұл мәселені арнайы
зерттемеген. Сөз жоқ, осы аталған заңдарды тауып, оқушылардың қолына беру
кімде-кімнің болмасын қасиетті парызы. Өйткені бұл заңдар қазақ қоғамының
сол дәуірін оқып-үйренуде маңызды факторлар ғана болып табылмайды. Сонымен
бірге қазақ қоғамының құқықтық мәдениетінің деңгейін сипаттауда маңызы зор.
Көптен бері ізденіс, зерттеулер жүргізудің нәтижесінде қазақ халқының
әдет-ғұрып ереже-заң нормалары жайлы біркелкі тұжырымдарға жарарлық
мағлұматтар жиналған. Солардың бірі ХХ ғасырдың басында өмір сүрген, бүкіл
Орта жүзге аты әйгілі Саққұлақ бидің қолжазба жинағы. Тағы басқа да
жиналған деректерге сүйене отырып, оны баласы Ералы өз түсініктерімен
кезінде жазып қалдырған. “Есім ханның ескі жолы” заңдары жайлы көпшілік
алдына бірлі-жарымды пікірлер бар.
Есім хан қазақтарға 1598 – 1628 жылдары хан болған. Ол өзінен бұрынғы
Орыс хан, Қасым хан жасаған әдет-ғұрып заң нормаларын қайта қарап, өз
дәуіріне лайықты етіп түзеген. Өзінің мазмұнына қарай құн дауы, жер дауы,
жесір дауы, мал дауы секілді күрделі тараулардан құралады.
Ел аузында сақталған деректерге қарағанда, Есім хан тұсында “қасқа
жолға” қосылған жаңалық: “хан болсын, ханға лайық заң болсын; абыз болсын,
абыз сыйлау парыз болсын, би болсын, би түсетін үй болсын” деген ережелер
екен. Бұл қазақ хандығы құрылысының саяси-әкімшілік, әскери, рухани және
сот істері жөніндегі негізгі заң сипатындағы төрт тұғыр екені байқалады.
“Ескі заң” деп аталуына қарағанда, сірә, бұл ережелер бұрыннан келе жатқан
дәстүрлі бір жүлгемен жасалған болуы да ықтимал.
Ежелден-ақ қазақ қоғамындағы күрделі даулардың бірі – кісі өлімі. Кісі
өлімі үшін құн алынған. Есім хан шығарған арнайы заң бойынша өлген кісіге
өлтіруші жақ құн төлеуге міндетті. “Ер адамның құнына жүз жылқы, алты жақсы
(6 түйе)” кесілген. Ол барлық еркек үшін, бай, кедей, кәрі, жас демей
бәріне бірдей сол дәуірде бұл алынған негізгі құн өлшеуінен артық құнның
мынадай түрі болған:
1. Өнер құны. Оған жүлде алған атақты адамның құны жатады. Жүлде алған
деп, жұртқа белгілі ақындар мен топқа түсіп бәйге алған балуандар
есептеледі, олардың құны үшін екі кісінің құны (200 жылқы, 12 түйе)
кесілуі керек.
2. Сүйек құны. Оған өлген кісінің сүйегі үшін төленетін құн жатады.
Мысалы, өлген адамның сүйегі туған-туысқанының қолына түспей, жоқ
болып кетсе, ол үшін екі адамның құнын төлеулері керек.
Бұл екі түрлі құнды үстеме құн деп атаған. Кісі өліміне құн төлеу
жайлы жоғарыда айтылған ойға “Есім ханның көкаласы бір-ақ бесті” деген
қағида толық дәлел бола алады. Ұры ұрлап кеткен Есім ханның көкала дейтін
аты қанша жақсы, жүйрік жылқы болғанымен, ас пен тойға қосылып, бәйге алған
мал емес екен. Сондықтан да ұрыдан төлеу алғанда төлеуге бір-ақ бесті
кесіпті. Біз мұнан жұрт көзіне түсіп, белгілі болу, болмауына
байланыстылығын көреміз.
Болса да ол дәуірде құл мен күңге құн төленбегенін біз Есім ханның
замандасы әрі әскербасы батырларының бірі Жиембет жырау Бортоғашұлының
“Еңсегей бойлы ер Есім” атты толғауында:
“...Мен өлсем құнсыз кетер деме сен
Кешегі өзің ұрып өлтірген
Тілеуберді құлыңдай!...” –
дегенінен аңғара аламыз.
Ал, Тәуке хан тұсында “құн мөлшері қарапайым ерлер үшін 1000 қой,
ақсүйекті өлтіргендер қарапайым кісі құнынан жеті есе артық құн” төлеген,
яғни кісі өлімі үшін төленетін құн мөлшері көп болған.
Әйел адамның құны “Есім ханның ескі заңы” бойынша қалың малдың шамасы
бойынша өлшенген.
Өлген әйелдің тұқымының қызына алатын қалың малы қандай болса, сондай
мал төлеуге тиісті, болмаса қыз орнына өлтіруші жақ қалыңсыз қыз беруі
керек. Бұдан бізге белгілі болғаны, еркек адамның құнынан айырма әйел
адамның құнының әртүрлі екендігі. Бұл қыз әкесінің әл-ауқатына қарай, қалың
малдың мөлшеріне байланысты.
Даудың тексерілуі кісі өлтірушінің алдында өтеді. Қылмыс істеген
адамды - қанды қол, құн сұрауға келген адамдарды даугер деп атайды. Дауға
келген талапкерлерді ел болып күтіп алып, оларға шыққан шығынға руластары
түгел ортақ болуы керек. Дауда сөйлеуге екі жақтың да белгіленген кісілері
(шешендері) болады. Олар тәртіп бойынша кезекпен дауларын айтып, қағысады.
Ақырында екі жақтан бітімші (би) кісілер белгіленіп, олар келісімге келіп,
шешімдерін айтады.
Ал, Тәуке хан дәуіріндегі “Жеті жарғы” бойынша мұндай дауларды тек
билер ғана шешіп, шешімдері үшін билік ақы алған.
Қазақ қоғамындағы екінші бір үлкен дау – жесір дауы. Жесір деген сөз
әйел жынысының ерсіз бос отырған жігіне тән атау. Демек, қалың беріп
атастырып қойған, бірақ ұзатылмаған қыз атастырылған ері өлген әйел де
барған елінің жесірі болады. “Ерден кетсе де елден кетпейді” деген қағиданы
берік тұтынуы, әйел тек ерінің ғана емес, бүкіл руының қарамағында болғанын
айғақтайды. Дегенмен, Есім ханның заңы бойынша жесірге сол рудан адам
таңдауына рұқсат етіледі. “Егер таңдаған адамы бас тартса, онда әйелдің
басы босап, қалың малы қайтарылады”. Ал, Тәуке хан тұсында ертедегі “алтын
басты әйелден, бақыр басты еркек артық” деген қағиданың тозығы жете
бастаған сияқты.
Қазақ қоғамында мал-мүлік дауы да ерекше орын алған. Қазақ үшін байлық
- мал. Малдың еті, сүті – тамақ та, жүні, терісі – киім, мал қазаққа көшсе
– көлігі, мінсе жүйрігі, яғни малсыз тірлік жоқ. Сондықтан да ескі
патриархалдық-феодалдық қазақ қоғамында қай көшпендінің болмасын арманының
асқарларының бірі – мал. Әрі қазақтар осындай байлықтарын (мал-мүлік) қатаң
күзет қоймастан немесе құлып салмастан ашық қалдырулары себепті ұрлық
істеушілер сонау Шыңғыс ханның “Жаса” заңынан бастап-ақ қатаң жазаланып
отырған. Есім хан да ұрыларға аяушылықпен қарамағаны хақ.
Ұрланған аяқты мал үшін ұрыдан ол малдың көзі қайтарылады, көзі жоқ
болып кетсе, оның тұрарлық төлеуі алынады, оның үстіне: бір қара
ұрланғанның айыбына “ауыздықсыз ат, астарсыз шапан”, он қараға дейін
қосымша “аттон” кесілген. Он қарадан жоғары ұрлаған ұрыдан “мойнына қосақ,
артына тіркеу” дейтін екі қара айып алынады. Орта жүз Момын деген атаның
жүз жылқысын Найманның Ебей, Себей деген ұрылары алады. Мал иелері артынан
қуып барса, Найманның Көкшолақ деген биі ешкімді аяғына отырғызбайды, малын
қайырмайды. Сонда қуғыншыларға ілесіп барған 12 жасар Досбол:
“...Қысырында бермесең,
Буазында берерсің.
Арығында бермесең,
Семізінде берерсің.
Өз алдында бермесең,
Өнерімді көрерсің,”-
деп тепсініп тұрып кетеді. Сонда Көкшолақ: мына бала түбі құтқармас,
мойнына қосақ, құйрығына тіркеу қосып құтыла көріңдер,- депті. Осындағы
билік шешім Есім хан заңымен айтылғаны айдан анық. Дегенмен, Тәуке ханның
“Жеті жарғысында” ұрыдан үш тоғыз (27) есе артық айып алуына қарағанда бұл
айып әлдеқайда жеңіл.
Есім хан заманы – шетелдіктермен күресте көбіне жеңісті, сәтті болып
отырғанмен де аса тынымсыз, елдің тынышын кетірген ауыр заман еді. Осындай
қилы заманда сәйгүлік тұлпар, қаса жүйрік жылқы ер жігіттің жан серігі, ең
жақын досы іспетті болған. Бұны барлық батырлар жырларынан мысалға алуға
болады. “Есім ханның ескі жолында” жүлде мен бәйге алып жүрген, жұрт көзіне
түскен жүйріктің кесімді құны алып жүрген бәйгесінің және жорықта келтірген
пайдасының түріне қарай өлшеп, шешкен. Әрине жылқы малының жүйрігін мұнша
қастерлеу Шыңғыс ханның “Жаса” заңында бар.
Тәуке ханның “Жеті жарғысы”
“Қасқа жол” мен “Ескі жол” заңдары XVІІ ғасырдың аяқ кезі мен XVІІІ
ғасырдың басында қайта толықтырылып, елеулі өзгерістер енгізіліп дамытылды.
Тәуке хан (1680 – 1718) тұсында “Күлтөбенің басында күнде кеңес” өткізіліп,
“Қасқа жолдың” бұрынғы бес тарауына тағы да екі тарау қосылып, “жеті жарғы”
(“жеті заң”) деп аталды. Бұл жаңадан қосылған екі тарау: жер дауы туралы
заң мен құн дауы туралы заң еді. Тәуке хан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz