Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін басқару
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I.тарау. Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін басқару жүйесі ... ... ... ... ... .4
1.1 Бәсекенің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін басқарудың негізгі қағидалары..6
II.тарау. Нарықтық экономикада кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін талдау. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
2.1 М. Портердің “бәсекелік артықшылықтар теориясын” қолдану мүмкіндігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2 Кәсіпорындардың бәсекетөзімділігінің стратегиясын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
III.тарау. Нарықтық экономикада кәсіпорынның бәсекеқабілетін басқаруды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Таңдап алынған курстық жұмыстың негізгі мақсаты жетілген бәсекелі нарықта бәсекеқабілеттілік пен бәсекеқабілеттілікті басқару болып табылады. Ал енді курстық жұмыстың қарастыратын негізгі мәселерін атап өтсек.
Қазіргі Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастардың қалыптасу үрдісінің жүруімен сипатталады. Олардың пайда болуы мен қалыптасуы экономиканың барлық саласын қамтыған дағдарысты жеңу және экономиканы әкімшіл-әміршілдік арқылы басқарудың мүмкін еместігін алдын ала анықтап берді.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі.
Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан көпшілік тарапынан осы бір мәселеге көп көңіл аударуда. Ол сату нарықтары, өткізу көлемдері, қосымша табысты табуды көздейтін өндірушілердің экономикалық стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес кәсіпорындар әрі шығарылатын өнімдердің бағаларын төмендету арқылы әрі нарықта бар өнімдерден сапалық көрсеткіштері жағынан ерекшеленетін өнімдерін өндіру арқылы бәсекелестерді ығыстыруға және нарықтағы жағдайларын нығайтуға ұмтылуы керек.
Жетілген бәсекелі нарық жағдайындағы бәсекеқабілеттілікті басқару теориалары, стратегиялары мен қағидаларына талдау жасап кетеміз.
Сонымен қатар жетілген бәсекелі нарық жағдайындағы фирмалардың бәсекелестік артықшылықтарға жетудің жолдарын қарастырғанда атақты американдық Гарвард университетінің профессоры Майкл Портердің еңбегі “артықшылықтар теориясына” сүйенеміз.
Басқа да көптеген елдер өздері шығарған тауарлардың көрсетіп отырған қызмет салаларының бәсекеқабілеттілігін арттыру қамында. Бұл заман талабы, өйткені жаһандану үрдісінен ешкім тыс қала алмайды. Шаруашылық жүйесінде болсын, әлеуметтік салаларда болсын әлем елдерінің бір-бірімен бәсекелестігі күшейді, одан әрі күшейе түседі. Ал енді осыған қабілеті мол елдер ұтады, жоқтары ұтылады.

1. Каренов Р.С., Раиымбеков Б.Х., Ақжолов А.М. Основы менеджмента. – Карағанда: Полиграфия, 1995.-282с.
2. Виханский О.С., Наумов А.И. менеджмент: Учебник, 3-е изд.– М.: Гардарика, 1998. –288с.
3. Егемен Қазақстан 9-сәуір жұма. 2004 ж.
4. Халықаралық экономикалық қатынастар. Елемесов М.С.
5. Виханский О.С., Наумов А.И Практикум по курсу “менеджмент”. – М.: Гардарика, 1998.-288с.
6. Управление - это наука и искусство: А. Файоль, Г, Эмерсон, Ф. Тейлор. –М.: Республика, 1992.-351с.
7. Қазақстан Республикасы Президенті мен ҚР Үкімет акт жинағы. Собр.акт –2003г. N25.
8. Труд в Казахтане. 2003г. N10.
9. Аль-Пари 2003г. N2. стр 161-162.
10. Қаржы және қаражат. Умирзаков.С “Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін басқару” 2003ж. №127

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Экономикалық теория кафедрасы
Менеджмент пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы: “Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін басқару”
Ғылыми жетекші: оқытушы
Есенгельдина
А.С.
Орындаған:ГМУ-21 тобының
студенті Әбдіров .Е.С
Қарағанды 2005ж
Жоспар.
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3
I-тарау. Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін басқару
жүйесі ... ... ... ... ... .4
1.1 Бәсекенің жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін басқарудың негізгі қағидалары..6
II-тарау. Нарықтық экономикада кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін
талдау.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
2.1 М. Портердің “бәсекелік артықшылықтар теориясын” қолдану
мүмкіндігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 9
2. Кәсіпорындардың бәсекетөзімділігінің стратегиясын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
III-тарау. Нарықтық экономикада кәсіпорынның бәсекеқабілетін басқаруды
жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
5
Кіріспе.
Таңдап алынған курстық жұмыстың негізгі мақсаты жетілген бәсекелі
нарықта бәсекеқабілеттілік пен бәсекеқабілеттілікті басқару болып табылады.
Ал енді курстық жұмыстың қарастыратын негізгі мәселерін атап өтсек.
Қазіргі Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастардың қалыптасу
үрдісінің жүруімен сипатталады. Олардың пайда болуы мен қалыптасуы
экономиканың барлық саласын қамтыған дағдарысты жеңу және экономиканы
әкімшіл-әміршілдік арқылы басқарудың мүмкін еместігін алдын ала анықтап
берді.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге
жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы
жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-
бірімен күресі.
Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін кәсіпорынның
бәсекеқабілеттілігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан көпшілік
тарапынан осы бір мәселеге көп көңіл аударуда. Ол сату нарықтары, өткізу
көлемдері, қосымша табысты табуды көздейтін өндірушілердің экономикалық
стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес
кәсіпорындар әрі шығарылатын өнімдердің бағаларын төмендету арқылы әрі
нарықта бар өнімдерден сапалық көрсеткіштері жағынан ерекшеленетін
өнімдерін өндіру арқылы бәсекелестерді ығыстыруға және нарықтағы
жағдайларын нығайтуға ұмтылуы керек.
Жетілген бәсекелі нарық жағдайындағы бәсекеқабілеттілікті басқару
теориалары, стратегиялары мен қағидаларына талдау жасап кетеміз.
Сонымен қатар жетілген бәсекелі нарық жағдайындағы фирмалардың
бәсекелестік артықшылықтарға жетудің жолдарын қарастырғанда атақты
американдық Гарвард университетінің профессоры Майкл Портердің еңбегі
“артықшылықтар теориясына” сүйенеміз.
Басқа да көптеген елдер өздері шығарған тауарлардың көрсетіп отырған
қызмет салаларының бәсекеқабілеттілігін арттыру қамында. Бұл заман талабы,
өйткені жаһандану үрдісінен ешкім тыс қала алмайды. Шаруашылық жүйесінде
болсын, әлеуметтік салаларда болсын әлем елдерінің бір-бірімен
бәсекелестігі күшейді, одан әрі күшейе түседі. Ал енді осыған қабілеті мол
елдер ұтады, жоқтары ұтылады. Қай елдің болса да дүние жүзіндегі орны,
экономикасының тиімділігі, әлеуметтік жағдайының дұрыстығы олардың бәсекеге
қабілеттілігіне тікелей байланысты.
Тәуелсіздігін енді ғана алып, енді ғана ес жинап келе жатқан еліміздің
бәсекеқабілеттілігі төмен деңгейде қалып отыр. Сол себептен де келешек
ұрпақтың әлемнің озық елдерімен санасатындай бәсекеқабілеттілікті жасау
бүгінгі ұрпақтың басты міндеті.
I-тарау. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін басқару жүйесі.
1. Бәсекенің жалпы сипаттамасы.
Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға
көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге душар болды.
Әсіресе еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі
терең әрі ауқымды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсекеқабілеттілік,
еркін сауда, жеке меншік билігі тағы басқа сол сияқты ұғымдар ене бастады.
Ал өз кезегінде ұйымдық-құқықтық формалардың, яғни әр түрлі шаруашылық
жүргізуші субъектілердің жұмыс жасауы, қызмет көрсетуі, өнім өндіруі –
бәсеке және бәсекеқабілеттілік ұйымдарын одан әрі өрбіте түсті.
Жоғары тұрақсыз және сыртқы орта факторларының анықталмағандық
жағдайында ұзақ мерзімдік перспективада кәсіпорынның әрі қарай гүлденіп,
өркен жаюының кепілдігін қамтамасыз ететін бәсекеқабілеттілік пен
бәсекеқабілеттілікті басқару жүйесі, сондай-ақ бәсекеқабілетті стратегия
тиімді басқарудың мақсатты құралы ретінде әртүрлі функционалдық бағыттағы
және әртүрлі бизнес аясында жұмыс істейтін, тауарлар өндіріп, қызмет
көрсететін ұйымдар үшін әсіресе өзекті болып отыр.

Бәсекеқабілеттілік ұғымы көпжақты болып, кәсіпорын іс-әрекетінің тауар
секілді құрамдас бөліктерін сондай-ақ оның негізгі сипаттамалары болып
табылатын сапа және өндіріс технологиясынқамтиды. Сонымен қатар ғылыми
әдебиеттерде ұлттық экономиканың және аймақтық бәсекеқабілетті ұғымдары
қолданылады. Әр ұғымның құрылымы объектінің бәсекеқабілеттілігі оның
бәсекеқабілетті элементтерінен және мақсатқа жетуде олардың өзара
ұйымдасуынан тұратынын негіздейді.
Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі - қатысты өлшем, өйткені ол сату
уақыты мен нарықта бәсекеге түсетін ұйымдардың саластырмалы нәтижелерінде
көрінуі мүмкін.
Осы арада кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігіне тоқтала кетейік.
Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі–экономикалық, ұйымдастырушылық
мүмкіндіктердің жиынтығы.
Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі – бұл бәсекелестік күрес жағдайында
өзінің алып отырған нарықтық үлесін сақтап қалуға немесе кеңйтуге
жеткілікті әлеуеті.
Кәсіпорынның (фирманың) бәсекеқабілеттілігі – кәсіпорынның ұлттық,
халықаралық нарықтағы жағдайын анықтайтын кешенді экономикалық
көрсеткіштерін және потенциялын қамтиды.
Байқалғанындай бәсекеқабілеттіліктің екі жағы бар. Бұлардың біреуі оның
элементі және құраушы бөліктері (тауардың жоғары сапасы, тауардың қосымша
қызметі, барлық қызмет көрсету мерзіміндегі нақты қызметі т.с.с) және нақты
жағдайдағы тауар сату міндеттерінің нақты шешімі (жеке қабілеттіліктері бар
нақты сатып алушы, оның мүкіндігі және өзіндік талғам шкаласы бойынша
нарықтық бәсекелесуші кәсіпорындардың ішінен ұнайтынын шешуі, сатушының
жеке қасиеттері). Бәсекелестік күрестегі жеңіс бәсекеқабілеттілік нәтижесін
бейнелейді. Ал бәсекеқабілеттілік пен бәсекенің қатынасын “потенциал –
потенциалды қолдану” қатынасы ретінде сипаттауға болады.
Әдетте бәсекеқабілеттілік бейімділік және жаңашылдық секілді екі
ажырамас бөліктерден тұрады. Бейімділікті икемдеу қасиеті, кәсіпорынның
сыртқы ортамен қатынасының формасы және ұйымішілік қайта құрудың үрдісі
ретінде түсінеміз. Өз кезегінде жаңашылдықты жаңару мүмкіндігі және
минималды өзіндік құн, технологиялық, ритімділік критерилері бойынша
ұйымішілік процестерді қайта құру ретінде ұғынамыз.
Егерде бейімділік кәсіпорынның сыртқыорта өзгерістеріне деген
реакциясын көрсетсе, онда жаңашылдық өз іс-әрекетінде шешім қабылдау және
жаңа элементтерді игерудің негізінде өзгерген іс-әрекет бағытын сипаттайды.
Бәсекеқабілеттіліктің екі қасиетін қалыптастыруда кәсіпорындар ұйымның
жекелей элементтеріне сүйенеді. Жеке тұрғыдан алғанда бейімділік қасиеті
ұйымның әркелкі өнімдер өндіретін технологиялық құрал-жабдықтары және
тұтастай алғанда техникалық базасы болмайынша қалыптаспайда.
Бәсекеқабілеттілік ұғымының екінші қасиеті болып табылатын жаңашылдық
жаңалықтың екі түрін игеру мүмкіндігіне сүйенеді. Бір тұсы бұл өндірістің
техника-технологиялық жаңартылуымен байланысты техникалық жаңалық болып
табылады. Мұның құрамына құрал жабдықтар мен аппаратура, өндірістің
техникалық құралдары және НИОКР-ді техникалық қамтамасыз ету сондай-ақ
өнімдерді өндіру технологиясы аясындағы жаңалықтарды игерудің әдістері мен
тәсілдері кіреді.
Жаңашылдықтың келесі ажырамас бөлігіне - әлеуметтік жаңалықтар жатады.
Мұндай жаңалықтың техникалық базасы ретінде игерілген әлеуметтік
технологиялардың жиынтығы қарастырылады.
Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігінің деңгейіне негізінен мынандай басты
факторлар әсер етеді:
- өндірістік технологияны жетілдіру дәрежесі мен ғылыми техникалық
деңгейі;
- жаңа өнер табулар мен жаңашылдықтарды қолдану;
- қазіргі заманға сай афтоматтандырылған және роботтандырылған
өндіріс құралдарын енгізу.
Сонымен бейімділік пен жаңашылдық ұйымның бәсекеқабілеттілік қасиетін
қалыптастыруға қажетті және жеткілікті жағдайларды айқындайды.
2. Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін басқарудың негізгі қағидалары.
Бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі – кәсіпорынның
бәсекеқабілеттілігін жоғарылату мәселесін шешетін және сол ұйымның нарықтық
орта элементтері мен байланысын қамтамасыз ететін бәсекеқабілетті басқару
жүйесін құру. Осы орайда шаруашылықтың жаңа жағдайларында нарықтық
қатынастырға бейімделген басқару жүйесін құру үрдісін жеделдеткен жөн.
Сонымен қатар бәсекеқабілетті басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыз
етілуін және стратегиялық бағыт-бағдарын күшейте түсу керек.
Кәсіпорынның бәсекеқабілетті басқару жүйесі негізін кәсіпорынның
потенциалдық мүмкіндіктерін және сыртқы орта талаптарын ескере отырып,
ақпараттық технология негізінде өздерінің міндеттерін арнайы
функцияландырылған әдістер мен тәсілдер арқылы орындайтын органдар жиынтығы
түсіндіріледі. Бәсекеқабілетті басқару жүйесі бұл қоршаған орта
факторларының ықпалы негізінде өзін-өзі дамыту және өзін-өзі реттеу
қабілеті мен күрделі ағза.
Кәсіпорынның бәсекеқабілетін басқару жүйесінің ең негізгі қағидасы –
бұл кәсіпорынның қызмет етуі мен дамуының стратегиясы мен мақсаттарды
таңдауда негізделген өндірісті басқару жүйесінің бағыт-бағдары негізінде
жаңа технология мен жаңа өнім енгізу, кәсіпорынның материалдық-техникалық
базасын ескере отырып оның потенциалды мүмкіндіктерін бағалау және
бәсекелестік ортаның жағдайын болжау негізінде қызметтердің перспективалы
бағыттарын анықтау түсіндіріледі.
Қазіргі таңда кәсіпорынның тиімді әрі ұтымды басқару жүйесінің әлі де
болса төмен деңгейде қалып отыр. Сонымен қатар нарық қатынастарына
бейімделген басқарудың функционалды механизмі дайындалмағандықтан, бәсеке
жағдайында туындайтын көптеген мақсаттарға қол жеткізіле бермейді.
Сондықтан кәсіпорындар кәсіпорындар заман талабына сай, қазіргі басқару
қағидасына негізделген, жоғары бәсеке потенциалды және стратегиялық бағытты
қамтамасыз қамтамасыз ететін басқату жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасын
енгізу қажет болып табылады.
Қазіргі басқарудың жүйе қағидаларына мыналар жатқызылады:
- жүйенің өздігімен ұйымдастырылып және өзін-өзі басқаратын
инновациялық элементтерін қалыптастыружәне дамыту қарқыны;
- көлденең байланыстарды күшейту және тік құрылымдарды
орталықсыздандыру;
- еңбек үрдісінің гуманизациясы;
- басқаруды тік іс-әрекет үрдісіне ғана емес сонымен қатар соңғы
нәтижеге де бағыттау;
- “басқарушылық” экономикасын кәсіпкерлікке айналдыру үшін адам
ресурстарының потенциялын өсіру;
- объект және субъект арасындағы кері байланыстың негізінде басқарудың
барлық элементтерінің жағдайына жүйелік ұйымдастырылуы;
- оң және теріс әсер ететін ауытқуларға жылдам әсер ету;
- өндірістің бес факторы – еңбек құралы, еңбек заттары, капитал,
ақпарат және адамдарды біріктіру есебінен басқаруды тиімді ету;
- адамға деген қарым-қатынас тек мақсатқа жетудің құралы ретінде ғана
емес, сондай-ақ басқарудың мақсаты ретінде де болуы керек.
Басқару жүйесі жүйелік және жағдайлық тәсілдердің келесі қағидаларында
құрылуы қажет:
- толық шаруашылық және өндірістік тәуелсіздік;
- кәсіпкерлік қызмет түрлерін еркін таңдау;
- қоршаған ортамен нарық қажеттіліктеріне стратегиялық бағыт бағдар
жасау;
- қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты басқарудың жүйесі мен
потенциялының инновациялық бейімделуі;
- нарық талаптары мен инновациялық қайта қалыптастыруға байланысты
басқару құрылымының органикалық түрде дамуы;
- өзін-өзі дербес қаржыландыру;
- ұйымның мінсәйкес, экология мен табиғатты пайдалануға сақтықпен
қарау, ресурстарды ұтымды пайдалану;
- нарықтық қатынастардың талаптарына сәйкес жүйенің бейімділігі,
сенімділігі, икемділігі мен оперативтілігі.
Басқару жүйесінде басқарудың мақсаттылық (мақсатты-бағдарламалық),
стратегиялық, маркетингтік, дивизионалдық, сызықтық, функционалдық және
басқа да түрлерін ұтымды үйлестіре отырып жүзеге асырған жөн.
Басқару органдарының ұйымдық құрылымы бәсеке қабілетті басқару
жүйесінің қалыптасу негізін құрайды, әрі басқару есебі мәліметтері
негізінде, анықталмаған жағдайда субъектілердің мақсаттары мен міндеттеріне
сәйкес басқару функциялар кешенін жүзеге асыруға және басқару шешімдерін
жасап шығаруға, сондай-ақ сыртқы орта факторларының өзгеруіне қарсы тұруға
қабілетті ұйымдаса байланысқан элементтер жиынтыған көрсетеді.
Негізінен ұйымдық жобалаудың ең маңызды міндеттері болып келесілер
есептеледі:
- басқарудың ұйымдық құрылымын тиімді ету;
- қызметкерлер мен итр жұмыс уақытын қолдану және еңбек жағдайымен
қоса жұмысты орындау технолпгиясын жетілдіру;
- қызметтің ақпараттық және құжаттық қызмет көрсетілуін дамыту және
ұйымдастыру мен есептегіш техникамен бөлімшелерді жарақтандыру.
Кәсіпорындарды ұйымдық құрылымдардың иерархиялық деңгейі мүмкіндігінше
аз болып, басқару нормаларының талаптарын қанағаттандыру керек. Сонымен
қатар персоналдар саны мен ұтымды ресми байланыстары болуы керек. Нақ
осындай құрылымдарда функцияларды оптималды етіп тарату сақталады да,
олардың шектен тыс асуы мен шашырандылығы секілді мәселелер орын алмайды.
Негізінен құрылымдық құрудың негізгі әдістерінің қатарына салыстыру және
ұқсастыру, эксперттік бағалау, ұйымдық-экономикалық модельдеу және тағы
басқаларды жатқызуға болады.
II-тарау. Нарықтық экономикада кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін талдау.
2.1 М. Портердің “бәсекелестік артықшылықтар теориясын” қолдану
мүмкіндігін талдау.
1991жылы американ экономисі М. Портер “Елдердің бәсекелестік
артықшылықтары” атты зерттеуін жариалады. Бұл зерттеуде халықаралық
сауданың мәселелері өте тиянақты қарастырылды. Осы тәсілдің алғы шарты:
“халқаралық нарықта елдер емес, фирмалар бәсекелеседі. Бұл үрдістегі елдің
атқаратын ролін түсіну үшін фирмалардың бәсекелік артықшылықты қалай құрып
және қалай нығайтатынын түсіну қажет”. Сыртқы нарықтағы табысқа жету дұрыс
таңдалған бәсекелестік стратегияға байланысты.
Бәсекелестік артықшылықтар стратегиясы.
М.Портер бойынша бәсекелестің негізгі бірлігі сала, яғни тауар
өндіретін және қызмет көрсететін және өзара тікелей бәсекелесетін бір топ
бәсекелестер болып табылады. Салаларда бәсекелестік артықшылықтардың ұқсас
негіздері бар өнімдер шығарылады. Фирманың сала ішіндегі бәсекелестік
стратегияны таңдауына екі басты жағдай әсер етеді:
1. Фирманың іс-әрекеті бәсекелестік ерекшеліктері бар.
Сала құрылымы. Сала ішіндегі бәсекеге бес түрлі фактор (М.Портер
бойынша күштер) әсер етеді.
1. жаңа бәсекелестердің пайда болуы.
2. орнын баса алтын тауар немесе қызметтің пайда болуы.
3. жеткізушілердің саудаласу мүмкіндігі
4. сатып алушылардың мүмкіндігі
5. нарықтағы бәсекелестердің арасындағы жарыс (бақталас)
Осы бес фактор саланың пайда көлемін анықтайды, өйткені олар бағаға,
фирма шығындарына, капитал болуына және тағы басқа да жағдайларына әсер
етеді.
Әрбір саланың өз құрылымы болады. Мысалға фармацевтикалық өнеркәсіпте
жаңа бәсееклестердің пайда болуы өте сирек, ал ішкі бәсекеге баға негізінде
емес, ғылыми зеттеулер, жаңа дәрі шығару сияқты факторларға байланысты.
Жоғарғы бағалар тұтынушыларға әсер етпейді, ал жеткізушілер оларға қатты
әсерін тигізбейді. Орнын баса алатын тиімді өнімді жасау өте қиын және оған
өте көп уақыт қажет болады.
2. Фирманың салада алатын позициялары (орны).
Фирманың саладағы позициясы ең алдымен иеленетін артықшылығымен
анықталады. Фирма тұрақты бәсекелестік артықшылыққа ие болса, өз
қарсыластарынан озады. Ол үшін:
1) Шығындардың төмен болуы. Бәсекелестеріне қарағанда ұқсас тауарды
жасау, өндіру мен сатудағы фирмалық аз шығындармен жүзеге асыра алатын
мүмкіндігі.
2) Тауарлар дифференциясы (әртүрлілігі). Фирманың тауардың жоғарырақ
сапасы, немесе ерекше тұтыну қасиеттері, немесе сатудан кейінгі қызмет
көрсетудің кең мүмкіндіктері арқылы тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру
мүмкіндігі. Бәсекелестік артықшылық бәсекелестерге қарағанда жоғары
өнімділікті береді.
Фирманың сала ішіндегі позициясына әсер ететін тағы бір маңызды фактор
– бәсекелесу сферасы немесе фирманың сала шекараларында бағытталған
мақсаттар ауқымы.
Фирма өзі үшін, қанша түрлі тауарды шығару сатудың қай каналдарын
пайдалану, қай тұтынушыларға қызмет көрсеру, қандай аймақтарда өз өнімін
сату мен қандай ұқсас салаларда бәсекелесу қажеттігін шешу керек.
Салалар бөлектенген, сондықтан, фирма бәсекелесу саласын таңдау
барысында ауқымды бағытта ма, нарықтың бір бөлігіне ғана нысаналап
бәсекелесетінін шешу қажет.
1. кестеде фирманың сала ішінде позицияларын анықтауда пайдаланатын
негізгі типтік стратегиялар көрсетілген.
Бәсекелестік артықшылық
Төмен шығындар Дифференциясия
Бәсекелесу Кең нысана Шығындарды үнемдеу Дифференциясия
ауқымы есебінен үздік шығу
Тар нысана Шығындарға бар көңілді Дифференциясия
бөлу
Кесте 2.1.1. Стратегия типтері.
Типтік стратегиялар концепциясының мәні болып, әр стратегия
бәсекелестік артықшылыққа негізделген, сондықтан фирма қолда бар
артықшылыққа байланысты өз стратегиясын таңдауы керек.
Бәсекелестік артықшылыққа фирма өз іс-әрекетінің жекелеген түрлерін
ұйымдастыру мен орындау негізінде қол жеткізеді. Осының нәтижесінде сатып
алушылар үшін белгілі бір құндылықтар жасалады. Түпкілікті құндылық фирма
ұсынған тауар мен қызметі үшін тұтынушының қанша ақша төлеуге дайын
болуына байланысты. Әрине, қажетті іс-әрекеттер шығынынан жоғары болғаны
дұрыс. Бәсекелестік артықшылыққа жету үшін, сатып алушыларға
бәсекелестердегі құндылығы бар тауарларды ұсынып, бірақ оны төменірек
шығындармен өндіру (аз шығындар стратегиясы) қажет немесе сатып алушыларға
жоғары баға алуға болатын жоғары құндылықты тауар ұсыну дифференциация
стратегиясы.
Фирма құндылықтарының тізбегі – бір іс-әрекетті жүзеге асыру әдісі
басқа іс-әрекеттің түрлерінің тиімділігі немесе құнына әсер етуінен пайда
болған байланыстар негізіндегі іс-әрекет түрлерінің жүйесі. Осы
байланыстарды басқару бәсекелестік артықшылықтардың шешуші негізі болуы
мүмкін.
Фирмалар өз саласында бәсекелесудің жаңа түрлерін тауып, онымен нарыққа
шықса бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізеді. Бәсекелестік артықшылыққа
жетудің жаңа түрлерін пайда болу себептеріне:
• жаңа технологиялар (Германиядағы рентген аппаратурасының өндірісі);
• сатып алушылардың жаңа немесе өзгерген сұранысы (тез тамақтанудың
американ компаниялары);
• саланың жаңа бөліктерінің (сегменттің) пайда болуы (Жапонияда көп
мақсатты, аз көлемді автокөтергіштер өндірісі);
• өндіріс құны немесе компоненттерінің өзгеруі (елдердегі еңбек күші
құны қатынасының өзгеруі);
• мемлекеттік деңгейдегі реттеу (стандарттар, қоршаған ортаны қорғау,
сауда шектеулері сияқты т.б).
Халықаралық бәсеке ерекшеліктері
Жоғарыда бәсеке мен бәсеке стратегиясы туралы айтылғанның бәрі сыртқы
және ішкі нарыққа бірдей дәрежеде қолданылуы мүмкін. Соған қарамастан,
халықаралық бәсекенің ерекшеліктері бар.
М.Портер бәсеке ерекшеліктеріне қарай екі сала түрлерін өзгешеледі.
Көп түрлі ұлттық салалар. Халықаралық ауқымда ондай сала ұлттық
салалар жиынтығы болады да және елде бәсеке әр түрлі деңгеймен сипатталады.
Бәсекенің бір стратегиясын мұндай салаларда жүргізу мүмкін емес.
Мысалға жинақтық банктер саласын келтіруге болады.
Ғаламдық салалар, ол әлем бойынша бір бәсекелесу аймағы болуымен
ерекшеленеді. Осындай салаларда бәсекелестік артықшылыққа жету өте маңызды
болады, өйткені оны бүкіл дүние жүзінде пайдалану мүмкіндігі туады. Осы
салаларда көптеген елдерде сатылуға арналған бір тәсілді қалыптастыратын
және пайдаланылатын глобалды стратегия қажет. Көп ұлтты компаниялардың өмір
сүруі глобалды стратегиясы барын көрсетпейді, өйткені көп түрлі ұлттық
салаларда көп ұлы компаниялардың филиалдары жеке дара жұмыс істейді.
М.Портер ғаламдық стратегияда бәсекелестік артықшылыққа жетудің екі жолын
көрсетеді.
1. Іс әрекет конфигурациясы, елдің ерекшеліктерін пайдалану үшін
іс-әрекетті әр түрлі елдерде орналастыру болып табылады.
Бір елде өндірістік іс-әрекеттің түрлерін шоғырландыру кезінде, тауар
экспорты арқылы сыртқы нарыққа шығу, ал өндірісті әр түрлі елдерде
орналастыру кезінде, тікелей шетел инвестициялары арқылы сыртқы нарыққа
шығу жүзеге асырылады.
Іс-әрекет түрлерін орналастыру кезінде ел төмендегідей қағидалар
бойынша таңдалады:
• факторлардың минималды құны;
• ГЗТКЖ (НИОКР) өткізу үшін қажетті жағдайлардың болуы;
• маманданған дағдыларға қол жеткізу мүмкіндігі;
• сатып алушылармен қатынастардың даму ережесі т.б.
2. Филиалдар іс-әрекетін үйлестіру, оған кіретіндер:
• ақпаратпен алмасу;
• жауапкершілікті бөлу.
Үйлестірудің өзі бәсекелестік артықшылық болып табылады, өйткені ол әр
түрлі жерде алынған білім мен тәжірибе жинақталуына әсер етеді. Соның
арқасында фирмалар нарықтағы өзгеріске тез жауап қайтаруына мүмкіндік
алады.
Бәсекелестік артықшылық дитерминанттары.
Бәсеке ретінде тепе-теңдік емес, тұрақты болатын өзгерістер түсініледі.
Әрбір сала тұрақты түрде жаңарып, жетіле бергендіктен, осы үрдісті
ынталандыруда тұрғылықты мемлекет маңызды орын алады. Тұрғылықты мемлекет –
бұл қажетті дағдылы еңбек күші бар, негізгі технология, өнім, стратегия
әзірленетін ел.
М.Портер жергілікті фирмалар бәсекелесетін және оның халықаралық
табысына әсер ететін ортаны қалыптастыруда мемлекеттің төрт қасиетін
көрсетеді.
Бұл детерминанттар (2.1.1-сурет), әрқайсысы бөлек және бәрі бірге жүйе
ретінде осы елдің фирмаларының пайда болып, іс-әрекет ететін ортасын
қалыптастырады.
Елдердің қандай да бір салада табысқа жетуі осы елдердегі ортаның
серіпінді түрде дамуына тікелей байланысты, сонымен қатар ол фирмалардың
алдына күрделі міндеттер қоя отырып, қолда бар бәсекелестік
артықшылықтардың тиімді пайдалануға және жаңа артықшылықтар іздеуге мәжбүр
етеді. Елдер ұлттық “ромб” өзара күшейетін, яғни әрбір детерминант
басқаларына әсер ететін салаларды немесе олардың бөліктерінде табысқа жету
мүмкіншілігіне ие.
Жоғарғы бәсекелестік қабілетіне жету үшін ішкі нарықтағы күшті
бақталастық өте маңызды орын алады.
Үкіметтің орны (ролі)
Ұлттық артықшылықты қалыптастырудағы үкіметтің ролі төрт детерминантқа
әсер етуінде:
- факторлар параметріне – субсидия , капитал нарығына қатысты саясат, тағы
сол сияқтылар арқылы;
- сұраныс параметріне - әр түрлі стандарт қою мен мемлекеттік тапсырысты
жүзеге асыру жолымен;
- туыстас салалар мен жабдықтаушы салалардың даму жағдайына – жарнама
құралдарына бақылау орнату мен инфрақұрылым дамуын реттеу;
- фирмалар құрлымы бақталастығы мен стратегияларына - өзінің салық салу
саясаты, монополияға қарсы заңы, инвестицияны реттеу мен бағалы қағаздар
нарығындағы іс-әрекеттер және т.б арқылы.
Осы барлық төрт детерминант кері әсер беруі мүмкін. Үкіметтің орны да
оң немесе теріс болуы мүмкін.
2.1.1– Сурет. Елдің бәсекелестік артықшылығының детерминанттары.
2.2 ЖСШ кәсіпорындарының бәсекеқабілеттілігін талдау.
Ұзақмерзімдік перспективада кезкелген кәсіпорынның бәсекелестік күресте
жеңіп, топ жарып шыға алуына мүмкіндік беретін бәсекеқабілетті
стратегияның маңызы зор. Барлық кәсіпорындар қатал бәсекелестік жағдайында
тек ұйымның ішкі жағдайын қадағалап қана қоймай, олардың айналасында болып
жатқан өзгерістердің артынан ілесуге мұрша беретін ұзақмерзімді
бәсекеқабілетті стратегиясын құрастыра бастауы заман талабы болып отыр.
Әрбір стратегия - бұл кәсіпорынды дамыту болжамының нәтижесі.
Стратегия сала тауар концепцияларында айқындалатын қажетті
бәсекелестікартықшылықтарды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынға стратегия сыртқы орта мен оның ішкі мүмкіндіктері
арасындағы тепе-таңдікті табу үшін қажет. Стратегияның басты рөлі
күнделікті өзгермелі нарық ортасының талаптарына кәсіпорынды икемдеу және
сыртқы орта әсерлеріне жауап ретінде реакцияларды нақтылаумен түсініледі.
Ешқандай кәсіпорын өзінің қызметінің барлық саласындағы бәсекелестеріне
қарағанда бәсекелік басымдыққа жете алмайды. Дегенмен ол қандайда болмасын
белгілі бір нарық шеңберінде ұзақмерзімдік перспективада өзінің күш
–жігерін бәсекелестік басымдыққа бағыттауы мүмкін.
Сондықтан да нарық жағдайларының даму тенденцияларына сәйкес келетін
және де кәсіпорын қызметінің күті жақтарын тиімді әдістер арқылы
пайдалануға мүмкіндік беретін бәсекелік артықшылық пен стратегияны
анықтаудың маңызы зор.
Кәсіпорынның бәсекеқабілеттігін жоғарылату стратегиясының жүйесін
келесідей келтіруге болады.
1. Кәсіпорынның сырқы ортада іске асыратын, атап айтқанда тауарлық, бағ
белгілеу, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz