Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының құқықтық мәртебесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3


1. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының құқықтық мәртебесінің жалпы ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Депутаттық мандаттың ұғымы және маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
3. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының өкілеттіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
4. Депутаттық әдеп ережесі және депутаттардың жауапкершілігі ... ... .17
5. Парламентті тарату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Жаңа заман жаңашылдықты талап етеді, ол адамға, қоғамға және тіпті мемлекетке де қатысты айтылады. Қажетті саяси, материалдык, рухани қажетін қанағаттандыру үшін азаматтардың кұкықтары мен бостандықтарын пайдалануы мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы оларға кең мүмкіндіктер ашады. Қазақстан Республикасының Конституциясы халықты мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы деп жариялап қана қоймайды. Ол халықтың егемендігін жүзеге асырудың құқықтық негізін қалайды. Ең жоғары зандық күші бар актілер қабылдауға халықтық құқығы бар. Конституцияға сәйкес халық атынан билік жүргізу кұкығы Қазақстан Республикасының Президентіне және Парламентіне берілген.
Парламент биліктің үш тармағының бір буыны болып табылады және оған заң шығару өкілеттігі берілген. Парламенттің мемлекет өміріне тиімді заңдарды қабылдауда маңызы өте зор. Өйткені Парлемент халықпен сайланатын депутаттардан құралады және ол депутаттар нақты халыққа қандай заңдар керек екендігін біледі.
Алқалық өкілдік органның мүшелерін депутаттар, делегаттар, парламентарийлер және т.б. деп атау қалыптасқан. Депутат деп әлемде, әдетте, парламент палаталарының төменгі палатасы өкілдерінің мүшелерін айтады, ал жоғарғы тұрған палата мүшелерін әртүрлі атайды (Францияда – сенаторлар; Ұлыбританияда – лордтар, Германияда – Бундесрат өкілдері деп атау қалыптасқан).
Ал біз Қазақстан Республикасы Констиутциясына сәйкес қос палатаның өкілдерін де депутат деп атаймыз және олардың айырмашылығы олардың сайлану тәртібімен және олардың жүзеге асыратын функцияларымен ерекшеленеді.
Депутат деген (латынның deputatus – елші деген сөзінен шыққан) мемлекеттің өкілдік немесе заңшығарушы органына, жергілікті өзін-өзі басқару органына сайланған тұлға болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы, 1995 жыл жыл 30 тамыз.
2. “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” конститутциялық заңы 1995 жыл 18 желтоқсан.
3. “Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы” конститутциялық заңы 1995 жыл 16 қазан.
4. Амандыкова С.К. Қазақстан Республикасының контитутциялық құқығы. Астана. Фолиант. 2001. 176-бет.
5. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998 жыл. 256-бет.
6. Сапаргалиев Ғ. Қазақстан Республикасының контитутциялық құқығы. Алматы, 1998. 320-бет.
7. Общая теория государства и права. / Под ред№ Лазарева В.В. Москва 1995.
8. Нұрпейісов Е.К., Котов А.К. Қазақстан мемлекеті: хандық биліктен президенттік республикаға. Алматы: Жеті Жарғы.1995
9. Сәбікенов С.Н. Салыстырмалы мемлекеттік құқық. Оқулық. Алматы: Өркениет.2000
10. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы: Жеті Жарғы.2001

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ гуманитарлық заң университеті
Алматы заң академиясы

Әкімшілік және конституциялық құқық
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының құқықтық
мәртебесі

Орындаған: Найзабеков Е.
КСПО-103
Тексерген: Бейімбетова Ж.А.

АЛМАТЫ 2004 ж.

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының құқықтық мәртебесінің
жалпы
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.5
2. Депутаттық мандаттың ұғымы және
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..8
3. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының
өкілеттіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
4. Депутаттық әдеп ережесі және депутаттардың жауапкершілігі ... ... .17
5. Парламентті
тарату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...27

КІРІСПЕ

Жаңа заман жаңашылдықты талап етеді, ол адамға, қоғамға және тіпті
мемлекетке де қатысты айтылады. Қажетті саяси, материалдык, рухани қажетін
қанағаттандыру үшін азаматтардың кұкықтары мен бостандықтарын пайдалануы
мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы оларға кең мүмкіндіктер
ашады. Қазақстан Республикасының Конституциясы халықты мемлекеттік биліктің
бірден-бір бастауы деп жариялап қана қоймайды. Ол халықтың егемендігін
жүзеге асырудың құқықтық негізін қалайды. Ең жоғары зандық күші бар актілер
қабылдауға халықтық құқығы бар. Конституцияға сәйкес халық атынан билік
жүргізу кұкығы Қазақстан Республикасының Президентіне және Парламентіне
берілген.
Парламент биліктің үш тармағының бір буыны болып табылады және оған
заң шығару өкілеттігі берілген. Парламенттің мемлекет өміріне тиімді
заңдарды қабылдауда маңызы өте зор. Өйткені Парлемент халықпен сайланатын
депутаттардан құралады және ол депутаттар нақты халыққа қандай заңдар
керек екендігін біледі.
Алқалық өкілдік органның мүшелерін депутаттар, делегаттар,
парламентарийлер және т.б. деп атау қалыптасқан. Депутат деп әлемде,
әдетте, парламент палаталарының төменгі палатасы өкілдерінің мүшелерін
айтады, ал жоғарғы тұрған палата мүшелерін әртүрлі атайды (Францияда –
сенаторлар; Ұлыбританияда – лордтар, Германияда – Бундесрат өкілдері деп
атау қалыптасқан).
Ал біз Қазақстан Республикасы Констиутциясына сәйкес қос палатаның
өкілдерін де депутат деп атаймыз және олардың айырмашылығы олардың сайлану
тәртібімен және олардың жүзеге асыратын функцияларымен ерекшеленеді.
Депутат деген (латынның deputatus – елші деген сөзінен шыққан)
мемлекеттің өкілдік немесе заңшығарушы органына, жергілікті өзін-өзі
басқару органына сайланған тұлға болып табылады. Бұл халықтың белгілі бір
бөлігінің өкілі болып табылады. Мысалы, сайлау округінің немесе бүкіл
ұлттың (әдетте, демократиялық мемлекеттерде) өкілі болып саналады.
Бұл курстық жұмыста біз Қазақстан Республикасы Парламенті
депутаттарының құқықтық мәртебесі, атап айтқанда олардың қызмет ету
барысындағы құқықтық жағдайының, депутаттық мандат түсінігінің және
депутаттардың өкілеттіктерінің мәнін ашамыз. Сонымен қатар бұл курстық
жұмыста депутаттар өз қызметін жүзеге асыру кезінде басшылыққа алатын
депутаттық әдеп ережелерінің мәніне де кеңінен тоқталамыз және бұл курстық
жұмыстың мазмұнынан біз депутаттардың жауапкершілігінің алғышарттары туралы
да жауапты ала алатын боламыз.

1. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының құқықтық мәртебесінің
жалпы ережелері

Парламент сенат және мәжілістен тұрғандықтан, оның депутаттарын
қалыптатырудың өзіндік тәртібі бар. Сенат екі тәсілмен қалыптасады:
1) депутаттардың бір бөлігі әр облыстан, республикалық дәрежедегі
қалалардан және республика астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстардан,
республикалық дәрежедегі қалалардан және республика астанасынан барлық
өкілетті органдар депутаттарының бірлескен отырыстарында сайланған
депутаттардан тұрады;
2)Сенатгың жеті депутатын Республика Президенті Парламент өкілеттігі
мерзіміне тағайындайды, Сенат мүшелігіне тағайындалғандардың өкілеттігі
алынған немесе токтатылған жағдайда Президент 10 күндік мерзімде олардың
орнына Парламент өкілеттігінің қалған мерзіміне Сенат депутаттарын
тағайындайды.
Азаматтығына кем дегенде бес жыл болған, отыз жасқа толған, жоғары
білімі және кем дегенде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар, тиісті облыс,
республикалық дәрежедегі қала не республика астанасы аумағында кем дегенде
үш жыл тұрақты тұратын азамат Сенат депутаты бола алады.
Мәжіліс республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісін және шамамен
сайлаушылардың сан жағынан тең келуін ескере отырып құрылатын бір мандатты
аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған 77 депутаттан тұрады. 10
депутат партия тізімі бойынша өтеді. 25 жасқа толған республика азаматы
Мәжіліс депутаты бола алады. Парламент депутаты қос Палатаға бірдей мүше
бола алмайды; басқа өкілетті органға депутат болуға, оқытушылық, ғылыми
немесе өзге шығармашылық қызметтен басқа ақы алатын лауазымды атқаруға,
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, басшы органның немесе коммерциялық
ұйымдардың бақылау кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ережені бұзу
депутатгың өкілеттігін тоқтатуына әкеліп соктырады. Парламент депутатының
өкілеттігі тоқтатылған жағдайда немесе өкілеттік мерзімінің өтуі бойынша
оның бұрынғы қызметінің сақталуына кепідік берілмейді.
Кез келген мемлекеттің Конституциясы және ұлттық заңнамасы
депутаттарға ерекше құқықтық статус береді. Бұл ең біріншіден, олардың
мемлекет үшін көрсететін қызметінің мазмұнымен және олардың сайланғаннан
кейінгі жауапкершілігімен түсіндіріледі. Сондықтан да депутаттарға ерекше
құқықтық статус беру депутаттардың тәуелсіздігінің алғышарты болып
табылады. “Статус” сөзі латын тілінен аударғанда жағдай, тұрық дегенді
білдіреді, сәйкесінше, депутаттың статусы дегеніміз – оның мемлекеттік
биліктегі өкілеттік органдағы жағдайы болып табылады. Бұл жағдайды біз оған
берілген құқықтар мен міндеттердің мазмұнына сай анықтаймыз.
Депутаттың конституциялық-құқықтық мәртебесі Конституцияның
нормаларымен анықталады және депутаттың құқықтық және әлеуметтік жағдайын
анықтаудағы базалық бастама болып табылады. Констуитуцияда депутаттың
статусы элементтерінің анағұрлым маңызды тұстары анықталады. Оның ішіне
біз: депутаттық мандаттың жалпы ұлттық сипатын, құзыретінің мерзімін,
құқықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар депутаттық қызметтің кепілдігін
қосуымызға болады.
Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының құқықтық мәртебесі
1995 жылдың 16 қазанындағы “Қазақстан Республикасының Парламенті және оның
депутаттарының құқықтық мәртебесі” туралы Конституциялық Заңмен анықталады.
Бұл заңда депутаттардың Парламентте және оның палаталарындағы, сонымен
қатар басқа да органдардағы әрекетін, басқа депутаттармен және өкілетті
тұлғалармен және сайлаушылармен байланысының құқықтық негіздері
көрсетілген. Депутаттық қызметтің процессуалдық тараптары және
депутаттардың қызмет ету этикасы Парламент пен оның Палаталарының
регламенттерінде орын алған.
Депутаттың статусы тек қана Парламенттегі қызметті ғана емес, жалпы
алғандағы депутаттың қоғамдағы жағдайын қамтиды. Мысалға алып қарастыратын
болсақ, депутаттық топтағы депутаттың жұмысы, депутаттық посттағы, сонымен
қатар құқық нормасымен реттелмеген қоғамдық ұйымдармен өзара қатынасы және
тағы басқалар. Осыған байланысты депутат қоғамдық ұйымдардың жарғыларында
және ережелеріндегі нормаларды, сонымен қатар тәжірибеде қалыптасқан әдет-
ғұрыпты басшылыққа ала отырып қызмет жасайды.
Осының негізінде, депутаттың статусы дегеніміз бұл – тиісті
кепілдіктермен қамтамасыз етілетін және құқықтық, әлеуметтік нормалармен
реттелетін, қоғамның әлеуметтік-саяси маңыздылығына тәуелді болып табылатын
оның нақты жағдайы1.
Депутаттың статусының құрылымы депутаттың статусының мәні мен
мағынасын жан-жақты сипаттайтын реттелген элементтердің жиынтығынан тұрады.
Оның негізіне кіретіндер ретінде:
- депутаттың мандаттың жалпы ұлттылығы;
- депутаттың функциясы (құқықтары мен міндеттері) және оны жүзеге
асырудың нысандары;
- депутаттық қызметтің кепілдігін атап айтуымызға болады.

2. Депутаттық мандаттың ұғымы және маңызы

“Мандат” сөзі латын тілінен аударғанда “тапсыру” деген мағынаны
береді. Депутаттық мандат депутатқа халықтың атынан сөйлеп шығуға мүмкіндік
береді, сәйкесінше, депутаттық мандат өкілдік етуші сипатқа ие болып
табылады. Бір жағынан алғанда, депутат – халықтың өкілетті өкілі; ал екінші
жағынан алғанда – мемлекеттік билік өкілі; үшінші жағынан қарастырсақ –
алқалық өкілдік етуші органның мүшесі, осының үшеуі жинақталған уақытта
депутат ие болып табылатын депутаттық мандаттың әлеуметтік-саяси сипатын
анықтайды.

Депутаттың статусы түсінігінің мазмұнына депутаттарды сайлау тәртібі
де кіреді. Депутаттық мандаттың пайда болуы мен оның мерзімі депутат
статусының элементі болып табылмайды, дегенмен олар үлкен маңызға ие
болады, себебі мандаттың уақытша қызмет ету шеңберін анықтайды, сонымен
қатар депутаттық мандаттың пайда болуының демократизмі депутаттық қызмет
мәнінің басты сипаттамасы болып табылады.

Шетелдік мемлекеттердің көпшілігінде мемлекеттік биліктің жоғарғы
өкілдік етуші органының депутаттары 5 жылға сайланады (Франция, Беларусь,
Украина, Қырғызстан), кейбіреулерінде екі жылға (Америка Құрама Штаттары).
Сонымен қатар депутаттық өкілеттік мерзімі тоғыз жылға жететін мемлекеттер
де бар (Аргентина). Кейбір жағдайларда қос Палата депутаттарының өкілеттік
мерзімі сәйкес келіп қалуы мүмкін (Италия), бірақ көпшілік жағдайларда
жоғарғы палата депутаттары анағұрлым ұзақ мерзімге сайланады (АҚШ-та
өкілдер палатасының мүшелері 2 жылға, ал сенаторлар – 6 жылға, Францияда
ұлттық кеңестің мүшелері – 5 жылға, ал сенаторлар – 9 жылға сайланады).
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Парламент Мәжілісінің
депутаттары 5 жыл мерзімге, ал Парламент Сенатының депутаттары – 6 жылға
сайланады. Қызметтегі құқық мирасқорлығын қамтамасыз ету үшін Парламент
Сенатының депутаттарының тең жартысын әрбір үш жыл сайын қайта сайлап тұру
қарастырылған.

Депутаттық мандаттың мәні мен мағынасы констиутциялық заңнаманың
идеяларымен анықталатын депутаттың сайлаушылармен байланысы сипатымен
байланысты болып табылады. Теорияда депутаттардың сайлаушылардың корпусының
екі түрімен қатынастары бойынша айырмашылықтары жүргізіледі. Осының
әрқайсысы депутаттардың сайлаушылар корпусы алдындағы жекелеген бір
жауапкершілік режимін көздейді. Егер де императивті мандат депутаттың
сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін көздейтін болса, еркін мандат
депутаттың саулаушылар алдындағы емес, заң мен өзінің ар-намысы алдындағы
жауапкершілігін білдіреді.

Қайта құру кезеңіне дейін біздің республикамызда императивтік мандат
концепциясы үстемдік еткен болатын. Өкілеттікке деген мандатты депутат
сайлаушылардан алатын болған, сәйкесінше, ол сайлаушылардың нұсқауымен
жүруге міндетті болды1.

Мұндай нұсқаулар болып, сайлаушылардың сайлауға дейінгі отырыстарында
қабылданған тапсырмалар, ал егер де депутат қоғамдық ұйымның атынан шығатын
болса, сол қоғамдық ұйымның съезінде немесе олардың республикалық
органдарының пленумдарында қабылданған тапсырмалары болды. Тапсырмалар мен
нұсқаулардың орындалуын атқарушы органдар қамтамасыз етіп отырды, ал
депутаттар болса, сол атқарушы биліктің тапсырмалар мен нұсқауларды
орындауын қадағалады және жылына кем дегенде бір рет сайлаушылардың алдында
оның жүзеге асырылу барысы туралы есеп беріп отырды. Егер де депутаттардың
қызметтері сайлау алдындағы платформаға сәйкес келмесе немесе ол өзінің
міндеттерін жүйелі түрде орындамаса, сайлаушылар округындағы азаматтардың
көпшілік даусымен ол өз қызметінен шақрытылып алына алды. Кері шақыртып алу
депутаттың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігінің шешуші нысаны болып
табылды. Сонымен, императивтік мандаттың мазмұнын үш мүшелік құрылым
құрады:
- депутаттың сайлаушылардың нұасқауын орындауы және күнделікті
депутаттық қызметте өзінің жүзеге асыруы;
- өз жұмыстары үшін депутаттардың алдындағы сайлаушылардың алдында
бірқалыпты есеп беріп тұруы;
- императивтік мандаттың өзінің мәнін құрайтын сенімін ақтамаған
депутатты кері шақыртып алу құқығының болуы.
Қазіргі кездегі көптеген елдердің конституциясы еркін мандат принципін
қалайды.
Осы принципке сәйкес депутат бүкіл халықтың тұтастай алғандағы өкілі
болып табылады. Бұл дегеніміз, депутат мемлекеттік билікте отыра отырып,
тек жекелеген тұлғаның емес, бүкіл халықтың, ұлттың мүддесін көздеуі тиіс.
Еркін мандат принципі мен депутаттардың тәуелсіздігі прнципі көптеген
уақыттар бойы қалыптасты. Ерте ортағысырлар кезінде депутаттар бүкіл
халықтың емес, тек қана әкімшілік-аумақтық бөліністің бір бөлігінің ғана
мүддесін көздеп, солардың нұсқауларын орындап отырды.
Еркін мандат принципінің сайлаушылар тарапынан белгілі бір
нұсқаулардың және тапсырмалардың болмауын білдіреді. Депутаттың сайлау
алдындық уәделері оның құқықтық тұрғыдағы міндеттері емес, оның өзінің ішкі
моральдік міндеттері болып табылады. Азаматтар депутат ретінде өзінің саяси
мүддесіне, көзқарасына жақын адамдарды сайлайды.
Депутаттық мандаттың маңызын ашу кезіндегі басшылыққа алатын нәрсе
депутаттық қызметтің тоқтатылуының негізі болып табылады. Парламент Сенаты
мен Мәжілісінің депутаттары жоғарыда айтқандай, белгілі бір мерзімге
сайланады. Конституцияда және әрекет етуші заңнамаға сәйкес Парламент
депутаттарының қызметін мерзімінен бұрын тоқтатудың негіздері көрсетілген.
Парламент депутаты қандай да болсын аманатты мандатпен байланысты
емес.
Парламен депутаттары оның жұмысына қатысуға міндетті. Парламентте
депутаттың жеке өзі ғана дауыс береді. Депутаттың Палаталар мен олардың
органдарының отырыстарына дәлелді себептерсіз үш реттен артық қатспауы, сол
сияқты дауыс беру құқығын басқа біреуге беруі депутатқа заңда белгіленген
жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.
Парламент депутатының басқа өкілді органының депутаты болуға,
оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін
өзге де жұмыстарды атқаруға, кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық
ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы
жоқ. Осы ереженің бұзылуы депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады.
Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға,
күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын
қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді
қоспағанда, тиісті палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға
болмайды.
Парламент депутатының өкілеттігі ол орнынан түскен, депутат іс-
әрекетке қабілетсіз деп танылған. Парламент таратылған жағдайда және
Конституцияда көзделген өзге де реттерде тоқтатылады. Парламент депутаты
оған қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгізілген, Қазақстан
Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты қоныс аударған кезде өз мандатынан
айырылады.
Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың осы баптың 3-
тармағының талаптарын, депутаттық әдеп ережелерін сақтауына, сондай-ақ
депутаттарының өкілеттігін тоқтатуға және өкілеттігінен әрі депутаттың
ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығын айыруға байланысты мәселелерді әзірлеу
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жүктеледі.
3. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының өкілеттігі

Депутаттың өкілеттігі Қазақстан Республикасы Конституциясымен,
"Қазақстан Республикасынын Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі
туралы" конституциялық заңымен және басқа нормативтік құқықтық актілермен
белгіленеді. Парламент депутатының өкілеттігі республиканың Орталық сайлау
комиссиясы оны Парламент депутаты етіп тіркеген кезден басталады.
Парламенттің бірінші сессиясында оның Палаталарының бірлескен отырысында
депутаттар: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының
тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен зандарына
сөзсіз бағынуға, маған жүктелген жоғары депутаттық міндетті адал атқаруға
ант етемін" деп Қазақстан халқына ант береді. Ант Үкіметтің, Конституциялық
Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының қатысумен Президент алдында
беріледі.
Парламент депутатының өкілеттігін қолданылу ауқымына қарай екі топқа
бөлуге болады:
1) Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарына, органдарына қатысты
өкілеттік;
2) басқа мемлекеттердің лауазымды адамдары мен мемлекеттік органдарына
қатысты Парламент атынан берілетін арнайы өкілеттік.
Депутат Парламент сессияларында және ол оның құрамына кіретін
органдарының отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс
құқығын пайдаланады. Депутат Парламенттің және оның Палаталарының
үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға құқылы;
сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге, Парламент
сессиясында Палаталарға есеп беретін лауазымды адамдардың есебін тыңдау
туралы ұсыныс енгізуге; депутаттардан сауал салуға, Парламент кабылдайтын
заңдар, қаулылар, басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге,
азаматтардың коғамдық маңызы бар өтініштерімен депутаттарды таныстыруға,
басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Парламент депутатының өкілеттігі: ол орнынан түскен; депутат іс-
әрекетке қабілетсіз деп танылған; Парламент таратылған; депутат болып
сайланғаннан кейін лауазымды қызметін жалғастыру үшін сол қызметті сақтауға
тиіс болған жағдайда тоқтатылады (Конститутцияның 52-баптың 3 және 5-
тармақтары). Депутат оған қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған кезде,
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетсе өз мандатынан
айырылады. Депутаттың өкілеттігін тоқтату немесе одан айыру туралы шешімді
республиканың Орталық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша Парламенттің
тиісті Палатасы оның депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен
шығарады.
Депутаттардың Парламент сессияларына, оның Палаталарының отырыстарына
қатысуы.
Депутат Парламент және оның құрамына кіруге тиісті органдарының
жұмысына қатысуға міндетті. Депутат дауыс беру құқығын жеке өзі жүзеге
асырады. Оның дауысын басқа депутатқа беруге кұкығы жоқ. Палата Бюросының,
оның тұрақты комитеттерінің, Парламент комиссияларының және оның Па-
латаларының кұрамына кірген депутат оның қарауына кез келген мәселені
енгізуге, мәселелерді қарауға әзірлеуге, ол бойынша талқылау мен оны
қабылдауға қатысуға, сондай-ақ қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуын
ұйымдастыруға, олардың орындалуын бақылауға құқылы. Ол Парламенттің өз
құрамына кірген органының шешімімен келіспесе, өз көзқарасын Парламент
сессиясында мәлімдеуге немесе ол туралы жазбаша нысанда хабарлауға кұкылы.
Палата Бюросының, оның комитеттерінің, комиссияларының кұрамына кірмеген
депутаттар аталған органдардың отырыстарына белсенді түрде қатыса алады.
Депутаттық сауал салу Парламент Палаталарының бірлескен және жеке
отырыстарына депутаттың мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының
Парламент сессиясына осы органның немесе лауазымды адамның құзыретіне
кіретін мәселелер бойынша өзінің көзқарасын дәлелді түрде түсіндіруін талап
еткен ресми жүгінісі болып табылады.
Парламент депутаты Премьер-министрге және Үкімет мүшелеріне, Ұлттық
Банктің Төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасына және
мүшелеріне, Бас прокурорға, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына,
республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы мен
мүшелеріне сауал сала алады. Бұл ретте Бас прокурорға арналған депутаттық
сауал салу қылмыстық тергеуді жүргізуге байланысты мәселелерге қатысты
болмауы тиіс.
Депутаттық сауал салу ауызша немесе жазбаша түрде болуы мүмкін және
лауазымды нақты адамға арналуы тиіс. Сауал салу және оған жауап беру
тәртібі Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентімен каралады.
Лауазымды адам қойылған сауалға Парламенттің немесе Палаталардың жалпы
отырысында жауап беруге міндетті. Депутаттық сауалға берілген жауап және
оны талқылаудың нәтижесі бойынша Парламенттің немесе оның Палаталарының
қаулысы қабылданады.[1]
Депутаттар Парламентте бірлесуді ұйымдастыруға құқылы. Фракция —
белгіленген заң тәртібімен тіркелген саяси партияны немесе өзге қоғамдық
бірлесуді білдіретін депутаттардың ұйымдасқан тобы, ол Парламенттегі тиісті
саяси партияның немесе өзге қоғамдық бірлестіктің мүддесін білдіру
мақсатында қүрылады.
Депутаттық бірлестік сайлау округтеріндегі бірлескен қыз-метінде
өздерінің өкілеттігін жүзеге асыру мақсатында депутат-тардың бірлесуі.
Қайсыбір фракцияның қатарында болу депутаттық топқа кіруге кедергі
келтірмейді.
Депутаттық бірлестіктер Палата Бюросында тіркелуі тиіс. Кезінде бірде
бір депутаттық бірлестіктерге кірмей қалған Мәжіліс депутаттары кейін
бірлестік мүшелерінің келісімімен оның кез келгенінің қатарына кіре алады.
Депутаттық бірлестіктердің ішкі жұмысын депутаттар дербес жүргізеді.
Парламент Регламентіне сәйкес депутатгық бірлестіктердің өкілдері
фракцияның,, топтың атынан:
Парламент пен Палаталардың отырыстарында талқыланатын мәселелерді
қарау тәртібі және оның маңызы бойынша күн тәртібіне ескертулер мен
ұсыныстар енгізуге;
Парламент немесе оның Палаталары сайлайтын немесе тағайындайтын, не
Парламент тағайындауға келісім беретін адамдардын кандидаттары бойынша
пікір білдіруге;
Парламент, оның Палаталары қабылдайтын заңдардың, қаулылардың, басқа
да актілердің жобаларына түзету ұсынуға;
Парламент депутаттарын азаматтардың өтініштерімен, фракциялар,
депутаттық топтар кабылдаған шешімдермен танысты-руға;
депутаттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АТҚАРУШЫ БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасындағы атқаратын Парламенттің конституциялық құқықтық мәртебесі
Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі
Парламент палаталары депутаттары
Сенат құрамына екі депутат сайланып енді
ҚР Парламентінде заң шығару процесі, оның сатылары
ҚР-сы Парламенті
Парламент пен оның Палаталарының өкілеттіктері
ПАРЛАМЕНТТІК ДЕПУТАТТЫҚ ӘДЕПТІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ
ҚР парламентінің конститутциялық құқықтық мәртебесі туралы
Пәндер