Қазақстан Республикасындағы индустриялы-инновациялық даму
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I ИННОВАЦИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДIҢ НЕГIЗI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Инновация ұғымы және оның жiктелуi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Инновациялық саланы мемлекеттiк басқару және шетел
тәжiрибелерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫ.ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Индустриялы . инновациялы саясаттың елiмiз экономикасы дамуы үшiн маңыздылығы және оны дамыту шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Қазақстан Республикасының 2003.2015 жылдарға арналған Индустриялық.инновациялық стратегиясының мақсаты мен мiндеттерi және оның негiзгi бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Қазақстан Республикасы өзiнiң дамуы барысында XXI ғаысрға күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Глобализация мен халақаралық бәсекелестiктiң күшеюi соңғы кездерi ұлттық экономикалардың бәсекелестiкке қабiлетiлiгi мәселесiн өршiтiп жiбердi. Ел экономикасының бәсекелестiкке қабiлеттiлiгi экономиканы басқарудың түрлi деңгейлерiнде қалыптасатын көптеген факторлар мен шарттарға тәуелдi болады. Дегенмен, елдiң бәсеке қабiлеттiлiгiнiң негiзi оның тауар өндiрушiлерi болып табылады. Олардың қаншалықты бәсеке қабiлеттiлiгiнен өнiмнiң сапасы және сәйкесiнше шығарылатын өнiм көлемi белгiленедi. Сондықтан, қазiргi уақытта өнiмнiң сапасы мен бәсекелестiкке қабiлеттiлiгiн арттыру мәселес кәсiпорын үшiн және де бүкiл ел үшiн аса маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады.
Осы мәселенi шешу жолдарының бiрi экономикалық дамудың бүгiнгi таңдағы шикiзаттық бағытынан қол үзiп, тиiмдi экономикалық өсудi қамтамасыз ететiн дамудың “индустриялық-инновациялық” сатысына өтуiмiз керек. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi.
Ал әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай бүгiнде әлемде дамыған және даму жағынан жоғары болып отырған елдердiң барлығы дамудың сервистiк-технологиялық бағытына өтiп кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және өте тиiмсiз экономикадағы дамушы елдер жатады. Сондықтан елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына өтуi үшiн эономикалық дамудың индустриялы-инновациялы жолына түсуi қажет. Осы мақсатта елiмiзде бүгiнде алғашқы iс-шаралар жүзеге асуда. Оның негiзгi елiмiзде 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-инновация стратегияның қабылдануы болып табылады.

1. Н.А. Назарбаев. Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына Жолдауы.
2. Инновационный менеджмент / К.Нарибаев, С.Джуманбаев, А.Нусупова. – Алматы: Қазақ унивеситетi. – 1998. – 60 с.
3. Купешова Сауле Телеухановна / “Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан,” – диссертация, Алматы, 2002 г.
4. Статистика 1991-2001 десят лет независима Казахстана. Алматы. - 2002г.
5. Шумпетер Й. Теория экономическая развития. – Москва; Прогресс. 1998. – 454 с.
6. Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК // Аль-Пари. №6, 2000 г.
7. Ю. К. Шокоманов “Состояние и перспективы экономического развития Казахстана в переходной период” // Вестник КазНУ, Серия экономическая, №4, 2001 г.
8. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
9. Н. А. Назарбаев. “Задача науки – способствовать развитию экономики” // Казахстанская правда, 16 апрель, 2002 г.
10. Әбдiжапар Сапарбаев “Инновация – негiзгi қозғаушы күш” // Егемен Қазсқстан, 24 наурыз, 2004 ж.
11. Н. Ә. Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
12. Қуат Бораш “Инновация, оның елiмiз экономикасы үшiн маңызы қандай” // Егемен Қазақстан, 23 ақпан, 2004 ж.
13. Купешова С.Т. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемлекеттің орны //Саясат №2, 2001г.

ЖОСПАР
КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I ИННОВАЦИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДIҢ НЕГIЗI
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1. Инновация ұғымы және оның жiктелуi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Инновациялық саланы мемлекеттiк басқару және шетел
тәжiрибелерi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .8
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Индустриялы - инновациялы саясаттың елiмiз экономикасы дамуы үшiн
маңыздылығы және оны дамыту шаралары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-
инновациялық стратегиясының мақсаты мен мiндеттерi және оның негiзгi
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ..24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасы өзiнiң дамуы барысында XXI ғаысрға күрделi
өзгерiстермен аяқ басты. Глобализация мен халақаралық бәсекелестiктiң
күшеюi соңғы кездерi ұлттық экономикалардың бәсекелестiкке қабiлетiлiгi
мәселесiн өршiтiп жiбердi. Ел экономикасының бәсекелестiкке қабiлеттiлiгi
экономиканы басқарудың түрлi деңгейлерiнде қалыптасатын көптеген факторлар
мен шарттарға тәуелдi болады. Дегенмен, елдiң бәсеке қабiлеттiлiгiнiң
негiзi оның тауар өндiрушiлерi болып табылады. Олардың қаншалықты бәсеке
қабiлеттiлiгiнен өнiмнiң сапасы және сәйкесiнше шығарылатын өнiм көлемi
белгiленедi. Сондықтан, қазiргi уақытта өнiмнiң сапасы мен бәсекелестiкке
қабiлеттiлiгiн арттыру мәселес кәсiпорын үшiн және де бүкiл ел үшiн аса
маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады.
Осы мәселенi шешу жолдарының бiрi экономикалық дамудың бүгiнгi таңдағы
шикiзаттық бағытынан қол үзiп, тиiмдi экономикалық өсудi қамтамасыз ететiн
дамудың “индустриялық-инновациялық” сатысына өтуiмiз керек. Бұл мәселенiң
өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта
дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей
“мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек”
деп атап көрсеттi.
Ал әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай бүгiнде әлемде дамыған және
даму жағынан жоғары болып отырған елдердiң барлығы дамудың сервистiк-
технологиялық бағытына өтiп кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан
артта қалған және өте тиiмсiз экономикадағы дамушы елдер жатады. Сондықтан
елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына өтуi үшiн эономикалық дамудың
индустриялы-инновациялы жолына түсуi қажет. Осы мақсатта елiмiзде бүгiнде
алғашқы iс-шаралар жүзеге асуда. Оның негiзгi елiмiзде 2003-2015 жылдарға
арналған Индустриялы-инновация стратегияның қабылдануы болып табылады.
Сондықтан мен экономикалық теория пәнiнен бүгiнгi таңдағы өзектi
мәселелердiң бiрi болып табылатын “Қазақстан Республикасының индустриялы-
инновациялық даму бағдарламасы” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi Қазақстан Республикасының инновациялық
мәселелерге қызығуы әлеуметтiк - экономикалық дамуда ең бiрiншi ғылыми
техникалық дамумен байланысты болып отыр. Елдiң негiзгi экономикалық
дамуына, яғни өндiрiс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау және
экономиканың сервистiк-технологиялық дамуы үшiн инновациялық қызмет ең
қажеттi болуынан.
Менiң бұл курстық жұмысты жазудағы мiндеттерiме келесiлер жатады:
• Инновация ұғымын ашып және оның жiктелуiн қарастыру;;
• Инновациялық өнiмдi iске асырудағы инновациялық процестiң негiзгi
кезеңдерi мен оның мақсаттарын анықтау;
• Инновациялық қызметi дамыған шетелдердiң саясаттарын қарастырып,
олардың елiмiз экономикасы үшiн тиiмдi жақтарын қарастыру;
• Елiмiздiң экономикалық өсуiндегi инновациялық дамудың маңызының ерекше
екенiн анықтау;
• Ұлттық инновациялық жүйенiң құрылымын талдау;
• Елiмiзде инновациялық қызметтiң дамуы мен оны қолдау шаралары.
• 2003-2015 жылдарға арналған инновациялық стратегияның мақсаттары мен
мiндеттерiн қарастырып, оның даму жоспарындағы негiзгi бағыттарды
көрсету.
I ИННОВАЦИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДIҢ НЕГIЗI
1. Инновация ұғымы және оның жiктелуi
XXI ғасырда әлемде мемлекеттiк экономика жүйесiнiң дамуының үш түрi
айқын көрiндi. Оларға:
• Шикiзаттық бағыттағы экономика;
• Дамушы экономика;
• Индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы.
Мұнда шикiзаттық елдерге жер қойнауында қазба байлықтары көп
елдер жатады және олардың экономикасы экономика дамуында тұрақсыз
шикiзаттық бағытқа негiзделген. Дамушы экономика елдерге жаңа
технологияларды қолданушы елдердi жатқызамыз және олардың дамуына тiкелей
шетел инвестициялары әсер етедi. Ал экономика дамуында ең тиiмдi жол болып
табылатын индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы ғылыми-техникалық
потенциялы жоғары дамыған елдерде орын алуда. Бұл экономиканы бiлiмге
негiзделген экономика деп атауға да болады. Бiздiң елiмiз әлi де болса
индустрияға дейiнгi және индустриялы қоғамды бiрге басынан өткеруде. Ал
бiздiң мақсатымыз алдынғы қатарлы, индустриядан кейiнгi елдер қатарына
қосылу болып отыр.
Ол үшiн мемлекет бел шешiп араласуы керек, сондықтан инновация мен
инвестиция мемлекеттiң реттеудiң объектiсi болып табылады.
Осы дамудың тиiмдi жолы болып табылатын инновациялық дамуды
талқыламас бұрын инновация ұғымының өзiне тоқталу қажеттiгi туындап отыр.
Экономикада “инновация” терминi XV ғ. 1-шi жартысында пайда бола
бастады. Бұл ағылшын сөзi “innovation” яғни “жандану” немесе “заттар
өндiрудегi жаңа технологиялар” деген мағынаны бiлдiредi.
Инновация дегеніміз - бұрын рынокта болмаған жаңа сапалық қасиеттерге
ие бұрыннан белгілі өнім немесе тіпті жаңа түрде жақсартылған технологиялық
процестер түрінде көрінетін өзгерістер мен жаңалықтар.
Австрия ғалымы Й. Шумпетер XX ғ. 30-жылдары экономика ғылымына
инновация ұғымын енгiздi. Оның түсiнiгiнше инновация тұтынушылар
тауарларының жаңа түрлерiн қолдану, жаңа өнеркәсәптiк және рынок пен
өнеркәсiптiң жаңа ұйымдарының пайда болуымен түсiндiредi. Шумпетер бойынша
инновация – тек жаңашылдық емес, ол жаңа өндiрiстiк функция болып табылады.
Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектiсiн
көрсетуге болады:
1. Инновация – интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы
бәсекелестiкке төтеп бередi;
2. Инновация – бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;
3. Жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тгiзедi;
4. Инновация – экономикалық өсу факторы ретiнде.
XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң
басты факторы ғылыми-техникалық прогресс екендiгiн айтқан. Мұны Саймон
Кузнецта қолдады. Оның пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның
тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн
айтты.
Техникалық прогресс теориясының дамуынан инновацияға берiлген ақшалай
ресурстар көлемiнде өнiм бiрлiгiнде кететiн орташа шығындарды азайтып,
өндiрiстiң техникалық күшiнiң жетiлуi деген анықтама бередi.
Қазiргi заманғы көз қарастар бойынша инновация техникалық жаңалықпен
қатар, экономикалық және әлеуметтiк құбылыс болып табылады. Сондықтан бұл
түсiнiкке Сэйдiң кәсiпкерлiкке берген анықтамасы жақын. “Кәсiпкер
экономикалық ресурстарын төмен өндiрiстi және төмен табысты саладан жоғары
өндiрiстi және табысты салаға ауыстыруға ынталы болады. Кейiн бұл
анықтаманы Шумпетер: “кәсiпкерлiк мiндет болып, сананы қирату болып
табылады” деп атап көрсетедi. Яғни, инновация кәсiпкерлiктiң ерекше құралы.
Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар
техника – экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi
әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:
• экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор
инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;
• экономикалық дамуда бiлiм мен интелект басты рольде болуы керек;
• интелектуалдық қызметтi институционализациялау оның құрылымы мен негiзi
болып табылады.
Инновациялық дамуда негiзгi ұғым бұл инновациялық процес болып
табылады. Осы инновациялық процестiң негiзгi iске асу кезеңерiн келесiдей
топтауға болады:
1. Алынған ойларды жүйелеу:
• Рынок өзгерiсi туралы ақпарат жинау, жаңалықтар, ҒЗТКЖ ұйымдарынан
алынған және маркетингтiк зерттеулер, фирма аппараттарының сауда
делдалдарынан жинаған ақпараттары және т.б;
• Фирманың жаңа өнiм өндiру мүмкiншiлiгiн және тәуекелдер деңгейiн
анықтау;
• Мақсаттық рынок және оның дамуы туралы ақпараттар жинау;
2. Жекелеген ойларды талдау және жаңа өнiм идеясын зерттеу:
• Мүмкiншiлiктердi және ойды практикалық iске асыруды анықтау;
• Фирма дамуы стратегиясына жаңа өнiм өндiру жоспарының сәйкес келуi;
• Болашақ өнiмнiң патенттiк айқындығын анықтау;
3. Жаңа өнiмнiң экономикалық тиiмдiлiгiне анализ жасау және
маркетингтiк бағдарлама құру:
• Өнiм өндiру идеясының нақты жобаға айналу талдауын жасау;
• Өнiмнiң техникалық-экономикалық сипатын анықтау, оның сапасына және
тұтынушылық қасиетiне баға беру;
• Потенциалды рынок сұранысына және сату көлемiне талдау жасау;
• Жаңа өнiмдi өндiруге кететiн шығындарды анықтап, өнiмнiң өз құнын
өтеу мерзiмiн белгiлеу;
• Жаңа өнiм өндiруге қажеттi негiзгi ресурстардың көздерiн табу.
Оларға: техникалық машиналар, құралдар, шикiзаттар, материалдар,
кадрлық персоналдар және қаржылық ресурстар көздерi жатады;
• Жаңа өнiмдi игеру және оның рынокқа шығу мерзiмi;
• Өнiмнiң пайдалылығын талдап, оған маркетингтiк бағдарлама жасау;
4. Жаңа өнiмдi дайындау:
• Жаңа өнiм дамуының нақты бағдарламасын жасап дайындау;
• Өнiмнiң техникалық жағдайын тексеру (экономикалық және әлеуметтiк
қауiпсiздiгi, оны өндiрудiң қоршаған орта жағдайына әсерi);
• Тауардың атын белгiлеп, оның тауарлық белгiсiн, оралуын, маркировкасын
жасау;
5. Рынокта жаңа өнiмдi тестiлеу:
• Өнiмдi 3 айда шектелген рынокта тестiлеу жүргiзу;
• Сатылудың оптималды шараларын талдау;
• Жарнама әдiсi мен құралдарын талдау;
• Техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
6. Жаңа өнiмдi өндiрiске енгiзу туралы шешiм қабылдау:
• Жаңа өнiмнiң коммерциялық негiздемесi: сату көлемi, өнiмнiң
пайдалылығы, сұранысты қанағаттандыру дәрежесi, өткiзудiң негiзгi
каналдары мен әдiстерi, фирманың рыноктағы имиджi, тұтынушылармен
байланыстың тұрақтылығы;
• Фирманың өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi бар ресурстарды тиiмдi пайдалануы
және маманданған қызметкерлермен толық қамтамасыз етiлуi;
• Қаржылық мүмкiншiлiктер: инвестициялар, несиелер және гранттар;
• Жаңа өнiмде патенттiк қорғаныстың болуы.

Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға
қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің
мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді.
Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни
мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан
тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды
және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің
қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бiрақ жолы
бар, ол жоғары технологиялық өндірісті дамыту. Тек жаңа технологиялар ғана
Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының
әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді.
Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары
технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-
техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану- Қазақстан-2030 стратегиясының
маңызды мәселелерінің бірі.
2002 жылдың шілде айында қабылданған “Инновациялық қызмет ” туралы
Заңы Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін
жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру,
қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық
даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экномикасын ары
қарай дамыту.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал кез-
келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет
көркеюінің негізгі жолы ғылыми - техникалық және инновациялық салада лидер
болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп,
ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық
экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабіліеттігін жоғарылатады.
Қазіргі таңда ел экномикасы дамуының шешуші факторлары ғылым мен
инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз.Бүкіл
әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда
құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы “Силикон
аңғарының” пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары
технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия,
Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.
Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару
жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озды. Жаңа
автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та – 4 ай, Еуропада 2 айдан
кейін шығады. Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу
үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш- 11 ай.
Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен
1950 ж. құрылған ҒТИП (ғылыми-техникалық индустриалды парктер) айналысады.
Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан
қарқынды жылдамдықпен игеріледі. ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми
орталықтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды,
ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі,ақпарат және қаржымен қамтамысыз
етілуін қадағалайды,бір сөзбен айтқанда, кәсіпорынға “қолайлы орта”
жасайды. Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып
отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз. Ол
шама 1991жылы –2587 кәсiпорын, 1992 ж. –9678 кәсiпорын, 1996 ж. –13722
кәсiпорын, 2000 ж. –20796 кәсiпоырн.
Ал Оңтүстiк Корея Республикасының ғылым мен техниканы соңғы 30 жылда
өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан әлемдегі ең кедей
елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін
қорғаныс, ядролық және космостық салаларға бағыттады. Корея Республикасы
ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60- жылдарының ортасында қолға
алды. 1967 жылы басты міндеті ғылыми-техникалық саясатты жобалау және
жүзеге асыру болып табылатын “Ғылым және технология Министрлігі” құрылды
және “Ғылым мен техниканы қолдау туралы” Заң қабылдады. Осыдан кейінгі
дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланды.
Финляндияға келетiн болсақ бұл ел 1991 жылға дейін экспортының
жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен кейін және 90- жылдардағы
экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына да жағымсыз әсер етті.
Мысалы, жұмыссыздық деңгейі 1991 ж 3,5%-дан 1993 ж 20%-ға дейін өсіп
кетті. Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж жаңа
экономикалық бағдарлама қабылдады. Оның міндеті Финляндияны дамыған елдер
қатарына қосу. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет “Ұлттық
инновациялық жүйені” құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия Президенті
қадағалайды.
Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға
тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60
жылдарында дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда
мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл
саланың қарқынды дамуы да екіталай болып келедi.
Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді
мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.
1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы;
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі лабораториялар
қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте бұл
лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы
мәселелерін шешумен айналысады.
2. Қайтарымсыз негізде мемлекеттiк негiзде субсидиялар бөлу;
Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыи зерттеу
жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді.
Негізгі қойылатын шарт зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған
нәтижені ашық түрде жариялау
3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция
бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.
Бұл мәселенің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік.
Жапонияда инновацияларға 2-шi дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне
бастады. Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін
құрады. Ал мемелекет инновациялық саясатты солар арқылы жүргізеді. Шағын
кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 99%-ын құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі
52%-ды құрады. Мемлекет саясатының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлікті
қолдауының мәні қажетті капитал салымы мен жұмыссыздық туралы деректерді
сәйкестендіру болып табылады.
Мемлекеттік деңгейде инновациялық кәсіпорындарға мынандай қолдау
көрсетеді:
1. Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер (шағын инновациялық
кәсірорындарға кеңес беретін комисссиялар, кәсіпорындарды қолдайтын бас
басқарма, регионалдық органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын
инновациялық кәсіпорындар академиясы, шағын инновациялық кәсіпорындардың
бүкіл жапондық регионалдық орталық комитеті) жаңадан құрылған шағын
кәсіпорындарға көмек көрсетеді.
2. Қаржылық кепіл беру мен қаржылық көмек көрсету
Оны Жапонияда 59 филиалы бар мемлекеттік қаржылық корпорация, 102
филиалы бар ұлттық қаржылық корпорация, 117 филиалы бар сауда және
өндірістік кооперацияның Орталық банкі, шағын инновациялық кәсіпорындарға
арналған кредиттерді сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.
Шағын және орта бизнесті қолдаудың жапондық жүйесінің негізгі
элементі ол құқықтық-нормативтік қамтамасыз ету болып табылады. Оған “Шағын
және орта бизнесті мемлекеттік қолдау” туралы Заңнан бастап “Жаңа қызмет
түрін енгізуде туындайтын төтенше жағдайлар” туралы Заңға дейін т.б. заңдар
кешенін қамтиды.
Жапонияда Орталық банктер кредиттердің 47%-ын, ал жергілікті
коммерциялық банктер 100% кредитті шағын және орта кісіпорындарға береді.
Шағын инновациялық кәсіпорындарды қаржылық қолдаудың арнайы механизмдері
қолданылады. Олар “жеңіл қарыздар” деп аталады. Егер жай қарызды 4-8%-бен
алса, шағын инновациялық кәсіпорындар қарызды осының жартысымен, яғни 2-3%-
да алады.
Ал Оңтүстік Кореяда инновация XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап
дамыды. Технологиялық саясат ең алдымен ішкі технологиялық базаны құруға,
шетел техникасын пайдалануға бағытталды. Сол мерзімде, яғни 1966 ж.
мемлекет тарапынан қаржыландыратын тұңғыш зерттеу инстииуты “Корей Ғылым
және технология институты” құрылды (KIST). Оның негізгі мақсаты озық шетел
технологиясын үйрену және оны өндірісте қолдану болды. 70-жылдардың
ортасынан басталған келесі кезеңде капиталды көп қажет ететін жән
технологиялық тиімді, машина жасау, кеме жасау, химия, электроника және
электроэнергетика секілді салалар мемлекеттік қолдауға ие болды.
Мамандарды даярлау ісі қолға алынып, көзделген бағытқа сәйкес
келетін ЖОО KAIST- (Korean advances Institute of Science and Technology)
ашылды. Ол үкіметтің адам ресурстарын дамыту және кадрларды дайындау
саясатын жүзеге асыруға көмектесті.
80-жылдардың басында инновациялық саясатты дамытудың және жүзеге
асырудың 3-кезеңі аяқталды. Ол стратегиялық маңызды салаларға шоғырланған
инвестицияларды бағыттауды қаржыландыру, инвестициялау және кедендік
бақылау салаларын либерализациялауды көздеді. Зерттеулер мен жобалаулар
саласында тұңғыш Ұлттық бағдарлама жасалды. Ғылымды, білікті мамандарды
даярлауды мемлекеттік қаржыландыру күшейе түсті. “Даэдок” ғылыми қалашығы
құрылды. Бұл ғылыми қалашық мемлекет тарапынан және жеке сектордан
қаржыландыратын оқу орындары, зерттеу орталықтары мен венчурлік фирмаларға
ғимарат беріп, олардың біріккен зерттеулеріне көмек көрсетті.
Кореяда 1997-2002 ж.ж арналған инновацияның 5- жылдық жоспары мен
елдің 2025 жылға дейінгі ғылым мен техниканы дамытудың ұзақ мерзімді
жоспарында да мемлекеттің рөлі ерекше болып табылады.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал- кез-

көркеюінің негізгі жолы- ғылыми техникалық және инновациялық салада лидер

Шетелдер тәжірибесінен инновацияны дамытудағы мемлекеттің рөлінің өте
маңызды екеніне көз жеткіздік, енді еліміздегі инновациялық үрдістерді
дамытуға қандай мемлекеттік қолдау көрсетілетініне және жалпы елiмiздiң
инновациялық жағдайы мен 2003-2015 жылдарға арналған стратегияның
қызметтерiне тоқталайық.

Бүгiнде елiмiз экономикасының дамуында негiзгi бағыт елде 1990 жылдан
кейiн құлдырап кеткен барлық өндiрiстердi инвестиция тарту арқылы iске
қосу, кәсiпкерлiктi дамыту, әсiресе шағын бизнестi мемлекеттiк қолдау,
ғылыми-техникалық еңбектерге және инновациялық қызметтерге мемлекеттiк
салық және несие жеңiлдiктерi арқылы оларды ынталандыру, елдегi халықтың
бiлiм деңгейiн реформалау және жоғары дәрежелi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz