Kәсіпорындағы еңбек қорғауды басқару жүйесі


1 KӘСІПОРЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУ
ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. 1 Алматылық ЖЭО-1 жайлы жалпы мәліметтер
1. 1. 1 ЖЭО-ның орналасу аймағы
Кәсіпорынның атауы - Алматылық ЖЭО-1.
Кәсіпорынның мекен-жайы: 480050, Алматы қаласы, Сейфуллин ат-ғы даңғылы, 433.
Алматылық ЖЭО-1 Алматы қаласының орталығында, Жетісу ауданының аймағында орналасқан, алып жатқан ауданы 33 гектар. Жоспарына қарағанда кәсіпорын алаңы солтүстікке қарай созылған көпбұрыш тәріздес. Кәсіпорын алаңының шекаралары: батыс жағынан - ет комбинатының аймағы және тұрғын үйлер, шығыстан оң-түстікке қарай - Сейфуллин ат-ғы даңғылы, сол-түстік жағынан - тұрғын үйлер. Оңтүстіктен солтүстікке қарай кәсіпорын алаңы 1200 метрге, батыстан шығысқа қарай - 200 метрден 450 метрге дейін созылған.
АЖЭО-1 Алматы қаласының орталықтан жылумен жабдықтаудың ең ірі аймағына кіреді және де қаланың орталық бөлігінде орналасқан тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етеді.
АЖЭО-1 1935 жылы іске қосылды. Бекеттің дамуы бірнеше кезекпен жүзеге асырылды. Бас корпуста орташа қысыды негізгі жабдықтар орнатылған, кеңейтілгеннен соң - жоғары қысымды. Бүгінгі күні алғашқы екі кезектің жабдықтары, атап айтқанда қазандар, турбиналар тозғанына байланысты бөлшектеніп бұздырылған. Қазандар орналасқан қазандар цехының ғимараты бұзылды, машиналық зал ғимараты қазіргі күні жөндеу мақсаттары үшін және қойма бөлмелері ретінде қолданылады. Сонымен, қолдануда жоғары қысымды алты қазан, турбиналар бар.
Бұздырылған турбинаның конденсаторы турбиналардың май салқындатқыштардың су салқындатқышы үшін жылу алмастырғышы ретінде қолданылады.
Су ысытатын қазандар бөлек ғимаратта орнатылған.
АЖЭО-1 құрамында келесі негізгі цехтер мен бөлімдер бар:
-отын-көліктік цех;
-қазандар цехы;
-турбиналық цех;
-электрлік цех;
-химиялық цех;
-жылулық автоматика және өлшеулер цехы;
-жөндеу және табиғатты қорғау қызмет бойынша цехы;
-жөндеу-құрылыс цехы;
-автошаруашылық бөлімі;
-әкімшілік-шаруашылық бөлім.
АЖЭО-1 өнеркәсіптік алаңына оң-түстік пен батыс жағынан автожолдар келеді, олар кәсіпорынды қаламен және басқа мекемелермен байланыстырады.
Темір жол оңтүстік-шығыс жақтан келеді және Алматы-2 теміржол бекетіне жалғанады. Темір жолдың ұзындығы - 1, 5 км.
Электр өткізгіштері ЖЭО-1 алаңынан батыс жақтан шығады.
Жылу және бу өткізгіштер өнеркәсіптік мекемелер мен тұрғын үйлерге екі жақтан - оңтүстік және батыс - шығады.
Магистральді газ құбырлары АЖЭО-1 алаңына батыс жақтан келеді.
Күл үйіділері АЖЭО-1 алаңынан солтүстік пен батысқа қарай 10 км қашықтықта орналасқан.
АЖЭО-1 Алматы қаласының орталықтан жылумен жабдықтаудың ең ірі аймағына кіреді және де қаланың орталық бөлігінде орналасқан тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етеді.
Қазіргі күндердегі АЖЭО-1 қуаты жөніндегі мәліметтер 1. 1. 1 кестеде келтірілген.
1. 1. 1 кесте - АЖЭО-1 қуаты
Электрлік,
МВт
ЖЭО-ның жұмыс істеу тәртібі және жылулық жүктемелері 1. 1. 2 кестесінде келтірілген.
1. 1. 2 кесте - ЖЭО-ның жұмыс істеу тәртібі және жылулық жүктемелері
Жылу желісінің суды химиялық тазарту өнімділігі
- максимальді
- қысқы кезең үшін орташа
- жазғы кезең үшін орташа
3200 м 3 /сағ
2500 м 3 /сағ
1750 м 3 /сағ
Шикі су шығыны
- максимальді
- қысқы кезең үшін орташа
- жазғы кезең үшін орташа
1500 кг/c
998 кг/c
961 кг/c
Жазғы кезеңде судың температурасы
- шикі бастапқы судың
- теплофикациялық шоғырларда
1. 1. 2 Кестенің жалғасы
15 градус
20-30 градус
ысытылғаннан кейінгі шикі судың
- химиялық өңдеу алдындағы шикі судың
- химиялық тазартылған судың
20-30 градус
20-30 градус
Қысқы кезеңде судың температурасы
- шикі бастапқы судың
- теплофикациялық шоғырларда ысытылғаннан кейінгі шикі судың
- химиялық өңдеу алдындағы шикі судың
- химиялық тазартылған судың
5 градус
11 градус
20 градус
20 градус
Қысқы кезеңде потенциальдік жылулық жүктеме
- теплофикациялық шоғырлардан кейін шикі суды ысыту
- химиялық тазартылған суды ысыту
- жалпы
189 ГДж/ч
566-530 ГДж/ч
755-820 ГДж/ч
Қысқы кезеңде потенциальдік жылулық жүктеме
химиялық тазартылған суды ысыту
Кететін газдардың жылулық потенциалы
- бүкіл көлемді қолданған кезде
- көлемнің бөлігін қолданған кезде
566-629 ГДж/ч
294-378 ГДж/ч
Ыстық судағы ЖЭО-1 жүктемелері 887 Гкал/сағ құрайды, оның ішінде 136 Гкал/сағ - ыстық сумен қамту үшін; 102/176 т/сағ - бу шығыны, 1, 6 МПа сыртқы тұтынушыларға.
АЖЭО-1 негізгі жабдықтарының құрамы мен олардың сипаттамалары төменде келтірілген:
- болатты турбоагрегат № 8 1960 жылы орнатылған. 1966 жылы турбинаның цилиндрі, роторы және стопорлық клапаны, бу шығаратын құбырлары ауыстырылған;
-су ысытатын қазандар мазут пен газда жұмыс істеу үшін арналған. Қазандардың жұмыстық жылу өнімділігі: мазутта жұмыс істеген кезде - 75 Гкал/сағ, газда жұмыс істеген кезде - 100 Гкал/сағ.
ЖЭО-1 жұмыс істеу тәртібі - жыл ішінде жылулық график бойынша.
Жылулық желістің температуралық графигі 150/70 градус. Ыстық сумен қамту жүйесі - ашық.
АЖЭО-1 отынның үш түрін қолданады: табиғи газ, мазут және қарағанды көмірінің энергетикалық концентраты. 1. 4 кестеде қолданылатын отын сипаттамалары келтірілген. Энергетикалық қазандарда көмір, ал су ысытатын қазандарда мазут жағылады. Күзгі-көктемгі кезеңде су ысытатын қазандарда және жазғы кезеңде энергетикалық қазандарда газдың маусымдық қалдықтары жағылады.
1. 1. 3 кесте - Отынның сипаттамасы
Көмір бекетке теміржол арқылы жеткізіледі, ол вагон-опырмаларда түсіріледі. Қыстың күні қатқан көмір жібітетін құрылғы арқылы өтеді. Көмірдің ашық қоймасы 250 000 т көмірді сақтау үшін арналған. Кейбір жылдары бұл қоймаларға 400 000 т көмір түсірілген болатын.
Мазут Қазақстанның мұнай өндіруші заводтарынан цистерналарда жеткізіледі. Мазут қоймасы көлемі 1 м 3 екі резервуардан және көлемі 2000 м 3 екі шығынды резервуардан тұрады.
Газды отын газ құбырлары бойынша газ таратушы пунктке келеді де одан ол энергетикалық және су ысытатын қазандарға келеді.
Бу, құнарлы су, конденсат бойынша ЖЭО-1 жылулық схемасы - кесе-қолденең байланыстармен.
Циклдағы шығындардың толтырылуы химиялық тұзсыздандырылған сумен жүргізіледі.
Қазандар мен жылу желісіне берілетін бастапқы су ретінде Талғар су құбырларының суы қолданылады. Шіки су диаметрлері 1000 мм екі су құбырлары арқылы келіп, жоғарлату сораптармен турбиналарының конденсаторларын салқындату үшін беріледі. Ысытылған шикі су химиялық тазалануға келіп түседі. Бұдан ол су атмосферлік деаэраторларға бағытталады және айдап қотарушы сораптармен турбиналарының регенерация жүйелеріне беріледі, құнарлы судың ысытылуы турбиналардың жоғары қысымды ысытқыштарында жүреді.
Жылу желісінің құнарлы суының деаэрациясы вакуумдық деаэраторларда орындалады. Құнарлы судың қоры көлемі 2х5000 м 3 аккумуляторлық бактарда қамтамасыз етіледі.
Желістегі судың ысытылуы негізгі және мүшкіл ысытқыштарда және су ысытатын қазандарда жүргізіледі. Желістік суды беру схемасы екі сатылы. Екінші реттегі желістік сораптар су ысытқыш қазандардың алдында орналасқан.
ЖЭО-1-ден ыстық су түрінде жылуды жіберу алты екі құбырлық магистральдер бойынша орындалады.
Күл мен шлакты жою желісі - айналмалы гидравликалық.
Энергетикалық қазандардан түтін газдары биіктігі 80 м және ауыздарының диаметрі - 4, 3 м екі мұржадан және биіктігі 45 м металл мұржадан шығады. Атмосфераға лақтырылар алдында түтін газдары дымқыл күл ұстағыштарда күлден тазаланады.
Су ысытатын қазандардан түтін газдары биіктігі 80 м және ауыздарының диаметрі - 4, 3 м екі мұржадан шығады.
1. 2 АЖЭО-1 негізгі және қосалқы құрылғылары
АПК ЖЭО-1 аймағында келесі ғимараттар мен құрылыстар орналасқан:
-бас корпус;
-басқарудың басты қалқаны;
-әкімшілік корпус;
-материалдық қоймалар;
-ыстық желілік су үшін арналған екі аккумуляторлық бактары (көлемдері 5000 м 3 ) бар қоректендіруші сорап бөлмесі;
-бактік шаруашылығы және реагенттер қоймасы бар химиялық су тазарту бөлмесі;
-қызметтік-тұрмыстық корпус;
-бейтараптандыру түйіні;
-гараж;
-электрлік шеберханалар;
-асхана;
-зертханалық корпус;
-электролизерлік;
-қосалқы шеберханалар блогы;
-қабылдау ыдысы бар мазут төгу орны;
-мазутты автоцистерналарға құю бекеті;
-жылу беру орны;
-көмір қоймасы;
-бульдозерлер гаражы;
-мұздан еріту құрылғысы;
-тазалау құрылыстар;
-көлемі 5000 м 3 бакі бар шикі су сорабы;
-газ тарату орны;
-ашық тарату құрылғысы 110 кВ;
-ашық тарату құрылғысы 35 кВ;
-май шаруашылығы;
-жоғарлатушы сорап;
-су ысыту котельнаясы;
-мазут сорабы;
-көлемі 2000 м 3 екі бакі бар жағатын мазуттың тұтыну қоймасы;
-көлемі 1 м 3 екі бакі бар мазуттың резервті қоймасы; -көбік өндіретін бекеттер;
-кабельдік тоннельдер мен каналдар жүйесі;
-кабельдік құрылыстар мен транформаторларында өрттерді автоматты түрде айқындау және сөндіру жүйесі;
-дүкен;
-бетондық түйін;
-тұз қоймасы;
-орталық қойма;
-багерлік 2 көтергіш;
-коллекторлық.
АЖЭО-1 -де келесі төрт негізгі цехтер жұмыс істейді: отын-көліктік цех, қазандар цехы, турбиналық цех, электроцех. Сонымен қатар екі қосалқы цех жұмыс істейді: суды химиялық тазарту және жылулық автоматика және өлшеулер цехтері. Отын-көліктік цех Отын-көліктік цехте келесі учаскелер және оларда қолданатын жабдықтар бар: ұсақтағыш корпус: ұсақтағыштар - 2 дана, аспаптар панелі мен басқару пунктері;
-жылу жіберу жолы: жолақ конвейерлері - 9 дана, ілінген магниттік сепараторлар, барабан електері, бункерлер;
-вагон опыту ғимараты: вагон опырушы құрылғы, бункер, электротельфер;
- вагондық таразылар бөлмесі;
- көмір қоймасы;
- бульдозерлер паркі: бұрғылаушы және егеуші станоктар, бульдозерлер, экскаваторлар, электртельферлер.
ЖЭО-1-ге қатты және сұйық отын Алматылық теміржол арқылы жеткізіледі.
Бұл цехтың аймағында қатты және сұйық отындар үшін қоймалар орналасқан. Сұйық отын үшін 4 ыдыс бар: 2 - 1 тоннадан, 2 - 2000 тоннадан. Отынды жағу үшін өңдеп дайындайды. Қатты отын ұсақтағыштарда шаң тәріздес күйге дейін ұсақталып, конвеер арқылы бункерлерге жеткізіледі
Энергетикалық және су ысытатын қазандарда негізгі отын ретінде табиғи газды жағуға ауыстырғанда энергетикалық қазандар үшін резервті отын ретінде көмір, ал сы ысытатын қазандар үшін мазут сақталады
Қазіргі таңда, Орта Азиядан Ду 500 магистральдік газ құбырларымен келіп түсетін табиғи газдың қалдықтары ЖЭО-1-де негізінен жаздың күні жағылады.
Табиғи газды негізгі отын ретінде пайдалану келесі жағдайларды талап етеді:
-магистральдік газ құбырлары арқылы газдың берілуін ұлғайтуды - Ду 1000 магистральдік газ құбырының екніші тармағын салуды және іске енгізуді аяқтау арқасында;
-жаңа газ құбырларын енгізумен қоса электростанцияның сыртқы газбен қамту жүйесін жөндеуді ЖЭО-ті жылумен қамту жүйесі Бүгінгі күні ЖЭО-1-де қарағанды көмірінің энергетикалық концентраты жағылады, оның орташа сипаттамалары келесі:
-құнарлығы - 5446 ккал/кг
-күлділігі - 22, 43 пайыз
- дымқылдығы - 9, 14 пайыз
- ұшпалардың шығуы - 14, 8 пайыз
Энергетикалық концентратпен қоса станцияға қарапайым өнеркәсіптік өнімдер, Қазақстан Республикасы басқа бассейндерінің көмірлері келіп түседі.
Жоғарыда айтылғандай жаздың күні энергетикалық қазандарда табиғи газдың қалдықтары жағылады, жылу беру кезеңінде ЖЭО-1 үшін газ бөлінбейді.
Мазут энергетикалық қазандарда тамызықтық отын ретінде қолданылады.
Су ысытатын қазандарында негізгі отын ретінде мазут және табиғи газдың қалдықтары жағылады.
Су ысытатын қазандар үшін мазуттың бір сағаттық мөлшері 77. 4 т\ сағ құрайды.
ЖЭО-1-дің отындағы есептік қажеттілігі қыстың күні - 184300 нм 3 сағ; жаздың күні - 3 - 4 нм 3 сағ құрайды.
Магистральдік газ құбырларына қызмет көрсетумен, сонымен қатар құрылысы аяқталмаған екінші тармақпен, Интергаз Центральная Азия компаниясы айналысады.
Бұл компанияның мәліметтері бойынша магистральдік газ құбырын жөдеген соң, қысымды жоғарлату арқасында оның өткізу 290 мың. м З /сағ дейін ұлғаюы мүмкін.
Мазут шаруашылығы Алматы ЖЭО-1-дің мазут шаруашылығы бір уақытта 18 алтытекшелік цистерналардың жүгін түсіру үшін арналған үшжолдық теміржол эстакадасынан; жерасты темірбетондық қабылдаушы ыдыстан; көлемі 1 м3 екі металл резервуардан тұратын, жүктеуші сораптармен жабдықталған айдаушы сораптары бар мазут қоймасынан; көлемі 2000 м3 мазуттың екі шығыс резервуардан және мазут сораптарынан тұрады. Мазут шаруашылығы 1968-1972 жылдары салынған.
Газ тәріздес отынның шаруашылығы ЖЭО-1-дің газбен қамтылуы ГРС-1-ден диаметрі 400 мм құбыр бойынша 0, 3-0, 4 МПа қысымымен диаметрі 700 мм құбыр бойынша 0, 3 МПа қысымымен жүзеге асырылады. ЖЭО-1-дің газбен қамту схемасы - тұйық. ЖЭО алаңындағы газ шаруашылығының барлық элементтері барлық жұмыс қазандарының - энергетикалық және су ысытатын - газдың максимальді мөлшеріне есептелінген.
ЖЭО-1 алаңындағы газбен қамту жүйесі келесі түйіндерден тұрады:
-газ реттеуші пункт;
-алаң ішіндегі газ құбырлары;
Қазандар цехы Қазандар цехінде келесі учаскелер мен олардағы орналасқан жабдықтар бар:
-қазандар цехінің бөлмесі: энергетикалық қазандар - 6 дана, ұсақтағыштар - 18 дана, түтіндіктер - 12 дана, шикі көмір бункерлері - 18 дана, үрлегіш вентиляторлар - 12 дана, багерлік сораптар - 3 дана және басқа да қосалқы жабдықтар;
-орталық жылулық қалқанының бөлмесі: аспаптар панелі мен басқару пунктері;
-2-ші көтерудің багерлік сорабы: сораптар 3 дана; -шаю сораптары: шайғыш сораптар - 4 дана;
-мазут сораптар бөлмесі: мазут сорабы - 4 дана;
- су ысытқыш қазандар бөлмесі: су ысытқыш қазандар - 7 дана; рециркуляция сораптары - 4 дана, үрлегіш вентиляторлар - 84 дана;
- газ реттеуші пункт: реттегіштер, сүзгілер, ысырмалар.
Отын-көліктік цехтен кейін отын қазандар цехіне түсіп, онда ол жағылады. Мұнда БКЗ-160-100 бу қазандары орнатылған, бұл қазандар электроэнергияны өңдеу үрдісінде ғана жұмыс істейді. Сонымен қатар, бұл цехта су ысытқыш қазандар орнатылған, олар 150 градус температурасы кезінде жұмыс істеп, жүктемесі 80 Гкал құрайды.
Су ысытатын қазандар үдемелі кезеңде жұмыс істеу үшін арналған. 7 қазанның төртеуі Дорогобужск қазан зауытынікі, ал үшеуі Белгород қазан зауытынікі. Дорогобужск зауытының қазандарында екі-екі түтін сорғыштан, ал Белгород зауытының қазандарында бір-бір түтін сорғыштан орналасқан. Қыстың күні су ысытатын қазандар арқылы жоғарлатушы сораптармен турбиналық цехтың бойлерлерінде алдынала ысытылған желілік су тартылады. Су ысытатын қазандар жылу беру кезеңі кезіндегі сыртқы ауа температурасына байланысты іске қосылады, ал жаздың күнң олар резервте немесе жоспарлық жөндеуде болады.
Су ысытатын қазандар толық жүктемені мазутта немесе газда орындай алады. Әр қазанда 12 мазуттық форсунка және 12 газды шілтерлерден бар. Әр шілтер автономды үрлегіш вентилятормен жабдықталған, сонымен қатар әр қазанда сыртқы ауаға зиянды газдардың лақтырыстарын азайту үшін 4 вентилятордан орнатылған.
ЖЭО-1-де орнатылған ПТВМ-100 қазандары ысыту беттерінің жұмыс сенімділігін арттыру және жылу өнімділігін номинальдіге дейін жоғарлату үшін мақсатында СКБ ВТИ әзірлеген жоба бойынша қайта өңдеуден өтті. Осыған байланысты алдынғы және артқы экрандар, шілтерлердің орналасуы, конвективтік бөліктері зауыт құрылымына қарағанда басқаша болады. Бұл қазандардың көрсеткіштері төменде келтірілген:
- Жылу өнімділігі - 100 Гкал/сағ
- Оттық камералардың көлемі - 275, 3 м 3
- Конвективтік бөліктің беті - 2743 м 2
-Қазандардың осьтері бойынша өлшемдері (мм) :
ені - 6900;
тереңдігі - 6900;
биіктігі - 14450;
- Экрандық құбырлардың диаметрі - 60*3 мм
-Құбырлар арасындағы қадам - 64 мм
- Конвективтік бөлік құбырларының диаметрлері - 38*3мм
- Қадамда көлденең - 110 мм
бойынан - 60 мм
-Сулық көлемі - 30 м 3
-Судың номинальдік шығыны
екі кодтық схема кезінде - 2400;
-Судың минимальдык шығыны - 1500;
- Бар жүктемесі t=150 градус кезінде - 80 Гкал.
Бу қазандары :БКЗ-160-100 стационарлық № 8-13 - Барнаул қазан зауытында жасалған. Қазанның қуаты - 160т/сағ, жұмыс қысымы - 100 атм, жұмыс температурасы - 540. Бұл қазандар бұл қазандар электрлік энергияны өндіру үрдісінде жұмыс істейді.
Бу қазандары буды өндіру үшін арналған, ал ол бу турбиналарына беріледі. Қазандар барабандар типті, циркуляциясы - табиғи. Әр бу қазаны МВС-125А ұсатқыштары бар 3 полижүйелермен жабдықталған. Ұсатқыштар көмірді шаң күйіне дейін ұсату және осы шаңды қазанның оттығына беру үшін арналған. Әр бу қазаны 4 көмір шілтерлерімен және 4 газ шілтерлерімен жабдықталған. Бұл - қыстың күні қазандарда көмір, ал жаздың күні гады жағу үшін әдейі жасалған. Қазандар аталмыш екі жағдайда да толық жүктемені орындай алады. Сонымен қатар, әр қазан 4 мазут форсункаларымен жабдықталған, олардың қосынды өнімділігі қазан өнімділігінің 50 пайызына дейін қамтамасыз ете алады.
Бу қазандарының көмірде жұмыс істеуі үшін ішкі және сыртқы гидро-күл жою жүйелері қарастырылған:
-ауа ысытқышы;
-су экономайзеры;
-бу ысытқыш.
Бу қазанының жұмыс істеу принципі - газ жолы бойынша. Қазанның оттығына фракциясы 90 микроннан кем болатын көмір шаңы беріледі. Көмір мұндай күйге дейін жанудың жылдамдығы мен толықтылығын ұлғайту үшін ұсақталады. Көмір шаңы жанып болғаннан соң пайда болатын шлак оттықтан сумен толтырылған шлактық комодқа түседі. Шлактық ваннадан шлак механикалық шнэктермен гидро-күл жою каналына сыпырылып алынады.
Оттық газдар қазанның оттығынан жоғарыға көлденең газ құбырына дейін көтеріледі, сонан соң ол көлденең газ құбыры бойынша жүреді, әрі қарай төмендеуші газ құбырымен күл ұстаушы құрылғылар арқылы өтеді. Түтін қазандары қазандардан ұшпа күлмен қоса түтін сорғыштармен жойылады. Әр қазанда екі түтін сорғыштан орнатылған. Күл ұстағыштар түтін газдарында болатын ұшпа күлді ұстау үшін арналған. Алты қазанның төртеуінде соңғы ұрпақтың күл ұстағыштары орнатылған, олар күлдің 99, 3 пайызына дейін ұстауға мүмкіндік береді. Күл ұстағыштан күл су-күл жою каналына түседі. Қалған екі бу қазандарында жаңа күл ұстағыштар орнатылған болады. Жоғарыда айтылған шлак пен күл негізгі сумен қоса багерлік сорап бөлмесіне түседі. Одан ол багерлік сораптармен станциядан 9, 5 км қашықтықта орналасқан күл үйіндісіне жеткізіледі.
Бу-су жолы бойынша қазан жұмысының сипаттамасы. Нәрлі су 160 кгс/см 2 қысымымен қазанның су экономайзеры арқылы тартылып (турбиналық цехта орналасқан нәрлі сораптармен тартылады), қазан барабанына түседі. Су экономайзеры нәрлі суды ысыту үшін арналған. Қазан барабанынан су төмендеуші құбырлар бойынша экрандық құбырлардың төменгі коллекторларына түседі. Сонан соң бұл су қазанның экрандық құбырларында ысытылып, бу-су қоспасына айналады. Бұл қоспа экрандық құбырлар бойынша қазанның барабанына түсіп, сепараторлық құрылғыдан өтеді, мұнда бу судан айырылады. Барабандық қазаннан су табиғи циркуляциялық жолды өтеді, ал бу (барабан ішіндегі температура 315 градус) бу ысытқышқа түседі. Мұнда бу 540 градус температурасына дейін ысытылып, 100 кгс/см 2 қысымымен турбинаға беріледі.
Қазан оттығында отын жануының тиімділігі, көмір шаңы мен табиғи газбен қоса қазан оттығына ыстық ауаны (температурасы 320 градусқа дейін) беру арқасында қамтылады. Ауаның ысытылуы қазанның ауа ысытқыштарында түтін газдарының арқасында жүреді. Ауа ысытқыш арқылы қазан оттығына ауаның берілуі 2 үрлегіш вентиляторлармен қамтылады, жаздың күні ауа қазан бөлімшесініңүстінгі жағынан алынады, ал қыстың күні даладан алынады. Ауа алынуының ауыстырылуы бұрылма шибермен орындалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz