Қоршаған ортаның химиялық ластануы туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ

В. В. ТЕРЕШКОВА АТЫНДАҒЫ №31 ОРТА МЕКТЕП

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Қоршаған ортаның химиялық

ластануы

Орындаған: 9 А сыныбы

Қалменова А.

Ғылыми жетекшісі: Рахманова Г.

Мазмұны

  1. КіріспеЖұмыстың мақсатыТопырақтың биосфералық және экологиялық маңызы
  2. Негізгі бөлімЗерттеу орны - Шымкент қаласының экологиялық жағдайы.

Тұрмыстық қалдықтар проблемасы.

  1. Зерттеу әдістері.
  2. Топырақтың биосфераның маңызды құрамдас бөлігі ретінде қалыптасуы.
  3. Шымкент қаласында топырақтың ауыр материалдармен ластану дәрежесі.
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ірі өнеркәсіп орындарының ғылыми тұрғыдан жеткіліксіз негізделуі және өндірістік қуаттың көп жылдар бойы қарқынды өсуі қоршаған орта тазалығын төтенше ауыр жағдайға алып келді. Осыған байланысты қоршаған ортаның ластануы мен өндірістегі қалдықтардың өсімдіктерге, жануарларға және адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу күрделі де маңызды мәселеге айналып отыр.

Қазақстанның барлық жер көлемі 2724, 9 мың км 2 . Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәлімметтер бойынша Республика жерінің 180 мли га немесе 60%-і шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн га жазық жерлерді, 185 млн га жайылым және 34 млн га таулы аймақтарды алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн га құнарлы жерлердің 180 млн га жер жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн га топырақ эрозиясына үшырап, 60 млн га топырақ түзданып, 10 млп га жерлер химиялык және радиоактивті заттармен ластанған. Республиканың 30 млн га жерлерін өнеркәсіп орьгадары, транспорттьтқ жолдар, байланыс, елді мекендер алып жатыр.

Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерінде қамтып отыр. Мұнда жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптік қалдықтармен ластану, ауыр металдардың жинақталуы, радиоактивті. элементтердің және ракета-ғарыштық қоқыстармен (Бетпақ далада) ластану кең таралуда.

Кейбір аймақтарда топырақтардын тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы, сонымен қатар Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендеріиің су бассейнінің азаюы, Арал теңізІнің тартылуымен тікелей байлаынысты болып отыр. Мәселен Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағыньң экологиялық жағдайына байланысты 2 млн га жер шөлейттеніп кеткен және Жаңадария өңіріндегі 3 мың га қара сексеул орманы біржола жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша топырақтың химиялық улы заттармсн және радионуклидтермен ластануы жылдам жүруде. Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол жерлер республика бойынша 26610, 7 мың га алып жатыр. Соңғы жылдары байкалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі Қазақстанның шөл-шөлейтті белдемдеріне әсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі, шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайтқыштар беру, гербицидтер мен пестецидтерді қолданбаудан арамшөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жол беріліп, жердің сапасын төмендетті. Мәселен, 1996 жылы еғістіктерге 1 млн. т. минералдық және 33, 2 млн т органикалық тыңайтқыш берілсе, бүл көрсеткіштер 1998 жылы 16 мың т қысқарған. Топырақтану институтының мәліметі бойынша Қазақстанның құнарлы топырағы өзінің қарашірігінің 19-22 % жоғалтқан. Мұның өзі болашақта жер ресурстарының сапасы жақсармайтынын аңғартады.

Топырақтың ауыр металдармен және радионуклеидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кең орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс-өндірістік қалдықтарды сақтау зоналарында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2, 3 млрд т жетсе, ал 529 объектіде радиоактивті қалдықтар сақталған. Өнеркәсіптерден шығарылған химиялық заттар Шығыс Қазақстан бойынша жылына 5 млн т жетіп отырғаны тіркелген. Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі, Мұғаджар, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле. Алатауы жазықтарында тым жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор, бор, мыс, пестицидтер және нитраттармен ластанған.

Шымкент қаласында әлеуметік-экономикалық дағдарысқа байланысты бірқатар өндіріс орындары өз жұмыстарын баяулатып немесе үзіліспен жұмыс істеуде. Осыған байланысты өндіріс орындарынан қоршаған ортаға бөлінетін зиянды заттардың көлемі 2, 5-3, 0 есеге дейін кеміді. Әйтсе де қала территориясында орналасқан "Южполиметалл" ӨК ЖАҚ ұзақ жылдар бойы үздіксіз қоршаған ортаны өндірістік зиянды заттармен ластауда.

Ауыр металдардың өсімдіктерде жиналуына олардың топырақтағы мөлшері, топырақтың қышқылдылығы (Рн), гранулометриялық құрамы, органикалық заттардың мөлшері, катиондардың алмасу мүмкіндігі тікелей әсер етеді. Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша, топырақтағы қорғасын негізінен өсімдік тамырында, ксилема шоғының ұштарында, т. б. транспираторлық ағындар аяқталатын құрылымдарда жиналады, ал атмосферадағы қорғасын жапырақ клеткасының қабырғаларына жиналатыны анықталған. Құрамында ауыр металдармен бірге күкірт ангидриді, күкірт қышқылы, фтор қосылыстары, т. б. поллютанттар кездесетін газды-шаң түріндегі өндірістік қалдықтардың әсерінен топырақтың беткі қабатындағы гумус мөлшері төмендеп, қышқылдылығы артады ( Pн-2-3) . Мұның әсерінен ауыр металдар қосылыстарының қозғалғыштығы артып; өсімдіктерге жеңіл сіңіріледі.

Жұмыстың мақсаты

Зерттеу жұмысының мақсаты- Шымкент қаласының территориясында топырақтағы ауыр металдардың жиналу мөлшерін анықтай отырып, қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануын бағалау.

Міндеттері:

1. Шымкент қаласының территориясында топырақтағы қорғасын, мыс және мырыштың жиналу мөлшерін анықтау.

2. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануын бағалау.

Жұмыстың өзектілігі

Қоршаған ортаның кен көлемде ластануы әсіресе қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында күшті сезіледі. Өндіргіш күштердің тез қарқынмен дамуы, еңбек өнімділігінің артуы халқымыздың хал-ахуалымен тығыз байланысты. Адамзаттың тіршілігі қоршаған ортамен тығыз байланысты болғандықтан ауаның, топырақтың және судың ластануы қазіргі кезде өзекті проблемаларды туындатып отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент қаласының территориясында орналасқан "Южполиметалл" ӨК АҚ-нан бөлінетін қалдық заттар ұзақ жылдар бойы табиғи ортаны ластауда. Дәлірек айтсақ, ауыр металдардың ауаға, топыраққа, суға таралу дәрежесі артуда. Топырақтың ортаңғы қабаттарына дейін өтіп, өсімдік тамыры арқылы өсімдік ағзасына тасымалданып өз зиянын тигізуде. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы белгіленген санитарлық мөлшерден асып кетсе, тірі ағзаларға ауыр металл иондары кері әсерін тигізеді. Сондықтан олардың қасиетін зерттеумен қатар, қоршаған ортаны тазарту жолдарынан іздестіру өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Жұмыстың жаңалығы

Шымкент қаласының климаттық жағдайында ауыр металдардың әртүрлі қашықтықтарға таралуына сәйкес, қазіргі кезеңде топырақта қорғасын, мыс және мырыштың жиналу дәрежесі анықталды.

1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1. 1 Топырақтың биосфералық және экологиялық маңызы.

Адамзат үшін топырактың маңызды қасиеті болып - оның құнарлылығы мен биологиялық маңыздылығы есептеледі. Бұл қасиеті ауыл шаруашылығында пайдаланылып, адамға қажетті қоректің 98 - 99 % өндіріледі, оның ішінде 85 - 87 % белокты өнімдер. Сонымен қатар, топырақ барлық өсімдік текті азықты пайдаланатын жануарларды қоректендіреді. Планетада өңдеуге жарамды жердің ауданы 3200 млн га, оның жартысы ауыл шаруашылық жұмыстарына пайдаланылады [1] .

Топырақты ластаушы заттардың қатарына металлургия зауыттарынан, автомашиналардан бөлінген зиянды қалдықтар, шахталардан бөлінген күкіртті қышқыл сулар, мұнай өндірісінің қалдық өнімдері, құрылыс материалдарын жасайтын өндірістердің шаңдары жатады. Әсіресе металлургия және химия өндірістерінің айналасындағы топырақ қалдық заттармен интенсивті ластанады. Топырақта мышьяк, сынап, фтор, қорғасын, мыс, мырыш, кадмий, т. б. элементтер жиналады. Топырақ металл шаңдарымен, мышьяк, суперфосфатпен немесе күкірт қышқылымен әрекеттессе өсімдіктердің тамыр жүйесін уландырып өсуін тоқтатады, Өндіріс процесінің технологиясы қоршаған ортаға зиянды қалдықтар белмейтіндей, ортаны ластамайтындай дәрежедс ұйымдастырылуы керек [2] .

Қазақстанда бүкіл Д. И. Менделеевтің периодты кесте жүйесіндегі элементтердің барлығына жуығы табылғаны белгілі. Халық шаруашылығымызға қажетті барлық пайдалы қазба байлықтар, құрылысқа қажетті құрылыс материалдары да осы өзімізге мекен болып отырған жеріміздің қойнауында, оның әртүрлі тереңдігінде жатыр. Осы байлықтарды барлау, қазып алу, байыту, тасымалдау кезінде жерімізге көптеген "жарақаттар" түсті. Оның үстіне олардың көбісін ең арзан ашық әдіспен қазып алғандықтан, бұл аймақтардың экологиялық жағдайы-нашарлады. Мұндай бүлінген жерлер қатарына негізінен кен карьерлері және оларды қазу кезінде кен байлықтарды басып жатқан жамылғы топырақтар мен тау жыныстарын басқа алқаптарға жылжытудан пайда болған құрамы әртүрлі тау жыныстарынан тұратын үйінділер жатады. Бұған байыту фабрикаларынан шығарылған қалдық қоқыстарды, жылу электростанцияларынан шыққан күл мен шлактарды, мекен орындар мен өндірістік мекемелерден тасталынған металл қалдықтары, резиналар, шыны әйнектер, бетондар, т. б. тұрмыстық қоқыс - қалдықтарын қосыңыз. Ескеретін жай, бұл қалдықтардың көбінесе тез арада ыдыратып, минералдандыратын бірден - бір жәндік немесе микроорганизмдер жоқ. Сондықтан олар бірнеше ондаған, жүздеген жылдар бойы жатуы да мүмкін. Бұл қалдықтар пайдасыз өнім ретінде езі жатқан жердің шөбін өсірмейді, өлі жерге саналып, алқаптың санитарлық жағдайын нашарлатады. Міне сондықтан да өз қолымызбен табиғатқа енгізген зиян әректтерімізді өзіміз қолымызбен жақсартып, бүлінген жерлерімізді қайта культивациялап, ал өнімді жерлерімізді басып жатқан қоқыс - қалдықтардан тазалап, оның құнарын қалпына келтіруіміз керек. Қазақстан ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне қарағанда өндірісіміз бүлдірген жер көлемі санитарлық зонаны коспағанда 200 мың гектардай екен [3] .

Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте:

Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші

1-кесте

Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте:

Аймақ немесе

елді мекен

Ластағыш

заттар

ПДК
Себептер
Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте:
Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте:

Орталық

немесе Батыс Қазақстан

Фтор, бром, темір,

қорғасын, нитрат, пестецид

100

өндіріс орындарының

химиялық заттармен ластануы

Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте:
Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте:

Теміртау

қаласы

сынап
8-14

өндіріс орындарының

қалдықтарымен

ластануы

Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте:
Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте:
Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте: Екібастұз
темір, хром, никел, қорғасын
2

өндіріс орындарының

қалдықтарымен ластануы

Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте:
Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте: Тараз
қорғасын, фтор
21
Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте: Ақтөбе

хром, никел,

қанадий

100-50

өндіріс орындарының

химиялық заттарымен

ластануы

Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте:
Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте:
Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте: Шымкент

қорғасын,

мырыш, темір

15

өндіріс орындарының

химиялық заттарымен

ластануы

Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте:
Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте:
Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте: Жезқазған

қорғасын,

мырыш, темір

15

өндіріс орындарының

химиялық заттарымен

ластануы

Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте:
Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте:
Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте: Семей

цезий, кобальт,

европия, стронций

50

ядролық жарылыс

нәтижесі

Топырақтың ауыр металдармен ластануынын қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші1-кесте:

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Зерттеу орны - Шымкент қаласының қазіргі экологиялық жағдайы

2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясы сақталынған. Өндіріс өнімін шығару 11, 8 пайызға, ауылшаруашылығының валдық өнімі 4, 3 пайызға өсті. 2006 жылғы шығарылған өндіріс өнімі 142, 5 млрд. теңгені құрайды, ал жалпы көлем индексі 2005 жыл деңгейімен салыстырғанда 111, 8%. Кішігірім кәсіпкерлікте 2007 жылдың 1 қаңтарына жалпы жұмысшы сапы 313, 4 мың адамнан тұратын 115, 4 мың субъект тіркелген. Облыс экономикасының өсуі автокөліктің және Шымкент қаласында өндіріс секторының дамуы салдарынан ластауыш зат шығарындыларының артуына, өндіріс және тұтыныс қалдықтарын залалсыздандыруға, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің іркінді суларына қатысты экологиялық проблемаларды туындатады. Табиғат қорғау шараларына бөлінетін қаржының жеткіліксіздігінен проблемалар тереңдей түседі. Мәселен, 2006 жылы қоршаған органы ластаудан келіп түскен 394, 353 млн. теңге төлемдердің тек 45 миллионы немесе 11 пайызы ғана табиғат қорғау шараларына бөлінген.

Іркінді суларды тазалау қондырғыларын салуға қаржының жетіспеушілігінен, облыс орталығында, кішігірім қалаларда және аудан орталықтарында халықтың көбейуінен туындайтып облыстағы іркінді суларды залалсыздандыру проблемасы бұрынғысынша өзекті орында тұр. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының іркінді суларын залалсыздандыруға арналған, қаламен шекаралас Ордабасы ауданының аумағында 2093 га жерге созылған суармалы егістік жер алаңы орналасқан. Суармалы егістік жер қаланың тазалау қондырғыларының технологиялық процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Суармалы егістік жерді дайындау белгілі шаралардың орындалуын талап етеді, яғни топырақта, ауылшаруашылық дақылдарында улы заттар жинақталмауы керек. Сөйте тұра, суармалы егістік жердің барлық ауданы шаруаларға бөлініп берілген, олардың көпшілігі жер пайдалану құқығының мемлекеттік актісін алып үлгерген. Бұл жерлер көкөніс, жеміс-жидек, бақша дақылдарын егуге жарамсыз болса да, "суармалы" статусы бойынша бөлінген. Жоғарыда айтылғандай, Шымкент қаласының іркінді суларын толығымен залалсыздандыру мәселесін шешу және экологиялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін суармалы егістік жердің және магистралдық жүйені бірыңғай технологиялық процестердің соңғы сатысы ретінде бір қолға - арнайы су шаруашылық ұйымына берген пайдалы. Аталмыш сұрақ бойынша ағымдағы жылдың маусым айында өткен күн тәртібінде "Республиканың ірі қалаларында іркінді суларды тазалау тиімділігін арттыру жағдайы мен шаралары жөнінде" қоршаған орта сапасын тұрақтандыру мәселелерін қарастыратын Комиссияның кезекті мәжілісіне мәліметтер дайындалған.

Облыстағы кішігірім қалалардың су шығару мәселесі өткір мәнге ие. Мәселен, Түркістан, Шардара, Кентау, Ленгір, Ақсу қалаларының тазалау қондырғылары шүбәлі (сенімсіз) техникалық жағдайда. Қарастырылған іс шаралар қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты жүзеге асырылмай қалып отыр. Іркінді су қабылдағыштарының жағдайын жақсартуда комплексті шаралар қажет. Жаңа тазалау қондырғыларын және іркінді су жинағыштарды жабдықтау және салуда инвестициялық бағдарламаларды қарастыру сұрағы туындайды. Осыған байланысты, іркінді сулардың түзілу және залалсыздандыру зонасында экологиялық қауіпсіз жағдаймен қамтамасыз ету мақсатында 90-шы жылдардың "Қазақстанның іркінді сулары" комплекстік бағдарламасын және "ОҚО қалаларының іркінді сулары" бағдарламасын қайтадан жүзеге асыру керек деп санаймыз. Облыста тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және залалсыздандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету жақсы дамымаған, қоқыстарды жинау және тасымалдау бойынша арнайы және техникалық жабдықталған қызмет жеткілікті мөлшерде емес, тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру мәселесін жақсартуға бағытталған бағдарламалар мен жобалар кажетті деңгейде дайындалмайды. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдармен бірлескен іс-шаралар жүргізіліп отырады. Сондай-ақ, фосфор және қорғасын зауыттары жұмыс істеп тұрған жылдары жиналған және де Шымкент, Кентау қалаларындағы полиметалл кендерін байытуда түзілген өндірістік және радиоактивтік қалдықтарды, оның ішінде иондандырылған сәуле шығару көздерін залалсыздандыру мәселелері орын алған. Облыс аумағындағы радиациялық фон белгіленген норма шегінде -14- 17мкР/сағ.

Атмосфералық ауаның ластану жағдайы

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2005 жылғы статистикалық есеп мәліметтеріне сай жалпы шығарынды 31 мың тоннаны құрайды. Бұл 2006 жылмен салыстырғанда 12 пайызға жоғары. Яғни кәсіпорын шығарындыларының жалпы көлемі келесі тенденцияда өседі:

1. Мұнай өңдеу бойынша - мұнай өңдеудің артуына байланысты;

2. Құрылыс материалдарын шығару бойынша - құрылыс индустриясының интенсивті дамуына байланысты;

3. Жылу энергетикасында, қаланың - дамуына және жылу және электр энергияларының қажеттілігі артуына байланысты және өсімдік шикізатын өңдеуде, өсімдік шикізатын өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың көбеюіне және шығарылатын өнім көлемі артуына байланысты. Оңтүстік Қазақстан облысы атмосфералық ауасының ен ірі ластауыштары Шымкент қаласында шоғырланған, оларға келесі кәсіпорындар жатады:

- "Петро Қазақстан Ойл Продактс" ААҚ - 14254, 4 тонна немесе 45, 8%:

- "Энергоорталык-3" ААҚ - 1568, 4 тонна немесе 5, 04%;

1. "Южполиметалл" Өндірістік Корпорациясы" АҚ - 5761, 7 тонна немесе 18, 5%;

2. "Шымкентцемент" ААҚ- 1650, 9 тонна немесе 5, 3 %.

Стационарлық көздерден шығарылатын шығарындылардың құрамы бойынша Шымкент қаласында ең үлкен үлесті ұшпалы органикалық қосылыстар (42, 6 %) мен күкірт қос тотығы (16, 4 %) құрайды. Яғни, шығарындылардың ең үлкен үлесін 3-ші және 4-ші сыныпты уыттылық заттары құрайды.

Тұрмыстық қалдықтар проблемасы

Тұрмыстық қалдықтарға немесе аталмыш тұтыныс қалдықтарына байланысты проблема жаңадан туындап отырған жоқ. Өркениетті қоғамның пайда болуы, халықтың өсуі және ірі мегополистердің туындауынан бүкіл әлемде коммуналдық қалдықтардың түзілуінің артуы өзекті проблемаға айналды. Нақты мәселеге Қазақстанның да қатысы бар. Экономиканың қарқынды дамуы, оның ішінде ұсақ және орта кәсіпкерлік саласы, қала халқының өсуі, калалық және ауылдық елді мекендердегі халықтың тұрмыстық жағдайының жақсаруы, тұрмыстық қалдықтарға қатысты саладағы қызмет көрсетудің төмен деңгейі және бірінші кезекте, оларды жинауды және арнайы полигондарда орналастыруды ұйымдастыру бөлімінде қалдықтарды залалсыздандыру проблемасы жылдан жылға өткірленіп келеді. Кеңес Одағы кезінде мемлекеттік қаржы есебінен жұмыс жүргізетін қоқыс жинау және тасымалдаудың коммуналдық қызметтері түгелдей дерлік тарқап кеткен, және олардың орнына қазіргі уақыт талабына сай коммуналдық кәсіпорындар құрылмаған. Біздің облыс орталығын алсақ, соңғы жылдары ұсақ және орта кәсіпкерліктің даму қарқыны, халық саны мен қала аумағының өсуі бойынша Шымкент қаласы алдыңғы қатарда шықты (Алматы мен Астана қалаларын қоспағанда) . Мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, Шымкент қаласы республика бойынша атмосфералық ауасы аса ластанған алты қаланың қатарына кіреді екен. Атмосфераның ластануының негізгі үлесін автокөлік және ірі өндіріс орындарының шығарындылары құрайды.

2. 2 Зерттеу әдістері

Қорғасын - уран, актиний, торий элементтері радиоактивті ыдырауының соңғы өнімі болып табылады. Ол табиғатта қорғасын жарқылы PBS түрінде кездеседі. Қорғасын - көкшіл сұр түсті, жұмсақ металл. Ауада тотығып, оксид қабығымен қапталып тұрады. Қорғасын радиоактивті сәулені, әсіресе у-сәулесін жақсы жұтады. Сондықтан оны радиоактивті сәулелерден сақтану үшін пайдаланады. Оны түрлі құймалар (баспахана құймасы, баббит) алу үшін, аккумулятор жасау үшін кеңінен қолданады. Қорғасын сұйылтылған қышқылдарда ерімейді. Тек концентрлі қышқылдарда ғана ериді. Ол активтік қатарда сутегінен кейін орналасқандықтан қышқылдардан сутегін бөле алмайды.

Қорғасын оттегімен +2 және +4 тотығу дәрежесін көрсетіп екі түрлі оксид түзеді ( РbО және РbО 2 ) . Сонымен қатар аралас оксидтері де белгілі Рb 2 О 3 , Рb 2 О 4 Алайда қорғасынның +2 тотығу дәрежесін көрсететін қосылыстары тұрақты.

Қорғасын ( ) оксиді сары және қызыл түсті болады. Көп уақыт қыздырған кезде ол қорғасын бояуына (сурик ) Рb 3 О 4 айналады.

Қорғасын ( ) тұздарын плюмбиттер дейді. Мына тұзды калий тетрагидроксоплюмбиті деп атайды.

Қорғасын ( V ) оксиді РbО 2 - қоңыр ұнтақ зат, бұл да амфотерлі оксид, дегенмен қышқылдық қасиеті басым. Оған метақорғасын Н 2 РbО 3 және ортоқорғасын Н 4 РbО 4 кышқылдары тән. Бұл қышқылдар бос күйінде жоқ. Алайда, оның тұздары, метаплюмбаттар және ортоплюмбаттар белгілі. Мәселен, қорғасын аралас оксиді деген Рb 2 О 3 қосылысын Рb РbО 3 - қорғасын метаплюмбаты, ал Рb 3 О 4 -ті - Pb 2 PbO 4 - қорғасын ортоплюмбаты деп қарастыруға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық ластану. Полигон және қоршаған орта
Топыраққа антропогендік әсер ету. Топырақтың ластануы туралы түсінік
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері мақсаттары мен міндеттері
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі
Табиғи ластану
Табиғи ресурстардың классификациясы Кейбір қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі организмдерге әсері туралы ақпарат
Табиғаттың химиялық ластануы
Қоршаған ортаны тыңайтқыштармен ластандырудан сақтау
Биоиндикатор таңдау шарттары
Биосфераның ластануы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz