ҚазМұнайГаз


МАЗМҰНЫ
Кіріспе. 2
1. Компания туралы 3
2. Тарихы 6
3. Мемлекеттiк саясат 8
4. Стратегия 10
5. Басшылық 12
1) Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы 12
2) Құлыбаев Тимур Асқарұлы 12
Қорытынды 14
Қолданған әдебиеттер 15
Кіріспе.
Әр мемлекеттің қаншалықты дамығандығын оның отын-энергетикалық кешенінің даму қарқынына қарап бағалауға болады. Сол отын энергетикалық кешенінің бір саласы- мұнай-газ өнеркәсібі Қазақстан Республикасы экономикасының маңызды саласына айналды. Табиғаттың халқымызға берген байлығы мұнай-газды қарқынды пайдаланып қалу, әлемде энергияның дәстүрлі емес көздерінің қолданысқа түсу мүмкіндігіне де байланысты болып отыр.
Мұнай үлкен байлық.
Сол мұнай қоры бойынша әлемдегі бестікке кіру мүмкіндігін ойласақ және мұнайдан түскен табыс бюджеттік түсімнің 30-40 процентін құрайтының ескерсек, мәселенің өзектілігі өз-өзінен ашылады. Осындай себептерге байланысты мұнай-газ саласын тиянақты зерттеу қажеттілігі туады.
1. Компания туралы
Бүгінгі таңда “ҚазМұнайГаз” - Қазақстандағы жаңа әрі қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Ол ел экономикасының ең маңызды секторларының бірін қамтығандықтан ғана емес, өзінің сыртқы және ішкі сындарлы саясатының стратегиясы нәтижесінде өзін көрсете білді. Компания - тың ой-саналы және ең жаңа технологиялы деген мұнай саласының тәжірибесі мен дәстүрінің жемісті қоспасының жарқын көрінісі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығымен “Қазақойл” ҰМК” ЖАҚ және “Мұнай және газ тасымалдау” ҰК” ЖАҚ біріктіру арқылы “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы” ЖАҚ құрылды. 2004 жылдың 16 наурызында компания қайта тіркеліп, “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы деп аталды.
Құрылтайшысы - Қазақстан Республикасының Үкіметі.
Компания энергетикалық ресурстардың тиімді және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететін, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның әлемдік экономикаға табысты интеграциялануына жәрдемдесетін Қазақстанның мұнай-газ саласын кешенді дамыту мақсатында құрылды.
Компания:
- мұнай-газ саласында мұнай-газ ресурстарын тиімді әрі ұтымды игеруге және олардың орнын толтыруға және тиісті инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясат пен стратегияны әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
- мұнай-газ операцияларын жүзеге асыратын инвесторлармен келісім-шарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіреді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында мұнай-газ операцияларын жүргізуге конкурстар ұйымдастыруға қатысады;
- Қазақстанда және шетелде көмірсутегі шикізаты мен оның өңделген өнімдерін барлау, игеру, өндіру, өңдеу, тасымалдау және сату бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің толық циклін, сондай-ақ мұнай-газ құбырлары мен өндірістік инфрақұрылымды жобалауды, салуды және пайдалануды жүзеге асырады. Сондай-ақ Компания авиатасымалдау және телекоммуникациялар саласында да кең ауқымды қызметтер көрсетеді.
Ірі еншілес кәсіпорындары:
- “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру”,
- “ҚазТрансОйл” (мұнай тасымалдау),
- “ҚазТрансГаз” (газ тасымалдау),
- Атырау мұнай өңдеу зауыты,
- “Қазтеңізкөлікфлот” (танкерлік тасымалдау),
- “Атырау халықаралық әуежайы”,
- “Еуразия - Эйр” тікұшақ компаниясы,
- “ҚазТрансКом” телекоммуникациялық компаниясы.
Сондай-ақ аталған еншілес компанияларынан басқа компанияның құрылымына көптеген әр түрлі бейінді компаниялар мен кәсіпорындар кіреді.
“ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ көптеген халықаралық және ішкі мұнай-газ жобаларында мемлекеттің мүдделерін білдіретін Өкілетті орган болып табылады. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жұмыс органының мұнай және газды кейінге сақтап, көліктің басқа түрлеріне ауыстырып тией отырып, арналы мұнай құбырлары бойынша тасымалдауға байланысты мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымының объектілерін жоспарлау, жобалау және салу мәселелері бойынша құрылыс қызметінің саласындағы кейбір функциялары Компанияға жүктелген.
Компания Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені кәсіпорындарының мемлекеттік пакеттерін бір орталықтан басқарады және оның өндірістік, коммерциялық, қаржылық және инвестициялық қызметіне басшылық етеді. Сонымен қатар Компания бас офисінің қызметі мына бағыттарда шоғырландырылған:
- жаңа учаскелер мен кен орындарындағы мұнайды барлау мен өндіру;
- ішкі және халықаралық рыноктарда мұнай мен мұнай өнімдерін сату;
- Қазақстандағы, ал болашақта шетелдегі инвестициялық қызмет;
- өзінің инвестициялық бағдарламаларын қаржыландыру және еншілес және бағынысты қоғамдар бойынша күрделі салымдар үшін несие ресурстарын тарту.
ҚазМұнайГаз орталық аппараты мен еншілес компаниялары қызметкерлерінің саны 30 мыңнан астам адамды құрайды.
Компанияның аудиторы Ernst&Young болып табылады.
Қызметтің қорытындылары бойынша шоғырландырма қаржы есебі жасалады.
2. Тарихы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін мұнай-газ саласын басқарудың мемлекеттік жүйесін қалыптастыру басталды. 1991 жылдың шілдесінде “Қазақстан мұнайгаз” корпорациясы құрылды, 1992 қаңтарда - “Қазақстанмұнайгаз” ұлттық мұнай компаниясы болып өзгерді. Осы жылдың аяғында “Мұнайгаз” мемлекеттік холдингтік компаниясы болып қайта құрылды. 1992 жылы Энергетика және отын ресурстары министрлігі де құрылды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1992 жылдан бастап республиканың мұнай-газ саласына шетелдік инвестицияларды тарта бастады. Осы уақытта мұнай мен газ кен орындарын игеру секілді, көмірсутегіні өңдеу және тасымалдау бойынша да шетелдік қатысуымен көптеген кәсіпорындар құрылды.
Олардың ішінде ең ірі және неғұрлым белгілісі Теңізшевройл, Қарашығанақ Интегрейтед Оперейтинг, Каспий Құбыр Консорциумы, Қазақстанкаспийшельф халықаралық консорциумы (1997 жылға дейін) және Аджип ККО (бұрынғы ОКИОК) болып табылады.
10 жыл ішінде біраз жобалар, оның ішінде мына секілді бірегей жобалар табысты іске асырылды:
- Каспий теңізі шельфінің қазақстандық консорциумының геофизикалық зерттеулер жүргізуі (1997 жылы аяқталды) . Орындалған жұмыстардың нәтижесінде мұнай мен газдың 100-ден астам перспективалық құрылымы айқындалды.
- Теңіз-Новороссийск КҚКмұнай құбырының бірінші кезегінің пайдалануға берілуі (2001 жыл) ;
- Қашағанкен орнындағы коммерциялық ашылым жарияланды (2002 жыл) .
1997 жылы Қазақойл (Қазақстан Республикасы Президентінің 04. 03. 1997 ж. Жарлығы және Үкіметтің 24. 03. 1997 ж. №410 қаулысы) және ҚазТрансОйл ұлттық компаниялары (Үкіметтің 02. 04. 1997 ж. № 461 қаулысы) құрылды.
Бизнесті табысты кеңейту және диверсификациялау нәтижесінде ҚазТрансОйл қызметін газ тасымалдау, телекоммуникациялық және басқа да қызметтер көрсету саласында жүзеге асыратын бірқатар компаниялардың активтеріне ие болды. Қазақстан Үкіметі ҚазТрансОйл мен басқа да компаниялардың ҚазТрансОйл сатып алған активтерін жаңа компанияға беру арқылы “Мұнай және газ тасымалдау” (Үкіметтің 02. 05. 2001 ж. №591 қаулысы) ұлттық компаниясын құру туралы шешім қабылдады.
2002 жылы “Қазақойл” ҰМК” ЖАҚ және “Мұнай және газ тасымалдау” ҰК” ЖАҚ біріктіріліп, “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы” құрылды (Қазақстан Республикасы Президентінің 20. 02. 2002 ж. Жарлығы және Үкіметтің 25. 02. 2002 ж. № 248 қаулысы) .
3. Мемлекеттiк саясат
“ҚазМұнайГаз” ҰК” ЖАҚ республиканың аумағында және одан тысқары жерлерде мұнай-газ жобаларында мемлекеттің мүдделерін білдіруге уәкілетті.
2002 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №248 қаулысымен “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы Қарашығанақ және Солтүстік Каспий жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ӨБК-дегі Өкілетті органы болып белгіленді.
Көмірсутегі экспортының бағыттары
“ҚазМұнайГаз” мұнай-газ саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты және оның стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысады. Құбырмен тасымалдауды дамытудың аса маңыздылығын және перспективалылығын назарға ала отырып "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ экспорттық бағыттарды таңдаудың көпвекторлығына және құбыр желілері жүйесін мейлінше тиімді пайдалану саясатына сүйенеді. Оффшорлық жобаларды дамытуды және мұнай өндіруді кеңейтуді ескере отырып қазіргі уақытта “ҚазМұнайГаз” компаниясы мұнай мен газ тасымалдау проблемаларын табысты шешуде: КҚК іске қосылды, қазіргі бар экспорттық бағыттармен қатар жаңалары әзірленуде. Компания қазақстандық компаниялар мұнайының Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына қол жеткізуіне жағдай жасайды. Қазақстан-Қытай, Қазақстан-Иран-Парсы шығанағы мұнай тасымалдау жүйелерін құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ халықаралық транзит және Қазақстан Республикасының арналы газ құбырлары жүйесі бойынша табиғи газды ішкі тасымалдау көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Осы міндеттің шеңберінде “Орта Азия - Орталық” (ОАО) газ тасымалдау жүйесін қайта жаңарту және жаңғырту, сондай-ақ “Бұқара-Орал”, “Орынбор-Новопсков” және “Одақ” газ құбырларының техникалық жай-күйіне қолайлы қызмет көрсету және оларды қолдау жөніндегі іс-шараларды жалғастыру көзделіп отыр. Бұдан басқа шектес мемлекеттердің газ тасымалдау ұйымдарымен ұзақ мерзімді шарттық қатынастарды орнатуға үлкен мән беріледі.
“ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ “Газпром” ААҚ-пен және басқа да тасымалдаушы компаниялармен Қазақстанның аумағы бойынша тасымалданатын табиғи газдың транзиттік көлемдерін және қазақстандық табиғи газды халықаралық тасымалдауға арналған экспорттық квоталарды айқындау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.
2002 жылдың жазында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ және “Газпром” ААҚ “ҚазРосГаз” бірлескен кәсіпорнын құрды. Бірлескен кәсіпорын қазақстандық Қарашығанақ кен орнының газын қоса алғанда, газды сатып алумен және оның маркетингімен, қазақстандық газды ресейлік газ өңдеуші зауыттарға тасымалдаумен және өңдеумен айналысатын болады. Бұдан басқа “ҚазРосГаз” бірлескен кәсіпорны Қазақстан мен Ресейдің аумағы арқылы үшінші елдердің рыноктарына газ тасымалдау жөніндегі оператордың функцияларын орындайды.
Осымен қатар "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ газ саласындағы мынадай жобаларды іске асыруды жалғастырады, атап айтқанда:
1.
Шетел мемлекеттерінің аумағы бойынша газ тасымалдау жобасы;
2.
Қазақстан Республикасының аймақтарын газдандыру;
Қазақстанда Жамбыл облысының көмірсутегі газ кен орындарын игеру (Амангелді кен орны) .
4. Стратегия
“ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ - өзіне сеніп берілген мемлекеттік мүлікті көбейтетін, елдің табиғи байлығын ұтымды пайдаланатын, Қазақстанның экономикасын дамытудың және оны әлемдік экономикаға одан әрі интеграциялаудың жаңа мүмкіндіктерін ашатын холдинг түріндегі халықаралық деңгейде танылған Ұлттық компания.
“ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ стратегиясы - республиканың мұнай-газ саласында лидер болу, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу.
Ұлттық компанияның орны мен рөлі
Ұлттық компанияның тұрақтануы мен серпінді дамуы мемлекеттік экономикалық саясаттың үйлесімді жалғасы болып табылады.
Тікелей интеграцияланған Ұлттық компанияның негізгі дамуы Ұлттық компанияның жұмыс істеп жатқан еншілес және бағынысты ұйымдардың активтері мен жер қойнауының пайдаланылып жатқан ресурстары кіретін Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігіндегі мүліктік кешенін жетілдіруге бағытталатын болады.
Компанияның міндеттері:
- мұнай-газ секторындағы мемлекттік мүлікті ұтымды басқару,
- мемлекеттік мүлікті құрайтын активтердің сапасын арттыру және оларды жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізу,
- Қазақстанның мұнай-газ ресурстарын басқаруды жақсарту бойынша жүйелі шараларды жүзеге асыру,
- кен орындарының қайтарымын арттыру және табиғи ортаға келтірілген техногендік зиянды азайту, халықтың және мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерлерінің денсаулығын сақтау бойынша сенімді әдістерді пайдалану.
Ұлттық компанияның миссиясы мен стратегиялық мақсаттары
Ұлттық компанияның миссиясы:
- Тұрақты экономикалық өсімге және Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін жақсартуға қол жеткізу үшін мұнай-газ кешенінің пропорционалды, тиімді әрі транспарентті дамуын қамтамасыз ету
Ұлттық компанияның ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттары:
- жер қойнауын ұтымды пайдалану және жоғары экологиялық стандарттарды сақтау;
- мұнай-газ кешенінің салаларына жоғары білікті басқарушылық, инженерлік-техникалық және жұмысшы кадрларын даярлау;
- мұнай-газ кешеніне арналған өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша импорт алмасу;
- экспорттық көмірсутегіні диверсификациялап тасымалдау
- негізгі қорларды, технологияларды жаңартуға және ресурстық базаны дамытуға салынатын инвестицияларды басқару;
- компания өндірістік қызметтің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылады. Өнімдер мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздіктің ең қатаң стандарттарына сәйкес келетін болады.
Ұлттық компанияны дамыту кезеңдері
Бірінші кезеңге (3-5 жыл) Қазақстанның мұнай-газ кешенін интеграциялау мен жетілдіру жөніндегі іс-шаралар кіреді.
Екінші кезең (5-7 жыл) Ұлттық компанияның сауда маркасын шығаруға, көмірсутегінің ұлттық рыногын тұрақтандыру мен таяу шетелдегі позицияларды нығайтуға арналған.
Үшінші кезең (10-12 жыл) көмірсутегіні сату құрылымындағы жылдам ілгерілеуге байланысты.
Төртінші кезең (17-20) мұнай-газ кешенін дамытудың жоғары деңгейімен ерекшеленетін болады.
5. Басшылық
1) Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы
Президент
1947 жылдың 14 қазанында Атырау облысында туған.
1970 жылы И. М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай химиясы және газ өнеркәсібі институтын бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz