Қазақстанда мал шаруашылығы



Кіріспе
Ашаршылық ақиқаты
Қазақстанда мал шаруашылығын қалпына келтіру шаралары.
Қазақтарды отырықшыландыру туралы
Мал шаруашылығы екінші бесжылдық жоспарында.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Большевиктер өкіметгі басып алғаннан кейінгі жылдары қазақ жері екі дүркін - 20-жылдар басында және 30-жылдар басында жантүршігерлік ашаршылықты бастан өткерді. Осы аштықтарда қазақтың қырылғаны қырылып, аман қалғаны бас сауғалап тоз-тоз болып, халық ретінде жойылудың аз-ақ алдында қалды.
Қазақ қалай аштыққа ұрынды? Архив қойнауында сақталған көптеген ресми құжаттар оқырманды шатастырып, бұл сұрақтың жауабын - ауа райынын қолайсыз болып, егін шықпай қалғанынан, әрі кеткенде жергілікті жердегі асыра сілтесуден іздейді.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
Ашаршылық ақиқаты
Қазақстанда мал шаруашылығын қалпына келтіру шаралары.
Қазақтарды отырықшыландыру туралы
Мал шаруашылығы екінші бесжылдық жоспарында.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Большевиктер өкіметгі басып алғаннан кейінгі жылдары қазақ жері екі
дүркін - 20-жылдар басында және 30-жылдар басында жантүршігерлік
ашаршылықты бастан өткерді. Осы аштықтарда қазақтың қырылғаны қырылып, аман
қалғаны бас сауғалап тоз-тоз болып, халық ретінде жойылудың аз-ақ алдында
қалды.
Қазақ қалай аштыққа ұрынды? Архив қойнауында сақталған көптеген ресми
құжаттар оқырманды шатастырып, бұл сұрақтың жауабын - ауа райынын қолайсыз
болып, егін шықпай қалғанынан, әрі кеткенде жергілікті жердегі асыра
сілтесуден іздейді.
Ашаршылық ақиқаты

Өкімет билігін өз қолдарына алған Сталин, Голощекин тәрізді лениндік
жасақтың мүшелері, Лениннің шәкірттері алғашқы аштықтан қажетті, тарихи
тағылым алмады.
Қазақтың алғашқы ашаршылықта да Қытай мен Монғолияға ауа көшкені
белгілі. Сондықтан жогарьща біз атап кеткен белгілі орыс ғалымы С.П.Швецов
"үдере көшу" (откочевка) деген сөзді 1926 жылы Мәскеуден жарық көрген
өзінің еңбегінде алғаш пайдаланған еді. Дәл осыған ұқсас жағдай Қазақстанда
1930-1933 жылдары да қалыптасты.
Қазір көпшілікке белгілі Тұрар Рысқұловтың И.Сталинге, Л.Кагановичке,
В.Молотовқа жазған (1933 ж.9 наурыз) хатында мұндай үдере көшу көлемі
төмендегідей суреттеледі: "...Қонысын тастап, Қазақстанмен көршілес
өлкелерге көшкен қазақтардың мекен-жайларынан келіп түскен, шамамен алынған
соңғы деректерге қарағанда: қазір Орта Еділде - 40 мың, Қырғызстанда - 100
мың, Батыс Сібірде - 50 мың, Қарақалпақстанда - 20 мың, Орта Азияда - 30
мың қазақ бар. Қонысынан ауғандар қалмақ жеріне, Тәжікстанға, Солтүстік
өлкеге және басқа да осы сияқты шалғай жерлерге де көшіп кетті. Байлар
бастаған бір қауым Батыс Қытайға ауды... Бұл қазақтардың көші-қоны (әдетте
жаз айларында қолыңцағы бар малый жайлауға шығарып, өріс ұзатқаны сияқты)
емес, көп ретте еш адамдардың талғажу іздеп, басы ауған жаққа кетуі. Кейбір
аудандарда қонысынан ауғандардың саны сол аудандарда тұратын барлық
халықтың 40-50 процентіне дейін жетеді..."
Арада 20 күннен кейін, яғни, 1933 жылдың 29 наурызында осынау сорақы
жағдайда Қазақстанның жаңа басшысы Левой Мирзоян Сталин мен Молотовқа
төмендегідей хабарлайды: "...Қонысынан ауғандардың жағдайы күрт ауырлап
барады. Біздің деректеріміз бойынша, қонысынан ауғандар 71 ауданды қамтып
отыр: оның 50-і көшпенді және жартылай көшпенді, ал 21-і отырықшы-егіншілік
аудандар. Олар, әсіресе, Оңтүстік Кдзақстан облысының, Алматы облысының
аудандарында, Қарағанды облысының оңтүстік бөлігінде, Шығыс (Қазақстан)
облысының батыс бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Батыс
(Қазақстан) облысының бірқатар аудандарында қаптап кетті. Бұрынғы егіншілік
аудандарынан, мәселен, Әулиеата, Талдықорған, Мерке, Талас, Шу, Созақ,
Қордай, Іле, Қаратал, Жітіқара, Семиозер жене т.б. аудандарда қонысынан
ауғандардың саны өте көп. Барлық облыстарды алатын болсақ, шамамен халқының
саны 300.000 адам болатьш 90.000-нан аса қожалық (республика шеңберінен тыс
жерлердегіні есептемегенде) өздерінің туған жерлерінен басқа мекендерге
көшіп жатыр, яғни қонысынан ауушылық жағдайына душар болуда.
Бұдан басқа сонғы екі айдың ішінде қонысынан ауғандар ішінен Орта
Азиядан, Сібірден және Еділ бойынан кері қайтып келушілер тасқыны күшейе
түсті, ол күні бүгінге дейін тоқталмай отыр.
Мұндай босқыншылықтың жалпы қазақтар санын шұғыл кеміткені және
белгілі. Бұл туралы архив қойнауында біраз мәліметтер баршылық. Олардың
ішіңдегі ең құндысы және ең маңыздысы, біздің ойымызша, сол жылдары
халық шаруашылығы есебінің бастығы болып жұмыс жасаған М.Саматовтың 1937
жылдың басында (1937 ж. 5 наурыз) Л.Мирзоянға және Мәскеудегі өзінің
бастығына жазған хаты. Онда мынандай жолдар: "...біз әр жылдардың 1
маусымындағы салық есептері негізінде Қазақстандағы ауыл халқы санының
өзгеріс қатарын жасап шықтық. Бұл қатар төмендегідей:
Імаусым 1930 ж ... ... ... ..5873,0 мың
----------1931 ж ... ... ... ...5114,0----------
----------1932 ж ... ... ... ...3227,0----------
----------1933 ж ... ... ... ...2493,5----------
----------1934 ж ... ... ... ...2681,8----------
----------1935 ж ... ... ... ...2926,0----------
----------1936 ж ... ... ... ...3287,0----------
Халық санының бұл қатарына байланысты мынаны ескерте кеткен жөн:
маусымдағы есеп, ең бастысы, мал сандарын және басқа да заттарды, сондай-
ақ, ауылдықжердегі қожалықтар сандарын толық қамтуға бағьпталғандықтан,
халықты кемірек мөлшермен санаудың қазірге дейін орын алып отырғаны табиғи
нәрсе.
Біз бұл кем санау 8-10 процент аралығында деп мөлшерлейміз: мұның өзі
1937 жылғы қаңтардағы халық санының барысы хуралы жедел хабарламаның алдын-
ала мәліметтерімен де расталды. Бірақ салық есептерінің мәліметтерінде
халық санындағы өзгерістер бағыты азды-көпті дұрыс берілген. Мысал үшін,
1930-32 ж.ж. орын алған асыра сілтеулермен байланысты босқыншылық және
басқа да жайттар (аштан және жұқпалы аурулардан өлу - Т.О.) 1933 жылдың
шілдесіне қарай толастады және келесі жылдары халықтың саны өсе бастады.
Қала халқының саны туралы бізде тек 1926 жылғы санақ және 1931 жылы
мемлекеттік жоспарлау жүйесі үлкен ақаумен жүргізген жаппай есеп
мәліметтері бойынша қала халқының саны - 471 мың, ал 1931 жылғы жаппай есеп
мәліметтер бойынша - 732,7 мың болып шықты. Кейінгі жылдары қала халқьшьщ
жаппай санағы өткізілген жоқ, ал мемлекеттік жоспаралау болса, бізбен
бірігіп 1926 және 1931 ж.ж. нақты сандары негізінде оперативтік жоспарлау
және құрылысты дамытуды, өнеркәсіпті, көлікті және т.б. өркен-детуді
есептеп отырды.
Жылдар бойынша қала халкының есептелеген сандары мынадай қатар құрайды:
Қантар 1931 ж ... ... ... ...732,7 мың
----------1932 ж ... ... ... ... 1072,1------
----------1933 ж ... ... ... ... 1218,9------
------—1934 ж ... ... ... ... 1311,6------
----------1935 ж ... ... ... ... 1437,6------
----------1936 ж ... ... ... ... 1499,5------
Бұл мәліметтер, осы жылдары орын алған қала халқының өсу бағытын дұрыс
бейнелегенмен де, бәрібір дәлме-дәл бола алмайды; өйткені оларды тексеретін
қандай да бір болсын есеп материалдары жоқ. Бұл жердегі дәлсіздік ең
алдымен кейбір асыра көрсетулердегі ауытқу түрінде орын алған.
Қала халқына байланысты дәлме-дәл мәлімет 1937 жылғы халық санағы
нәтижесінде алынатьш болады.
Осы дәлдігі жетісе бермейтін ауыл және қала халқы туралы мәліметтерді
салыстыра келіп, мынаны анықтауға болады:
Ауыл халқының 1931, 1932 жылдарда (1933 жылдардың басына дейін) ойсырай
азайып кетуі. 2.Қала халқының ең алдымен ауыл халқы есебінен ұлғайып өсуі.
3.1933 жылдың маусымынан бастап село халқының жылдан-жылға үздіксіз,
көптеп өсе бастауы.
Иә, көріп отырмыз, аштық ауқымына халық саны негізінде сипаттау - қазақ
жерінің сол жылдардағы ауыр қасіретінен едәуір толық хабардар етеді.
Ал енді аштықтың нақты да жантүршігерлік көрінісі қалай болды, ол
туралы архив қойнауында деректер баршылық.
Жеті адам қол қойған Шу елді мекеніндегі жағдай туралы төмендегі құжат
осыны дөлелдейді: "...Шу поселкесінің маңайыңцағы төңіректе N 75 барақтағы
босқындар жатағының және тамақтандыру орнының санитарлық жағдайын тексеріп
шықтық. Сонда мыналарға кездестік: ішінде босқындардың жатақханасы және
тамақтандыру орны орналасқан N 75 барақ жан төзгісіз лас жағдайда: баспана
әл-дәрмені таусылған, қөбі өзер дегенде қозғалатын босқыңдарға лық толы.
Баспанасыз, былғаныш, сасық. Аш адамдар (100-ге тарта адам) жерде жатыр.
Баспананың айналасы ластанып кеткен: барлық жерде сүйектер, жыртылған
киімдер, адамдардың қоқыстары және шығыс жағыңда тоғыз өлік жатыр, барақтан
біраз жерде солтүстікке карай олардың ішінде тағы да өлік.
1932 жылы күзде А.Мирзоянның және Алматы облыстық партия комитенінің
хатшысы Төлеповтың атына жазылған, арыз иесінің аты көрсетілмеген өтініште
мынадай жолдар бар: "...Орталық Комитеттің 1714-32 жылғы шешімін Алматы
облысының Қоңырат ауданында жүзеге асыру нәтижелері:
1.Босқындарға көмектер ұйымдастыру...
Егер аштықган өлген адамдар санын алар болсақ, ауылдарға бөлгенде
төмендегідей болып шығады:
N1 ауыл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52
N2 ауыл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 126
N3 ауыл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 98
N4 ауыл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 257
N5 ауыл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 180
N6 ауыл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
N8 ауыл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 288
N10 ауыл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
N11 ауыл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 317
N12 ауыл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 190
Барлығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1.600 адам.
Бізде N 14 ауыл туралы мәлімет жоқ. Бұндағы адамдар ауданның оларды
аман алып қалуға мүмкіншілігі бар кезде-ақ аштан өліп қалды.
Мұндай масқара құбылыстан басқа мынадай мысалға душар болып отырмыз:
Сталин атындағы колхоздың N 12 "Ақтас-Жартас" ауылында 4 адамды 19 адам жен
қойыпты. Олардан адам еттерін және өлекселерін тауып алдық.
"1933 жылдың қаңтарынан 31 наурызына дейінгі уақытта Қордай ауданы
бойынша жиналып алынған өліктер; ауылдық кеңестің берген мәліметгері:
Тағы бір кұжатта осыған ұқсас төмендегідей жантүршігерлік деректер бар:
"...кемшіліктерге мыналарды жатқызуға болады:
1) Босқындарды оларды орналастыратын жерлерге қайта жөнелтудегі
салақтық. Осының арқасында жекелеген станцияларда (теміржол бойында - Т.О.)
осындай ошаралып қалулар орын алды.
2) Қаратал аудандық атқару комитеті және Іле поселкелік кеңесі ашығып
өлген босқьшдардың өліктерін жинап алуға немкетті карады. 2311-33 жылы
Үштөбенің оперативтік пунктінің бастығы жолдас Соловьев және ... жол.
Кашкиров Үштөбе поселкесіндегі сүт фермаларына баратын жолға жақын маңайда
шашылып жатқан бірнеше еліктерге кездескен. Оның үстіне, бір өліктің көзін
құстар шоқып тастапты. Сұрастыра келгенде, бұл өліктердің жатканына 10
күндей болтаны анықталды. Бірнеше өліктер теміржол бойындағы жағалақ
орындардан табылды. Оларга мола қазбау үшін ссылай істегені көрініп тұр. Ал
жалпы тұрғындар әңгімесіне қарағанда, поселкедегі барлық шұңқырлар
өліктермен толтырылған, және қармен бұркемеленген. Поселкеден 5-10 шақырым
қашықтықта жол бойында көп өлік шашылып жатыр. Байқағанымыз: өлгендердің
есебін ешкім де жүргізбейді, өйткені, өлгендер санына байланысты қойылған
сұраққа поселкелік кеңес төрағасының орынбасары Сихымбаев былай деп жауап
берді: "Кар ериді емес пе, міне, сонда өлгендер каншама екенін көретін
боламыз".
Соңғы екі күнде поселке бойьшша 30-ға жуық өліктер жиналды".
Бұл деректерді жазып отырған сол жылдары Түрксиб ОГПУ-ы жол қатынасы
бөлімінің бастьпы Евграшкин деген кісі.
Ал енді облыстық комитет уәкілінің 1933 жылы 22 ақпанда О.Исаевтың
атына жазған хаты бұдан да бетер жантүршіктіреді. Онда мынадай жолдар бар:
"Азық-түлік қиыншылығына байланысты боскыншылық кейбір мәліметтерге
қарағанда Ақсу ауданында 32-жылдьщ қазан-қарашасында басталыпты.
...Аштық негізінде өлгендер саны, милицияның мәлімет бойынша, 1083
адамға жетеді (15 ауылдық кеңестердің мәліметтері); ал табиғи өліммен
өлгендерді қоссақ - 2264 адам, осыған жақын сандарды басқа органдар да
беріп отыр.
Жылқының қиынан сұлы жинау, өлген малдың терісін жеп қою жағдайлары жиі
кездеседі. Соңғы күндері адамды жеп қою туралы сөздер жиі таралып жүр. Үш
жағдайды тексергенімізде мұның өзі азық-түлік алу үшін арандатуға ұқсады.
Бірақ сенуге болатын да жағдайлар кездесуде (аудандық атқару комитетінің
төрағасы Т.Тынысбаевтың мәлімдемесі). Бұл іске байланысты кінәлілер
ұсталды. Тынысбаев жолдастың мәлімдеуінше, тіптен, 2 тұтқынға әйелдері алып
келген шелектерде пісірілген адам еті бар больш шықты. Аудандық комитет
уәкілінің айтуынша бұл адамдар ұдайы таяз молаларды ашумен айналысып, өлік
етімен тамақтанып келген. Бұл мемлекеттік банк меңгерушісінің орынбасары
Османов Қ-ның айтқаны: олардың ауласына кірген 27 жасар шамасындағы жігіт
әжетханада адамның нөжісімен тамақтанған. Сүйек-саяқты немесе көшеге
лақтырылған жеуге жағарлықтай өйтеуір бір нәрселерді жеп жатқандарды мен
Изринович, Масин жолдастармен бірге Үштөбе БК(б)П аудандық комитеті алдында
және Ақсуда кездестірдім...
Сонымен, 1931-33 жылдардағы аштықгы сипаттайтын нақгы деректерді біраз
"сөйлеттік". Ондағы мақсат: оқырман архив қойнауында сақталған нақты
мәліметтермен жете таныссын және осы негізде өзінше тұжырым жасасын деген
ой. Ал мұның өзі өткен тарихымыздың аса ауыр қасіретін тереңірек
түсінуімізге ықпал жасаса керек.
Партия техника мен ғылымның ең соны жетістіктерін қолдану негізінде.
бұкіл халық шаруашылығын, соның ішінде совхоздар мен колхоздарды кеңінен
ұйымдастыру негізінде ауыл шаруашылығын да қайта құру міндетін алға қойып,
жүзеге асыруда.
Бұл ретте индустрия бұкіл халық шаруашылығының жетекші негізі, оны
қайта құрудың кілті болып табылады, ал ауыл шаруашылығы индустрияның
өнімін тұтынушы рынок ретінде де,; шикізатпен және азық-түлікпен қамта-
масыз етуші ретінде де индустрияны дамытудың базасы болып табылады.
Совет өкіметі мен социалистік құрылысқа әр түрлі екі негізді: ең ірі
және біріктірілген социалистік өнеркәсіптің негізі мен шаруалардың мейлінше
бытыраңқы әрі мешеу қалған ұсақ товарлы шаруашылықтарының негізін үнемі,
яғни тым ұзақ мерзім бойына тірек ету мүмкін еместігі туралы - және ауыл
шаруашылыгын социалистік өнеркәсіп деңгейіне көтеру қажеттігі туралы
лениндік дұрыс нұсқау бүкіл Совет Одағында бұлжымастан жүзеге асырылуда.
Бұл мәселелерді шешу деревняда әлеуметтік-экономикалық қатынастарды
социализмнің пайдасына өзгертіп қана қоймайды, сонымен бірге осы өзгерістер
(совхоздар, МТС-тер ұйымдастыру; ауыл шаруашылығын коллективтендіру,
кулактар мен байларды тап ретінде жою) (негізінде ауыл шаруашылығын сапа
жағынан да, сан жағынан да) жалпы және товарлы өнімді молайту, еңбек
өнімділігін арттыру, егіннің шығымдылығын көтеру, мал басын көбейту және
тары басқалар) бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген жедел қарқынмен
дамытуда (мүмкіндік туғызады).

Партия техника мен ғылымның ең соны жетістіктерін қолдану негізінде,
бүкіл халық шаруашылығын, соның ішінде совхоздар мен колхоздарды кеңінен
ұйымдастыру негізінде ауыл шаруашылығын да қайта құру міндетін алға қойып,
жүзеге асыруда.
Бұл ретте индустрия бүкіл халық шаруашылығының жетекші негізі, оны
қайта құрудың кілті болып табылады, ал ауыл шаруашылығы индустрияның
өнімін тұтынушы рынок ретінде де, шикізатпен және азық-түлікпен қамтамасыз
етуші ретінде де индустрияны дамытудың базасы. болып табылады.
Совет өкіметі мен социалистік құрылысқа әр түрлі екі негізді: ең ірі
және біріктірілген социалистік өнеркәсіптің негізі мен шаруалардың мейлінше
бытыраңқы әрі мешеу қалған ұсақ товарлы шаруашылықтарының негізін үнемі,
яғни тым ұзақ мерзім бойына тірек ету мүмкін еместігі туралы - және ауыл
шаруашылырын социалистік өнеркәсіп деңгейіне көтеру қажеттігі туралы
лениндіқ дұрыс нұсқау бүкіл Совет Одағында бұлжымастан жүзеге асырылуда.
Бұл мәселелерді шешу деревняда әлеуметтік-экономикалық қатынастарды
социализмнің пайдасына өзгертіп қана қоймайды, сонымен бірге осы өзгерістер
(совхоздар, МТС-тер ұйымдастыру; ауыл шаруашылырын коллективтендіру,
кулактар мен байларды тап ретінде жою) (негізінде ауыл шаруашылырын сапа
жагынан да, сан жағынан да) жалпы және товарлы өнімді молайту, еңбек
өнімділігін арттыру, егіннің шығымдылығын көтеру, мал басын көбейту және
тагы басқалар) бұрынсоңды көз көріп, құлақ естімеген жедел қарқынмен
дамытуда (мүмкіндік турызады). Ал мұның өзі социалистік өнеркәсіпті
өркендетуге, шын мәнінде сәйкес келер еді және бұл халық шаруашылығын
(өнеркәсіптік де, ауыл шаруашылығын да) шапшаң ілгері бастыруды
қамтамасыз ететін сарқылмас база болар еді.
Партия саясаты, міне осындай және ол бүкілодақтық көлеге осылайша
жүзеге асырылуда.
Алайда бізде.Қазақстанда, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында орасан зор
табысқа қол жеткеніне қарамастан, мал шаруашылығы саласына үлкен олқалық
орын алып отыр, мұның өзі Қазақстанды Одақтық негізгі мал шаруашылық
базасынан екінші дәрежелі базалардың біріне айналдыруда.
Бүгінгі Қазақстан-бұл 163 миллион малы бар өлке, - деп жаздыңыз Сіз,
Голощекин жолдас, 1930 жылы Октябрь ревалюциясының жеңістері деген
мақалаңызда (Қазастанның 10 жылдығы атты жинақ).
Бұл сөздер факт Қазақстанда партияның сара жолын дұрыс жүзеге асырудың
нәтижесі, өнеркәсіпті де. Ауыл шаруашылығында да, атап айтқанда, мал
шаруашылығын өркендетуде дамудың социалистік жолдарын дұрыс ұштастырудың
нәтижесі еді.
Бұл сөздер 1929 жылғы бетбұрыс жылынан кейін шамамен бір жылдан соң
айтылды, ол Қазақстанда деревняны- ауылды коллективтендіру жөнінде бетбұрыс
жасалып, Қазақстанның ауыл шаруашылық өндірісін қор жинап, ұлғаймалы ұдайы
өндіріс жасай алатындай етіп ірілендіру жолына түскен кезең болатын.
Бірақ қазір, Сіздің мәлімдемеңізден кейін 2 жыл өткен кезде Қазақстанда
мал шаруашылығы саласына мал басының қисапсыз кеміп кеткені әмбеге аян
болып отыр: 1930 жылғы мал басының 18 бөлігі (40 миллионнан 5 миллион)
ғана қалды. Тек байлар мен қулақтардың ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
ҚР, ТМД елдері және әлемдегі мал шаруашылығының халық шаруашылығындағы маңызы
Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі бір саласы
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы
Қой шаруашылығы
Ауыл шаруашылық географиясы пәнінен дәрістер
Ірі қара мал шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы
Қазақстандағы ет өндірісі
Ауыл шаруашылығы
Авторлардың еңбектерінде жоғарғы оқу орындарымен даярланған ауыл шаруашылық мамандары
Пәндер