VIII Тақырып. Үкіметтің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. ҚР.СЫ ҮКІМЕТТІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1. Қазақстан Республикасының Үкіметі . атқарушы биліктің жоғары органы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2. Үкіметтің құрылуы және құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Үкіметтің құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІ. ҮКІМЕТТІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
2.1. Үкіметтің қызметінің ұйымдастырылу принципі ... ... . ... ... ... .
2.2. Үкіметтің заң шығаруға қатысуы, норма шығарушылық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІІ. ҮКІМЕТТІҢ БАСҚА БИЛІК ОРГАНДАРЫМЕН ҚАТЫНАСЫ ... ..
3.1. Үкіметтің халықаралық келіссөз жүргізу және халықаралық шарттарын жасасу өкілеттігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымша
Қазақстан Республикасының атқарушы органдарына Қазақстан Республикасының Үкіметі, министрліктер, комитеттер, агенстволар, департаменттер, әкімшіліктер және оның басқарушы органдары жатады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі – Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
Үкіметтің құзіреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі Республика Конституциясына сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен белгіленеді.
Үкімет Республика Конституциясының, аталған Конституциялық заңның, Республиканаң заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-қимыл жасайды.
Үкіметті Республика Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен құрады.
Республиканың Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
Қазақстан Үкіметі – алқалы (колегиалды) орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері – республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және республикасының өзге де лауазымды адамдары кіреді.Оны Республика Президенті құрады.
1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы, 1995 жыл жыл 30 тамыз.
2. “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” конститутциялық заңы 1995 жыл 18 желтоқсан.
3. “Қазақстан Республикасының Конституциясы Президент, Парламент және оның депутаттарының мәртебесі, Үкімет, Республикалық референдум, сайлау туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары.” (110-111 бет) Алматы, Жеті Жарғы 1999 жыл
4. « Қазақстан Республикасының конституциялық түсіндірмелі сөздігі », « Жеті жарғы » Алматы, 1996 ж
5. Амандыкова С.К. Қазақстан Республикасының контитутциялық құқығы. Астана. Фолиант. 2001. 176-бет.
6. Сапаргалиев Ғ. Қазақстан Республикасының контитутциялық құқығы. Өңделіп, толықтырылған 2-басылым. Алматы, 2004ж. - 480-бет.
7. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Табанов С.А. Алма-ты: Жеті жарғы, 2003. - 464 бет
8. Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері», «Атамұра» Алматы, 1998 ж
9. Нұрпейісов Е.К., Котов А.К. Қазақстан мемлекеті: хандық биліктен президенттік республикаға. Алматы: Жеті Жарғы.1995
10. Сәбікенов С.Н. Салыстырмалы мемлекеттік құқық. Оқулық. Алматы: Өркениет.2000
11. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы: Жеті Жарғы.2001
12. “ЗАҢ” журналы 2002, № 10, (50 – 52 бет)
13. http://www.akorda.kz/ - Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
VIII Тақырып. Үкіметтің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық
негіздері. КУРСОВАЯ

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. ҚР-СЫ ҮкіметТІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1. Қазақстан Республикасының Үкіметі - атқарушы биліктің жоғары
органы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2. Үкіметтің құрылуы және құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Үкіметтің құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІ. ҮКІМЕТТІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
2.1. Үкіметтің қызметінің ұйымдастырылу принципі ... ... . ... ... ... .
2.2. Үкіметтің заң шығаруға қатысуы, норма шығарушылық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІІ. Үкіметтің басқа БИЛІК органдарымен қатынасы ... ..
3.1. Үкіметтің халықаралық келіссөз жүргізу және халықаралық шарттарын
жасасу өкілеттігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымша

Кіріспе

Қазақстан Республикасының атқарушы органдарына Қазақстан
Республикасының Үкіметі, министрліктер, комитеттер, агенстволар,
департаменттер, әкімшіліктер және оның басқарушы органдары жатады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі – Қазақстан Республикасының атқарушы
билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және
олардың қызметіне басшылық жасайтын орган. Оның құқықтық мәртебесінің
негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
Үкіметтің құзіреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі Республика
Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан
Республикасының Конституциялық заңымен белгіленеді.
Үкімет Республика Конституциясының, аталған Конституциялық заңның,
Республиканаң заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің негізінде және
оларды орындау үшін іс-қимыл жасайды.
Үкіметті Республика Президенті Қазақстан Республикасының
Конституциясында көзделген тәртіппен құрады.
Республиканың Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн
мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне
ұсыныс енгізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымын министрліктер және өзге
де орталық атқарушы органдар құрайды.
Қазақстан Үкіметі – алқалы (колегиалды) орган. Оның құрамына Үкімет
мүшелері – республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер
және республикасының өзге де лауазымды адамдары кіреді.Оны Республика
Президенті құрады.
Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзімде
Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы, Республика
президентіне ұсыныстар енгізеді. Республика Үкіметі Президенттің
өкілеттілік мерзімі біткенше іс-қымыл жасайды және жаңадан сайланған
Республика Президенті алдында өзінің өкілеттілігін доғарады. Республика
Президентінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін республика Үкіметі өз
міндеттерін атқара береді. Үкіметтің құрамына кірген адамдарға мынадай
шектеулер қойылған: өкілді органдардың депутаттары болуға; оқытушылық,
ғылыми, немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда өзге де ақы
төленетін жұмысты атқаруға; кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық
ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы
жоқ (ҚР Конституциясының 68-бабы, 2-тармақ).
Республика Үкіметінің мүшесі Қазақстан халқына және Президентіне
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңда белгіленген
мазмұнда ант береді.
Республиканың Премьер-Министрін Қазақстан Республикасының Президенті
Парламенттің келісімімен қызметке тағайындайды. Үкіметтің басқа мүшелерін
де Президент тағайындайды.
Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Республика Президентіне
Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерде, орталық атқарушы органдарда
құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне тағайындау үшін
кандидатуралар жөнінде, министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар
енгізеді; Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның
жұмысы үшін дербес жауап береді.

І. ҚР-СЫ ҮкіметТІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1. Қазақстан Республикасының Үкіметі - атқарушы биліктің жоғары органы

Қазақстан Республикасынын, Үкімет атқарушы билігін жүзеге асырады,
атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық
жасайды (64-бап). Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің
жоғары органы болып табылады. Мұндай анықтама Қазақстан Республикасы
Үкіметінің заңдық табиғатын ашады, мемлекеттік билікті бөлісу жүйесіндегі
орнын көрсетеді және оның қызмет сипатын баға-лайды. Барлық атқарушы
органдарды басқаратын, олардың қызметіне басшылық жасайтын жоғары атқарушы
орган ретінде ол елде мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы
болып табылады және мемлекеттін атқарушы билігін бейнелейді. Сондықтан
Конституция Үкіметтің мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын анықтайды,
биліктің басқа тармақтарымен өзара қарым-қатынасының нормативтік негіздерін
белгілейді. Конституция Үкімет пен Парламенттің, Үкімет пен Президенттің
өзара қарым-қатынасын анықтап, тежемелік және тепе-тендік механизмін
белгілейді.
Үкіметтін, сот билігімен де белгілі бір құқықтық байланысы бар.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Үкімет мемлекеттің
атқарушы билігінің жоғары органы ретінде атқарушы органдар жүйесін
басқарады (64-бап). Конституцияның аталған қағидасында "бірыңғай" деген сөз
болмағанымен, баптың мазмұны атқарушы билік органдарының бірыңғай жүйе
құрайтынына күмәндануға негіз жасамайды. Ол Конституцияның 87-бабымен
дәлелденеді, онда: "Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының
атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді" делінген. Үкіметтің
атқарушы билік жүйесіндегі жоғары орган ретіндегі жағдайы оның Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырылатын және атқарушы биліктің
жергілікті органдарын қамтитын өкілеттіктермен қамтамасыз етіледі.
Үкімет атқарушы биліктің бірыңғай жүйесіне кіретін министрліктердің,
мемлекеттік комитеттер мен басқа да ведомстволардың (бірқатар "пәрменді"
министрліктер мен ведомстволарды қоспағанда) жұмысын бағыттайды. Үкімет
атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Қазақстан Республикасы
Конституциясымен, Президенттің конституциялық заң күші бар Жарлықтарымен,
басқа да нормативтік жарлықтарымен оның қарауына жатқызылған мәселелерді
жеке шешеді. Үкімет өз құзыретінің шегінде нормативтік және өзге де актілер
қабылдайды, заңдардың, Президент Жарлықтарының орындалуын ұйымдастырады,
өзге де халықаралық шарттар жасасады, барлық атқарушы билік органдарын
басқарады, олардың қызметін бақылайды және заңдардың бұзылуын болдырмау
үшін тиісті шаралар қолданады.
Үкімет қызметінің құқықтық негізі Конституция, заңдар, Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлықтары болып табылады.

1.2. Үкіметтің құрылуы және құрамы

1991 жылдан бері Қазақстан Республикасында бірнеше Үкімет ауысты:[1]
Конституцияда көзделген тәртіппен Үкіметті Президент құрады. Жоғарыда
айтылғандай, Премьер-Министрге кандидатураны Президенттің өзі іріктейді
және кандидатураға келісімін алу үшін оны Парламенттің қарауына енгізеді.
Парламенттің келісімін алғаннан кейін Президент оны Премьер-Министр
қызметіне бекітеді. Президент құрамында Премьер-Министр, оның
орынбасарлары, Үкімет Аппаратының басшысы, министрлер, Мемлекеттік
комитеттердін, терағалары бар Үкіметті құрады. Үкіметтің құрылымы мен
құрамы туралы ұсынысты Премьер-Министр тағайындалғаннан кейінгі он күндік
мерзім ішінде Премьер-Министр енгізеді. Үкімет мүшелері халыққа және
Республика Президентіне ант береді.
Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде жұмыс
істейді және жаңа сайланған Президент алдында өзінің өкілеттілігін
тоқтатады. Үкімет өз міндетін Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекігенше
орындайды. Үкіметтің өкілеттігін тоқтату және оның кез-келген мүшесін
қызметінен босату туралы Президенттің өзінің жеке бастамасы бойынша шешім
шығаруына құқығы бар. Премьер-Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің
өкілеттігін тоқтатуды білдіреді.
Үкімет және оның кез-келген мүшесі егер өзіне жүктелген қызметті одан
әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп есептесе, өзінің орнынан түсетінін
Президентке мәлімдеуге құқылы. Қандай жағдайда Үкіметтің тұтас немесе оның
жекелеген мүшесінің орнынан түсетінін мәлімдей алатындығы заңда
көзделмеген. Егер Үкіметтің орнынан түсуін Үкімет мәлімдесе, оған
Парламентпен өзара қарым-қатынасына қатысты емес әр түрлі мән-жай негіз
болуы мүмкін. Үкіметтің өз ішінде ескерілмейтін әр түрлі көзқарастар, басқа
да себептер болуы мүмкін. Үкімет мүшелерінің орнынан түсуіне олардың Үкімет
Бағдарламасымен, Үкімет басшылығының жұмыс стилімен келіспеуі, сырқаты және
тағы басқалары себепші болуы мүмкін.
Парламент Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірген кезде Конституцияда
көзделген жағдайларда:
1) егер Үкімет Бағдарламасын Парламент екінші мәрте қайтарса (53-
баптын, 6- тармағы);
2) егер Парламент Үкімет енгізген заң жобасын қабылдамай тастаса (61-
баптың 7- тармағы) Үкімет өзінің орнынан түсетіні туралы Президентке
мәлімдейді. Республика Президенті он күн мерзім ішінде орнынан кетуді
қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені қарайды. Егер Президент орнынан
түсуді қабылдаса, онда ол оның, орнынан түсуі туралы мәлімдеген Үкіметтің
немесе оның мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Егер Премьер-
Министр орнынан түсуді мәлімдесе, онда оның орнынан түсуінің қабылдануы
бүкіл Үкімет өкілеттігінің тоқтатылғанын білдіреді.
Премьер-Министр тағайындалғаннан кейінгі бір айдың ішінде Үкімет
қызметінің бағдарламасы туралы мәселені шеше-ді. Осы мерзімде Премьер-
Министр Үкімет қызметінің бағдарламасын әзірлейді және ол туралы
Парламентке баяндама ұсынады. Нақ осы мерзім ішінде Үкіметтің жаңа құрамы
Парла-ментке осының алдындағы Үкімет құрамыньің Бағдарламасын қолдау туралы
және өз қызметтерінде соны басшылықка алғысы келетіндері туралы Парламентке
мәлімдей алады.
Егер Парламент Үкіметтің жаңа Бағдарламасын қабылдамай тастаса Премьер-
Министр екі айлық мерзім ішінде Парламентке Бағдарлама туралы екінші
баяндама ұсынады. Үкімет Бағдарламасын Парламент әр Палата депутаттарынын,
жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен тағы қабылдамай тастауына
болады. Мұндай көпшілік дауыстың болмағаны Үкімет Бағдарламасының
макұлданғанын білдіреді.
Конституция Үкімет құрамында болуға қатысты шектеуді көздейді.
Республика Үкіметі мүшелерінін:
өкілді органның депутаттары болуға;
оқытушылық, ғылыми немесе езге шығармашылық қызметтерден басқа ақылы
қызметтер атқаруға;
кәсіпкерлікпен шұғылдануға; коммерциялық ұйымның бас-шы органының
немесе байкаушы кеңесінің құрамына кіруге хақы жок.

1.3. Үкіметтің құзыреті

Атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Үкіметке Қазақстан
Республикасы Конституциясымен және Президенттің "Қазақстан Республикасының
Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы конституциялық заң күші бар
Жарлығымен орныктырылған кең өкілеттіктер берілген.
Экономика саласында Үкімет мемлекеттің экономикалык саясатының негізгі
бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын
әзірлейді; экономикалык бағдарламаларды, республикалық бюджетті әзірлейді
және оның орындалуы туралы есебін құрады, оның орындалуын қамтамасыз етеді;
республиканың қаржы жүйесін әзірлеп, оны нығайту жөніндегі шараларды жүзеге
асырады; валюталық, қаржылық және материалдық ресурстарды құру және
пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз
етеді; құрылымдық және инвестициялыксаясатты жүзеге асырады; бағаның
құрылуы жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеп, жүргізеді, мемлекетпен
реттелуші баға қолданылатын өнім, тауар және қызмет номенкулатурасын
белгілейді; мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оның корғалуын
қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік салада Үкімет мемлекеттік саясаттың, мемлекеттік
бағдарламаның негізгі бағыттарын әзірлейді; еңбекке ақы телеудің жүйесі мен
шартын, азаматтардың әлеуметтік корғалуын, мемлекеттік тұрғыдан әлеуметтік
қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қамсыздандырылуын белгілейді; аймақтарды
әлеуметтік дамыту мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді; жастар, дене
мәдениеті мен спорт, туризм, әлеуметтік әріптестік проблемаларын шешуге
ыкпал етеді.
Ғылым, техника, білім мен мәдениет саласында Үкімет ғылы-митехникалық
даму жоспарын өзірлейді және жүзеге асырады; ғылым мен техниканы, мәдениет
пен білімді дамыту, жаңа технологияны енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты
әзірлеп, жүзеге асырады.
Әкімшілік-саяси басқару саласында Үкімет консультативті-кеңесші
органдарды құрып, таратады, Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктердің,
мемлекеттік комитеттердің, орталық атқарушы органдардың қызметін басқарады,
олардың Президентпен Үкіметтіңактілерін орындауын бақылайды;
министрліктердің орынбасарларын қызметке тағайындап, қызметтен босатады;
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару мәселелері женіндегі
қызметін басқарады, олардын, заңдарды орындауын бақылайды.
Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту саласында Үкімет құқықтық
реформанын жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; азаматтардың құқықтары мен
бостандыктарын сақтау мен қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін,
республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, мемлекеттік шекараның
аумақтық тұтастығы мен қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеп,
жүзеге асырады.
Сыртқы саясат саласында Үкімет келіссөз жүргізіп, үкіметаралық
келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; республиканың шет
мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын
дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру
женінде шаралар әзірлейді; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады;
халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара ынтымақты қарым-қатынас орнатады.

ІІ. ҮКІМЕТТІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ

2.1. Үкіметтің қызметінің ұйымдастырылу принципі

Үкіметке Премьер-Министр басшылық, етеді, оның өкілеттігі Республика
Конституциясымен және Президенттің Үкімет туралы Жарлығымен бекітіледі.
Премьер-Министрдің мынадай өкілеттігі болады:
Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және өзінің орынбасарлары мен Үкімет
мүшелері арасында қызмет міндетін бөледі; Президентпен, Парламентпен,
Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас Прокуратурамен, басқа да
мемлекеттік органдармен қатынаста Үкімет атынан сөйлейді немесе оны
Үкіметтің өкілдігіне тапсырады;
халықаралық қатынастарда Үкімет атынан сөйлейді немесе мұны Үкіметтің
өкілдігіне тапсырады және үкіметаралық шарттар мен келісімдерге кол қояды;
Республика Президентіне: Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы;
Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктерді, мемлекеттік комитеттер мен
орталық атқару органдарын құру, қайта құру және тарату туралы Үкімет
Аппаратының басшысы, министр қызметіне тағайындалатын кандидатуралар
туралы; мемлекеттік комитеттің төрағасы, облыс, республикалық маңызы бар
калалар және республика астанасы туралы; аталған тұлғаларды қызметтерінен
босату туралы ұсыныс түсіреді;
Президентке республиканың мемлекеттік бюджетімен каржыландырылатын
барлық органдардың қызметкерлерін қаржыландырып, оларға еңбек ақы төлеудің
бірыңғай жүйесін бекітуге ұсынады;
Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары және оның барлық ең
маңызды шешімдері туралы баяндайды;
Үкімет мүшелерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдар
басшыларының есебін тындайды.
Премьер-Министр оған заң жүктеген және Үкімет қызметін ұйымдастыруға
және оған басшылық жасауға қатысты басқа да өкілеттіктерді орындайды.
Президенттің "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Жарлығымен
Премьер-Министр орынбасарларының өкілеттігі белгіленген. Олар лауазымы
бойынша Үкімет құрамына кіреді және мынадай өкілеттіктерді атқарады:
o Үкімет құрамына кірмейтін тиісті министрліктердің, мемлекеттік
комитеттердің, орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жүктелген
шекте мемлекеттік басқару салаларынын (сфераларының) қызметін
үйлестіреді;
o мемлекеттік басқарудың үйлестірілетін салаларының жай-күйіне
жауап береді, оларда заңдардың, Президент және Үкімет
актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
o Премьер-Министрдің және Үкіметтің қарауына Үкімет құра-мына
кірмейтін тиісті орталық атқару органдарының басшылықтарын
қызметіне тағайындау және қызметінен босату тура-лы ұсыныс
енгізеді.
Премьер-Министрдің орынбасарлары Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша
басқа да қызметтер атқарады.
Министрлер, мемлекеттік комитеттердің төрағалары Үкімет мүшелері болып
табылады. Олар тиісті министрліктер мен мемлекеттік комитеттерге басшылық
жасайды және тиісті министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің қарауында
болатын мемлекеттік басқару салаларындағы (сфераларындағы) қызметтің жай-
күйіне жауап береді. Сонымен бірге Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде
шешімдер қабылдауда дербестікке ие әрі ездеріне бағынысты мемлекеттік
органдардың жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында
жеке дара жауап береді.[2]
Республиканың Премьер-Министрінің жанынан Үкіметтің тұрақты жұмыс
істейтін органы ретінде Төралқа құрылады. Үкіметтің Тералқасының құрамына
лауазымы бойынша Премьер-Министрдің орынбасарлары және Үкімет Аппаратының
басшысы кіреді. Премьер-Министр Төралқа құрамына Үкіметтің басқа мүшелерін
енгізуге құқылы, Үкімет Төралқасының отырыстарын әзірлеу және өткізу
тәртібін Регламент белгілейді.
Үкімет отырысы айына кем дегенде бір рет өткізіледі.
Отырысты Премьер-Министр не Президент шақырады. Аса маңызды мәселелер
бойынша Үкімет қарауы кезінде оның отырыстарына Президент төрағалық етеді.
Егер оған оның мүшелерінің кем дегенде үштен екісі қатысса ол құқылы болып
есептеледі. Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша отырыс
ашық өткізіледі, Үкімет отырысы жабық өткізілуі де мүмкін.
Үкімет пен Премьер-Министрдің қызметін ақпараттықталдау, құқықтық,
ұйымдық және материалдықтехникалық жағынан жүзеге асырылуын қамтамасыз
ететін өз Аппараты құрылады. Аппарат басшысын Премьер-Министрдің ұсынысы
бойынша Президент қызметке тағайындап, қызметінен босатады. Аппарат басшысы
Үкімет аппаратынын Президент Әкімшілігімен, Парламент Аппаратымен,
министрліктермен, мемлекеттік комитеттермен, ведомстволармен, жергілікті
атқару органдарымен өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады.
Үкіметтің құзыретіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін
Үкімет жанынан комиссиялар, кеңестер және езге де консультативті-кеңесші
органдар құрылады. Бұл органдарды Премьер-Министр, оның орынбасарлары,
Үкімет мүшелері басқарады. Консультативті-кеңесші органдардың шешімі
нұсқаулық сипатта болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі өз қызметінде біртұтастық принципін,
мемлекеттік билікті үш тармақка бөлу, заңдылық, жариялылық, қоғамдық
келісім мен саяси тұрақтылық, адамдар мен азаматтардың құқықтары мен
бостандықтары принциптерін басшылыққа ала отырып қызметін атқарады.
2.2. Үкіметтің заң шығаруға қатысуы, норма шығарушылық қызметі
Қазақстан Республикасы Үкіметі, біріншіден, Парламент пен Президент
жүзеге асыратын заң шығару процесіне қатысады; екіншіден, өз құзыреті
шеңберінде норма шығарушылықты жүзеге асырады; үшіншіден, министрліктер мен
ведомстволардың норма шығарушылық қызметін бақылайды; төртіншіден, атқарушы
биліктің жергілікті органдарының норма шығарушылық қызметін бақылайды.
Үкіметтің заң шығарушылық бастамашылық құқығы болады. Ол өз құзыретіне
кіретін барлық мәселелер бойынша заң жобаларын әзірлеп, оны Мәжілістің
қарауына енгізуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Үкіметіне заң шығару бастамасы құқығының
берілуі жөніндегі қағида Үкімет Парламентке заң жобасын енгізе де алады,
енгізбей-ақ қоюына болады деген сез емес. Үкімет мемлекеттік биліктің заң
негізінде қолдана алатын кең өкілеттікті иеленген ерекше - тармағы ретінде,
сөз жоқ, тиісті заңдардың қабылдануына мүдделі. Сондықтан Үкімет заң
жобалау жұмысымен шұғылдануға құқылы ғана емес, міндетті де. Заң
шығарушылық бастама құқығын жүзеге асыру мақсатында Үкімет заң жобалау
жұмыстарын әзірлейді[3]. Заң жобаларын әзірлеуде министрліктер мен
ведомстволар Үкіметтің ұйымдықтірегі болып табылады. Республика
министрліктерінің, мемлекеттік комитеттерінің және ведомстволарынын, нақты
жобаларын әзірлеу жөніндегі ұсыныстары республиканың Әділет министрлігі мен
Үкімет аркылы енгізіледі. Ол каралып, қорытылғаннан кейін заң жобалау
жұмыстарының тізбесіне кіргізу үшін Парламент Мәжілісіне жіберіледі. Заң
жобалау жұмыстарының тізбесіне және Республика Парламентінің осы мәселелер
бойынша қабылдаған шешіміне орай орталық атқарушы органдар заң жобаларын
қазақ және орыс тілдерінде әзірлеп, белгіленген мерзімде Үкіметке беруі
тиіс. Ұсынылған заң жобаларының сапасына, дер кезінде әзірленіп, ұсынылуына
орталық атқару органдарының бірінші басшысы тікелей жауап береді. "Сапа"
ұғымы айтарлықтай кең ұғым. Заң жобаларын мүдделі министрліктердің
әзірлеуі, олардың өздерінің тар шеңберлі ведомстволық мүдделерін заң арқылы
орнықтырып алуына ұмтылдыруы мүмкін. Егер заң жобаларында мұндай көзқарас
басым болса, онда олар қабылданған жағдайда ол мемлекет, қоғам және
азаматтардың мүддесіне зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан заңның "сапасы"
ұғымы заң шығару техникасы тұрғысынан алғанда заң жобаларын жетілдіру
ұғымын ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге көпшіліктің мүддесіне сәйкес
келетін заң жобасының дұрыс жоспарлануын да білдіретін ұғым. 1996 жылғы 22
акпанда Үкімет бекіткен Қазақстан Республикасы Үкіметі жұмысының Регламенті
де осыған назар аударған. Демек, заң жобаларын Үкіметке өздерінің
қарауындағы мәселелер бойынша министрліктер мен мемлекеттік комитеттер
ұсынады.
Заң жобаларының сапалық жоғары денгейде болуы үшін қажетті жағдайда
актілер экономикалық, құқықтық ғылымитехникалық және өзге сараптауға
беріледі. Үкіметтін қарауына тиісті негіздемелерімен түскен ескертпелер
туралы анықтама, сараптама корытындысы заң жобасымен бірге беріледі. Егер
Үкімет заң шығарушылық бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобасы
Конституциямен және заңдармен Президенттің өкілеттігіне жатқызылған
мәселелерді қозғайтын болса онда ол туралы Республика Президентімен келісіп
алу керек.
Үкімет пен Парламентке енгізілген заң жобалары міндетті түрде
Үкіметтің отырысында не оның Төралқасында талқылануы керек. Заң жобасын
талқылау міндетті түрде құжатты әзірлеушілердің, сарапшылардың қатысуымен
еткізіледі. Заң жобасын қараудың нәтижесімен Үкіметтің қаулысы не Премьер-
министрдің өкімі қабылданады. Сол аркылы заң жобасы Парламент Мәжілісіне
жіберілуі немесе пысықтауға қайтарылуы мүмкін.
Үкімет заң шығару бастамасын жеке жүзеге асырып қана қоймайды. Ол заң
жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу жөніндегі Президент тапсырмасын да
орындайды. Қазақстан Республикасынын Конституциясы Президентке заң шығару
бастамасы құқығын бермеген. Бірақ ол Президент заң шығару процесінен
аластатылады деген сөз емес. Президент туралы Жарлықпен көзделген
Президенттің Үкіметке заң жобаларын Парламент Мәжілісіне енгізуге тапсырма
беру құқығы оның заң шығаруға ықпал ету жолдарының бірі болып табылады. Бұл
арада заң жобасы Президент Әкімшілігінде әзірленіп, Үкімет арқылы
Парламентке енгізілетінін ескерген жөн.
Үкімет сонымен бірге Президент актілерінің жобаларын әзірлей алады.
Әңгіме, ең алдымен, орталық атқарушы органдар арқылы, Президент Аппаратының
тиісті белімдері немесе Үкімет шешімімен құрылатын жұмыс тобы арқылы жүзеге
асырылатын, Президенттің Үкімет енгізген нормативтік жарлықтары туралы
болып отыр. Оларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқық пәнінен дәрістер
АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕН БИЛІКТІҢ ҚАЙТА БӨЛІНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Жеке тұлғаның, конституциялық құрылыстың, сайлау құқығының конституциялық құқықтық мәртебесі негіздері
ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШI САЛАСЫ
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Конституция-мемлекеттің Негізгі Заңы туралы ақпарат
Конституциялық құқықтың негіздері
Жергілікті атқарушы органдардың түсінігі
Қазақстан Республикасының зңдары
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының мазмұны
Пәндер