Ақтөбе облысының демографиялық дамуының қазіргі жағдайы


Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Халықты көптеген ғылымдар, ең алдымен - халықтар географиясы, демография мен этнография зерттейді. Елді, аймақты, елді мекендерді зерттеу үшін, халықтың санын, оның жыл сайынғы өзгерісі мен жынысқа, жасқа байланысты таралуын, қала мен ауылда қанша халық тұратынын, олардың ішінде еңбекке жарамды адамдар санын, олардың шаруашылықтың қай саласы мен айналысатынын, ұлттық құрамын, еңбек ету дағдысын, әдет-ғұрпын білудің маңызы зор.

Статистикалық мәліметтер бойынша демография тұтастай халықты жаңғыртудың жаппай әлеуметтік процестер ретіндегі оның компоненттерін, әлеуметтік - экономикалық процестерге тәуелді олардың халықтың жастық-жыныстық құрылымымен өзара сандық байланыстарын, халық санының өсуі мен қоғамдық дамудың өзара байланыстарын зерттейді.

Демографиялық ахуалға кезінде кері әсерін тигізген әлеуметтік-экономикалық дағдарыс еліміздің негізгі байлығы болып табылатын - адамдар ресурстары жағдайын да көрініс тапты. Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде болды. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық мінез-құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Халықтың демографиялық санасы көп қатпарлы, ол ұлттық санамыздың бастау алар мәйегі және оны өсіре алатын басты дәнекері.

Әлеуметтік тұрақтылықтың еліміздің негізгі байлығы - халық санының өсіміне тигізер әсері оң болмақ. Ал, халықтың өсімі - мемлекеттің алдында тұрған үлкен мәселе. Оны шешу - заман талабы. Өйткені, осыншама кең-байтақ жеріміз бола тұрып, халықтың саны өспесе, ұлт болшағына үлкен қатер төнетіндігі сөзсіз. Осы мақсаттарға жетуде халықтың табиғи өсімімен қатар, елдегі этнодемографиялық дамудың қозғаушы күштерінің бірі - көші-қон құбылыстарын реттеу өте маңызды.

Ақтөбе облысындағы демографиялық жағдайды соңғы жылдары аймақта елеулі түрде бала туушылықтың жоғарылауы, қаза болу деңгейінің төмендігі және халықтың көші-қон қалпының елеулі баяулауы нәтижесінен жағымды деп бағалауға болады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Ақтөбе облысындағы демографиялық жағдайға әсер етуші факторларды ескере отырып, қазіргі кездегі сандық және сапалық құрылымындағы өзгерістерді талдау, көші-қон процесін, оның түрлері мен барысын, нәтижелерін, оның облыстың әлеуметтік-демографиялық дамуына әсерін анықтап, кешенді түрде зерттеу, облыс халқының тұрмысындағы оң өзгерістері мен негізгі мәселелерін қарастыру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Ақтөбе облысының халқының орналасуына әсер етуші табиғи және экономикалық факторларды анықтау;
  • Облыс халқының табиғи өсімі және көші-қоны мен оның негізгі мәселелерін қарастыру;
  • Халықтың жастық және жыныстық құрамының бүгінгі ахуалына сипаттама беру;
  • Облыс халқының таралып орналасуы. Қала халқы және урбандалу дәрежесін саралау.

Зерттеу жұмысының объектісі: Ақтөбе облысындағы демографиялық жағдайды кешенді зерттеу.

Зерттеу жұмысының теориялық негізі: Халықтың демографиялық жағдайының терең зерттелуіне үлкен үлес қосқан отандық және шетелдік ғалымдардың зерттемелері, ғылыми конференциялардың материалдары және басқа жарияланымдары болып табылды.

Зерттеудің талдамалық базасын Статистика жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің ресми статистикалық материалдары, Ақтөбе облысының статистика департаментінің цифрлік мәліметтері, интернет ресурстары құрады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, тарау өз ішінде бөлімдерден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Зерттеу жұмысының әдісі: Салыстырмалы - аналитикалық, экономикалық-статистикалық, сызбалы талдау, топтастыру, есептік-құрылымдық, және экономикалық-математикалық модельдеу, жүйелеу, картографиялық әдістері қолданылды.

І Ақтөбе облысының халқының орналасуына әсер етуші факторлар

  1. Облыс халқының орналасуындағы табиғи фактордың алатын орны

Белгілі бір аумақта (елде, аймақта, қалада, ауылда) өмір сүріп жатқан адамдар сол жердің халқын құрайды. Географтар үшін ол табиғат пен шаруашылық сияқты негізгі зерттеу нысандарының бірі болып табылады. Былайша айтқанда, табиғат пен шаруашылық адамдар қандай ортада өмір сүріп, өздерінің тіршілігін қалай қамтамасыз ететіндігін білу үшін зерттеледі.

Табиғат жағдайлары мен қорлары - халықтың орналасуының негізгі факторы болып саналады. Табиғи орта адамның өміріне, шаруашылығына, мәдениетіне әсерін тигізе отырып, өзі де оның іс -әрекетінің нәтижесінде өзгеріске ұшырайды.

Бұл өзара байланыста, ең алдымен, шаруашылықтың дамуына табиғат жағдайларының маңызы зор. Ал шаруашылық өз кезегінде халықтың орналасуына, өмір сүру ұзақтығына, әл-ауқатының деңгейіне тікелей байланысты болады. Сондықтан оларды халықтың орналасуына әсер етуші факторлар ретінде қарастыра аламыз және оларды келесідей түрге жіктеуге болады:

  • географиялық орны;
  • жер бедері;
  • климаты;
  • ішкі сулары;
  • пайдалы қазбалары өндірудің тау-кен геологиялық жағдайлары;

Табиғат жағдайлары шаруашылықта, яғни өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында тікелей пайдаланылмайды. Олар ауыл шаруашылығын, пайдалы қазбалар өндіретін өнеркәсіпті, көліктің кей түрлерін орналастыруға әсер етіп, олардың жұмысын қиындата түседі. Сондықтан табиғат жағдайлары шаруашылықтың даму тұрғысында халықтың орналасуына қолайлы және қолайсыз болуы мүмкін.

Ақтөбе облысының халқының орналасу жағдайына жоғарыда атап көрсеткендей келесі табиғи факторлар әсер етеді:

Географиялық орны. Ақтөбе облысының жалпы аумағы 300, 6 мың км 2 құрайды. Облыстың территориясы 48˚-51˚35` солтүстік ендік және 45˚30`-543˚5` шығыс бойлықтардың аралығын қамтиды. Ақтөбе облысы Орал тауларының салалары - Мұғалжардың кіші таулары болып табылатын Еуропа пен Азия тоғысында орналасқан. Облыс батысында Каспий маңы ойпатымен, оңтүстігінде Үстірт жонымен, оңтүстік-шығысында Тұран ойпатымен және солтүстік орталығынан оңтүстікке қарай Мұғалжармен шекараласатын аумақты алып жатыр.

Жер бедері. Жер бедерінің сипатына қарай облыстың аумағы 5 геоморфологиялық аудандарға бөлінеді:

  • Мұғалжар таулары,
  • Орал-Жем үстірті,
  • Торғай-Арал маңы жазығы,
  • Үстірт беткейі
  • Каспий сырты ойпаты.

Облыс жер бедерінің басты бөлігі болып табылатын Мұғалжар таулы қыратында экономикаға әсер етуші теңдесі жоқ байлығы хром және никель кендерінің ірі қоры бар, олар Кемпірсай алабында орналасқан. Ал оған көршілес жатқан Орал-Жем үстіртінде вольфрам мен молибденнің т. б. пайдалы қазбалардың ірі қорлары өндірісте пайдаланылады. Сондықтан бұл жерлер шикізат көзіне жақын өндіріс орындарының болуында маңызды рөл атқарады. Торғай-Арал маңы жазық болып келуі өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы мен байланыс жолдарын жүргізуге қолайлы болып келеді. Жайлымдардың басым бөлігі өсімдігінің құрамы, сумен қамтамасыз етілуі жағынан алғанда негізінен шөп талғамайтын қой мен түйе малдарын жаю үшін жарамды. Облыс экономикасының дамуына ондағы таулар мен жазықтардың орналасу жағдайы маңызды әсер етеді. Ақтөбе облысының - географиялық жағдайына тән нәрсе - оның территориясында Ембі мұнайлы алабы бар. Мұндай геологиялық аймақтардың ұштасуы ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының мамандануына шешуші ықпал етеді.

Физикалық-географиялық жағдайлардан шығатын болсақ, экономикалық әлеует мен халықты қайта көшіру жүйесінің қалыптасуын ескере келе, Ақтөбе облысын қазіргі уақытта минералды жаңартылым мен жандыру-энергетикалық ресурстардың жекелеген түрлерін алып қайта өндіру базасында жекелеген кіші қалалар, орта қалалар және қала типтес поселкелер орналсқан аумаққа жатқызуға болады. Мысалы, Темір, жем, Хромтау және т. б. қалалар жатады.

Климаты. Облыс құрлықтан шалғай, мұхиттар мен биік таулы жүйелерден алыста жатыр. Ауа райы шұғыл континентті: қыс тұрақты ұзақ, орташа температурасы қаңтар айында -15-16 С. Жаз қуаң және ыстық, орташа температурасы шілде айында +22+25 С. Жылдың жауын-шашынның орташа мөлшері 125-350 мм.

Қыста аумақ Сібір антициклонының ықпалында болса, жазда жылы, шөл даланың құрғақ субтропикалық ауасы кедергісіз, еркін жетеді.

Облыстың климатына құрғақ континенталдық сипат тән. Осыған байланысты күрделі табиғат жағдайлары тұрғындардан қалыпты тіршілік жағдайын қаматамасыз ету үшін үлкен күш -жігерді талап етеді. Көлік жолдарын салып, оларды жақсы жағдайда ұстап тұру үшін, үйлер мен өндіріс ғимараттарын салып, оларды жылыту үшін орасан көп қаржы қажет. Климттың қаталдығына байланысты Ақтөбе облысы экономикасы Қазақстандағы ең энергияны көп жұмсайтын облыстардың қатарына жатады.

Облыстың аумағында ауаның орташа жылдық температурасы солтүстікте (Родников кенті) 2, 8 градустан оңтүстікте (Ақтұмсық) 7, 8 градусқа дейін құбылады. Жыл ішіндегі aya температурасының барысы қыста тұрақты аязды күндермен көктемгі қысқы күндерден кейін жеделдеп, ыстық жазға жалғасуымен сипатталады. Ақтөбе облысының шаруашылығын дамытуда табиғаттың айтарлықтай қиын жағдайлары болды. Ол ең алдымен қатал климат жағдайларымен байланысты. Температураның амплитудасы 40-50º-қа ауытқуы жиі байқалады, аумақтың көп бөлігіндегі жылдық жауын -шашынның мөлшері 250 мм-ден аспайды. Кең байтақ аудандар тұщы су жетіспеуінен зардап шегеді. Сондықтан Ақтөбе облысы аудандары суырмалы егін шаруашылығы зонасына жатады. Оған жиі қайталанып отыратын құрғақшылық тән болып келеді.

Ақтөбе облысында жылына 300 мм-ден астам жауын-шашын түседі, мұның өзі осында суармалы егіншілікпен айналысуға мүмкіндік береді. Басқа жерлерде түстетің жауын-шашын мөлшері 200 мм-ден аспайды, мусондықтан бұл жерлерде қолдан суармайынша егіншілікті жүргізу мүмкін емес. Оның үстіне қара және қара қоңыр топырақты далалар ауданның қиыр солтүстігінде ғана жіңішке алап болып созылып жатыр, ал оңтүстігінде негізінен ақ жусан, мен сораң шөп өсетін кәдімгі шөл топырағы - қоңыр топырақ пен сұр топырақ тараған. Аудандағы шөл -шөлейттер мал жайлымы ретінде ғана пайдаланады.

Облыс аумағында орташа жылдық ылғал мөлшері 160 мм-ден 360 мм-ге дейін құбылып, ең аз ылғал Үстірт жазығына түседі. Кейбір жылдары жауын-шашын жылдық орташа мөлшерден елеулі түрде ауытқып тұрады. Жыл бойы ылғал тегіс түспейді. Оның негізгі мөлшері жылы мерзімге келіп, салқын кезде жауын шашынның жылдық мөлшерінің шамамен 30 - 40% ғана түседі. Облыста кейбір ауылшаруашылық жерлердің жетіспеуін оларды интенсивті пайдаланып, түсімді арттыру арқылы қалпына келтіруге болады. Ақтөбе облысы үлкен жер ресурсына ие. Онда ауыл шаруашылығы үшін климаттық жағдай мен жер құнарлылығы жақсаруды көздейді. Қара топырақты жерлері облыстың Солтүстік-Батысында жіңішке жолақ бойында орналасқан, бұнда температуралық жағдайлар мен атмосфералық жауын-шашын тұрақты түсім алуға мүмкіндік береді. Батыс аудандарда жиі қайталанатын құрғақ жаздары үшін жер шаруашылығымен айналысуға қауіпті. Облыстың Оңтүстік бөлігі шөл және шөлейт зоналарында орналасқандықтан онда тек суармалы егіншілікпен айналысады.

Облыстың агроклиматтының күрделілігіне қарамастан ауыл шаруашылығының бірнеше салаларын дамыту қолға алынған, жетекші саласы - мал шаруашылығы. Ауданның солтүстігінде жаздық бидай егіледі және ірі қара өсіріледі. Солтүстігі егіншілік аудандарда етті-сүтті ірі қара шаруашылығы дамыған. Оңтүстік аймақтарында судың жетіспеуінен егіншілікпен айналысу шектеулі түрде ғана, сондықтан да түйе және қой шаруашылығын дамыту тиімді.

Ішкі сулары. Өзендер жүйесі-шаруашылық обьектілерін сумен жабдықтау және энергия алудың көзі, сондай-ақ арзан қатынас жолы. Республиканың жеке бөліктерін сумен қамтамасыз етілуі әркелкі. Осыған сәйкес Ақтөбе облысында өзен торлары өте аз. Өзен торы нашар дамып, ұзындығы жөнінен олар қысқа болып келеді, өзен жайылымдары шабындыққа өте мол болып келеді. Шабындық жердің көлемінен батыс аудан Қазақстанда бірінші орында, республика шабындығының 27 пайызы келеді.

Ақтөбе облысының материк ішіндегі жағдайы және шұғыл континенталды климат жер үсті сулары тапшылығына негіз қалады. Облыстың гидрографиялық жүйесі Каспий және Арал теңіздерінің бассейндеріне және жергілікті ағынсыз аумақтарға жатады. Жайық, Торғай және Өлкейік өзендерін қоспағанда, барлық өзендер облыстың шегінде бастау алады. Сулығы орташа жылдары облыстағы жер үсті суларының ресурстары 3, 25 км³, соның ішінде жергілікті ағын - 2, 83 км³ және суы аз жылдары - 0, 65 км³/жыл, соның ішінде жергілікті ағын - 0, 41 км3 бағаланады.

Бұл ауданды су мен қамтамасыз ету мәселесінің Орталық Қазақстандағы сияқты үлкен маңызы бар. Мысалы, Ембі мұнайлы алабын су мен қамтамасыз ету үшін Жайық өзенінен жалпы ұзындығы 600 шақырым болатын су құбыры тартылған. Биік таулы аймақтардың болмауына байланысты Ақтөбе облыс ының өзендері арзан электр энергиясын өндіру көзі болып табылмайды.

Соңғы жылдары Ақтөбе облысы аумағында орналасқан металулургиялық, отын-энергетикалық, химия т. б. өнеркәсіп орындары өздерінің пайдаланған сулары, қоқыстары және газдарымен ауа, өзен және көл суларын ластауда.

Флорасы және фаунасы. Облыс табиғаты флора және фауналарға бай. Торғай қорында 29 аң түрлері және 170 құс түрлері есептеседі. Ақтөбе облысының өнімі 1057 өсімдік түрлері өседі: ковыль, ақселеу, аңды көже, жусан, сексеуіл, бидайық және т. б. 61 өсімдік түрлері Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген, 22-эндемикалық қалдық түрленріне енгізілді. Солардың арасында: қызғалдақ Шренкасы, гүлтәж, бассүйек дулығы, василек және басқа 50 түр дәрілік өсімдік әшкерленді.

Ақтөбе облысының ресурстық әлеуеті. Ақтөбе облысының жер қойнауында алтын, күміс, кобальт, калий тұздары, асбест, каолин, әйнек және тас түсті шикізат, табиғи әрлеу материалдары, мұнай-битум тектілер және табы басқа пайдалы қазбалардың үлкен қоры бар. Бұның салдарынан өңірде тау-кен өндіру, химия өнеркәсібі, ферроқұймалар өндірісі және т. б. айтарлықтай дамуда. Тау-кен кәсіпорындарының мейлінше үлкен бөлігі Мұғалжар ауданында шоғырланған.

Мұғалжар таулары никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек металдарға ай. Кемпірсай аумағында Хромтау, Никельтау шахталары ашылды, хромиттік және никель көздері Батамша кентінің жанынан табылды. Мергел әктасы бор кезеңінің соңында пайда болды және ол цемент өндірісінде пайдаланылады. Оңтүстік Мұғалжар құмдарынан әйнек жасалады. Ақтөбе өңірінің орталық бөлігінде және оңтүстігінде мұнай мен газ өндіріп алу дамыған, мысалы, мұнай-газ конденсатының кен орындары Жаңажол, мұнай-газ кенорны Кенқияқ-тұз асты, мұнай кенорны Кенқияқ-тұзүсті, және т. б. табылды. Өңірде хром бірігулерінің, ферроқұймалардың рентген аппаратураларының және машина жасаудың, химия комбинатының және өзге зауыттар қызмет етеді.

Жалпы алғанда Ақтөбе облысының физикалық-географиялық жағдайы өңір экономикасының дамуына өз әсерін тікелей тигізеді. Оның географиялық орны Қазақстанның батыс бөлігіндегі 3 зонаны қамтиды. Шөлейтті зонасы суармалы егін шаруашылығы мен бау бақша кутумен айналысады. Соған байланысты да шаруашылық географиясы дамып отырады. Қазіргі таңда Мұғалжар тауының негізгі қазба байлығы облыстың экономикасының дамуына зор үлес қосып отыр.

Жылдан жылға өндіріс дамыған сайын табиғат пен шаруашылық арасындағы өзара ықпал күшейе түсетін болады. Сондықтан табиғи ортаны қорғау, оның ресурстарын ұтымды пайдалану бағытында адамның жігерлі іс-әрекеті қажет.

Ақтөбе облысының географиялық орны - экономикалық жоғары дамыған аудандарға жақын орналасуы қазіргі халық шаруашылығының кешенді түрде дамуына, өндірісті жоғарғы техникалық денгейде жарақтандыруға және аудан аралық қатынастарды жақсартуға қолайлы жағдай жасайды.

Сонымен, Ақтөбе облысы физикалық-географиялық жағдайы тұрғысынан алғанда халықтың орналасуына қолайлы болып келеді. Әрине облыс халқының таралып орналасуы біркелкі емес. Мысалы, Үстірт беткейі шөлді аймақтарға жатқызылады сондықтан бұл жерлерде су тапшылығына байланысты халық аз қоныстанып суармалы егіншілік пен жер асты минералды суларын шығарумен айналысады. Каспий сырты ойпаты мұнайлы өңір болғандықтан бұндағы шаруашылық негізі - мұнай өнеркәсібі болып табылады. Ал өнеркәсіп өз кезегінде экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың жұмысқа тартылу ортасы болып табылады. [1. 2. 3]

1. 2 Ақтөбе облысының демографиялық жағдайына экономикалық-географиялық жағдайының әсері

Демографиялық үдерістердің даму серпіні қоғамдық дамудың бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі факторларының да, сонымен бірге қоғам өміріндегі көбейіп келе жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен қайта құрулардың барысында қалыптасатын жаңа факторлардың барлық жиынтығының өзара қатынасымен анықталады.

Демографиялық процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметік-экономикалық салдарын зерттей отырып, демография халық саны мен сапасы өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары айқындайды.

Демография үшін бастысы - халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады.

Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарының құрамы мен қозғалысының, сондай-ақ халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің бұл саласын кейде «экономикалық демография» деп атайды.

Демографияның міндеттерінің бірі - халықтың ұдайы өзгерісінің заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау. Демографиялық саясат - бұл халықтың жаңғырту процесін өзгертуге бағытталған әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және басқа да шаралардың жиынтығы. Оларға балаларды дүниеге алып келуді көтеру, дүниеге келген балаларға арналған жәрдемақылар сияқты шарала мысал бола алады.

Демографиялық процестер қоғамда қалыптасқан белгілі бір әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделеді. Сондықтан халықты зерттеуде демография саясат, экономика, медицина, математика, этнография, т. б. бірқатар ғылымдармен тығыз байланыста болады. Олардың зерттеу әдістері мен тәжірибелерін, материалдарын пайдалана отырып, демография өз тарапынан да өзге ғылымдарға қажетті деректер береді. [4]

Демографиялық процестердің өзіндік ерекшеліктері, көбінесе халықтың табиғи қозғалыстары демографияның өзіндік зерттеу әдістерін қалыптастыруға негіз болды. Олар: әр түрлі буын өкілдері үшін жас айырымы көрсеткіштерін жасау арқылы дәл сол уақыттағы даму-құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотетикалық ұрпақ әдісі; когорт әдісі (адамдардың нақтылы буынының дамуын зерттеу) ; потенциалды демография әдісі, демографияда ғылымның басқа салаларындағыдай болжамдар жасау, оларды деректер арқылы тексеру және соның негізінде ғылым қорытынды жасау қажет. Көбінесе халықтың санын ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Сондай-ақ демографиялық коэффициенттерді пайдалану, оларды салыстыру, салғастыру тәсілдері де демографияның өзіндік зерттеу әдістерінің бірінен саналады. Демография ғылымының негізін салушы - ағылшын ғалымы Дж. Граунт. Ол алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімдерінің бірнеше жылдық жазбалары негізінде халық арасындағы өлудің көрсеткішін жасауға және оның заңдылықтарын анықтауға талпыныс жасаған. [5]

Ақтөбе облысы - Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан:

  • батысында - Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарымен;
  • шығысында - Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстарымен;
  • солтүстігінде - Ресей Федерациясының Орынбор облысымен;
  • оңтүстігінде - Өзбекстан Республикасы Қарақалпақ автономиялы облысымен шектеседі.

Ақтөбе облысының жалпы ауданы 300, 6 мың км 2 құрайды. Осындай үлкен аймақты алып жатқан облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған.

Ақтөбе облысы 1932 жылдың 10 наурызы күні құрылған. Ақтөбе жерінде шамамен 50-ден астам ұлт өкілдері тұрады, оның халқы 700 мың адам.

Ақтөбе облысы Қазақстаннның аумақ үлкендігі бойынша екінші облыс болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлу бойынша өңір 12 ауданға:

  1. Алға ауданы
  2. Әйтеке би ауданы
  3. Байғанин ауданы
  4. Қарғалы ауданы
  5. Қобда ауданы
  6. Мартөк ауданы
  7. Мұғалжар ауданы
  8. Ойыл ауданы
  9. Темір ауданы
  10. Хромтау ауданы
  11. Шалқар ауданы
  12. Ырғыз ауданы

139 ауылдық (селолық) және 2 кенттік әкімшілікке бөлінеді. Облыс аумағында 8 қала бар, оның ішінде: 7 шағын қала Алға, Жем, Қандыағаш, Темір, Хромтау, Шалқар, Ембі) және Ақтөбе қаласы, сондай-ақ 410 ауылдық елді мекен. [2]

Соңғы 15 жылда Ақтөбе облысының демографиялық дамуында өсудің және жойылудың түрлі факторлары атап өтілді. Соның қатарында экономикалық өсімнің демографиялық жағдайға тигізері әсері мол.

Экономикалық өсудің мүмкіндіктері келесі факторлармен анықталады:

  • шикізат және көлік қызметі рөлінің әлем нарығындағы экспорттың артуы;
  • көлік инфрақұрылымының тез дамуы;
  • ішкі энергияны пайдалануды қамтамасыз ету мүмкіндіктері;
  • энергия, шикізатты және көлікті салаларымен байланыспайтын өңдеу өндірістерінің технологиялық бәсекелестілігінің артта қалуы;
  • адам қорның сапасының жоғарлауының жеткіліксіз динамикасы;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстан экономикалық, ауданындағы халықтың қоныстануына әсер ететін физикалық - географиялық жағдайлар
Қазақстан Республикасындағы моноқалалардың әлеуметтікэкономикалық дамуының аймақтық ерекшеліктері
Батыс Қазақстан облысының демографиялық жағдайы
Денсаулық сақтау саласын жетілдіру
Батыс Қазақстанның экономикалық ауданы
Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесі
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару
Аймақтық дамудың негізгі теориясы
Шағын қалалардың дамыту бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz