Географияны оқыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Егеменді еліміздің қоғам өміріндегі табандылықпен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық және білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр. Мұндай ғылым мен техниканың даму талаптарына қарай білім берудің қарқыны да мазмұны мен жүйесі және оған қойылып отырған талаптар да үлкен өзгеріске ұшырауда.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Білім берудің бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін халықаралық стандарттарға жақындата түсу» - деп аталатын бөлімінде сапалы білім беруге жан-жақты қол жеткізудің маңыздылығы туралы ерекше атап өтті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Орта мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» - деп көрсетілген. Бұл қағида оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруды көздеуден туындап отыр. Себебі, білім жүйесінде болатын қайта құру мәселесі заңды түрде орта сыныптардан басталатыны анық.

Жалпы білім беру жүйесіндегі және мектеп мұғалімінің алдында тұрған көлемді әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі - оқушыға тиянақты білім беру болып табылады. Тиянақты білім дегеніміз - жаттанды емес, белгілі жүйесі бар (қарапайымнан күрделіліге қарай дамытылған), тұрмыспен, күнделікті өмірмен тығыз байланысты, оқушының ой-өрісінің дамуына көмектесетін ұғымның жиынтығы.

Қазіргі таңдағы орта сыныптарда білім берудің басты талаптарының бірі - баланың жеке бастық дамуына, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда қоршаған дүниені терең түсінген, ондағы үздіксіз болып тұратын өзгерістерді байқап, бақылай алатын оқушы ғана даму мүмкіндігіне ие болады.

Осы міндеттерді жүзеге асыруда оқушыларға қоршаған табиғи және әлеуметтік, ортадағы заттар мен құбылыстардың өзара байланыстарын тануға ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары негіздерінен берілетін ғылыми ұғымдарын қалыптастыру келешекте олардың білімді саналы меңгеруіне және дамуында үлкен рөл атқарады.

Жалпы адамның тұлға ретінде қалыптасуына табиғаттың тигізетін әсерін және алғашқы алатын ұғымдардың рөлін философтар мен психологтар атап көрсетеді. Шығыс ғұламасы Әбу Насыр Әл-Фараби өз еңбегінде ғылымның бастауы ұғымдар, қағидалар, алғышарттардан тұратындығын атап кеткен.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Орта сынып оқушыларының географиялық ұғымдарын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу, оны жүзеге асырудың әдістемесін беру.

Зерттеу жұмысының міндеттері : Ғылыми жұмысты зерттеу барысында алға қойылған мақсатты негізге ала отырып, тақырып мазмұнын нәтижелі ашу үшін бірнеше міндеттер қойылды. Олар:

  • Географияны оқыту мақсаты, географияны оқытудың негізгі құралдары, зерттеу әдістері мен негізгі міндеттерін айқындау;
  • Географиялық білім берудің негізгі формасы саналатын географиялық сабақтың маңыздылығын ашып көрсету, негізгі түрлері мен көрсеткіштеріне сипаттама беру;
  • География сабақтарында оқушылардың географиялық ұғымдарды игеруді қалыптастырудың теориялық негіздерін саралау;
  • Географиялық ұғымдарды игерудің педагогикалық және психологиялық негіздеріне тоқталу;
  • Географиялық ұғымдарды қалыптастыруда географиялық картамен жұмыс түрлеріне сипаттама беру.

Зерттеу жұмысының объектісі : Географиялық ұғымдар.

Зерттеудің ғылыми болжамы : Егер, орта сыныптарда дүниетану пәнін оқытуда оқушыларда географиялық ұғымдарды қалыптастырудың теориялық моделі берілсе географиялық ұғымдарды қалыптастырудың әдістемелік жүйесі жасалса, географиялық ұғымдардың мазмұны мен көлемі анықталса, онда оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі артып, сабақ барысында оқушылардың ұғымын қалыптастыруға көмектесетін дидактикалық құралдар кеңінен қолданылып, білімді саналы түрде меңгеріп, географиялық ғылыми ұғымдары қалыптасады.

Зерттеу жұмысының теориялық негізі: Тақырыптың мазмұнын ашу үшін бірнеше авторлық ғылыми жұмыстар, баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалар, сонымен қатар интернет желілеріндегі берілген мәліметтер қолданылды.

Атап айтқанда, И. В. Душина, В. Б. Пятунин, Е. А. Таможняя «Методика и технология обучения географии», Душина И. В., Понурова Г. А. «Методика преподавания географии», Кушимова Г. А. «Методика преподавания географии в средней школе», Матрусова И. С. «Методика обучения географии в средней школе» сияқты ресейлік және отандық ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс үш тараудан, тарау өз ішінде бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Зерттеудің негізгі міндеттері жоспарланған мәселелер бойынша қарастырылады. Жұмыстың алғашқы тарауында географияны оқыту мақсаты, географияны оқытудың негізгі құралдары оның маңызы қарастырылады. Сонымен қатар, географиялық білім берудің негізгі формасы саналатын географиялық сабақтың маңызы талданады.

Жұмыстың келесі тарауында география сабақтарында географиялық ұғымдарды қалыптастырудың теориялық моделі айқындалады. Осы тарауда географиялық ұғымдарды игерудегі педагогикалық және психологиялық негіздері мен география сабақтарында қолданылатын терминдер мен ұғымдар кеңінен қарастырылады. Сондай-ақ, географиялық ұғымдарды қалыптастыруда географиялық картамен жұмыс түрлері анықталады.

Жұмыстың соңғы тарауында география сабақтарында географиялық ұғымдарды игеру және жеке ұғымдарды оқып үйрену үлгілері ұсынылады.

Зерттеу жұмысының әдісі: топтау, жүйелеу, талдау және салыстырмалы-аналитикалық әдіс.

1 Географияны оқыту әдістемесі, оның зерттейтін басты мәселелері

  1. Географияны оқытудың негізгі міндеттері, зерттеу әдістері, даму ерекшеліктері

Географияны оқыту әдістемесі пәнінің негізгі міндеті, бұл - мұғалімнің шығармашылық тұлғасын қалыптастыру, оны әдістемелік білім мен біліктілікпен қамтамасыз ету.

Географияны оқыту әдістемесі - жалпы білім беретін мектептерде географияны оқытудың заңдылықтары туралы ғылым болып табылады. Ол оқушыларды географиялық білімдер мен біліктілікті үйренуге, мұғалім мен оқушының өзара қарым - қатынасын ұйымдастыруды оқытады. Географияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде - дидактиканың негізгі бір саласы болып табылады.

Географияны оқыту әдістемесінің негізгі ерекшеліктерінің бірі - оны жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар тобына да жатқызуға болады, ол күрделі құрылымды жүйені құрайды (қоршаған орта-қоғам-адам) .

Географияны оқыту әдістемесінің негізгі үрдістеріне:

  1. территорияны оқытуда физикалық және экономикалық білімдерді кешенді оқыту;
  2. оқушылардың географиядан картографиялық сауаттылығын қалыптастыру, карта және картографиялық әдістердің рөлін таныту;
  3. оқыту барысында өлкетанулық әдістерді қолдану;
  4. әр түрлі оқыту әдістерін қолдану;
  5. оқушылардың ой-өрісін дамытуда түрлі бағыттарда бақылаулар мен топсеруендер, жергілікті жерде жұмыстар жүргізуге үйрету;
  6. оқушыларды геоэкологиялық бағыт бере отырып тәрбиелеу;
  7. географиялық білімдерді өндірістік және күнделікті тұрмыстық қызметте пайдалана білу;
  8. оқу материалдарын елдегі, өмірдегі құбылыстармен байланыстыруға көңіл бөлу.

Географияны оқыту әдістемесі - оқушыларды географиялық білімнің негіздерімен таныстыра отырып оқыту, тәрбиелеу және дамыту болып табылады.

Географияны оқыту әдістемесі пәні - географияны оқыту қандай мақсатта, қалай оқыту, ненің көмегімен оқыту керек деген сұрақтарға жауап береді.

Оқытуды ұйымдастырудың формасы мен әдістері, мақсаты, мазмұны бір - бірімен байланыстағы тұтас жүйе. Оны мына сызбадан көруге болады:

Әдістемені жалпы және жеке деп екіге бөледі.

Жалпы әдістеме - географияның барлық курсының сұрақтарын қарастырады.

Жеке әдістеме - мектеп географиясының жекелеген курсының ерекшеліктерін және оның бөлімдерін оқытуды қарастырады.

Орта білімнің қазіргі даму сатысындағы негізгі оқыту әдістері өзгеріп және күрделеніп келеді. Әдістеменің дидактикасының айырмашылығы - ол бір уақытта әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты.

Методика - жеке дидактика, сондықтан да оның қалыптасуы мен дамуы да педагогикалық ғылымдар саласында және психолгияда әр түрлі жетістіктермен байланысты.

Географияны оқыту әдістемесінде оқытудың жалпы заңдылықтарын қолдана отырып, оқу-тәрбие беру үрдісінде түрлі тәрбие және дамытушылық әдістемелерді пайдаланады.

Орта білімді қайта қалыптастыру кезеңінде жасөспірім психологиямен байланысу әдістерін қолдана отырып, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына ерекше көңіл бөледі. Психология - оқушының даму ерекшеліктері барысында оқушы мен мұғалімнің бір-бірімен қарым-қатынасы мен іс-әрекетін, олардың бірлесіп жұмыс істеуін анықтап, көмектеседі.

Әдістемелік зерттеуде географияны оқыту үрдісінде әр түрлі психология мектептерінің психологтарының жұмыстарының нәтижесін пайдаланады. [1]

Қазіргі мектеп географиясында негізінен география ғылымын екі басты бөлімге - жалпы географиялық (жертану) және аймақтық (елтану) бөледі. Сонымен қатар, бұл жүйе басқа да аралас ғылымдармен тығыз байланысты. Оқушылар үшін география - тұтас бір ғылым, яғни ол жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланысты. Мектеп географиясының тағы бір бөлігі профильдік және модульдік курстар болып табылады. Географияны тереңдетіп оқытудың, географиялық білімдер мен аралас ғылымдардың (физикалық-географиялық және кешенді елтану, топография және картография, геология, экология, экономика, коммерциялық география, медициналық география т. б. ) бағдарламалары жасалған.

Төмендегі сызбада географияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен және практикалық мектептермен негізгі байланыстары көрсетілген.

Географияны оқыту әдістемесі басқа да ғылымдармен тығыз байланысты. Географиямен байланыс үш бағытта: құрылымы бойынша, мазмұны бойынша және әдістері бойынша қарастырылады.

Географияны оқыту әдістемесінің басқа географиялық ғылымдармен байланысы тек қана мектеп географиясының құрылымы мен мазмұнымен ғана емес, оқытудың әдістері мен құралдарымен байланысты болады. Оқыту әдістері арасында оқушыларды бейімдеу үшін картографиялық, статистикалық, бақылау әдісі, салыстырмалы, т. б. әдістер кеңінен қолданылады. Оқу топсеруендерін өткізуде далалық географиялық зерттеулер әдістерінің элементтері қолданылады. Географияны оқыту құралдарының ішіндегі ең маңыздысы - карта болып табылады.

Мектеп географиясының карталары - оқушылар үшін өзіндік білім көзі болып табылады. Мектеп географиясындағы міндеттердің бірі - оқушылардың картографиялық сауаттылығын, картамен жұмыс істей алуы және басқа да географиялық ақпараттар көздері: анықтамалар, атластар, ақпараттық жүйелер және басқа да ақпарат көздері, экрандық көрнекіліктерді пайдалануды қалыптастыру.

Географияны оқыту әдістемесі жалпы білім беретін мекемелер жұмысының практикасымен тығыз байланысты. Географияны оқыту әдістемесі әр түрлі әдістерді қолданады. Олар екі үлкен топқа бөлінеді: теориялық және эмпирикалық.

Зерттеу әдістерін таңдау қойылған мақсаттар мен міндеттерге байланысты болады.

Теориялық зерттеу әдістері - қойылған құбылыстар мен процестердің заңдылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Олардың ішінен жалпы ғылыми логикалық әдісін бөліп қарауға болады. Онда: анализ, синтез, индукция, дедукция, жалпылау, типологизация, идеализация, және т. б.

Индуктивті және дедуктивті әдістер - сабақты жоспарлауда, яғни мұғалім оқушыға жаңа ұғымды түсіндіріп, қалыптастыруда қолданылады.

Типологиялық әдіс - оқылатын объектілер мен құбылыстарды белгілері бойынша топтауда қолданылады.

Идеализация әдісі - оқылатын объектілердің белгілерінің тұтастығын анықтауда қолданылады, бұл кезде басқа белгілер назарға алынбайды. Мысалы: оқушыларды сыныптардағы топтарға («күшті», «орташа», «нашар» оқушылар) деңгейлеп бөледі, бұнда оқушылардың жекеленген ерекшеліктері ескерілмейді.

Әдеби әдіс (әдебиетті анализ) - методиканың зерттеудегі маңызды әдістердің бірі.

Теориялық әдістердің ішінде - жүйелік - құрылымды әдісті - жалпы ғылыми пәнаралық әдістерді тану болып табылады. Соңғы жылдары бұл әдістерді географияны оқыту әдістемесінде кеңінен қолдануда. Бұл әдіс географияда да, педагогиканың басқа салаларында да қолданылады.

Жүйелік - құрылымдық әдіс - күрделі объектіні тұтас жүйе ретінде қарап, оқушылар мен мұғалімнің бір-бірімен қатынасын анықтауға көмектеседі. Жүйелік-құрылымдық әдіс құрамында құрылымдық-логикалық анализ қолданылады.

Теориялық әдістің тағы бір түрі - салыстырмалы және тарихи әдістер. Бұл әдістер жалпы ғылыми зерттеу әдісі де болып табылады.

Салыстырмалы әдіс - мектеп географиясында және ғылымда білімді жеке анализлеуде қолданылады. Олар арқылы зерттелетін мәселенің мазмұнының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туады.

Методикалық зерттеуде сандық және математикалық әдістерді қолданады. Сандық әдістер арасында баллдық әдіс кең қолданылады, яғни оқушының үлгерімін сандық бағалау болып табылады.

Сандық әдістің негізі - статистикалық әдіс болып табылады.

Ал, математикалық әдістің негізгі функциясы - оқушының оқыту әдістері мен білім мен біліктілік деңгейі арасындағы байланысты анықтауға болады. Математикалық әдіс типологиялық, классификациялық және т. б. міндеттерді шешуге көмектеседі.

Теориялық зерттеу әдістерінің ішінде соңғы жылдары - модельдеу әдісі кеңінен қолданылып жүр. Бұл әдістің мазмұны - қандай да бір объект, үрдістер мен құбылыстарды зерттеуде модельдеу болып табылады.

Эмпирикалық зерттеу әдістері тобына - оқыту процесіндегі бақылау, педагогикалық тәжірибені оқу мен жалпылау, педагогикалық экспериментті жатқызады. Әдетте, бірнеше әдістерді зерттеуде қолданылады.

Бақылау әдісі - эмпирикалық әдістің кең тараған әдісі болып табылады. Бақылау - мұғалім үшін өте қажет, яғни оның дайындығының құрамдас бөлігі болып табылады. Бақылау әдісі - белгілі бір мақсатқа негізделіп жүргізіледі. Ол үшін арнаулы жоспарлар жасалынып, бағдарлама және күнделік жүргізіліп, бақылау орны мен уақыты жазылып, сабақ өту (сатылары, құрал - жабдықтары, мұғалім сұрақтары, оқушының қызметі, т. б. ) жазылады. Бақылау әдістерінің объектісі - оқу жұмыстары, сабақта оқушының өзіндік қызметін ұйымдастыру, үй тапсырмасы, оқыту әдістерін таңдау, т. б. болып табылады. Бақылаудың нәтижесін-анкеталық және әңгімелесу әдістері арқылы бекітуге және бақылауға болады.

Анкеталық әдіс - бұнда, оған қатысушылар берілген сұрақтарға жазбаша жауап беруі қажет. Анкета сұрақтары нақты және дұрыс, түсінікті болуы қажет. Анкета жүргізгеннен кейін оны сараптайды.

Әңгімелесу әдісінің мазмұны - мұнда зерттеуші алдын-ала дайындалған сұрақтарды қояды, онда ауызша жауап беріледі. Әңгімелесу үрдісінде жауап берушінің жауабына байланысты сұрақтар өзгеруі мүмкін.

Зерттеу әдісінің маңыздысының бірі- мектеп құжаттарын оқу - мұнда мұрағат (архив) құжаттарын, сынып журналы, методикалық бірлестік жұмыстарының жоспары, күнделікті сабақ және тақырыптық жоспарлар, сабақ конспектісі, оқушы дәптерлері, кескін карталар және т. б. болып табылады.

Соңғы уақытта методикалық зерттеуде тестілеу әдістері кеңінен қолданылып жүр. Тест арнаулы формада, өзінің құрылымдық және қиындық деңгейіне байланысты беріледі.

Географияны оқыту әдістемесінде эмпирикалық зерттеу әдістерінің кең таралғаны - педагогикалық эксперимент әдісі.

Педагогикалық эксперимент - әр түрлі түрге бөлінеді. Оны мына сызбадан көруге болады.

Географияны оқыту әдістемесінің қазіргі заманғы даму сатысы мектеп географиясының мазмұны мен құрылымының түбірінен қайта құру жағдайында дамуда. Ғалым-географтар мен әдіскерлердің географиялық білім берудің жаңа концепциясын, негізгі жалпы және орта (толық) жалпыға бірдей білім берудің жаңа стандарты, оқу жоспарларын түзету, жаңа бағдарламалар мен оқулықтардың жазылуы жүзеге асты. Барлық осы құжаттарда пәнді оқуға кешенді түрде келу көзделген. Жаңа сатыда мектептегі елтану, геоэкологиялық, гуманитарлық және мәдени бағыттар мектеп географиясының дамуына ықпал етеді. [2. 3. 4]

  1. Географияны оқыту мақсаты, географияны оқытудың негізгі құралдары

Қоғам идеологиясының өзгерісінде, бағалылық жүйесінде қоғамдық мектеп жүйесінде де жұмыс бағыты да өзгереді. Қазіргі кезде мектептің, оқулықтардың, оның оқу жоспарында да көптеген өзгерістер болып жатыр. Пән оқулығының мазмұны да оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуда үлкен рөл атқарады. Дидактикада оқытудың мақсатында бағалылық жүйесінде оқушыларда қалыптастыруда анықтайды.

Мектеп - адамды өмірге, табиғи орта иен әлеуметтік ортада өзін дұрыс ұстай білуге, азаматтық және әлеуметтік қызметтерді орындауға дайындайды. Ол оқушының өзін - өзі дамыту, қалыптастыруға бағыттауы тиіс. Мектептің мақсаты - белсенді, шығармашылық, жаңашыл тұлғаны тәрбиелеу.

Географияны оқытудың негізгі мақсаты -оқушының бойында Жер ноосферасының құрамдас бөлiгi ретiнде әлемнің біртұтас географиялық бейнесін қалыптастыру болып табылады.

Географиялық бiлiм берудiң бұл мақсаты төмендегi:

- оқушылардың географиялық ойлауын, географиялық мәдениетін қалыптастыруға және географиялық тілді оқып - үйренуіне, еркiн әрi шығармашылықпен ойлауына жағдай жасау;

- оқушыларға географиядан қазiргi дүние толқынына бағдарлана алуына көмектесетiн бiлiм жүйесінің жиынтығын беру;

- картографиялық сауаттылығының қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау;

- оқушылардың бойында адамзат тіршілік ететін ортасы Жер туралы біртұтас түсінік қалыптастыру, оның табиғаты мен халқының алуан түрлілігін ашып көрсету;

- негізгі орта білім беру деңгейіндегі қажетті базалық білім минимумын және елтану сипатындағы түсініктер қалыптастыру, оқушыларды Қазақстанның табиғат жағдайлары мен ресурстарының алуан түрлілігімен халқы және шаруашылығымен, ондағы адамзат тіршілігінің алуан түрлілігімен таныстыру;

- жергілікті жердің табиғатына деген ұқыптылығын қалыптастыруға және елжандылық сезімін дамытуға жағдай жасау;

- оқушылардың бойында қоршаған ортаның біртұтастығы мен оның аумақтық алуан түрлiлiгi, әртүрлi елдердiң өзiне тән ерекшелiктерi, адамзат алдында тұрған күрделi проблемалар туралы түсiнiк қалыптастыру сияқты мiндеттердi шешудi талап етедi.

Оқытудың мақсатының барлық аспектілері орта географиялық білім мазмұны арқылы сипатталады.

Географиялық білімнің мақсатын анықтай отырып, мынаған көңіл аудару қажет. Ол үшін - география дүниені танып - білудегі мектептегі оқулықтың бірі.

Географиялық білімнің мақсаты - оқушыларға географиялық білім жүйесінде және олардың әр қилы жағдайларда шешім қабылдай алуға үйрету болып табылады.

Мектеп географиясында оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни ол былай анықталады:

1) Бұл пәнді оқу кеңістіктегі ойлаудың негізін, яғни «жер», «аудан», «территория». Ұғымның мәнін анықтауға, табиғаттың дамуы, шаруашылықтың дамуы, халықтың даму аспектісін анықтайды;

2) Географияны оқу әрбір адамның қоршаған қарым - қатынасын, геоэкологиялық танымын қалыптастыруға, экологиялық мәдениетін одан әрі дамуына ықпал етеді;

3) Географияны оқыту арқылы кейбір экономикалық білімді, еңбекке қабілетін қалыптастыруды ұйымдастырады;

4) Географияны оқу барысында - оқушылар карталармен жұмыс жасауға үйренеді.

Мектеп оқушысына географиялық білім берудің мақсаты - оқушыға географиялық білім мен біліктілікті меңгертуге, оны әр түрлі жағдайда қолдана білуге үйрету.

Ұзақ жылдар бойы географиялық білімнің негізгі мақсаты - оқушының ғылыми білімді қоршаған орта туралы алуы болды. Ол кезде оқушыға айналаны өз еркімен танып - білуге көмектесу міндеті тұрды. Танып - білудегі объект мектеп емес, өлі және тірі табиғат арқылы білу қажеттігі дәлелденді. Осы уақытқа дейін мектеп географиясының мақсаты ғылымның негізі туралы білім қалыптастыру бағыты болып келді, сондықтан үнемі оның ғылыми деңгейі көтеріліп, қарастырылды. Сондықтан пән «ғылыми тәрізді» болды, оны игеру оқушыға қиын болды, оған деген қызығушылық төмендей берді. Қазіргі уақытта географиялық білім оқушыларды әр түрлі ақпараттарды пайдаланып, оларды картада бейнелеуге, жергілікті жерді бақылауға, өз аймағына өлкетанулық жұмыстарын жүргізуге көмектеседі.

Географиялық білімнің мақсаты, олар өздерінің міндеттерін орындауды көздейді.

Мектеп географиясының міндеттері мен мақсаттары кең әрі алуан түрлі. Олар: теориялық ой - өрісі және қолданбалы.

1) Оқушылардың қазіргі географиялық кеңістікті әр түрлі деңгейінде игеруі, яғни әлемнің географиясының бейнесі туралы білім қалыптастыру;

2) Географиялық қабықтағы өтіп жатқан геосаяси және басқа да табиғи, экологиялық, экономикалық, әлеуметтік үрдістер туралы ұғымды қалыптастыру;

3) Оқушылардың табиғат, халық және шаруашылық туралы білім жүйесін меңгеруді ұйымдастыру;

4) Табиғат пен қоғамның бір - біріне әсерінің, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың ерекшеліктерінің маңызын ашу;

5) Табиғат компоненттерін, табиғи кешеннің дамуы мен құрылысының заңдылықтарын, олардың бір - бірімен байланыстарын қарау;

6) Оқушылардың өз бетінше географиялық ақпарат көздерімен жұмыс істеуін дамыту, табиғатқа және өндіріске бақылау жүргізу;

7) Оқушыларды географиялық ғылымның негізгі әдісімен таныстыру, олардың танымдық және практикалық біліктілігін (бақылау, қоршаған ландшафтты эстетикалық қабылдау) қалыптастыру.

Сонымен, географиялық білімнің мақсаты өте кең және оның міндеті өте алуан түрлі. Бұл - болашақ ұрпақты тәрбиелеудің сенімді негізі болып табылады. [5]

Оқушыларды ынталандыру, географиялық білімдердің құндылығын түсіндіру, оларды меңгеруі үшін қосымша материалдардың маңызы зор. Оқушылардың ынталарын қалыптастыратын қосымша материалдарға мыналарды жатқызуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Географияны оқыту әдістемесі
Географияны оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері
География курсы бойынша пайдаланылатын оқу-құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
ГЕОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту
Жалпы білім беретін мектептерде географияны оқыту процесінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру формаларының ғылыми – педагогикалық негіздері
География сабақтарында модульдік оқыту технологиясы
Географияны оқыту құралдарының міндеті
Жалпы географиялық карталар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz