Ұлттың ұлт ретінде қалыптасуы мен мемлекет болуының басты негізі - Ана тілі


Ұлттың ұлт ретінде қалыптасуы мен мемлекет болуының басты негізі - Ана тілі. Тәуелсіз де егемен Қазақстанның мелекеттік тілі қазақ тілі болғандықтан, оны білу Қазақстан азаматының қасиетті борышы. Қазіргі кездегі қазақ тілінің мемлекеттік органдардағы қолдану жайы мен оның хал-ахуалы ешкімді бей-жай қалдырмасы анық.
Туған тіліміздің мәртебесін асқақтату бәріміздің азаматтық парызымыз. Со үшін маңдай терімізді төгіп еңбек етуіміз керек, өйткені оның мәртебесі тек қана ауызекі қолданыс аясымен шектелмейді. Мектептен бастап түрлі мекемелердің, сол сияқты Үкімет тіліне ұласуы қажет деп айтылып жатыр.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тілде қаралған істерге келіп тоқтасақ, мен төрағалық ететін Еңбекшілдер ауданық сотында 2009 жылдың 11 айында барлығы 79 қылмыстық іс қаралған, соның ішінде 5 іс мемлекеттік тілде қаралған, және 243 азаматтық іс қаралған, соның ішінде 26 іс мемлекеттік тілде қаралған. Әкімшілік істердің жалпы саны 441 болса, соның ішінде 7 іс мемлекеттік тілде қаралған.
Әрине бұл пайызға салсақ үлкен көрсеткіш емес және бұл істерді қарауда айтарлықтай мәселелер де туындамапты, себебі азаматтық істердің дені неке бұзу, алимент өндіру туралы да қылмыстық істер ұрлыққа байланысты қозғалған істер екен. Аудандық сот бұл көрсеткішке әсер ете де алмайды. Себебі біріншіден Қазақстан Республикасының азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу кодекстерінде сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі деумен қатар, азаматтық іс бойынша сот ісін жүргізу сотқа талап арыз берілген тілге қарай, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу қылмыстық процессті жүргізуші органның қаулысымен белгіленген сот ісін жүргізу тілдерінің бірінде, әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша белгілі бір іс соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның, лауазымды адамның қаулысымен белгіленген тілдердің бірінде жүзеге асады деп көрсетілген.
Әзірше сот жүргізудегі басты тіл орыс тілі болып тұр. Бұның себептері бірінші орыс халқы пайыз санымен көп болып тұрғаны, және мемлекеттік тілде іс жүргізіп, іс қарауға өзіміздің ықылассыздығымыз. Бұл ықылассыздық қайдан туып тұр, ол осы бүгінгі күнге айтарлықтай дайындықсыз келгендігімізден бе деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңының 4 бабында мемлекеттік тіл мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі деп тасқа таңба басқандай анық көрсетілді.
Осы көрсетілген Заңның талаптарына сәйкес 2001 жылдың 7 ақпанындағы Президенттің № 550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында көлемді жұмыстар басталды және атқарылды.
Бұл жұмыстар өте қарқынды басталды, мемлекеттік тілді білмейтіндер мен жақсы білмейтіндер қинала да қорқа бастады, мемлекеттік тілді үйренуге көп күштерін салды. Бірақ жақсы басталған жұмыстардың аяғы жалпақ шешейлікке ұласып, нәтижесі жартылай болды. Мамандар мен судьялар бес алты жыл бойы түрлі курстарға қатысып, солардың көпшілігі қазақша құжат жазбақ түгіл тіл де сындырмай шықты, соған олар қысылатын емес, олардан ешкім «осыншама жыл саған тіл үйреттік, қаржы жұмсадық, үйренгенің кәне» деп сұрап та жатқан жоқ.
Бүгінгі күні мемлекеттік тілде іс қараудың аясын тарылтып тұрған үлкен кедергінің бірі кәсіби аудармашылардың жоқтығы. Аудармашы керек болып қалса әбігер боламыз, әйтуір мектептердегі мұғалімдерге жүгінеміз, солардың аудармаларына риза боламыз. Бірақ аудармаларда бірізділік, ортақ стилистика болмай, сауатсыз, сөзбе сөз аудармалар шығып, құжаттардың мәтінінде қателіктер мен қайшылықтар кетіп жатады. Сондықтан сот істерін мемлекеттік тілде жүргізу үшін алдағы бес он жылда екі тілді еркін меңгерген, іс қағаздарын екі тілде де сауатты жаза алатын аудармашыларсыз қадам жасай алмаймыз ғой деп ойлаймын. Мүмкін аудармашылар қызметін үйлестіретін орталық құрылымды облыстық сотта немесе соттар әкімшілігінде құру туралы ойластыру қажет пе деп те ойлаймын.
Екінші бір мәселе ол да заң талабынан туындайды. Сот істері қай тілде іс , талап арыз түсті сол тілде қаралады. Азаматтық істер бойынша тараптар және басқа да іске қатысушы тұлғалар өз ұлтымыз болса да талап арыздар негізінен орыс тілінде түсуде, себебі адвокатттар да арыз беруші азаматтардың өкілдері де орыс тілін жақын көреді, талап арыздарды орыс тілінде дайындайды. Сондықтан адвокаттардың да мемлекеттік тілде талап арыздар дайындауда, іс қарауға қатысуға белсендіктерін арттыру үшін олармен тиісті сатыларда жұмыс істеу қажет қой деп ойлаймын. Ал қылмыстық процесске қатысулардың барлығы немесе барлығы дерлік қазақ бола тұра істің орыс тілінде жүргізілетіні де тергеушінің мемлекеттік тілді білмей, қылмыстық істі орыс тілінде жүргізуінде және прокурордың соған көзін жұма қарағанында. Сөйтіп мемлекеттік тілді білмейтіндер заңның осал тұстарын өз ыңғайларына қарай пайдалануда.
Мүмкін мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу кодекстерінде көрсетілген «қажет болған жағдайда сот ісінде мемлекеттік тілмен бірдей орыс тілі немесе басқа да тілдер қолданылады» деген заң нормаларын өзгерту керек, тіпті алып тастау керек шығар. Себебі сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі дейміз де, жоғарыда көрсетілген қосымшалармен мемлекеттік тілдің маңызын төмендетіп жібереміз. Тіпті азаматтық іс бойынша сот ісін жүргізу сотқа талап арыз берілген тілге қарай жүргізіледі деп өзімізді мүлде төтенше жайға қоямыз, ғалымдардың айтуынша әлемде 6 мыңдай тіл, 8 мыңдай диалект бар екен, сонда талап арыз қытай, жапон немесе үнді тілдері сияқты тілдерде берілсе не істейміз.
Елбасының «Бұдан кейінгі кезеңде Қазақстандағы қазақ тілінің рөлі күшейе бермек» деп атап өткен сөзі бар, ендеше сот ісін жүргізуде де мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, оны дара айшықтайтын кез келген сияқты. Жалпы судья және сот маманы қызметіне мемлекеттік тілді білмейтін азаматтарды жібермей, мемлекеттік тілді жақсы білетін, құрметтейтін азаматтарды тартса, ол мемлекеттік тілге деген үлкен құрмет, және өзгелерге үлкен сабақ болар еді.
Ендігі бір мәселе ол мынадай халқымыз би болу оңай, бидің сөзін сөйлеу қиын дейді. Торқалы тойда, топырақты өлімде тілек айтуға, көңіл білдіруге шебер көпшілік сот алдына келгенде тілі байланып лайықты уәждерін айта алмай қалады, себебі лайықты жүйелі көрнекті тұсау кесер телехабарлар болмай отыр. Ресей телеарналарындағы «Федералды судья», «Сот сағаты» сияқты хабарларға сай біздің де телеарналардан мемлекеттік тілде шығатын, елдің көзін мемлекеттік тілде ашатын хабарлар шықса нұр үстіне нұр болар еді.
Шағыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б. Мақұлбеков «Судья мәртебелі мамандық» деген мақаласында былай деп жазыпты: Судья дегенде ең әуелі көз алдымызға бір ауыз сөзімен бүтін елдің дауын шешкен, жесірін жылатпаған, жетімін жүдетпеген кешегі дархан даланың дауылпаз абыздары Төле би, Қаз дауысты Қазбек би, Әйтеке би бабаларымыз еске келеді. Шер тарқатар шешендігімен, көреген көсемдігімен қалың елді ұйытқан осы алып тұлғалар қара бастың қамын ойламай, қалың қазаққа бас болып, телісі мен тентегін тыйып, әділдігімен, турашылдығымен еліне жақты, болашақ ұрпағына аты аңыз болып қалды. Өткеннен өнеге алмай, болашаққа батыл қадам жасау мүмкін емес. Ендеше судья ең алдымен әділдік пен турашылдықтың жаршысы болуы керек. Оның құралы заң, көздегені заңдылық болуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz