Дәстүрлі сабақ пен дәстүрлі емес сабақтар


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері, елдің сана-сезімінде түбегейлі өзгерістер болды. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүние жүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше етуімен қатар, еліміздің ішкі нарығын да әлемдік деңгейге көтерді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласының алдында да жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелі - «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы». Бұл тұжырымдама еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау қажеттілігінен туындайтын басты бағыт - бағдарды айқындайды.
Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесімді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлі оқужүйесін орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтармен жұмыс істеуге көшу қазіргі заман талаптарынан туындап отыр.
Білім беруді дамытудағы негізгі мақсат - білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеуге қол жеткізетін сапалы, бәсекеге қабілетті білім ордаларын қалыптастыру. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны саналатын орта білім беру мекемелерінің жастарға саналы тәрбие, сапалы білім беріп, ұлтжанды азамат етіп қалыптастыруда атқарар рөлі зор екені даусыз. Ал мектепте жасұрпаққа сапалы білім беруде жаратылыстану ғылымдарының алар орны ерекше.
Мектептiң бiлiм беру жүйесiнде жас ұрпақты жан - жақты дамыту мен тәрбиелеуде: олардың жалпы мәдениетiн қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзiнiң табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершiлiгiн сезiнуде, Жер бетiнде тiршiлiктi сақтауда география пәнi үлкен рөл атқарады. Мектеп географиясында, пәннің өзіндік ерекшеліктерімен анықталатын, өзіне тән білімдік - тәрбиелік мүмкіндіктері бар.
Қазіргі кезде география пәнін оқытуға көп міндеттер жүктеледі. Себебі, ғылым мен техниканың ілгерілеуі, түрлі ақпарат көздерінің молаюы, білім беру жүйесінің түрленуі, мектеп, ұстаз алдына көптеген жауапкершілік жүктейді. География пәнін оқыту мұғалімнен жан-жақты жауапкершілікті, дайындықты қажет етеді.
Географияны оқытудың негізгі формасы - сабақ. Ал сабақты түрлендіріп, әдіс-тәсілді үнемі жетілдіру - оқушылардың үлгерімін, танымын жақсартып, қызғушылығын арттырады. Осы орайда дәстүрлі емес сабақтардың негізгі міндеті анықталады. Себебі дәстүрлі емес сабақтар интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған.
Дәстүрлі емес сабақта оқушы мұғалімнің түсіндіргендерін ғана меңгеріп қоймай, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді. Оқушы белсенді рөл атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ұстайды. Ол әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр оқушыда әр түрлі болады. Тапқан шешімін нақты ақиқат деп қабылдамай, ізденісті әрмен қарай жалғастырады. Яғни зерттеудің өзектілігі де сол, оқушының білімді жаңа бір қарқынмен алуындағы дәстүрлі емес сабақтың рөлін анықтау.
Дипломдық жұмыстың мақсаты : Жалпы білім беретін мектептерде география пәнін оқытуда жүргізілетін дәстүрлі емес сабақ түрлерін талдап, ондағы әдіс - тәсілдер мен білік - дағдыны қалыптастыру жолдарын айқындау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері : қойылған мақсатқа сәйкес мынадай негізгі міндеттерді нысана еттік:
- сабақ түрлерін тиімді қолдана отырып, озық әдіс-тәсілді нәтижелі пайдалану;
- дәстүрлі емес сабақ түрлерін сынып ерекшеліктеріне сай жүргізе отырып, алынған нәтижелерді саралау;
- пәнді игертуде, пәнаралық ықпалдастықты, ғылыми-әдістемелік сипатты тереңдетіп отыру;
- жаңа технологиялық жүйені мақсатты пайдалана отырып, географияны оқыту, білім беру сапасын жоғарылату жолдарын айқындау.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізі: Тақырыптың мазмұнын ашу үшін бірнеше авторлық ғылыми жұмыстар, баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалар, сонымен қатар интернет желілеріндегі берілген мәліметтер қолданылды. Атап айтқанда, Қаженбаев Е. «Географияны оқыту әдістемесі», «Географиялық ойындар», Нурбекова Ж., Даутова А. З. «Технология проектирования мультимедийных обучающих систем», И. В. Душина, В. Б. Пятунин, Е. А. Таможняя «Методика и технология обучения географии», Душина И. В., Понурова Г. А. «Методика преподавания географии», Кушимова Г. А. «Методика преподавания географии в средней школе», Матрусова И. С. «Методика обучения географии в средней школе» сияқты отандық және ресейлік ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс үш тараудан, тарау өз ішінде бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің негізгі міндеттері жоспарланған мәселелер бойынша қарастырылады. Жұмыстың алғашқы тарауында мектеп географиясының негізгі міндеттері, ұйымдастыру формасы сипатталады, оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ талданады. Сонымен қатар, дәстүрлі сабақ пен дәстүрлі емес сабақтың айырмашылығы қарастырылады.
Жұмыстың келесі тарауында дәстүрлі емес сабақ технологиялары арқылы білім берудің педагогикалық негіздері айқындалады. Дәстүрлі емес сабақтардың түрлері және оның маңызы кеңінен қарастырылады. Дебат технологиясын география сабақтарында қолдану әдістемесі анықталады. Сондай-ақ, оқу-тәрбие процесінде қолданылатын инновациялық технологиялардың негізгі ерекшеліктері мен сипаттамалары беріледі.
Жұмыстың соңғы тарауында география сабағында дәстүрлі емес сабақ түрлерін қолдану үлгілері ұсынылады.
Дипломдық жұмыс барысында төмендегідей әдістер пайдаланылды: салыстырмалы-аналитикалық, тарихи-топтау, жүйелеу, топтастыру және т. б.
І Географияны оқытудың мақсаты, географиялық білімнің мазмұны
1. 1 Мектеп географиясының негізгі міндеттері, ұйымдастыру формасы
Білім берудің негізгі орта деңгейінде географияны оқытудың негізгі мақсаты - жас ұрпақтың бойында Жер ноосферасының құрамдас бөлiгi ретiнде әлемнің біртұтас географиялық бейнесін қалыптастыру болып табылады.
Географиялық бiлiм берудiң бұл мақсаты төмендегi:
- оқушылардың географиялық ойлауын, географиялық мәдениетін қалыптастыруға және географиялық тілді оқып - үйренуіне, еркiн әрi шығармашылықпен ойлауына жағдай жасау;
- оқушыларға географиядан қазiргi дүние толқынына бағдарлана алуына көмектесетiн бiлiм жүйесінің жиынтығын беру;
- картографиялық сауаттылығының қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау;
- оқушылардың бойында адамзат тіршілік ететін ортасы Жер туралы біртұтас түсінік қалыптастыру, оның табиғаты мен халқының алуан түрлілігін ашып көрсету;
- негізгі орта білім беру деңгейіндегі қажетті базалық білім минимумын және елтану сипатындағы түсініктер қалыптастыру, оқушыларды Қазақстанның табиғат жағдайлары мен ресурстарының алуан түрлілігімен халқы және шаруашылығымен, ондағы адамзат тіршілігінің алуан түрлілігімен таныстыру;
- жергілікті жердің табиғатына деген ұқыптылығын қалыптастыруға және елжандылық сезімін дамытуға жағдай жасау;
- оқушылардың бойында қоршаған ортаның біртұтастығы мен оның аумақтық алуан түрлiлiгi, әртүрлi елдердiң өзiне тән ерекшелiктерi, адамзат алдында тұрған күрделi проблемалар туралы түсiнiк қалыптастыру сияқты мiндеттердi шешудi талап етедi.
Қоғам идеологиясының өзгерісінде, бағалылық жүйесінде қоғамдық мектеп жүйесінде де жұмыс бағыты да өзгереді.
Қазіргі кезде мектептің, оқулықтардың, оның оқу жоспарында да көптеген өзгерістер болып жатыр. Пән оқулығының мазмұны да оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуда үлкен рөл атқарады. [1]
Дидактикада оқытудың мақсатында бағалылық жүйесінде оқушыларда қалыптастыруда анықтайды.
Мектеп - адамды өмірге, табиғи орта иен әлеуметтік ортада өзін дұрыс ұстай білуге, азаматтық және әлеуметтік қызметтерді орындауға дайындайды. Ол оқушының өзін - өзі дамыту, қалыптастыруға бағыттауы тиіс. Мектептің мақсаты - белсенді, шығармашылық, жаңашыл тұлғаны тәрбиелеу.
Оқытудың мақсатының барлық аспектілері орта географиялық білім мазмұны арқылы сипатталады.
Географиялық білімнің мақсатын анықтай отырып, мынаған көңіл аудару қажет. Ол үшін - география дүниені танып - білудегі мектептегі оқулықтың бірі.
Географиялық білімнің мақсаты - оқушыларға географиялық білім жүйесінде және олардың әр қилы жағдайларда шешім қабылдай алуға үйрету болып табылады. Сонымен қатар:
Білімділік мақсаты:
- Негізгі географиялық объект - табиғи кешен, оның үш деңгейі (ғаламдық, аймақтық және жергілікті), географиялық қабықтың дамуының заңдылықтары, оның кеңестік, яғни территориалды жіктелуі жайлы білім қалыптастыру;
- Кешендік сипаттағы елтану білімдерін қалыптастыру;
- Тұтастық түсінігінінен қалыптасатын дүниетанымын дамытуға ықпал жасау, әлем табиғаты біртұтас, ал адам оның бір бөлігі. Оқушылар географиялық қабық пен табиғи кешен және оны құрайтын бөліктер- өздігінен дамитын жүйелер екенін түсінулері керек, географиялық қабықтың дамуы нақты бір заңдар бойынша жүзеге асады, адам осы заңдарды танып білу арқылы қоршаған ортаны өз мақсаттары үшін оның барлық байлығын, алуантүрлілігін және әсемдігін сақтап өзгертуге мүмкіндік береді.
Тәрбиелік мақсаты:
- Қоғам алдындағы өзінің міндеттерін түсінетін және білім алу үшін еңбек ететін жеке тұлғаның дамуына ықпал жасау; оқу еңбегіне жағымды қатынасты тәрбиелеу;
- Адам өміріндегі табиғаттың рөлін, адамдардың және олардың шаруашылық әрекетінің табиғатқа әсерін түсіндіре отыра, экологиялық тәрбие беруге көмектесу, географиялық қабықтың заңдылықтарын түсінуге оқушыларды үйрету, табиғатты қоғауда барлық елдердің ынтымақтығының қажеттігін және өзінің туған жерінің табиғатын қорғаудағы жеке өз басының қатысуы;
- Тұлғаның адамгершілік қасиетін тәрбиелеу: отансүйгіштік, интерноциолизм, табиғатты эстетикалық қабылдау.
Дамытушылық мақсаты:
- Оқушыны білім алуға үйрету, өздігінен оқуға үйрету:
- Шығармашылық ойлауын, оқу мәселелерін шешу білімін дамыту;
- Сөйлеу мәдениетінің, қиялының, кешенді ойлау стилін дамыту;
Аталған тәрбиелік, білімділік және дамытушылық мақсаттардың барлығы - бір - бірімен өте тығыз қарым -қатынаста болады. Жеке тұлғаны дамыту басты басымдылық болып табылады.
Сонымен пәннің негізгі мақсаты - оқушыларда Жер адамдар планетасы екендігі туралы тұтас ой қалыптастыру, табиғаттың және халықтың алуантүрлігі туралы айту, елдермен және халықтармен таныстыру, елтану сипатында негізгі білімдер мен түсініктердің қажетті базалық минимумын қалыптастыру. Осымен қатар басқа маңызды мақсат та шешіледі - оқушылардың табиғаттың алуантүрлігі, халықтың және оның шаруашылық әрекетінде тұтастықты көру үшін жертану сипатындағы заңдылықтарын үйрету, нақты тәртіп, құбылыстардың байланысы осының бәрі табиғатты сақтау, адам өміріндегі табиғи жағдайлардың ролі туралы білімдердің негізінде қошаған орта мәселелерін шешуде халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін тәрбиелейді.
Мектепте географияны оқыту - мынадай екі қағидаға сүйенеді. Олар:
- Оқушыларға фундаментальдық білім мен білікті меңгерту;
- Оқыту процесінде қолданбалы білік пен дағдыны қалыптастыру, яғни оқушылардың өмірлік компентенциясын қамтамасыз ету.
Мектеп географиясында оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни ол былай анықталады:
1) Бұл пәнді оқу кеңістіктегі ойлаудың негізін, яғни «жер», «аудан», «территория». Ұғымның мәнін анықтауға, табиғаттың дамуы, шаруашылықтың дамуы, халықтың даму аспектісін анықтайды;
2) Географияны оқу әрбір адамның қоршаған қарым - қатынасын, геоэкологиялық танымын қалыптастыруға, экологиялық мәдениетін одан әрі дамуынаықпал етеді;
3) Географияны оқыту арқылы кейбір экономикалық білімді, еңбекке қабілетін қалыптастыруды ұйымдастырады;
4) Географияны оқу барысында - оқушылар карталармен жұмыс жасауға үйренеді.
Мектеп оқушысына географиялық білім берудің мақсаты - оқушыға географиялық білім мен біліктілікті меңгертуге, оны әр түрлі жағдайда қолдана білуге үйрету.
Ұзақ жылдар бойы географиялық білімнің негізгі мақсаты - оқушының ғылыми білімді қоршаған орта туралы алуы болды. Ол кезде оқушыға айналаны өз еркімен танып - білуге көмектесу міндеті тұрды. Танып - білудегі объект мектеп емес, өлі және тірі табиғат арқылы білу қажеттігі дәлелденді. Осы уақытқа дейін мектеп географиясының мақсаты ғылымның негізі туралы білім қалыптастыру бағыты болып келді, сондықтан үнемі оның ғылыми деңгейі көтеріліп, қарастырылды. Сондықтан пән «ғылыми тәрізді» болды, оны игеру оқушыға қиын болды, оған деген қызығушылық төмендей берді. Қазіргі уақытта географиялық білім оқушыларды әр түрлі ақпараттарды пайдаланып, оларды картада бейнелеуге, жергілікті жерді бақылауға, өз аймағына өлкетанулық жұмыстарын жүргізуге көмектеседі.
Географиялық білімнің мақсаты, олар өздерінің міндеттерін орындауды көздейді.
Мектеп географиясының міндеттері мен мақсаттары кең әрі алуан түрлі. Олар: теориялық ой - өрісі және қолданбалы.
1) Оқушылардың қазіргі географиялық кеңістікті әр түрлі деңгейінде игеруі, яғни әлемнің географиясының бейнесі туралы білім қалыптастыру;
2) Географиялық қабықтағы өтіп жатқан геосаяси және басқа да табиғи, экологиялық, экономикалық, әлеуметтік үрдістер туралы ұғымды қалыптастыру;
3) Оқушылардың табиғат, халық және шаруашылық туралы білім жүйесін меңгеруді ұйымдастыру;
4) Табиғат пен қоғамның бір - біріне әсерінің, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың ерекшеліктерінің маңызын ашу;
5) Табиғат компоненттерін, табиғи кешеннің дамуы мен құрылысының заңдылықтарын, олардың бір - бірімен байланыстарын қарау;
6) Оқушылардың өз бетінше географиялық ақпарат көздерімен жұмыс істеуін дамыту, табиғатқа және өндіріске бақылау жүргізу;
7) Оқушыларды географиялық ғылымның негізгі әдісімен таныстыру, олардың танымдық және практикалық біліктілігін (бақылау, қоршаған ландшафтты эстетикалық қабылдау) қалыптастыру.
Пәнге танымдық қызығушылықты қалыптастыруда бөлімдерді және тақырыптарды немесе жекелеген сабақтарды, серуендерді, олимпиадаларды ұйымдастырудың алдында берілетін мақсаттық бағдарлардың атқаратын рөлі аз емес. Тапсырмаларды кесте, жоспар, сынып тақтасындағы, экрандағы, плакаттағы негізгі білім мен біліктердің тізбесі түрінде беруге болады.
Оқу үрдістерінде мектеп оқушыларының түрлі географиялық ақпарат көздерімен оқу қызметін ұйымдастыру үлкен рөл атқарады. Географияны оқытқан кезде географиялық нысандар мен құбылыстардың қасиеттері мен көріністерін тапқан сан алуан оқу құралдарының көп түрі қолданылатыны белгілі.
География пәнінен әдістемелік білімдер оқушыларда оқыту жұмысында (талдау және карталарды салыстыру, географиялық объектілерді салыстыру, сипаттамаларды құру және т. б. ) интеллектуалдық және тәжірбиелілік арнайы тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған. География пәнінің бағдарламасында білім мен ептілікті бекітетін тәжірбиелік жұмыстардың тізімі бар. Ептілік (білімнің операционды бөлігі) оқу материалын тереңірек түсіну үшін қажет, байланыстардың себеп - салдарын анықтау, оқушыларды өздігінен білім алуға және географиялық білімдерді күнделікті өмірде қолдануға дайындайды.
География пәнінің мазмұны шығармашылық әрекет тәжірбиесі және әлемге, қызметке сезімдік - бағалаушылық қатынас тәжірбиесі сияқты компонентерді қалыптастыру үшін үлкен мүмкіндікке ие. Бұл екі компонент оқулықтардың қосымша мәтіндерінде және түсіндірме сипаттарында, сұрақтар мен тапсырмалар ретінде оқушының шығармашылық ойлауына және сезімдік сферасының дамуына арналған.
Негізгі әдістемелік шарт - ұстаздың пәннің құрылымын және мазмұнын, оның мақсаттары мен міндеттерін жақсы білуі. География пәнінің құрылымында салынған теориялық білімдерді қалыптастырудың дедуктивті әдісі ұстаздан оқушыларда абстрактылы ойлауды дамытуда жұмыс жасауды талап етеді. Жалпы жертанулық білімдерді қалыптастырғанда оқу танымдық үрдісі - нақтыдан абсртактылыға және абстрактылыдан нақтыға өтетін күрделі диалектикалық өту екендігін мұғалім есте сақтауы қажет, мұнда абстрактылы нақты болмысты оқудың тәсілі ретінде қолданылады. Міне, осы үшін пәнді оқыту барысында оқушыларға теориялық абстрактылы білімдер (түсініктер енгізіледі, байланыстар, заңдылықтар, географиялық аймақтықтың заңдары қарастырылады) ұсынылады, олар елтану бөлімін оқыған кезде білім теңізінде бағдар ретінде қолданылады, нақты табиғи объектілерді, құбылыстарды, үрдістерді оқығанда тірек және тәсілдер ретінде пайдаланылады.
Теориялық білімдерді қалыптастыру - күрделі және ұзақ үрдіс. Сондықтан пәнді оқыған кезде оқушылардан барлық ұғымдарды, байланыстарды, заңдылықтарды толық білуді талап ету жөнсіз. Оқушылардың бір бөлігі оларды бірте - бірте игереді және жылдың соңында ғылым негізін толығымен игеріп алады.
Екінші әдістемелік шарт - құрлықтарды, мұхиттарды, құрлықтардың ірі аймақтарын, елдерін оқығанда типологиялық әдісін ескеру. Аталған объектілердің әр қайсысы типтік жоспар бойынша оқытылады, бұның барлығы оқушының өзіндік әрекетін ұлғайтуға мүмкіндік береді, оқыту жұмысын танымдық әректінің үш деңгейінде ұйымдастыру, білім көздерінен, сонымен бірге танымдық әрекеттің сипатынан түсіндірмелі -иллюстративтіден және репродуктивтіден зерттеушілікке дейін әртүрлі әдістерді қолдану.
Басқа мектеп пәндерімен ішкі және пәнаралық байланыс орнату география пәні мазмұнының тағы бір шарты. Пәннің жалпы жертануды құраушысы - биологиямен, физикамен, математикамен, ал елтанулық құраушысы - тарихпен, сурет өнерімен байланысын орнатуды талап етеді.
Төртінші шарт - географияның маңызды әдістерінің бірі ретінде салыстыру тәсілін қолдану. Оқушыларды параллельді немесе бірізді слыстыру ережелеріне арнайы оқыту керек. Салыстырған кезде алдымен оларды салыстыратын белгілері таңдалады, оларды сәйкестендіреді, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасайды, анықталған деректердің себептерін түсіндіреді.
Маңызды шарт - көп оқыту құралдарын қолдану (суреттер, картографиялық, кестелер) және олардың байланысы, бұл оқып жатқан құбылыстар мен объектілерді толық сипаттауға мүмкіндік береді. Аса көп көңіл экрандық құралдарға және интерактивті құралдарға бөлінеді. Компьютерлік бағдарламаларды, мультимедиялық оқулықтарды қолдану білімдерді нәтижелі қалыптастыруға әсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге ептілікті де қалыптастырады, өйткені игерген материал бойынша оқу нәтижелерін сынауға және жаңа білімдер алу үшін оқушыларды белсенді әрекет етуге ниеттейді.
Оқушының өзіндік танымдық дамуына әсер ететін оқулықпен және басқа да оқу кешенін құрайтын құралдармен жүйелі жұмыс жасау қажет. Алғашқы сабақтардан оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуге мақсатталған түрде үйрету керек, оны оқудың барлық сатыларында қолдану, бұл жұмысты әр түрлі және қызықты ету.
Проблемалық оқыту технологиясының мүмкіндіктерін мақсатты қолдану. Пән мазмұны сабақта интеллектуалдық қиындықтар тудыратын жағдайларды жасайды, бұл кезде оқушылар байланыстардағы айырмашылықтарды белгілейді, гипотезаны ұсынады және проблемалық тапсырмалардың шешу жолдарын іздеуді жүзеге асырады, жауабын табады. Мысалы, Оңтүстік Американың батысында, Андыда, халықтың тығыздығы жоғары қоныстанған облыс орналасқан. Бірақ, тауларда өмір сүру өте қиын және бұндағы халықтың тығыздығы негізінен төмен. Оқушылар тарихқа жүгініп, дұрыс жауапты табулары керек. [2]
География пәнінің құрылымы жалпылау сабақтарының топтамасын өткізуге мүмкіндік береді, мұнда оқушының шығармашылық тәжірбиесінің, әлемге сезімдік - бағалаушылық қатынасының тәжірбиесіне үлкен назар дамуына бөлінеді. Оқушылар әлемнің бүтіндігінің және оның танымдылығының, барлық табиғат үрдістерінің өзара байланыстарының дүниетанымдық қорытындыларын жасайды, жеке табиғат компоненттерін және бүтін территориялардың дамуын болжауға және бағалауға үйренеді.
Білімнің қалыптасуындағы маңызды шарт - логикалық ойлаудың тәсілдеріне оқушыларды үйретуге көңіл бөлу. Бұл жұмыста мұғалімге нақты көмекті логикалық тірек конспектілерін немесе логикалық тірек белгілерді құру көрсетеді.
География пәні құрылымының әдістемелік тәсілдердің негізгі компоненттерін қалыптастыруда алуан түрлі және мұғалімнің педагогикалық шығармашылығының облысы болып табылады.
Сонымен, география пәнінің құрылымының басты міндеті - оқушыларда адамдар планетасы ретінде Жер табиғатының бірегейлігі туралы ой қалыптастыру, табиғат және адам арасындағы өзара қатынасының ерекшеліктерін анықтау, Жердегі өмірді барлық қырынан көрсету.
Бүгінгі география пәнінің мектеп оқушылары назарын әдеттен тыс фактілерге, үрдістерге, табиғат феномендеріне аударуға зор мүмкіншіліктері бар. Бұл пән оқушыларының ойлау белсенділігін туғызады, жаңаға деген құмарлығын арттырады және баланың білімге деген сүйіспеншілігін оятады. Мектеп географиясының мазмұны мен оны басқа пәндермен кіріктіру мектеп оқушыларын оқытудағы негізгі оқу базасы болып табылады.
Сонымен, географиялық білімнің мақсаты өте кең және оның міндеті өте алуан түрлі. Бұл - болашақ ұрпақты тәрбиелеудің сенімді негізі болып табылады. [3. 4]
1. 2 Сабақ - оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді түрі
Бүгінде еліміздің мектептерінің тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да сабақ өз маңызын жойған емес.
Сабақ - оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады. Олар - жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың əрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-əрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан жəне сападағы көрініс береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz