Алғашқы мәліметтер


Алғашқы мәліметтер

Access -тегі берілгендер қоры

Адамның қызметі немесе жеке басы жұмыстарында әр түрле дерек көздерден алынған және олардың әрқайсысы қандай да бір қызмет түрімен байланыста болатын берілгендермен жұмыс істеуіне тура келеді. Осы берілгендерді координациялау (жинақтап, бір жүйеге келтіру) үшін арнайы білім мен ұйымдастыру дағдысы қажет.

Информацияны сақтау - компьютердің ең маңызды функцияларының бірі. Оның ең көп тараған құралы берілгендер қоры болып табылады. БҚ - берілген құрылымдағы информациялардан тұратын арнайы форматтағы файл.

Көптеген БҚ кестелік құрылымда болады. Кестелік құрылымда берілгендердің адрестері жол мен бағанның қиылысуымен анықталады. БҚ-да бағандарды өрістер (поля) деп, ал жолдарды жазбалар (записи) деп атайды. Өрістер БҚ-ның құрылымын, ал жазбалар ондағы информацияларды құрайды.

БҚ-ын жобалау кезеңдері

Алдына қойылған мәселені шешу мақсатында қолданушы қандай да бір БҚ-ын жасауы қажет болса, ол өзінің жұмысын төмендегі кезеңдер бойынша ұйымдастыра білуі керек.

  1. БҚ-ын құрудын негізін анықтау. Бұл кезеңде БҚ-ын құру мақсаты, оның негізгі функциялары және онда сақталатын информациялар анықталуы керек.
  2. БҚ құрамында болатын кестелерді анықтау. Кестелерді жобалау кезінде олардың құрылымдарын алдымен қағазда жасаған ыңғайлы. Сондай-ақ оларды жобалау кезінде мынадай принциптерге сүйену қажет: информация кестеде және кестелер арасында да қайталанбауы керек; әрбір кестеде тек бір ғана тақырыпта сай информация болуы керек.
  3. Кестелердегі қажетті өрістерді анықтау. Кестедегі әрбір өріс оның тақырыбында сәйкес болатын жеке мәліметтен тұрады. Оларды жоблау кезінде ескеретін шарттар: әрбір өріс кестенің тақырыбымен байланысты болуы керек; кестеге өрнектің нәтижесі болатын берілгендерді енгізудің қажеті жоқ; кестеде барлық қажетті информация қамтылуы тиіс; информация ең кіші логикалық бірліктерге жіктелінуі қажет (мысалы, адамдардың аты-жөнін «Аты» және «Фамилиясы» деп екі өріске бөліп жазу) .
  4. Әрбір өріске өзіндік жеке мән беру. Әр түрлі кестелердегі берілгендерді байланыстыру үшін, әрбір кестедегі әрбір жазбаның өзіндік жеке мәнін бере алатын өріс немесе өрістер жиынтығы болуы тиіс. Мұндай өріс немесе өрістер жиынтығын негізгі кілт деп атайды.
  5. Кестелер арасындағы байланыстарды анықтау. Берілгендерді кестелерге жіктеп, олардың кілттік өрістері анықталған соң әр түрлі кестелердегі берілгендерді байланыстыратын схеманы таңдау қажет. Ол үшін кестелер арасындағы байланыстарды анықтау керек.
  6. БҚ құрылымын жанарту. Кестелер, өрістер және байланыстар жобаланып болған соң, БҚ-ның құрылымын қайтадан тексеріп, оның ескерілмеген жайларын анықтау керек. Мұны кестелерді берлігендермен толтырмай тұрып орындаған жөн. БҚ-ын тексеру кезінде кестелерді бірнеше жазбалармен толтырып, олардың арасындағы байланыстарды бақылап, БҚ құрылымының қойылған талапқа сай екеніне көз жеткізу керек. Кері жағдайда оның құрылымын жаңартуға тура келеді.
  7. Берілгендерді толықтыру және БҚ-ның басқа обьектілерін құру. Егер кестелердің құрылымы қойылған талапқа сай болса, онда оларға барлық берілгендерді енгізуге, және де кез келген сұраныстар, формалар, есептер және макростар мен модульдер құруға болады.
  8. Access-тің талдау құралдарын пайдалану. Access программасын екі талдау құралы бар:кестелерді талдау шебері; әрекет тездігін талдаушы. Оларды Access-те жұмыс істеуді меңгергеннен кейін, программа анқытамасымен таныса отырып, қолдануға болады.

Access-тің обьектілері

Access программасының 6 объектісі: кесте, сұраныс, форма, есеп, макрос, модуль бар. Келесі тақырыптарда осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталамыз. Олардың қысқаша түсініктемелері:

Кесте - Жазбалар мен өрістерден тұратын БҚ-ның негізгі объектісі.

Кестелерде берілгендер сақталады.

Сұраныс Берілгендерді бір немесе бірнеше кестелерден

қолданушының анықтаған шартты бойынша іріктеп алуға

арналған құрал. Сұраныстар көмегімен берілгендерді

зерттейді, іріктейді, таңдайды, өзгертеді, біріктіреді, яғни

өңдейді.

Форма- Кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы түрде экранда бейнелейтін және оларды басқаратын құрал.

Есеп- Кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы және

(отчет) көрнекі түрде экран бетіне басып шығару құралы. Есеп парақтары түзілгеннен кейін ондағы берілгендерді редакциялауға болмайды.

Макрос - Макрокомандалар жиынтығы. Егер БҚ-да қандай да бір операциялар жиі орындалатын болса, онда олардың командаларын бір макроста жинап, оған клавиштер комбинациясын сәйкес қоюға болады.

Модуль - Visual Basic тілінде жазылған программалық процедура. Егер Accessтің стандартты құралдары қажетті талапты қанағаттандыра алмаса, онда программалаушы процедуралар көмегімен жүйенің мүмкіндігін кеңейте алады.

Access программасында құрлған формалар, сұраныстар және есептер

берілгендерді жылдам және эффектілі жаңартуға, әр түрлі сұрақтарға жауап

алуға, қажетті берілгендерді іздеуге, берілгендерді талдауға, есептер мен диаграммаларды баспаға басуға мүмкіндік береді. Бір кестедегі берілгендерді әр түрлі объектілерде көруге болады және де кестеге өзгерту енгізгенде сол берілгендер орналасқан басқа объектілердің барлығында да олар өзгереді.

Access-ті пайдалану жолдары

Access-тің кез келген БҚ-мен жұмысты ұйымдастыру тұрғысынан екі режимі бар: жобалау мен қолдану. БҚ-ын құрастырушылардың жаңа объектілер құруға, оның құрылымы мен өрістерінің қасиеттерін өзгертуге және олардың қажетті байланыстарын орнатуға құқы бар. Яғни, олар БҚ-ның құрылымын жобалау жұмыстарымен айналысады. Бір ғана БҚ-ның бір, екі немесе бірнеше құрастырушылар болуы мүмкін.

БҚ-ын қолданушылар - қорға форма арқылы информация енгізетін адамдар. Олардың сұраныстар арқылы берілгендерді өңдеп, есептер алуға мүмкіндіктері бар. Бір ғана қордың миллиондаған қолданушылары болуы мүмкін, бірақ олардың БҚ құрылымына кіруіне рұқсат жоқ.

Access - те алты объектіден басқа үш командалық түйме бар: Ашу, Конструктор, Құру. Олардың көмегімен БҚ-да жұмыс істеу режимі таңдалады.

  1. Ашутүймесі таңдалған обьектіні ашады. Егер объект кесте болса, онда оны көруге, жаңа жазбалар енгізуге немесе бұрынғы информацияны өзгертуге болады.
  2. Конструктортүймесі таңдалған обьектінің құрылымын ашуға және оны өзгертуге мүмкіндік жасайд. Егер обьект кесте болса, онда оған жаңа өрістер енгізуге немесе ондағы бар өрістердің қасиеттерін өзгертуге болады. Ал, егер обьект форма болса, онда оның бақару элементтерің құруға немесе оларды өзгертуге болады. Демек, бұл режим БҚ-ын құрастырушылар үшін қажет.
  3. Құрутүймесі жаңа объектілерді құру үшін керек. Бұл да БҚ-ын құрастырушалырға арналған режим.

Кестелерді, сұраныстарды, формаларды, есептерді автоматты түрде, конструктор арқылы және Шебер көмегі тәсілдерімен құруға болады. Оларға Access объектілерін қарастырғанда тоқталамыз.

Access -ті іске қосу және одан шығу

Access-ті іске қосу командасы: Іске қосу программалар Microsoft Access . Егер қажетті БҚ бұрыннан құрылып қойған болса, онда Бұрыннан бар БҚ-ын ашу нұсқасын таңдаңыз. Сонда экранда БҚ файлдарын ашу терезесі пайда болады. Ол, фалдар тізімінен қажетті БҚ файлын таңдап, оны ашуға мүмкіндік береді. Ал, егер БҚ-ын жаңадан құру қажет болса, онда суреттегі қалған екі нұсқаның бірі таңдалуы тиіс.

Біз қосқышты Жаңа БҚ-ын құру жағдайына қойып, ОК түймесін шертейік. Экранға 1. 4. - суретте көрсетілген Жаңа БҚ файлы терезесі шғады. Ол программаларындағы файлды ашу терезесі сияқты. Яғни, бұл терезеде қажетті бума таңдалып, файл типі көрсетіліп және файл атауы енгізілген соң Құру түймесі басылу керек. Экранда БҚ терезесі көрінеді. Терезедегі әрбір обектінің жұмыстары туралы алда баяндалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Oracle – да мәліметтер базасын құру
Реляционды мәліметтер базасы
Қалыпқа келтіру. мәліметтерді сақтаудың теориялық негіздері
Мәліметтер қоры
MS Access анықтамалық жүйесi
Құрылымды мәліметтердің көрінісі
Кітапхана қоры негізінде мәліметтерге BDE технологиясы арқылы қатынау
Visual Basic ортасының деректер қоймасына қатынаудың құрауышының қызметі
Параллельді кодтау жүйелері
Мәліметтер қорының құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz