Атмосфера және климат



Табиатты қорғау ерте заманнан басталған. Көне заманның өзінде халықтар табиғат қорының сарқылатындығын білгеннен кейін табиғаттан тек қана ала бермей, оның орнын толтырып, қайтадан орнына келтірудің керектігіне көздері жетті. Ол кезде адамдар тек жер өңдеп қоймай, оған тыңайтқыш беруді, пайдалы өсімдіктерді себуді, бағалы жануарларды асырып, көбейтуді үйренді. Бұл табиғатқа өзгеріс енгізгенмен адам пайдасына жұмсалып кеткен қор қайтадан орнына келмейтін. Ал біздің заманымызда табиғат қоры одан әрі азая түсуде. Табиғат байлығынан алынатын қорғаудың мөлшері, осы қайтадан қалпына келтіру мөлшерінен әлдеқайда көп. Мұның себебі табиғатты қалпына келтіру идеясы барлық елде мемлекеттік шеңбердегі проблема деңгейіне көтерілмей отыр.
Табиғатты қорғаудың қажеттілігі кейбір мемлекеттерде оның байлығының азайғандағы айтарлықтай біріне бастағанда туған. Табиғаты бай жерлерде адам санының көбеюі, ол жерлердегі пайда болған шаруашылықтарда адам әрекетінің кең өріс алып, аумағының артуы табиғи байлықтың азаюуна әкеледі. Бұл адамды табиғат қорғау шараларын ойластыруға мәжбір етті.
Қоршаған ортаның адам денсалығына әсерін айта отырып, экологиялық порблеммалардың таза түрде кездеспейтінін ескеру қажет. Олар әрқашанда тікелей немесе жанама түрде саясатпен, экономикамен, жаңа технологиялармен, әр адамның экологиялық сана сезімінің жетілген деңгейімен байланысты келеді.
Табиғат байлығын тиімді пайдалану, қоршаған орта, жер, су тазалығын сақтау, олардың зиянды заттармен ластануына жол бермеу – көкірегі ашық әр адамның парызы.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университет

Экономика және минералды ресурстарды басқару кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Атмосфера және климат

Орындаған:
Байкеев Б.П.
тобы РЭТб –
04 -1к
Тексерген:
Искакова К.М.

Алматы 2006

Кіріспе
Табиатты қорғау ерте заманнан басталған. Көне заманның өзінде
халықтар табиғат қорының сарқылатындығын білгеннен кейін табиғаттан тек
қана ала бермей, оның орнын толтырып, қайтадан орнына келтірудің
керектігіне көздері жетті. Ол кезде адамдар тек жер өңдеп қоймай, оған
тыңайтқыш беруді, пайдалы өсімдіктерді себуді, бағалы жануарларды асырып,
көбейтуді үйренді. Бұл табиғатқа өзгеріс енгізгенмен адам пайдасына
жұмсалып кеткен қор қайтадан орнына келмейтін. Ал біздің заманымызда
табиғат қоры одан әрі азая түсуде. Табиғат байлығынан алынатын қорғаудың
мөлшері, осы қайтадан қалпына келтіру мөлшерінен әлдеқайда көп. Мұның
себебі табиғатты қалпына келтіру идеясы барлық елде мемлекеттік шеңбердегі
проблема деңгейіне көтерілмей отыр.
Табиғатты қорғаудың қажеттілігі кейбір мемлекеттерде оның байлығының
азайғандағы айтарлықтай біріне бастағанда туған. Табиғаты бай жерлерде адам
санының көбеюі, ол жерлердегі пайда болған шаруашылықтарда адам әрекетінің
кең өріс алып, аумағының артуы табиғи байлықтың азаюуна әкеледі. Бұл адамды
табиғат қорғау шараларын ойластыруға мәжбір етті.
Қоршаған ортаның адам денсалығына әсерін айта отырып, экологиялық
порблеммалардың таза түрде кездеспейтінін ескеру қажет. Олар әрқашанда
тікелей немесе жанама түрде саясатпен, экономикамен, жаңа технологиялармен,
әр адамның экологиялық сана сезімінің жетілген деңгейімен байланысты
келеді.
Табиғат байлығын тиімді пайдалану, қоршаған орта, жер, су тазалығын
сақтау, олардың зиянды заттармен ластануына жол бермеу – көкірегі ашық әр
адамның парызы.

Атмосфера – ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе.
Ол биосферадағы физико – химиялық және биологиялық процестердің жүруінің
шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы
жекеленген компоненттердің қатынасы оның радиацияға, жылу және су режиміне,
өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы, су буы
және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін және жер
маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада
қоспалар болмаса, онда Жер бетіндегі орташа жылдық температура +15С емес
-18С болар еді.
Атмосфераның маңызды қасиеттеріне, оның жылдам араласу мен үлкен ара
қашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен, әсіресе мұхитпен байланысы
жатады. Мұхитпен жанасуы нәтижесінде мұхит атмосферадағы көміртегінің қос
оксиді (СО) мен күкірт оксидін (СО2), күкіртті газ және басқа қосылыстарды
сіңіреді. Атмосферадағы қосылыстардың басым бөлігін өсімдіктер сіңіреді
және зат алмасудың топырақ звеносына кіреді. Жылдам араласқыш қасиеті мен
оның ластануды тарату, сонымен қатар локальді ластануды ғаламдық ластануға
айналдырушы фактор болып табылады. Адам атмосфераның әр түрлі
параметрлеріне және қасиеттеріне, оның химиялық құрамына, электромагниттік
фон және т.б. әсер етеді.
Биосфераның атмосфера қабатының шегі шартты түрде алғанда 2000
километрге дейін жетеді, тіпті 10 – 12000 километр биіктікте биосферада
газдардың жекелеген молекулалары кездеседі. Ауа массасының 80 проценті және
бүкіл су буы биосфера айналасындағы қабат – тропосфераға, яғни полюстер
үстінде 8 – 10 км, ал экватор үстінде 16 – 18 км биіктікте шығарылған ауа
қабаты болады.
Атмосфераның қазіргі газды құрамы едәуір дәрежеде жер бетіндегі
тіршілік өмірдің дамуының нәтижесінде қалыптасқан. Басқаша сөзбен айтсақ,
олардың тегі биогендік заттардан тұрады.
Биосфераның бастапқы атмосферада болмаған молекулалық оттек жердің
жасыл желегінің тіршілік қызметі нәтижесінде жинала бастаған. Көне заманда
(Азол дәуірінде) биосферада ешқандай оттек болмаған. Тіршілік түрлері
оттексіз өмір сүрген. Олар анороботты организмдер болатын. Олардың кейбір
түрлері күні бүгінге дейін жер шарында кездеседі.
Жоғары биіктеген сайын да атмосфера айтарлықтай көп өзгеріске ұшырай
қоймайды. Атмосфераның бүкіл қабаты 78,09 процент азоттың, 20,95 процент
оттектің 0,93 процент аргонның, 0,03 процент көмірқышқыл газының,
сондай–ақ, аздаған мөлшердегі басқада газдардың механикалық қоспасынан
тұрады. Атмосфераға әрдайым 3 – 4 процент мөлшерінде шаң-тозаң
түйіршіктері, су буы және әдетте, ластағыш заттар болады.
Шынына келетін болсақ, биосферада ауасыз тіршілік болуы мүмкін емес
еді. Бірақ сонымен бірге сусыз, қоректік және басқа да заттарсыз
атмосферада болмақ емес, ауаның тіршілік үшін маңыздығын айтып жеткізу
қиын. Сондықтан да кейде бір нәрсе өте қажет болып тұр ауадай қажет болып
тұр деп суреттейді. Адамзат баласы тамақсыз бірнеше апта, сусыз бірнеше
күн, ауасыз бірнеше минут өмір сүре алады, ал атмосфералық қорғанышсыз
бірнеше секунд та тіршілік ете алмайды.
Орта есеппен алғанда адамзат баласы тәулігіне өкпесі арқылы 10-12 мың
литрден астам (10-14 килограмға жуық) ауамен дем алады. Сонда адам 500
литрден астам оттекті 1,5-2 килограм су мен тамақты бойына сіңіреді. Демек,
адамзат баласына минут сайын ауа – онда өте таза ауа қажет.
Биосфера атмосферасындағы газдардың қазіргі ауа қатынасы бұрынғы
замандағыдай емес. Өйткені, атмосфералық процестерге (газ шығару,
техникалық қоқыстар т.б.) адамзат баласының аралаусымен байланысты оттек
қорының азаюы жүріп жатыр. Ал оттектің тіршілік өмірде алатын орнын,
атқарар ролін егжей – тегжейлі айтып жатудың қажеті болмас. Ол барлық
тіршілік иелері мен жердің жасыл желегенің өсіп – дамуына қажетті
экологиялық факторлардың бірі. Оттектің басқа элементтермен қосылуы тотық,
немесе биологиялық жану деп аталады. Тотығу реакциясы кезінде биосфераға
белгілі мөлшерде жылу бөлініп шығарылады. Атмосферадағы оттек топырақ пен
судағы тіршілік иелері мен өсімдіктердің және бүкіл биосферадағы жан –
жануарлардың тыныс алуын қамтамасыз етіп отырады. Клеткалардағы қоректік
заттарды оттектің тотықтыру тірі организмдердің өсіп - өнуіне қажетті
энергия болып есептеледі. Оттек көп мөлшерде жұмсалып отырады. Таскөмірді,
мұнайды, газдарды жағу кезеңі жыл сайын биосфераға жердің жасыл желегінің
бөліп шығаратын оттекті 10 процентіне дейінгі көлемі бостан – босқа шығын
болып кетіп отырады.
Биосферадағы жасыл өсімдіктердің азая түсуі (орман – тоғай алқаптарының
оталуы, жойылуы, құрылыс, транспорт жолдарын салу және т.б) салдарынан
биосфераға тарайтын оттек мөлшері жылдан-жылға кеми түсуде. Дүние жүзілік
мұхиттың мұнайы мен басқа да алуан түрлі қалдықтармен ластануынан оттектің
ықпалды проценттерінің – балдырлардың, фитопланктондардың азаюы, ал содан
кейін біртіндеп жойылып кетуі ғажап емес. Сондықтан да мұхиттың жасыл
балдырларының тағдыры осы кездегі бүкіл әлемдік экологиялық проблемалардың
бірі болып отыр. Оттекті транспорт пен өнеркәсіптің тұтынуы да шапшаң өсіп
келеді. Мұны мына мысалдардан байқауға болады. Мәселен, жеңіл автомобиль
1000 км жер жүрген уақытта бір адамның жылдық нормасына тең оттекті жағып
жібереді. Осы замандағы авиа лайнердің бір сағат ұшуына шамамен алғанда
1807 мың адамның бір сағат мөлшерінде пайдалануына жететіндей оттекті қажет
етеді.
Әрине, биосферадағы оттектің жалпы қоры орасан зор (1,2.10.) тоннадай.
Бірақ шексіз емес. Сондықтан да болашақта техникалық процестік шапшаң
қарқынмен даму жағдайында ол бірнеше процентке қысқаруы мүмкін. Ал адам
организміне оттек концентрациясының бір – екі процентке төмендеуінің өзі
едәуір әсер етеді.
Дүние жүзіндегі ең үлкен мәселенің бірі – адамзат баласының тұрмыс
қажетімен байланысты пайда болатын улы газдардың бірі – көмірқышқыл газының
мөлшері. Оның көлемі жылдан – жылға көбейе түсуде. Атмосферада көміртек қос
қышқылының мөлшері 1860 жылдан 1955 жылға дейін 15 процент көбейген. 1958
жылдан 1962 жылға дейін не бары төрт жыл ішіндегі өсім бір проценттен асты.
Жанатын қазбалар барған сайын көп жағылуда, сондықтан да 2000 жылға қарай
атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері 1950 жылғымен салыстырғанда 25
процентке артуы мүмкін. Әдетте ірі-ірі қалалардың үстінде 1500 – 2000 метр
биіктікте газдар мен түтін күйі, ұсақ микроскопикалық бөлшектерден тұратын
қарақошқыл шаң – тозаң немесе қара қошқыл күйе сияқты көріністі әркім
байқаған шығар. Мұндай қауіпті көріністерді үлкен қалалардың үстінен
байқауға болады. Лос-Анджелес және басқадай ірі қалалардың үстінен
қарақошқыл күйені байқауға болады. Қалалардың үстіндегі қауіпті
көріністерді көру үшін, Американың үлкен қалаларына – Лос-Анджелеске
барудың қажеті жоқ. Қазақстандағы Алматы қаласына самолетпен ұшып келе
жатқанда немесе таудың басына шығып, қала үстіне көз жіберіп қарасаңыз,
қаланың үстін 1500 – 2000 метр биіктік шамасында газдар мен ұсақ
бөлшектерден тұратын қарақошқыл тұман бұлт басып тұрады. Мұны смог деп
атайды (ағылшын сөзі – түтін деген мағына береді). Мұның: Алматыны
онтүстігінен созыла құрсаулаған биік тау шыңдары мен жоталары қалаға
оңтүстіктен және солтүстіктен соғатын ерсілі – қарсылы соғатын желді қалаға
жібермей тұрады. Қала үстіндегі смог қалаға күн сәулесінің ультракүлгін
спектрін өткізбей қояды. Анықталға деректер бойынша, жаз айларында
ультрокүлгін сәулелерінің мөлшері 20-30 процентке дейін, қыс кезінде 40-50
процентке дейін кемитіні байқалып отыр. Сонымен бірге күн сәулесінің
спектрлік құрамы тым өзгеріп кеткен. Қала үстіндегі түтін мен шаң –
тозаңдардан, неше түрлі улы газдардан пайда болған смог, әсіресе организмге
ең пайдалы ультрокүлгін сәулені тұтып қалады. Ол күн сәулесінің
электромагниттік сәулелерінен пайда болады. Ультрокүлгін сәуле организмге
қажетті мөлшері жетіспесе, онда тірі организмдердің барлық түрлері
ауруларға шалдығады. Ультрокүлгін сәулеге тікелей байланысты болады.
Біздің Алматы қаласының жанындағы биік тауларында және қаланың өзінде
ультрокүлгін сәулелер бұрынғы кезде мол болғаны байқалады. Ал осы уақытта
оның мөлшері күрт төмендеп кеткен. Біздің жүргізген ғылыми – зерттеу
жұмыстарымыздың қорытындыларына қарағанда қалада және оның маңайындағы
жерлерде ультрокүлгін сәулелердің мөлшері 2-3 проценттен аспайтыны белгілі
болып отыр. Ал қаланың ішіндегі оның мөлшері 0,1-0,5 проценттей-ақ. Өйткені
қаланың ауасы мөлшерден көп ластанып кеткен. Алматыдағы қалалық санитарлық
эпидемия станциясының мәліметтеріне қарағанда, қаланың кейбір
аудандарындағы ауаның ластылығы нормадан 20-30 есеге дейін асып жататынын
көрсетеді. Биосферада 2500 млрд. тоннаға жуық көмірқышқыл газы бар. Ол
жанартаулардан, ыстық көлдерден, жан – жануарлар тыныс алғанда, неше түрлі
отқа жанатын заттарды жаққанда биосфераға бөлініп шығып, тарап отырады.
Биосферадағы табиғи көміртектің мөлшері 0,03 процент. Бұл мөлшер
өсімдіктердің фотосинтез процесін жүргізуге жеткілікті. Бұдан көп мөлшерде
болса, онда өсімдіктер уланып кетеді.
Өнеркәсіп пен транспорт оттекті жағып ғана қоймайды, сондай-ақ
биосфераға жылына 20 млрд. тонна көмірқышқыл газды шығарады. Ғылыми-
техникалық прогрестің дамуына байланысты көмірқышқыл газдың мөлшері барған
сайын арта түсіп отыр. Соңғы 100 жылдың ішінде көмірқышқыл газынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Метеорология және климаталогия пәнінен дәрістер
Атмосфера - жердің ауа қабаты
Жер қабаттары (геосфералар)
Қоршаған ортаны қорғау міндеттерімен мақсаттары. Атмосфера экологиясы. Атмосфералық ауа жағдайы және оны негізгі ластаушылар
Ауа райы және климат
Атмосфераның құрылысы
Жер бетінің бедері
Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы
Мектеп географиясында қалыптастырылатын дағдылар
Климат түзуші факторлар
Пәндер