Меңдіқара ауданының экономикалық дамуы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Елдің дамуын өндірістік-экономикалық мүмкіндіктер, яғни экономикалық әлует анықтайды. Экономикалық әлует - жоғары дамудың алғышарты. Оны жүзеге асыру терең ойластырылған стратегияға байланысты. Қазақстандық даму стратегиясы елді түпкілікті жаңалауға (модернизациялауға) бағытталған. Онда жаңа типті жоғары дамыған экономика құру басты орын алады. Мұндай экономиканың сипаттары:

  1. ең алдыңғы қатарлы технологияны қолданады;
  2. тек шикізат қана емес, сонымен қатар күрделі (жоғары технологиялық) дайын өнім өндіреді;
  3. халықаралық шаруашылық байланысына қызмет көрсетеді;

Мұнда табиғи ресурстар шешуші рөл атқаруы тиіс. Табиғи-ресурстық әлует - аумақ жер қойнауының, жер, су байлығы, ол - табиғаттың сыйы. Қалған құрамдас бөліктерді қоғам өзі жасайды. Тұрғын-халықтың (еңбек) әлуетінің маңызы артып келеді. Халық санының ( оның ішінде жұмыс күшінің ) артуы үлкен рөл атқарады. Бірақ ең алдымен сапалық сипатқа назар аудару қажет. Ол - халықтың денсаулығы, білімділігі, ақпараттық сауаттылығы, мамандығы, жаңа технологияны меңгеру қабілеті, ғылыми-техникалық әлует зерттеулерге жұмсалған шығын мен инженерлердің, ғалымдардың саны мен сапасына байланысты.

Өндірістік әлуеттің негізін өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы құрайды. Олардың жұмысын банктер мен көлік қамтамасыз етеді.

Экономикалық әлуеттің маңызды құрамдас бөлігі - экономикалық-географиялық жағдай ( ЭГЖ ) . Меңдіқара ауданының экономикалық жағдайын, оның дамуын зерттеу арқылы ауданның облыстың экономикалық географиясындағы орны айқындалады.

Меңдіқара ауданы агроөнеркәсіптік кешенінің даму деңгейі бойынша бағалы құнды өнім жасауға бағытталған, ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да бәсекеге қабілетті, аудан халқының өмірі мен жұмысы үшін қолайлы жағдайлар жасауға қабілетті, жоғары тартымды кәсіпкерлік ортасы бар және әртараптандырылған экономикасы серпінді түрде дамыған озат аймақ болып саналады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі, бір жағынан, зерттеудің практикалық маңыздылығы және Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерінің талдауларына негізделеді. Сонымен қатар Меңдіқара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктеріне шолу жасап, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының болашағын және Қостанай облысының экономикасындағы ауданның рөлін анықтау.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: Меңдіқара ауданының әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, әлеуметтік-экономикалық дамуындағы физикалық-географиялық жағдайының рөлін және ауданның қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау.

Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері:

  • Меңдіқара ауданының әкімшілік аумақтық құрылымына сипаттама беру;
  • Меңдіқара ауданының экономикалық дамуына физикалық-географиялық жағдайының әсерін анықтау;
  • Меңдіқара ауданының экономикалық жағдайын баяндау;
  • Меңдіқара ауданының шаруашылығының ерекшеліктеріне тоқталу;
  • Меңдіқара ауданының әлеуметтік жағдайына сипаттама беру;
  • Ауданның инфрақұрылымдық кешенінің дамуын анықтау;
  • Меңдіқара ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын баяндау.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және әр тарау бірнеше бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Дипломдық жұмыстың теориялық негізі: Тақырыптың мазмұнын ашу үшін бірнеше авторлық ғылыми жұмыстар, баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалар, сонымен қатар интернет желілеріндегі берілген материалдар, статистикалық мәліметтер қолданылды. Атап айтқанда, И. П. Черныш, Ф. И. Филиппов, С. К. Досмағанбетов және т. б. ғалымдардың еңбектері зор үлестерін қосты. Сонымен қатар интернет желісіндегі http://www. google. kz/, www. kostanai. stat. kz сайттары қолданылды.

Зерттеу әдісі: Тарихи, топтау, жүйелеу, статистикалық әдіс, картографиялық әдіс және салыстырмалы әдіс.

І Меңдіқара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында физикалық-географиялық жағдайының рөлі

1. 1 Меңдіқара ауданының әкімшілік аумақтық құрылымы

Меңдіқара ауданы Қостанай облысының солтүстігінде, орманды дала белдеуінде орналасқан, 1885 жылы құрылған. Ауданның солтүстік шекарасы - Тобыл өзені, шығыс шекарасы - Обаған өзені болып табылады. Ресей Федерациясының бір (Қорған) және Қазақстан Республикасының 5 ауданымен (Ұзынкөл, Сарыкөл, Алтынсарин, Қостанай және Федоров) шектеседі. Аудан орталығы - Боровской кенті, 1930 жылы 17 желтоқсанда құрылған. Ауыл ортасында Зоново көлі орналасқан.

1881 жылдан бастап жергілікті жер Боровской селосы деп аталса, кейін бұл село Меңдіқара ауданының орталығы болып белгіленді. 1887 жылы Ақсуат ауылында бірінші мектеп ашылды. Оның ашылуына ағартушы Ыбырай Алтынсарин мен халық ақыны Нұржан Наушабаев қатынасқан. Ы. Алтынсариннің күш салуымен 1900 жылы Боровскойда орысша-қырғызша Министрлік училищесі ашылған. Бұл училищенің қабырғасынан Қазақстанның танымал азаматтары білім алып шыққан - бұл ғалым, академик М. Қозыбаев, ақын-аудармашы Ғ. Жұмабаев, мемлекет қайраткері О. Қасымқанов және көптеген тағы басқалары. Кейін бұл училище Ы. Алтынсарин атындағы педагогика училищесі деп қайта аталды. Ол бүкіл облыс үшін кадрлар дайындап, ауданның мәдени өмірінің орталығы болды.
Меңдіқара ауданында 1935 жылы тағы бір оқу орны ашылды, ол ауданаралық ұжымшарлық механизация мектебі деп аталды. Осы мектепте барлық облыс үшін тракторшылар, есепшілер, егіншілер, ара өсірушілер даярланды. Аудандағы кәсіби білімнің негізін қалаушы ретінде Нұрахмет Қосаевтың саналуы заңды, ол 1937 жылы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбаны болып кеткен еді. [1]

Аудан тарихында туберкулезге қарсы санаторийінің маңызы айрықща. 30-шы жылдары саялы қарағайлы орманда 50 төсектік аурухана бой көтерген болатын. 30-шы жылдары аудан үшін тағы бір айтарлықтай оқиға болды - аудандық газет ашылып, жарық көре бастады. Сондықтан бүгінде аудандық «Меңдіқара үні» газеті - тек аудан туралы жедел ақпарат қана емес, бұл мақалалар, репортаждар, очерктер жолдарымен сақталып қалған оның және адамдарының тарихы. Өз өмірлерінің ұзақ жылдарын аудандық газетке арнаған көркемсөз шеберлері Степан Григорьевич Сиятский мен Мырзалы Қасымханұлы Оңайбаевтың есімдері жұртшылықтың жадында.
Қазіргі мешіт орналасқан үй, ауданның сәулет және тарихының ескерткіші болып саналады. [2] 1991 жылы аудан мұсылмандарының құрылтайы өткізіліп, мешіт ашу жөнінен шешім қабылданды. Дін кадрларын дайындап алғасын және ғимаратқа тиісінше жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін мешіт үйі де ашылып, қазір мұнда дінге ден қойған әрбір адам өзінің мұсылмандық парызын өтеп, имандылыққа ұйиды.

Православие ғибадатханасын салу тарихы да қызықты. Боровской с. және осы маңдағы селолар тұрғындарының өтініштерімен кірпіштен шіркеу салуға рұқсат берілген. Тек 1912 жылы ғана ғибадатхана дәріптеліп ашылып, шіркеуде бессеребренниктер Косьма мен Дамианның құрметіне бір тақ болды. Бүгін де храм тұрғындардың тағзым ету орталығы болып саналады. [3]

1930 жылы ауданды жалпылама ұйымдастыру округі деп жариялады. Алғашқы Аяқ Молдыбай МТС-і құрылды. Бірақ, өкінішке қарай, оның жұмысы көпке ұзамады. Оның орнын Долбуш МТС-ы басты, ол 1930 жылы қарашада ұйымдастырылып, ұжымшарлардағы барлық ауылшаруашылық жұмыстарын атқарды. Бұл кезеңде ауданда бес ұжымшар құрылды: «Боевик», «Трудовая сила», «Земледелец», «Красный повстанец» және «Охотник». Май шайқау артелі (кейін май зауыты), астық қабылдау кәсіпорны кейін (нан зауыты) ашылды, аудандық әскери комиссариат пен басқа да көптеген мекемелер ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысы кезеңінде ауданаан соғыс майданына 11 мың жауынгер аттанса, 4323-оралып, өз отбасымен табысса, 2221-і із-түссіз жоғалды. [4] Павел Огнев пен Петр Чигадаев ауданның даңқын шығарды. Николай Михайленко батырлығы мен ерлігі үшін Совет Одағының Батыры, Жауынгерлік Даңқ орденінің толық кавалері атанды. [5]

1954 жылы Меңдіқара өмірінде жаңа кезең басталды. Меңдіқара ауданында төрт жүз мың гектардан астам жер игерілді. Қысқа мерзім ішінде он сегіз ұжымшар ұйымдастырылды. Кеңшарлардың атауларын алғашқы тың игерушілердің келген қалалары мен республикаларының географиясымен үйлестірді. Мәселен, «Харьков» а/ш, «Краснопреснен» а/ш, Ломоносов атындағы а/ш, Буденный атындағы а/ш және тағы басқалары. [6]

1958 жылы ауданда 11 кеңшар мен 12 ұжымшар болды.
Тың мол астық бере бастады. Меңдіқара өлкесі бұрын-соңды шықпаған егінімен даңқын асырды. Барлығы 28 жыл ішіндегі тың эпопеясында аудан бойынша 5 млн. тоннадан астам астық жиналып алынған, былайша айтқанда жыл сайын орташа есеппен 179 мың тонна дән жиналған. Салыстырар болсақ, тың игеру алдындағы 1953 жылы 31 мың тонна астық жиналды.
Тың игеру жылдарында меңдіқара жері 8 Социалистік Еңбек Ерін өсірді. [7] Облыста Еңбек Даңқы орденінің бірінші толық кавалері атанған да меңдіқаралық Николай Андреевич Синенко болатын. Тың көптеген танымал тұлғалардың даңқын шығарды. Г. Каюмов, И. Крупский, В. Трояков, А. Татаренко, А. Дубенцов, А. Захаров сынды есімдер газет беттерінен кетпейтін, оларды меңдіқаралықтар бүгін де лайықты құрмет тұтып, мақтаныш көреді. [8] Бұл кезеңге сол сияқты өте жарқын танымал басшылардың келуі тән. Олар тек ауданның ғана емес, сонымен қатар облысқа да үлкен абырой-атақ әкелді. Бұлар С. П. Комар, С. А. Ақышев, Г. Д. Гусак, А. Е. Бортник, Т. А. Мәмбетов, П. И. Добровольский, И. М. Кожевин, К. А. Григорьев. [9]

Бүгінде ауданның жер көлемі 6, 6 мың шаршы шақырымды құрайды. Меңдіқара ауданының әкімшілік-аймақтық жіктелуі - 13 селолық округке біріктірілген 46 ауылдық елді мекеннен тұрады. [10]

Меңдіқара ауданының қалыптасу тарихы аталған кезеңдерден өтіп, бүгінде Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіндік бағыт қалыптастырды.

1. 2 Меңдіқара ауданының экономикалық дамуына физикалық-географиялық жағдайының әсері

Меңдіқара ауданының аумағы жазық бедерлі, батыс-сібір алқабы шегінде орналасқан және Тобыл мен Обаған өзендерінің арасындағы суайырығының және осы өзендердің жайылмасының бір бөлігі болып табылады. Аудан аумағында жер бедері оңтүстіктен солтүстікке қарай едәуір еңіс, теңіз деңгейінен биіктігі 200 м-ден 83 м-ге дейін төмендейді.

Климаты қатал континентті және өте қуаң. Қысы ұзақ, аязды, қатты желді әрі боранды, жазы ыстық, құрғақ. Дала зонасына тән климат. Ауданның негізгі аумағын қара топырақ алып жатқандықтан күн радиациясының жаз мезгілдерінде жұтылуы жоғары. Сол себепті жаз айлары ыстық болып келеді. Күн радиациясының мөлшері 100-110 Дж/м². Ауданның климатын қалыптастыруға 3 ауа массаларының әсері тиеді. Қоңыржай ауа массасының әсері жоғары. Ол әсіресе жаз мезгілдерінде белсенді болады. Бұл циклонды ауа массасы болғандықтан жауын-шашын әкеледі. Арктикалық ауа массасының қыс мезгілдерінде ықпалы мол. Бұл құрғақ әрі мөлдір ауа массасы. Қысымы жоғары болғандықтан қыста суық, жазда ыстық ауа-райын қалыптастырады. Тропиктік ауа массасының әсері аз. Көбіне жаз мезгілдерінде бірнеше күнге созылатын ыстық, құрғақ әрі қапырық ауа-райын қалыптастырады. Мұндай күндері шаңды дауылдар жиі қайталанады.

«Михайловка» метеостанциясының мәліметтері бойынша ауаның орташа температурасы қаңтарда -17º - 18ºС, шілдеде 20º - 22ºС, жауын-шашынның жылдық мөлшері - 250-300 мм, оның 70 - 75%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20-30 сантиметр. Желдің басты соғатын бағыты оңтүстік-батыс.

Өсімдіктердің өсіп өнуіне қолайлы күндер жылына 130-140 күн, негізінен мамыр-тамыз аралығы. Жылу қоры +2000-2100˚С көлемінде. Күн сәулесінің түсу ұзақтығы 2132 сағат. Бұлтсыз күндер саны 120-130-ға тең.

Сонымен қатар көктайғақ, үсік сияқты қолайсыз атмосфералық құбылыстар болып тұрады. Алғашқы үсіктің түсуі қыркүйек айының аяғы мен қазан айының басына сәйкес келеді. Ауаның температурасы қысқа мерзімде 0˚С-тан төмендеп, топырақ беті тоңазып кетеді. Ол егіске, жеміс ағаштарына көп зиян келтіреді. Үсікке тез шалдыққыш өсімдіктер - қарақұмық, жүгері, бидай, қияр, алмұрт. Үсікке шалдығуға ықтимал өсімдіктерге жүзім мен гүл түрлері де жатады. Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың бірі - көктайғақ. Көбіне салқын ауа райынан кейін сіркіреп жауын жауғанда қалыптасады. Жердің беткі қабаты 0˚С-қа дейін суынып, мөлдір және жұқа мұзбен жабылады. Мұндай құбылыстың мал шаруашылығына, адам баласына зияны үлкен, транспортта апаттар, байланыс және энергия желістерінде үзілістер туғызады.

Кейінгі кезде әлемнің барлық аймақтарында да ауа-райының тұрақсыздығы байқалады. Жылы күндер мен суықтың алма кезек ауысуы, күшті желдер жер қорларына, өсімдіктер дүниесіне де әсер етуде.

Климаттың негізгі қолайсыз факторы - ауыл шаруашылық мәдениетінің ылғалмен қамсыздандырылуы жеткіліксіз, сондықтан барлық іс-шара кешені ылғалды жинау мен сақтауға бағытталған.

Су ресурстары. Гидрографиялық желі Тобыл, Обаған өзендерінен, сондай-ақ ұдайы ағыны жоқ Қараңғалық, Жосалы, Темірөстай және Шолақсай жылғаларынан тұрады. Аудан аумағында өзендер мен жылғалардан басқа бірқатар көлдер бар: Қамыстытеңіз, Мокрое, Алакөл негізінен мұнда балықшылық дамыған. Алакөл - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровской ауылының солтүстік-батысында 4 км жердегі көл. Тобыл өзені алабында. Аумағы 11, 7 км 2 , теңіз деңгейінен биіктігі 168 м. Ұзындығы 4, 5, енді жері 3 км, жағалауының ұзындығы 13 км. Көл суы жаз айларында тартылып, сортаңды, батпақты болады. Жағалауында қамыс, құрақ өскен. Оңтүстік-шығысын (қарағай, қайың) аралас орман алқабы алып жатыр.

Аталған табиғи су көздерінен басқа қолдан жасалған су көздері де бар, олар су жабдығы, жайылымдарды суландыру және шаруа мұқтаждығы үшінқолданылады.

Топырағы. Меңдіқара ауданы түгелдей қара топырақ белдемінде орналасқан. Тобыл мен Обаған өзендері суайрығының негізгі батыс бөлігін қара, ал оның қарағай ормандары өсетін жерлерінде күлгін топырақ алып жатыр. Өзен аңғарлары мен жайылымдардың топырағы аллювийлі. Сортаң топырақ негізінен Обаған өзенінің аңғарында кездеседі. Қара топырақты жерлері түгелдей дерлік егін егуге пайдаланылады. Аудандағы жер қыртысының қарашірігі аз қара топырақты, жинағында сортаңдары кездеседі. Тың жерлерді игерумен байланысты барлық-дерлік алаң тегіс жыртылды. Ауданның жалпы жер ауданы 606 мың га құрайды. Ауыл шаруашылығы жерінің ауданы - 588, 4 мың га, оның ішінде - 331, 6 мың га немесе 56, 3 % егістік, 246, 9 мың га (42%) - жайылым.

Өсімдік жамылғысы. Меңдіқара ауданының жеріндегі өсімдіктер дүниесін 2 аймаққа бөлуге болады. Олар: далалы аймақ және орманды-далалы аймақ өсімдіктері. Сонымен қатар өзен-көлдер жағасында аталған аймақтарда кездеспейтін өсімдік түрлері кездеседі. Өсімдік түрлерін бірнеше топтарға бөлеміз - плаундар, саңырауқұлақтар, шаңжапырақ тәрізділер, ашық және жабық тұқымды шөптесін өсімдіктер мен ашық және жабық тұқымды ағаштар. Аудан территориясында барлығы 550-ге жуық өсімдіктер түрлері кездеседі.

Өсімдіктердің геоботаникалық тұрғыдан зерттелуі. Кеңес үкіметі кезіндегі мемлекеттік деңгейдегі зерттеулер - 1929, 1930, 1932 жылдар. Қазақстан деңгейінде зерттелулер - 1943-1944, 1953 жылдарда. Облыстық деңгейдегі зерттеу жылдары - 1926-1941. [11]

Аудандағы өсімдік жамылғысы сумен, жер асты суының минералы мен құнарлану деңгейі және дәрежесімен, топырақ шығаратын жыныстың сорлануымен тығыз байланысты. Кәдімгі және оңтүстік қара топырақта ақселеу-бетегелі-түрлі шөпті өсімдік топтары басым. Шабындық-далалық сортаңдарда өсімдіктің бетегелі-жусанды типтері өрістеген. Шабындық-шалшықты жер қыртысында терең тұйық сайларда - қияқты өсімдік топтары, басым көпшілігі қарабас және батпақта өсетін қияқ, дәнді өсімдіктер: қамыс, өрмелегіш бидайық. Мұндай жерде көбінесе тал және шайқурай спиреясы өседі. Дөңес жерлердің едәуір бөлігіндегі ормандарда қарағай, қайың, терек , т. б. өседі.

Жануарлар дүниесі. Меңдіқара ауданының физикалық-геграфиялық орны мен климаттық жағдайы аудан территориясында осы күнгі жануарлар әлемін қалыптастырды. Жануарлар дүниесінің осы күнгі түрлері бұл жерлерді неоген дәуірінде - 1, 6 млн жыл бұрын мекендей бастады. Сонымен қатар жерсіндірілген жануарлар да кездеседі. Жергілікті жануарлар әлемі туралы алғашқы ғылыми бағыттағы жазбаша түрдегі деректер орыс географы Л. С. Бергтің 1900-1903 жылдар арасындағы жүргізген зерттеу жұмыстарының есебінде кездеседі. Аудан көлемінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін кеңінен зерттеу 1926-1940 жылдар арасында жүргізілді. [12]

Меңдіқара ауданының жануарлар дүниесін 3 топқа біріктіруге болады. Олар орманды аймақтың жануарлары, орманды даланың жануарлары, су жануарлары. Барлығы омыртқалы жануарлардың 210-нан астам түрлері мекендейді. Оның ішінде сүтқоректілердің 55-ке жуық түрлері, балықтардың 10-ға жуық түрлері, құстардың 140-тан астам түрлері (негізінен ұя басатын жыл құстары, жалпы саны 120-ға жуық), қосмекенділердің 3 түрі, жорғалаушылардың 6 түрі мекендейді. Омыртқасыз жануарлардың түрлері толық зерттеліп болған жоқ. Меңдіқара ауданында жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, т. б., ал кемірушілерден күзен, ақтышқан, аламан, қосаяқ, сарышұнақ, оңтүстігінде суыр кездеседі. Өзендер мен су айдындарында ондатр, құндыз, т. б., ормандарда елік, түлкі , т. б. тіршілік етеді. Құстардан дала бозторғайы, бөдене, орманда қара және ақ құрлар, шіл, өзен мен көлдерде: үйректің бірнеше түрі, қасқалдақ, қаз, аққу, су жағаларында: жылқышы, тауқұдірет, қызғыш мекендейді.

Пайдалы қазбалардың жер қойнауында түзілуіне осы аймақтың қалыптасу кезеңі немесе геологиялық жасы әсер етеді. Меңдіқара ауданында жер қойнауындағы кен байлықтарынан темір кентасы, отқа төзімді балшық, әйнектік және қиыршық құм , т. б. барланған.

Сонымен, табиғи орта адамның өміріне, шаруашылығына, мәдениетіне әсерін тигізе отырып, өзі де оның іс -әрекетінің нәтижесінде өзгеріске ұшырайды. Бұл өзара байланыста, ең алдымен, шаруашылықтың дамуына табиғат жағдайларының маңызы зор. Ал шаруашылық өз кезегінде ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы әл-ауқатын анықтайды. [13]

ІІ Меңдіқара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі жағдайы

2. 1 Меңдіқара ауданының экономикалық жағдайына сипаттама

Ауданның дамуын өндірістік-экономикалық мүмкіндіктер, яғни экономикалық әлует анықтайды. Экономикалық әлует - жоғары дамудың алғышарты. Оны жүзеге асыру терең ойластырылған стратегияға байланысты. Экономикалық әлуеттің маңызды құрамдас бөлігі - экономикалық-географиялық жағдай. Меңдіқара ауданының экономикалық жағдайын, оның дамуын зерттеу арқылы облыстың экономикалық дамуындағы ауданның орны айқындалады.

Аудан экономикасының ерекшелігін ескере отырып, бірнеше шешуші сала бөлініп алынды, онда бәсекелестікті дамыту бойынша шараларды іске асыру мақсатты және барынша тиімді болады, олар:

  • өнеркәсіп;
  • агроөнеркәсіп кешені;
  • бөлшек сауда.

Экономиканың нақты секторы

2013ж. қаңтар

2012ж.

қаңтар-

желтоқсанға

%-бен

Өнеркәсіп өнімінің (тауар, қызмет) көлемі, млн. теңге
145, 9
101, 0

Ауыл шаруашылығы өнімінің (қызмет) жалпы шығарылымы,

млн. теңге

293, 6
85, 0
Негізгі капиталға салынған инвестициялар, млн. теңге
49, 5
2 есе
Тұрғын үйлерді іске қосу, жалпы алаңның ш. м.
164
102, 5
Өткізудің барлық арналары бойынша бөлшек тауар айналымы, млн. теңге
188, 9
100, 5

Өнеркәсіп

Аудан аумағында ірі индустриалды кәсіпорындар жоқ. Меңдіқара ауданының өндірістік кәсіпорындары құрамына «Вита» ЖШС (сүтті өңдеу және сүт өнімдері), «Боровской автобазасы» ЖШС (ысталған, шұжық өнімдері, жартылай фабрикат өнімдері), “Таза Бұлак” МҚК (мемлекеттік ұйымдар үшін жылу энергиясын өндіру және су жабдығы), «Асинхрон электро» ЖШС (электрқозғалтқыштарды ауыстырып орау) кіреді. Бұдан басқа, іс-әрекетінің негізгі бағыты - дәнді-дақылдар мәдениетін өндіру болып табылатын шаруашылық етуші субъектілердің (ЖШС, ЖК) өңдеу цехтары бар, ол 11 шағын наубайханадан, 12 диірмен қондырғысынан, 1 шұжық өнімдері цехынан, 1 балық цехынан тұрады. Өнеркәсіпте 157 адам жұмыспен қамтылған. Өндірістік өнеркәсіпте жалақы 50, 4 мың теңгені құрайды.

2012 жылы тауар өнімі 968, 7 млн. теңге сомасына өндірілді, бұл 2010 жылға қарағанда 1, 3 есе артық (1-диаграмма)

1-диаграмма 2010-2012 жылдар аралығындағы өнеркәсіптің өндіріс көлемі

[14]

Ауданда экономикалық даму тұрақтылығын қамсыздандыру бойынша дағдарысқа қарсы шаралар жоспары әзірленді және іске асырылды, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру бойынша іс-шаралар өңделді және жүзеге асырылды.

Кәсіпорын басшыларымен жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделері мен кепілдіктері, еңбек құқықтарын қамсыздандыру бойынша меморандумдар жасалды. Соңғы жылдары ауданда негізгі капитал инвестициялары өсімінің оң динамикасы байқалуда. 2012 жылы инвестициялар көлемі 1038 млн. теңгені құрайды, яғни 2010 жылмен салыстырғанда 2, 6 есе артық.

Ауданның өңдеуші өнеркәсібі негізін мынадай кіші салалар құрайды: азық-түлік өнімдерін, сусындарды қоса алғанда өндіру (80 %), жиһаз (11 %) және өнеркәсіптің тағы басқа салаларын шығару.

2012 жылы ауданның өнеркәсіптік әлеуетінің жалпы көлеміндегі өңдеуші өнеркәсіп үлесі - 99, 5%.

№ 1 кесте Өңдеуші өнеркәсіп өнімінің динамикасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қозыбаев қызмет жылдарында
Қалибек Деріпсалдиннің өмірбаяны
Қостанай облысындағы рекреациялық ресурстардың қалыптасуына әсер етуші табиғи факторлар
Қостанай облысының ауыл шаруашылығына әсер етуші факторларды ескере отырып, ауыл шаруашылық кешендерінің қазіргі жағдайы мен дамуын анықтау
Халық демографиясы жағдайы мен миграциясының басты заңдылықтарын, тенденцияларын зерттеу
Қостанай облысының әлеуметтік – экономикалық дамуының 2009-2011 жылдарға арналған негізгі бағыттары
Қостанай облысының азық – түлік өнеркәсібіндегі «Новый день» сүт зауытының алатын орнын анықтау
Қостанай облысына жалпы сипаттама
Экологиялық туризм - ескі Наурызым ауылы
Қостанай облысындағы егін шаруашылығын реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz