М. Әуезов
Әлемдік мәдениетке қазақ халқы қандай көркемдік игіліктер қосты дегенде, ауызға алынар есімнің бірі – Мұхтар Әуезов. Ол - әлемдік құбылыс. Әуезов ғасырлар бойы жиналып келген қазақ топырағындағы асыл құнарлардың жарқырап қайта көрінуінің үлгісі. Қазақтың реалистік әдебиетіндегі халықтық арнадан, ұлы Абай айдынынан нәр алған М.Әуезов қазақ әдебиетіне реалистік дәстүрлердің тереңдеп сіңгенін танытты.
Мұхтар Әуезов – шығармалары ұлттық шеңберден шығандап көтеріліп, әлемдік мәдениеттің қымбат қазынасына толымды қор болып қосылған ұлы суреткер. Қазақ әсемдік ойы тарихында ерекше құбылыс – М.Әуезов туындылары идеялық-көркемдік, бейнелік, жанрлық ретпен де, ізденіс өрістері, қаламгерлік эволюция тұрғысынан да ақтара қарап, саралауды талап етеді.
М.Әуезов драматургия саласында көп еңбек еткен. Мұның бірнеше себептері бар. Халық әдебиетінде, фольклорда форма жағынан драматургияға жақын нұсқалар көп еді. Батырлар жырында толғаулар мол. Салт өлеңдері, беташар, сыңсу, жар-жар, жоқтау түрі, мазмұны жағынан драмалық шығармалармен ағайындас. XX ғасырға дейін қазақтың халық әдебиетінде драматургияға өзек болатын мол қазына жиналды. Осы байлықты игерген қаламгер — М.Әуезов. Ол халық әдебиетінен нәр алды. Әрине, қазақтың көшпелі өмірі, қаланың болмауы драматургияның дамуына кедергі жасады. Қазақ тұрмысындағы сауық түрлері, қыз ұзату салтанаты, алтыбақан ойындары түңғыш драмаға енгізілді.

1. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. Алматы, Санат, 1997
2. Байтанаев Б. Устно-поэтические традиций в художественной структуре казахского романа. Алматы, 1994
3. Бердібаев Р. Мұхтар шыңы. Алматы, Ғылым, 1997
4. Бисенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы. Алматы, Мектеп, 1989
5. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1964
6. Жақып Б. Мұхтар Әуезов публицист. Алматы, Қазақ университеті, 2000
7. Күмісбаев Ө. Терең тамырлар. Алматы, Ғылым, 1994
8. Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы, 1977, Т. 11
9. Нұрғалиев Р. Әуезов және Алаш //М.Әуезов – ХХ ғасырдың ұлы жазушысы және гуманисі. Алматы, Ғылым, 1997
10. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана, Күлтегін, 2002
11. Майтанов Б. М.Әуезов суреткер. Алматы, әл-Фараби, 1996
12. Мағауин М. Ғасырлар бедері. Алматы, Жазушы, 1991
13. Мырзахметұлы М. Абай және Шығыс. Алматы, 1994
14. Мир человека. Москва, Интерпракс, 1995
15. Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына. Алматы, Жазушы, 1987
16. Сыздықов К. Мұхтар Әуезов - әдебиет сыншысы. Алматы, Ғылым, 1973
17. Тәжібаев Ә. Суреткер парызы //Уақыт және қаламгер. Бірінші кітап. Алматы, Жазушы, 1973

Е.А. БӨкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Дипломдық жұмыс
Ауезов М.
0202 мамандығы – саясаттану
Қарағанды 2002 ж.
Қазақстан Республикасы білім жӘне ғылым министірлігі

Философия және психология факультеті
Саясаттану және әлеуметтану кафедрасы
Қорғауға жіберілді
саясаттану және әлеуметтану
кафедрасының меңгерушісі:
Т.Ғ.К., доцент
___________ Е.Ж.Есенгараев
“__”__________ 2002 ж.
Қазақстан Республикасындағы саяси жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері
0202 мамандығы – саясаттану
Студент Смағулова Қ.Қ.
Ғылыми жекекші Бекишева Қ.Қ.
Қарағанды - 2002 ж.
К І Р І С П Е
Әлемдік мәдениетке қазақ халқы қандай көркемдік игіліктер қосты дегенде,
ауызға алынар есімнің бірі – Мұхтар Әуезов. Ол - әлемдік құбылыс. Әуезов
ғасырлар бойы жиналып келген қазақ топырағындағы асыл құнарлардың жарқырап
қайта көрінуінің үлгісі. Қазақтың реалистік әдебиетіндегі халықтық арнадан,
ұлы Абай айдынынан нәр алған М.Әуезов қазақ әдебиетіне реалистік
дәстүрлердің тереңдеп сіңгенін танытты.
Мұхтар Әуезов – шығармалары ұлттық шеңберден шығандап көтеріліп, әлемдік
мәдениеттің қымбат қазынасына толымды қор болып қосылған ұлы суреткер.
Қазақ әсемдік ойы тарихында ерекше құбылыс – М.Әуезов туындылары идеялық-
көркемдік, бейнелік, жанрлық ретпен де, ізденіс өрістері, қаламгерлік
эволюция тұрғысынан да ақтара қарап, саралауды талап етеді.
М.Әуезов драматургия саласында көп еңбек еткен. Мұның бірнеше себептері
бар. Халық әдебиетінде, фольклорда форма жағынан драматургияға жақын
нұсқалар көп еді. Батырлар жырында толғаулар мол. Салт өлеңдері, беташар,
сыңсу, жар-жар, жоқтау түрі, мазмұны жағынан драмалық шығармалармен
ағайындас. XX ғасырға дейін қазақтың халық әдебиетінде драматургияға өзек
болатын мол қазына жиналды. Осы байлықты игерген қаламгер — М.Әуезов. Ол
халық әдебиетінен нәр алды. Әрине, қазақтың көшпелі өмірі, қаланың болмауы
драматургияның дамуына кедергі жасады. Қазақ тұрмысындағы сауық түрлері,
қыз ұзату салтанаты, алтыбақан ойындары түңғыш драмаға енгізілді.
Тоғыз жасынан қалада өсіп орыс театрларында болу, Еуропа
драматургиясымен танысу М.Әуезовті реалистік драматургияға алып келді. Ол
осы озық дәстүрді қазақ топырағында тұңғыш қолданды, Шекспир, Гоголь,
Погодиндердің шығармаларын аудару Мұхтар үшін үйрену мектебі болды.
М.Әуезов көп уақыт театрда істеген. Осы тәжірибе оған сахна сырын жете
үйретті. Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығарма туды. Жеке
пьесалардың варианттарын қоссақ, 50-ден асады. Бұларды тақырыптық
материалдарына қарап шартты түрде бірнеше салаларға бөлуге болады:
а) аңызды, эпосты тарихи оқиғаны арқау еткен шығармалары: "Еңлік-Кебек",
"Қобыланды", "Айман-Шолпан", "Бекет", "Хан-Кене"
ә) тарихи-революциялық тақырыпқа жазылғандары: "Октябрь үшін",
"Түнгісарын", "Аққайың".
б) советтік өмір кезеңдерін бейнелейтін шығармалары: "Тартыс",
"Тастүлек", "Алма бағында", "Шекарада", "Алуа".
в) Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналғандары: "Намыс гвардиясы", "Қынаптан
қылыш", "Асыл нәсілдер".
г) фантастикалық пьесалар: "Дос - Беделдос", "50 жыл өткен соң".
ғ) ақындар өмірі туралы: "Абай", "Ақан - Зайра", "Қарагөз".
д) сценарийлер: "Райхан", "Абай әндері", "Қалқаман-Мамыр".
М.Әуезов драматургиядағы жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда
трагедия да, комедия да, драма да бар. М.Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп
жазған. Олар Л.Соболев ("Абай"), С.Мұқанов ("Ақан - Зайра"), Р.Мүсірепов
("Қынаптан қылыш"), Ә.Тәжібаев ("Ақ қайың"), Ә.Әбішев ("Намыс гвардиясы"),
"Октябрь үшін" (1933) пьесасының материалдары - Жетісу қазақтарының
революцияға келуі. Кейіпкерлері Д.Фурманов, Ж.Бәрібаев. М.Әуезовті
әдебиетке "Еңлік-Кебек" алып келді. Шығарма өзегі - эпостық материал.
Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе өнімді дәстүрлердің бірі. Гетенің
"Фаусты" да осындай тәжірибеден туған. Шекспирдің 2-3-ақ шығармасы автордың
өзі тапқан тың сюжетке жазылған. Фольклор, аңызды пайдалана отырып, шығарма
тудыру дәстүрі қазақ драматургиясында да көрінді. Драманың жанрлық формасын
игеру әуелде оңайға соққан жоқ.
Алғашқы мақаласы "Адамдық негізі — әйелді" жиырма жасында жазған
М.Әуезов "Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі" очеркіне дейін негізінен өсу
үстінде көрінеді. Бұл эволюцияны ойдың тереңдеуінен, пікірдің
өткірленуінен, білімнің молаюынан, стильдің айқындалуынан байқаймыз.
Мақалаларда айтылған жайлардың бірталайы кейін көркем шығармаларға азық
болады, жаңаша пайымдау табады, өзгереді, публицистикадағы көп
тақырыптылық, проблемалық, тереңдік Мұхтардың - зерттеулеріне,
әңгімелеріне, пьесаларына, повестеріне, романдарына ауысады. Қаламгерлік
сапардың алгашқы кезеңіндегі айтылмыш туындылар — Мұхтар Әуезовтің аса
күрделі жолының беташары.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
а) ЕҢЛІК-КЕБЕК ТРАГЕДИЯСЫ
Дүние жүзі әдебиетіндегі бірталай ұлы шығармалар халық аңызы негізінде
туғандығы белгілі. Көркем шығарма аяғы аспаннан салбырап түсе қалмайды, бұл
— эстетиканың белгілі шындығы. Талант, тәжірибе, біліммен қоса, ең басты,
ең негізгі, ең шешуші фактор — жазушының дүниетанымын, санасын
қалыптастыратын өскен орта, әлеуметтік қоршау. Тақырып беретін де, кейіпкер
ұсынатын да сол орта, сол қоршау.
Өнер мен өмір арасындағы байланыстың бір қырын осы заңдылық айқын
көрсете алады. "Еңлік-Кебек" трагедиясы автордың "өткен өмірді аңсауынан"
туған жоқ. Қаршадайынан құлағына сіңген, өзі жаттаған тамаша аңыз драмалық
шығармаға жақсы материал болды.
Спектакльді қоюшылардың бірінің жазғанына қарағанда екі киіз үй
қатарластырылып тігілген. Қазіргі ұғыммен айтқанда, бірі - сахна, екіншісі
- зал есепті болған. "Еңлік- Кебектің" 1917 жылы, мамыр айында қан
жайлауда қойылған тұңғыш қойылымына жиылган көрермен саны жүзден асыпты.
Абыз болып Зікәйіл, Кебек болын Ақкенже, Еңлік болын Ахмет, Еңліктің
шешесі Қалампыр болып Жағыфар, Жапал болып Жебірейіл, Кеңгірбай болын
Ысмайылхан, Көбей болып Құтайба, Еңліктің әкесі Ақан болып Бастами деген
жігіттер ойнайды. Спектакльді қоюшы режиссер де, ойнаушылардың ұмытқанын
есіне салып жіберетін суфлер де — Мұхтар Әуезовтің өзі.
Әуезовтің творчествосында да, қазақ әдебиеті тарихында да айрықша орын
алған "Еңлік-Кебек" пьесасының тақырыбы, кейіпкерлері, идеясы аса қызықты
мәселе.
Тұңғыш вариант туралы сөйлегенде жүгінеріміз - 1922 жылы Орынборда
басылған кітап, автордың өз қолжазбасы сақталмаған, жоғалып кеткен.
"Еңлік -Кебек" жайлы алғашқы сын мақалалар шығарманың идеялық-көркемдік
қуатын сараптайтын профессионалдық биік деңгейде емес, олар сахналық ойын
туралы қысқа рецензия түрінде келді.
Пьесаның сахнада қойылуына арналып жазылып, "Еңбекші қазақ" газетінің
бетінде басылған үш мақала көңіл бөлерліктей. "Кеше Қазақстан мемлекеттік
ұлт театрында Қазақстанның о жақ, бұ жағынан шақырылған сауыққойлар мен
Қызылорда әуесқойлары тізе қосып "Еңлік-Кебекті" ойнады", - деп жазды
газет.
Мақала авторы спектакльді сөз ету үстінде киім жетімсіздігін, декорация
жүдеулігін сынайды. Сахна жабдығының пьесадагы қалыпқа лайықты болуын,
артистердің образ бітіміне сай киінуін, декорацияның "Еңлік-Кебек" оқиғасы
өткен жерлердің нақты суретін бейнелеуін талап етеді. Тарихи жағынан өте
қажет нәрсе — артистердің аты-жөнін айтпаса да сыншы олардың ойындарындағы
табысты, олқылықты бірсыдырғы көрсетеді. "Кітаптағы оқиға тарихи шын оқиға,
жиналған жұртпен театр үйі лық толды. Қазақстан астанасының Орынбордағы
кезі болсын, Қызылордаға келген соң болсын, қойылып жүрген ойындардың
ішіндегі бір өңдісі болып шықты деген сөйлемдермен рецензент пікірін
түйеді. Бұл мақала қазақ театры сынының драматургияны өкшелеп жаңа туып
келе жатқан алғашқы кезеңіндегі бір нұсқа секілді.
Екінші мақалада Абыз, Көбей, Кебек, Еңлік, Кеңгірбай тұлғаларының қалай
ойналғандығы сөз болады. Мұнда да артистердің аты-жөні айтылмайды. Үшінші
рецензент спектакль жайын сөз етумен қоса трагедияның кейбір кемшіліктерін
көрсетуге тырысады. "Пьесаның құрылысы сахнаға ауырлық көрсетеді" деген
байлам сол кездегі қазақ театры мүмкіндіктерін ескергендігіне дау
турызбайды. Мақалада "Еңлік-Кебек" пьесасында ойнаушылардын аттары
айтылады. Мұның ішінде қазақ театры өнері іргесін қалаған, халықтық
топырақтан шықкан сом таланттар Қалыбек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков,
Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақовтар бар. Бұлбұл көмей ұлы әнші Әміре
Қашаубаев, таудан құлаған селдей тасқынды ақын Иса Байзақов.
Еңлік-Кебекті алғаш орындаушылар қатарында Абықай, Латиф, Батиха,
Оразке сияқты тұңғыш артистер де аталады. Рецензент Еңлік рөліндегі
Жанбикенің ойынын талдап, орынды талап қояды. Артистердің дауыс
мәдениетіне, дикциясына қатысты ескертулер де бар.
Осындай бағалы жақтарымен қоса, бұл мақалада ұшқалақ, орынсыз пікір де
шаң берді. Кейде автор диалогтары жәй салғыласу деп ұғады. Қаһарман
басындағы психологиялық аса шытырман халді ескермегендік-тен сыншы Еңліктің
қоштасу өлеңін қажетсіз дейді. М.Әуезовтің Еңлік-Кебегінің сюжеті
негізінен халық аңызының бұрынғы әңгіме, поэма түрінде келген нұсқаларының
іргесінен тарайды. Екі ел арасында нақты болған оқиғаның драма материалы
екенін ұғыну – жас қаламгердің жазушылық көрегендігін аңғартады.
М.Әуезовтің "Еңлік-Кебегі" 1922 ж. Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна
тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер
сахнасы — көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп М. Әуезов
пьесаны 1943 ж. қайта жазды. Бірнеше көріністер қысқарды. Абыз тұлгасы
күшейтілген. Сөйтіп, шығарманың басты идеясы — лейтмотиві Абызға ауысты.
Оның монологында Асанқайғы сарындары бар. Соңғы актідегі Абыз монологі —
қазақ ақ өлеңінің озық үлгісі. Ғашықтық мотивтері тереңдеген. Жапал бейнесі
қосылған. Соңғы рет "Еңлік-Кебек" 1956 жылы қайта қаралды. Мұнда билер
сахнасы күшейтілген. Шығарма Абыз толғауларынан басталып, осы жырау
толгауларымен аяқталады. Соңғы сөз автордың өз сөзі, өз аманатындай
естіледі. Пьесада "ел" сөзі үнемі қайталанып отырады. Тұтас алғанда бұл
трагедия көп сарынды симфония тәрізді. Пьеса қазақтың ауыр өмірін
көрсетеді. Заманды сынайды.
Ұлттық топырақта драматургиялық дәстүрдің жоқтығына қарамай, басқа елдер
әдебиетінен үйрене отырып, Әуезов жанр шарттарына толық жауап бере алатын
трагедия жасады. Сюжеттік желінің тартылуы, композиция құрудағы шеберлік
қаламгердің драма заңды-лықтарын жақсы білгендігін көрсетеді.
Пьеса Абыз монологынан басталады. Жаратқанның жарлығына ризамын, аз
ауыл тобықтының алақанына салған батагөйі қылды. Сақал-шашым ағарғанша
тұғырымнан тайғаным жоқ. Қарқара би-төре, батыр-балуан әлі де болса
алдымнан өтеді, оң батама ынтық болады. Келе жатқан күндерді, көмескіні
болжасам да болатынына сенеді. Нысан Абыз шынын ақтарып отыр, өзек жарды
сырын айтып отыр. Ру намысы – оның намысы. Кемпірі Таңшолпан – Абыздың қас-
қабағын баққан, соның күйін күйттеген жұмсақ жан. Абыздың Таңшолпан,
Таңшолпанның Абыз туралы сөздерінен олардың өмірінің тыныш жағаға, момын
кәрілік қойнауына қарай бет алғанын аңғарамыз. Абыз ру таласының құйын
додасына бел шешіп түсетін адам емес, сырт көз, жай бақылаушы, бал ашып,
болжам жасар батагөй ғана.
Өз елі батырларының шоқпары жау тобына батым тисе, салқын қоңыр көңіліне
әлдеқандай бір желік, даурық кіргендей болады. Алғашқы көріністерде
Көбейді, Матақты, Кембайды, Абызды туыстыратындай бір жәйт бар. Ол
төртеуінің де өз руларының атын естісе желігіп тұрғандығы. Қарсы елді
қапысын тауып, жерге отырғызып кеткен әр қадам бұлар үшін қисапсыз қуаныш,
зор бақ сияқты.
Кебек аты алғаш рет осы Абызға сәлем бере келген билер аузынан естіледі.
Батырды сырттай мінездеу бар. Сыр сипаты, адамшылық қасиеттері емес,
жаугершілік күндегі білектің күші мен жүректілік айтылады. Сақал-шашы аппақ
қудай, дүние қамынан қалып бара жатқан Абыз да, сөз емшегін сауып, тіл мен
жақтарына сүйенген, өздерінше жұрт намысын жыртқан болып жүрген арқалы
билер. Көбей, Матақ, Кембайлар да түгел – мәз.
Селдей қаптап келіп, қайта басылған матайлар ашу-кегінің себебі алғашқы
көріністерде ашылмаса да, пьесадағы қабырғалы тартыс майданының өрті осы
рулар арасындағы қырсықты бәсекеден лап беретіндігін іштей сезе бастайсың.
Сахнаға Есет батырдың шығуы бұл ойды әбен бекітеді. Ол да киелі шал,
дәулескер балгер Абызды іздеп келген.
Кеудесі басылмаған батыр дауылдай ұйтқиды. Кездескелі ізденіп жүргенім
- өзіңсің батырың Кебек, - деп салады Есен. Абыздың өзімен ұстасып,
кесесіп кеткенін жасырмаған түрі бар.
Басында Көбейлердің айтуында, ержүрек қаһарман боп суреттелген, соңынан
Есен аузында оның ата жауы боп көрінген Кебектің Абыз алдына келу
көрінісіне жіті көз тігіп қаласың. Кебек биязы, сынық мінезді қалпын
танытады. Шусыз, даңғазасыз салқын сабыр бар бойында. Өз қайратына сенімді
адамдарда болатын жақсы ірілік.
Оқ астында, найза ұшында, кездесіп қалып жүруші ем. Ажал күнім қашан
екен, соны болжап берсеңіз деп ем - дейді Кебек характерін өзінше
пайымдап, оның аузына соған лайықты сөз салғанымен, Әуезов бұл көріністе,
негізінен Еңлік-Кебектің бұрынғы нұсқаларындағы дәстүрлі арнадан
алшақтамайды. Абыздың: Аруағың өрмелеп келе жатқан ұлымсың, жаман-жақсы
сөз естіп жабығып қалмасаң, - деуі де тұрақты канон.
Қобызын алып сарнап, бал ашып ақыры былай дейді: Қырда ма, тауда ма,
таста ма, кешікпей бір қызға кез боласың, сол қызбен қосылып қызық, ұзақ
дәурен сүресің. Рас, бұрынғы варианттарда Абыз Кебектің өлімін кесіп
айтса, Әуезов пьесасында ол жоқ. Бірақ жазмыш бұйрығы, тағдыр күші деген
жалған, қажетсіз сарынды мүлде алып тастай алмаған.
Абыз бата береді. Бірінші перде сонымен бітеді. Оның өзі де, кемпірі де
бұдан былай оқиғаға араласпайды. Алғашқы пердеде Еңлік-Кебектің бұрынғы
варианттарынан не бар деген сұрауға жауап іздесек, мынаны айтуға болар
еді: бірақ деталь – Абыздың Кебекке бал ашуы. Қалған ситуацияларды: Абыздың
үй-ішілік тірлігін, кемпірімен қарым-қатынасын, Көбейлердің ел арасының
әңгімесін айтуы, Кебекті сырттай мақтауы, бата тілей келген Есен батырдың
қылығы – түп-түгел соны жайлар, жаңа ситуациялар.
Қаһармандар характері бір-бірімен қақтығысқа келіп, пьесадағы өзекті
конфликті жылжып кетпегенімен, бірінші пердеде үш түрлі мінез-құлық
ерекшелігін көреміз. Ру намысы деп қау көкіректерін соққан Абыз, Көбей,
Матақ, Кембайлар бір төбе болса, маңдайына тас тимеген батыр Есен мақтан
күйттеп ол отыр, ашылып ақтарылмаған сыпайы батыр Кебекті іш тартасың.
Нөсер төгер қара бұлттай тартыс қатайып келеді. Не болар екен?
Ақанның үйі. Қысқы көз, айнала киіз ұстаған. Найза, шоқпар, ұсталған
шымылдық. Ортада қазан асулы. Қалампыр от жағып отырады. Ақанның қолында
таяғы бар.
Бұл ремарка болатын оқиғаға фондық қана қызмет атқармайды, сол дәуірдің
тұрмыс кескінін де көзге елестетеді. Еңліктің әкесі Ақан, шешесі
Қалампырдың от басы ошақ қасындағы күңкілінен олардың өмірінен, мұң-шер,
қайғыларынан хабардар боламыз. Бұлар ұл жоқтыны зар тұтады. Есенмен Ақан
үйінде және кездесеміз. Алғаш ұшырасуда сыр берген даңғой батыр сол қалпы.
Қыз әкесіне: Еңлік бұл күнге шейін жауап берген жоқ. Сөзге сараң бойына
дарытпайды. Бүгін өз аузынан байлаулы сөзін естігелі келдім, - деп тағы
да рабайсыздыққа басады. Еңлік пен Есен арасындағы алғашқы шарпысу – шебер
жазылған реалистік, психологиялық диалог. Қыз бен жігіттің әрі характерлері
ашылады, әрі тартыс өрбиді.
Даңғой Есен тікесінен қойып қалады. Сөзді қырмызыдай талдап жату оған
бітпеген қасиет. Бір сезім күйінен екінші халге ауысуы да оңай. Тұтануы да
тез, басылуы да тез. Есен осалдылығын біліп алған Еңлік соған орай тіл
қатады. Әйтпесе оның теңі даңғой, мақтаншақ, ұрт, аңғал Есен бе еді. Сөзбен
алдарқатып, маңына жуығудың амалы. Ізін аңдып, қыр соңынан қалмай жүрген
Есен ашылды ақыры. Айтты. Көкейін тесіп жүрген көмей ойын шығарды сыртқа.
Бітеу жара жарылды. Енді сөздің басы ашық. Туыс намысы емес, Есеннің қуып
жүргені өз күйі. Еңлік сезімінің тұнық айдынын Есен атқан қара тас толқын-
толқын етті.
Күрделі психологиялық сәт. Есен сөзін Еңлікті еркелетуден бастап,
қорқытумен аяқтады. Жас сұлуды құшу үмітінің жіңішке сәулесі жылтт етті де,
сөнді. Сақтап келген көмбесін Есен батыр ашуы мұң екен, шайпау қыз бас
салды: Әдепті бол. Қайынағалық жолыңды біл, - деді-ау. Бағынуы, илігуі
жоқ, кеуде қаққан өр қыз. Тосты, күтті Есен. Кімді-кім...
Қыз жүрегі тулап тұр. Қызылға шүйліккен құзғындай Есен түрі әлгі. Тұра
ұмтылса, оның қолынан қорғансыз қызды кім алар. Арашалар дос қайда.
Паналайтын тұс қайсы. Үйден шыға алмай шөгіп қалған қарт әке ме. Бойы дір
еткендей. Жабы болып, жерге қарап өскен жоқ Еңлік. Келер сөздің кезегін
жібермейді ешкімге, тайқи соқты деп Есеннің өзі де айта алмас. Алдағы
күннің не дайындап тұрғанын көріп алар.
Бір ілмек тартыс байланды. Есен-Еңлік арасы. Есен алам дейді, Еңлік
бармаймын дейді. Мүмкін, Есен сезімі рас та болар, бірақ Еңлік көңілі оған
аумаған. Қайшы тілектер тартысы. Конфликт дегеніңіз де осы ғой.
Драматург Еңлік пен Кебектің тұңғыш кездесу сәтін психологиялық жағынан
жақсы дайындаған. Еңлік басына бұлт үйірілген. Сүйіспеншілікті аңсаған жас
сұлу өзі ұнатар, жүрек қалар жан кезіксе, қалтқысыз құшақ жаярдай. Кебек
атты жас батыр даңқы шар тарапқа жайылып, Еңлікке де жетті. Батыр ғана ма.
Төрт құбыласы түгел келген сегіз қырлы дейді ғой. Жұрт мақтаған жігіт қызға
жақпасын ба. Көрсе өзін. Бірақ ол жау рудан, жаттан емес пе.
Сол Кебекпен Еңлік өз үйінде кездесіп отыр. Аң қуған батырды тағдыр өзі
айдап келді. Сөз саптасы, жүріс-тұрысында басқаны былай қойғанда, әйтеуір
батыр атаулының дерті тәрізді мінез – тасырлығы жоқ екен. Еңліктің өзі,
әкесі, шешесі, қойшы Жапал болып төрт жақтан қыстаған соң, Кебек қонақ
кәдесі ретінде бір әңгіме айтады. Қоспасыз, желіксіз баяндау. Есен болса өз
басының ерлігін қара борандатып, көбейтіп, өсіріп айтар еді.
Рас, Кебек әңгімесі пьесаның динамикалық жағын әлсіретіп тұр. Есен мен
Еңлік шарпысуын жақсы драматургтік шеберлікпен берген М.Әуезов Кебек пен
Еңліктің тұңғыш кездесуін көрсеткенде, ол биіктен шыға алмай қалады. Автор
бұл көріністі психологиялық жағынан тиянақты дайындап әкелсе де, Еңлік пен
Кебек диалогтарын бұрынғы дәстүрлі ретпен, әсіресе Жолсыз жазадағы
пайымдауға ұқсас өрбітеді. Жолсыз жаза поэмасында:
Еңлік айтады:
- Әй, батыр, сен жатырсың ұйқың қанбай,
Мен жүрген бір сорлымын бағым жанбай.
Көрінгенге көз сүзген көрсе қызар
Әдепсіз көз дейсің-ау әлдеқандай.
Кебек айтады:
- Әй, Еңлік, сөзің рас, нандым саған,
Бәрін ұқтым, жерім жоқ байқамаған.
Артқы өмірді әзір біз қоя тұрып,
Ойнап-күлсек қайтеді біраз заман.
Қаза келсе малдыдан мал таймай ма,
Ажал жетсе батырдан жан таймай ма.
Азар болса күйеуің жастау шығар,
Жарлы байып, жас өсіп қартаймай ма.
Жас түзеліп, түрленіп ер жетпей ме,
Бойындағы балалық бір кетпей ме.
Асыққандық емес пе, осы сөзің,
Жақсы әйел жан ерді түзетпей ме.
Ал Еңлік-Кебек трагедиясында:
Еңлік: Батыр, бері таман кел. Менің әлгі айтқан арызымды тыңдап кет.
Ұйқыңыз қанар. Бүгінсіз де түн бар ғой. Аз сөзіме көңіл бөл. Көрінгенге көз
сүзген әлдеқандай қыз деп тұрған шығарсың. Бірақ сен батыр болған соң, мен
шынымды айтсам түсінер деп отырмын.
Кебек: Еңлікжан, сөзіңді ұқтым, бірақ бүгінгі күннен үзілді-кесілді сөз
байлап, алды-артымызды тұйықтамасақ болмай ма. Жастықтың да достығы бар
емес пе. Соны аужал қылсақ қайтеді. Күйеуің жас шығар. Жас өсіп, жарлы
байымай ма? Жаман болса, жаман еркекті жақсы ұрғашы түзетпей ме.
Жолсыз жазадағы Еңлік пен Кебектің диалогы ретінде келген шумақтарды
Әуезовтің пьеса жазу үстінде пайдаланғандығы анық байқалады. Драматург жеке
тіркестерді, сөйлемдерді алып, өз қалауынша қайта құрастырған, қажетіне
жаратқан.
Есен-Еңлік арасы, Кебек-Еңлік арасы айқындалады. Тартыстың бір қиырында
Еңлік, қарсы басында – Кебек. Сырттай қамшы сілтескен орайлары бар. Драма
заңдылығы бұл полюстердің түйісуін талап етеді. Қилы қалыптағы
характерлердің бір мақсатқа ұмтылуынан туған конфликтіні құнттау шарт.
Қысылып-қымтырылып жүріп, булығып барып бұрқ еткен сезім алауы Еңлік
көкірегін жылы нұрға малған. Арыстанның аузына тартылып бара жатқандай
халден құтқарған – Кебек. Риясыз, күнәсіз жастығын батыр жолына бағыштау
ендігі өмірдегі тілек-қолқасы.
Тағы Есен. Драматург қалың тартыс ортасында бұл екеуін әдейі
түйістіреді. Осының алдында сес көрсетіп, дүрдиіп жөнелген Есен ашуы
тарқамағандай, ызғар шашқан беті бар, дағдылы бүлік.
Есен, Есен. Даңғой, мақтаншақ, өркөкірек Есен. Екі қайырымға келмей,
оңай алдауға түсіп қалар аңғал, аңқау, бала мінез Есен. Бар қылығы өз
бойына шақ батыр Есен.
Кебекпен серт байласып, уәде қылған Еңліктің Есетті алдарқату көрісіне
комедиялық шуақ күші бар. Сахналық жағынан өте сәтті ситуация.
Тартысты үсті-үстіне ширықтыру, психологиялық кризиске жаңа түрткі беру,
сөйтіп қаһармандар келбетін кескіндеу реалистік драматургияға етене нәрсе.
Әлем драматургиясындағы толып жатқан ірі характерлер осы тәсілмен
қалыптасқаны аян.
Қаражастас түбінде Есен, Еңлік, Кебек кездесіп қалады. Осыған дейін
үнемі контрастыда алынып келген екі батыр түйісті. Абыз алдына әуелі Есен,
соңынан Кебек барады. Еңлікке Есен тізе батырса, Кебек құшақ жайды. Жан
дүниелері, ішкі сарайлары, сезім-түйсігі, ақыл-білімі бір-біріне кереғар.
Дуэльге шыққандай Есен, Кебек. Бұл кездесу Еңлік-Кебек пьесасындағы ең
күшті ситуацияның – сахналық эффектісі орасан зор, диалогтары өте шыңдалған
тұстардың бірі.
Есен Кебекке, Кебек Есенге ұқсамайды. Бұл екеуінен Еңлік алабөтен.
Әрқайсысының сөзі олардың характерін дөп басып танытады. Диалогтар оқиға
дамуына қойылған от сияқты. Сырттай тістесіп, білектің күші мен жүректің
сұстылығы ғана емес, жар сүю бақыты табалдырығы алдында бақ сынасып қалған
батырлардың қордаланып жиылған ашу ызасы да, көкірек кергізіп жүрген менмен
өзімшілдігі де аяқ астынан жарылады. Тамаша!
Біріне сеніп, сүйіп, серт беріп, жар тұтса, екіншісін арқадан қағып,
аңғал деп, алдаусыратқан қыз желді күнгі өрттей жалыны бет шарпыған қос
аттың ортасында қалды. Тар кезең, тас босаға. Характер дойыры қалай-қалай
сермелді. Қылыш жүзіне табан басқан қыз қадамы не болмақ.
Айлалы Кебек Есен көзінше Еңлікті мүлде танымаған, білмеген кісі сияқты.
Сөзі Еңлікке арналғандай болғанмен, жалыны Есенді шарпып тұр. Қазақ
дәстүріндегі қайынағалық, келіндік жолына мегзейді. Кебектің ащы кекесіні
тартысқа, белдесуге бастап отыр. Мұндайдан соң ойшыл мінезді, басынан құс
ұшырмайтын Есен шыдап қалмауы керек, оның характерінің табиғи логикасы сол.
Кебек мақсаты сөз жарыстыру емес. Есеннің ішкі сарайын аңдау. Өресі мен
ауқымына, деңгейі мен тереңіне құрық тастап байқап көру. Еңлік алдында Есен
мінін бетіне басу. Әлдекім, тентіреген бөтен рудан өзі. Шыдамас Есен бұған.
Қанды қара қанжардай шартта-шұрт келіп қалған батырлардың арашашысы –
есті Еңліктің жалғыз ауыз сөзі. Қылықты қыз екеуіне де байсал табар жөн
айтты. Аяқ астынан болғалы тұрған өлімді тыйып тастады.
Шын батыр уәдесінде ұдай тұрар,
Кездесіп қира кезік тұрған шығар.
Бой беріп сабыры мен ақылына
Уәделі сәтті тосып әлі шыдар.
Жалғыз ауыз өлеңмен Кебекке сыр аңғартады, қыз бойында жарасымды наз да
жоқ емес. Бірін-бірі таптап тастар кекпенен тұра ұмтылысқан батырлар Еңлік
лебізінен кейін сабаларына түскен секілді.
Есен (теріс қарап). Маған айтқан жұмбағы ғой. Уәделі үш күніне шыдармын.
Кебек: Маған айтты. Кетіп қалма, тос дегені.
Қыз емеурінінен ашу жүзіне түскен болар-болмас шуақ сәуле бар. Есен-
Кебек арасы күн мен түндей. Арада бұрын әлдеқандай буалдыр болса – айықты,
жіп болса – үзілді. Екеуі екі жартас басында. Ортада өшпенділік өзені. Я
өлім, я өмір. Еңліктей аруды не Есен құшады, не Кебек құшады. Жол біреу-ақ.
Не Есен Кебекті өлтіреді, не Кебек Есенді өлтіреді.
Трагедиялық конфликт қыл шылбырдай ширатылып барады. Кездессек сол
жерде оң-терісімізді найзаның ұшы, білектің күші айырсын, Есеннің соңғы
сөзі, батырлардың серт сөзі. Кебек пен Есеннің кездесіп қалған сәті Еңлік
үшін қияметтің қыл көпіріндей еді, құтылды одан.
Аңсап тапқан жары, жалғызы – Кебекпен тартты сапарға. Баянды, ұзақ өмір
болғай. Махаббаттың жалын құшағандай тірлік тілейді тағдырдан. Өртеніп
табысқан жан досы үшін ата-ана, туған жер, ыстық ұя – бәрін қиды дүниенің.
Сезім күйінің тоқсан тоғыз тамырды солқылдатқан сыры. Қош, ел. Қош,
балалық. Енді Еңлік Кебекдікі.
Ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық поэзияның дәстүрлі ізімен астасып
жатқан Еңліктің қоштасу өлеңі жүректі сыздатып, көкіректі қысады. Не бар
бұл өлеңде?
Қыз жаны жасырын құпиясының ашылып қалған сыры бар. Бойжетіп,
сүйіспеншілік шоғына өртеніп, махаббат дариясына құлаш сермеп, қиын қырға
беттеген жанның мақсат-бағдарсыз өз бетімен тартып бір кеткен күйі ғой,
Шідер үзіп бара жатыр. Өріс қайда, бет қандай. Кешір дейді ата-ана. Бәрібір
еркелікпен, баяғы бала күндей тағы келіп асылса мойынына, тастар ма еді,
қияр ма еді.
Мұң боп төгілген көздің жасы бар. Күрсініс боп шыққан шердің уы бар.
Жылап тұрып күлген, ертеңінде ұмтылып буыны босаған, сүйіспеншілік қызуына
балқыған жастың мұңлы күйі, жүрек жарды сыры бар.
Тыңдайық Еңлік сырын:
Ата-анам, ақ батаңды аттап кеттім,
Тентек ел талқысына тастап кеттім.
Болсам да шұбар жылан іштен шыққан.
Қарғамас деген сенім сақтап кеттім.
Туған ел, амандасам жас-кәріңе,
Бірге өскен құрбы-құрдас, дос бәріңе.
Жарасқан әзіл-сауық, аға, жеңге,
Аласың мені не деп естеріңе.
Аман бол, Найза шоқы, тоғайлы өзен,
Өрістен қой асатын тұмсық кезең.
Бөрлі мен батыр шыққан Қарауылым,
Ен дала көркі болып жалғыз безен.
Білмеймін қандай асу жолда жатыр,
Құзба екен, қия ма екен таңдай татыр.
Сыйынып аруақ пенен бір құдайға,
Ұстадым етегіңнен, баста батыр.
Еңлік пен Кебек бостандық жағасы, бақыт мекені, сезім еркіндігі қайдасың
деп тартып кетті. Есен – Еңлік – Кебек линиясындағы конфликт байсал тапқан
сияқты.
Еңлік пен Кебек қылығын екі ел дауының сылтауы етіп ұстаған билердің
шешендігі, орақ тілді, от ауыздылығы салған жерден таңқалдырады. Алыстан
орағытып, қара бояумен түнерте жүйткіген Кеңгірбайдың ұзақ монологы іркес-
тіркес. Көзге түртсе көрінбес қара түндей қап-қара пәлекет ортасында қалған
қабан би қарманғандай: қорықпаса қайран жоқ, кешегі өзі салған ойран, өзі
жасаған тепкіні сонау Найман қайта әкеле жатыр.
Ашуды намыспен жанып, оған кектің уын құйып, ізденіп жұлқынып келеді
жау. Дұрыс болсын, бұрыс болсын өктеген соң, жеңсін би. Көкіректі
бастырмай, дұшпаныңды жер қылып, таптап шауып, табаныңа салып өт. Солдағы
тағдырдан тілер бір тілек – зор тілек. Кеңгірбайдың қабырғасында Кебектің
өлімі, я бір Матай қызы тірлігінің өшуі батып бара жатқан жоқ. Өз намысы.
Сынбаса дейді өз сағы.
Екі ел билерінің сөзбен балталасатын көрінісі сахналық әрекетке өте бай.
Баста Кеңгірбай бір жаққа кетеді. Қараменде келеді; наймандардың алғашқы
бүлігі – таяқ жеген тобықты жігіті; дау, Қараменденің сөзі; Есеннің
жұлқынып тұруы; тоқтам, сырттағы халық үні; Кеңгірбайдың қайта оралуы;
Қараменденің шекісуі; ақырғы байлам – ішкі әрекет те, сыртқы әрекет те мол.
Қорғасын оқтай тиген жерін ойып, күйдіріп, тесіп кетіп жатқан сөздер.
Аспанға шапшыған ашу да, қапияда жол тапқан тапқырлық та, өрісі биік ой да,
бұлтартпас логика да, кегежеден тартқан кесірлік те, тапталып жатып,
мойынсұнбаған ерлік те – бәрі де бар. Қиын-қыртыс характерлерді дәл
бейнелеген тамаша драмалық тіл.
Тура тұрысатын жеріңді айт, менің қолым жасанып дайын тұр. Ақыры
батырын қимайды екен ғой, онда дауды қан майдан шешсін. Ірісініп, жалын
күдірейткен, сөзден ұпай жібермей Еспембетті шаужайдан алған Көбейдің
аузына құм құйылған-ды.
Бір сәт сөз түйіні осымен тынып, тартыс тұйықталғандай болады. Бірақ
М.Әуезов тартысы сатылап өрістейді, ең қиыр, шырқау шегіне жеткенше табиғи
заңдылығынан өрбіте өсіреді. Біткен, тынғандай сыңай танытқан екі ел
дауына ара-ағайын Қараменде килігеді. Үш үлкен ұзақ монологтан бұл бидің де
ау-жайын түйеміз. Ол жайлы, жайсыз бәйгеге талай шапқан кәрі тұлпар,
ділмарлық пен шешендік таласының небір қалтарыс-қолтығы, ұңғыл-шұңғылы көне
көзден әлі қағыс қала алмайды.
Қараменде Еспембеттей нойыс, бірмойын, кесір соққандай қырсық та,
Көбейдей майтабан жалтақ, солқылдақ та емес, тұп-тұтас беріліп кетпесе де,
бір бүйрегімен жұрт қамын қоса ойлар, әділдікке бой ұрған би. Бірақ сол
әділдігі ел аман, жұрт тыныштығы, күннің бетін бұлт бүркемеген шақтағы
ауызбен айтылған әділет. Қиянаттың қияңқы бораны түтеп кеткенде, атқа қонар
Қараменде жоқ, оған да өз басының тыныштығы қымбат. Кәрі құлақ, көне көздер
есінде ғана қалған сонау алыс заманды, өз заманын марапаттай, қолпаштай
айтқан Қараменде Еспембеттерді жер қылады, табанға басады. Адам танығыш
сұңғылалығы салған жерден айқын. Найман биін де Тобықты биін де басқа
соғып, көзге шұқып, ат қойып, айдар тағып береді.
Бейне дүние тұтқасын ұстағандай, ақ-қараны ажыратар қазыдай боп отырған
билердің айдынынан Есен қаймықпайды, қайта олардың төбесінен қараған дүлей
ірілік пен кеудемсоқтығы атой береді. Есен сөздерінде алыстан орағыту,
астарлау, шендестіру, теңеу, әр түрлі қиянға соғатын емеурінді егес,
кекесін сияқты билер тіліне хас компоненттер жоқ. Ол тоқ етерін айтып қарап
отырады. Тобықтылар түгіл, өз ағайыны Еспембетті аяп қалар Есен жоқ. Шегіне
жетті, соры қайнап, сорпасы төгілді. Есесі Кебекте.
Еңлік, Есен, Кебек арнасындағы конфликті қайтадан қабарып, ісініп кетті.
Кебек Есеннен Еңлікті тартып алса, Есен Кебектен өмірді тартып алмақ.
Ситуация трагизмі Тобықты билерінің соңғы кеңесінде тіпті күшейе түседі.
Масқара қырсық – рулық тартыстың жылдар бойы бітпей келе жатқан жарасын
Кеңгірбай да, Қараменде де бір-бір тырнап өтеді. Олар қыл үстінде тұрған
Кебек пен Еңлік тағдырын былай тастап, бірін-бірі бас салады. Кәрі арландар
ескі кекті ұмытпаған. Жас батырды арашалап, қорғап қалу орнына аз Тобықты
өзара қырқысады. Соңғы байлам, билік Кеңгірбай аузынан шықты – Кебекті
қорғамайды.
Тұтас әрекет, асқынған жеріне жеткен түбірлі конфликт ай-шайға
қаратпастан пьесаның соңғы актісінде романтикалық махаббат иелері өмірінің
ақырғы сәттерін бейнелейді. Иесіз жатқан Еңлік пен Кебек диалогтарында
ыстық тірлік, қызық дүниені сүйіспеншілік үшін, бостандық үшін құрбан еткен
жүрек жарды сырлары ашылады.
Тобықты билері табан тірерге жарамай, опасыздықпен ит-жемеге тастағанын
Кебек те, Еңлік те сезбейді. Ұстасудың трагедиялық шешімінен олардың
хабарсыздығы бұл көріністің сахналық эффектісін, психологиялық әсерін
ұлғайтып, екеуіне деген симпатияны тереңдете түсірді. Ұстасудың әбден
шешіліп бітер кезіндегі характерлердің құбылысы, өлім жарқабағында тұрған
сәттегі жан дүние ситуацияға терең байланыстырылып заңды кескінделеді.
Мен қаһарманымның жүріс-тұүрысын, мәнерін, даусын, ең аяғы түймесіне
дейін көз алдыма әкелуім керек. Содан кейін тағдыры байсал тапқанша, мен
оны уысымнан шығармаймын деп Генрих Ибсен жазған екен. Ұлы драматург
шығармашылық психологиясының бір қырын дөп басып айтқан. Расында да, шын
суреткер бейненің ішкі шындығына қайшы келетін дүниені жамап-жасқамайды. Әр
уақытта характердің табиғилығын, шын өміршеңдігін зерлеп, оған қысас
жасамайды, өз жанынан зорлап ештеңе таңбайды.
Характердің толық ашылып, тұтас көрініс беруіне ситуация, драмалық
жағдай әсер етсе, екінші жағынан ол ситуацияның жаңаруына, басқаша қалыпқа
түсуіне өз тарапынан ықпал жасайтын күш -–характер. Әсіресе, драматургия
жанрына хас бұл заңдылық. Еңлік-Кебек трагедиясында айрықша анық
көрінеді.
Еңлік-Кебектің аса құнды қасиетінің бірі – қаһармандардың жан-
жақтылығы. Негізінен ұрт мінезді көрінген Есеннің өзі әр түрлі халден,
күйден хабар береді. Ол жар сүюге ұмтылады. Еңліктің қалай ойлайтынында
шаруасы жоқ, өзі ұнатты – бітті.
Қаламгерлік кемелденуінің сапалы белгісі – ат көпір жазып тастай салу
емес, пісіру, жетілдіру, ширату. Осы қасиетті дәстүр Әуезов өнеріне тән
нәрсе. Таланты марқайып, білімі ұлғайып, ой-өрісі кеңейіп, шығармадан
шығармаға өскен, үлкен жазушылық мәдениетке ие болған Мұхтар Әуезов
драматургиясындағы тырнақалдысы Еңлік-Кебекке 1943 жылы бір, 1956 жылы
екінші рет оралып, пьесаға мол өзгерістер енгізді, қайтадан өңдеп шықты.
Пьесаның 1943 жылғы нұсқасында драматург аса үлкен шығармашылық
табыстарға жетті. Оның бірі – Абыз бейнесінің бұрынғы нұсқасындағы күйінен
мүлде жаңа, басқа кемерге ойысуы. Драматург ауыз әдебиетінің кең таралған
үлгі – үлкендердің жастарға, өзінен кейінгі өкшелестеріне тілек етіп, бата
беру дәстүрін келісті пайдаланып пьесаға сәтті енгізді.
Трагедияның ең басты тартыс шиеленісінің бірі – Есен, Еңлік, Кебек
арасындағы ситуацияда Жапал атқарар қызмет осал емес. Ашығын айтқанда, оның
өзінің жан дүниесі, сезім күйі, ой-өрісі, адамдық қалпы осы орайда көрініп,
мол қырынан танылады.
Драматург күрделі психологияны, бір сезім күйінен екінші сезім күйіне
ауысу сәттерін, ойдан туған ойды, ұшқыр қиялдың шарықтау процесін Жапалдың
алғашқы монологымен шебер береді.
Академик Сәбит Мұқанов: Еңлік-Кебек трагедиясы өзінің ең сүйікті
шығармасы екенін айтты. ӘУел баста халықтық аңыз негізінде туған Мұхтар
Әуезовтің Еңлік-Кебек трагедиясы талант құдыретімен әлденеше рет
сараланып, жаңғыртылып, байытылу арқасында жасаған кесек-кесек
қаһармандары, шыңыраудай терең ой-әуендері, ғажап шұрайлы тілі бар
классикалық пьесаға айналды.
ә) ҚАРАКӨЗ ТРАГЕДИЯСЫ
Қаракөз трагедиясының алғашқы нұсқасының жазылуы, әдеби сында
бағалануы, кейінгі тағдыры деген мәселелердің басын топтап, жинақтап
ойланған кезде, ең алдымен, уақыт талабы, дүниетаным және шығарма
проблемасы толғантады.
Әр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz