Ақша және қаржы нарығы туралы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

а) Ақшаның негізгі мәні. Ақша айналыс заңы.

ә) Қаржы нарығының маңызы. Қаржы нарығының жұмыс

істеуінің негізгі алғышарттары.

б) Қазақстан Республикасындағы ақша және қаржы нарығы.

III. Қорытынды

Ақ ша дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекеше тауар. Яғни ақша - тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнәін К. Маркс « жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:

Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.

Екіншіден , әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.

Үшіншіден , айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құны түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.

Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну құны мен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. өйткені, егерде тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады.

Ақша айналыс заңы - құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар - ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына, екіншіден, ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді.

Ақша айналыс заңының мәні - ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері счатылуға тиіс тауарлар бағасының көбейтіндісін бір аттас ақша өлшемінің айналым санына бөлгенге теңесуі керек.

Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп, несиенің дамуы дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды.

Экономикада сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлдеқайда кем ақша жиыны жүруінің себебін төлемеушілік проблемасының болуынан. Бірақ бұл Қазақстанда және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өту үшін мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік проблемасын жай ақша жиынын ұлғайтумен шешілді дегенді көрсетпейді. Өйткені төлемеушіліктің көптеген себептері бар: төлем тәртібінің босаңдығы, төлемеушіліктің тізбегінде әлеуметті күйреушілердің болуы, күйреушіліктің тиімді тәжірибесінің болмауы, жеке меншіктендіру үрдісінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамымауы және т. б.

Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. Ал ақша айналысына әсер ететін жағдайлар мыналар:

  • несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
  • қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
  • ақша айналысы санының өсуі.

Айналысқа ақша екі түрде шығарылады, эмиссияланады: қолма - қол ақша, яғни айналымдағы банкноттар және ұсақ тиындар; банктік айналымдағы ақша түрі яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші түрі, яғни қолма-қол ақшаның монополиялы құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, қолма-қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер жүйесі шығарады. Ақшаның екі түрі бірімен-бірі тығыз байланыста жүреді. Егер банк клиенті - шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма-қол ақша түрінде алса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты қолма-қол банкнотқа айналады. Керісінше, клиенттің шотқа жазу арқылы банкке ақша соммасын салуы қолма-қол ақшаның банктік айналымдағы ақша түріне айналуын көрсетеді.

Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің екіншісіне ауысыуы жалпы ақша жиыны құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша жиыны ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша жиынының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады .

Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының сабақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтың қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа рыноктармен етене байланысты. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субьектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады .

Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі . Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.

Қаржы нарығы - құнды қағаздар аиналысына баиланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы . Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т. б капитал жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде . Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте. Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.

Қаржы нарығының ұғымының көбінесе кең түрде оған ақша, несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі. Мұның өзі қаржыны ақшаға тең санат ретінде қарастыратын дүниежүзілік практикаға байланысты.

Несие нарығы банктердің орташа және ұзақ мерзімді несие жөніндегі банктік несие операцияларына байланысты, бұған коммерциялық несие де жатады .

Қаржы нарығы негізінен ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелер немесе куәліктер нарығы болып табылады. Қаржы нарығын кейде қор нарығы деп те атайды.

Қаржы нарығы қызметінің алғышарттары мыналар болып табылады:

  1. Бәсекені дамытып, монополиялық үстемдікті шектеу мақсатымен меншіктің барлық формасындағы, соның ішінде мемлекеттік сектордың, материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындардың бастапқы шаруашылық буындарына неғұрлым кең дербестік беру;
  2. Қаржы ресурсын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін қысқарту; өндірістік күрделі жұмсалымды орталықтан қаржыландыруды азайту, кәсіпорындар арасында қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою;
  3. Шаруашылық субьектілері мен халықтың құнды қағаздарға салынатын ақшалай табыстарының өсуі;
  4. Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды доғару; республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік займдар шығару арқылы жабылады.

Қаржы нарығы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, керісінше, құнды қағаздар шығарады, олар нарықта еркін жүреді және қамтамасыз етумен айқындалады.

Экономикалық реформа үрдісі барысында қор нарығының қалыптасып, жұмыс істеуі экономика дағдарысынан және онымен қабаттасқан инфляциядан болған қиындықтарға кезігуде.

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын-соңды болған емес.

Қаржы нарығында сатып алу-сатудың обьектілері айырықшалықты тауарлар - ақша және бағалы қағаздар болып табылады.

Қаржы нарығында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады.

Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және лоарды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл-әміршіл экономикаға тән «сатылас» әдістің орнына «деңгейлес» қозғалыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.

Ақша - төлем немесе халықаралық айырбас құралы. Ақша нарығындағы өзара қор тек 1973 жылы ашыла бастады. 1982жылға дейін банктерге ақша нарығына активтер шығаруға рұқсат берілмей келсе, кейіннен мұндай депозиттер банктерге жедел түрде құйыла бастады. Ақша сұранысы - нақты балансқа сұраныс, оның саны емес, сатып алу қабілеті бар, оның негізгі анықтамасы төлем құралы болып табылуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы және ақша нарығы
Қаржы нарығының құрылымы және оның негізгі бөліктері
Қаржы нарығының түсінігі және экономиканың дамуындағы оның маңызы
Қаржы нарығы туралы ұғым
Қаржы нарығының құрылым
Қаржы (қор) нарығын зерттеудің теориялық негізі
Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары
Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның ұғымы
Қаржы нарығы туралы ұғым және оның құрылымы
Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz