1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс жағдайындағы қазақ ұлттық зиялы қауымы туралы



1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім:
А) 1916 жылғы ұлт.азаттық қозғалысының басты себептері
Ә) көтерілістің ерекшеліктері
Б) ұлт.азаттық көтеріліс жағдайындағы зиялы қауым

3. Қорытынды
1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей халықтарына аса ауыр қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Соғыс жылдарында жергілікті жерлердегі патша шенеуніктерінің озбырлығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусіз өсті. Қазақтардан, бірінші кезекте Сырдария және Жетісу облыстарында жерлерін жаппай тартып алу жалғастырылды. Бір ғана Жетісу облысында соғыстың алғашқы 3 жылында 1800 мың десятина жақсы жайылымдар мен егістік алаптар тартып алынды, ал осы жерлердің нағыз қожайындары қазақтар шаруашылық жүргізуге онша жарамды емес, немесе мүлде жарамсыз шөл немесе шөлейт аудандарға күшпен көшірілді.
Соғыс орасан көп мөлшерде шикізатты, азық-түлікті, малды және басқа да материалдық құндылықтарды жалмап жұтты. Шаңырақтарға жаңа әскери салық енгізілді. Соғыс басталған соң жергілікті халыққа салынатын салықтар 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда 15 есе өсірілді.
Егіс алаптарының қысқартылуы нәтижесінде ауыл шаруашылық өндірісі сұмдық құлдырап кетті.
1916 жылдың ортасына қарай патша өкіметінің қазақ халқынан тартып алған жерінің жалпы көлемі 45 млн десятинаға теңелді.
Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі, соғыс кесапаты – халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық, ашаршылық еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті және өлке халқының әр түрлі топтары тарапынан белсенді наразылық туғызды.
Соғыс жағдайларында «Қазақ» жалпыұлттық газетінің төңірегіне біріккен қазақтың либерал-демократиялық зиялыларының жетекшілері - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және олардың жақтастары, сондай-ақ қазақ зиялыларынан шаруа-демократиялық бағытты жақтайтын М.Сералин, Б.Майлин, С.Дөнентаев және басқалар сынды «Айқап» журналының төңірегіне топтасқан өкілдері басылып шыққан сөз арқылы өздерінің халыққа ықпалын нығайтуға ұмтылды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім:
А) 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басты себептері
Ә) көтерілістің ерекшеліктері
Б) ұлт-азаттық көтеріліс жағдайындағы зиялы қауым

3. Қорытынды

1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей халықтарына аса
ауыр қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Соғыс жылдарында
жергілікті жерлердегі патша шенеуніктерінің озбырлығы мен зорлық-зомбылығы
өлшеусіз өсті. Қазақтардан, бірінші кезекте Сырдария және Жетісу
облыстарында жерлерін жаппай тартып алу жалғастырылды. Бір ғана Жетісу
облысында соғыстың алғашқы 3 жылында 1800 мың десятина жақсы жайылымдар мен
егістік алаптар тартып алынды, ал осы жерлердің нағыз қожайындары қазақтар
шаруашылық жүргізуге онша жарамды емес, немесе мүлде жарамсыз шөл немесе
шөлейт аудандарға күшпен көшірілді.
Соғыс орасан көп мөлшерде шикізатты, азық-түлікті, малды және басқа да
материалдық құндылықтарды жалмап жұтты. Шаңырақтарға жаңа әскери салық
енгізілді. Соғыс басталған соң жергілікті халыққа салынатын салықтар 3-4
есе, ал жекелеген жағдайларда 15 есе өсірілді.
Егіс алаптарының қысқартылуы нәтижесінде ауыл шаруашылық өндірісі
сұмдық құлдырап кетті.
1916 жылдың ортасына қарай патша өкіметінің қазақ халқынан тартып
алған жерінің жалпы көлемі 45 млн десятинаға теңелді.
Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі, соғыс кесапаты – халық бұқарасының
қайыршылануы, қымбатшылық, ашаршылық еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті
және өлке халқының әр түрлі топтары тарапынан белсенді наразылық туғызды.
Соғыс жағдайларында Қазақ жалпыұлттық газетінің төңірегіне біріккен
қазақтың либерал-демократиялық зиялыларының жетекшілері - Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов және олардың жақтастары, сондай-ақ қазақ
зиялыларынан шаруа-демократиялық бағытты жақтайтын М.Сералин, Б.Майлин,
С.Дөнентаев және басқалар сынды Айқап журналының төңірегіне топтасқан
өкілдері басылып шыққан сөз арқылы өздерінің халыққа ықпалын нығайтуға
ұмтылды.
Саяси көзқарастары мен әректеріндегі айырмашылықтарға қарамастан, қазақ
зиялыларының жоғарыда аталған өкілдерінің көптеген туындыларының өзегі
Оян,қазақ! ұраны болды (осы атаумен 1909 жылы Міржақып Дулатовтың өлеңдер
жинағы жарияланған еді). Қазақ оқымыстылары өздерінің жан-жақты
шығармашылығымен, жалпы демократиялық талаптар ұсынып және өз ойларын
екінің бірінде мысқыл тілімен білдіре отырып, өлкеде отаршылдыққа қарсы
саяси жағдайдың тамыр жаюына жәрдемдесті. Халық санасына ұлт-азатық
күресінің қажет екендігі идеясын сіңірді.
Соғыс Ресей империясында пісіп-жетіліп келе жатқан жалпыға бірдей
дағдарыс үрдісін тездетті. Қазақстанның, Орталық Азияның барлық дерлік
аудандарын қамтыған, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс соның жарқын
көріністерінің бірі болды.
Көтерілістің басты себептері әлеуметтік-экономикалық және саяси
сипаттағы факторлар: отаршылдық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар
мен алымдардың шамадан тыс ұлғайтылуы, қазақ халқы мен аймақтың басқа
байырғы халықтары жөнінде патша өкіметі жүргізген орыстандыру саясаты,
қалың бұқара жағдайының күрт нашарлауы болды.
Бұл аталғандардың ішінен ежелгі қазақ жерлерінің жаппай, күшпен тартып
алынуын және өлкені басқарудың отаршылдық жүйесінің күшейтілуін еің басты
себеп ретінде қарастыру керек. Верный уезі Пригородный учаскесінің
қазақтары өздерінің 1916 жылғы 17 қазанда Түркістан генерал-губернаторына
көтерілістің себептері туралы арызында дұрыс атап көрсеткедей: оны туғызған
халық дұрыс түсінбеген тыл жұмысына жұмысшыларды шақыру ғана емес. Себеп
тереңіректе жатыр. Бір жағынан, жерден қысым көру және екінші жағынан
қазақтарды басқару жүйесі қазіргі қайғылы оқиғалардың негізгі себепері
болып табылады.
Жер жөнінен қазақтар соңғы он жылда өте қатты қысым көрді: облыста
1903 жылы құрылған қоныс аудару басқармасы 1908-1909 жылдарда қазақтардан
жерді алып қоюды... күшті қарқынмен жүргізді. Соның салдарынан қазақтардың
дайын суландыру арықтары, бау-бақшасы мен қора-қопсылары бар ең жақсы
жерлері тартып алынды. Олар сусыз нашар жерлерге қуылды; орман алқаптары
түгелдей қазынаның пайдаланылуына алынды...
Мұндай көрініс Қазақстанда жер-жерде байқалды.
Көтерілістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы
Қазақстанның, Орталық Азияның және ішінара Сібірдің 19 жас пен 43 жасқа
дейінгі бұратана ер азаматтарын тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстарын
және әскери қатынас жолдарын салу, майдан өңірі маңайында жолдар салу және
т.б.) Реквизициялау туралы жарлығы тікелей себеп болды. Оның үстіне
жарлықта жұмылдыру, әскери шақыру деген сөз емес, қайта әңгіме бейнебір
малды реквизициялау (өткізу,алу) туралы болып отырған сияқты, реквизиция
(жеке адамның мүлкін зорлап алу) деген сөз қолданылды. Бас штабтың салғырт
салығы бойынша тыл жұмыстарына Қазақстаннан, Орталық Азиядан 400 мың адам,
соның ішінде қазақтар мекендеген барлық облыстардан 240 мыңға жуық адам алу
жоспарланды. Егер өлкедегі қазақ шаруашылықтарының саны 700 мыңнан сәл
асатынын ескеретін болақ, әрбір үшінші шаруашылық қызметкерінен айрылады
екен, ал сонымен бірге мұндай мөлшерде жұмысшы қолын әкету ұлттық ауқымдағы
сұмдық апатқа айналатын еді.
Жарлық туралы хабар жергілікті баспасөзде жарияланды және болыс
басқарушыларының жиналыстарында оқылып, қосымша түсіндірмелер мен
түсініктемелер берілді. Жарлықтың бірқатар ережелерінің бұлыңғылығын
отаршылдық әкімшіліктің жергілікті шенеуніктері шебер пайдаланды. Инженер
М.Тынышбаевтың жоғары мәртебелі Түркістан генерал-губернаторы мырзаға 1916
жылғы оқиғаларға байланысты айғақтарында Жетісу генерал-губернаторының
үндеухатында окоп жұмыстарына шақыру туралы айтылғаны атап өтіледі.
Селолардағы бұрынғы орыс солдаттары қазақтарға окоп дегеннің не екенін
түсіндірген кезде, халықты жұмылдыру (алу, өткізу) шын мәнінде қарусыз
адамдарды қыруға әкеп соғады деп санады. Ал мұның өзі өз кезегінде
қазақтардың патша жарлығына жаулық көзқарасын күшейтті. ...Мұның ең
қауіпті жұмыс екені, - деп жазды одан әрі М. Тынышбаев, - оларға түсінікті
болды... жұмысыларды шақырудың мәнін халыққа –ешкім де түсіндіріп бере
алмады; оның орнына жергілікті өкімет орындары патша жарлығын асығыс түрде
орындауға кірісе бастады. Кейбір жағдайларда дөрекі шаралар қолданды. Ара
жігін бөліп жатпай 25 жасты (19-43) бәр мезгілде асығыс алу халықты қайран
қалдырды... осы ұрандармен қатар қиянат жасаушылық та қатар жүргізілді.
Олар орыс әкімшілігіндегі кейбір адамдардың қатаң шаралары мен жай ғана
қателіктері, болыс басқарушыларының құлқыны және т.б. сияқты болып келді.
Бұл тәсілдер халық жанына тікелей батқандықтан, толқудың өріс алуы сөзсіз
еді.
Қазақстандағы көтеріліс 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы
жарияланғаннан кейін басталды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық
аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы
көтеріліске ұласты. Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы
жұмыстарға алынатындардың тізімдерін тікелей жасаған болыс басқарушылары,
ауыл старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі билік иелері
ұшырады. Ол кезде қазақтарда метрикалық куәліктердің болмағанын пайдаланып,
олар тізімге жас шамасына қарамастан кедейлерді қалауынша енгізді; ал
байдың балаларын пара алып шақырудан босатты. Іс жүзінде тізімдер жасау
жүйесі жаппай парақорлық пен қиянат жасаушылық туғызды.
Оның үстіне патшалық өкімет орындары лауазымды адамдарды, болыстарды,
село және ауыл басқарушыларын; байырғы тұрғындардан шыққан төменгі шенді
полицейлерді; имамдарды, молдалар мен мүдәристерді, ұсақ кредит
мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлерді; жоғары және орта оқу
орындарында оқушыларды; үкіметтік мекемелердің шенеуніктерін, дворян және
құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын адамдарды әскерге алудан босатты.
Патша жарлығының қатаңдығы және жергілікті жерлерде оны жүзеге
асырудың әділетсіз әдістері түңілуге дейін жеткізген, қолына түскенмен
қаруланған еңбекшілері патша өкіметінің өкілдеріне: болыс басқарушыларына,
ауыл старшындарына, полицйлерге, казактарға, шенеуніктерге бас салып адам
бермейміз! деп айқайлап, оларды ұрып-соқты. Көтерілісшілер болыс
басқарушыларының, ауыл старшындарының кеңселері мен үйлерін өртеді.
Жүргізілген істер мен жұмысқа алынушылардың тізімдерін жойып, аңғалдықпен
олар тыл жұмыстарына адам алудан осындай жолмен құтыламыз деп санады.
Стихиялық қозғалыс бірте-бірте ұйымдысқан сипат алып, қарулы
көтеріліске ұласа бастады; ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды.
Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды және өткір жүзі патша өкіметінің әскери-
отаршылдық және кең көлемде орыстандыру саясатына және белгілі бір дәрежеде
ауылардың феодал-бай үстем топтарына қарсы бағытталған ұлт-азаттық
қозғалысына ұласты. Осы тұрғыдан ол Ресейдің жұмысшы табы мен шаруаларының
соғысқа және патша өкіметіне қарсы революциялық қозғалысымен ұштасты.
1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды.
Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы
бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерлістің негізгі қозғаушы күші
ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан
жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.
Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ
халқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс
басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген
өкілдері қатысты.
Күрделі және әртекті болған көтеріліс кең-байтақ өлке аудандарының
көпшілігінде ұлт-азаттық сипатқа ие болды. Тек жекелеген жерлерде ғана
қозғалыстың басшылығын байлардың үстем топтары мен клерикал элементтер
қолына алды.
Көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және
басқа да кейбір халықтардың өкілдері қатысқан Оңтүстік облыстарды (Жетісу
және Сырдария облысы) қоспағанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық
қозғалысы құрамы жағынан бір ұлттың қоғалысы болды.
Қазақ қоғамында патшаның жарлығы мен көтеріліске көзқарас бір мәнде
болған жоқ: байлардың үстем топтарының белгілі бір бөлігі, сондай-ақ
бұратаналық әкімшілік дейтіннің шенеуніктері реквизиция туралы патша
жарлығын сөзсіз қолдады және оны басты жүзеге асырушылар болды; қазақ
зиялыларының батыл өкілдері (мысалы, Тоқаш Бокин, Жаңабай Ниязбеков,
Әубәкір Жүнісов, Тұрар Рысқұлов, Әліби Жангелдин, Сейітқали Меңдешев,
Бәймен Алманов және басқалар) патша жарлығына батыл қарсы шықты және
халықты қарулы қарсылыққа шақырды, ал Қазақ газетінің төңірегіне біріккен
либерал-демократяшыл зиялылардың жетекшілері (А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов,
М.Дулатов және басқалар) патша әкімшілігін адам алуға асықпауға, қайта
әуелі дайындық шараларын жүргізуге көзін жеткізуге талай рет әрекет жасады.
Сонымен бірге олар қарусыз халық патша өкіметінің аяусыз жазалау
шараларының құрбанына айналды деп орынды санап, жарлықты орыдауға қарсылық
көрсетпеуге шақырды. ...Патшаның жарлығы – Ақиқат және оған қарсы пікірлер
болмауы керек, - делінген Қазақ газетінің 1916 жылғы 6 шілдедегі бас
мақаласында, - ...жалтару жеңіл ойлылық болады, өйткені бұл халық үшін
күйзеліс әкеледі. Қазір – соғыс уақыты, тәртіп қатал; жасырынғандарды
іздеуге отряд жіберіледі, ол шаруашылықтың күйзелуіне әкеп соғып, отбасына
бақытсыздық әкеледі.... Нақ осы газет 1916 жылғы 11 тамыздағы нөмірінде
А.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың атынан алаш арасында
бұйрықты ешқандай қарсылықсыз іске асыруды жақтады. Сонымен бірге олар
аңғалдықпен, егер қазақтар тыл жұмыстарына қатысса, соғыста жеңгеннен кейін
олар өз жағдайын жеңілдетуге және автономия алуға үміт ете алады деп
санады.
Бұл орайда зиялылардың жоғары топтары (Ә.Бөкейханов бас болып) мұндай
екіұдай жағдайда, балға мен төстің арасында қалғанын есте ұстау керек.
1916 жылғы көтеріліс ерекшеліктерінің бірі күреске төменгі топтардың
көтерілуі болғаны мәлім. Ауыл мен қыстақтың жоғары үстем топтары айлакерлік
жасады, өйткені олар ішінара болыс, старшын, жергілікті аппараттың
қызметкерлері және т.б. ретінде басқару жүйесіне тартылған болатын, екінші
жағынан – ұлттық зиялылар, ең алдымен оның Ә.Бөкейханов және оның Қазақ
газеті редакциясындағы серіктері бастаған ең білімді бөлігі ол кезде күш
пен ресурстарды Германиямен соғысқа жұмылдыруды жақтаған Ресей
конституциялық-демократиялық партиясының саяси бағытымен байланысты
болатын. Осыны негізге алып және өзін жалпы ресейлік зиялылардың бір бөлігі
деп сезінген Ә.Бөкейханов пен оның жақтастары майданға көмек көрсетуге
тырысты. Олар соғыс жағдайында көтеріліске қатысуды патша үкіметі, орыс
жұртшылығы барлық туындайтын зардаптарымен қоса алғанда орыс әскерлерінің
ту сыртынан соққы беру деп бағалайтынын түсінді. Ұлттық-демократияшыл
зиялылар тарапынан тағдырдың жазғанына көнуге, Қазақстан бір бөлігі болған
соғысып жатқан державаға көмектесуге шақыруы осыдан. Бұл шақыруды халық
бұқарасының көпшілігі түсінбеді және қабылдамады. Бұқараның әс-қимылын
басқаруға, олардың саяси тәлімгерлері болуға қазақ зиялыларының батыл
топтарының қолына шоғырлану себептері нақ осында болатын.
Тұрар Рысқұлов атап өткендей: қазақтардың бұл ұлтық-либерал
зиялылары...кадеттер сияқты, сол кезде өмір сүрген құрылыс пен патша
өкіметінің жергілікті жерлердегі әкімшілігіне қарсы болды... Патшалық жер
саясатына қарсы болды, бірақ Ресейдің буржуазиялық-демократиялық
партиялармен ытымақтаса жұмыс істеді. Бұл зиялылар қазақтардың көтерілісін
мезгілінен бұрын жасалған керексіз көтеріліс деп сипаттап, барлық
келіспеушіліктерді бейбіт жолмен жөнге келтіруге болар еді деп көрсетті.
Сонымен бірге ұлттық қазақ зиялыларының жетекшілері қазақтарды тыл
жұмыстарына шақыруды кейінге қалдыру жөнінде, шақырылғандардың құқықтарын
қорғау және олардың майдан өңірі аудандарындағы тұруы мен жұмыс істеуі үшін
қажетті жағдайлар туғызу жөнінде нақты қадамдар жасады. Мұны
Ә.Бөкейхановтың бастамасымен 1916 жылғы 7 тамызда Орынборда шақырылған бес
облыс (Торғай, Орал, Ақмола, Семей және Жетісу) өкілдері жеке кеңесінің
құжаттары дәлелдейді. Олар кеңесті шақыруға бастамашылар (Ә.Бөкейханов пен
оның серіктері) жалпы алғанда тыл жұмыстарына шақыылғандарды қорғау
мақсатын көздегенін, шақырушылардың тізімдерін жасау кезіндегі заңсыздық
көріністерін және жергілікті өкімет орындарының ауыл тұрғындары мен казак
әскерлерінің жазалау отрядтары арасында жанжалды жағдайлар ұйымдастыру
жөніндегі арандатушылықтарын әшкерелегенін көрсетеді: 25 маусымдағы аса
жоғары жарлық казактарға, сол жарлықтың өзі жарияланбаған кезде жергілікті
өкімет орындарының хабарландыру нысанында мәлім болды
Бұл халыққа ашық аспаннан жай түскендей әсер етті. Жергілікті өкімет
орны аса жоғары жарлықты асығыс түрде орындауға кірісе бастады... Тізімге
қазақтардың жасын ауылнайлар өз бетімен енгізеді...кейбір жазбаларды өкімет
орындары біле тұра дұрыс жасамады: бай қазақтар өз балаларының жасын әдейі
ересек етіп жазғызды...кейбір болыс басқарушылары өз жауларының мейілінше
сенімді соққы жасағысы келіп, оларды адам алуға қарсыласты деп айыптап,
бастықтарға жеткізді.
Жоғарыда аталған қиянат жасаушылықтар арқасында өкімет орындарының
қазіргі буыны казактардың отрядтарымен алғаш рет танысты. Дала өңірінде
казак ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1916 ж. Ұлт-азаттық көтеріліс жағдайындағы қазақ ұлттық зиялы қауымы
1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары
1836-1838 ЖЫЛДАРДАҒЫ ХАЛЫҚ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Торғайдағы көтеріліс орталығы
Қарқара көтерілісі
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-заттық көтеріліс
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы
ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Қазақ зиялыларының қазақ халқына сіңірген еңбектерімен танысу
Қозғалыстың Жетісудағы орталығы
Пәндер