Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын 2007-2009 жылдары iске асыру



Қазақстан Республикасының 2003 - 2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының негiзгi мақсаты дамудың шикiзаттық бағытталуынан ауытқу жолымен экономика салаларын әртараптандыру арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға көшу үшiн жағдайлар дайындау болып табылады.
Өңдеушi өнеркәсiп пен қызметтер саласында бәсекеге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi өндiру мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты мәнi болып табылады.
Жедел экономикалық серпiлiстi қамтамасыз ету үшiн 2007 - 2009 жылдары өнеркәсiптiк секторды және қызметтер саласын әртараптандыруға және жаңартуға бағытталған шаралар қабылданатын болады.
Индустриялық-инновациялық саясатты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету ерекше маңызға ие болады. Сондықтан орта мерзiмдi перспективада қазақстандық бизнес үшiн тауашаны айқындау мақсатында нарықтарды, салаларды маркетингiлiк және технологиялық зерттеулер жүргiзуге байланысты жұмыс жүргiзiлетiн болады.
Экономиканың 23 әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi секторларына маркетингiлiк, конъюнктуралық және технологиялық зерттеулер жүргiзу жоспарланып отыр.
Барлық талдамалық зерттеулер жүргiзудiң мақсаты қазақстандық кәсiпорындардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн барынша арттыру тәсiлдерiн анықтау болады.
"Өнiмнiң шығуы", "сату", "шығындар" сияқты көрсеткiштерге барынша көңiл бөле отырып, "өндiрiлген шығындар - алынатын кiрiс" ең үздiк ара қатынасы ерекшеленетiн қосылған құндардың тiзбегiн анықтау жалғасады. Бұл ретте, ҚҚТ-ның дамуы екi бағыт бойынша жүредi - тiзбектегi "кемшiлiктердiң" орнын толтыру және қажет кезiнде жаңа технологиялық құрылымдарды дамыту.
Алдағы кезеңнiң түйiндi бағыттары басымды салаларда бiрқатар жоғары технологиялы өндiрiстер құру болуы тиiс.
Индустриялық-инновациялық дамуды басқару, даму институттарының, мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiгiнiң жұмыс iстеуi мемлекеттiк саясатын жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
Сондай-ақ орта мерзiмдi перспективада мынадай мiндеттер шешiлетiн болады:
өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
жеке секторды бәсекелi артықшылықты жасауға және жетiлдiруге нақты өндiрiстерде қосылған құн тiзбесiндегi элементтердi игеруге ынталандыратын кәсiпкерлiк ахуалды, қоғамдық институттардың құрылымы мен мазмұнын жасау;
елдiң экспорт әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң пайдасына әртараптандыру;
әлемдiк сапа стандарттарына көшу;
әлемдiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қоса отырып, өңiрлiк экономикаға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне бiрiгудi ұлғайту.
Шикiзат емес бағыттағы экономиканың салаларында iске асырылатын барлық әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде экспортқа бағдарланған өндiрiстер индустриялық-инновациялық саясаттың басым бағыттары болып табылады. Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өндiрiстердi шешу үшiн жағдай жасауға ерекше көңiл бөлiнедi.
Кластерлiк даму

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын 2007-2009
жылдары iске асыру
      Қазақстан Республикасының 2003 - 2015 жылдарға арналған Индустриялық-
инновациялық даму стратегиясының негiзгi мақсаты дамудың шикiзаттық
бағытталуынан ауытқу жолымен экономика салаларын әртараптандыру арқылы
елдің тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-
технологиялық экономикаға көшу үшiн жағдайлар дайындау болып табылады.
      Өңдеушi өнеркәсiп пен қызметтер саласында бәсекеге қабiлеттi және
экспортқа бағдарланған тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi өндiру
мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты мәнi болып табылады.
      Жедел экономикалық серпiлiстi қамтамасыз ету үшiн 2007 - 2009 жылдары
өнеркәсiптiк секторды және қызметтер саласын әртараптандыруға және
жаңартуға бағытталған шаралар қабылданатын болады.
      Индустриялық-инновациялық саясатты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз
ету ерекше маңызға ие болады. Сондықтан орта мерзiмдi перспективада
қазақстандық бизнес үшiн тауашаны айқындау мақсатында нарықтарды, салаларды
маркетингiлiк және технологиялық зерттеулер жүргiзуге байланысты жұмыс
жүргiзiлетiн болады.
      Экономиканың 23 әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi секторларына
маркетингiлiк, конъюнктуралық және технологиялық зерттеулер жүргiзу
жоспарланып отыр.
      Барлық талдамалық зерттеулер жүргiзудiң мақсаты қазақстандық
кәсiпорындардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн барынша арттыру тәсiлдерiн анықтау
болады.
      "Өнiмнiң шығуы", "сату", "шығындар" сияқты көрсеткiштерге барынша
көңiл бөле отырып, "өндiрiлген шығындар - алынатын кiрiс" ең үздiк ара
қатынасы ерекшеленетiн қосылған құндардың тiзбегiн анықтау жалғасады. Бұл
ретте, ҚҚТ-ның дамуы екi бағыт бойынша жүредi - тiзбектегi "кемшiлiктердiң"
орнын толтыру және қажет кезiнде жаңа технологиялық құрылымдарды дамыту.
      Алдағы кезеңнiң түйiндi бағыттары басымды салаларда бiрқатар жоғары
технологиялы өндiрiстер құру болуы тиiс.
      Индустриялық-инновациялық дамуды басқару, даму институттарының,
мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiгiнiң жұмыс iстеуi мемлекеттiк саясатын
жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
      Сондай-ақ орта мерзiмдi перспективада мынадай мiндеттер шешiлетiн
болады:
      өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
      жеке секторды бәсекелi артықшылықты жасауға және жетiлдiруге нақты
өндiрiстерде қосылған құн тiзбесiндегi элементтердi игеруге ынталандыратын
кәсiпкерлiк ахуалды, қоғамдық институттардың құрылымы мен мазмұнын жасау;
      елдiң экспорт әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң
пайдасына әртараптандыру;
      әлемдiк сапа стандарттарына көшу;
      әлемдiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қоса отырып,
өңiрлiк экономикаға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне бiрiгудi ұлғайту.
      Шикiзат емес бағыттағы экономиканың салаларында iске асырылатын
барлық әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде экспортқа бағдарланған
өндiрiстер индустриялық-инновациялық саясаттың басым бағыттары болып
табылады. Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды
қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өндiрiстердi шешу үшiн жағдай жасауға
ерекше көңiл бөлiнедi.
 Кластерлiк даму
      2005 жылы тамақ өнiмдерi өнеркәсiбi кластерi, мұнай-газ машиналарын
жасау өнiмдерi кластерi, туристiк қызметтер кластерi, тоқыма өнiмдерi
өнеркәсiбi кластерi, металлургиялық өнiмдер өнеркәсiбi кластерi, көлiк-
логистикалық қызметтер кластерi, құрылыс материалдары өнеркәсiбi кластерi
сияқты 7 пилоттық кластерлер құру және дамыту жөнiндегi жоспарлар
бекiтiлдi.
      Бұл жоспарлар көрсетiлген салалардың жүйелi проблемаларын (саланы
дамытуды ынталандыру үшiн заңнаманы жетiлдiру, кадрлар даярлау және қайта
даярлау, стандарттау мәселелерi, инфрақұрылымды дамыту және т.б.) шешу
жөнiндегi iс-шараларды және әрбiр жекелеген кластерлердiң мiндеттерiн
(бизнес стратегияларды тұжырымдау кластер шеңберiнде инвестициялық
жобаларды iске асыру, кластерiшiлiк кооперацияны күшейту) шешуге
бағытталған шараларды қамтиды.
      Кластерлiк идеяларды дамытуда индустриялық аймақтар құру сияқты нақты
өндiрiстi мемлекеттiк ынталандыру құралын пайдалану барынша перспективалы
болып көрiнедi. Бұл тетiк қазiргi уақытта Астана қаласында (Құрылыс
материалды) және Қарағанды облысында (Металлургия-Металл өңдеу) пилоттық
кластерлердiң жобаларын iске асыру шеңберiнде байқаудан өтiп жатыр.
      Оң нәтижелер алған жағдайда осы тәжiрибенi барлық өңiрлерге тарату
көзделiп отыр: Павлодар қаласы (өнеркәсiп), Өскемен қаласы (металлургия-
металл өңдеу), Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары (ауыл шаруашылығы
өнiмдерiн қайта өңдеу), Батыс Қазақстан облысы, Солтүстiк Қазақстан облысы,
Шығыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы (машина жасау).
      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасындағы индустриялы аймақтарды
қалыптастыру мен дамытудың тұжырымдамасы әзiрленуде.
      Жалпы алғанда, бұл құралдың жеке меншiк-мемлекеттiк әрiптестiктi
дамытуда табысты пайдаланудың барлық алғышарттары бар. Бұл ретте,
құрылымдық қаржыландыру құралын пайдаланғанда бұл ұстаным өнеркәсiп
салаларын дамыту үшiн айтарлықтай экономикалық әсерге ие болуы мүмкiн.
 Мұнай-газ машинасын жасау
      Қазiргi уақытта машина жасау кәсiпорындары 230 астам өнiм атауларын
шығаруды игердi, оның iшiнде 125 тонна жүк көтеруге қабiлеттi жедел
бұрғылау қондырғысы, ұңғымаларды жөндеуге арналған көтергiш агрегаттар,
арнаулы техника, резервуарлар, сыйымдылықтар, тұндырғыштар және
сепараторлар, 6 және 8 тонна жүк көтеруге қабiлеттi тербелме-станоктар,
ортадан тепкiш және поршеньдi сорғылар, фонтанды арматура, ысырмалар,
вентильдер, мұнай эмульсияларын қыздыратын пештер және басқа да жабдықтар.
      2006 жылға отандық кәсiпорындар мұнай-газ саласы үшiн 50-ден астам
өнiмнiң жаңа түрлерiн игерудi жоспарлады.
      НБ-125 бұрғылау сорғыларын шығару Алматы ауыр машина жасау зауытында
("ААМЗ-Ижнефтемаш") жолға қойылған, зауыт шығаратын барлық өнiм DIN EN ISO
9001:2000 халықаралық стандарттары бойынша сертификатталған.
      "Қазмұнайгазмаш" акционерлiк қоғамының (Алматы қаласы) мұнай-газ
кешенi кәсiпорындарын арзан және сапалы жоғары қысымды бұрқақтық-сағалық
жабдығымен қамтамасыз ете алады, кәсiпорында ISO 9001 сапаны басқару жүйесi
қолданылады.
      "Өскемен арматура зауыты" акционерлiк қоғамы ысырмалар мен
клапандарды ИСО халықаралық стандарттар бойынша шығарады.
      Ақтөбе мұнай жабдығы зауытында әртүрлi диаметрдегi сорғы-сығымдаушы
құбырларын шығару игерiлген.
      Жеткiзiлетiн жабдықтың үздiксiз жұмысын қамтамасыз ету және оған
жедел сервистiк қызмет көрсету үшiн отандық тауар өндiрушiлер өз
өндiрiстерiн, сондай-ақ қосалқы бөлшектер шығаруға қайта бағдарлауда және
"жеткiзушi-тұтынушы схемасын" өзара қарым қатынастың осы заманғы сатысына
шығаруда.
      Мұнай-газ жабдығы өндiру саласына инвестициялар тартылуда: "Штангалы
сорғы өндiрiсiнiң, сондай-ақ сорғы-сығымдаушы құбырлар және штангалы
тереңдiк сорғылар өндiрiсiнiң толық тiзбегiн ұйымдастыру" жобасы 7039 млн.
АҚШ доллары инвестициялар көлемiмен "Ақтөбе мұнай жабдығы зауыты"
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне.
      Тұтастай алғанда 2007 - 2009 жылдары машина жасау саласын дамыту
Қазақстан Республикасының машина жасау саласын әртараптандыру мен дамытудың
2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру шеңберiнде жүзеге
асырылады.
      Бағдарламаның басты мақсаты әртараптандыру негiзiнде машина жасау
саласын одан әрi дамыту және салаға машина жасау өнiмiнiң импортын қысқарту
және экспортын кеңейту үшiн осы заманғы технологиялар мен жабдықтарын тарту
үшiн жағдай жасау болып табылады. 
 Металлургия
      Қазақстан қара және түстi металдардың, 84 өнеркәсiптiк минералдардың,
сондай-ақ энергия тасығыштардың коммерциялық запастарына ие.
      "Металлургия" кластерi машина жасау және металлургия кәсiпорындары
кластерiнiң басқа да қатысушылары үшiн шикiзат өндiретiн кластер құрушы
компаниялар технологиялық дәйектi тiзбекте құрылған кәсiпорындар мен
өндiрiстердiң кешенiн бiлдiредi.
      Қара металлургия саласында және тау-металлургия кешенiнiң түстi
саласында негiзгi шаруашылық субъектiлерi - "Миттал Стил Темiртау"
акционерлiк қоғамы және "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiгiнiң iрi компаниялары болып табылады.
      Қазiргi уақытта республика өнеркәсiбiнiң металлургия секторында
мынадай проблемалар бар:
      руда құрамында пайдалы құрамдауыштар аздығы;
      пайдалы қазбалы кен орындарының көп құрамдауыштығы;
      жоспарлау, жобалау және басқару процестерiн автоматтандыру деңгейiнiң
төмендiгi;
      негiзгi қорлардың тез тозуы;
      тау-кен машина жасаудың өз кәсiпорындарының қуатының аздығы;
      минералды шикiзатты кешендi, қауiпсiз және қалдықсыз өндiру және
қайта өңдеудің жаңа үнемдi технологияларын дамытудың төмен қарқындылығы;
      тұтынушылардың алыс орналасуы;
      жер қойнауын пайдалану, табиғат қорғау қызметi саласындағы
нормативтiк-заңнамалық және салық базасының нақты ахуалының барабар
болмауы;
      мамандар даярлау мен қайта даярлаудың осы заманғы жүйесiнiң болмауы;
      тау-кен саласының кәсiпорындары қызметiнiң шашыранды сипаты
(үйлесiмнiң болмауы).
      Металлургия саласын табысты дамыту үшiн Қазақстан Азия нарығын ерекше
назарға ала отырып, қосылған құнымен металлургиялық өнiм өндiру үшiн
қуаттар құруға шоғырлануы қажет.
 Құрылыс материалдары саласы
      Құрылыс материалдары саласының 2007 - 2009 жылдарға арналған негiзгi
бағыттары:
      қосылған құны жоғары бәсекеге қабiлеттi өнiм шығаруды қамтамасыз
ететiн тиiмдiлiгi жоғары технологиялық желiлерiн (өндiрiстерiн) әзiрлеу
және енгiзу;
      өндiрiс қалдықтарын пайдалануды, энергия және ресурстарды үнемдеудi
және қоршаған ортаға техногендiк әсер етуiн төмендетудi қамтамасыз ететiн
технологиялар әзiрлеу және игеру.
      Шыны, цемент, жылу оқшаулағыш және "қабын материалдарын, жақтау
кiрпiштерiн, линолеум, сырлар мен басқа да қажеттi құрылыс материалдарын
шығаруды ұйымдастыру таяу жылдардағы басым бағыттар.
      Жоспарланған кезеңге ұйғарылып отырған мақсаттар мен мiндеттер:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 желтоқсандағы  N 1305
қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары,
бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiн дамытудың 2005-2014 жылдарға
арналған бағдарламасын iске асыру;
      Бағдарламада көзделген мiндеттердi шешу үшiн отандық және шетелдiк
инвестициялар тарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      жекелеген өңiрлердiң әлеуетiн, шикiзат көздерiнiң болуын,
қолданыстағы және тұрып қалған кәсiпорындарды, iшкi өңiрлiк және өңiраралық
нарықтарды ескере отырып, өңiрлiк кластерлердi iске асыру;
      сала мен технологиялар трансфертiнiң ғылыми базасын дамыту;
      жаңа стандарттар әзiрлеу арқылы стандарттау және қолданыстағыларын
халықаралықтарға бейiмдеу жүйесiн жетiлдiру;
      шетелдiк өткiзу нарықтарына және шетелдiк фирмалар үстемдiк құрып
отырған iшкi нарықтарға шығу мақсатында өндiрiстi басқарудың халықаралық
нысанына, бiрiншi кезекте сапаны басқару жүйесiне көшу;
      мамандарға жалпы қажеттiлiктi анықтай отырып, кадрлар даярлау жүйесiн
оңтайландыру.
 Тоқыма өнеркәсiбi
      Тоқыма өнеркәсiбi табиғи, жасанды және синтетикалық талшықтарды
тоқыма жiпке және матаны қайта өңдеумен айналысатын жеңiл өнеркәсiп
салаларының өндiрiстер тобын бiрiктiредi. Мемлекеттiк жiктеуiшiне сәйкес
Қазақстанның тоқыма өнеркәсiбi экономикалық қызметтiң 7 түрi мен 21 кiшi
түрiнен көрiнедi.
      Қазақстанда қоза Оңтүстiк Қазақстан облысының Мақтаарал, Сарыағаш,
Шардара, Ордабасы аудандарында, Түркiстан қаласында және Шымкент, Арыс
қалаларының, Бәйдiбек, Отырар және Сайрам аудандарының аз ғана жерiнде
өсiрiледi.
      Республиканың тоқыма өнеркәсiбiн дамыту мақсатында Оңтүстiк Қазақстан
облысында мақта-мата жiп пен матаны шығару жөнiндегi кластердi құру
жоспарланып отыр.
      Шиттi мақта өндiру саласындағы ең өткiр мәселелер: мақта өндiрумен
айналысатын ауыл шаруашылығы құрылымдарының бөлшектенуi; өнеркәсiптiң өсiп
келе жатқан сұранымдарына жауап бере алатын бәсекеге қабiлеттi сорт
жиынтығының болмауы; бiлiктi мамандардың жеткiлiксiздiгi; бiрiншi-үшiншi
өндiруге дейiн тұқым көбейту бойынша тұқым шаруашылықтары желiсiнiң
жеткiлiксiз дамуы; сорттық агротехниканың сақталмауы; өнiм мен өндiрiстi,
стандарттарды, сапа менеджментi жүйесiн сертификаттау жөнiндегi тiркелген
құрылымдардың жоқтығы; отандық қайта өңдеу кәсiпорындарының жұмыспен аз
жүктелуi болып табылады.
      Мақта шаруашылығындағы проблемалы мәселелердi шешу үшiн алдағы 2007 -
2009 жылдары:
      "Мақта саласын дамыту туралы" Заңды қабылдау;
      мақтаны қайта өңдеу ұйымдарында 9000 сериялы ИСО халықаралық
стандартына сай сапа менеджментi жүйесiн енгiзуге қолдау көрсету;
      мақта шаруашылығы және тоқыма өнеркәсiбi жөнiндегi халықаралық
ұйымдар арқылы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
      бiр мақта қайта өңдейтiн кәсiпорындар салу;
      Оңтүстiк Қазақстан облысында мақтаның егiстiк тұқымын дайындау
жөнiнде тұқым тазалау зауытын салу;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы аумағында көлiк-логистикалық терминалын
салу қажет.
      Тоқыма саласының мақта-тоқыма сегментiнiң қосылған құндары тiзбесiнiң
элементтерiн қалпына келтiру үшiн бүгiнгi таңда тоқыма саласының басқа
сегменттерiне салыстырғанда неғұрлым бәсекеге қабiлеттi болып табылатын жiп
және мата өндiрiсі жөнiндегi саланы серпiндi дамыту қажет. Тоқыма
өндiрiсiнiң осы сегментiне қосылған құнның шамамен 80 %-ы, сонымен бiрге,
талшықты мақта өндiрiсiне шамамен 10 %, дайын киiмге шамамен 1-3 % келедi.
Бәсекеге қабiлеттi тоқыма сегментiн құру Қазақстанда шығарылатын мақтаны
қайта өңдеуге, сонымен қосылған құнды ұлғайтуға және тiгiн кәсiпорындарында
одан әрi өңдеу үшiн қажеттi өнiмдi шығаруға мүмкiндiк бередi.
      Әлеуеттi тоқыма кластерiнiң бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру үшiн
Қазақстанда: еңбек өнiмдiлiгiн арттыру; мақтаның сапасын бағалау (грединг)
стандарттарын енгiзу; кластердiң барлық құрамдауыштарымен және әлемдiк
сауда және логистикалық тiзбектерiмен өзара iс-қимылдарды жолға қою және
реттеу; шикiзаттың сапасын арттыру; бiлiктi жұмыс күшiмен қамтамасыз ету;
жаңа ақпараттық және өндiрiстiк технологиялар енгiзу қажет.
 Тамақ өнеркәсiбi
      Ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеудiң деңгейiн тереңдету және
кешендiлiгiн арттыру кластерлiк ұстанымды iске асыру арқылы көзделiп отыр.
Қатысушылардың, атап айтқанда ауыл шаруашылығы шикiзатын өндiрушiлер мен
қайта өңдеушi кәсiпорындардың географиялық жақындығы тамақ өнеркәсiбiн
дамытуда осы ұстанымды пайдалануына мүмкiндiк бередi. Осы бағыттағы
мемлекеттiк қолдау өндiрiстiк қуаттарды және ауыл шаруашылығы шикiзатын
қайта өңдеу өнiмдерiнiң экспорты көлемiн ұлғайтуға бағытталатын болады.
      Республиканың өңiрлерi бойынша кластерлiк жобалар ретiнде мыналар
айқындалды:
      солтүстiк өңiрде (Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан
облыстары) - астық өңдеу;
      оңтүстiкте - (Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстары) жемiс-
көкөнiс;
      Қостанай облысында - сүт.
      Кластерлiк бастамалардың дамуы қайта өңделетiн ауыл шаруашылығы
шикiзатының өнiмiн экспорттау көлемiн 2 еседен артық өсiруге мүмкiндiк
бередi.
      2007 - 2009 жылдары шаралар кешенiн өткiзу және мынадай шаралар
кешенiн қабылдау жоспарланып отыр.
      Астықты қайта өңдеу кластерi:
      астықты қайта өңдеудiң экспорттық әлеуетiн арттырудың мемлекеттiк
стратегиясын әзiрлеу;
      астықты терең қайта өңдеу өнiмдерiнiң қазақстандық ортақ брендiн
құру;
      экспорттаушылар - астықты қайта өңдеушiлер қауымдастығын құру;
      астықты экспортқа сату жөнiндегi қызметтi лицензиялау;
      экспорттаушыларға жеңiлдетiлген кредит, шикiзат және дайын өнiмдi
тасуға жеңiлдетiлген тарифтер, экспорттық жеткiзуге мемлекеттiк кепiлдiк
беру;
      құрғақ дән маңызы мен биоэтанолды қоса алғанда, бидай астығын терең
қайта өңдеудi дамыту;
      астықты қайта өңдеу зауытын салу;
      ТМД, ЕурАзЭҚ және ЕЭС-қа мүше мемлекеттер аумағында экспорттың
инфрақұрылымын бiрлесе дамыту және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қамқорлыққа
алу саясатын жүргiзу;
      ауыл шаруашылығы және оның қайта өңдеу өнiмдерiн өткiзу нарықтарын
кеңейту жөнiнде Қазақстан Республикасының, әсiресе Қытайдағы,
Ауғанстандағы, Пәкiстандағы, Египеттегi шетелдiк мекемелерiн жандандыру;
      "Ақ Бидай Терминал" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту
және Ақтау портындағы астық терминалын тиеу құрылғысын ауыстыру;
      Ақтау қаласында ұн тарту кешенiн салу;
      "Астық Қоймалары" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң N 2 Нан
базасынан астықты сақтау кешенiн сатып алу;
      Баку (Әзiрбайжан) және Амирабад (Иран) порттарында астық қабылдау
терминалдарын және ұн тарту кешендерiн салу, сондай-ақ Поти (Грузия)
портында астық терминалын салу.
      Жемiс-көкөнiс кластерi
      таза сортты егу материалдары мен тұқым өсiру үшiн жемiс тұқым
бақтарын және тұқым шаруашылығын қайта қалпына келтiру және дамыту
жөнiндегi шараларды әзiрлеу;
      азық-түлiк құрал-жабдықтары сертификаттарын тану рәсiмiн оңайлату;
      жемiс-көкөнiс дақылдарын өндiру және қайта өңдеу жөнiндегi
кәсiпорындар үшiн техника және құрал-жабдықтар лизингiн кредиттеу;
      жемiс-жидек дақылдарының көп жылдық екпе ағаштарын және жүзiм егу
жөнiндегi, жемiс-жидек дақылдарының қайта өңдеуге жарамды сорттарын
өндiрудi арттыру жөнiндегi жұмыстарды мемлекеттiк қолдау шараларын әзiрлеу.
      Сүт кластерi
      мал шаруашылығы бойынша орташа және iрi субъектiлердi құру және осы
үшiн ауыл шаруашылығы құрылымдарының және бюджеттiк субсидиялардың
қаражатын кешендi пайдалану;
      Қостанай облысының селолық округтарында малдың түрлерiн аудандастыру
бағыты бойынша базалық шаруашылықтар құру;
      облыстық бюджет қаражатынан асыл тұқымды мал бастарын сатып алуды
субсидиялау;
      жұқпалы аурулы малдарды залалсыздандыру ережесiн сақтамағаны үшiн
иелерден заңнама деңгейiнде құқықтық жауапкершiлiктi талап ету;
      машинамен сауу және оның бастапқы салқындатылған сүттi жинау
пункттерiн ұйымдастыру шикiзат пен дайын өнiмнiң сапасын бақылайтын
зертханалық базаларды, олардың техникалық қайта жарақтандыруын дамыту;
      қазiргi технологиямен құрама жем зауытын салуға инвестицияларды
тарту;
      жемшөп өндiру жөнiнде өңiрлiк бағдарламаны әзiрлеу;
      жеке ауладағы мал басы үшiн қолдан ұрықтандыратын қосымша пункттердi
ашу.
 Туризм
      Туризм саласындағы 2007 - 2009 жылдарға арналған басты мақсат
экономикалық өсуге жәрдемдесу және халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру үшiн
елдiң бәсекеге қабiлеттi туристiк индустриясын дамыту болып табылады.
      Отандық туризмнiң тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшiн оны мемлекет
экономикасының табысты секторына айналдыру және туризмнiң рентабельдiгi
жоғары индустриясын құру мақсатында 2006 жылы мынадай мiндеттердi шешу
қажет:
      туристiк саланың нормативтiк құқықтық базасын және оны iске асыру
тетiгiн одан әрi жетiлдiру;
      Дүниежүзiлiк туристiк ұйыммен сындарлы және өзара тиiмдi
ынтымақтастықты одан әрi дамыту және Қазақстанның аталған ұйым өткiзетiн iс-
шараларға қатысуын, сондай-ақ оларды республикада өткiзудi қамтамасыз ету;
      туризм саласындағы ынтымақтастық туралы 26 қол қойылған халықаралық
келiсiмдi iске асыруды жалғастыру және әзiрленген 10-ын қол қоюға дайындау;
      Қазақстанның iрi халықаралық туристiк көрмелер мен жәрмеңкелерге
қатысуын қамтамасыз ету.
      Туристiк саланы дамыту мiндеттерiн шешу және алға қойылған
мақсаттарға қол жеткiзу үшiн 2007 - 2009 жылдар аралығы кезеңiнде мынадай
iс-шараларды орындау көзделген:
      саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетiктерiн әзiрлеу;
      туризмнiң инфрақұрылымын және шектес мемлекеттермен бiрлесiп,
халықаралық туристiк бағыттарды дамытуды көздейтiн жобаларды әзiрлеу,
инвестициялау және iске асыру;
      қонақ үй және туристiк қызметтер ұсыну саласында ИСО 9000, ИСО 14000
бойынша халықаралық сапа стандарттарын енгiзу;
      "Менiң Отаным - Қазақстан" жобасын iске асыруға, экскурсия жүргiзушi,
жолбасшы ретiнде туризмнiң белсендi түрлерiн ұйымдастыру кезiнде жастарды
кеңiнен тартуды қамтамасыз ету;
      шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту, туризм саласында және қызмет
көрсету саласында халықтың жұмыспен қамтылуын ынталандыру жөнiндегi
шараларды қамтамасыз ету;
      туризм саласын кластерлiк дамытуды қамтамасыз ету. 
      Туризммен аралас салаларды дамытуға негiзделген осы шараларды кешендi
iске асыру жағдайы және инвестициялық белсендiлiктi ынталандыру кезiнде
келу және iшкi туризм көлемiнiң тұрақты өсуi қамтамасыз етiледi.
      2007 - 2009 жылдар аралығы кезеңiнде туристiк ұйымдар мен бағыттар,
туризмнiң инфрақұрылымы, туристiк саланың статистикасы жөнiндегi
мемлекеттiк дерекқорды бiрiздендiру жоспарланып отыр.
 Көлiк-логистикалық қызметтер
      "Көлiктiк логистика" пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөнiндегi
жоспарға сәйкес Қытай-Қазақстан-Еуропа бағытында үздiксiз контейнерлiк
автотасымалдауды ұйымдастыру арқылы "Жаңа Еуразиялық Автокөлiк Бастамасы
(NELTI)" жобасын iске асыру көзделiп отыр. Жоба шеңберiнде Бақты көлiк-
логистикалық орталығын салу шекаралық автокөлiктiк өткiзу пунктiнiң өткiзу
қабiлетiн ұлғайту, Қазақстанда ауыр жүк автомобильдерiн жинауды ұйымдастыру
және осы заманғы жүк автомобильдерiн лизингке сатып алу көзделiп отыр.
      Алдағы кезеңде қызметтердiң кең тiзбесiн ұсына отырып, халықаралық
деңгейдегi стандарттарға сай келетiн телекоммуникациялық және жүк қайта
өңдеу жабдығымен жарақтандырылған қолданыстағы "Астана-Келiсiм-шарт"
контейнерлiк терминалдың базасында Алматы қаласында осы заманғы көлiк-
логистикалық орталық құру және дамыту жөнiндегi жұмыс аяқталатын болады.
      Бұдан басқа, Ақтау портында және Достық станциясында көлiк-
логистикалық орталықтарын құру жөнiндегi жұмыс жүргiзiлетiн болады.
 Мұнай-химия саласын дамыту
      Базалық мұнай-химия өнiмiн (этилен, полиэтилен, пропилен,
полипропилен, стирол және полистирол, этиленгликол және бензол, метанол -
барлығы 20 астам түрлер) шығара отырып, көмiрсутегi шикiзатын терең қайта
өңдеу жөнiндегi мұнай-химия өндiрiстерiн құру үшiн 2007 - 2009 жылдары
мынадай мiндеттердi шешу қажет:
      отандық газ шикiзатта жұмыс iстейтiн базалық мұнай-химия өнiмiн
шығару жөнiндегi өндiрiстi құру;
      мұнай-химия кәсiпорындарының қызметi үшiн шикiзаттың (газ және мұнай)
оңтайлы көздерi мен көлемiн айқындау;
      Қазақстанда мұнай-химия өндiрiсiн салуға инвестициялар тарту.
      Алға қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн мынадай iс-шаралар
жүргiзiлетiн болады:
      Мұнай-химия өнеркәсiбiн дамытудың 2004-2010 жылдарға
арналған бағдарламасын іске асыру;
      көмiрсутегi шикiзатын терең қайта өңдеу жөнiндегi өндiрiстер құрудың
инвестициялық жобаларын әзiрлеу мен iске асыру және қосылған құны жоғары
өнiм шығару жөнiндегi мұнай-химия өндiрiстерiн салу;
      мұнай-химия өндiрiстерiнiң қызметi үшiн ұзақ мерзiмдi кезеңге
арналған шикiзаттың оңтайлы көздерi көлемiн, оның iшiнде Каспий теңiзiнiң
қазақстандық секторын игеру кезiнде ресурстық база алу перспективаларын
ескере отырып, айқындау;
      қосылған құны жоғары бәсекеге қабiлеттi мұнай-химия өнiмiнiң кең
гаммасын халықаралық нарық үшiн шығара отырып, инновациялық технологиялар
негiзiнде және халықаралық ауқымдағы қондырғыларда Қазақстанның көмiрсутегi
шикiзатын терең қайта өңдеу жөнiндегi мұнай-химия өндiрiстерiн және
кешендерiн белсендi жандандыру үшiн арнайы экономикалық, әкiмшiлiк, ғылыми-
техникалық және әлеуметтiк жағдайлар жасау.
      Әлеуеттi инвесторларды тарту жөнiндегi жүргiзiлген жұмыстың
нәтижесiнде мұнай-химия өндiрiстерiн салудың жобалары инвестициялық
жобалары бойынша әртүрлi компаниялардан, оның iшiнде мұнай-химия
өндiрiстерiн және мұнай-химия технологияларын пайдалануға қосу жөнiндегi
жетекшi әлемдiк көшбасшыларынан ұсыныстар түстi: Linde и Lurgi (Германия),
АВВLummusGlodal (Швейцария), Mitsui&Co.Ltd., Marubeni Cosmo, Itochu, Тоуо
Engineering Corporation жапондық компаниялары, Лукойл (Ресей), Ваsеl
(Нидерланды Корольдігі) және басқалар.
      2007 жылдан бастап Атырау облысында Теңiз, Қашаған және Солтүстiк
Каспий кен орындарының iлеспе газының базасында елде бiрiншi бiрiктiрiлген
газ-химия кешенiнiң құрылысын бастау жоспарланып отыр. 
      Базалық мұнай-химия өнiмiн алу жөнiндегi аталған өндiрiс негiзiнде
одан әрi полиэтилен және полипропилен, полистрол, этилбензол және олардан
жасалатын түрлi өнiмдер (құбырлар, құрылыс материалдары, химиялық
талшықтар, халық тұтынатын тауарлар және т.б.) өндiру жөнiндегi мұнай-химия
кәсiпорындары құрылатын болады.
      Арнайы экономикалық аймақтың басымдықтарын дамытудың қалқалау
қағидатымен бiрге пайдалана отырып Атырау облысында Ұлттық индустриялық
мұнай-химия технопаркiн құру жөнiндегi iс-шаралар әзiрленуде, яғни
шикiзаттан газ тарату жөнiндегi қондырғысының оңтайлы схемасы бойынша
орналасатын нүктелi географиялық аумақтардың арнайы экономикалық аймағын
енгiзу. Арнайы экономикалық аймақтың мәртебесi мен құрылымы дамудың
қалқалау қағидатымен бiрге мұнай-химия өндiрiстерiн және мемлекеттердiң
қатысу кезiнде тиiстi инфрақұрылымды құру мен дамыту жөнiндегi капиталды
қажетсiнетiн инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн барынша қолайлы
жағдайлар жасайды.
      "Атырау облысындағы Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi"
арнайы экономикалық аймағын құру кезiнде қазақстандық экономиканың бәсекеге
қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етуге ықпал етуi тиiс Ұлттық технопарктiң моделi
пайдаланылатын болады.
      Мұнай-химия өндiрiстерiн құру жөнiндегi iс-шараларды iске асыру 2010
жылға қарай мынадай мұнай-химия өнiмiн шығаруды қамтамасыз етедi: бiр жылда
820 мың тонна этилен, бiр жылда 400 мың тонна тығыздылығы төмен желiлiк
полиэтилен және тығыздылығы жоғары полиэтилен (ЛПЭНППЭВП), бiр жылда 400
мың тонна тығыздылығы төмен полиэтилен (ПЭНП), бiр жылда 400 мың тонна
полипропилен (ПП).
 Инновациялық инфрақұрылымды дамыту
      Инновациялық инфрақұрылымды дамытудың негiзгi мақсаты  отандық,
сондай-ақ шетелдiк ғылыми әлеуеттi және технологияларды пайдалану негiзiнде
бәсекеге қабiлеттi түпкi өнiм құруды қамтамасыз ететiн ашық үлгiдегi
инновациялық жүйе қалыптастыру болып табылады.
      Ұлттық инновациялық жүйенi дамыту екi негiзгi бағытты көздейдi - бұл
инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту және инновациялық қызмет
субъектiлерi арасындағы қатынастардың тиiмдi жүйесiн құру.
      ҒЗТКЖ-ны коммерцияландыру тетiгiнiң тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi
жағдайды қамтамасыз ету мақсатында инновациялық инфрақұрылым құру
шеңберiнде "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамы, жеке меншiк
венчурлiк қорлар желiсі, ұлттық және өңiрлiк технопарктер желiсi құрылды.
      2007 - 2009 жылдары технопарктердiң физикалық инфрақұрылымын дамыту
жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады. Технологиялық толықтыру, инвестициялық
жобаларды оларды технопарктерде iске асыру үшiн iрiктеу жөнiндегi,
технопарктерде лабораториялық кешен, сертификациялық және бiлiм беру
орталықтарын құру жөнiндегi жұмыс жүргiзiледi.
      "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамының бес отандық және үш
шетелдiк венчурлiк қоры құрылды;
      "Әрекет" жоғары технологиялар қоры "Тұран Әлем Секьюритис"
компаниясымен бiрлесiп;
      "Lancaster Group" акционерлiк қоғамымен "Адвант" венчурлiк қоры;
      "Сентрас венчурлiк қоры" тәуекелдiк инвестициялау акционерлiк
инвестициялық қоры "Сентрас Капитал" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкпен
бiрлесiп құрылды;
      "Halyk Private Eguity" акционерлiк қоғамы "Қазақстан халық жинақ
банкi" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп;
      "Glotur Technology Fund" акционерлiк қоғамы "Glotur" акционерлiк
қоғамымен бiрлесiп.
      Талдау нәтижелерi бойынша үш жетекшi шетелдiк венчурлiк қор (Ұлттық
инновациялық қордың акционерi ретiнде қатысумен) таңдалды:
      "Welligton Partners Ventures III Technology Fund L.P." еуропалық
технологиялық венчурлiк қоры;
      Орталық Азиялық шағын кәсiпорындарды қолдау қоры (САSEF);
      "Flagship Ventures Fund 2004, L.P." венчурлiк қоры.
      Ұлттық инновациялық қоры Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ аумағында
технологиялық бизнес-инкубатор құру жөнiндегi жобаны қаржыландырып отыр.
      Қазақстан-Британ университетiмен бiрлесiп, технологиялық бизнес-
инкубаторды қаржыландыруды бастау жоспарланып отыр.
 Ақпараттық технологиялар паркi
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 18 тамыздағы N
116 Жарлығымен Алматы қаласының маңындағы Алатау кентiнде "Ақпараттық
технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағы құрылды.
      "JURONG Consultants Pte Ltd" компаниясы ақпараттық технологиялар
паркi арнайы экономикалық аймағын дамытудың тұжырымдамасы мен мастер-
жоспарын әзiрледi.
      Тұжырымдамада зерттеу, өндiрiстiк, институционалдық, тұрғын үй,
коммерциялық кешендердi, Өзара iс-қимыл орталықтарын және көрме
орталықтарын қамтитын аралас ақпараттық-технологиялық парк құру көзделiп
отыр.
      Даму мастер-жоспарында "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы
экономикалық аймағын дамытудың бас және қаржы жоспарын жобалау және әзiрлеу
ұйғарылып отыр. Халықаралық талаптарға сәйкес жарақтану мен жайлылықтың
жоғары деңгейiмен ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк әлеуеттi
шоғырландыруды қамтамасыз ететiн осы заманғы өнеркәсiп кешенiн құру
көзделiп отыр.
 Ядролық технологиялар паркi
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 12 тамыздағы N
832 қаулысымен "Ядролық технологиялар паркi" технопаркiн жарғылық
капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Ядролық технологиялар паркi"
акционерлiк қоғамының басқарушы компаниясы құрылды.
      Ядролық энергетикада қазақстандық тауарлар мен қызметтердiң
халықаралық бәсекеге қабiлеттiлiгiн қолдаудың тұтас жүйесiн қалыптастыру
үшiн Ядролық технологиялар паркiнде перспективада өндiрушi және қайта өңдеу
кәсiпорындарында озық ұстанымдарды қамтамасыз ететiн дербес инновациялық
технологиялық база қалыптасады.
      2006 жылы технопаркiнiң әкiмшiлiк-өндiрiстiк секторының ғимараттарын
салуға, Курчатов қаласындағы сыртқы инженерлiк және коммуникациялық
желiлердi, кiрме жолдарды қалпына келтiру және жөндеуге кiрiсу жоспарланып
отыр. "Ауани технопарк" бiрыңғай ақпараттық жүйесiн Қазақстан
Республикасының "электрондық үкiметi" мемлекеттiк жүйесiне қосу жөнiндегi
iс-шаралар жүргiзiлетiн болады.
      "Ауани технопарк" бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құрудың мақсаты
инновациялық процестiң барлық мүдделi қатысушыларына-кәсiпорындарға, ғылыми
және оқыту ұйымдарына, инвесторларға, жеке тұлғаларға, халықаралық және
шетелдiк ұйымдарға ақпараттық қызметтер ұсыну болып табылады.
      Орта мерзiмдi перспективада:
      "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының
бiрiншi кезектегi объектiлерiн салуды аяқтау;
      өңiрлiк технопарктер мен "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы
экономикалық аймағын технологиялық толықтыру;
      биотехнология, мұнай-химия, жаңа материалдар мен агроөнеркәсiптiк
технологиялар саласындағы ұлттық технологиялар паркiн құру мен дамытудың
орындылығы туралы ұсыныстар дайындау;
      инновациялық инфрақұрылым, ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстер құру
жөнiндегi жұмысты жалғастыру және олардың негiзiнде экономиканың
секторларында жаңа жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыру.
 Ғылымды, технологиялар мен инновацияларды дамыту
      Ғылым мен инновацияларды дамыту саласындағы басты мақсат ғылыми-
техникалық қызметтi инвестициялық сипаттағы серпiлiстi жобаларды әзiрлеуге
және iске асыруға шоғырландыру болып табылады.
      2003 - 2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық
даму стратегиясының басымдықтарына сәйкес ғылыми зерттеулер алдағы 2007 -
2009 жылдары ресурс үнемдеушi және экологиялық таза технологияларды
әзiрлеуге, экономиканың шикiзаттық бағытталуынан ауытқуға, өндiрiстiк
кәсiпорындардың экспортқа бағдарлануын жоғарылатуға және өндiрiстi
әртараптандыруға (биотехнологияны, мұнай-химияны, ядролық технологияны,
ғарыштық технологияны, жаңа материалдар мен наноматериалдарды дамыту, ауыл
шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу) бағытталады.
      Қойылған бағыттарды iске асыру үшiн ғылыми әлеует пен инновацияларды
тиiмдi пайдалану негiзiнде ел экономикасының орнықты дамуы үшiн
институционалдық, ұйымдық, қаржылық, кадрлық және нормативтiк құқықтық
жағдайды қамтамасыз ету қажет.
      Осыған байланысты бiрiншi кезектегi мiндеттер:
      Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру
және дамыту жөнiндегi 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасын iске
асыру;
      Ғылымды дамытудың 2007 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламасын әзiрлеу;
      технологиялар трансфертi жүйесiн дамыту;
      шағын инновациялық кәсiпорындарды дамыту мен қолдаудың нәтижелi
тетiктерiн құру;
      инновациялық кәсiпкерлiк саласында кадрларды даярлау және қайта
даярлау жүйесiн құру;
      инновациялық кәсiпкерлiктi ақпараттық қолдауды дамыту;
      инновациялық дамудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құру;
      отандық және шетелдiк капитал қатысатын венчурлiк қаржыландыру
жүйесiн қалыптастыру арқылы ұлттық инновациялық жүйенiң қаржылық
инфрақұрылымын дамыту;
      жаңа технологияларды коммерцияландыру үшiн жағдай жасау, жаңа жоғары
технологиялар енгiзу, зияткерлiк меншiктi және ғылыми-техникалық өнiм мен
инновациялар нарығын бағалау жүйесiн жетiлдiру, республикада iске
асырылатын ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламаларды нәтижелi
үйлестiрудi қамтамасыз ету.
      Алға қойылған мақсаттар мен мiндеттердi негiзге ала отырып, орта
мерзiмдi кезеңде мыналарды жүзеге асыру қажет:
      отандық өндiрiстiң инновацияларды талап етуiн арттыру, iргелi
ғылымның, маңызды қолданбалы зерттеулер мен әзiрлемелердiң қарқынды дамуын
қамтамасыз ету үшiн ұйымдық және экономикалық тетiктер құру;
      ғылыми-техникалық кешеннiң нарықтық экономиканың жағдайларына
бейiмдеу, ғылымды, технологиялар мен техникаларды дамыту мақсатында
мемлекет пен жеке меншiк бизнестiң өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
      экономика салаларында өндiрiстердiң тиiмдiлiгi мен өнiмнiң бәсекеге
қабiлеттiлiгiн арттыруға әсер ететiн сындарлы технологиялар мен
инновациялық жобаларды iске асыру кезiнде инновациялық саланың ұтымды
стратегиялары мен даму басымдықтарын таңдау;
      ғылымды, технологиялар мен техникаларды осы саладағы әлемдiк
үрдiстердi ескере отырып, дамытудың басым бағыттарында ғылыми зерттеулер
мен эксперименталдық әзiрлемелердi қолдау;
      ғарыштық технологиялар саласындағы (байланыс, материалтану,
биотехнология және биомедицина және т.б.) iргелi және қолданбалы
зерттеулердi дамыту мен ғарыш қызметiнiң перспективалы бағыттарын дамыту
үшiн ғылыми-технологиялық база қалыптастыру үшiн қолайлы жағдайды
қамтамасыз ететiн таяу және алыс ғарышты зерттеу және нәтижелер алу;
      ғылым мен технологиялар саласында жоғары бiлiктi ғылыми және инженер
кадрлар дайындау жүйесiн жетiлдiру;
      ғылымды, технологиялар мен техникаларды дамытудың басым бағыттарын
iске асыру кезiнде ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтi
мемлекеттiк реттеу мен тiкелей және жанама ынталандырудың нарықтық
тетiктерiн, шараларын ұтымды үйлестiру;
      шетелдiк озық технологияларды тарту жүйесiн құру;
      орта мерзiмдi перспективаға арналған бағыттарды iске асыру
мемлекеттiң шектелген қаржы қаражатын ғылым мен технологиялардың басым
бағыттарына шоғырлануына және ҒЗТКЖ-ның қағидатты жаңа технологиялар мен
материалдар әзiрлеуге, сондай-ақ өнеркәсiптiң көкейкестi проблемаларын
шешуге бағдарлануын шоғырландыруға ықпал ететiн болады.
 Даму институттарының Индустриялық-инновациялық даму
стратегиясын iске асыруға қатысуы
      Индустриялық-инновациялық саясатты жүргiзудiң негiзгi құралдарының
бiрi институционалдық даму болып табылады. Бұл жерде қаржы және сервистiк
даму институттары ("Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамы,
"Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлiк қоғамы, "Ұлттық инновациялық
қор" акционерлiк қоғамы, "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк
қоғамы, "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi
мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлiк қоғамы, "Инжиниринг және
технологиялардың трансфертi орталығы" акционерлiк қоғамы) маңызды рөл
атқарады.
      2003 - 2004 жылдары даму институттары институционалдық қалыптасты,
әкiмшiлiк және құқықтық база қалыптастыру, жобаларды бағалау өлшемдерi мен
рәсiмдерiн айқындау кезеңiнен өттi.
      Әрбiр даму институтының өзiнiң мамандануы, өз тауашасы, ал тұтастай
алғанда олар кез келген сатыда, жаңа өндiрiстердi құру кезiнде және әр
түрлi құралдарды пайдалана отырып, оларды кеңейткенге дейiн инвестициялық
және инновациялық жобаларды кешендi қолдау жүйесiн құрды.
      2005 жылы институттар қызмет көрсетiлетiн жобалардың саны мен көлемi
бойынша қарқынды өсудi көрсеттi. 
      2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша даму институттарының
("Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының, "Қазақстанның
инвестициялық қоры" акционерлiк қоғамының, "Ұлттық инновациялық қор"
акционерлiк қоғамының, "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды
сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлiк
қоғамының, "Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы"
акционерлiк қоғамының) жиынтық жарғылық капиталы 120,6 млрд. теңгенi
құрады, оның iшiнде 2005 жылы оны толықтыру 26,5 млрд. теңгенi құрады.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы  N 65
"Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық саясаты шеңберiнде
ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi
шаралар туралы" Жарлығына сәйкес ұлттық басқару компаниясы - "Қазына"
тұрақты даму қоры" (бұдан әрi - "Қазына" АҚ) құрылды.
      "Қазақстанның Даму Банкi", "Қазақстанның Инвестициялық Қоры", "Ұлттық
инновациялық қор", "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры", "Экспорттық
кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк
сақтандыру корпорациясы", "Маркетингтiк және сараптамалық зерттеу орталығы"
акционерлiк қоғамдарының мемлекеттiк акциялар пакетi және "Қазинвест"
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң қатысу үлесi "Қазына" АҚ-ға
берiлетiн болады.
      "Қазына" АҚ негiзгi мақсаттары:
      даму институттарын корпоративтi басқару деңгейiн көтеру;
      даму институттары арасында үйлесiмдiлiктi жақсарту;
      iрi серпiлiстi жобаларды iске асыру үшiн даму институттарының күш-
жiгерiн және капиталын ықпалдастыру;
      мемлекеттiң бизнеспен өзара iс-қимылын жақсарту;
      экспорт пен инвестицияны iлгерiлету үшiн халықаралық деңгейге шығу
болып анықталып отыр.
      "Қазына" АҚ Қазақстан Республикасының Yкiметiне даму институттарының
қызметiн үйлестiру негiзiнде экспорт-импорт секторының артықшылықтарын
пайдаланып ұлттық экономиканы әртараптандыруға, даму институттарының
мамандануы арасында теңгерiмдi және олардың арасында орынды бәсекелестiктi
анықтауға көмектесуге арналған.
 "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамы
      Қызметiнiң басынан бастап, "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк
қоғамы (бұдан әрi - Банк) 548,8 млн. АҚШ доллары Банктiң қатысуымен 1 396,8
млн. АҚШ доллары сомасына 37 инвестициялық жобаны (N 2 қосымша), оның
iшiнде 465,7 млн. АҚШ доллары Банктiң қатысуымен 1 282,8 млн. теңге АҚШ
доллары сомаға Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру
шеңберiнде 26 жобаны қаржыландыруды мақұлдады.
      Банк қызметiнiң басынан бастап мақұлданған инвестициялық жобалар
бойынша игеру 326,9 млн. АҚШ долларын, оның iшiнде Индустриялық-
инновациялық даму стратегиясын бекiткен сәтiнен бастап 266,4 млн. АҚШ
долларын немесе игерудiң жалпы көлемiнiң 81,5 %-ын құрады.
      2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Банктiң 442,6 млн. АҚШ доллары
кредит беру көлемiмен жалпы сомасы 1 230,5 млн. АҚШ доллары 26 жоба iске
асыру сатысында, 115 млн. АҚШ доллары сомасына инвестициялық жобалар
бойынша 75,2 млн. АҚШ доллары сомасына 5 кредиттiк келiсiм қол қою
сатысында.
      Банктiң қаржыландыруға мақұлданған инвестициялық жобаларға қатысуының
салалық құрылымы: электр энергиясын, газ және су өндiру мен бөлу (22 %),
көлiк және байланыс (жалпы көлемiнiң 17 %-ы), тоқыма және тiгiн өнеркәсiбi
(15 %), химия (13%), өзге де металл емес минералдық өнiмдер өндiру, құрылыс
материалдарын өндiру (12 %), машина және жабдықтар өндiру (9 %) және тамақ
өнеркәсiбi (3 %) және экономиканың басқа да салалары (9%).
 "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлiк қоғамы
      2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 67,8 млрд. теңге сомасына 22
жоба қаржыландырылды, "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлiк
қоғамының қатысуы 18,3 млрд. теңгенi құрайды.
      Бұдан басқа, 1,7 млрд. АҚШ долларынан асатын сомаға шамамен 40 жоба
алдын ала қарауда жатыр.
      Осы жобаларды iске асыру нәтижесiнде бәсекеге қабiлеттi өндiрiстiң
дамуы, инфрақұрылым объектiлерiн құру және оларды жаңарту, салықтық
түсiмдер көлемiнiң өсуi, халықтың жұмыспен қамтылуы күтiлуде.
 "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамы 
      "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Қор)
Ұлттық инновация жүйесiн қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi 2015 жылға
дейiнгi бағдарламаны iске асыруға маңызды рөл берiлдi.
      2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қор 182,6 млн. АҚШ доллары
сомасында қордың қатысуымен жалпы сомасы 767,4 млн. АҚШ доллары 62 жобаны
қаржыландыруды мақұлдады. Көрсетiлген мiндеттемелер 11 венчурлiк қордың
инвестициясын, 15 инновациялық жобаны, 1 технологиялық бизнес-инкубаторды,
сондай-ақ қолданбалы ҒЗТКЖ-ның 35 жобасын iске асыруға арналған гранттарды
қамтиды. 
 "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды
сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы"
акционерлiк қоғамы
      2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "Экспорттық кредиттердi және
инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы"
акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Корпорация) 37,9 млрд. теңге (284 млн.
АҚШ доллары) сомасына экспорттық кредиттердi және инвестицияларды
сақтандыруға 147 өтiнiш берiлдi.
      Жалпы сомасы 30 млрд. теңгеге қаралған 133 жобадан Корпорация
басқармасы жалпы сомасы 23,1 млрд. теңгеге (173,3 млн. АҚШ доллары) 114
экспорттық жобаны сақтандыру туралы шешiм қабылдады, оның iшiнде жалпы
сомасы 14,9 млрд. теңге сомасына 69 жоба бойынша сақтандыру шартына қол
қойылды. Бұл ретте, 39 шарт жобасы бойынша сақтандыру аяқталды, 30 шарт
iске асырылуда.
 "Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы"
акционерлiк қоғамы
      "Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы" акционерлiк
қоғамының (бұдан әрi - Орталық) инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру,
атап айтқанда, Орал, Қарағанды және Алматы қалаларында өңiрлiк технопарктер
құру, "Ақпараттық технологиялар паркiнiң" бiрiншi кезегiн салу, бiрқатар
жоғары технологиялық жобаларды инжинирингтiк сүйемелдеу жөнiндегi жұмыс
жүргiздi.
      Жобалардың технологиялық сараптамаларын жүргiзуге және инновациялық
әзiрлемелердi коммерцияландыру жөнiндегi инжинирингiлiк қызметтер көрсетуге
Орталыққа 46 жоба келiп түстi, оның 8-i бойынша сыртқы сарапшыларды тарта
отырып, сараптама жүргiзiлуде.
 Электр энергетикасы саласын дамыту
      2007 - 2009 жылдары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар
Стратегияның теориялық ұғымы, Қазақстан Республикасының дамуының экономикалық стратегиясы
Елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етудің мемлекеттік саясаты
Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына Қазақстанның кіру мәселесі
Аймақтағы инновациялық іс-әрекеттер дамуының қазіргі заман тенденциясы
Электр энергетикасы саласын дамыту
Мемлекеттік басқару және Қазақстан экономикасының серпінді дамуын қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелері
Бизнес инкубаторларды басқару
Пәндер