Әл-фараби – ислам философы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби - ислам философы

Отырар ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшхүрі Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, жиханкез ғалым Әбу Насыр Мухаммад бин Мухаммад бин Тархан бин Узлағ Әл-Фараби. Яғни Әл-Фарабидің өз аты Әбу Насыр Мухаммед, әкесінің аты ныспысы да Мухаммад, бабасының есімі Тархан, арғы атасы Узлағ. Түрік оқымыстылары Әбу Насыр ныспысының соңына кейде әт-түрки деген сөзді қосып, оны түркі текті екенін шегелей түседі.

Араб-парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб қаласында, қайсы бір деректерде - оның тікелей ықпалында болған іргелесі Уасидже Отырарлық әскер басының отбасында дүниеге келген. Ол туған жерінің атауымен Әл-Фараби, яғни фарабтық деген атқа ие болған.

Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алғанға ұқсайды. Өйткені, көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда, Мәуленнаһрда балаларды түрлі қол өнері мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту олардың 5 жасар кезінен басалатын болған.

Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әл-Фараби ата-анасы таяу және орта шығыс елдерімен сапарға дайындайды. Бірақ ол Бағдатқа бармас бұрын жолай Шаш пен Самарқанд, Бұқара шаһарларына соғып, білімін молықтырған секілді. Әйтсе де араб шежірешілері бұл туралы мәнерлі ештеңе айтпады. Кейін ол жолай Иран еліндегі Мешхед, Нишапур, Рей, Исфаһан қалаларына келеді. Содан соң әрі қарай Бағдатқа аттанады. Бұл жерде атақты Иуханна бин Хайлан, Әбу Башр Матта, Әбу Бәкір бин Сираж сияқты ғалымдардан дәріс алып, дүниетанымын толықтырды.

Әл-Фараби жиһанкездікті ұнатқан. Арада біраз жылдар салып, Бағдаттан Шамға келеді, бірақ мұнда ұзақ аялдамастан Мысырға сапар шегеді. Мысырда қанша уақыт болғаны жайлы деректер жоқ.

Әл-Фараби бүкіл философиялық қызметі құрылымы мен ресми идеологиясы жағынан феодалды-теократиялық негіздегі мемлекет болып табылатын Араб халифатындағы дамушы ғылыми-философия мен билік етуші діни идеологиясының арасындағы қарама-қайшылықтар дәуірінде өтті.

Орта ғасырларда дін-құқық жүйесі, саяси доктрина, моральды ілім және философия ботлып табылғандықтын сол қоғам мүшелері үшін ислам білімінің негіздері елеулі мәнге ие болды.

Әл-Фарабидің ислам факторына қарым-қатынасын ол өмір сүрген кезеңінің нақтылығы мен ерекшелігін ескерген тұста дұрыс түсінеміз. Ұлы Ойшыл исламды адамдардың арасындағы моральды-құқықтық қарым-қатынастарды реттеудің м аңызды құралы ретінде қарастырды.

Нағыз ислам философы ретінде Әл-Фараби Мұхамед пайғамбардың мисиясын, оның Алла жөніндегі танымын мойындайды. Аллаға, періштелерге, қасиетті кітаптарға, пайғамбарларға, ақыр заман күніне, тағдырға сену сияқты ислам ілімінің барлық алты белгісі Әл-Фараби трақтаттарында тура болмасада өзінше бір екркше түрінде түйінделген.

Құран бойынша сенімнің 1-ші бөлімі ол-Аллаға сену. Бұл негізгі принцип қасиетті кітаптың 2-ші және 13-ші сүрелерінде берілген.

Құран Фатиха сүресі ашады:

Аса қамқор, ерекше мейірімді

Алланың атымен бастаймын

Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы

Аллаға тән

Аса қамқаор, ерекше мейірімді

Қиамет күннің иесі Сағған ғана

Құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана

Жәрдем тілейміз.

Бізді тура жолға сала көр.

Нығметке бөленгендеріңнің жолына.

Бұл сүре тармақтарымен Әбу Насыр әлбетте таныс болды. Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы», «Азаматтық саясат» трактаттарындағы қараңғы және адасқан қалаларға сипаттама берген кездефатиха сүресінің мәніне терең бойлап, ой қорытқанына күмәніміз жоқ. Әлемді жаратушы бірінші Тұлға жөнідегі білімнің қажеттілігі туралы Әл-Фараби мұраты классикалық ислам дәуіріндегі оқырман сұранысымен де ұштасчып отырды, Әл-Фараби Алла танымын құптай отырып, ғылыми тұрғыда Аристотельдің ізімен, құдай дүниенің бар етуші тек 1-ші себеп-алғашқы түрткі ғана, одан кейін табиғат (материя) өз бетімен, өз заңдылығымен тәуелсіздік даму жолымен түскен деген идеяны қуаттайды. Сол себептен де болар ойшыл тұжырымдары кезіндекеңестік арабтану саласында бұрмаланып, соның ішінде А. А. Игнатенко сияқты ғалымдар оның өнін айналдырпып басқаша сипаттама беруге тырысты.

Әлемнің құрылысы жөһнідегі ілімді еске ала отырып Әл-Фараби ислам мен философияның жарыспа жанаспалығы туралы ой қорытады. Бұл мәселе, әсіресе, хадиспен жекелеген Құранда айтылғандар Әл-Фараби космологиясының негізін қалауда деген идеяны ұстанушы В. П. Демидчиктің мақаласында көрініс береді.

Бұл тұжырым Құран мен Суннаның әлем жаратылысының сөз ететін тұсына ғана қатысты. Әл-Фараби «Қайырымды қалада»: «қиялдағы күш ең биік дәрежеге жеткен адамның әрекет етуші интелектіден өңінде де қазіргі жақтың немесе келер шақтың нышандығы, яки олардың сезімдік модельдерін алып отыруы, сөйтіп интелекцияның жеке-жеке модельдендіретін паыймдауғыш обьектілерінің бәрін жіне басқа да ізгі жандардың бәрін көріп отыру ғажап емес. Сонда оған дарйтын обьектілері арқылы, қасиетті заттарды, болжап білу сияқты дарын пайда болады. Қиялдағыш күштің барып жететін ең биік дәрежесі және өзінің қиялдағыш күші жағынан адамның көтерілетін дәрежесі, кемелддіктің асқар шыңы - нақ осы», - дейді. Бұл жерде оның философиясы сенімнің 2-ші негізгі бөлімі - періштелерге сеніммен ұщтасады.

Құран бойынша періштелер - Алла ықтиярын орындаушылар. Олар жарықтан жаралған, тамақ пен су ішпейді, жынысы жоқ. Адамдарды қорғайды, пайғамбарларға Алла сөзін тасымалдайды, жер бетіндегі адамзат әрекетін бақылайды, жаннат пен тозақтың күзетшілері. Олардың саны Аллаға ғана аян. Ислам ілімінде періштелер ұзын иерархия тізбегін құрап, Құдай алдында әр түрлі сатылардан тұрады. Періштелер - Құдайдың нұр-шуағымен мейірі-шапағатына бөлінген рухы зор, мұраты жұп, өзіндік ерік - қалаудан азат нәрсе. Олардың ішінде Ібіліс ибн шайтан ғана тозақтың отынан жаралған, адамларды дұрыс жолдан тайдырады. Бастапқыда шайтан көп періштенің бірі болған, құдіретінің ырқыны бағынбағынының кесірінен Құдайдың төңірегінен қудалған. Шайтанның аластатылып, жаратқанның төңірегінен қуылуына Алланың адамға бағыну жөніндегі әмірінің орындамауы себеп болған еді. Сол себептен де намаз Ауызу би Ллахи мен аш - Шайтани рражим деп аталады.

Әл-Фараби «қайрымды қалада» періштелер жөніндегі ислам ілімінің барлық жағынан қарастыруғы тырысады Әл-Фараби трактаттарында «періштенің аян болуы мен елестеуі туралы» бөлім бар. Бұл жерде философ әрекет етуші интелект бейнесін өндеуге қабілетті қиялдағы күштер әрекетін қарастырады. Бұл жөнінде Әл-Фараби: «Періште деп біліп, нануға ләзім тірі жандар туралы ; бұлардың әр қайсысының парқы неде; мұның өзі қандай және бұлардың пайда болу себебі; бұлардың 1-ші себепке қатынасады; бұлардың әр қайсысынан ненің пайда болатыны, бұлардың әр қайсысының одан шығатын нәрсеге қалайша себеп болатындығы; әр қайсысының нені және қалай билейтіні және аспани денелерінің біріне себеп болатындығы, оның осы тәнді билеуге арналғандығы, - дейді. »

Исламның негізгі 3-ші бөлімі қасиетті кітаптарға сенімді, Әл-Фараби арнайы бөліп алып, қарастырмайды дегенмен осы бағытты төңірегінде жалпылама тұтас түсінік бар.

Пайғамбарларға сенім немесе исламның4-ші бөлімі Әл-Фарабидің әділетті әкім туралы тұжырымдамасында жарқын көрініске ие. Сенімнің 4-шу тармағы бойынша мұсылман барлық пайғамбарлардың ақиқатығына сену керек. Құранда - адам, Ыдырыс, Нұх, Худ, Салих, Ибраһим, Лут, Ысмаил, Жақып, Жүсіп, Аййюб, Шуэйб, Муса, Һарун, Зуль - Кифль, Дәуіт, Сүлеймен, Ілияс, Зәкәрия, Яхья, Иса, Мухамед сияқты есімдер айтылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Араб-мұсылман философиясы
Араб және мұсылман елдерінің өнері
Фараби туралы
Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы
Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы
Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
Әл-Ғазалидің философиялық еңбектері жайлы
Орта ғасырлардың мәдениет туралы түсінік
Ортағасырлық философия туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz