Мұнайдың геологиясы, пайда болу жолдары



Кіріспе
1. Мұнайдың геологиясы, пайда болу жолдары
2. Қазақстанда мұнай өндіру тарихы
3. Мұнайдың генетикалық табиғатымен танысудағы периодтар (кезеңдер)
4. Мұнайдың органикалық жаратылысының болжам . гипотезалары
5. Шталь және басқа ғалымдардың еңбектері
6. Энглер тәжірибелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мұнайдың көмірсутектерінің микроорганизмдермен биодеградациясы қоршаған ортадан мұнай көмірстутектерін жоюдың негізгі механизмдерінің бірі болып келеді. Мұнаймен ластанған топырақты тазалаудың ең қолайлы әдісі болып ластанған ортаға активті мұнай тотықтырушы микроорганизмдерді енгізу арқылы биоремедиация жүргізу болып саналады. Сондықтаан ластанған топырақтан алдын-ала шығарылған көмірсутек тотықтырушы микроорганизмдер кешенін құрайтын биопрепараттарды құрастырудың маңызы өте зор. Ресейде, АҚШ-та, Англияда, Қытайда қоршаған ортаны мұнайлы ластанудан тазарту үшін мұнай тотықтырғыш микроорганизмдердің препараттарын алу бойынша көптеген зерттеулер жүргізілуде. Препрараттардың эффективтілігі көбіне жасанды ассоциацияларға кіретін микробты компоненттерге байланысты.
Соңғы жылдары экологиялық жағдайдың төмендеуі Қазақстанда да, әсіресе Батыс Қазақстан облысы мен Қызылорда облысында көрініс беруде. Осыған байланысты қоршаған ортаны мұнай көмірсутектері мен олардың өнімдерінен тазартуда көмірсутегін тотықтырушы микроорганизмдердің алатын орны ерекше. Қазіргі кезде микроорганизмдердің көмірсутектерді ыдыратуында көбінесе олардың беткі-белсенді заттар түзу және әртүрлі көмірсуткетерді тотықтыру қабілеттіліктеріне көп көңіл бөлуде.
Құмкөл мұнай кен орнынан алынған топырақ үлгілеріндегі микроорганизмдердің негізгі топтарының санын анықтау. Қойған мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
1. Мұнаймен ластанған топырақтағы мұнайдың мөлшерін анықтау;
2. Құмкөл мұнайын ыдырататын микроорганизмдердің табиғи ассоциациясын құру үшін алдымен мұнаймен ластанған топырақтың микрофлорасын зерттеу.
Қоршаған ортаның мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануынан тазартудың жаңа жолдарын ашу.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Нұрсылтанов, Абайылданов «Мұнай газ ісінің негіздері». Алматы, 2000
2. Аманиязов «Жалпы және мұнай геология негіздері». Алматы, 2003
3. Акишев Т.А., Құрманов С.К. «Геология нефти и газа». 1984
4. Бәкіров «Мұнай және газ геологиясы». Алматы, 1998
5. «Нефть и её производение». Ганс Гёфер, 1813
6. ҚазССР энциклопедиясы
7. Интернет

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

Кіріспе
1. Мұнайдың геологиясы, пайда болу жолдары
2. Қазақстанда мұнай өндіру тарихы
3. Мұнайдың генетикалық табиғатымен танысудағы периодтар (кезеңдер)
4. Мұнайдың органикалық жаратылысының болжам – гипотезалары
5. Шталь және басқа ғалымдардың еңбектері
6. Энглер тәжірибелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Мұнайдың көмірсутектерінің микроорганизмдермен биодеградациясы қоршаған
ортадан мұнай көмірстутектерін жоюдың негізгі механизмдерінің бірі болып
келеді. Мұнаймен ластанған топырақты тазалаудың ең қолайлы әдісі болып
ластанған ортаға активті мұнай тотықтырушы микроорганизмдерді енгізу арқылы
биоремедиация жүргізу болып саналады. Сондықтаан ластанған топырақтан алдын-
ала шығарылған көмірсутек тотықтырушы микроорганизмдер кешенін құрайтын
биопрепараттарды құрастырудың маңызы өте зор. Ресейде, АҚШ-та, Англияда,
Қытайда қоршаған ортаны мұнайлы ластанудан тазарту үшін мұнай тотықтырғыш
микроорганизмдердің препараттарын алу бойынша көптеген зерттеулер
жүргізілуде. Препрараттардың эффективтілігі көбіне жасанды ассоциацияларға
кіретін микробты компоненттерге байланысты.
Соңғы жылдары экологиялық жағдайдың төмендеуі Қазақстанда да, әсіресе
Батыс Қазақстан облысы мен Қызылорда облысында көрініс беруде. Осыған
байланысты қоршаған ортаны мұнай көмірсутектері мен олардың өнімдерінен
тазартуда көмірсутегін тотықтырушы микроорганизмдердің алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде микроорганизмдердің көмірсутектерді ыдыратуында көбінесе
олардың беткі-белсенді заттар түзу және әртүрлі көмірсуткетерді тотықтыру
қабілеттіліктеріне көп көңіл бөлуде.
Құмкөл мұнай кен орнынан алынған топырақ үлгілеріндегі
микроорганизмдердің негізгі топтарының санын анықтау. Қойған мақсатқа жету
үшін алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
1. Мұнаймен ластанған топырақтағы мұнайдың мөлшерін анықтау;
2. Құмкөл мұнайын ыдырататын микроорганизмдердің табиғи
ассоциациясын құру үшін алдымен мұнаймен ластанған топырақтың
микрофлорасын зерттеу.
Қоршаған ортаның мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануынан тазартудың
жаңа жолдарын ашу.

Қазақстанның мұнайлы-газды аймақтарының табиғи ерекшеліктері

Қазақстан жерінің барлық аймақтарында дерлік мұнай мен газ көздері
бары анықталған,бірақ бүгінгі таңда,тек Батыс Қазақстан және Қызылорда
(Ақтөбе,Атырау, Батыс Қазақстан,Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан) ғана
мұнай-газ өндірілуде.
Патшалық Ресей 17ғ. аяғы-18ғ. басында Қазақстанның кең
алқабына назарын аудара бастады,өз империясының шығыс шекараларын
нығайту,оңтүстіктегі елдерге апарар жаңа сауда жолдарын іздеу
мақсатында,жылма-жыл мұнда саудагерлерін, әскери топографтар мен табиғат
зерттеушілер топтарын жіберіп тұрды. Ал Атырау облысындағы мұнай көзі
жөніндегі алғашқы мәліметтер 1717жылы 1-ші Петрдың жарлығымен Жем өзенінің
төменгі экспедициясын ұйымдастырған Бекович-Черкасскийдің жазбаларынан,одан
кейін географ Северцовтың 1860 жылы жарияланған есебінен табылған.
1874жылы Қарашұңғыл,Доссор,Иманқарада мұнайдың шығуын
зерттеген Ресейдің Геология комитетінің кен инженері Д.Кирпичников былай
деп жазған : "Мұнайдың мол қоры бар екеніндігінде күмән жоқ,алайда ол
байлыққа қол жеткізу қиынға соғады,өйткені онда ауыз су жоқ,елді
мекендермен қатынас,шабындыққа қолайлы шалғын мен дала да жоқ."
Мұнай қорларын ашуда және нысаналы геологиялық зерттеу
жұмыстарын жүргізуде 1892жылы геолог С.Никитиннің басқаруымен аймақтың
табиғи байлықтарын зерттеу және Түркістанға темір жол салудың оңтайлы
жақтарын қарастыру мақсатында Батыс Қазақстанға жіберілген арнайы
экспедицияның тындырған жұмыстарының маңызы зор болды. Мұнайдың шығуын
зерттегенде,экспедиция тұңғыш рет қолмен бұрғылау қондырғыларын
пайдаланды.Оған қоса,ауыз су іздестіру,кейінірек фосфорит пен көмір
іздестірулері басталды.

Алғашқы кезең
1892жылдың аяғында Доссордың жекелеген учаскелеріне барлау жүргізуге
ынта білдірген алғашқы арыздамалар келіп түсіп жатты.Көп ұзамай Батыс
Қазақстан,Орал-Ембі және басқа да аймақтарының мұнайын іздеу және барлау
үшін көптеген қоғамдар,серіктестіктер мен фирмалар құрылды.Солардың
ішіндегі ірілері:Орал-Каспий мұнай қоғамы(УКНО),"Ембі-Каспий","Ағайынд ы
Нобельдер серіктестігі","Ембі","Орал мұнайы" т.б.1894жылы Петербургтың бір
топ іскері мұнай кендерін іздеуге және барлауға концессия алды.
1906-1909жылдары Қаратонда жоғарғы бор қабаттарынан 3-4 ұңғыдан мұнай
шықты.
1910жылы С.Леман компаниясы"Орал-Каспий" қоғамындағы ағылшын
іскерлерінің қаржысын пайдаланып,Доссорда терең бұрғылау жұмыстарын
ұйымдастырды.1991жылы 29 сәуірде Доссорда №3 ұңғыда 225-226 метр
тереңдіктегі ортаңғы юра қабатынан мұнайдың күшті бұрқағы атты.Көп ұзамай
Мақатта өнеркәсіптік мұнайдың қоры ашылды. Барлау жүргізілген 20 құрылым
мен алаңдарда 166 барлау және 177 пайдалану ұңғылары бұрғыланды.
Маңғыстаудағы мұнай белгілері жөніндегі алғашқы деректер Г.Карелин
есімімен байланысты болды. Ол 1830-1832жылдары Каспий теңізінің шығыс
жағалауы мен Батыс Үстірттің батыс шыңдарын зерттеп,Қайдақ шығанағы бойында
шағын кемесімен өтіп бара жатып,мұнай көрінісінің белгілерін анықтады.1899-
1902жылдары Г.Насибьяну Қарасаз бен Тасбас құдықтарының маңында мұнайдың
барын сипаттап жазды.

Саланы реформалау кезеңі
Қазақстан,егемен ел бола келе,геология саласы түрлі акционерлік
қоғамдар, шетел инвесторларымен бірлескен кәсіпорындар құру арқылы өзін-өзі
қаржыландыруға көшті. Жер қойнауы Қазақстан Республикасының Үкіметі берген
контракт пен куәлік негізінде пайдалана беруге болатын тауарға айналды.
1993жылы Геология министрлігі мен Мұнай өнеркәсібі министрнің
құрамындағы геофизикалық ұйымдар мемлекеттік акционерлік қоғамдарға (АҚ)
айналды.Ал АҚ. Мемлекеттік акция пакеттері мемлекеттік холдинг
компанияларына берілді. Кен пайдалану саласында бұл реформамен қатар,
либералдандыру үдерісі де орын алды.Геология министрлігінің бейнесіндегі
бір ғана тапсырыс-шынының орнына жергілікті және негізінен,халықаралық
мұнай компаниялары шыға бастады,мұның өзі бәсекені тудырмай қоймады.
1990жылдан бастап жұмыс көлемінің азаюына байланысты оның
нәтижелілігі де төмендеді.1991-1996жылдары Маңғыстау облысында-
6(Придорожное,Толқын,Шығыс Сазтөбе,Доменское Қараоба,Ақсаз),Батыс
Қазақстанда-4(Чинарев,Ростошинское, Приграничное,Оңтүстік
Гремячинское),Қызылорда облысында-1(Арыс),Атырау облысында-
2(Айыртау,Төбеарал)және Қарағанды облысында-1(Оңтүстік Құмкөл) кен орындары
ашылып,барланған.Бұлар қор мөлшері жағынан ұсақ кен орындары болып
саналады.

Қазақстан мұнайы
Мұнай –жанғыш,майлы сұйықтық,өзіне тән иісі бар,жердің шөгінді
қабатында тараған.
Мұнай-аса маңызды пайдалы қазба-1,2-2км-ден астам тереңдікте газ
тәрізді көмірсутегілермен бірге құралады. Жер бетіне жақын жатқанда тотығу
үрдісі әсерінен мұнай битумдарын құрайды.Табиғи жайғасу жағдайында мұнай
көбінесе газға,басқа да жеңіл көмірсутегіне әр түрлі дәрежеде қаныққан.
Құрамы мен қасиеттері. Мұнай –күрделі табиғи
түзілім,метандық,нафтендік,көмірсут егінің хош иісті және негізінен
оттекті,күкіртті және азотты гетероорганикалық қоспаларынан
құралған.Мұнайдың элементтік құрамы: көміртегі-82,5-87%, сутегі-11,0-14,0%,
оттегі-0,05-1,0%, күкірт-0,1-7,0%, (сиректеу 8%-тен жоғары),азот-0,001-
1,8%. Еріген күйдегі газдар(1т мұнайға 30-дан 300м3-ге дейін), су және
минералдық тұздар мұнайдың тұрақты құрамдас бөлігі болып табылады. Күлдің
мөлшері мұнайдың көпшілік түрлерінде пайыздың ондық бөлігінен,
ал металдардың (ванадий, никель, темір, мыс, натрий, калий) көп дегендегі
шоғырлану пайызының жүздік бөлігінен аспайды. Мұнайдың түсі ашық сарыдан,
күңгірт қоңыр және қараға дейін құбылып тұрады, тығыздығы 730-дан 980-
1050кгм3-ге дейін.
Әр түрлі мұнайлы алаптар мен метологиялық-стратиградиялық
кешендердегі, мұнайлы құрылымдар мен жекелеген кен орындарындағы мұнайдың
құрамы мен қасиеті өте құбылмалы, яғни белгілі бір мұнайлы аймақтағы немесе
кен орындағы мұнайдың орташа құрамы туралы тек шарт- ты түрде ғана айтуға
болады.
Қазақстанның мұнайлы алаптары өзінің құрылысы, геологиялық дамуы,
негізгі мұнай-газ түзілу аумағында шоғырланған органикалық заттардың түрі
мен мөлшері және олардың геохимиялық өзгерістерін қамтамасыз ететін
палеогеографиялық жағдайға байланысты мұнайлы-газды қабаттардың қалыптасуы
жағынан алуан түрлі.
Мұнай органикалық заттардың (кероген) сулы шөгінді қабаттарда
таснұсқалану (фоссилизация) өнімдерінің сұйық гидрофобтық фазасы болып
табылады. Мұнайдың түзілуі сатылы, тым ұзақ үдеріс(әдетте бірнеше милли-
ондаған жыл), оның міндетті түрдегі шарты-аумағы зор ойылым, онда шөгінді
жыныстардың болуында, олардың құрамында органикалық заттардың болуы.
Алаптар даму барысында, жыныстар мұнай тезілуге қолайлы температура мен
қысым жағдайы бар аймаққа жете алады. Үдерістің

бастапқы кезеңінде биохимиялық биокатализдік жағдайлардың әсерінен мұнайды
жаратушы жыныста шашыранды түрде көмірсутегілер және мұнайдың басқа да
түрбөлшектері түзіледі, одан кейін сұйық көмірсутегілердің негізгі массасы
жаратылады: битумның "жетілуіне" әкеліп соғатын үдерістер (термикалық
катализ, карбоксилден арылу, сутегінің пропорциясы бұзылуы) жүреді; құрамы
жағынан нағыз мұнайға жақындап, коллекторға көшіп барып, одан әрі
жинағыштарға орын ауыстырады да, әрі қарай молекуласы төмен
көмірсутегілердің жинақталуы күшейіп,газ қоймалжыңы (газконденсат)
түзіледі. Мұнай жаратылуының ақырғы сатысы тотығу үдерісінің нәтижесінде
мұнайдың бұзылуы,шашырауы және қатты битумға айналуы болып табылады.
Саздар,ішінара карбонатты және құмды-алевролитті жыныстар мұн
туғызушы болып табылады,олар алаптың төмен құлдырауына байланысты
мезокатагенез өңіріне түседі де,мұнда мұнай түзілуінің негізгі жағдайы
–органикалық заттарды 5000С ұзақ уақыт қыздыру жұмысы өтеді.Бұл аумақтың
жоғарғы шегі 1,3-1,7 км-ден 2,7-3 км-ге дейін,ал төменгісі 3,5-5 км.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанғаннан кейін,республика үкіметі
құрылықпен қатар ішкі су қоймаларында,соның ішінде Каспийде мұнай
операцияларын іске асыру жөнінде шешім қабылдады. Осы мақсатта 1993жылы
жаңа "Қазақстанкаспий-шельф" компаниясы құрылды("ҚКШ"). Қазақстанның су
айдынындағы мұнай операцияларын орындау жөніндегі тәжірибесінің бұрын-соңды
болмағандығы бұл үшін қажетті қаржы мөлшерінің, тиісті техникасы мен
мамандарының жоқтығы бұл іске шетел мұнай компанияларын тартуды мәжбүр
етті. Сөйтіп Каспий теңізі жөніндегі халықаралық компаниясы құрылды
(Caspian Sea Consortium,CSC), оның құрамына, оператор болып саналатын "ҚКШ"-
дан басқа,Адір, сонымен қатар British Petroleum Statoil,British
Gas,Mobil,Royal Dutch Shell жәнеTotal бірлестігі кірді.

Қазақстанда мұнай өндіру тарихы

Жер көлемі жөнінде әлемдегі ең ірі мемлекеттің бірі саналатын Қазақстан
сондай – ақ орасан зор табиғат байлығы мен адам ресурстарына да ие.
Елеміздің басшылығы осы ресурстарды тұрғындардың әлауқаты деңгейін көтеру
бағытында пайдалану үшін табанды жұмыс жүргізеді.
Қазақстанда мұнай өндіру тарихы 1899 жылдан бастау алады. Ең алдымен,
Қазақстандағы мұнай өндіру өнеркәсібі бастауында мұнай және газ жобалары
экономикаға құйылар инвестицияның өсуіне ықпал ететін өз мәніндегі
катализаторға айналады. Арада жүз жыл өткен соң, Қазақстан Республикасы
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “..мұнай ұлттық индустрияның тек маңызды
саласына айналған жоқ, ол мемлекет тәуелсіздігінің символына, жарқын
болашаққа деген үмітке айналады. Бүгінде Қазақстан мұнайы Қазақстан
халқының игілігі үшін жұмыс істеуде ” деген тарихи мәні бар сөзін айтты.
Шынында да тәуелзіздік жылдарында мұнай – газ саласы өз дамуында
таңқаларлық прогреске ие болды. Бұл табыс ең алдымен еліміз басшылығының
тұрақты да белсенді, әрі дәйекті саясатының , оның ішінде шетелдік
инвесимция тартуға жұмсаған күш – жігерінің арқасында мүмкін болды.
Орта Азиядағы ең ірі мұнай жобасы
Шетелдік инвесторлар мен Қазақстан Республикасы еліміздің табиғи
ресурстарын игеруді бірлесе отырып, табысты жүргізуде. Сондай бірлескен
кәсіпорындардың бірі – Теңіз мұнай кен алаңын игеру мақсатында құрылған “
Теңізшевройл ” жауапкершілікгі шектеулі серіктестігі. Аталған жоба бойынша
шетелдік инвестиция қаржысының көлемі 20 млрд. АҚШ доллар. Күні бүгін
жарғылық қордағы үлестері бойынша “ Қазмұнайгаз ” ( 20% ), “ Шеврон Оверсиз
Компани ” ( 50% ), “ Эксон Мобил Қазақстан Венчурс Инк.” ( 25% ) және
ЛукАрко (5%) компаниялары ТШО – ның серіктестері болып саналады.
2003 жылы ТШО – да шикі мұнай өндіру көлемі тәулігіне орта есеппен 35 мұнай
тонна ( 277 мың баррель ) деп есептегенде 12,75 млн. тоннаға жетті. Бүгінгі
өнім көлемін 1993 жылғы жылдық көрсеткіш – 940 мың тоннамен салыстырғанда,
арада өткен жылдарда өндіріс деңгейінің қаншалықты өскендігін көреміз.
Экология мен адамға тұрақты қамқорлық
Күні бүгін ТШО шығындыларды жинауға, оларды өңдеу пункттерінің құрылымына
және модернизациялауға, табиғи орта жағдайына, сондай – ақ жерді өңдеу
жұмыстарына мониторинг жүргізуге тиімді станциялар енгізуге баса көңіл
бөліп отыр. ТШО – ның осы бағыттағы жүзеге асырылып жатқан жаңа жобаларының
арасында ең соңғы технологиялармен жабдықталған тұрмыстық қалдықтарды көму
полигоны құрылымы, пайдаланудан шыққан жабдықтарды екінші рет пайдалану
орталығы бар. Теңіздің қоршаған ортаға ықпалына анағұрлым тиімді
мониторингті қамтамасыз ету мақсатында ауа жағдайын бақылайтын станцияны
қайта жабдықтау аяқталды, сондай – ақ грунт суы жағдайын бақылау үшін
қосымша ұңғылар бұрғыланды.
Қазақстан жұртшылығының алдында беделді болу
1993 жылдан 2003 жылға дейінгі аралықта Атырау Бонус қоры және “
Игілік ” Бағдарламалары шеңберінде 90 млн. доллардан астам қаржы денсаулық,
білім беру салаларындағы түрлі әлеуметтік жобаларды, сондай – ақ әлеуметтік
инфрақұрылымды дамытуға жұмсалды. Олардың арасында Атырау қаласыда салынған
газбен жылыту қазандығы, нан зауыты, облыстық аурухана құрылыстары, Жайық
өзенімен өтетін көпірді реконструкциядан өткізу, Атырау университетінің оқу
корпусы мен мектептер, Құлсарыдағвы тұрғын үйлер, су тазарту қондырғысы,
жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарын, су тасқынынан қорғанысқа қажет бекініс,
су және газ құбырларын жүргізу сияқты жобалар бар. Аталған жобалардың
жүзеге асуы облыс өміріндегі елеулі оқиға болып ғана қойған жоқ, ТШО – ның
әлеуметтік мәселелерді шешудегі тұрағты да, ауқымды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнайдың органикалық жаратылысының болжам - гипотезалары
Мұнай кен орнының геологиялық бейіні
Жер планетасының қабаттары
Экономика, геология-экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру мен жобалау
Қазақстандағы мұнай өндірісі туралы
Мұнай түсінігі, шығу тарихы, мұнай өнімдері
Алакөл мұнай кен орнының геологиялық құрылысы
Мұнайдың химиялық құрамы және көмірсутек компоненттерінің мұнай фракцияларына таралуы
Мұнай мен газ туралы жалпы мәліметтер
Республикамызда мұнайгаз өндірісінің дамуы
Пәндер