Әлемдік экономикадағы жаңа құбылыстар және білім беру


Кіріспе
Әлемдік өндірісте болып жатқан әлеуметтік - экономикалық өзгерістер, дамыған елдердің постиндустриалды қоғамға өтуі жаңа жаңа экономикалық парадигманың қалыптасуын қамтамасыз етті. Ондағы экономиканың тиімді сапалы және құрылымдық өзгерістерге ( түрлендіруге) бейімділігі адам және оның қабілеттігін қалыптастыратын байлықтар мен салалардың материалды емес формалар, тікелей тәуелді болады. Бұл комплексте білім беру жүйесінің рөлі мен маңызы артады. 2015 жылға дейінгі тұжырымдамада білім беру жалпы ұлттық приоритет ретінде . Ол адамзат капиталымен қатар елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің базасын құрайды. Бүкіл білім беру жүйесінің жетекші буыны педагогикалық білім беру болып табылады ([18] ) .
Экономикадағы трансформациялық процестер білім берудің барлық деңгейлерінің модернизациясына әкелді, бірыңғай білім беру кеңістігінің құрылу процесі жүріп жатыр. Сондықтан білім беру саласының мазмұны мен ұйымдастыруын бойынша АҚШ, дамыған Батыс елдерінің тәжірибелерін бірінші тараудың негізін құрайды.
Білім беру модернизациясының әлеуметтік құрастырушысы болып халықтың ьарлық категорияларына білім алуда теңлей мүмкіндіктерді құру табылатыны белгілі. әлемдік тенденция мынадан тұрады: білім бері адамға келе жатыр. Әртүрлі жолдармен - білім берудің дистанциялық формалары, филиалдардың ашылуы, мемлекеттік емес бағдарламалар, жеке бағдарламалар және т. б. арқылы, мұндағы өзекті бағыт - бұл білім берудің оңтайлылығын қамтамасыз ету. Осыған сәйкес екінші тарауда балалар мен ересектерді оқытудың кейбір қазіргі заман әдістерін қарастыруға тырыстық.
Бұл жұмыста шетелде білім беру проблемалары бойынша ресей авторларының ғылыми жұмыстары, заң құжаттары, статистикалық мәліметтер және т. б. пайдаланылды.
І-тарау
Әлемдік экономикадағы жаңа құбылыстар және білім беру.
1. 1 Жаһандану және білім беру
Жаһандану деп өндіріс сферасындағы микроэлектрондық революция туғызған «өнеркәсіптік төңкерістің» нәтижесін айтады. Басқа нәтижесі ретінде өнеркәсіптік дамыған елдердің дамудың постиндустриалды сатысына өтуін, ал мемлекеттік саясат саласында кейнсландық идеологиядан неолиберализмге өтуін атайды.
ХХ ғасырдың 70-ші жылдардағы Еуропа елдерінде байқалған экономикалық және институционалды дағдарыстан шығу еркін нарыққа қайта келумен, бәсекелестік индивидуализмге негізделген жеке мүдде мен бастаманың қайта өрлеуімен байланыстырылды. Ең ақырында бәсекелестіктің өсуіне қол жеткізу, демек өңдіріс шығындарын азайтуға қол жеткізу мүмкін еді. Бұл елдердің жаңа әлемдік еңбек бөлінісіне және әлемдік нарықтағы бәсекелестің жаңа шарттарына бейімделу процестерін күшейтер еді.
Қарқынды техниканың прогреспен үйлесе отырып, экономиканы және каржыларды либералдау экономика, қаржылар, нарықтар саласында бірыңғай кеңістікті қалыптастырудың алғышарттарын құрды. Олардың заңдары қазіргі кезде жеке елдердің, өндірушілердің және азаматтардың орнын анықтайды.
Ақпататтық - коммуникациялық желілердің дамуы ақпараттық, және интелектуалды кеңістіктің қалыптасуына әкелді. Осылайша, батыс қоғамдарының дамуындағы көп нәрсе қазіргі таңда әлемдік нарықтарда өсіп келе жатқан бәсекелестік және нарықтар ұсынатын идеялармен және құндылықтармен анықталады.
Жалпыға бірдей бәсекелестік күрес пен нарық логикасын енгізудің әлемдік процесіне мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер сияқты сфералар түсті, бұл сфенралар бұрында «қоғамдық игілік» ретінде қарастырылатын.
Аталған өзгерістерді бәрі бірдей қабылдамайды, себебі:
- біріншіден, кейбіреулер онда еуропалық елдерге тән, демократиялық құндылықтарға төңетін қауіпбар деп ойлайды;
- екіншіден, және бұл батысы, бүгінгі таңдағы білім беру - бұл стратегиялық ресурс және оны тиімді пайдалану жеке елдердің өндірушілердің және тұлғалардың жетістігін қамтамасыз етеді;
- үшіншіден, осының салдары ретінде білім беруді дамыту проблемаларын талқылауға білім беру саласындағы мамандар, басқарушылар мен ата -аналар ғана емес, сонымен қатар іскер топтар, халықаралық ұйымдар - ЮНЕСКО, ОЭСР, әлемдік банк, ХВҚ (МВФ) және ХСҰ(ВТО) қатысады;
- төртіншіден, білім беру елдердің ұлттық қауіпсіздігін, қамтамасыз етудің факторына айналып отыр.
1. 2 Еуропалық білім беру жүйесінің реформалары
80 - ші жылдардың ортасында басталған реформалардың мақсаты - бұл ұлттық білім беру жүйелерін өндірістік жаңа жұмыс істеу жағдайларына, сондай - ақ жаһандану мен техникалық прогрестің ықпалындағы экономикадағы және қоғамдағы өзгерістерге бейімделу ([1], 25б) .
Бұл реформаларды жүргізуге дейін білім беру былайша қарастырылған:
- ол мемлекеттің айрықша құдреті болып табылады, ал білім беру құқығы демократиялық мемлекеттің құндылықтар жүйесінің бөлігі болып табылады;
- мемлекет шеңберінде жеке азаматтардың әлеуметтік әділеттік жеке әлеуметтік интеграциясын қамтамасыз етудің фундаменталды шарты ауқымды оңтайлы мемлекеттік білім беру болып табылады;
- ол қоғамдық игілік болып табылады және баролық азаматтарға мемлекетпен кепілді минималды өнерлік стандарттардың жиынына кірді;
- еңбек күшінің әлеуметтік ұдайы өндірісіне жұмсалған шығындар мемлекет есебінен жүзеге асырылды, бірақ бұл шығындар («фордистік» моделі шеңберінде) барлық адамдарды жоғарғы біліммен қамтамасыз ету кірмеді.
Алайда 70 - ші жылдардың соңыан бастап жоғарғы білімге деген сұраныстың қарқынды өсуі байқалды. Оның туындау себебі:
- біріншіден, өндіріске ақпараттық технологияларды енгізу және техникалық прогресс өндіріс пен өнім интелектуализациясын жоғарлату қажеттілігін тудырды.
- екіншіден, микроэлектроника, ақпараттық жүйелер, фармацевтика, биотехнология және т. б. салаларға техникалық жаңалықтарды енгізу елдердің постинндустриалды дамуға жылдам өтуіне әкелді.
- үшіншіден, ауқымды мектептік білім беруге деген ескі бағыт елдің әлемдік нарықтағы жеңілісіне әкелуі мүмкін еді; осыған байланысты мемлекет университеттерге элитарлық білім беруден кадрларды ауқымды даярлауға өтуді ұсынды.
- төртіншіден, білім беру реформаларын бүгінгі таңда экономикалық жаһандануды факторын күшейту және ұлттық өндірушілер мен жалпы экономикалық бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату қажеттілігі ұсынады.
Білім беруді реформалаудағы барлық Еуропа елдеріне ортақ нәрсе - бұл білім беру сапасын жоғарлату және ұлттық оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату мақсатында білім беру сферасындағы бәсекелестікке жағдай құру. Осындай жолмен білім беру жалпы арнада реформаланады, мұндағы басты элементтер болып басқаруды орталықсыздандыру және жеке әлеуметтік немесе мемлекеттік қызметтердің автономиясы табылады.
Білім беруді реформалаудың негізгі бағыттары ретінде мыналар қарастырылады:
- мемлекеттің білім бері сферасына қатысуын айтарлықтай қысқарту, себебі ол оқу орындарының тиімді оқытудағы икемділігін жояды.
- оқу мекемелері арасындағы бәсекелестікті ынталандыру жолымен мемлекеттік ресурстарды өте тиімді пайдалану.
- жаңа жағдайларда мемлекеттің міндеттерін анықтау бұл кедейлердің білім алуына құқығының кепілі, білім алу мүмкіндіктері туралы ақпаратты тарату, білім беру стандарттары мен оларды сақтау мониторингін енгізу жолымен білім беру сапасын қамтамасыз ету.
- жоғарғы білім беруді басқарудағы бизнес тәжірибесін енгізу;
- оқытудың ресурс сыйымдылығының және соған сәйкес құнының үнемі жоғарлауына қарай жоғарғы оқу орындарының балама қаржы көздерін іздестіру қажеттілігі.
Салыстырмалы қаржылық дербестік жағдайындағы жоғарғы оқу орындарына тән белгілер - бұлар:
- оқу үшін төлем енгізу;
- жеке компаниялармен және әртүрлі деңгейдегі билік орындарымен келісім - шарт бойынша жұмыс істеу;
- көптеген елдердегі жоғарғы оқу орындарын мемлекеттік қаржыландыру жүйесін келісім - шарттық негізге ауысуы;
- бизнес және жоғарғы оқу орындар арасында өте тығыз байланыс орнату; бизнес, мемлекет және университеттер арасында жоғарғы технологиялық зерттеулер бойынша ортақ жобаларды жүзеге асыру, және де жобалар егер қысқа мерзімдік нарық қажеттіліктеріне бағытталған болса, аса тиімді болып табылады;
- жаңа жүйеде «студент - тұтынушыға, оқытушы сатушыға, ал айналады» ([1], 28б) .
1. 3. АҚШ - ғы 2001 жылдың 11 - қыркүйек оқиғасынан кейінгі білім беру жағдайы.
Бұл оқиғалар американдық қоғам өмірінің көптеген жақтарына, экономикасына, жекелей алғанда, жоғарғы білім беру жүйесіне күшті әсер етті.
Студенттер қандай колледждерді таңдайды? -
- Потенциалды студенттердің қауіпсіздік мәселесіне алаңдаушылығы өскендіктен, олардың көбінесе үйлеріне жақын орналасқаноқу орындарын таңдайды;
- Колледждердің 30% - ы жақын жатқан аймақтарда тұратындарға басты назар аударды;
- 173 жеке 63 мемлекеттік колледждер жарнамалық қоғамдарда кампустардағы қауіпсіздік пен білім беру мәселелеріне үлкен көңіл бөлді ([6] 27 б) .
АҚШ - ғы шщетел студенттер санының динамикасы қандай? - 2002 жылдың мамыр айында АҚШ сенатымен қабылданған шекара қауіпсіздігі туралы заңның негізінде келесі шаралар қабылданды:
- туристік визаның студенттік визаға алмастыру қиындайтын болады; шетел студенттердің тәртібі үшін жауапкершілік университеттерге артылады;
- виза алушылардан қосымша қаражаттар алынатын болды (мәліметтер базасына кіргізу үшін) және оларды алу мерзімі ұзартылды;
Осыған сәйкес оқығысы келетіндердің саны қысқарады, демек колледждердің табыстары қысқарады, себебі шетел студенттері өз оқуларын толық төлеп отырған.
Тиісінше, ағылшын тілінің жазғы курстарына қатысатын шетелдіктердің саны қысқарады. Ескеретін бір жәйт, шетел студенттерін қабылдап отырған елдерге қаржы ресурстарының жалпы ағыны жыл сайын 20 млрд. долларды құраған. АҚШ - та шетел студенттердің ағымы ел экономикасына 2002 жылы 12, 3 млрд. долларды қамтамасыз етті. 1999/2000 оқу жылында АҚШ - та 515 мыңға жуық шетел студенттері білім алды, ал Францияда - 180 мың студент, Австралияда - 70 мың студент. Ресей білім беру қызметімен осы қызметтерді тұтынушылардың әлемдік нарығының тек 1% - ға жуығын ғана қамтамасыз етіп отырды ([3], 16 б) .
- Шетел студенттері мен аспиранттар санының қысқаруынан табиғи және техникалық факультеттер(әсірісе, шетелдік есебінен өмір сүретін шағын университеттер) және мазмұнын әскери мақсатқа пайдалану потенциалды мүмкінг болатын академиялық сабақтарды оқып үйрену ең көп зардап шегеді;
- Сонымен бірге жарты оқуын АҚШ - та өткісі келетін ағылшын студенттерінің саны өсті. Мұны АҚШ - тың сырты саясат мәселелеріне қызығушылықтың күшеюімен байланыстырылды. Мәселен, Уэйн Университетінде (Огайо штаты) олардың саны бір жыл ішінде 50% - ға дейін артты. Ағылшын студенттерінің Фулбрайт стипендияларын (30% - ға), Кеннеди Менориалды трастын(12% - ға) алуға өтініштерінің саны өсті, себебі соңғы трасттар атақты униситеттерде, мәселен Гарвард секілді университеттерде оқу құнын төлейді.
Оқу курстарының құрылымы және білім берудің мазмұны өзгертілді, жеке алғанда:
- Адам іс - әрекеттеріне байланысты стихиялық апаттардың алдын - алу, мәселен ғимараттарды жарылыс қауіпінен сақтау, жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бөлмешелерді ауамен қамтамасыз ету жүйесіндегі бұзулардың алдын алу, құтқару психолгиясы жәнет. с. с.
- әртүрлі катаклизмалармен байланысты тәуекелді сақтандыру саласындағы қызметінің маңызы жоғарлады, осыған сәйкес тәуекелді басқару бойынша оқыту бағдарламалары енді аппаттардың теорияларын зерттеуді, әсіресе табиғи апаттардың, терроризм және қылмыстық әрекет тәуекелдерін экономикалық және техникалық шешімдерді қабылдауды, қоғамдастықтың, мемлекеттік көмектің рөлін және т. с. с. зерттеуді қамту қажет.
- Талу шығыс проблемаларына, исламға, араб тіліне және халықаралық байланыстарға, сәйкесінше тиісті курстарға деген қызығушылық күрт өсті; Мәселен, 2001 жылдың қазан айының соңына қарай Чикаго университетіндегі араб тілінің бастапқы курстарында тыңдаушылардың саны 70% - ке өсті, ал Стэнфорд университетінде «полестина, сионизм және арб - израиль қақтығысы » курсында олардың саны 40 - тан 100 адамға дейін артты; Бостон университетінде 95 студент терроризм бойыншакурс өтуін талап етті және т. б. ;
-Калифорниялық университетте (Лос - Анджелес) 50 жаңа курс енгізілді, жеке алғанда, колониалды Мысыр әдебиеті және Алжир мен Бельгиялық Конгодағы оқып - зерттеу бойынша, лаңкестік және Макнавелли философиясы, талибан қозғалысын, лаңкестік тарихын оқып - үйрену және т. б.
- Араб, корей және парсы тілдері бойынша мамандарды даярлауды арттыру қажеттілігі туындады, бұл әлемдік нарықтағы АҚШ - тың экономикалық бәсеке қабілеттілігінің өсуіне және басқа елдер мен байланысты нығайту мүмкіндік туғызар еді ([6], 32-33 б. б. ) .
11 қыркүйек оқиғасының тағы бір салдары - бұл on - line оқытуына қызығушылықтың пайда болуы: авиа тасмалдау мәлесі бойынша алаңдаулар электронды білім алудың артықшылықтарын шығаруды, мұнда ешқандай жерге барудың қажеті жоқ, мәселен, іскерлік басқарудың магистр деңгейлік алу үшін.
Күйдіргі ауруының пошта арқылы тарату жағдайлары крреспонденцияны электрондық пошта арқылы таратудың, демек білім беру саласындағы интернет - технологияларды пайдаланудың артықшылықтығын ұлғайтады. Мұнда кең тыңдармандар үшін Гарвард, Йель университеттерінің және т. б. студенттерін қабылдау қызметтері қолданылады.
1. 4. Бизнес - білім берудің мәні және функциялары
Бизнес - білім беру жалпы білім беру жүйесінің кіші жүйесін білдіреді; ол 100 жыл бұрын АҚШ - та пайда болды, кейін Еуропаға өтті. Ресей Федерациясында және Қазақстан Республикасында бизнес - білім беру әзірге білім беру жүйесінің органикалық бөлігіне айналған жоқ.
Бизнес - білім берудің туындауы мен дамуына бірнеше жағдай әсер етті.
Жоғарыда айтылып өткендей, ақпараттық жүйелер саласындағы ғылыми және техникалық білімдерінің жылдам таралуы, олардың өндіріске және әлдеуметтік сфераға жаппай енуі байқалып отыр. Осылайша, дамыған елдердің білім, ақпарат, коммуникация сияқты материалдық емес ресурстарды пайдалануға негізделген өндірістің жаңа моделіне өтуі жүзеге асырылып жатыр. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің параметрі адам ресурсы болып табылады.
Қазіргі уақытта көртеген өнеркәсіптік корпорациялар білім беру мен кадрларды даярлауды өзінің даму болашағына стратегиялық инвестиция ретінде қарастырылады. Мемлекет істің мұндай жағдайының маңыздылығын әзірге түсінбей отыр және білім беруді әрбір адамның ішкі ісі ғана деп қарастырылады. Дистанциялық білім беру, білім беру сферасына компьютерлік технологияларды енгізу жолымен өнер кәсіп пен білім беру мекемелері арасындағы байланысты күшейту қажет.
Жаһанданудың өсуі және онымен байланысты бәсекелестік жағдайында бизнес білім беру процесіне белсенді араласа бастады және білім беру жүйесіне өз талаптарын қоя бастады.
Жеке алғанда, мекпет бітірушісіне өнеркәсіптік саласында дағдарыстық жағдайларды шешу және т. б. біліммен кең білім алу қажеттілігі тағайындалады, себебі ол осы білімдерін іс жүзінде қолдана алуы тиіс. Ол еңбек нарығында қандай өзгерістер болып жатқандығынан үнемі хабардар болуы тиіс. Осыған байланысты көптеген елдерде жастарды кәсіптік даярлау жүйесін дамытуға күш салынып отыр.
Жоғарғы білім беру саласында бизнес жоғарғы оқу орындарының нарық сұраныстарына жай реакциясын белгілейді. Жоғарғы білікті кадрларға, олардың үнемі қайта даярлануына деген постиндустриалды еңбек нарағының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бизнес жоғарғы оқу орындарының оқу жұмысын қайта құруды ұсынады.
Жеделдетілген және модельді курстар, кешкі білім беру және демалыс уақытында сабақтар жүргізу, дистанциялдық оқыту техникасын пайдалану сияқты жаңа оқыту жүйесін енгізу керек. ([1] 29 б) .
Соңғысына белгілі бір деңгейде жоғарғы оқу орынды фундаменталды білімдермен айналысатын ғылыми мекеме ретінде қалыптасқан түсінік стереотипі кедергі болып отыр.
Компанияның өздері де жеке оқу мекемелерін - « корпотивті университеттерді» құра бастағанын айта кету керек. Мәселен, ТҰК шетелдік филиалда жұмыс істеу үшін бірыңғай корпоративті нормалар мен ережелерге сәйкес жеке персоналын даярлай бастады. Сонымен қатар, кадрларды даярлаудың өзі корпоративті басқару жүйесінің бір бөлігіне айналды. Корпоративті университет қызметшілеріне бүкіл өмір бойына үздіксіз білім беру үшін субъект болуы мүмкін.
Корпоративті университеттер басқа корпорацияларға оқыту бағдарламаларын сату, оларға кеңес беру, басқа оқу мекемелеріне оқу құралдарын шығару және т. б. жолымен тұрақты өзін - өзі қаржыландыруға ауысып жатыр.
1. 5. Әлемдік бизнес - білім беру және Қазақстан Республикасы
Әрбір бизнес - білім беру, тұтастай алғанда, ұлттық бизнеске және ұлттық білім беруге негізделген.
Ұлттық білім беру өз кезеңінде көптеген ұлттық мәдениеттердің ықпалында болды. Мәселен, Ресейлік білім беру (және онымен байланысты қазақстандық білім беру) келесі белгілерді өзіне сіңіреді:
- Германиялық педагогикалық, ол қоғамдық мүдеге және тұлғаның ішкі әлеміне бағытала отырып, абстрактты тұлғалық құндылықтарға негізделген; ол, сонымен қатар білім беруге және тәрбиеге реалистік көзқарасына ие болды; мақсаты - адамның гуманистік идеалы емес, сондай - ақ практикалық қайраткер түрі де емес, мемлекеттік адам, шенеулік, ғалым(және бұл Ресеймен мойындалды) ;
- Гуманистік идеалы бар романдық білім беру мәдениетінің;
- Прагматикалық, функционалдық, оқыту мен тәрбиеге діни өзгешеліктерден арылған көзқарастары бар англосаксондық педагогиканың( оның американдық нұсқасымен бірге) .
- Жекелікке, тұлғаның өзіне практикалық танымдық іс - әрекетті жүзеге асыруына мүмкіндік беруге, осы тұлғаның эксправерттілігіне, тұлғанаң қоғамдағы өмірге бейімделуіне жағдай жасауға басты назар қойған американдық педагогиканың([2], 37 б) .
Кеңестік дәуірде білім беру жоғардан орнатылатын сананың қауымдық - ұжымдық түрін, қоғамдық құндылықтардың жеке құндылықтардан басым келуін, тиісті идеология мен авторитарлы оқытушылық әдістемелер бағытында тәрбиеленуді бастан өткізді.
Сондықтан әртүрлі мәдениет пен өмір жағдайларының ықпалында бүгінгі білім берудің сипаттық ерекшеліктері айқындалды ([2], 37 б) : білім беруді оның барлық деңгейінде ұйымдастырудағы және қаржыландырудағы мемлекеттік анықтаушы рөлі; оқыту және тәрбиелеу мәселелерінде қалыптасқан қоғамдық мүдделердің жеке мүдделердеп басымдығы, рухани және идеологиялық компоненттерінің жоғарғы үлесі; білімнің айрықша маңыздылығы, білімді тұлғаның жоғарғы авторитеті, білімның қуаттылғына деген сенім; политехнизм; тұлғаға білім беру субъектісі ретінде емес, объектісі ретінде дәстүрлі көзқарас; білім берудегі авторитарлық; оқыту процесінде тұлғаға интровертті көзқарас, тұйық адамды идеалды адам құндылықтары әлемінде тәрбиелеу.
Көрсетілген кейбір ерекшеліктер бизнес - білім беруде бейнелену қажеттілігі толық негізделген. Әсіресе бұл мемлекеттің білім беру сферасындағы анықтаушы рөліне байланысты. Мәселен, мемлекетпен білім беру сапасы куәландырады, бұл мемлекеттік дипломдарды беру арқылы қамтамасыз етіледі.
Көптеген абитуриенттер ерекшеліктер жоғарғы білім алуға кәсіптік қызмет түрі ретінде емес, жалпы оқу ретінде қарайды. Дипломды алған соң білімге қатысы жоқ жұмысқа тұрады. Осыдан келіп, екінші жоғарғы білім алғысы келетіндер саны өсіп отыр.
Кәсіптік қайта даярлауды өтуді көбісі мансаптық өсудегі орынды нығайту ретінде қарастырады([5], 58 б) .
Бизнес - құрылымдарындағы және мемлекеттік басқару органдарындағы оқу дайындығының деңгейіне және кәсіптік білімге талап артып отыр. Қазіргі жағдайда білімнің ескіру қарқыны жеделдеп отыр. Мұның бәрі мамандарды қайта даярлау қарқының жоғарлату қажеттілігіне мүмкіндік туғызып отыр.
Нарықтық экономиканың іс - әрекет етуі, екінші жағынан, бизнес - білім берудегі жекенің қоғамдықтан басымдылығын ұйғарады. Соңғысының функциясы - пайдаға, мансаптық өсуге, кәсіпкерлік бағытта тәрбиеге бағытталған кадрлар өндірісі үшін даярлау. Сонымен қатар адамдарды ұжымда жұмыс істеуді, командалық жұмысқа үйрету қажет.
Осылайша жоғарғы оқу орын білімнің кемшілігі әзәрге бизнес заңдарын білмеуінен, алынған білім негізінде шығаратын ілімдер мен ептіліктің болмауынан көрініп отыр.
Көрсетілген кемшіліктерді толтыру - бұл бизнес - білім берудің фукциясы. Екінші жағынан жұмыс процесінде команададағы моральдік - этикалық нормаларды сақтау үшін бизнес білім беруде тыңдаушылар бизнес этикасы, іскерлік және корпоративтік мәдениет және т. б. бойынша курстарды өтеді.
Қазақстанда нарықтық экономика бойынша білім алуды және қайта даярлауды қажет еттетіндер үшін МВА (Master of Business Alministration) бағдарламалары бойынша бизнес - білім беру ұйымдастырылған. Оның сипаттамаларын атап өтейік:
- Біліктілік кез - келген жоғарғы білімі бар тұлғаларға беріледі.
- Оқу мерзімінің соңында магистр қолданбалы сипаттағы диссертация жазады
- Оның тәжірибемен, бизнес - кейтермен(case study) тығыз байланысы.
- Нақты әйгілі компаниялардың қызметінен шығатын бизнес - жағдайларды талдау тыңдаушылардың кәсіби ілімдерінің сараптамалық қабілеттіктерінің дамуына көмектеседі.
МВА бағдарламаларының бүкіл курсының құны батыс бизнес - мектептерінде 30 - 100 мың долларға тең, ал Қазақстанда 5 - 8 мың долларға тең.
Бағдарламалардың міндетті компаненті - бұл оқу сапасын бақылау және қолдау. Сондай - ақ оқытушылардың шет елде сынақ өткізуі, акредитатцияның әлемдік тәжірибесін игеру және т. с. с. болжанып отыр.
Бизнес - білім беруде компаниялардың топ менеджрлерімен немесе жоғарғы жетекшілерімен ұсынған VIP білім алушыларды бөліп көрсету міндетті болып табылады. Негізінен, ондағы оқу қымбат, оқытушылардың үлкен еңбегімен көп күш жұмсауды талап еттеді. Жұмыс көлемінің толықтығынан топ менеджрлер стандартты бағдарламалар мен сабақтарға үнемі қатыса алмайды. Сондықтан оларды оқыту қысқартылған оқыту формаларды қолданаотырып, демалыс ккүндері жүргізіледі. Осы мақсаттарда Executive НВА, ДВА - doctor of Business Alministration(іскерлдік басқару докторы) бағдарламалық өнімдер қолданылады([5], 58 б) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz