Қазақ халқындағы қарым-қатынас жүйесі мен сөйлеу әдебі


Кіріспе
Бітіру жұмысының өзектілігі. Қазақ халқы ежелгі кездерден-ақ сөз өнерін, дұрыс сөйлеуді бағалай білген халық. Халықтың ұлттық болмысы, менталитеті де осыған қатысты болып келеді. «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады», «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» деп сөздің қасиетін мақал-мәтелдерде, нақыл сөздерде айтып кеткен. Сонымен қатар қазақ халқы тілдің шексіз қабілетін, қасиетін беталды жұмсай бермей, оны орнымен, қалыпты түрде пайдалануға да көп көңіл бөлген. Осындай ұлттық ерекшеліктердің бәрі елдің әдет-ғұрпынан, салт-дәстүрінен көрініс табады.
Адамдардың өзара қарым-қатынасы алдымен тіл арқылы жүзеге асады. Тіл пікір алысу құралы ретніде адамның тек ойын ғана емес, сезімін де білдіреді. Сөйлеудегі ізет, құрмет, сыпайыгершілік кісінің сезіміне әсер етеді. Өмірде жиі қолданылатын амандасу, қоштасу, ризалық білдіру, кешірім сұрау, құттықтау, көңіл айту, сөйлеу этикеті деген ұғымға саяды. Адамдардың дидарласуына, ең алдымен, дәнекер болатын да - осылар. Сөйлеу этикеті дегеніміз - сөйлеушілердің сөз қатынасын орнатуға және бұлардың әлеуметтік жағдайына сәйкес сыпайы қатынас құруға арналған белгілі бір коммуникативтік стереотиптердің жиынтығы. (Тіл білімі сөздігі) Тамыр-таныстарымен кездескенде - амандасу, кетерде - қоштасу қаншалықты дәстүрлі әдетке айналса, біреудің қуанышына, қайғы-қасіретіне ортақтасу соншалықты табиғи да. Адамның жанына жағымды, жылы сөздер оның көңіл-күйінің пернесі сияқты. Жылуы мол, жан дадыратар шуақты сөздердің мағынасы «сіз деген - сөздің сынығы», сен деген - сөздің анығы» деген қазақ мақалы да аңғартса керек.
Уақыт өткен сайын кей дәстүр ескіріп, жақсы өмірден орын тебеді. Алайда ескі дәстүрдің бүгінгі күнге қажеті жоқ деп бәріне теріс қарауға болмайтыны белгілі. Жаңа заманға орай олардың да жаңа мазмұн, жаңа сипат алатындары болады. Заман талабына лайық өміршең дәстүрді тайдай біліп, жаңа мазмұн үстеу рухани өмірге нәр береді.
Халық арасында ертеден тараған бата беру дәстүрі бар. Жасы үлкен кей адамдар дәмнен соң дастархан қайырып, бата береді. Жақсы ниет білдіреді. Бірақ сөз арасында үйренген дағды бойынша Тәңір жарылқасын, құдай тілеуіңді берсін тәрізділерді қосып қояды. Сондықтан ба, кейбіріміз мұндай дәстүрді қалай қабылдайтынымызды білмей дағдарып қаламыз. Мұндай сөз орындарының мазмұнын қазіргі заманымызға үйлесетіндей айтуға болады. Ондай діни ормадардың орнын еңбекте табысты, өмірде бақытты бол дейтін айшықты сөз өрнегімен толтыруға қазақ тілінің қуаты әбден-ақ жетеді. Заманға лайық батаға жаңа мазмұн үстеп, үй иесінің дәм-тұзына алғыс білдіріп, риза көңілмен тілек айту этикетке айналса, еш айыбы жоқ деп ойлаймыз.
«Әр елдің заңы басқа» демекші, бір елде бар этикет екінші елде кездесе бермейді. Бір тілден екінші тілге сөз ауысуы секілді, бір халықтан екінші халыққа этикет ауысуы да мүмкін. Қандай халық болсын, өзінде жоқты өзгеден алып, өз топырағында жерсіндіре біледі. Кейде жаңаны жатсынбасақ та, дәстүрде жоқ нәрсе тосындау көрінуі мүмкін.
Көптеген мәдениетті елде дәм алып отырған адамға тілек білдіру дәстүрі бар. Соның әсері болу керек, тамақ ішіп отырған танысын көргенде, кей адам ас дәмді болсын, тағам тәтті болсын, тәбетіңіз ашылсын тәрізді тілектер айтып, шүйіркелесір жатады. Ал қайсыбіреулері «қазақтың онсыз да тәбеті мықты ғой» деп, мұндай тілек білдіруді таңсық көрмейді. Ондай тілек айту дәстүрде жоқ деп біледі. Бірақ қазіргі кезде ел мен елдің, халық пен халықтың қарым-қатынасы, мәдени байланысы өрістеп отырған заманда көркем шығармаларда кездесетін бұл тәрізді этикет сөздерді бәрібір ана тілімізге аударуға тура келмей ме? Олай болса, жұмған аузын ашпай, үн-түнсіз қалғаннан гөрі дәм татып отырған танысымызға ілтипат білдіріп, құрмет көрсетуді этикетке айналдырудың ерсілігі жоқ.
Қазақтардың сөйлеу әдебінде осы сияқты көптеген жоралғылардың болуы халықтың тілдік мәдениетінің де, тұрмыстық мәдениетінің де дамып-жетілгендігінің белгісі.
Бітіру жұмысының өзектілігі. Қазақ халқының ұлттық менталитетін, болмысын танытатын сөйлеу әдебіне, сөйлеу этикетіне қатысты сөздерді зерттеуге деген ұмтылыс соңғы кездерде тіл біліміндегі өзекті тақырыптардың біріне айналды деп бағалауға негіз бар. Себебі көптеген қырлары арқылы айқындалатын халықтық сананың бір қыры олардың сөздеріне, сөйлеу шеберлігіне де қатысты болып келеді. «Қазақтың ақылы - сөзінде, қасиеті - көзінде» деп С. Торайғыровтың айтқанындай, қазақ халқының төл мінез-құлқының қалыптасуына оның сөйлеу мәдениеті де әсер еткен анық.
Қазақ халқының ұлттық сөйлеу әдебін анықтау бағытында көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Мәселен, осы салаға байланысты Қобланова Айманның «Қазақ сөз этикеті» атты диссертациялық зерттеу еңбегі, Мамаева Гүлжан Бүркітбайқызының «Ерлер мен әйелдердің сөз қолданысындағы ерекшеліктер» атты кандидаттық диссертациясы, сонымен қатар басқа да көптеген зерттуелер, жинақтар бітіру жұмысының өзектілігін нақтылай түсетін еңбектер болып табылады.
Бітіру жұмысының пәні. Қазақ халқының сөйлеу әдебі және оның ерекшеліктері. Қазақ халқының сөйлеу әдебінің ерте кездерден басталғаны айқындайтын шешендік сөздер. Әртүрлі (ситуациялық) жағдайлар кезіндегі сөйлеу әдебі. Ерлер мен әйелдердің арасындағы сөйлеу әрекеті. Іскерлік ортадағы қарым-қатынастың маңызы.
Бітіру жұмысының нысаны. Қазақ халқының сөйлеу этикетінің, сөйлеу әдебінің мән-маңызын ашып көрсетіп, қазіргі кездегі ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау, олардың қай бағыттарда өріс алып келе жатқанын анықтау, сонымен қатар сөйлеу әдебінің ерте кездерде қандай рухани мұраларда көрініс тапқанын анықтап, белгілі бір қорытынды шығару зерттеудің нысанына жатады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері.
- қазақ халқындағы сөйлеу әдебіне қатысты көптеген ерекшеліктерді талдау, оларға ғылыми шолу жасау;
- қазақ тіліндегі сөйлеу әдебіне қатысты сөздерді түрлі тақырыптық топтарға жіктеу;
- қазақ тіліндегі сөйлеу әдебінің (сәлемдесу, күнделікті қарым-қатынас) сипатын анықтау;
- қазақ тіліндегі сөйлеу этикетінің зерттелуіне, оның ерекшеліктеріне тоқталу;
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Бітіру жұмысының мақсат-міндеттеріне сәйкес сипаттамалық зерттеу, жүйелеу, тақырыптық-мағыналық топтастыру, талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері . Зерттеу жұмысының дереккөздеріне: Қобланова Айманның «Қазақ сөз этикеті» кандидаттық диссертациясы, Мамаева Гүлжанның «Ерлер мен әйелдер сөз қолданысындағы ерекшеліктер» атты диссертациялық жұмысы, Жанатаев Қазақбай Әбдуәліұлының «адамның жас ерекшелігіне, жынысына қатысты атаулар» атты еңбегі, Балақаев Мәуленнің «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» атты кітабы жатады.
1 Қазақ халқындағы сәлемдесу тәртібі - сөйлеу әдебінің басты белгісі
Адамдардың өзара қарым-қатынасы, алдымен тіл арқылы жүзеге асады. Тіл пікір алмасу құралы ретінде адамның тек ойын ғана емес, сезімін де білдіреді.
«Бұрыннан бір-бірімен алакөзденіп келген Игілік пен Жұман арасындағы ширыққан дау-жанжал бұдан кейінде одан әрі өрши түсуге бет алғандай. Әр жерде наразылық, ілік-қағыстар тұтана бастаған. Екі жақты дереу бітімге шақырмаса, істің насырға шабатын түрі бар. Осы ниетпен Күреңкөз қожа қасына бір топ адамды ертіп, Жұман байдың үйіне келді.
«-Ассалаумағалейкүм!. .
-Уағалейкүмассалам!. .
-Салаумалайкум. . салаумалайкум!
-Әлік салам . . . Салаумалайкум, әлік салам. .
- Е, Жұмеке, мал-жан, бала-шағаңыз түгел аман ба?
-Шүкір Аллаға, аман . . . өз үй ішіңіз де есен бе түгел?
-Ауыл-аймақ, ел-жұрт тегіс есендікте ме?
-Тегіс есен, Қожеке . . . Отырмыз Алла деп . . .
-Ит-құстан, одан-бұдан халас болдыңыздар ма?
-Шүкір, Қожеке . . . Өзіңіздің жүрген жерлеріңізге де аманшылықта ма екен?
-Шүкір, Жұмеке, шүкір . . . Көпей бәйбішенің дені-қарны сау ма?
-Сау . . . Өзіңіздің де бәйбішеңіз күйлі ме?. .
-Күйлі-күйлі, Жұмеке . . . Келін-кепшек, бала-шағалар есен ғой?
-Есен, Қожеке. .
-Ауру-сырқау, өлім-жітімнен түгел есенсіздер ме?. .
Қожаның көңілі үшін Аллалап отырған Жұмекең бұл жолы:
-Құдай деп отырмыз, -дей салды.
-Шыққан шығын жоқ па?
-Жоқ . . . Енді «Қожекені» де қоспай кетті.
Көп сәлемдесулер, ұзақ амандасулар енді ғана қысқара бастады. Дүние жүзінде қазақтан ұзақ амандасатын ел кемде-кем-ақ болар. Әсіресе осындай дау-жанжалдың арасында жүретіндер езіп-созып, тіпті ұзақ амандасады. Мал-жан, ауру-сырқат, ит-құсқа дейін қалдырмай сұрасады. Келген жерінің қандай қабақпен отырғанын да осы амадасу үстінде болжасып қалады. Келген жұмысының жайын аңғарту үшін де жапсарлас бір амандық сұрау керек . . . Қожекең осыны ескеріп:
-Тыныштық па, әйтеуір?. . - деді . . . »
Жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы осы үзіндінің өзі-ақ бізге қазақ дәстүріндегі амандық, сәлемдесудің алар орны, атқарар мүддесі туралы біраз мағлұматтар ұсынғандай болар еді. Әрі бұл жерде сәлемдесу тек амандық-саулық сұрасу ғана емес, ел ішінде татулық орнату, қырғи қабақ жұртты бітістіру мақсатын көздейтін келелі әңгіменің арқауы болып кеткен.
«Сәлем - сөздің анасы», - деп халқымыз бекер айтпаған. Сәлемдесу, амандасу адамның бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсетуі. Күнделікті өмірдің өзінде біз қанша адаммен кездесіп, қанша жұртпен ұшырасамыз. Солардың бәрінде де бірінші кезекте арамызда сәлемдесу, амандасу жүреді. Жұмыр жер үстінде күн сайын кездескен адамдар бір-біріне әр түрлі тілдерде сәлемдесу сөздерін айтады:
-Ассалаумағалейкум! Сәлеметсіз бе!. .
Амандық-саулық сұрасудың түп-төркіндері мен тарихы тым әріден басталады. Адамзат тарихы өзінің ұзақ даму сапарында әлденеше мыңжылдықтарды, қадау-қадау дәуірлер мен жүздеген ғасырларды бастан кешті, қаншама қоғамдық формацияларды артта қалдырды десеңізші. Бірақ жер бетінде сапырылысп өтіп жатқан сол ұлан-ғайыр ұзақ тарихтың өн бойында әр халыққа да адамдардың бір-бірімен амандасу, сәлемдесу салттары тән болып келеді» [1, 45] .
Амандық сұрасу - тұрмыста жиі айтылатын, құлаққа жиі айтылатын сөздеріміз. Бірақ бұлардағы мағыналық, стильдік реңк оларды талғап, таңдап, өз орайында., өз орнында қолдануды қажет етеді. Мысалы, Сәлеметсіз бе? деп амандасу үлкен-кішіге, таныс-бейтанысқа, ресми жағдайда да, еркін жағдайда да қолданыла беретінін байқасақ, ал Ассалаумағалейкум! деп амандасуды ауылдағы кейбір жасы үлкен ақсақалдар ұнатып тұрады.
«Мектеп шәкірті ұстазымен Сәлеметсіз бе? деп сыпайы сәлемдеседі. Міне, бұл тәрізді ерекшелік амандасуға жататын этикет сөздерде мағына, стильдік өзгешеліктермен қоса әлеуметтік сипат барын аңғартады. Ал кішінің үлкендерге Сәлем бердік! деп қолын ербеңдетуі, не жүрдім-бардым амандасуы тым әдепсіздікке жатады» [2, 26] .
Мұндайда амандық сұрасудың қарапайым этикеті бұзылады. Әрине, сәлемдесу, амандасу адамның бойындағы сыпайы мінез, ізеттілікпен астасып жатса жарасымды шығады. М. Әуезовтің «Абай жолы» романынан мынадай екі эпизод бар:
«Абай тоқтаған қалпында бойын тез жиып, аттылардың алдына жұмысы бар кісідей көлденеңдеп келіп, тосып тұрды. Аттылар мұның қозғалысын оқыс көрді ме немесе таныды ма, аттарын баяу бастыра бастап, жақындап тұстас келді.
Сол уақытта Абай үлкен ықылас білдіріп, айрықша бір тағзыммен төсін басып, қатты дауыстап:
-Ассалаумағалейкум!. . деп сәлем берді . . .
Өзге қазақтан бөлек, мына сияқты, бір алуан сыпайылыққа Бөжей оң назарын салды білем . . . атының басын тежей беріп:
-Уағалайкумәссалам, балам!. . - деп тоқтай қалды» [3] .
Осылайша кішінің әдеп сақтап, үлкенге ықылас қоя берген сәлемі әрқашан оның кішіпейілділігін көрсетіп, тәрбие-парасатын аңғартып тұрады.
Ал сыпайылықтан алыс жатқан даңғаза амандықты сәлем алушылар салғырт қабылдайды.
«Енді біразда ауыз үйдің есігі ашылып, қолына қамшы ұстаған, бет-аузын қырау басқан, табанының қары шақыр-шұқыр еткен, аяздаған бір жолаушы кіріп келеді екен. Ол кіре бере:
- Ассалаумағалайкум! - деп, мәжіліске даурыға сәлем берді. Отырған жұрт бұның сәлемін тосырқай, жатырқай, ақырын алды».
Сәлем - сөздің анасы. Жылы кейіп, жақсы сөз алдымен амандық-саулықтан басталады.
Сәлемдесу, амандық-саулық сұрасу сөздерінің бірнеше синонимдері бар екендігі белгілі. Алайда тілдің осындай оралымды мүмкіндігін кейбіреулер үнемі ескере бермейтін тәрізді. Кейде сәлем алушы басқа сөз таппағандай сәлем берушіні қайталап жатады. Сәлеметсіз бе? деп амандасқан адамға оның өз сөзін қайталап Сәлеметсіз (бе) ! деуден гөрі «Аман-есенсіз бе?» деп жауап қату жарасымды болады.
«Көне дәуірлерде адамдар өзара кездескен сәттерінде бір-бірлеріне ең алдымен сол күнделікті ғұмырларына қажет нәрселерді тілеген тәрізді. Және ол барлық уақытта да денсаулық жайын сұраумен шектеле бермеген. Мәселен, қазір адамдар бір-бірімен ұшырасқан сәттерінде: «Сен тамақ іштің бе?» - деп хал-жағдай сұрасса, аң-таң қалатыныңыз ақиқат. Ал императорлық Қытайда бұл дағдыдағы амандасу салты болған. Ал көне парсылар алдымен адамның көңіл-күйіне назар аудару жағын бірінші кезекке қойыпты. Олар сәлемдескен кезде: «Пейілің ашылсын!» - деп тілек тілейді екен» [4, 54] .
Қыр көшпенділері бір-бірін көргенде әуелі өздерінің тіршіліктеріне тірек болып отырған нәрселерді сұрар еді. Амандық-саулық барысында «Ел-жұртың, мал-жаның қора-қопсың аман ба?» - деп сәлемдесу негізгі кәсібі мал-бағып, дала төсінде ғұмыр кешуге негізделген қазақ халқына да тән салт екенін білуге болады.
«Сөз этикасының нормасына а) моральдық принциптерге, мәдени-ұлттық дәстүрге негізделген тілдесу нормалары мен ә) сөз этикетінің нормалары жатады. Сөз этикасы, сөз этикеті белгілі бір жағдаятта (ситуацияда) тілдесудің, сөз саптаудың тәртібіне тән ережелерді сақтауды талап етеді. Сөз мәдениетінің этикалық компоненттері негізінен сөз актісінде, яғни өтіну, сұрау, ризалық білдіру, сәлемдесу, құттықтау, қоштасу, т. б. тәрізді белгілі бір мақсатқа көздеп айтылған сөз әрекетінде көрінеді» [5, 16] .
«Сөз актісі қоғамда қабылданған, лингвистикалық емес факторлармен байланысты ерекше ережелер бойынша жүзеге асады. Сөз актісіне қатысушылардың жасы, жынысы, олардың арасындағы қарым-қатынастың ресми, бейресми түрімен байланысты. Егер сәлеметсіз бе, амансыз ба, аман-есенсіз бе, сау болыңыз, т. б. жағдай таңдамайтын бейтарап реңкте болса, сәлем бердік, хал-ахуал қалай дегендерді, жасы қатарлас коммуникаторлар арасында болмаса, кез келген жағдайда қолдана беруге болмайды. Сондай-ақ кітапты әперіңізші дегенмен кітапқа қол жалғап жіберіңізші деген өтініштің сыпайылық реңкі бірдей емес» [6, 118] .
Қоғамда қалыптасқан этикалық норма бойынша, қандай жағдайда болмасын, бейпіл сөз айтуға үзілді-кесілді тыйым салынады. Біреуге дауыс көтеріп айғайлау, зіркілдеу, т. б. жағымсыз реңктегі интонациялық құралдардың қолданылуы сөз мәдениеті үшін теріс әрtкеттер деп бағаланады. Тілдік жағынан коммуникативтік актіге түскен кезде сөйлеу ережелері мен әдебі қатты сақталуы тиіс.
«Коммуникативтік акт дегеніміз - белгілі бір ойды баяндау және хабар алмасу, оған кем дегенде екі адам, яғни хабарлаушы мен қабылдаушы қатысады. Қарым-қатынас процесінің төрт құрамдас бөлігі болуы шарт, олар - сөйлеуші, тыңдаушы, тіл және талқылау тақырыбы. Сөйлеу әрекеті негізгі құралы ретінде тілді қолданатын, өзінің белгілі бір себебі, мақсаты, және нәтижесі бар құбылыс. Қарым-қатынастың мақсаты мен өтіп отырған орнына, коммуниканттардың саны мен айқындамаларына байланысты қатынастың бірнеше түрі белгіленген. Қатынастың кез келген түрінде коммуниканттар белгілі ережелер жүйесіне сүйеніп, бір-бірімен араласады. Сөйлеу мәдениетінде сөйлеуші мен тыңдаушыға қатысты жүріс-тұрыс қағидалары қалыптасқан. Олардың көбі әдептілік пен сыпайылық, мәдениеттілік пен қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстай білу ұғымдарымен тығыз байланысты. Адресат пен адресанттың коммуникативтік актідегі іс-әрекеті қандай ережелерге сай болатынын анықтаған жөн» [7, 68] .
Белгілі бір этностың тілінде өтетін қарым-қатынас процесі екінші бір ұлттың тілінде болатын тілдесуге қарағанда өзгеше болатыны мәлім, мұндай өзгешеліктер тілдің ұлттық-мәдени ерекшеліктері деп анықталады және арнайы факторлар жүйесінен құралады. Бұл жүйеге мәдени дәстүрлер және коммуникацияға қатысушылардың әлеуметтік белгілері, іс-әрекеттің әртүрлі формаларының өтуі және қоғамда қалыптасқан тезаурустың ерекше ұғымдарымен байланысты факторлар жатады.
«Амандасу қалыптары байланыс орнату қызметін атқарады және коммуниканттардың ерекше сипаттары мен белгілерін, сөйлеу жағдайын анықтап отырады. Олар әңгімелесу ниетін білдіріп, байланыстың басталу уақыты мен ерекшеліктерін белгілейді. Сәлемдесу формасы әңгімелесушілердің әлеуметтік, биологиялық, т. б. сипаттарына байланысты және қатынастың түрлеріне қарай сараланады. Мағыналық және стильдік реңкке қарай амандасудың қазақ және орыс тілдерінде бірнеше түрі бар. Мәселен, қос тілде де таныс - бейтанысқа, үлкен - кішіге сөйлегенде, ресми/бейресми жағдайда Сәлеметсіз бе!, Сәлеметсің бе!, Сәлеметсіздер ме! - формалары қолданылады. Сәлемдесудің қазақ тіліндегі келесі универсалды түрі - Амансыз (сың) ба! Және көпше түрде Амансыздар (сыңдар) ма! формалары, сөйлеу этикетінің бұл элементі орыс тіліне сұрақ мағынасындағы Живы-здоровы ли? баламасымен беріледі. Орыс тіліндегі сұраулы формаға тілімізде Аман-есенсіз бе?, Аман-саусыз ба? қалыптары дәл келеді» [8, 99] .
«Амандасқанда әр халық дәстүрінде, әр ыңғайда орындалып, әр тілде айтылғаны - әр қилы ұғымды білдіргенімен бұл орайдағы мүдде біреу-ақ. Ол- бір-бірінің саулығын сұрасу, өздерінің аман-есен кездесіп тұрғанына қуаныш білдіру, ниеттері ақ, адал екендіктерін сездіру. Барлық замандар мен барлық халықтарда сәлемге сәлеммен жауап бермеу әдепсіздіктің ең нашар түрі, сол ортаны, жұртты сыйламаушылық болып табылады. Өйткені, амандасудың қысқа ғана қайырылған сөздері мен тіркесінде үлкен де мәнді мағына жатар еді. «Сәлеметсіз бе!» Бір ауыз ғана сөз. Бірақ: «Мен сені аман-есен ұшырастырып тұрмын, ағайын. Пейілің шырайлы, жүзің жарқын болсын, мен сені сыйлаймын, сені де сыйластық танытады деп білемін. Өз басым саған саулық, амандық, бақыт тілеймін», - деген бір қауым ойларды меңзейді ол . . . »
Мұсылман халықтарында қалыптасқан игі дәстүр бойынша амандасу процесінде Ассалаумағалейкум! сәлемдесу формасы мен оған тән Уағалейкумуссалам! жауабы кездеседі. Араб тілінен енген сәлемдесудің бұл түрі қазақ тілінде өтетін қарым-қатынас барысында тек ер адамдардың қолданысында болады. Тілімізде сәлемдесу кезіндегі рудиментті ел-жұртың, мал-жаның, қора-қопсың аман ба? деген конструкциясы халқымыздың ұлттық-мәдени ерекшелігінің бірі болып табылады. Қазақ қыздары мен әйелдері амансыз ба! Есенсіз бе!, Сау-саламатсыз ба?, Армысыздар!, Есен-саусыздар ма?! т. б. сәлемдесу формаларын қолданады, ал ер адамдарға тән Ассалаумағалейкум! амандасуы осы топтағы коммуниканттардың қолданысында болмайды. Бұл ерекшелік сөйлеу этикетінің биологиялық критерий бойынша дифференциацияға түсуімен түсіндіріледі. Қазақ тілінің этномәдени ерекшеліктеріне байланысты әдеби туындылар мен ресми жағдайда Арсың ба! сәлемдесу түрі кездеседі, мысалы: «-Арсың ба, Абылай хан! -Барсың ба, жырауым! Жолыңыз оң болсын!» (І. Есенберлин) . Коммуникативтік әрекеттің тәуліктің қай уақытында болғанына қарай қос тілде Қайырлы таң! / Доброе утро!, Қайырлы күн! / Добрый день, Қайырлы түн!/Добрый вечер! Және Кеш жарық! Құрылымдары қолданылады. Сәлемдесудің бұндай қалыптары амандасу семантикасымен қоса тілек білдіру ниетін қосымша үстейді. Қазақ тілінде ұлтымыздың әдет-ғұрпы мен сөйлеу этикеті ережелеріне сай амандық сұрасудан кейін шақыру, ниет білдіру сөз тізбектері болады, мәселен, «Сәлеметсіздер ме, үйге жүріңіздер» және «Төрлетіңдер!», «Аман-саусыңдар ма?!».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz