Бала тәрбиесiне байланысты салт-дәстүрлер


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

1. Балаға ат қою.

2. Бесiк.

3. Бесiк тойы.

4. Сәбидiң 1 жасқа дейiнгi кезеңi.

5. Тұсау кесу.

6. Тiләшар тойы.

Кiрiспе.

Бала тәрбиесiне байланысты салт-дәстүрлер.

Қай халықта да жұбайлар отбасын құрған соң, олар баласы болуын арман етедi. Себебi бала-өмiрдiн жалғасы, отбасынын жемiс берер гүлi, ерлi-зайыптылардың тiреу дiңгегi. Сондықтан да қазақ халқы "Бесiксiз үйде береке жоқ" деп ой тапшылаған.

Жаңа үйленген жастар алғашқыда бала мәселесiне онша мән бермегенмен, жас келiннiн аяқ басқаны, мiнез-құлқы, жүрiс-тұрысы тәжiрибелi ененiң көз қиығынан қалыс қалмайды. Баласынан немере сүйiп, ұрпағын өсiрудi армандаған аналар келiнi әкеле сала бала көтермесе, аландай бастайды. Ал келiнi көп кешiкпей екiқабат болса, енесi келiнiң ерекше қамқорлыққа алып аялайды.

Балаға ат қою.

Бала туғаннан кейiн қырық кун өткен соң ел iшiндегi аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына, әжесiне немересiнiң атын қойғызады. Кейде "Қырықтың бiрi қыдыр" деп кұдайы қонаққа да баланың атын койғызатын сәт-тер болады.

Көбiнесе молданы әкеп азан шақыртып, баланың атын койдырған. Ат қойыстың өзiнен де бүкiл бiр халықтың ұлттық ерекшелiгi, таным-түсiнiгi, ой-арманы ап-айқын көрiнiп тұрады.

Мәселен, ерте заманда балаларға көз тиюден немесе жын-шайтаннан сақтасын деген оймен Итбай, Кушiкбай, Жаманбай деген сияқты келенсiз, оғаш есiм қоятын болған.

Адамға ат қоюдың себептерi алуан түрлi тiлек-мақсаттарға орайлас болып келедi. Айталық: 1) бала әулеттi де бай, ауқатты болсын деген тiлекпен: Байбол, Дәулет, Алтынбек, Малдыбай; 2) күштi де батыл, қырағы да сақ, ер жүрек болсын деп: Арыстан, Батырбек, Қахарман, Алпамыс, Тарғын, Қамбар, Қобыланды, Қожақ, Алибек: 3) сұлу да, көрiктi, ажарлы да, әдемi болса екен деп: Айсұлу, Нұрсұлу, Асем, Аққыз, Арайша, Ботакөз, Раушан; 4) денсаулығы зор, өмiр жасы ұзак болса екен деп: Ұзақбай, Өмiрзақ, Мыңжасар, т. б. ; 5) мырза, жомарт болса екен деп: Жомарт, Мырзабек, Қайыржан 6) Ақылды, Данабек, Еспол, Асыл, т. б. есiмдердi тандап қойған.

Көп реттерде ертедегi есiмдер халықтың әдет-ғұрып, салт-сана, күн, жыл аттарына да байланысты болып келген. Мысалы: Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай, Мешiтбай, Тышқанбай, Аманжол, Жолшыбай, т. б. Ал балалары тұрмай өле берген уйлерде өмiрге жана келген сәбилерге: Тоқтар, Тұрсын, Ұлжан деген сияқты есiмдер қойған.

Батырлар жырларындағы халық батырлары мен тамаша аурулардың немесе ақыл-парасаты мол атақты ақын, шешен, куйшi, зергерлердiң есiмiн баласына қою да iзгi тiлектен туған. Арман, Тiлек, Инабат деген есiмдердiң жиi кездесуi де соны меңзейдi. Даңқты адамдардың есiмдерiн қою да осындай iзгi ниеттен туындайды. Алайда мұндай аттар көбiнесе-көп ауыр тиiп жататыны өмiрде жиi байқалады. Мысалы, Абай атты жiгiттiң ақылсыз, Амангелдi деген жігіттің жасық, қорқақ, Алишер атты жігіттің жалақор, жауыз болып жургенiн көргенде, әке-шеше байғұста жазық бар ма деп iштей тынасың.

Күнделiктi уақыт көшiнен қалыспаймыз деген оймен кейбiр қазақтар балаға есiмдi ойланбай қоя берген. Мысалы, Мэлс, Социал, Ким, Армиял, Марлен, Ауданбек, Колхозбек, Маршал, Өндiрiс, т. б. - өткен дәуiр талабынан есiмдер.

Басқа туысқан республикамен, шетелдермен қарым-қатынас жасау сол елдердiң Тарас, Тамара, Серго, Шота, Арсен, Лаура, Жанна, Зоя, Артур, т. с. сияқты атақты ұл-қыздарының есiмдерiн тiлiмiзге енгiздi. Бұл дос-жаран, көршi-қолан елдермен ниеттестiк нышаны екенi сөзсiз.

Жалпы адам есiмi тiлге жеңiл, жүрекке жылы, мағыналы, болуы қажет. Себебi есiм адаммен бiрге жасайтын тарихи заңды кұбылыс. Оған қалай болса солай жауапсыз қарауға болмайды. Осыған байланысты Асқар Тоқмағамбетов "Ат қоюдың әлегi" атты фельетонында арақ-шарап дария болып төгiлiп, масайған жұрт жас баланың тойында отырып аузына не келсе соны айтып, Шампанбек, Арақбай, Құнықбай, т. б. аттарды атап қоя салуының әкеп соғатынын сықақ етсе, К. Мырзалиев "Қазақтың қулығы" атты өлеңiнде:

Қазекең iштен тыныпты. Содан сон туған баланың

Құдайың сәби атына Тойына туйе сойыпты

Қызығады деп ұғыпты Шулатып байтақ даланы

Келесi туған баланың Шоқпыт деп атын қойыпты

Тойына бие сойыпты . . .

Шулатып байтақ даланы Алданып жүрiп пендеден

Шуаш деп атын қойыпты. Алдамақ болды кұдайды. -

деп келеке қылады.

Баланы туған күнiнен бастап күн аралата тұзды сумен шомылдыру, маймен денесiн сылау, өс-өс деп қол-аяғын керiп-сылау, онда өлеңмен:

Өс-өс, балам, өсе бер, Аяғыңды созайық

Батыр бол-балуан бiлектi, Саусағыңды жазайық

Батыл бол-таймас жүректi. Еттi болсын балтырың,

Ептi боп өс, жарқыным, өс-өс!

деп тiлек айту дәстүрлерi сақталған. Ол жас нәрестенiң дене кұрылысының дұрыс өсуiне жасалған қамқорлық. Жас босанған әйелдiң кейде емшек сүтiнiң аз болуы да мүмкiн. Ондай жағдайда жас Сәбиге биенiң саумал сүтiн аз-аздан беру, қойдың құйрығын соргызу сияқты әрекеттер жасалған.

Бесiк.

Қазақ баласын ағаш бесiкке салып асырайды. Ағаш бесiк көшпелi өмiрге өте қолайлы. Бесiк иiп кептiрiлген талдан жасалады. Екi басын қайың ағаштан да шауып жасауы мүмкін. Астына тақтай салып, дәрет жүретiн жердi тесiп қояды. Оған киiзден түбек жасап кигiзедi. Баланы орайтын кеудеше, аяқ жақты қымтайтын көрпешемен (оны жөргек деп атайды) орап танып қояды, басына кiшкене жастық салады. Баланың бесiкте кiшi дәретке отыруына қолайлы етiп койдың асық жiлiгiнен тесiп шумек, үлкен дәретке арнап киiзден түбек жасайды. Оған орта белiне дейiн күл салады.

Бала бөлеген бесiктiң үстiне жетi нәрсе жабады. Әр жабылған заттың өзiндiк мәнi бар. Мәселен, ең бiрiншi етiп бесiк көрпе, одан кейiн шапан, тон, жуген, қамшы сияқты бұйымдар жабылады. Тон, шапан жабу-ержеткенде бала халыққа қадiрлi болсын деген тiлек; жүген, жабу-ат ұстайтын азамат болуын тiлеу, кебенек, қамшы жабу-ел қорғайтын батыр болсын деген тiлек.

Бесiкке салғандарға бiрнеше бiлезiк, сақина, жүзiк үлестiредi. Ал бесiкке салган бәйбiшеге таза матадан көйлек кигiзедi. Бесiктiң бала тәрбиесiне ыңғайлылығы: бiрiншiден, көшiп-қонғанда туйеге артып жүруге қолайлы, екiншiден, баланы емiзгенге өте ыңғайлы. Баланы жөргектен шешiп жатпай-ақ ана бесiкке асылып отырып та емiзе бередi. Тiптi анасы емiзе отырып, мызғып та алады. Үшiншiден, бесiк баланың денесiнiң тазалығына, ұйқтауына қолайлы. Баланың нажiсi денеге жайылмай шумек арқылы кетедi. Денесi қурғақ болса, бала жайлы жатып, тыныш ұйқтайды. Ал бала денесiнiң өсуi үшiн ұйқы аса қажет. Бала 40 күнге дейiн 22-23 сағат, 6 айға дейiн 20-21 сағат, ал 1 жасқа дейiн 18-20 сағат ұйқтайды. Ұйқысы тыныш баланың денесi тез өсiп жетiледi.

Бесiк тойы.

Бала қырқынан шыққан соң атасы немесе әке-шешесi ауыл-аймақты жинап, баланың карын шашын алып, бесiкке салу тойын жасайды. Бесiктi көбiнесе баланың нағашы жұрты алдын- ала арнайы жасатып, бесiк тойына алып келiп тартатын болған. Ондағы мақсат жиен-жекжат өсе берсiн, өрiсiм көп болсын деген ой-пiкiр көзделген. Қызды өрiс, жиендердi ұрпақ, жұрағат санаған.

Егер нағашы жұрты алыста болып, бесiк тойына келе алмаған жағдайда үрiм-бұтағы өскен, бала-шағалы аналардың бiрi бесiктi тойға етедi. Оның себебi баланың өмiр Жасы ұзак болсын, осы үй балалы-шағалы болсын деген ырым көзделген. Баланы бесiкке салуды да үрiм-бұтағы өскен, қариялардың бiрiне тапсырған.

Ол әйел бесiктiң жасау-жабдықтарын үйiнен жасап әкеп, ағаш бесiкке саларда баладан жын-шайтан аулақ болсын деген ниетпен бесiктi отпен аластайды (отпен аластау бiрiншiден-дiни ұғымға байланысты туған болса, екiншiден-микробтарды), яғни гигиеналық тазалық көзделген.

Бесiкке салушы бесiктiң барлық жабдықтарын орын-орнына қойғаннан кейiн, шашуға келген кұрт, май, бауырсақ, қант-кәмпит, күмiс ақшаны уыстап алып тубек байлайтын бесiктiң тесiгiнен төмен өткiзiп, бесiк астынан қолын тосқандарға үлестiредi. Балалы болғысы келген жас апалар да ырым шашудан дәм татып, қалталарына салып алады. Шашу үлестiрiлiп болған соң бесiктi отпен аластайды. Бесiктiң арқалығына бiрнеше жерден темiрмен карып белгi салады. Бәйбiшелер қырандай көреген болсын деп бесіктің арқалығына бүркiттiң тұяғын байлайды, жын-шайтаннан, көзден сақтасын деп тұмар жаздырып тағады. Сұлу болсын деп басына айна, тарақ жастайды. Бесiктi аластау кезiнде:

Алас, алас, баладан алас, Тiлi жаманның тiлiнен алас,

Иесi келдi, пәледен қош! Қырық қабырғасынан алас,

Алас, алас, пәледен алас, Отыз омыртқасынан алас, -

Көзi жаманның козiнен алас,

деп пәле-жала, жын-шайтан, тiл-көзден сақтасын деген тiлек айтылады.

Баланың туғанына қырық күн толысымен, оның қырқынан шығару ырымын жасайды. Бiр еркек қарын шашын алады, ал тұкымы өскен үбiрлi-шүбiрлi қария бәйбiше 40 қасық суды үстiне құйып тұрып "30 омыртқаң жылдам бекiсiн, 40қабырған жылдам қатсын" деген тiлек айтады. Бала шомылдырған легеннiң түбiне 40 құмалақ тас, сақина, жүзiк сияқты заттар салынады. Сақиналарды бала шомылдыруға көмектескен апалар өзара бөлiседi. Қарт бәйбiшеге көйлектiк мата, шашын алған еркекке тақия, т. б. сыйлық берiледi. Қарын шашты шуберекке туйiп, баланың киiмiнiң иығына қадап қояды. Бесiкке қайта бөлеп жатып та:

Алас, алас, аласы, Тулаған тайдан

Келдi мiне баласы, Қуалаған ботадан қорықпа!

Қош, қош пәлесi Май төбеттей ұйқылы бол

Келдi мiне егесi Түлкiнiң баласындай күлкiлi бол.

Аталарың, ағаларың шақырса, Алас, алас, аласы,

Одан қорықпа Келдi мiне, баласы

Ойнақтаған лақтан қорықпа Ұйқтап демалсын

Сылдыраған бұлақтан қорықпа. Қунап оянсын!-

деп тiлек айтылады.

Бесiкке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзiл-қалжың, ұлт ойындарын ойнап көңiл көтередi. Жас балаға бәйбiшелер бата берiп, немерелерiне сарқыт алып қайтады.

Бесiкте бала емшектен шыққанша жатады. Ит көйлегi тозып, еңбектеп жүре бастаған кезде баланы бесiктен мүлде шығарып, анасы қойнына алып жатады. Бала бұл шамаға келгенде бесiктi тазалап, үйдiң ең сенiмдi жерiне сақтап қояды. Ол келешек ұрпақ тезiрек дуниеге келсiн, "бесiк тiлеу-тiлеушi ендi оған келер бала жатсын" деген ырым. Бесiктi қазақтың құрмет туұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесiкке немерелерi жатады. Қазақтың туған жердi алтын бесiкке теңеуi де бесiктi ардақтаудан шыққан.

Сәбидiң 1 жасқа дейiнгi кезеңi.

Бала қырқынан шығысымен-ақ үй-iшiнiн үлкендерiн ажырата бастайды. Шешесi мен папасын жазбай таниды. Баланы ермек еткен анасы "Ата кане?", "Апа қане?" "Аға, апа қане?" деген сияқты сұрақтар берiп, үлкендердi ажырата бiлуге уйретедi. Баланың өз атын бiлгiзедi. "Ыстық", "суық", "жақсы", "жаман" деген сияқты сөздермен түрлi заттардың қасиеттерiн сездiредi. 6-7 ай болғанда бала құйрығын басып отыруға үйренедi. Қазақтын бала "төрт айда төнiректеп отырады, бес айда белгiлi отырады, алты айда анық отырады" деген сөз тiркесi бала дене бiтiмiнiң өсу дәрежесiн айқындаудан шыққан түсiнiк. 8-10 ай болғанда еңбектеп жүре бастайды. 10-12 ай шамасында қаз тұрып, бiр-екi аттап үстел жағалап жүрудi үйренедi. Осы кезде балаға түрлi жалтырауық, сылдырмақ ойыншықтар мен үш аяқты ит арба жасап берiп, соның көмегiмен жүруге үйретедi.

Баланың қаз тұрып тез жүруi денсаулығына байланысты. Ал баланың денсаулығына ана сүтi арқылы оның бойына баратын тағамдағы витамендер ерекше етедi. Сондықтан жас босанған аналар түрлi тағамдар жеуi керек. Баланың таң азығы дұрыс тамақтану арқылы берiлсе, рухани жан азығы ол ес бiле бастағаннан баламен сөйлесу, айналадағы қоршаған ортамен таныстыру арқылы iске асырылды. Төрт түлiк малдың төлдерiмен таныстырып, оның манырауын, мәңiреуiн, кiсiнеуiн бiрнеше рет қайталатып (құлын қайтедi, қозы қайтедi?) немесе мысық болып мияулатып, тауық болып қоқақтатып, күшiк болып үргiзiп үйрету арқылы малдар мен үй хайуанаттарының қасиеттерiмен таныстырады, оларды ажырата бiлуге дағдыландырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ салт-дәстүрлері
Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу туралы ақпарат
Қазақ салт - дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу
Ұлттық салт-дәстүрлер негізінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі әдістемелік нұсқау
Қазақ салт - дәстүрлерінің теориялық негіздері
Қазақ салт-дәстүрлері туралы
Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні жайлы
Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға имандылық тәрбиесін беру педагогикалық проблема
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz