Құнды қағаздар рыногі жайлы



Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Құнды қағаздар рыногі: мәні мен мазмұны, экономикалық орны ... ... ... ...

2. Құнды қағаздар рыногінің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3. Қазақстандағы құнды қағаздар рыногінің қалыптасуы, даму жолдары
мен реттеу саясатының негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

4. Даму жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

5. Еліміздегі құнды қағаздар рыногінің ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

6. Құнды қағаздардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

7. ҚР құнды қағаздар рыногінің құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

8. Құнды қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Бұл экономикаға өтуі елімізге қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етті. Көптеген жылдар бойы елімізге шын мәнінде де қаржы нарығы, яғни екінші деңгейлі және инвестициялық банктер, биржалар болған жоқ еді. Қаржы саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен өзіне қаратты.
Нарық - өте күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Қаржы нарығы - мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады:
1. Айналымдағы қолма-қол ақша нарығы.
2. Несие капиталының нарығы.
3. Құнды қағаздар рыногі.
Қазіргі уақытта егемен жас мемлекеттер құнды қағаздар шығарумен айналысуда. Құнды қағаздар рыногі кез-келген мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады. 90-жылдардың экономикалық тәжірибесі дәлелдегендей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы- құнды қағаздар екені талассыз ақиқат. Қүнды қағаздар ақша капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек құнды қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері- халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Құнды қағаздар рыногінде өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, олардыа экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде инвестицияның үлесін арттыру құнды қағаздар рыногінің потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.
1. Бағалы қағаздар нарығы. Б. А. Көшенова, Алматы, Экономика, 1999ж.
2. Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары. Б. А. Көшенова, Алматы, Экономика, 2000ж.
3. Нарықтық экономика теориясына кіріспе. Б. Мәдешев, Алматы, Экономика, 1995ж.
4. Қаржы. Қ. Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев, Алматы, 2003ж.
5. Егемен Қазақстан, 1995ж 27 мамыр.
6. Айқын, 2005ж 12 қаңтар №5
7. Рынок ценных бумаг: особенности функционирование в Казахстане. Г. Т. Абдрахманова, З. С. Жумабаева, Алматы, 2002г.
8. Ресми газет, 2003ж. 25қаңтар.
9. Құнды қағаздар нарығы. Сеилова, Арко, 2000ж.
10. Ақша, несие, банктер. Ғ. С. Сейітқасымов, Алматы, Экономика, 2001ж.
11. Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар. Т. Рысқұлов атындағы экономикалық университеті, 7 бөлім, Алматы, Экономика, 2005ж.
12. Статистика Казахстана, 2001-2005ж.
13. Қаржы-қаражат. Г. Шалғымбаева, 1996ж. №10.
14. Рынок ценных бумаг Казахстана. 2005г. №2.
15. Статистический бюллетень. 2005г. №2.
16. Қаржы хабаршысы. 2006ж. №2.
17. Банк ісі. Н. Н. Хамитов, Алматы, Экономика, 2006ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Құнды қағаздар рыногі: мәні мен мазмұны, экономикалық
орны ... ... ... ...

2. Құнды қағаздар рыногінің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3. Қазақстандағы құнды қағаздар рыногінің қалыптасуы, даму жолдары
мен реттеу саясатының негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .

4. Даму
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...

5. Еліміздегі құнды қағаздар рыногінің
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...

6. Құнды қағаздардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...

7. ҚР құнды қағаздар рыногінің құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .

8. Құнды қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .

Кіріспе

Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық
экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Бұл экономикаға
өтуі елімізге қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін
институттардың құрылуын талап етті. Көптеген жылдар бойы елімізге шын
мәнінде де қаржы нарығы, яғни екінші деңгейлі және инвестициялық банктер,
биржалар болған жоқ еді. Қаржы саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен
өзіне қаратты.
Нарық - өте күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық
қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын
қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Қаржы нарығы -
мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі
байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына
қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады:
1. Айналымдағы қолма-қол ақша нарығы.
2. Несие капиталының нарығы.
3. Құнды қағаздар рыногі.
Қазіргі уақытта егемен жас мемлекеттер құнды қағаздар шығарумен
айналысуда. Құнды қағаздар рыногі кез-келген мемлекеттің инвестициялық
қызметін жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей
халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық
жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады. 90-жылдардың
экономикалық тәжірибесі дәлелдегендей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық
әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы-
құнды қағаздар екені талассыз ақиқат. Қүнды қағаздар ақша капиталға да,
заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек құнды қағаздар арқылы ғана
мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері-
халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Құнды қағаздар рыногінде өзіне тән
қаржы институттары жүйесі қалыптасып, олардыа экономикалық өрістеудің қаржы
көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге
асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде инвестицияның
үлесін арттыру құнды қағаздар рыногінің потенциалды қорларын пайдаланбай
іске асуы мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының мемлекеті құнды қағаздар рыногін құру
және оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда.
Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің
Ұлттық бағдарламасы құнды қағаздар рыногінің негізгі элементтерін құру
процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар
түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді
механизмдерінің бірі - акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Мемлекет
бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай,
мемлекеттік құнды қағаздар шығарумен шұғылданады. Құнды қағаздар ақша
капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін символы
болғандықтан оны қордың құндылықтары деп те атайды. Сонымен қатар, құнды
қағаздар қордың инструменті немесе құралы болып та есептеледі. Себебі тек
сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол
құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен құнды
қағаздар рыногі капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық
құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді.
Өркениетті мемлекттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты
жолы құнды қағаздар рыногі болып табылады. Сонымен құнды қағаздар рыногі-
шаруашылықты дамытудың басты құралы, экономикалық өрлеуді көп жағдайда
қаржыландырып ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.
Ұсынылып отырған курстық жұмыстың негізгі мақсаты - құнды қағаздар
рыногінің теориялық және методологиялық негіздерімен қатар оның жоғарыда
аталған ұйымдық-экономикалық құрылымдарының нарықтық экономикадағы маңызын
көрсету. Яғни, негізгі қойған мақсатым - барлығына түсінікті болатындай
құнды қағаз туралы толығырақ мәлімет беру және экономикадығы рөлін көрсету.
Жұмыстың бірінші бөлімінде құнды қағаз туралы жалпы мәліметті, жіктелуін
және түрлерін біле аламыз. Ал екінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы
құнды қағаздардың қалыптасуы, ерекшеліктері туралы және көптеген
статистикалық иәлімет арқылы құнды қағаздың дамуы туралы толық мәлімет ала-
аламыз. Берілген таблицалар арқылы құнды қағаздардың іс тәжірибесін жылдам
игеріп әкетуге өз көмегін тигізеді.

1. Құнды қағаздар рыногі: мәні мен мазмұны, экономикалық орны

Осы күнгі ұйымдастырылған және жан-жақты заңдастырылған нарықтық
шаруашылық жүйесіндегі құнды қағаздардың орны ерекше. Құнды қағаздар
дегеніміз-мүлік құқығын көрсететін,одан табыс алуға мүмкіндік беретін
белгілі де қатал заңдастырылған формадағы құжат. Құнды қағаздардың мәні мен
мазмұны,пайда болу себептері мен қалыптасып даму жағдайларын анықтауға
болады. Батыс елдеріндегі қалыптасқан құнды қағаздар рыногін,оның осы күнгі
қызметін терең игеріп, өтпелі экономика жағдайына мақсатты да саналы түрде
енгізу үшін осы тарихи әдістемені ұстану қажет. Құнды қағаздардың осы күнгі
мәні мен мазмұнын құнды қағаздар рыногінің қызмет атқару механизмінен
шығарып анықтауға болады.Өз кезегінде,құнды қағаздар рыногінің мәні мен
мазмұны,экономикадағы орны жалпы қаржы-қаражат жүйесінен анықталады.
Сонымен, алға қойылған мәселе екі түрлі әдістемелік көзқараспен
анықталады: біріншісі - дәстүрлі-тарихи әдістеме, екіншісі-осы күндері кең
қолданылатын жүйелік-логикалық әдістеме.Түптеп келгенде осы екі көзқарас
бірін-бірі толықтырады. Логикалық-жүйелік әдістеменің олқылығы оның
схематизмінде,формалды болуында,бірақ бұл әдістеме мәселенің үлгісін,оның
иерархиялық жүйесі мен қызмет атқару механизмін ең абстрактілі схема
түрінде болса да анықтап береді.Ал тарихи көзқарас мәселенің мәні мен
мазмұнын қоғамның саяси-экономикалық даму жүйесінде анықтайды.Осы күнгі кез-
келген экономикалық мәселені толық түсініп, дұрыс шешу үшін осы екі
әдістемені қатар ұстаған жөн болады.
Құнды қағаздар рыногі қаржы-қаражат нарығының құрамдас бөлігі
болады.Қаржы нарығын келесі түрде жіктеуге болады:
1. Қарыз-қаржы нарығы,оның ішінде:-қайтару мерзімі бір жылдан
кем,қысқа мерзімдік қарыздар айналымы – ақша нарығы деп аталады.
2. Капитал нарығында құнды қағаздар рыногін жеке қарастыруға болады.
Капитал айналымы ақша формасындағы капиталдар айналымынан және құнды
қағаздар айналымынан тұрады. Қаржы капиталын банк несиесі ретінде алуға
болады,немесе құнды қағаздарды шығарып алуға болады. Яғни, капиталдар
нарығы - ақшалай капитал нарығынан және құнды қағаздар рыногінен тұрады.
Құнды қағаздар рыногі, өз кезегінде,құрды қағаздардың бастапқы және
қайталама нарық түрлеріне бөлінеді. Бастапқы нарықта алғашқы шығарылған
қағаздар инвесторларға сатылады.Қайталама нарықта бұрынғы шығарылған құнды
қағаздар сатып алынады және қайта сатылады.
Құнды қағаздар екі түрлі әдіспен ұйымдастырылған. Біріншіден, жоғары
деңгейде орталықтандырылған арнайы қаржы-делдалдық құрылымдарда, қор
биржаларында әлемдегі ең ірі корпорациялардың қағаздары тіркеліп сатылады,
екіншіден, еркін айналымдағы құнды қағаздар биржадан тыс нарық жүйесінде
сатылады.
Құнды қағаздар рыногі экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне
қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын
жеңілдетті. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан
процесстердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды
инвестициялау процесіне қатысты. Бағалы қағаздар рыногінің жұмыс істеуі
елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің
болуымен объективті түрде алдын ала анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік
иелері ғана құнды қағаздар нырогінде қаржы ресурстарына деген сұранымды
көрсете отырып әрі оларды әр түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыштай
отырып, сауда мәмілелерін жасай алады.Сонымен бірге құнды қағаздар
рыногінің жұмыс істеуі тиісті құқықтық негіздерсіз де мүмкін емес.
Қаржы нарығындағы сансыз көп құнды қағаздар күнделікті айналымға
шығады.Басқаша айтқанда,құнды қағаздар рыногінде сату-сатып алу
операциялары тәулігіне 24 сағат тоқтаусыз жүріп жатады.Бұл осы
күнгі,нарықтың ең икемді еркін бәсекелі нарық жүйесіне жатады.Бұл нарыққа
ену де, одан шығып қалу да басқа нарық түрлеріне қарағанда оңай,
кедергісіз. Осы күнгі байланыс жүйесі, компьютерлік технология бұл нарықтың
мүмкіншілігін және ауқымын шексіз етеді.
Ақша-қаржы нарығы, оның ішінде құнды қағаздар рыногі информацияға
негізделген. Информациялық технология арқылы қоғамға шығарылған құнды
қағаздардың сатылуы мен сатып алынуы бір жерге шоғырланады,соның
нәтижесінде ең толық көлемдегі нарықтық ұсыным мен сұраным,құнды
қағаздардың курстары қалыптасады. Құнды қағаздардың курстары нарықта
қалыптасқан сұраным мен ұсыным көлемдерінің арақатынасын көрсетеді.
Банк процестері мен құнды қағаздар курстары өзара байланысты келеді;
сондықтан, бірі екіншісіне ықпал жасайды. Мысалы, банк проценті өскен
болса,онда банктен несие алу қиындайды.Сондықтан, құнды қағаздар ұсынысы
артады, олардың курстары төмендейді.Мемлекет банк процентіне ықпал жасай
отырып,жалпы құнды қағаздар рыногіне де ықпал жасайды. Немесе, Ұлттық банк
құнды қағаздар рыногіне шығып та оны тікелей реттейді. Құнды қағаздар
рыногін реттеу мемлекеттің инвестициялық саясатына сәйкес жүреді.

2. Құнды қағаздар рыногінің жіктелуі

Қарыз міндеттемесінің анықтамасы құнды қағаздар анықтамасымен тығыз
байланысты. Құнды қағаздар деген екінші нарықта белсенді түрде айналысқа
түсетін қарыз міндеттемесі. Қарыз міндеттемелерінің барлығының арнаулы
құнды қағаздар сияқты нысаны болмайды. Олардың көбісі келісім құжатында 1-2
бап ретінде көрсетіледі. Құнды қағаздардың көбі арнаулы тіркеуден
өтеді.Тіркеу инвесторларға құнды қағаздар туралы дәл және маңызды мағлұмат
алуға көмектеседі. Сол арқылы инвестор өз инвестицияның сапасын дәл
анықтауына мүмкіндік алады.
Құнды қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі:біріншіден, түсіретін
кірісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілі мен
айналым жеріне байланысты.
1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті құнды қағаздар болып екіге
бөлінеді. Қарызды құнды қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал
қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу
көзделеді.Үлесті құнды қағаздар,немесе оны акция днп атайды. Акция оны
иемденушінің корпорация мүлігінлегі үлесін көрсетеді және иемденушіге
шектеусіз уақыт бойы дивиденд түрінде кіріс түсіреді. Ал құнды қағаздардың
басқа түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.
2. Құнды қағаздар шығарушысы жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері
мемлекет,жергілікті әкімшілік, корпорациялар,қаржы институттары және тағы
басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және
қарызды құнды қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:
1) Қазыналық,немесе үкімет атынан Қаржы Министрлігі шығарған құнды
қағаздар.Себебі оның төлемін мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз
етеді. Бұл құнды қағаздардың көп тараған түрлері қазыналық
облигациялар.Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындары да көбіне облигация
түріндегі құнды қағаздарды шығарады.
2) Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын құнды
қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің
жобасына үкіметтің берген дотациясы.
3) Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі
акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі құнды қағаздар.
Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар
коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы
қорлары шығарады.
4) Банктердің құнды қағаздары – олар депозиттік сертификаттар, чектер
және бұданда басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.
5) Кәсіпкерлердің құнды қағаздары - олар коммерциялық вексельдер,
фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар.
3. Құнды қағаздар қай жерде сатылады деген сұраққа жауап бойынша да
жіктеледі. Сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы құнды қағаздар 2
бөлінеді.
Ақша нарығы қаржы нарығының бір бөлігі, онда қысқа мерзімді құнды
қағаздар сатылып және сатып алынады. Оның айналу мерзімі 1 күннен 1 жыл
аралығына созылады. Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттік
сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатуға түседі. Оларды
шығарушылар әр түрлі жіктелу топтарына жатса да, олардың бәрі қарызды құнды
қағаздарға жатқызады.
Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытта шығарылған құнды қағаздар
түседі. Олар үлесті де, қарызды да құнды қағаздар болуы мүмкін. Олардың
эмитенттері де әр түрлі: мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар,
қаржы институттары және тағы басқалар.
Айта кететін бір жәйт, құнды қағаздардың кейбір түрі қысқа мерзімге
яғни 1 жылға дейін айналымда болса да капитал нарығында жүреді. Мысалы,
опцион.

3. Қазақстандағы құнды қағаздар рыногін қалыптастыру мен реттеу
саясатының негізгі бағыттары
Қазақстан жан-жақты қамтылған жүйелі де мақсатты және белсенді
қаржы саясатын ұстанып отыр.
Мұлікті мемлекет иелігінен алып жекешелендіруге байланысты
мемлекеттік кәсіпорындар акционерлік қоғамдарға айналдырып қайта құрылды.
Орташа кәсіпорындар қорының 30% акциялары мемлекет меншігінде
қалдырылып, қалғандары жеке меншікке үлестіріледі. Ірі кәсіпорындардың 50%
акциялар пакеті мемлекет иелігінде қалдырылды, қалғаны жеке меншікке
айналдырылды. Жекешендірілген өндіріс орындарының 5%-ке дейінгі акциялары
инвестициялық қорлар арқылы Қазақстанның барлық тұрғындырына үлестіріліп
жекешелендіру купондарына айырбасталды. Бұл іс-шаралар құнды қағаздар
рыногін қалыптастырудағы Қазақстанның бірінші қадамы болды.
Кәсіпорындардың жаппай акционерлендіру Қазақстанның
жекешелендіру және нарыққа көшу саясатын сипаттайды. Жекешелендіру мен
акционерлендіру нарық жүйесіне көшудің негізгі алғышарты болғанымен,
нарықтық қызмет атқару механизмін қалыптастыра алмады. Жеке меншікке
негізделген әлеуметтік-экономикалық күштерді іске қосу үшін нақты
экономикалық жағдай қажет. Жеке меншік күштердің іске қосылу-қосылмауы
өндіріс-сауда сферасына, оның тиімді жұмыс істеуіне байланысты.
Өндіріс сферасындағы жекешелендірілген кәсіпорындардың нақты
активтері қаржылай нәтиже беріп, табыс түсіргенде ғана құнды қағаздар
рыногі арқылы жеке меншік мүдделері іске асады, олар қоғам дамуының қуатты
әлеуметтік-экономикалық күшіне айналады. Сонымен, құнды қағаздар рыногінің
қалыптасып тиімді қызмет атқаруы, ең алдымен, ішкі ұлттық өндіріс пен ішкі
тауар нарықтарының қалыптасып, тиімді жұмыс істеуіне байланысты болады.
Қазақстан жағдайына өндіріс орындарының тиімді қызмет атқаруы
олардың сыртқы әлем нарығына шығып орын алуына тіреліп отыр. Қазақстан
экономикасының өндірістік құрылымы тарихи түрде сыртқы әлемдік шаруашылық
қажеттіліктеріне бағытталып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілген өнімдердің
80-90% шетелдерден әкелінеді. Соңғы екі-үш жылда 1998-2000 жж. әлемдегі
қаржы-валюта дағдарысына байланысты Қазақстан Үкіметі қысқа ( 2000 жылға
дейін) және орта мерзімдік (1999-2003жж.) ұлттық өндіріс бағдарламаларын
жасап ішкі өндіріс пен Ұлттық нарық жүйесін қалыптастыру саясатын қолға
алған.
Ұлттық экономиканың тарихи жағдайда қалыптасқан құрылымын қайта
құру, жетілдіру үшін ауқымды инвестициялар қажет болып отыр. Мамандардың
пікірінше, Қазақстанға жыл сайын кем дегенде 3 млрд доллар инвестиция
қажет. Дамыған елдерде пегізгі өндіріс қорлары орташа есеппен алғанда 3-5
жылда жаңартылып отыратын болса, Қазақстандағы негізгі қорлардың пайдалану
мерзімі 30 жылға жеткен екен. Өндіріске мемлекет тарапынан инвестициялар
бөлу, жеңілдетілген несие беру, ішкі қаржы ресурстарын жұмылдыру, әлем
қорларынан және дамыған елдерден валюталық қаржы тартып, мемлекеттің
қолдауымен ұлттық өндіріске мақсатты да нысаналы түрде жұмсау шаралары осы
күндері Қазақстан Үкіметінің өндірістік саясатының негізгі мазмұны болып
отыр. Азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия мен энергетика
өндіріс салаларына қолдау және ынталандыру шаралары жүргізілуде.
Сонымен, Қазақстанда құнды қағаздар рыногін қалыптастыру саясаты
ұлттық кәсіпкерлікті қолдау, ішкі және сыртқы инвестицияларды өндіріске
тарту, экономика салаларына әлсіз де тиімсіз шаруашылық құрылымдарынан
тазарту, экономиканы асқындап кеткен төлем дағдарысынан шығару және басқа
да экономикалық, ұйымдастыру, құқықтық іс-шаралар жүйесінде жүргізіледі.
Қазақстанда 1991-1994жж. қаржы нарығы, оның құрамында құнды қағаздар
рыногі қалыптаса бастады. Қазақстанның құнды қағаздар рыногінің пайда
болуына 13 жыл болды. Оның ең бірінші элементтері 1991 ж пайда болды. 1993
ж. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құнды қағаздар шығару, ұлттық
валюта шығару үшін өзінің цехын ашты. Бұл цехтың ашылуы біздің банк жүйеміз
дербес екндігін көрсетті. Қазақстан Республикасының құнды қағаздар
жөніндегі ұлттық комиссиясы құрылып, қызмет істегелі 10 жыл артта қалды.
Бұл ұзақ мерзім емес, бірақ осы жылдар ішінде атқарылған істер баршылық. Ал
1996 жылы Ұлттық комиссия қызметінің негізгі міндеті осынау нарықта
құқықтық инфрақұрылымының керекті элементтерін жасау үшін жағдайлар
тудыру. Атап айтқанда, Парламент "Құнды қағаздар нарығы туралы",
"Қазақстан Республикасында құнды қағаздар мәмілелерді тіркеу туралы" және
"Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" заңдар
қабылданды.
Елде дамыған құнды қағаздардың қалыптасүы үшін оның құрамдас
бөліктері болуы қажет. Олар:
1. сұраныс пен ұсыныс
2. делдалдар мен басқа қатысушылар
3. нарықтық инфрақұрылым, яғни коммерциялық банктер, қор биржалары,
инвестициялық институттар және тағы басқа.
4. нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
Нарықтың осындай құрамдас бөліктері қазіргі уақытта негізінен құрылып
болды. Бұл жөнінде елімізде экономикалық жүйені реформалауды тереңдету
жолында қабылданған Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру
Ұлттық бағдарламасы құнды қағаздар рыногінің негізгі субъектілері
акционерлік қоғамдардың құрылуын тездетуде шешуші роль атқарды.
Осы кездері жұмыс істеп отырған құнды қағаздар рыногінің негізгі
секторлары ретінде мыналарды айтуға болады:
1. Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндеттемелік қағаздары тұрақты түрде
айналымға шығарылып келеді.
2. Ірі комерциялық банктердің акциялары және басқа да қаржы қағаздары
соңғы жылдары ұтымды түрде сыртқы әлемдік және ішкі
ұлттық нарық жүйесінде орналастыра бастады.
3. Мұнай-газ, энергетика, қара және түсті металлургия компаниялары
шығарған акциялар Қазақстанның және Орталық Азия қор биржаларында тіркеліп,
бағамдалып келеді.
4. "Қазақтелеком", "КЕГОК", "Қазақойл" сияқты жаңаша құрылған
компаниялардың акцияларына сұраным жоғары қалыптасқан.
Құнды қағаздар рыногін қалыптастыру мәселесі бойынша Қазақстанда
негізінен екі түрлі ғылыми-әдістемелік көзқарас-пікір қалыптасқан. Алғашқы
кездері экономистердің басым көпшілігі Қазақстанда нарық жүйесін
қалыптастыру үшін құнды қағаздар рыногі қажет деген пікірде болғаны
белгілі. Соңғы жылдары нарыққа көшу мәселесін механизмнің тиімді қызмет
атқару жағдайларымен байланыстырып қарайтын болды.
Республикада құнды қағаздармен жұмыс 1991 жылғы 11 маусымдағы Құнды
қағаздар айналымы мен қор биржасы туралы Қазақ КСР-нің Заңына сәйкес бұрын
да жүргізіліп келген. Онымен Қаржы министрлігінің басқармасы айналысатын.
Алайда, құнды қағаздар рыногін қалыптастыруға және оған серпін беруге соңғы
жылдары ғана шындап ден қойылды. 1994 жылғы 20 наурызда Құнды қағаздар
рыногін қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы Президент Жарлығы шықты. Бір
сөз етіп отырған Ұлттық комиссия да соған сәйкес құрылған болатын.Оның
құрамы 1995 жылы 11 қаңтарда Президент Жарлығымен бекітілді.Таяу ғана Құнды
қағаздар және қор биржасы туралы заң күші бар Жарлық жарияланды. Онда
Ұлттық комиссияның міндеттері де айқындалған.
Құнды қағаздар рыногін қалыптастыру үшін, оның инфрақұрылымдарын құру
және бұл құрылымдардың қызмет атқару тәртібін анықтап реттейтін заңдар мен
құжаттарды дайындап шығару қажет екені белгілі. Елімізде Қазақстан
Республикасының "Құнды қағаздар" жөніндегі Ұлттық комиссиясы құрылып, 1995
жылдың сәуірінде" ҚР-ның акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару мен
өтеудің тәртібі туралы ереже" әзірленіп бекітілді, құнды қағаздар эмиссиясы
есепке алынып, қор биржаларында тіркелді. Республикадағы құнды қағаздар
рыногіне қатысушылардың Ұлттық қауымдастығы құрылды. Құнды қағаздар рыногін
реттейтін қаулылары құрылды, оның ішінде "Құнды қағаздар рыногінде кәсіптік
қызметтерді лицензиялау туралы ережелер" және басқа да көптеген, 20 астам
құжаттар пакеті қабылданды, қолданылып келген заң актілеріне өзгерту мен
толықтырулар енгізілді. Құнды қағаздар рыногі ҚР-нің заңдарымен, Президент
жарлықтарымен, Қазақстан Үкіметі, Мүлік комитеті және Ұлттық банк
қабылданған қаулылармен және ҚР Қаржы министрлігінің және Құнды қағаздар
жөніндегі комиссияның нұсқауларымен реттеледі. Ол осы қызметі арқылы құнды
қағаздармен жасалынатын мәмілелерге кәсіпқой қатысушылардың бәрінің
құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Республикада
құнды қағаздар рыногінің қалыптасуы баяу да болса ілгерілеу үстінде. Бұл
бағыттағы жұмыстар Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндегі
ұлттық комиссиясына жүктелген.
Бірақ Республикадағы құнды қағаздар рыногі толық қалыптасып болды
және тиімді жұмыс атқарып тұр деуге әлі ерте. Бүгінгі таңда Қазақстандағы
құнды қағаздар рыногінің жекелеген секторлары ғана қызмет атқарып отыр,
нарық жүйесі әлі толық іске қосылмаған. 2000ж. Құнды қағаздар рыногінде
жұмыс істейтін мамандар даярлаудың бастапқы жүйесі қалыптасты. Ол 5
мамандандырылған оқу орталықтарынан тұрады. Олар: Басқару қызметшілері,
Инвестмент Менеджмент Групп, Универсал консалтинг, Сана маркет, Ирбис.
Қазақстан Республикасында құнды қағаздар рыногін дамытудың 1999-2000
жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Ұлттық комиссия
таяудағы уақыттарда мынадай негізгі міндеттерді шешуді жоспарлаған:
1. Қазақстандық мемлекеттік емес құнды қағаздардың инвестициялық
тартымдылығын көрсету.
2. құнды қағаздар сұранымы мен ұсынымды теңдестіру.
3. құнды қағаздар рыногі ақпараттық жағынан ашық болуын қамтамасыз
ету.
4. құнды қағаздар рыногін мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру.
5. құнды қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары базасында жалпы
республикалық трансфегерант жүйесін құра бастауға кірісу.1
Қазақстан Үкіметі Батыс елдерінің бірқатар қаржы-инвестициялық
құрылымдарымен келісімге келіп өзінің орта мерзімдік облигацияларын
Еуропада орналастырды. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде қалыптасқан қаржы
дағдарысы Қазақстандағы құнды қағаздар рыногінің одан әрі қанат жайып
дамуын осы күндері шектеп отыр.
Жалпы алғанда Қазақстанда ішкі ұлттық нарыққа қарағанда сыртқы нарық
тез дамып отыр. Тіпті тұтыну тауарлары нарығында импорт көлемі артып,
Қазақстанда теріс сауда балансы пайда болды. Ал теріс сауда балансын
жабудың бір ғана жолы бар- ол активтерді шетке сату әдісі. Активтерді шетке
сату мемлекет меншігіндегі корпорациялардың акцияларын әлем нарығына
орналастыру деген сөз. Түптеп келгенде, құнды қағаздардың әлем нарығына
шығарылып орналастырудың себебі Қазақстанның ұлттық өндірісі мен нарығының
шектеулі болуында.
Қазақстанда құнды қағаздар рыногін толық қалыптастыру үшін ұлттық
өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып, тереңдету қажет.
Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру
мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып
экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді.Кіріс министрлігі мен
Салық комитеті мамандарының пікірінше, Қазақстан тұрғындарының қолында
айналымға тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы қорлары бар. Осы қорларды
инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің мүмкіншілігін
нығайтып, олардың салымшыларға беретін сақтандыру кепілдіктерін жоғары
деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр. Соңғы жылдары Қазақстандағы
тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі.
Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты түрде
өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп,қажетті
құжаттар дайындап, оларды заңдастыруға күш салып отыр.
Сонымен, тұрғындардың сақталған қорларын банк және құнды
қағаздар арқылы жұмылдырып өндіріске тарту, оның құрылымын жетілдіру үшін
инвестициялау бүгінгі күні ең ұтымды саясат бағыты ретінде танылып отыр.
Шетелдік капитал өздеріне қажетті Қазақстанның шикізат –энергетика
өндірісіне жұмылдыруда. Қазақстанның ішкі қажеттіліктерін өтейтін жеңіл
өнеркәсіп, машина жасау, дайын өнім өндіру салаларына шетелдік
инвестициялар бармай отыр. Сондықтан өзімізге қажетті өнімді өндіру
саласына негізінен ішкі қаржы ресурстарын жұмылдырып қарастыруға болады.
Егер ішкі өндіріс көтерілсе, онда ішкі ұлттық нарық қалыптасады,
кәсіпорындар мен тұрғындардың табысы өседі. Ал бұл болса Қазақстанда ішкі
ұлттық капиталды қорланып өсуіне жол ашады, осының негізінде құнды қағаздар
рыногі де тиімді қызмет атқаратын болады.

4.Даму жолдары

Қазіргі кезде Республикадағы құнды қағаздар рыногі қалыптасу
шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің
кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай,
оның орнына мемлекеттік құнды қағаздар, мысалы мемлекеттік қысқа мерзімді
вексельді шығаруда. Алайда, құнды қағаздар рыногінің даму жолындағы шешуін
талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер көп. 2005-
2007ж. ҚР құнды қағаздарды дамытудың программасы қабылданды. ҚР үкіметі 24
желтоқсан 2004 жылдан №1385 қаулыда бекітті. Қазақстандық құнды қағаздар
рыногінің дамуының негізгі бағыттары мыналар:
1. инвестиция мүмкіншілігін ары қарай дамыту.
2. Қазақстандық акциялар мен мемлекеттік емес облигациялардың тартымды
және сапасын жоғары ету.
3.халықтың жинақталған капиталын ұжымдық түрде инвестициялау арқылы нақты
экономикаға жұмылдыру механизмі.
4. құнды қағаз рыногіне қатысушылардың жұмысын бақылау, реттеу.

5.Еліміздің құнды қағаздар рыногінің ерекшеліктері

Қазақстанның құнды қағаздар рыногі ТМД елдерімен салыстырғанда,
құрылымы жағынан айрықша. Өйткені ТМД-ның өзге елдерінде құнды қағаздардың
инвесторлар тобы коммерциялық банктер болса, Қазақстанда –зейнетақы
қорлары. Жалпы, Қазақстан ТМД елдері арасында құнды қағаздар рыногінің
дамуы жағынан алдыңғы қатарда тұр. Бұгінгі таңда Қазақстанның құнды
қағаздар көлемі 6 млрд долларды қамтып, еліміздің жалпы ішкі өнім
көрсеткішінен 19% асып түскен. Ал мұндай көрсеткіш осы күнге дейін ТМД-ң
құнды қағаздар рыногінде көрініс таппаған еді.
Қазір елімізде мемлекеттік, жергілікті және коммерциялық құнды
қағаздар жұмыс істеп жатыр. Ал сыртқы рынокта Қазақстанның тәуелсіз еуро
және корпоративті құнды қағаздар айналымда жүр. Жалпы мемлекеттің құнды
қағаздары ел бюджетінің шығындарын өтеу мақсатында қолданылады.Сондықтан,
рынокта олардың пайыздық көрсеткіші белгіленіп отырады. Осы пайыздан табыс
табу мүддесі негізінде құнды қағаздар көптеген кәсіпорындар сатып алды.
Дегенмен алдыңғы жылдары Қаржы министрлігі мемлекеттік құнды қағаздардың
құнын жоюға нұсқау берген сәтте еліміздегі зейнетақы қорларына ешқандай
табыс түспей, оның бірен- сараны жабылып та қалған болатын. Сондықтан олар
соңғы кездері корпоративті құнды қағаздарды сатып алуға ықылас
танытты.Нәтижесінде бәйгеден суырылып алға шыққан зейнетақы қорлары өз
орындарын белгілеп, әрқайсысы 500млн $ астам зейнетақы активтерін қамтыған
Қазақстанның халық банкі ЖЗҚ, МемЖЗҚ және Ұлар Үміт ЖЗҚ аталмыш рыноктің
65% игеріп, еліміздегі ірі жинақтаушы зейнетақы қорларына айналды.
Қазақстанның құнды қағаздар рыногінің ерекшелігі – кіші және жалпы
жекеменшіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке
инвесторлар мен өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру.

6..Құнды қағаздардың түрлері

Құнды қағаздар қаржылық құжат болып табылады, бұл құжатты шығарушы
тұлға мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы рыногінің қалыптасуы: ахуалы,мүмкіндіктері, жағдайлары
Құнды қағаздар рыногі
Қаржы рыногы
Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның ұғымы
Қаржы нарығының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
Бағалы қағаздардың пайда болуы
Қазақстандағы қор нарығы: даму перспективасы және экономикалық құқықтарының аспектілері
Қаржы нарығы туралы ұғым және оның құрылымы
Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар, мәні мен функциясы
Пәндер