Құнды қағаздар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. Бөлім. Құнды қағаздар сипаттамасы.
1.1. Құнды қағаздардың туралы түсінік.
Құнды қағаздардың түрлері, олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Құнды қағаздар туралы
Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары ... ... ... ... ... ... ... ...9
II. Бөлім. Корпоративтік құнды қағаздар
2.1 Корпоративтік құнды қағаздар түрлері: ... ... ... ... ... ... ... ... 13
а) Вексельдер.
б) Акциялар.
в) Облигациялар.
III. Бөлім. Қазақстан Республикасындағы корпоративтік құнды қағаздардың дамуы.
3.1 Қазақстан Республикасындағы акцияларды
сату жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
3.2 Қазақстан Республикасындағы корпоративтік және муниципалды құнды қағаздардың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Құнды қағаздар айналысын қамтамасыз ету және қор нарығын реттеу, дамыған мемлекеттердің нарықтық жүйесіндегі күрделі әлеуметтік – экономикалық проблемалардың бірі болып табылады. Құнды қағаздар нарығының даму дәрежесі қоғамның тұрақтылығы мен макроэкономикалық даму индекаторының басты көрсеткіші болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы қағаздар нарығының қалыптасуы, қаржы жүйесінің сауығуы мен өндірістің құлауын жеңу шешуші нәтиже болып табылатын, жалпы мемлекеттік инвестициялық саясатпен тығыз байланысты деп қарастырылады. Ол жай батыс нарықтарының көшірмесі және бір моменттік процесс болуы мүмкін емес.
Бұл қалыптасқан жағдайды зерттеуде, адекваттық нарықтық экономикаға құнды қағаздар нарығының моделінің қалыптасуы және даму қажеттілігі шығады. Оның жалпы заңдылықтары және де өтпелі экономикадағы спецификалық ерекшеліктері болуы керек. Бірақ, берілген проблемаларды зерттеуде теориялық, тәжірибелік және реттеуші аспектілердің өзара байланыс және шарттастық сияқты тәжірибелік және теориялық жаңа әдістемелері, құнды қағаздар нарығының толық функционалдануының басты шарты болып табылады. Құнды қағаздар нарығының қалыптасу және даму проблемаларын, алыс және жақын шетел экономистері де зерттеген.
Орыс экономистері: Аликсеев М.Ю., Алехин Б.И., Бакушев Б.В., Машина М.В., Миркин П.М., Мусатов В.Т., Павлов С.В., Певзнер.П.А., Сизов Р.К., Трахтенберг И.А-дың еңбектері белгілі.
Батыс экономистерінің ішінде құнды қағаздар нарығының функционалдану проблемаларын зерттеген: П. Берже., Дж.М.Кейнс., Ш.Отто, Э.Роде, П. Роуз - дың еңбектері белгілі.
Бұл проблеманың әртүрлі аспектілері мен жалпы нарықтық экономика теориясымен байланысын Қазақстан ғалымдарының: Я.А.,Аубакиров Е.Б. Жатқанбаев, Г.Д. Қарағусов, А.К. Қошанов, К.М. Нәрібаев, С.Н Нысанбаев, У.К. Шеденов - тың еңбектерінде көрсетілген.

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
2. Қазақстан Республикасының «Құнды қағаз туралы заңы»
3. Абдрахманова Г.Т. /«Ценные бумаги РК»/ Алматы 2002 г.
4. Абдрахманова.Г.Т. /«Проблемы функционирования
и перспективы развития рынка корпаративних ценных бумаг»/
5. Раланова В.А. /«Рынок ценных бумаг»/ Москва 1996 г.
6. Камаев В.Д. /«Экономика и бизнес»/
7. Кошенова /«Құнды қағаздар нарығы»/ Алматы 1997 ж.
8. Сейтқасымов Г.С. /«Ақша. Несие. Банктер»/
9. Сейтқазина Р.С./«Банковское дело»/

Жоспар:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3
I. Бөлім. Құнды қағаздар сипаттамасы.
1.1. Құнды қағаздардың туралы түсінік.
Құнды қағаздардың түрлері, олардың жіктелуі
... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Құнды қағаздар туралы
Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары
... ... ... ... ... ... ... ...9
II. Бөлім. Корпоративтік құнды қағаздар
2.1 Корпоративтік құнды қағаздар
түрлері: ... ... ... ... ... ... ... ... .13
а) Вексельдер.
б) Акциялар.
в) Облигациялар.
III. Бөлім. Қазақстан Республикасындағы корпоративтік құнды
қағаздардың дамуы.
3.1 Қазақстан Республикасындағы акцияларды
сату
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 25
3.2 Қазақстан Республикасындағы корпоративтік және
муниципалды құнды қағаздардың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 30
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
КІРІСПЕ
Құнды қағаздар айналысын қамтамасыз ету және қор нарығын реттеу,
дамыған мемлекеттердің нарықтық жүйесіндегі күрделі әлеуметтік –
экономикалық проблемалардың бірі болып табылады. Құнды қағаздар нарығының
даму дәрежесі қоғамның тұрақтылығы мен макроэкономикалық даму индекаторының
басты көрсеткіші болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы қағаздар нарығының қалыптасуы, қаржы
жүйесінің сауығуы мен өндірістің құлауын жеңу шешуші нәтиже болып
табылатын, жалпы мемлекеттік инвестициялық саясатпен тығыз байланысты деп
қарастырылады. Ол жай батыс нарықтарының көшірмесі және бір моменттік
процесс болуы мүмкін емес.
Бұл қалыптасқан жағдайды зерттеуде, адекваттық нарықтық экономикаға
құнды қағаздар нарығының моделінің қалыптасуы және даму қажеттілігі шығады.
Оның жалпы заңдылықтары және де өтпелі экономикадағы спецификалық
ерекшеліктері болуы керек. Бірақ, берілген проблемаларды зерттеуде
теориялық, тәжірибелік және реттеуші аспектілердің өзара байланыс және
шарттастық сияқты тәжірибелік және теориялық жаңа әдістемелері, құнды
қағаздар нарығының толық функционалдануының басты шарты болып табылады.
Құнды қағаздар нарығының қалыптасу және даму проблемаларын, алыс және жақын
шетел экономистері де зерттеген.
Орыс экономистері: Аликсеев М.Ю., Алехин Б.И., Бакушев Б.В., Машина
М.В., Миркин П.М., Мусатов В.Т., Павлов С.В., Певзнер.П.А., Сизов Р.К.,
Трахтенберг И.А-дың еңбектері белгілі.
Батыс экономистерінің ішінде құнды қағаздар нарығының функционалдану
проблемаларын зерттеген: П. Берже., Дж.М.Кейнс., Ш.Отто, Э.Роде, П. Роуз -
дың еңбектері белгілі.
Бұл проблеманың әртүрлі аспектілері мен жалпы нарықтық экономика
теориясымен байланысын Қазақстан ғалымдарының: Я.А.,Аубакиров Е.Б.
Жатқанбаев, Г.Д. Қарағусов, А.К. Қошанов, К.М. Нәрібаев, С.Н Нысанбаев,
У.К. Шеденов - тың еңбектерінде көрсетілген.
Реформа кезінде Қазақстанда іске асқан, институционалды қайта құрулар
- жекешелендіру, меншік формаларының өзгеруі, инвестициялық саясат, отандық
қор нарығын қалыптастыру мен дамуының негізі еді.
Қазақстанда қор нарығы, акционерлік қоғамдар құру нәтижесінде пайда
болды. Қор нарығының пайда болуы корпоративтік құнды қағаздар айналысымен
шартталған. Акционерлік меншікті таратуда, құнды қағаздардың ролі артады,
себебі, олар бос ақша қаражатын инвестициялық қорға рационалды түрде
айналуын қамтамасыз етеді. Сол себепті, мемлекет экономикасының даму
перспективалары, корпоративті құнды қағаздар нарығын ұйымдастыру
ерекшеліктерімен анықталады.
Көптеген мекемелер қаржы ресурстарының назар аударарлық негізгі
құралдарын банкілік және комерциялық несиелерінен өздерінің акциясының
шығару мен айналу жолымен айналысатын жарғылық капиталдарынан көреді.
Мекемелердің облигация шығаруы, талап етілмей қалған инвестициялық ресурс
формасы. Облигацияның акциялардан айырмашылығы, айналыс мерзімі шектеулі.
Акционерлік қоғам сферасындағы инвестициялық дағдарыс және өндірістің
құлауын жеңу үшін, Қазақстанның корпоративті құнды қағаздар нарығын
теориялық және тәжірибелік аспектілерін функционалдауға жаңа методологиялық
тәсілдеме қажет. Корпоративтік құнды қағаздар нарығын оқытудың әлеуметтік
және макроэкономикалық аспектілері, нарықтың даму ерекшелікткрі мен мәніне
байланысты зерттеушілердің назарында қалып отыр.
1. ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР СИПАТТАМАСЫ
1.1 Құнды қағаздар туралы түсінік. Құнды қағаздардың түрлері, олардың
жіктелуі.
Құнды қағаз – бұл иесіне (ұстаушы) белгілі бір мөлшерде табыс алуға
құқық беретін, сондай-ақ оны шығарушылардың басқару шешімдеріне араласуға
құқық беретін куәлік немесе құжат.
Құнды қағаз категория ретінде күрделі және динамикалық болып келеді.
Бұл әсіресе қор нарығының қалыптасу сферасында болып жатқан процестердің
қайшылығы мен интенсивтілігімен расталады. Құнды қағаз жеке мазмұны мен
көрініс формасы бар, тарихи және спецификалық категория болып табылады.
Көптеген авторлар құнды қағаздар түсінігін, тек оны иеленуші тұлға мен
айналысқа шығарушы тұлға арасындағы құқықтық қатынас ретінде қарастырады.
Ең алғаш рет құнды қағаз түсінігін 1882 жылы Брунер ұсынған. Ол құнды
қағаздарды жеке құқық туралы құжат ретінде анықтады.
Осы күнгі әдебиеттерде құнды қағаздарға басқа да түсініктер берілген.
Общая экономическая теория (политэкономия) оқулығында, құнды қағазға
келесідей анықтама берілген: құнды қағаз – қандай да бір мүлікке
иеленушінің меншік құқығын куәландыратын және дивидент немесе пайыз түрінде
берілген қарыздық капитал құжаты.
Мельников В.Д. мен Ильясов К.К.: құнды қағаз – мүліктік құқықты
куәландыратын немесе осындай құжат шығарушы мекеме мен иеленуші арасындағы
қарыздық қатынасты көрсететін ақша құжаты деп анықтама берген.
Бірнеше ғалымдар тобы (Кашаев В.Д., Булатов А.С.) : құнды қағаз –
қандай да бір мүлікке иеленушінің беретін меншік құқығы немесе ақша алуға
мүмкіндік беретін қаржы құжаты деп санайды.
Клещев Н.Т., Федулов А.А. құнды қағазды азаматтық құқық объектісі
ретінде қарастырады.
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде құнды қағаздарға
келесідей анықтама берілген : белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді
сақтай отырып, жүзеге асырулы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын
мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат құнды қағаз болып табылады. Құнды
қағаздың берілуі оған деген құқықтың өтуімен сипатталады, ол оны жоғалтқан
жағдайда толық құжаттан айырылғандығын көрсетеді. Құнды қағаздың келесідей
негізгі белгілері бар:
- бұл құжат
- құжат арнайы форма мен міндетті реквизмттерді сақтаумен құрылады.
- мүліктік құқықтарды айғақтайды
- мүліктік құқықтар оны көрсеткен немесе біреуге берген жағдайда,
құнды қағазды алғаннан кейін құқықтары қолына өтеді.
Құнды қағаз келесідей белгілеріне байланысты жіктеледі.
1. Экономикалық жаратылысына қарай:
- Үлестік, яғни жарғылық капиталға үлес қосқандығын куәландыратын
құнды қағаз.
- Қарыздық, яғни эмитеттің қарыздық міндеттемесін сипаттайтын құнды
қағаз .
- Туынды, яғни белгілі бір тауарларды немесе валюталарды сатып алу,
сатуға құқық беретін екінші ретті құнды қағаздар.
2.Эмитеттеріне байланысты:
- Мемлекет
- Акционерлік қоғам
- Комерциялық банк
- Ұлттық банк
- Инвестициялық қорлар
- Жеке зейнетақы қорлары
- Қор биржалары
- Брокерлік фирмалар
- Сауда ұйымдары
3.Айналыс мерзіміне байланысты:
- Мерзімді
- Мерзімсіз
4.Шығару нысанына (формасына) байланысты:
- Құжатты
- Құжатталмаған
5.Табыс төлеу тәсіліне қарай:
- Дивидентті акция
- Пайыз
- Купондық облигация
6.Айналыс аумағына қарай:
- Аймақтық
- Ұлттық
- Халықаралық
Мемлекеттің құнды қағаздары – мемлекеттік бюджет тапшылығын
қаржыландыру үшін пайдаланылатын мемлекеттік органдар тарапынан шығарылатын
құнды қағаздар. Мемлекеттік құнды қағаздар келесідей түрлерге бөлінеді:
1. Шығару формасына қарай:
- құжатты
- құжатсыз
2.Нарыққа айналуына қарай:
- айналыста болатын – нарықты
- айналыста болмайтын – нарықсыз
3.Иелену тәсілдеріне қарай:
- атаулы
- мәлімдеуші
4.Мерзімдеріне қарай:
- қысқа
- орта
- ұзақ
5.Табыстылығына қарай:
- дисконттық
- купондық
- аралас
6.Эмитенттеріне қарай:
- Үкіметтік
- Ұлттық банктік
- Жергілікті билік органдар
Құнды қағаздарға: облигация, коносамент, акция және заң актілерінде
немесе соларда бекітілген тәртіппен құнды қағаздар қатарына жатқызылған
басқа да құжаттар жатады.
Құнды қағаздар ұсынбалы, ордерлік және атаулы болуы мүмкін.
Атаулы қағазбен куәландырылған құқықтар, онда аталған адамға тиесілі
болады.
Ұсынбалы құнды қағазбен куәландырылған құқықтар құнды қағазды
ұсынушыға тиесілі болады.
Ордерлік құнды қағаздармен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға
тиесілі болады, ал ол бұл құқықтарды көзделген тәртіп бойынша берген
жағдайда басқа құқықты адамға тиесілі болады.
Жоғалған құнды қағаз бойынша және де ордкрлік құнды қағаз бойынша
ұсынушы құқығын қалпына келтіруді, із жүргізу заңдарында көзделген
тәртіппен сот жүргізеді.
Құнды қағаздардың жіктелуі.
1.2. Құнды қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары.
Қазіргі заңдар Республика Конституциясына негізделген. Олар мемлекеттік
және жеке меншікті мойындап, оларды бірдей қорғауға кепіл болады.Сонымен
қатар, заңдар кәсіпшіліктің еркіндігін қамтамасыз етумен қатар бәсекенің
адалдығын қорғайды. Осы негізгі бастамаларды біріктіретін Республиканың
Азаматтық кодексінің (1994 жылы желтоқсанның 27-де қабылданған) жалпы
бөлімінде құнды қағаздар мүліктік игіліктің бір түрі ретінде азаматтық
құқықтық объектісі болып еркін айналымға арналғаны танылған. Азаматтық
кодекстің 3 бөлімінің 2 бабында құнды қағаздардың мазмұны көрсетіліп ,
олардың түрлері анықталып, құнды қағаздарды шығарудың және оларды беруге
берудің негізгі ережелері мен талаптары бекітілген.
Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес мемлекет басшысы заң күші бар
жарлықтар шығарды. Олар Азаматтық кодекспен бірге құнды қағаздар нарығын
дамытудың заңды негіздерін құрайды:
1. 1995 жылдың 21 сәуіріндегі Құнды қағаздар және қор биржасы туралы
№ 2227 Проезиденттің заң күші бар жарлығы. Жарлықтың әрекеті мемлекеттік
емес құнды қағаздардың эмиссиясын тіркеуге қойылатын талаптарға, оларды
орналастыру ережесі мен мезгіліне , акционерлерді тіркеуді жүргізетін
негізгі жағдайларға бағытталған. Атап өтетін басты жағдай, онда Ұлттық
комиссияның статусы анықталған: құнды қағаздар нарығындағы кәсіби істердің
түрі, оны лицензиялаудың жағдайы және құнды қағаздармен жүргізілген
мәселені тіркеу тәртібі бекітілген;сонымен бірге жарлықта қор биржасын құру
және оның қызметін ұйымдастыру туралы ереже орын алған, құнды қағаздар
нарығына кәсіби қатысушылардың құқы бекітілген.
Аталған жарлыққа Президенттің 1995 жылдың 5 желтоқсандағы №2672 және
1995 жылдың 23 желтоқсандағы №2720 жарлықтарымен өзгерістер мен
толықтырулар енгізілді.
2. 1995 жылдың 2 мамырдағы шаруашылық серіктестіктері туралы №2255
Президенттің заң күші бар жарлығы. Жарлықта шаруашылықсубъектілерінің
бизнес құрып және оның дамуы үшін акция және облигация түріндегі құнды
қағаздарды шығарып, акция қаражатын тарту механизмінің құқықтық
мүмкіншілігі бекітілген. Акцияларды тек акционерлік қоғамдар шығарса,
облигацияларды акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктер шығаруына болады.
Аталғана жарлыққа Президенттің 1995 жылдың 31 тамызындағы №2447
жарлығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
3. 1995 жылдың 30 наурызындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
туралы №2155 Президенттің заң күші бар жарлығы. Онда Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі мемлекеттік құнды қағаздар шығаруға құқылы
және ол туралы жауапты( делінген. Аталған жарлыққа Президенттің 1995 жылдың
20 шілдесіндегі №2370, 1995 жылдың 2 тамызындағы №2396, 19955 жылдың 12
желтоқсанындағы №2672, 1996 жылдың 27 қаңтарындағы №2830 жарлықтарымен және
1996 жылдың 3 шілдесіндегі Қазақстан заңымен түзетулер енгізілді.
4. 1995 жылдың 31 тамызындағы Қазақстан Республикасының банктер және
банк ісі туралы №2444 Президенттің заң күші бар жарлығы екінші деңгейдегі
банктерге акция эмиссиялауға құқық берген. Банктік
операцияларға:құқықтықесептеу, құнды қағаздарды сақтау, акциядан басқа
құнды қағаздарды (облигациялар, депозиттік сертификаттар, вексильдер)
эмиссиялау, лицензиясы болған жағдайда құнды қағаздар нарығындағы делдалдық
опнрациялар жатады.
Аталғана жарлыққа Президенттің 1996 жылдың 27 қаңтарындағы №2830
жарлығымен және 1996 жылдың 27қыркүйектегі Қазақстан заңымен өзгерістер
және толықтырулар енгізілді.
5. 1995 жылдың 24 сәуіріндегі Салықтар және басқа бюджетке т өленетін
міндеттемелер туралы №2235 Президенттің заң күші бар жарлығы. Осы
жарлықтың біраз тармақтары құнды қағаздармен жүргізілетін
операциялардансалық төлеу сұрақтарына арналған. Бұл жарлыққа да бірнеше
өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
6. 1995 жылдың 23 желтоқсандағы жеке меншіктендіру туралы №2721
Президенттің заң күші бар жарлығы мемлекет меншігіндегі акционерлік
қоғамдардың акциялары жекемкеншіктендіру объектісі екенін, акциялардың
мемлекеттік думаларын жекемкеншіктендіру жағдайларын және тәртібін
көрсеткен.
7. 1995 жылдың 17 сәуіріндегі Лицензиялау туралы №2200 Президенттің
заң күші бар жарлығы құнды қағаз нарығындағы кәсіби қызметті және қор
биржасының қызметін міндетті түрде лицензиялау керектігі көрсетілген. Бұл
жарлыққа да бірнеше дүркін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
8. 1998 жылдың 10 шілдесіндегі Акционерлікқоғамдар туралы №2811
Қазақстан Республикасыныңзаңы. Осы заң акционерлік қоғамның құқықтық
жағдайын, оны құру, капиталдандыру, қайта құру және тарату тәртібін,
акционерлер мен үшінші тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін, олардың
құқықтары мен мүддлелерін қорғау жағдайларын, қоғамның органдары мен
лауазымды адамдардың өкілеттілігі мен жауапкершілігін айқындайды.
9. Басқа заңдар және нормативті-құқықтық актілер. Оған құнды қағаздарды
шығару және айналымға түсіру мәселелерін, Ұлттық комиссия өкілдігін
реттейтін Президенттің заң күші бар жарлықтары жатады. Мысалы, Валютаны
реттеу туралы қаң бойынша Ұлттық комиссия валюта қатынастарын, соның
ішінде, ішкі нарыққа шетел құнды қағаздарын түсірудің тәртібін реттейтін
орган болып тағайындалады.
Басқа нормативті-құқықтық актілердің ішінде төмендегілерді атап айтуға
болады:
• Құнды қағаздар нарығының кейбір мәселелерін реттейтін ережелері
бекіткен Қазақстан мемлекетінің қаулылары. Мысалы, Ұлттық комисси
туралы ережені бекіту – 1996 жылдың 28 наурызындағы №370 қаулы, Құнды
қағаздар нарығын дамыту бағдарламасын бекіту туралы - 1996 жылдың 15
мамырындағы №608 қаулы, Орталық дипозиттері туралы ережені бекіту,
құнды қағаз ұстаушыларының риестерін енгізу туралы, кастодиалдық әс
туралы - 1996 жылдың 29 шілдесіндегі қаулы. Осы ережелер Ұлттық
Комиссияның құнды қағаздар жөніндегі орталық атқару орган ретінде
өкілеттігін және құрылымын анықтайды, ол үкіметке кірмейді, орталык
депозиттерді құру мен оның жұмысы жөніндегі мәселелерді реттейді;
құнды қағаздар ұстаушылардың және кастодиалдық істің (құнды қағаздар
сақтау және есептеу ітері) жағдайларын анықтайды.
• құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның актілері - құнды қағаздар
нарығы қызметін реттейтін ережелер. Соның ішінде, акциялар мен
облигациялардың мемлекеттік тіркеуін реттейтін, эмиссияларды
(мемлекеттік) орналастырады, брокерлер, диллерлер және тіркеушілерді
лицензиялауды, қор биржасының қызметін реттейтін ережелерді бекіткен
Ұлттық комиссияның қаулылары.
Басқа орталық атқару органдарының құнды қағаздар айналымына байланысты
актілері. Мысалы, мемлекеттік меншікті басқару және жекешелендіру жөніндегі
Мемлекеттік Комитеттің актілері, Қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды
қағаздарды шығару және айналысқа түсіру жөніндегі актілері.
Жоғарыда айтылған құқықтық негіздерге сай қазіргі кезде Қазақстанда
бірсыпыра қор биржалары құрылды, брокерлік және диллерлік кеңселер ашылып,
олар акциялардың мемлекеттік құнды қағаздар түрлеріменмәмлелерге
қатысты.Сонымен қатар, Қазақстандағы акйионерлік қоғамдардың эмиссиясын
мемлекеттік тіркеуден өткізу іске асырылып, көптеген азаматтар құнды
қағаздар нарығ,ында қызмет істеуге мамандандыру куәлігін алады. Алғашқы
тіркеуші компаниялар пайда бола бастады. Құнды қағаздар нарығын дамыту
барысында алғашқы даулар да (оның ішінде сотқа талап қою! Кездесе бастады.
Акцияны тек инвестицияларды қаржыландыру мақсатында шығармайды. Мақсаты
капитал құрылымындағы қарыз үлесін төмендету болып табылатын, яғни құнды
қағаздар акционерлік қоғамдағы құрал болып табылады.
Қорыта айтқанда, қазіргі уақытта құнды қағаздар туралы шыққан заңдар
жетілген және құнды қағаздар нарығының құқықтық негіздерін қалыптастыру
процесі аяқталды деуге болмайды. Нарықтық инфрақұрылым да қалыптасу
жолында. Дегенмен бүгігі күні айтылған заңдарды пайдаланудың нәтижесінде
республикадағы құнды қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз етудің
жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік бар.
2. КОРПОРАТИВТІК ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР
2.1.Корпоративтік құнды қағаздар түсінігі.
Корпоративті құнды қағаздар дегеніміз – акционерлік қоғамдардың соның
ішінде компаниялардың, фирмалардың,банктердің, жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің айналысқа шығарған құнды қағаздарды білдіреді.
Корпоративті құнды қағаздар мынандай түрлерге бөлінеді : қарыздық,үлестік
және туынды құнды қағаздар.
Қарыздық құнды қағаздар – несиелік қатынастарды негіздейді. Егер ақша
құралдары белгілі мерзімге қолданылуға берілсе, оны басында белгіленген
процентпен қайтарады. Корпоративті құнды қағаздардың бұл түріне
облигациялар, вексильдер, депозиттер, банктік қор сертификаттары жатады.
Үлестік құнды қағазды иемденгеннен кейін оның иесі үлестік жеке меншік
иесі болады. Бұл құнды қағаз акция ұстаушының Акциядағы жеке меншік үлесін
құқықтық түрде негіздейді.
Акциялар мен облигациялардан тұратын инвестиция портфелін толықтыратын
туынды құнды қағаздар: окциондар, варранттар, фьюгерлік келісімдер. Туынды
құнды қағаздар мемлекеттің бғалы қағаздар нарығына қызмет етеді.
Корпоративтік құнды қағаздар мына жағдайда шығарылады:
• АҚ мекемелері және акцияларды құрылтайшылар арасында орналастыру;
• Қоғамның жарғылық капитал мөлшерінен көтерілуі;
• Қарыздық капиталды облигация шығыару жолымен тарту;
Дұрыс жұмыс істеп тұрған қор нарығы, екі негізгі нарықтан тұрады:
корпоративтік құнды қағаздар нарығы (мекемелер мен банктердің акциялары)
және мемлекеттік құнды қағаздар нарығы.
а) Вексельдер
Өндірістегі жұмыстың айналымдылы, яғни өнімді өндіру, оны сату және
басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде көбіне қаржы қорының жетіспеуі
сияқты жағдайларға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы
жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге
сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі – вексиль
пайда болады.
Вексиль – қарызды өтеуге заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол
құнды қағаз. Вексильді борышкер яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда
тауар сатушыға, яғни вексильді иемденишіге береді. Вексильдің мәні –
несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде
өтеу үшін тауар сатып алушының (вексиль берушінің) сатушыға (вексиль
иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Вексиль шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие – қаржы
қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып табылады. Себебі,
вексильдің мәні – тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен қатар,
саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем
міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы – ресурстардың айналымын жеделдету.
Сондықтан вексиль иемденуші төлемнің түсімін күтпей-ақ вексиль сатып
алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны
іздестіреді. Әлбетте, вексильді банк сатып алады.
Вексиль – тауар-ақша қатынастарын және комерциялық несиені дамытуда
ертеден келе жатқан ең бір басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған
елдердің ақша айналымында вексиль елеулі орын алады. Қазіргі кезде
электронды несие жүйесінің кез-келген операцияны бар болғаны 1 сағаттың
ішінде орындайтын мүмкіндігі бар (мысалы: Германияда вексиль ақша
айналымының 20-25 %).
Егер кәсіпорын өз иесін парасаттылықпен жүргізіп отырса, оған айналым
қаржысының уақытша жетіспестігін вексильмен толтыру онша қиын емес. Ол үшін
саудадағы сенімді серігіне тауарды вексильге айырбастап берсе тауар-ақша
айналымын жеделдетеді. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың
қалыптасу кезінде төлем құралдарының жетіспеушілігі, өндірістің құлдырауы,
шаруашылық байланыстарының үзіліп және үлкен мөлшерде өтелмеген төлемдер
жиналу жағдайында қолма-қол ақшасыз есеп ретінде вексильге деген ынта аса
түсуде. Сондықтан вексиль шаруашылық өмірге кең көлемде енуде. Қазірдің
өзінде вексиль айналымын реттейтін бірсыпыра ереже-құжаттар пайда болды.
Вексиль төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін
жеделдетіп, кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және
халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді. Вексиль айналымы экономикалық
қатынастардың сан-алуан жүйесін қамти алады.
Вексиль нарығының қызметі – қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша
қаражатын бөлу. Вексиль айналымының негізі – серіктердің бірін-бірі еркін
таңдаумен және бірін-бірі бақылауымен жасалатын несиелік келісім.Вексильді
шығару және оны айналымға түсіруге келісімнің мәні және оның маңызы зор.
Вексиль несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексиль
берушіге шамалы болса да, сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады.
Егер вексиль беруші тауардың сапасын,құнын, уақытында жіберілуін және
басқа да жағдайларын бақыласа, ол вексиль иемденуші серіктестің тек вексиль
алған уақытындағы төлем қабілеттілігін ғана емес, сонымен қатар, ол өте
маңызды , оның төлем уақыты жеткенге дейінгі болашақтағы қаржы
мүмкіншілігін де бақылайды. Вексиль келісіміне қатысушылардың бірін-бірі
бақылауы және сонымен бірге біріне-бірі сенуі, олардың қабылданған
міндеттемені нақты орындауға ұмтылу, нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға
жол ашады.
Басқа қарыз міндеттемелерін вексиль үш түрлі айырмашылығы бар:
➢ Біріншіден, вексильдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайда, не
мақсатқа алғандығы көрсетіліді;
➢ Екіншіден, оның даусыздығы, яғни қарызды қандай жағдайда алғандығына
қарамыстан міндетті түрде өтеу керек;
➢ Үшіншіден, вексильдің айырмашылығы, яғни вексиль иемденуші оны басқа
адамдарға беруіне болады. Бұл ерекшелігі вексильді айналыс қаржысы
ретінде қолма-қол ақшаның орнына пайдалануға мүмкіндік береді. Сол
себепті вексильді сауда ақшасы деп те атайды.
Қолдану өрісіне қарай вексиль жай және аудармалы вексиль, немесе тратта
болып екіге бөлінеді. Жай вексильді төлеуші, яғни вексиль беруші жазады.
Онда вексильді жазған жер, берген уақыт, қандай сомаға толтырылды, қай
уақытта және қай жерде өтеу керектігі көрсетіліп, вексиль иемденушіге
береді. Сонымен бірге, вексиль берушінің аты жөні жазылып, қолы қойылады.
Жай вексильдің айналысы
1. Вексельді сатып алушы сатушыға береді (векскель беруші – вексиль
иеленушіге);
2. Сатушы тауарды тиеп кояды, немесе тапсырыс бойынша қызмет көрсетеді
(векскль берушіге);
3. Сатушы белгіленген уақытта вексель бойынша төлем өтеуді ұсынады;
4. Сатып алушы көрсетілген қызметке алынған тауарға ақы төлейді.
Жай вексельді пайдаланғанда тек екі жақ өзара әрекет жасайды, яғни
вексель беруші өзі делдалды қатыстырмай-ақ белгіленген уақытта вексель
иемденушіге қарызын өтейді. Егер аудармалы вексель пайдаланылса, онда
вексель айналысында бірнеше заңды немесе жеке тұлғалар қатысады - әдетте
үш, төрт және одан да көп контрагенттер қатысуы мүмкін.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz