Топырақтың жалпы зоогигиеналық маңызы



1. Топырақтың жалпы зоогигиеналық маңызы
2. Топырақтың механикалық құрамы және оның құрылысы
3.Топырақтың физикалық қасиеттері
4. Топырақтың химиялық құрамы
5. Топырақтың биологиялық қасиеттері
6. Топырақтың ластану көздері
7. Топырақты санитариялық тұрғыдан бағалау
8. Топырақты ветеринариялық.санитариялық тұрғыдан қорғау шаралары
1. Топырақтың жалпы зоогигиеналық маңызы
Топырақ дегеніміз — жер қыртысының құнарлы беткі қабаты. Ол геологиялық факторлардың, физико-химиялық және биологиялық процестердің әсерлері нәтижесінде пайда болған. Топырақтың пайда болу процесі өте күрделі әрі ұзақ мерзімде өтеді. Мысалы, 2 см топырақ пайда болу үшін 300-1000 жыл керек.Топырақта күрделі химиялық және биологаялық өзгерістер, ең бастысы жануар және өсімдік тектес органикалық заттардың ыдырау процестері жүріп жатады.
Сонымен бірге топырақ — түрлі өсімдіктер, жануарлар қалдықтары мен шаруашылықтық-тұрмыстық қалдықтарды қабылдаушы және сіңіруші, сондай-ақ ол көптеген микрофлоралар мен микрофауналар резервуары. Топырақта түрлі жаңа қосылыстар құралып, өсімдік тамырын жаяды, ал терең қабаттарында жер асты суы болады. Топырақ батпақтанса немесе топырақ суы көп тұрып қалса мал қоралары сыз тартады.
Топырақ сол жердің климатына, ал оның микробедері мен ерекшеліктері мал қораларының микроклиматына, өсімдіктің жетілуіне үлкен әсер етеді. Топырақ сипаты мал қораларын жоспарлау барысында, оларды салу кезінде қоныс аумағын қолайлы пайдалану үшін ескерілуге тиіс.
Мал мамандарын бәрінен де бұрын топырақтың беткі жыртылатын әрі құнарлы қабаты қызықтырады. Топырақтың негізгі құнарлы көрсеткіші қара шірік (қорда) немесе гумус болып табылады. Гумус жеткілікті болғанда өсімдік жақсы өсіп, мол өнім береді. Алайда, кейінгі 40-50 жылдарда (тың жерлерді игеруден бастап) жерді жүйесіз пайдалану гумустың азаюына себеп болып отыр. Оның азаюы ауышаруашылық дақылдардың өнімділігін төмендетеді. Гумустық заттар топырақ микроорганизмдері үшін энергетикалық материал болып та саналады. Сонымен қатар гумустық заттар топырақтың физико-механикалық қасиеттеріне әрі олар арқылы оның су-ауалық және жылулық режимдеріне, биологиялық және сіңірушілік белсенділігіне оң әсер етеді. Жыртылатын қабаттың қалыңдығы орта есеппен 0,25 м. Ол өсімдік егілерде өңделеді. Дәл осы қабаттан топырақты ластаушылар атмосфералық ауаға, өсімдікке түседі, жер бетіндегі су көздеріне тарап, жер аста суына сүзіледі. Топырақтың бұл қабаты органикалық қалдықтардан, патогенді микроорганизмдерден, энзогенді химиялық заттардан өздігінен қарқынды тазарады.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
1. Топырақтың жалпы зоогигиеналық маңызы
2. Топырақтың механикалық құрамы және оның құрылысы
3.Топырақтың физикалық қасиеттері
4. Топырақтың химиялық құрамы
5. Топырақтың биологиялық қасиеттері
6. Топырақтың ластану көздері
7. Топырақты санитариялық тұрғыдан бағалау
8. Топырақты ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қорғау шаралары

1. Топырақтың жалпы зоогигиеналық маңызы
Топырақ дегеніміз — жер қыртысының құнарлы беткі қабаты. Ол геологиялық
факторлардың, физико-химиялық және биологиялық процестердің әсерлері
нәтижесінде пайда болған. Топырақтың пайда болу процесі өте күрделі әрі
ұзақ мерзімде өтеді. Мысалы, 2 см топырақ пайда болу үшін 300-1000 жыл
керек.Топырақта күрделі химиялық және биологаялық өзгерістер, ең бастысы
жануар және өсімдік тектес органикалық заттардың ыдырау процестері жүріп
жатады.
Сонымен бірге топырақ — түрлі өсімдіктер, жануарлар қалдықтары мен
шаруашылықтық-тұрмыстық қалдықтарды қабылдаушы және сіңіруші, сондай-ақ ол
көптеген микрофлоралар мен микрофауналар резервуары. Топырақта түрлі жаңа
қосылыстар құралып, өсімдік тамырын жаяды, ал терең қабаттарында жер асты
суы болады. Топырақ батпақтанса немесе топырақ суы көп тұрып қалса мал
қоралары сыз тартады.
Топырақ сол жердің климатына, ал оның микробедері мен ерекшеліктері мал
қораларының микроклиматына, өсімдіктің жетілуіне үлкен әсер етеді. Топырақ
сипаты мал қораларын жоспарлау барысында, оларды салу кезінде қоныс аумағын
қолайлы пайдалану үшін ескерілуге тиіс.
Мал мамандарын бәрінен де бұрын топырақтың беткі жыртылатын әрі құнарлы
қабаты қызықтырады. Топырақтың негізгі құнарлы көрсеткіші қара шірік
(қорда) немесе гумус болып табылады. Гумус жеткілікті болғанда өсімдік
жақсы өсіп, мол өнім береді. Алайда, кейінгі 40-50 жылдарда (тың жерлерді
игеруден бастап) жерді жүйесіз пайдалану гумустың азаюына себеп болып отыр.
Оның азаюы ауышаруашылық дақылдардың өнімділігін төмендетеді. Гумустық
заттар топырақ микроорганизмдері үшін энергетикалық материал болып та
саналады. Сонымен қатар гумустық заттар топырақтың физико-механикалық
қасиеттеріне әрі олар арқылы оның су-ауалық және жылулық режимдеріне,
биологиялық және сіңірушілік белсенділігіне оң әсер етеді. Жыртылатын
қабаттың қалыңдығы орта есеппен 0,25 м. Ол өсімдік егілерде өңделеді. Дәл
осы қабаттан топырақты ластаушылар атмосфералық ауаға, өсімдікке түседі,
жер бетіндегі су көздеріне тарап, жер аста суына сүзіледі. Топырақтың бұл
қабаты органикалық қалдықтардан, патогенді микроорганизмдерден, энзогенді
химиялық заттардан өздігінен қарқынды тазарады.

Топырақтың үстіңгі қабатынан басқа оның жер асты суына жақын қабаты да
назардан тыс қалмау керек. Өйткені, онда органикалық қосылыстар, ағын сулар
зарарсызданады, ыза суы мен топырақ ауасының сапасы қалыптасады.
Канализация және су жүйелері де, тұрғын үйлер мен мал қораларының іргетасы
да осы қабатқа салынады. Топырақ типіне және оның химиялық құрамына өсімдік
сипаты, жем-шөп пен ауыз судың химиялық құрамы байланысты болады.
Топырақтағы барлық қоректік заттар (макро және микроэлементтер)
микробтардың көмегімен өсімдіктер оңай пайдалана алатын түрге айналады.
Топырақта немесе оның қара қабатында химиялық элементтердің бірі болмаса су
және өсімдік арқылы малдың денсаулығы мен өнімділігіне әсер етеді. Мысалы,
топырақ мал өсіретін кәсіпорындардың қоқыстарымен, ауыл шаруашылығы
дақылдарының зиянкестерімен күресу үшін қолданылатын улы химикаттармен
ластанған жағдайда жем-шөптік заттардың органолептикалық қасиетіне кері
әсер етеді, әрі мал денсаулығына өте зиянын тигізеді. Сонымен қатар
химиялық заттарды ауылшаруашылығында кең қолдану топырақтың табиғи
қасиеттерінің біршама өзгеруіне де әсер етеді. Дегенмен, пестицидтер мен
тыңайтқыштарды пайдалану жер бетін ластаудың тек бір ғана көзі емес. Ең
қауіптісі атмосфералық ауадан-радиоактивті аэрозолдардың топыраққа қонуы.
Бұл жағдайда адам денсаулығына да зиян. Өйткені, азықтық тізбек арқылы
радиоактивтік заттар адамдарға беріліп әсер етеді. Гүл тканьдеріне
радиоактивті заттарды жинақтаған жеміс, көкөністерді тамаққа пайдалану және
де радиоактивтік заттармен ластанған жем-шөппен азықтанған мал еті және
т.б. өнімдері пайдалану кезінде ауру тудыруы ықтимал.
Ластанған топырақ шыбын-шіркейдің де жаппай өсіп өнетін орнына
айналады, ал патогенді микробтардың одан ашық су көздеріне түсіп, жер асты
суына өтуі мүмкін. Сөйтіп, оларды ластайды. Індетті және инвазиялық
аурулардың бірден-бір тарау себебі де осындай ластанған топырақ болып
саналады. Әсіресе, топырақта спора түзіп ұзақ өмір сүретін және малда
іңдетті ауру тудыратын микробтар өте қауіпті (топалаң, сіреспе, эмкар және
т.б.).
Сондықтан топырақтың санитариялық жағдайын жақсарту және ол арқылы
тарайтын індеттердің алдын алу мақсатында оны үнемі зерттеудің және
бағалаудың маңызы өте зор (1-сурет).

2. Топырақтың механикалық құрамы және оның құрылысы
Топырақтың механикалық құрамы оның сулы-физикалық, физикалық-
механикалық, ауалық және жылулық қасиетіне, қышқылдану - қалпына келу
жағдайына, сіңірулік қасиетіне, топырақта гумус, азоттың жиналуына әсер
етеді.
Механикалық құрамына байланысты топырақта оны өңдеудің, егістік
жұмыстардың жүргізілуіне, тыңайтқыш шашу мөлшеріне және ауылшаруашылық
өнімдерін себу жағдайлары өзгереді: Егер құмды және құмдақ топырақтар
жылдам өңделгенмен, оларда гумуспен пен ылғал аз болады және олар жел
эррозиясына төзімсіз келеді.
Топырақ бөлшектерінің көлденеңі 1 мм-ден артық болса, онда оларды
топырақтың қаңқасы (скелеті) деп атайды, ал 1 мм-ден кем болса, ол
бөлшектерді топырақтың ұлпасы (мелкозем) деп атайды. Топырақтың қаңқасына
жататын механикалық бөлшектер - тастар (көлденеңі 10 мм-ден ірі), ірі
қиыршық (5—10 мм), орташа қиыршық (3—5 мм) және ұсақ қиыршық (1—3 мм).
Топырақтың ұлпасына кіретін бөлшектер ірі құм (0,5 мм), орташа құм
(0,25—0,5 мм), майда құм (0,05— 0,25), ірі шаң (0,001-0,005 мм), тозаң
(0,001-0,0001 мм) және коллоидтар (0,0001 мм-ден аз бөлшектер).
Гигиеналық тұрғыдан топырақ тасты, қиыршықты тастақты, құмдақ (80
пайызға астамы құм, 10 пайыз дейін сазы бар), құмдауыт (құмы 70 пайыздан
астам, сазы 30 пайыз аз), ұсақ сазды (10-80 пайыз саз, қалғаны құм),
саздақ, сазды, борлы, әкті (20 пайыздан астам әк), қара топырақ (20
пайыздан астамы гумус) және қара шірік (торф) болып бөлінеді.
Механикалық бөлшектердің көлеміне қарай топырақтың бес түрін ажыратады:
қиыршықты тастақты (3-1 мм), құмдақты (1-0,05мм), ірі шанды (0,05-0,1 мм),
шанды (0,01-0,001 мм) және қайырлы (0,001 мм) топырақ. Ал механикалық
құрамы бойынша топырақ құмдақ, құмдауыт, саздау, сазды деп бөлінеді.
Аталмыш құрылымы топырақтың табиғи құрылу процесінің және жерді пайдалану
әсерінен пайда болады. Органикалық заттардың кейбір ыдырау өнімдері
(мысалы, гумин және ульмин қышқылдары) кальциймен қосылыс түзіп, майда
топырақ бөлшектері бір-бірімен жабысып, бірігіп ірі бөлшектер құрайды.
Сондықтан топырақ құрылысы саңлаулы-түйіршікті, үйінділі, діңгекті,
қатпарлы түрде болуы мүмкін. Топырақ құрылымының айырмашылығы оның сулы-
физикалық және биологиялық режимдерін анықтайды.

3.Топырақтың физикалық қасиеттері
Гигиеналық тұрғыдан топырақтың мынандай көрсеткіштерінің маңызы
айтарлықтай: топырақтың саңылаулығы, су өткізгіштігі, капиллярлылығы, ылғал
тартқыштығы, ауа өткізгіштігі және жылулық қасиеттері.
Топырақтың саңылаулығы. Адамның жерді өңдеуінің нәтижесінде, топырақ
құрғақ та, ылғалды да құнарлы не құнарсыз да болуы мүмкін. Бірақ, қандай
жағдайда да тегі әр түрлі минералды және органикалық бөлшектерден тұрады.
Қабат-қабат болып жатқан бөлшектердің аралығында ауа, су және көптеген
организмдер толы саңылаулар болады. Осы бөлшектердің үлкен-кішілігіне қарай
ірі және ұсақ түйірлі топырақ деп бөлінеді. Ұсақ түйірлі топырақтар
саңылаулығы ірі түйірлі топыраққа қарағанда жоғары болады. Егер ұсақ
түйірлі топырақ саңылаулығы 85 пайызға жетсе, ірі түйірлі топырақ
саңылаулығы 30 пайыздан кем.
Саңылаулықтың санитариялық мәні зор. Мәселен, жекелеген саңылау көлемі
мен топырақ бөлшектерінің көлемі үлкен болған сайын ауа және су жақсы
өтеді. Дәлірек айтқанда, ірі түйірлі құмдақ топырақтың су өткізгіштігі ұсақ
түйірлі сазды топыраққа қарағанда көп есе артық. Ірі түйірлі топырақтан
белгілі бір уақыт өлшемінде ұсақ түйірлі топыраққа қарағанда ауа көптеген
есе көп өтеді.
Топырақ саңылауы 60-65 пайыз болса онда биологиялық және химиялық
ластанудан өздігінен тазару процестері үшін қолайлы жағдай туады.
Топырақтың су өткізгіштігі. Топырақтың бетіне түскен суды өткізіп
сіңіруі (тартуы-сүзуі) осылай деп аталады. Суды тарту (сүзу) бос
саңылаулардың бірінен кейін бірі сумен толуын, су өткізгіштіктің бірінші
кезеңі дейміз. Ылғал өте көп болған кезде оны сүзу топырақ толық шылқығанша
созылады. Ірі түйірлі топырақтың сүзу қабілеті мол келеді. Ұсақ түйірлі
топырақ суды нашар өткізеді. Сазды және қара шірікті (торфты) топырақ суды
оңай ұстайды (бөгейді). Мұндай топырақтар батпақты, ылғалы көп және суық
болады. Олар жарамсыз топырақ болып есептеледі.
Топырақтың өткізгіштігі судың қысымының ұлғайған кезінде және
топырақтың сүзгіштік қабатының қалыңдығы жұқа болса жеңілдей түседі. Беткі
қабатын қопсытса оның су өткізгіштігі едәуір артса, керісінше топырақты
таптау су өткізгіштігін кемітеді.
Топырақтың су өткізгіштік қасиетіне байланысты судың жарамсыздық немесе
тазалап ауыз су ретінде қолдану мүмкіндігі анықталады. Судың кейбір бөлігі
сол өткізетін топырақтың ішінде ұсталып қалады. Судың кез-келген мөлшерін
саңылауларына орналастырып ұстау қабілеті топырақтың ылғал (су) сыйымдылығы
деп аталады. Саңылау кенділігі қаншалықты аз және олардың жалпы көлемі
соншалықты үлкен болса, топырақтың су сіңіру қабілеті де, соншалықты жоғары
болады.
Міне, топырак қаншалықты ұсақ түйірлі болса, оның сыйымдылығының да
соншалықты үлкен болатыны сондықтан. Мысалы, құмның 100 бөлігі салмағының
25 бөлігіндей суды, ал сазды құмдық-40, таза саз-70 бөлігін біріктіре
алады.
Топырақ су сыйымдылығының жоғары болуы оның ауа және су өткізгіштігін
кемітеді, қора - жайдың сыз тартуына әкеп соқтырады топырақтың жылу
өткізгіштігін арттырып, органикалық заттардың ыдырауына кедергі келтіреді.
Мұндай топырақ жарамсыз, сыз және суық топыраққа жатады.
Топырақтың капиллярлық қасиеті деп — топырақтың суды төменгі қабатынан
(горизонтынан) үстіңгі қабатына көтеру қабілетін айтамыз. Топырақ ұсақ
түйірлі әрі саңылауы да анағұрлым кішкене болса капиллярлығы үлкен келеді.
Себебі, онымен су өте биікке көтеріледі. Ірі түйірлі топырақ суды тез
көтергенімен, айтарлықтай биікке шығара алмайды. Тастақты топырақтың
саңылауы аса үлкен келеді. Оның капиллярлығы нольге тең. Өте ұсақ түйірлі
топырақ-қара шіріктің (торфтың) капиллярлығы бәрінен де үлкен. Ол суды 4-6
м биіктікке дейін, өте ұсақ құмды топырақ — 2, саз — 1,2, құм — 0,3-0,5 м
биіктікке көтереді.
Топырақ тым капиллярлы болса қораның (ғимараттың) сыз тартуына себепкер
болуы мүмкін. Ұсақ түйірлі топырақты жерлерде үйдің іргетасы топырақ суы
(жер асты суы) жататын деңгейден биік етіп қаланады.
Топырақ саңылауларында сонымен бірге су буы да болады. Мәселен, топырак
ауасының ылғалдылығы 70 пайыздан кем болатын кезі өте сирек. Ал 2 метр және
одан да терең тұсында бу мүлде көп болады да салыстырмалы ылғалдылық 100
пайыздан кем түспейді. Осы капиллярлықтың арқасында топырақтың үстіңгі
қабаты ылғалмен, қоректік заттармен жақсы қамтамасыз етіледі. Топырақтың
капиллярлығы жоғарылаған сайын су да жылдам көтеріледі және топырақтағы
тотығу процесі де қарқынды өтеді.
Топырақтың ылғал тартқыштық қасиеті. Топырақ түйірлерінің беткейі
ауадағы су буын, яғни ылғалдылығьш тартатын әрі топырақ саңылауларында
кептіретін қабілеті бар үлкен жазықтықты құрайды. Топырақ қаншалықты ұсақ
түйірлі болса, оның ылғал тартқыштығы соншалықты жоғары болады. Сондай-ақ,
топырақта шірінді және коллоидты заттар көп болса да және ауаның
атмосфералық ылғалдылығы жоғары болса да өседі. Органикалық заттармен
ластанған сазды топырақтың да ылғал тартқыштықтары жоғары келеді.
Топырақтың коллоидты заттары суды өзіне ең көп сіңіреді. Фермалардың
ластанбаған территориялары мен шаруашылықтардың жайылымдық учаскелерінің
ірі түйірлі топырақтарының ылғал тартқыштығы өте аз.
Топырақтың булану қабілеті қаншалықты нашар болса, оның құрамындағы
ылғал да соншалықты көп ұсталады. Сөйтіп, ол анағұрлым сызды болады.
Мысалы, ұсақ түйірлі өсімдік аз шығатын, күн сәулесі нашарлау түсетін сүр
(боз) топырақта ірі түйірлі топыраққа қарағанда ылғал тартқыш қабілетін
арттыратын еріген тұздар болса, ауа ылғалды келсе, жауын-шашын және қар суы
топырақты шайып жатса топырақ бетінде ылғалдың булану деңгейі төмендейді.
Топырақтың ауа өткізгіштігі деп — топырақтың өз бойынан ауа өткізу
қабілетін айтады. Ауа топырақтың су болмаған саңылауында, ал сіңірілген
күйінде топырақ бөлшектерінің құрамында болады. Сонымен, жер асты суында
ауа еріген күйінде болатыны белгілі. Құрамы жағынан топырақ ауасы
атмосфералық ауадан біраз айырмашылығы бар: мысалы топыраққа тереңдеген
сайын оттегі мөлшері азаяды, органикалық заттарды тотықтыруға көп
жұмсалады, ал көмір қышқылы құрамы керісінше көбейеді.
Органикалық заттарға бай топырақтарда оттегі мөлшері 10 пайызға дейін,
тіпті одан да азаяды да, көмір қышқылы құрамы 15 пайызға дейін және одан да
артық көбейеді. Ластанған топырақтарда газ тәрізді қоспалар (СН4, Н28,
N11,), сондай-ақ ивдол, скатол, май қышқылдрры т.б. болуы мүмкін.
Топырақтың ауа өткізгіштігі барометрлік қысымның өсуіне байланысты
артып, топырақтың үстіңгі қабатының қалыңдығы және ылғалдылығы ұлғайған
сайын кемиді. Саңылауларды толтыратын су олардан ауаны сығып шығарады да,
ауаның топыраққа енуіне кедергі жасайды. Топырақ ауасының құрамыңда шаң да,
микроорганизмдер де болмайды. Олар ауа топырақта сүзілген кезде ұсталып
қалады да, топырақ бөлшектері ыдыратып жібереді.
Топырақтың ауа өткізгіштігінің және оның оттегімен баюының топырақта
өтетін тотығу және оны адам мен жануарлар енгізетін органикалық лас
затгардан босату тәрізді биохимиялық процестерге байланысты гигиеналық
маңызы зор. Тағы топырақ түйірлі ірі және құрғақ болуға тиіс.
Өйткені, ылғал және ұсақ түйірлі топырақ өте нашар желдетіледі.
Сондықтан да онда өздігінен тазару процесі айтарлықтай жүрмейді.
Топырақтың жылулық қасиеттері. Топырақ негізінде күннен қызады. Бұл
процесс топырақтың жылу сыйымдылығына, жылу өткізгіштігіне және радиациялау
қабілетіне көп байланысты болады.
Сыртқы ауа температурасынан топырақ температурасының едәуір
айырмашылығы бар. Тәулік және жыл бойында онша көп ауытқымайды және топырақ
терендеген сайын бірте-бірте азая береді. Тереңдеген сайын топырақтың
тәуліктік және жылдық ең жоғары температурасы ауа температурасынан едәуір
төмен. Қыстыкүні топырақ температурасы ауа температурасынан жоғары, ал
жаздыкүні керісінше салқын болады.
Топырақтың жылу өткізгіштігі нашар болады. Әсіресе, борпылдақ, ұсақ
түйірлі, ылғалды шірінді заттары (гумус) көп, ақ шағыл, шөп өспейтін түсті
топырақтар аз қызады. Ірі түйірлі, құрғақ, қоңыр түсті және шөп жақсы
өсетін топырақтар, сондай-ақ тасты, тығыз топырақ нағыз жылу аккумуляторы
болып табылатын таулы жер топырақтары жылуды тым-тәуір өткізеді. Борпылдақ
топыраққа қарағанда тығыз топырақта жылу тереңге енеді. Топырақ
саңылауларын толтыратын су сол саңылауларды толықтыратын ауаға қарағанда
жылуды 21-26 есе көп өткізеді екен. Жылуды ылғал топырақтың оңай да терең
өткізетіні сондықтан.
Топырақ температурасының өте үлкен гигаеналық маңызы бар. Ол жергілікті
жердің климатына, ал жергілікті климат-микроклиматқа әсер етеді. Топырақ
температурасы ерекшеліктерінің өсімдік тіршілігі үшін маңызы зор. Олардың
тамырлары қыстыгүні топырақтың жылы қабатында жатады да, суықтан сақталады.
Ол, яғни топырақ температурасы сол топырақтың өзінде жүрілетін физико-
химиялық және биологиялық процестеріне де әсер етеді.
Жануарлар, әсіресе олардың төлдері мен әлсіздерінің денсаулығы үшін
күннің суығы, яғни үсік айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол ауаның суық массасы
келіп, жиналып тұрып қалатын ойпат жерлерде жиі байқалады. Суық, қатып
қалған жем-шөптің қаупі де ешнәрседен кем емес. Ол да жануарлардың ішін
кептіреді, іш тастатады, тағы басқа жағдайларға ұрындырады. Топырақтың
қатқақ болып келетін беті, әсіресе жер асты суының деңгейі өте жоғары
болған жағдайда құрылыстың іргетасын бүлдіріп ғимаратқа зиян тигізеді.
Сондай-ақ топырақ температурасына қарап суы қатып қалмас үшін канализация
мен су құбырларын салу терендігі анықталады.
4. Топырақтың химиялық құрамы
Топырақ минералды және органо-минералдық заттардан тұрады. Минералдық
заттардың көзі — жер қабатының қатты қабығын (литосфера) құрайтын таулы
породалар. Минералдық бөлік топырақтың 80-90 пайызын құрайды, ал
органикалық заттар топырақта 10 пайыздан кем болады. Топырақтың органикалық
бөлігі (гумус) өсімдік пен жануарлар тектес заттардың ыдырауынан және осы
процесс кезінде жүретін реакциялар арқасында пайда болатын заттардың
өнімдерінен тұрады. Топырақтың құрамында барлық белгілі химиялық элементтер
анықталған. Топырақта литосфераға қарағанда оттегі, сутегі, кремний көп
болады, ал алюминий, кальций, магний, калий аз кездеседі. Литосферамен
салыстырғанда топырақта көмірсутегі 20 есе, ал азот 10 есе артық. Топырақта
бұл элементтердің көп жиналуы тірі организмдердің тіршілік етуіне
байланысты (бір тіршілік иесіне 18 пайыз көміртегі және 0,3 пайыз азот
келеді).
Топырақтың минералдық бөлігінің химиялық құрамы оның шығу тегіне
байланысты анықталады. Егер батпақты топырақтың құрамында алюминий
қосылыстары (А12О3) көп болса, құмды топырақта кальций қосылыстары (СаО)
көп кездеседі. Карбонатты топырақта басқа топырақ түрлеріне қарағанда
магний және кальций тотықтары көп кездеседі.
Топырақтың химиялық қосылыстарының ішінде үлесі жағынан ең көбін
кремний тотығы, содан кейінгі орындарды — алюминий, темір, калий, натрий
тотықтары иеленеді. Карбонатты топырақтарда бәрінен де кальций мен магний
тотықтары, ал сор топырақтарда — хлорлы калий және хлорлы натрий тотықтары
көп болады. Топырақта өте аз кездесетін микроэлементтер: кобальт, мыс,
марганец, бор, йод, фтор, бром, никель, стронций, селен, молибден, мырыш,
литий, барий т.б. неорганикалық қосылыстардың көзі тек топырақ пайда
болатын породамен шектелмей, сонымен бірге микроорганизмдер әсерімен
ыдырайтын өсімдік және жануарлар тектес органикалық қалдықтар болып
табылады.
Химиялық қосылыстардың көп мөлшері оның топырақтағы беткі қабаттарынан
ашық су көздеріне шайылып кетеді, немесе әуелі ыза суына түседі де,
шаруашылық ауыз суының сапалық құрамына әсер ете отырып, топырақтың терең
қабатына көшеді. Өсімдік текті жем-шөптегі химиялық заттардың сапалық
құрамы мен мөлшері, көбінесе өсімдік, шөп өскен топырақтың типіне, химиялық
құрамына байланысты. Макро- және микроэлементтердің топырақта
жетіспеушілігі немесе артықтығы азық арқылы мал денсаулығы мен өнімділігіне
үлкен әсер етуі мүмкін.
Топырақта макро- және микроэлементгердің биологиялық айналымы басталады
және аяқталады.
Топырақта, суда, азықта микроэлементтер аз немесе өте көп болса мал
организмінде зат алмасу процесі бұзылып түрлі аурулар дамуы ықтимал. Мүндай
ауруларды биогеохимиялық эндемиялар деп атайды. Мысалы, эндемиялық зоб
йодтың немесе біруақытта йод және кобальттың жетіспеуінен; кариес (тіс
эмалінің бұзылуы) — фтордың жетіспеуінен, ал эндемиялық флюороз (эмальдың
жолақтануы) — фтордың көп болуынан дамиды; сүйек-буын жүйелерінің
эндемиялық аурулары (остеомаляция, остеопороз) — кальций немесе фосфордың
жетіспеуі немесе көп болуынан; "марганецтік рахит" — рационда марганец өте
көп болғанда немесе жеткіліксіздігінен дамиды; анемия — мыс және кобальттың
жетіспеуінен; қозылардың энзоотиялық атаксиясы — мыс жетіспеуінен немесе
оның антагонистерінің — молибден және сульфаттардың көп болуынан;
паракератоз — цинк жетіспеуінен дамиды. Мал арасында аталған аурулармен
қатар олардың арасында қысыр қалуы жиілеп, өнімділігінің азаюы кеңінен
байқалады.
Биогеохимиялық эндемия — бұл осы аудандарда негізінде
микроэлементтердің жетіспеуінен жаппай өсімдік, мал және адам
организмдерінде зат алмасу процесінің бұзылуы. Биогеохимиялық жағдайды
анықтағанда топыраққа биогеоциноз өнімі ретінде аса көңіл аудару керек.
Біздің елімізде бірнеше биогеохимиялық аудандар (региондар) анықталған.
Регион - бұл топырақта, ауада, суда кездесетін бір немесе бірнеше макро-
және микроэлементтердің концентрациясының басқа көрші территориялардан
айырмашылығы бар территория. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында
кобальттың, мыстың және йодтың топырақта жетіспейтін, ал мырыш, бор және
никельдің көптігі байқалатын биогенді аудандардың барлығы дәлелденген.
Қазақстанның солтүстік аудандарында көбінесе, кобальт пен селеннің
тапшылығы байқалады. Ал оңтүстік аудандарда мал азығы құрамында молибденнің
молдығымен қатар мыстың аздығы кездеседі.
Топырақтың тегінің (породасының) макро- және микроэлемент құрамы мен
биохимиясы арасында тығыз байланыс бар, бірақ кейде топырақ түзілу процесі
кезінде бірнеше элементтер топырақ ертінділерімен басқа жерге көшуі
себебінен әртүрлі геохимиялық аймақ түзіледі. Сондықтан биогеохимиялық
аудавдарда химиялық элементгердің әртүрлі концентрациясын және олардың
қатынасын байқауға болады, ал малдарда зат алмасу процестердің бұзылуы мен
эндемиялар биогеохимиялық аудандарда бірқалыпты таралмайды.
Орманды және жазықты қара топырақты зоналарды геохимиялық эталон
ретінде қабылдауға болады, бірақ бұл жерлердің топырақ құрамында
микроэлементтер көп немесе аз мөлшерде кездесуі мүмкін. Бұл зоналардың
топырақтарында кальций, кобальт, мыс, йод жеткілікті мөлшерде, ал калий,
марганец, фосфор аз мөлшерде кездеседі. Топырақ ортасы негізінен бейтарап,
кейде аз мөлшерде сілтілі болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Мал қораларындағы ауа газдарының құрамы
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Зоогигиена. Мал шаруашылығы
Топырақтың түрлері
Қабандар (шошқа)
Мал қоралары мен шаруашылық аумағын ветеринариялық-санитариялық ережеге сай тәртіпке келтіру
Ұсақ малдардың қораларының ішкі орналасу жоспары мен микроклиматы
Мал шаруашылығы объектілерін салуды ұйымдастыру
ОХ Заречное шарттарында аналық ұядан алынған қара–ала тұқымдарының өнімділік сапасының салыстырмалы көрсеткіштері
Пәндер