Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабай Шаяхметов


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның егеменді ел болуы жағдайларында, демократиялық қоғам мен нарықтық экономика құру жолында, Республиканың басынан кешірген тарихи жолдарын ғылыми түрғыдан қайта қарап, әділ бағасын беру ісі едәуір нәтижелерге жетті. Тарихшылар жаңа әдістемелік көзқарастар, жаңаша ойлау әдістерін жасауға, тарихи үрдісті оның өзі қандай болса, сол күйінде - өзара байланысты, тұтастықпен ұласқан, диалектикалық даму үстіндегі түрінде көруге ұмтылып, жаңа айқындамалар түрғысынан жазылған еңбектер жарық көруде. Әсіресе, соңғы жылдары республикамызда тарих ғылымына деген қызығу арта түсті. Оның бірнеше себептері бар. Олар: жоғарыда айтылған Қазақстанның егемендік алуы ұлттық сана сезімнің өсуі, тарих ғылымының идеологиялық қыспақтан арылуы, қазақ халқы тарихының күрделі тұстарын қайта құру және жаңа түсіндірудің қажеттілігі. Мүндай күрделі жүмыстың сәтті болуы үшін Қазақстан тарихының көрнекті қоғам қайраткерлерінің мұрасын дүрыс, жан-жақты талдап, игере білудің де маңызы зор екені көпшілікке белгілі.

Қазақ тарихының беттерін парақтай бастасақ, ұлы істерге ұйытқы болған ұлы тұлғаларымыз бен бүгінгі күнге дейін лайықты бағасын ала алмай келе жатқан боздақтарды көреміз. Тірісінде қадірін білмегенімізбен дүниеден өткендерінің еңбегін елеп «аруағын аунатсақ» көзі тірі жақсының жақсылығын айтып, нұрын тасытқанымыз жөн. Алайда, біз таңдауымыздың үлесіне тиіп отырған азаматымыздың өміріне үңіліп, олардың еңселі істерін марапаттаумен ғана шектелмек емеспіз. Санамыздан шайыла қоймаған Кеңестік идеология, тілге тиек етпекші ерлерімізді де «аяқтан шалып» санасына «қанды шеңгелін» батырып көрген. Десек те, азаматтарын есептей білер халқымыз бен өткеніне төреші болар тарихымыз бар елміз. Арқалы елдің үш ұлы - бірі қол бастаған қаһарманы болса, Жұмабай Шаяхметов ел тізгінін ұстаған саясаттың «жілігін шаққан» қоғам қайраткері. Өткенімізге үңілмей, ертеңімізге иек арта алмаймыз. Өрлеу мен құлдыраудың дәмін тартқан қандасымыз Жұмабай Шаяхметовтың есімін түрлі саяси жағдай мен уақыт тарих беттері түгілі, санамыздан да өшіріп жібере жаздады.

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне жетекшілік еткен алғашқы қазақтардың бірі туралы мәлімет кімге болса да қызықты да тағлымы болары сөзсіз. Бірақ, өкінішке орай, 1946 жылдың маусымынан 1954 жылдың ақпанына дейін ел басқарған Жұмабай Шаяхметов туралы ұзаққа созылған үнсіздік оған мүмкіндік бермей келді. Ел басына қара бұлт үйріліп түрған кезеңде басшы болғандардың бәрінен бірдей кінә іздеу пенде біткенге тән қасиет екенін де мойындаған дұрыс шығар. Сондықтан уақыттың сол кездегі ағымдық талабына қарай әрекет етуге мәжбүр еткен жағдайлармен есептеспей, бәріне қара күйе жағу, сөйтіп, ақиқаттың ұшына жетпей баға беру де екіұдай пікір туғызады. Шаяхметов туралы үнсіздік те бізге оның қарапайым адам ретінде қандай болғанын танытпай, жүмбақ бір бейнеге айналдырып келгені де шындық. Әміршілік-әкімшілік жүйе қыспағында болған кезеңдерде қазақ елі басшылығында болған саяси қайраткер Жұмабай Шаяхметов туралы аға ұрпақ өкілдері болмаса, бүгінгі жастар білмейді. Білгісі келгендерге ол солақай саясаттың сойылын соққандардың бірі ғана болуы мүмкін. 70 жылдық тарихымызды сызып тастай алмаймыз. Тарих тағлымын екшегенде есімін сызып тастауға келмейтін бір қайраткер болса - ол Жұмабай Шаяхметов. XX дауылды ғасырда өмір сүріп, қажырлы қызмет етіп, өз халқының лайықты перзенті болған Жұмабай Шаяхметов қай кездерде де өз халқының ықпалына бөленді. Жұмабай Шаяхметов қоғам қайраткері ретінде толысып, халық үшін маңызды еңбектер атқарған саяси тұлға. Сол себептен де Қазақстанды басқарған тұңғыш қазақты тарихи тұрғыдан қарау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кеңестік империяның ыдырауы, Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің бой көтеруін, қазақ халқының отандық тарих ғылымының жаңа тарихи контексте жазылуына жаңаша баға беруге жол ашты. Жұмабай Шаяхметовтың өмірі мен қызметін зерттеу, оған тарихи тұрғыдан баға беру зерттеушіге ізденуді талап етеді. Бұл зерттеу жұмысында жасалған түйіндер мен пікірлер Қазақстан Республикасының Президенттік архивінен алынған құжаттар мен осы уақытқа дейін ғылыми айналымға таратылып келген мерзімді баспасөз материалдарынан сұраптап пайдалану негізінде ғана мүмкін болды. Деректердің үлкен тобына жеке адамдар жасаған құжаттар, еңбектер, естеліктер және тағы басқалары жатады. Соның ішінде ең алдымен маңызды болатыны Жұмабай Шаяхметовтың өзінің қызметі барысындағы басқаларға жолдаған хаттары, жедел хаттары, сөйлеген сөздері жатады. Бұл деректерден Жұмабай Шаяхметовтың қалыптасқан ауыр жағдай мен қордаланған мәселелерді шешудегі мазасыз көңіл-күйін, үлкен принциптілігін, азаматтық табандылығын аңғарамыз. Қазақстан Республикасының Президенттік архиві даярлап шығарған «Леон Мирзоян в Казахстане» деген кітаптың кіріспесінде Армения Республикасының Қазақстандағы елшісі, тарих ғылымдарының докторы Эдуард Хуримндян «Леон Исаевич прекрасно понимал, что будущее Казахстана состоится только в том случае, если во всех сферах, общестивенно-политической, экономической, культурной жизни будут преобладать представители коренного этноса казахи. Он открыл дорогу талантливым молодым кадром, не обращая внимания на опасность навешивания ярлыка буржуазного националитзма, бытовавшего в то время. При нем проявили себя Абльхаир Досов, Садык Нурпеисов, Жумабай Шаяхметов и многие другие молодые руководители» деп жазды [1] . Міне, сол көрген басшының үмітін Жұмабай Шаяхметов толық ақтады деп айтуға болады.

Ал Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұрынғы басшылар туралы: «Біздің Қазақстан партия ұйымының басшылары интернационалистер болған еді. Олардың ішінде орыс, украин, армян, еврей, поляк, ұйғыр халықтарынан шыққан басшылар болды, ал қазақтардан бірінші рет Жұмабай Шаяхметов, содан соң екінші Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев, үшінші мен сайландым» деп «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында тоқталып кетеді. М. Қ. Қозыбаев «Тарих зердесі» атты еңбегінде Жұмабай Шаяхметов хақында біртуар ой толғатты [2] . Т. Омарбеков «Қазақстан тарихының XX ғасырдағы өзекті мәселелері» кітабында Қазақстандағы Сталиндік саяси террор және оның салдарлары атты бөлімінде Жұмабай Шаяхметовтың қызмет істеген аралық кезеңіне маңызды көңіл бөліп, тұжырымдады. Деректі мәліметтерді құжаттардың келесі бір тобы партия ұйымының құжаттары құрайды. Бұларға біз баспадан жарық көрген БК (б) П органдарының жэне оның қазақ өлкелік комитетінің жарық көрген қаулыларын, қарарларын жэне шешімдерін жатқызамыз [3] . Бұлардың мақсаты коммунистік партияның күш-қуаты мен «қамқорлығын» насихаттау болғындығына қарамастан сол кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық тұрмысқа талдау жасауға, осы арқылы Жұмабай Шаяхметовтың қоғамдық-саяси, мемлекеттік қызметін анықтай түсуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Жұмабай Шаяхметовтың өмірі мен қызметін зерттеуде сол жылдары жарық көріп тұрған республикалық басылымдардың маңызы да зор болды. Мәселен, «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда», «Большевик Казахстан», «Народное хозяиство Казахстана» жэне тағы басқа мерзімдік басылымдардағы Жұмабай Шаяхметовтың өзі жазған мақалаларын, баяндамаларын, әр түрлі мекемелерде сөйлеген сөздерін алып, оларға талдау жасау арқылы оларды жұмысымызда дерек ретінде пайдалана алдық.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ғылыми-зерттеудің мақсаты - Жұмабай Шаяхметовтың өмір жолының барлық кезеңдерін қамти отырып, оның шыққан тегі мен тәлім-тәрбие алған, білімін шыңдаған ортасын, азаматтық көзқарасын, қоғамдық-саяси жэне мемлекеттік қызметін, ғылыми шығармашылық мұрасын зерттеп, зерделеу. Осы мақсатқа жету үшін ғылыми зерттеу жұмысы барысында төмендегідей міндеттер алға қойылды:

- Жұмабай Шаяхметовтың шыққан тегін, тәлім-тәрбие жэне білім алған ортасын, оның азаматтық көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен факторларды ашып көрсету;

- Жұмабай Шаяхметовтың партия қызметкерлерінен мемлекет жэне қоғам қайраткері деңгейіне өсу жолын айқындау;

- Жұмабай Шаяхметовтың ел экономикасын бейбіт өмірге бейімдеу жолындағы қызметіне талдау жасау;

- Жұмабай Шаяхметовтың Республика идеологиясының жетекшісі және
Орталық Комитеттің бірінші хатшысы ретінде атқарған істерінің тарихи
маңызын ашып көрсету;

- Жұмабай Шаяхметовтың ұлттық мәдени мұраларды жаңғыртып, халыққа
насихаттауды жүргізген жүйелеу жұмысына баға беру;

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Зерттеудің методологиялық негізін тарих ғылымында сондай-ақ, оның негізгі бағыттарының бірі тарихнамаға тән осы замандағы дәстүрлі принциптері тарихилық, жан-жақтылық, объективтілік және басқа ғылыми зерттеуде диалектикалық, тарихи салыстырмалық жэне тағы басқа әдістер қолданады. Бұл жағдай Жұмабай Шаяхметовтың жэне замандастарының еңбектерін жүйелік тұрғысынан талдау, олардың орны жэне мәні жөнінде қалыптасқан нақты тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Қазақстан тарихындағы ірі тұлғаның ғылыми мұрасын зерттеу салыстырмалы сипат алып, қаралып

отырған кезеңдегі жалпы үдемелі дамуы мен проблемалық-хронологиялық байланыста қаралды. Нақты проблемалар бойынша ғылыми ізденістер жүргізуде міндетті маңызы зор аспекті объективтілік принціпін қолдану, яғни қоғам тарихындағы жеке түлғаның орны мен қызметі, ғылымының және мемлекеттің өзара қатынасы, белгілі-бір нақтылы әлеуметтік жагдайлардағы тарих ғылымының келешектегі даму жолдарын іздестіру сияқты мэселелер болып табылады.

Зерттеу жүмысының деректік негізі. Диссертациялық еңбектің дерек көзі ретінде мүрағат материалдары мен қүжаттарын, ғылыми монографиялық зерттеулерде келтірілген мэліметтер, естелік жэне мерзімді баспасөз ақпараттары алынды. Жүмабай Шаяхметовтың қоғамдық-саяси жэне мемлекеттік қызметін зерттеуде маңызды дерек - түлғаның қаламынан туған еңбектер. Келесі деректерді былай топтастырғанды жөн көрдік: ғылыми еңбектері, мақалалары, олардың қолжазба нүсқалары, оларға арналған деректер; өмірбаяндық сипаттағы деректер өзі жазған өмірбаяндары, партиялық -өндірістік мінездемелері, жеке қүжаттары, қоғамдық қызметі туралы пікірлер, қүрмет қағаздары, қүттықтаулар, естеліктер; ғылыми-үйымдастырушылық, қоғамдық қызметі туралы деректер, дайындаған баяндамалары мен дәрістері, теледидар мен радиода сөйлеген сөздері; Ж. Шаяхметовтың жазған хаттары мен оған жазған хаттар. Қоғам қайраткерінің түлға ретінде бейнесін жасау үшін Қ. Қайсенов, Е. Зәңгіров, М. Омаров, К. Смаилов, М. Ильясов, Ә. Ғали жэне тагы да басқалардың естеліктері бірегей дерек көзі болып табылады. Сонымен қатар, Жүмабай Шаяхметовтың қызы Алма Жүмабайқызы мен балаларының, эріптестері мен немерелерінің естеліктері түлғаның азаматтық, адамгершілік бейнесін тануға үлкен септігін тигізді.

Зерттеу жүмысының ғылыми жаңалығы. Тоталитаризмнен кейінгі уақытта Отандық тарих ғылымында қалыптасып келе жатқан бағыт - тарихтың субъективті факторларына ерекше назар аударылып, тарихымыздағы жеке түлғалардың рөлі мен тағдыры туралы ізденістер жандануда. Зерттеу жүмысы Қазақстан тарихнамасында Жүмабай Шаяхметовтың өмірбаянын жазу жолындағы алғашқы талпыныс. Мүнда: ғылыми айналымға Ж. Шаяхметовтың түлғасы мен қоғамдық-саяси, мемлекеттік қызметін жан-жақты ашып көрсететін жаңа деректермен мен қүжаттар енгізіліп отыр. Зерттеу тақырыбынан туындайтын проблемалар кешенді түрде зерттеліп, зерттеу жүмысы барысында алынған нәтижелерге сәйкес төмендегідей ғылыми жаңалықтарға қол жеткізілді:

- Ж. Шаяхметовтың өмір жолы, қоғам қайраткері ретінде қалыптасуы анықталды;

-Ж. Шаяхметовтың ел басына ауыр күн туғызған соғыс жылдарында тыл жымыстарын үйымдастырудағы, экономиканы бейбіт арнаға бүруда атқарған істері оның қайраткерлігін шыңдағаны ашып көрсетілді; ¥лттық мэдениет пен тарихи сананы жаңғыртудағы қызметінің негізгі бағыттары, оны жүзеге асыруда қолданған әдіс-тәсілдері айқындалды; Жүмыстың басты нэтижелерінің бірі қоғам қайраткерінің қызметтен кетуі әділетсіз екенін жэне әкімшілік-әміршіл жүйе идеологиясының түлғаға ықпалын көрсете отыра, оның біртуар күшті бейнесіне, ғылыми мүрасына жалпы азаматтық, объективтік түрғысынан баға берілді. Сонымен бірге Жұмабай Шаяхметовтың дүниетанымы, азаматтық бейнесі, жеке басының қадір-қасиеттерін ашып көрсетуге талпыныс жасалды.

Зерттеу жрысының хронологиялық шеңбері. Жұмабай Шаяхметовтың өмір сүрген жылдары, яғни 1902 жылдан бастап 1954 жылғы қызметінің соңғы кезеңіне дейіңгі аралықты қамтиды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жүмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдардан тұрады.


I. КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

ЖҰМАБАЙ ШАЯХМЕТОВ

1. 1. Балалық шағы мен азамат болып қалыптасуының басты көздері

Кеңестер заманының 70 жылы ішінде Қазақстанның бірінші басшысы болып үш-ақ қазақ қызмет атқарды. Олар Жұмабай Шаяхметов, Дінмұхаммед Қонаев және Нұрсұлтан Назарбаев (оның тәуелсіз Қазақстанның түңғыш Президенті болғаны өз алдына) . 70 жылда 21 адамның арасында үш қана қазақ болды. Коммунистік партияның ұлттық саясатты қалай «адал, әділ жүргізгенінің бір көрінісі ғана бұл».

Толқыны қатты XX ғасырдың бас кезінде көшпелі малшының отбасында туып, өз халқының лайықты перзенті болған Жұмабай Шаяхметов арамыздан кеткелі біраз жылдар болды. Жұмабай Шаяхметов 1902 жылы 30 тамызда Омбы облысының Шарбақкөл ауданындағы №1 ауылда, көшпелі малшының, жоқ-жұқа отбасында дүниеге келген. Жоқшылыққа қарамай, ол жеті жасында өз талабымен 1910-1913 жылдары сол облыстағы Ащыкөл ауылдық мектебінде оқып, оны бітірген кейін Полтавскадағы екі жылдық орыс-қазақ училищесін тәмамдаған. Мұқтаждық пен жоқшылық оның арманын одан әрі жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді [1] . 1917-1919 жылдары күн көру үшін әкесіне көмектесіп байлар мен кулактарға жалданады, ауыр еңбекті басынан кешіреді. 1919 жылдың аяғына таман Ащыкөл ауылдық мектебінде мүғалімдік қызметіне өтеді. 1932 жылы Мәскеудегі Нариманов атындағы Шығыс институтын бірінші курстан тастап кеткен. Кейіннен Шаяхметовтың жеке іс қағазында «аяқталмаған орта білім» деп жазылған Жұмабай Шаяхметовтың алғырлығы мен шешендігі, ойының ұшқырлығы, оның академиялық білімі жоқтығын бүркемелеп, білдірмеді. Әйтсе де академиялық білімінің орнын өз бетінше ізденіп толтыра алды. Оның орасан интеллектуалдық қабілеті жоғарғы білімі жоқтығын білдірмеуші еді. Табиғатынан дарынды болатын [2] .

1924 жылы Жүмабай Шаяхметов өз отауын тігіп үйленді. Оның әйелі
Майнұр Ғалиқызы Чокаева еді. Ол 1907 жылы 6 қарашада дүниеге келген, әкесі Ғалидың ұлты қазақ, шешесінің ұлты татар.

1925 жылы Жұмабай мен Майнұрдың отбасында қуанышты хабар Рауза
есімді қызды босанды. Бірақ, өкінішке орай Рауза екінші бала дүниеге келмей
жатып шетінеп кетті [1] .

1921-1923 жылдар аралығында ауыл мұғалімі болып жүрген Жұмабай Теке болыстық атком секретары болып қызмет атқарды.

1927 жылы Ақмола облысында Петропавловск қаласында Равиль Шаяхметов дүниеге келді.

1929 жылы дүниеге Сеил келді, бір жасқа толғанда шетінеп кетті.

1931 жылы 28 қарашада дүниеге Ноель келді.

1934 жылы 14 маусымда Алма есімді қыз дүниеге келді. Он жыл өткен соң дүниеге Сейл келді, өкінішке орай тек екі тәулік қана өмір сүрді. Ең кенже Тарғын 1946 жылы 21 ақпанда дүниеге келді.

1941 жылы Жұмабай мен Майнұр үш жасар украйн ұлтты Владимир Мальконы асырап алды. Владимир рухани дамыған адам болатын ол 1974 жылы Көкшетау облысында Щучинске қаласында көлік апатынан қаза тапты. Оның әйелі Анна Афанасьевна Шаяхметова. Олардың балалары 1954 жылы туылған Таня және 1974 жылы туылған Виктория, қазір Анна Афанасьевна Шаяхметованың отанында тұрып жатыр (Вятке) . Жалпы Жұмабай Шаяхметов отбасында қандай әке деген сүрақ туады - көз алдыма мен сонау соғыстан кейінгі жылдарды ойына елестетіп қызы Алма Шаяхметова - әкемді жай күндері тек түскі аста ғана көретінбіз десем жаңылыспаспын. Ол кездері жүмыс алты кездік еді ғой. Таңғы жеті қызметке кеткеннен кешкі асқа бірақ келеді. Қазіргі Фурманов пен Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы үкіметтік резиденцияда түрдық. Еменнен жасалган үлкен үстел басында кешкісін бәріміз жиналатынбыз. Анамыз Майнұр Ғалиқызы буы бұрқыраған асты әкеліп алдымызға қоятын. Өзімнен үлкен екі ағам Равиль мен Ноель, мен және Владимир (асырап алған інім, ең кенжеміз Тарғын онда әлі кішкентай) папамызға жапа-жармағай жаңалықтарымызды айтып жатамыз. Әкем балаларға онша қатал емес еді. Оған қарағанда шешеміз ұрысып, балаларын тәртіпке шақырып, кейде соғып та алатын. Әкем өзіме қатал қабақпен қарағанын тек бір-ақ рет көрдім. Кей кездері үстелімізде қымыз пайда бола қалған жағдайда балалардың бәрі оны ішуге міндетті болатын. Сондай бір сәттерде алдымдағы кесеге құйылған қымыздың танау жарар бүрқыраған исінен тыжырынып: «Фу, қымызды жақсы көрмеймін» - десем керек. Кәрлен кесені қолына ала берген әкем жақтырмағанын сездіріп оқты көзімен қарады. Содан кеседегі қымызды қалай сіміріп алганымды білмей қалдым. Жалпы, шешеміз балаларын әкенің қас-қабағына қарауды жастайынан үйреткен. Кешкі астан кейін әкеміз біраз мызғып алатын. Әлі есімде, мен оны күнде түнгі сағат 23. 00 -де оятатынмын. Түрып алып тағы қызметке кететін. Одан сағат түнгі үш-төртте қайтады. Күнде осындай темірдей тәртіп. Ал әр жексенбі біз үшін нағыз үлкен мереке. Отбасымызбен түгел қала сыртындағы Комитеттің демалатын саяжайға келіп, машинамыздан түсіп жатқанымызда жұрт: «О, Шаяхметов өзінің командасымен келді», - деп қуаныштарын білдіріп жататын. Әкем, екі ағам, мен, әкемнің комиссары жэне бір демалушыны қосып, алты адам бір команданы құрайтынбыз. Ол кісі спортпен шұғылдануды күнделікті әдетке айналдырған. Ерте түрып, жүгіріп келіп күздің қара суығына дейін суық душ қабылдайтын. Мүздай судың астында түрған әкемді көріп күзетшілердің өзі тітіркенетіндігі әлі көз алдымда. Соның арқасында ол жаратылған сәйгүліктей, сымдай тартылған тіп-тік еді. Кейін сырқаттанған кезінде спортпен айналысуға шамасы келмей қалды. Ата-анамыз біздің сабағымызды қадағалауға мүлдем уақыты жоқ еді. Шешем майданға көмек көрсетуді ұйымдастырып, қолы үйден қалт кеткенде жейде тігіп, жылы шүлық, бөкебай тоқиды. Әйелдерді де осы жұмысқа жұмылдырды. Мектептегі жарыстарға әкем келіп түратын. Әкеміздің арқасында біздің отбасы бір ғана ерекше жағдайды пайдалана алды. Азық-түлік пен қажетті киімді арнаулы дүкеннен тапсырыс беру арқылы алатынбыз. Оның ішінде күнделікті өмірге қажетті заттар да бар. Ал оған қажетті ақшаны әкемнің еңбекақысы есебінен төлеп жүрдік. Әкемнің еңбекақысы тамақтан артылмайтын. Оның есесіне анам Майнұр саусағынан өнер тамған шебер болатын. Мектепті бітіргенен кейін оқуға сол кездегі сияқты орталыққа емес «Алматыдағы оқытушылар құрамы да олардан бірде-бір кем емес. Осынан білім аласың», - деп қанша жалынсам да көнбеді. Ағаларым да, өзім де Алматыда білім алдық. Мен ҚазМУ-дің геология-география факультетін бітіріп, Ғылым академиясындағы география институтында қатардағы ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп, сол жерден зейнеткерлікке шықтым [3] . 1923-1926 жылдар аралығында Жұмабай Шаяхметов Шалқар қаласында милиция қызметкері болып жұмыс істеді. Басында жай қызметкер, кейіннен анықтаушы, тергеуші болып қызмет атқарды. Сол жылдары бандитизм елді жаулап алып малды табынымен айдап кетіп отырды. Милиционерлердін басты тапсырмасы ұрыларды ұстау болатын. Қайтып әкелінген әрбір малдың басына 5 рублден төлеп отырды. Табысты күні жаңа аяқкиім алып, жуған Жұмабайды тонап кетті. Содан бері әйелі Майнұрға ешқашан арақ-шарап ішпеймін деп уәдесін беріп, берік ұстаған. Сталин Жұмабайдың ішпейтінін біліп қылмыстық эрекеттерде оның алдына жүзімнің шырынын қойып оны басқалары ішеді екен деп ойлаған. 1925-1926 жылдары аралығында Ақмола губерниясының әкімшілік бөлімінің іс - жүргізушісі, инспекторы, кеңес аппаратын жергіліктендіру комиссиясының секретары қызметін атқара жүріп, 1926-1928 жылдары аралығында Петропавлдағы «Қосшы» одағында нүсқаушы қызметін атқарды. 1928-1938 жылдары Ішкі Істер Халық комиссарияты органдарында түрлі жауапты қызметтер атқарды. 1938 жылдан бастап біріңғай саяси басшылық жүмыстарына ауысады. 1938 жылы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің үшінші, 1939 жылы маусымда - екінші, 1946 жылы маусымда - бірінші хатшысы болыпсайланады [4] .

Жұмабай Шаяхметовтың мүндай билік басына келуі XX ғасырдың ортасындағы Қазақстан өмірінде шын мэніндегі тарихи оқиға болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖҰМАБАЙ ШАЯХМЕТОВТІҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
Жұмыстың хронологиялық шегі
Жұмабай Шаяхметовтің өмірі мен қызметі
ӨЗ ЗАМАНЫНЫҢ ӨР ТҰЛҒАСЫ
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ
ДАҚонаев ірі мемлекет қайраткері туралы ақпарат
Д. А. Қонаевтың басшылығы тұсындағы Қазақстанның əлеуметтік - экономикалық жəне қоғамдық - саяси жағдайы
Қайын атасы
Д.А. Қонаев ірі мемлекет қайраткері
Ілияс Омаров
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz